Прокуратура жайлы



Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Прокуратураның біртұтастығы мен орталықтандырылуы.
2. Прокуратура органдарының мақсат.көздемелері
3. Прокуратура органдары мен мекемелерінің жүйесі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Прокуратураның пайда болуы мен даму тарихы бір ғана мыңжылдықты қамтымайды. Прокуратура ең алғаш айыптаушы пайда болғанда пайда болды деп айтуға болады. Көз алдыңызға тас ғасырын, алғашқы қауымдық құрылысты елестетіңізші. Бір адам басқа біреудің аңшылық пен табылған балығының немесе етінің бір тілімін ұрлап алды. Міне қауымның беделді және құрметті мүшелерінің өз тайпасының жүріс-тұрысынан тітіренген және бірі ызалы сөздермен ұрлықшыға төніп, шеккен жәбір үшін оны жауапқа тартуды талап етеді. Мінезі неғұлым жұмсақтау құрметі одан төмен емес басқа қауым мүшесі өз жолдасын қорғап, айналасындағыларды кінәлі болған адамға мейірбандықпен қарауға нандырады.Бүкіл қауым мүшелерінің, ең болмағанда оның алдыңғы қатарлы бөлігінің қайғы-қасіретінің пәніне айналған дау туады . Міне осылайша алғашқы айыптаушылар, қорғаушылар мен судьялар пайда болған шығар. Ал шындап келгенде сот өндірісінің мұндай нысаны құқықтық институт сипатына тек мемлекеттіліктің пайда болуымен ғана болды. Прокуратураның қарапайым түрі ежелгі кезде Греция, Рим және Шығыс елдерінде болды. Қазір қолданып жүрген (прокуратура) ұғымы (қамқорлық етемін, қамтамасыз етемін , алдын аламын) дегенді білдіретін. Латынның (ргосиго) сөзінен шыққан. Осы мекменің ол кездегі тағайымы негізінен мемлекеттік билік актілерінің орындалуын қадағалау мен сотта айыпттауды қолдауда. Әрине, прокуратура қазіргі кездегідей мемлекеттік биліктің тармақталған түрі және бір орталықтандырылған жүйе ретінде болмады, сонымен қатар құрылған кезінде оның жазалау өкілеттігі болмады, тек әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз етуге арналған.
Яғни Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-абына сәйкес (прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдарды, ҚР-ң Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің
Дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде тараулар қолданылады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін зандар мен басқада құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
ҚР-сы прокуратурасының тарихының түбірі сонау совет кезеңінде жатыр.
(ҚР-ң Прокуратурасы туралы) 21.12.1995 жылғы ҚР-сы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ол төменгі прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдармен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.
I. Нормативтік- құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
Егемен Қазақстан, 28. 02. 2007.
3. Қазақстан Республикасының Құқықтық саясатының тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 20.09.2002ж. Жарлығымен
мақұлданған.
4. «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы 9 тамыз 2002ж. №2769.
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық- атқару кодексі.
6. Постановление Президиума Верховного Совета от 6 декабря 1991 года
«06 образовании единой системы органов прокуратуры Казахской
ССР, обеспечении их самостоятельности и независимости».
II. Ғылыми әдебиеттер.
1. А.А. Альдекеев. История становления и развития органов прокуратуры
Республики Казахстан. Алматы, 2002.
2. В.И. Басков. Прокурорский надзор. Москва. Издательство БЕК, 1996.
3. Н.А. Бакбергенов « Правоохранительная система в Республике Казахстан » Астана, ИКФ «Фолиант» 2000.
4. Х.Ю. Ибрагимов. Правоохранительные органы. Алматы, 2000.
5. И. Ж. Бахтыбаев. Конституционный надзор. Прокуратуры Республики Казахстан. Алматы. 2000.
6. З. К. Аюпова. Правоохранительные органы в период становления правового государства в Республике Казахстан. Алматы. 1997. Учебное пособие.
7. Ш.М. Шарипов “ Мемлекеттік-құқықтық жүйедегі прокуратура ” сәуір, 2004. ( Ғылыми – Практикалық Конференция материалдары ).
8. С.К. Жүрсимбаев. “ Прокурорский надзор в РК ” Учебник, Алматы, 2003.
9. Г.К. Агеев. Учебно- методические указания по изучению курса «Организация суда и прокуратуры в СССР». Москва, 1962.
10. М.С. Нарикбаев, Г.К. Утибаев, М.М. Алиев. Прокуратурорский надзор в РК. КазГЮУ, 2002.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

1. Прокуратураның біртұтастығы мен орталықтандырылуы.

2. Прокуратура органдарының мақсат-көздемелері

3. Прокуратура органдары мен мекемелерінің жүйесі

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Прокуратураның пайда болуы мен даму тарихы бір ғана мыңжылдықты
қамтымайды. Прокуратура ең алғаш айыптаушы пайда болғанда пайда болды деп
айтуға болады. Көз алдыңызға тас ғасырын, алғашқы қауымдық құрылысты
елестетіңізші. Бір адам басқа біреудің аңшылық пен табылған балығының
немесе етінің бір тілімін ұрлап алды. Міне қауымның беделді және құрметті
мүшелерінің өз тайпасының жүріс-тұрысынан тітіренген және бірі ызалы
сөздермен ұрлықшыға төніп, шеккен жәбір үшін оны жауапқа тартуды талап
етеді. Мінезі неғұлым жұмсақтау құрметі одан төмен емес басқа қауым мүшесі
өз жолдасын қорғап, айналасындағыларды кінәлі болған адамға мейірбандықпен
қарауға нандырады.Бүкіл қауым мүшелерінің, ең болмағанда оның алдыңғы
қатарлы бөлігінің қайғы-қасіретінің пәніне айналған дау туады . Міне
осылайша алғашқы айыптаушылар, қорғаушылар мен судьялар пайда болған шығар.
Ал шындап келгенде сот өндірісінің мұндай нысаны құқықтық институт сипатына
тек мемлекеттіліктің пайда болуымен ғана болды. Прокуратураның қарапайым
түрі ежелгі кезде Греция, Рим және Шығыс елдерінде болды. Қазір қолданып
жүрген (прокуратура) ұғымы (қамқорлық етемін, қамтамасыз етемін , алдын
аламын) дегенді білдіретін. Латынның (ргосиго) сөзінен шыққан. Осы мекменің
ол кездегі тағайымы негізінен мемлекеттік билік актілерінің орындалуын
қадағалау мен сотта айыпттауды қолдауда. Әрине, прокуратура қазіргі
кездегідей мемлекеттік биліктің тармақталған түрі және бір
орталықтандырылған жүйе ретінде болмады, сонымен қатар құрылған кезінде
оның жазалау өкілеттігі болмады, тек әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз
етуге арналған.
Яғни Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-абына сәйкес
(прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдарды, ҚР-ң
Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің
Дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен
тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары
қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою
жөнінде тараулар қолданылады, сондай-ақ Республика Конституциясы және
заңдарына қайшы келетін зандар мен басқада құқықтық актілерге наразылық
білдіреді.
ҚР-сы прокуратурасының тарихының түбірі сонау совет кезеңінде жатыр.
(ҚР-ң Прокуратурасы туралы) 21.12.1995 жылғы ҚР-сы Заңының 3-бабының 1-
тармағына сәйкес ол төменгі прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдармен
мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.

1. Прокуратураның біртұтастығы мен орталықтандырылуы.

Прокуратура қызметінің қағидаларының бірі прокуратура
органдарының біртұтастық және орталықтану қағидасы болып табылады. Бұл
дегеніміз прокуратурада оның барлық органдары төменнен жоғарыға дейін Бас
прокурорға бағынып, біртұтас жүйе ретінде мемлекет атынан әрекет етеді,
бүкіл прокуратура жүйесін білдіреді, ортақ қадағалау мақсаттары,
міндеттері, нысандары мен әдістері бар екендігін білдіреді. Мәселен,
қылмыстық іс бойынша айыптауды қолдайтын немесе азаматтық іс бойынша
қорытынды беретін қала прокурорының көмекшісі мемлекет өкілі ретіндегі
арнайы орган болып сотта сөз сөйлейді. Бұл мағынада ол өз лауазымының
атауына байланыссыз прокурор болып табылады және өзінің қатысуымен осы
мекемені тұтастай білдіреді.
Бұл қағиданың негізі прокурор билеушінің көздері деп жарияланған
сонау Петр 1-нің кезінде қаланған. Мұндай жағдай мемлекеттік билікпен
белгіленген заң шегінде ведомстволықтан кез келген шеттенуге неғұрлым жедел
және тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.
Қадағалау функциясын жүзеге асырушы бөлімшелер мен лауазымды тұлғалар
прокурорлық қадағалау органдарының жүйесіне біріктірілген. Сондықтан
прокуратура органдарының жүйесін және прокурорлық қадағалау органдарының
жүйесін әрқалай түсіну орын алады. Соңғысы- прокуратура органдары жүйесінің
бөлігі. Тұтастай алғанда прокуратура тек қадағалау функциясын ғана емес,
сонымен бірге қылмыстық ізге түсу, қылмыспен
күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру функциясын
орындайды, сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
Прокуратура органдарының жүйесі туралы мәселені қарастыра отырып, жүйе
деп өзара байланысты және тұтас бірлікті білдіретін көптеген элементтерді
түсінген жөн осыған байланысты прокуратура органдарының жүйесі деп оны
құрайтын органдардың жиынтығын ғана емес, олардың құрлыстағы орнын, өзара
қарым- қатынастарын олардың ұйымдастырушылық байланыстары мен басқару
қатынастарын қажет1.
Прокуратура органдары мен бөлімшелерінің бірігуі функция, өкілеттікті
бөлу, құрылыс элементтерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты белгілеу
арқылы жүргізіледі. Сондықтан функциялар, өкілеттіктер, өзара қарым-қатынас
негізгі мазмны олардың өзара әрекеттерінің өзара байланысын білдіреді.
Прокуратура органдарының ішкі байланыстарын, сондай-ақ өзге әлеуметтік
жүйелерімен байланыстарын қарастыру олардың ішкі басқару элементтерін
байланыстыра отырып тік линиялық бойынша, және прокуратура ішіндегі бір
реттік жүйемен және өзге әлеуметтік жүйелермен байланысты қолдай отырып
көлденең линиялық бойынша орналасу мүмкіндігіне көзімізді жеткізеді 2.
Құрылыс элементтерінің тік және көлденең байланыстарын қолдану
субординация және координация қатынастарына, яғни қатынас субьектілерінің
жүріс-тұрыстарын бағындыру және келісуге негізделген. Өзара әрекеттестіктің
аталған сипаты ұйымдастырушылық құрылысты құрудың линиялық - функционалдық
типін анықтайды. Бұдан әрі көретініміздей ҚР-да прокуратура органдарының
құрылысы тура осы тип бойынша құрылған.
Линиялық құрылыс басқару аппаратын тек өзара бағынышты органдар,
бөлімшелер мен бірліктерден құру нәтижесінде қалыптасады.Әрбір төменгі
деңгейдегі звенолар, жоғары деңгейдің басшысына қатысты тікелей (линиялық)
бағынушылықта тұрады.
Бұл жағдайда прокуратураның әрбір жұмысшысы тек бір ғана басшыға
бағынады және есеп береді және осыған сәйкес жоғарғы жүйемен тек ол арқылы
ғана байланысты.
Линиялық басшы біртұтастық қағидасына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған
органдар мен бөлімшелердің бүкіл қызметі үшін жауап береді.
Линиялық құрылыс жеткілікті мөлшерде тиімді, өйткені бағынудың нақты
және қарапайым өзара байланыстарының негізінде құрылады. Осындай қағида
негізінде прокуратура органдарында қарым-қатынас орнайды. Прокурорлар
олардың орынбасарлары және тиісті деңгейдегі прокуратура органдарының
аппаратын басқарушылар арасында өкілеттіктер,

1А. А. Альдекеев. История становления и развития органов прокуратуры
Республики Казахстан. Алматы, 2002.-С.14.
2В. И. Басков. Прокурорский надзор. Москва. 1996. C.104.

функциялар бөлінеді. Осындай қағида бойынша ҚР-сы Бас прокуратурасының
аппаратындағы департаменттер, басқармалар мен бөлімдердегі және облыстық
прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардағы ұйымдастырушылық
құрылысы құрылған. Прокуратура органдарының жүйесі аудандық, қалалық,
облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, сондай-ақ ҚР-ның Бас
прокуратурасы деген сияқты деңгейлер немесе звенолардан тұратындығын ескере
отырып, оның ұйымдастырушылық құрылысында басқару немесе басшылық сатыларын
ажыратқан жөн. Бұл жағдайда прокуратура органдарын басқару құрлысы
негізінен үш звенолық болып табылады деп айтуға болады. Сонымен қатар
прокуратура органдарының жүйесінде мамандандырылған прокуратуралардың
(облыстыққа теңестірілген) болуы ұйымдастырушылқ құрылыстың екі звенолы
да болу мүмкіндігін білдіреді. Ұйымдастырушылық құрлыстағы деңгейлердің
саны осы құрлыстың басқару тиімділігіне тікелей әсер етеді; деңгейлер
азайған сайын басқарудың тиімділігі арта түседі 3.
Алайда прокуратура органдарының қызмет міндеттерінің күрделенуі,
мамандандырудың дамуы функционалдық ұйымдастырушылық құрлымының пайда
болуы мен дамуының шарты болды. Мұндай құрлымның құрамдас бөліктері болып
белгілі бір қызмет түріне маманданған органдар, бөлімшелер, құрлымдық
бірліктер табылады.
Оларға табиғат қорғау, көлік прокуратурасы және прокурорлық
қадағалаудың арнайы объектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жекелеген
салаларымен анықталған шекте жүзеге асыратын өзге де прокуратуралары.
Функционалдық құрлымды құраушы бұдан басқа элементтер болып бір
негізгі қызмет түрімен өзара біріктірілген және өзара байланысты аудандық
және қалалық прокурорлардың көмекшілері мен аға көмекшілері, облыстық
прокуратура бөлімдері мен басқармаларының прокурорлары және аға
прокурорлары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бөлімдері,
басқармалары мен департаменттері бойынша көмекшілері мен аға көмекшілері
табылады.

3Н.А. Бакбергенов Правоохранительная система в Республике Казахстан
Астана, ИКФ Фолиант 2000
Функционалдық құрлымды құраушы бұдан басқа элементтер болып бір
негізгі қызмет түрімен өзара біріктірілген және өзара байланысты аудандық
және қалалық прокурорлардың көмекшілері мен аға көмекшілері, облыстық
прокуратура бөлімдері мен басқармаларының прокурорлары және аға
прокурорлары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бөлімдері,
басқармалары мен департаменттері бойынша көмекшілері мен аға көмекшілері
табылады.
Функционалдық құрлымның болуы еңбекті көлденеңінен бөлуге, белгілі бір
қызмет түрлері бойынша неғұрлым білікті шешімдер жасауға өз септігін
тигізеді. Ұйымдастырушылық құрылымға кіретін бөлімшелер немесе органдардың
әрқайсысын басшы басқарады.
Бұл басшылар басқару құрлымындағы рөлі мен орнына сәйкес линиялық және
функционалдық болуы мүмкін.
Линиялық басшылар болып аудандық, қалалық прокурорлар, облыс
прокуроры, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, ҚР-ның Бас
прокуроры және олардың орынбасарлары табылады. Функционалдық басшыларға
облыстық прокурордың көмекшілері мен аға көмекшілері, сондай-ақ ҚР-сы Бас
прокурорының көмекшілері мен аға көмекшілері жатады.
Прокуратура органдарын құрлымдық басқаруға бөлімдер басқармалардың
департаменттердің прокурорлары мен аға прокурорларының, облыстар мен ҚР-сы
Бас прокуратурасы прокурорларының қызметі белгілі бір ерекшелік енгізеді.
Алғаш қарағанда олар тек белгілі бір прокурорлық қадағалау саласы бойынша
мамандар болып
табылады және өздері еңбек ететін бөлімше басшысы тапсырған басқару
функцияларының кейбірін ішінара ғана орындайды. Прокуратура органдарында
әрекет қолданылатын жұмысты ұйымдастырудың аймақтық немесе аймақтық- пәндік
қағидасы прокурорлық қадағалаудың нақты саласы бойынша басқару мен
бақылауды ұйымдастыру үшін әрбір бөлім және басқарма прокурорларына (аға
прокурорларға) төмен тұрған прокурорлардың белгілі бір санын бекітіп беру
мүмкіндігін белгілеп осылайша оларға басшы функцияларын жүктеді, ішкі мәні
бойынша бұл лауазымды тұлғалар функционалдық басшыларға жатады.
Нақтырақ айтсақ оларды аймақты басшылар деп атап, бір мезгілде қажетті
қосымша өкілеттіктер беруге болар еді.
Жұмысты ұйымдастырудың аймақтық және аймақтық-пәндік қағидасы қазіргі
кезде сақталып қалды. Прокуратуралардың барлығында дерілік олар жергілікті
прокурорлардың басқарушылық актілеріменен қолданысқа еңгізілді.
Тік байланыстардың негізінде субординация қатынастары жатыр. Көлденең
байланыстар координация немесе жүріс-тұрысты келісу ұғымын білдіреді.
Кез келген жағдайда басқару объектісінен, субъектісіне қарай кері
ықпал орын алатындығын айтатын болсақ, бұл байланыстар прокурорлық
қадағалау органдарының ұйымдастырушылық жүйесінде реординациялық
қатынастардың да бар екендігін білдіреді.
ҚР прокуратура туралы ҚР-сы Заңының 3-бабының, 1-тармағында
субординациялық қатынастардың негіздері белгіленген.
Аталған нормаларға сәйкес ҚР-ның прокуратурасы төмен тұрған
органдардың жоғары тұрғандарға және ҚР-ның Бас прокуратурасына бағынып,
органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.
ҚР-ң Бас прокуроры ҚР-сының прокуратура жүйесін басқарады, прокуратура
органдары жүйесін ұйымдастыру мен оның қызметі жөніндегі
мәселелерді реттейтін бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер мен
нұсқаулықтар шығарады.
Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар қалалық, аудандық және
оларға теңестірілген прокурорлардың қызметіне басшылық етеді, бағынысты
жұмысшылардың орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер
шығарады.
Алайда тек бағыныштылық қатынастар ғана заңы бекітілім тапты. Бірақ
прокуратураның оның органдары мен бөлімшелерінің ішкі қарым-қатынасының
құрлымын бірқатар жағдайларда тек субординациялық қатынастармен түсіндіруге
болмайды. Біздің пікірімізше ҚР-ның прокуратура органдарының жүйесі үш
түрлі ұйымдастырушылық-басқарушылық байланыстарға негізделеді.
Бірінші түрге субординацияға негізделген байланыстарды жатқызған жөн.
Жоғарыдан төменге деген тип бойынша құрылған мұндай байланыстарды белгілі
бір шарт үлесімен басқарушылық қатарына жатқызуға болады; онда жоғары
тұрған прокуратура органдарының (басқару субъектілерінің) төмен тұрған
прокуратура органдарына, бөлімшелеріне, лауазымды тұлғаларына (басқару
объектілеріне) мақсатты басқарушылық ықпал ету іс жүзіне асырылады.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық байланыстардың екінші түріне реординация
(екі ретке келтіру) принципіне негізделген байланыстарды жатқызған жөн.
Прокуратура ұжымы тұтасымен не оның бөлімшесі тіпті жекелеген
қызметкерлерінің басқарушылық қатынастардың пайда болуына, реттелуі мен
тоқтатылуына және прокуратура органдарының мақсатты қызметіне айтарлықтай
ықпал етуі мүмкін қызметінің ішкі мақсатары мен міндеттері қажеттіліктері
мен мүдделері бар екендігін айқындаудың маңызы зор. Бұл жағдайда да
төменнен жоғарыға қарай деген байланыс типі бойынша басқару субъектілері
мен объектісі арасында қатынастың пайда болуымен сипатталатын кері әрекет
жүреді. Мұндай қатынастардың пайда болуына мысал ретінде нақты шешімнің
қабылдануына төмен тұрған прокурор бастамашы болып табылатын жағдайды
келтіруге болады. Бұл төмен тұрған прокурорлардың олардың қызметінің кейбір
бағыттары бойынша заңмен белгіленген өкілеттіктерінің мазмұнымен де жанама
түрде расталады. Мәселен, прокуратура туралы заңның 32-бабының 2-тармағында
прокурордың қадағалау тәртібімен соттың заңсыз немесе негізсіз шешімдеріне,
үкімдеріне, ұйғарымдары немесе қаулыларына шағым келтіру құқығы
белгіленеді, прокурордың ұсынысын жоғары тұрған прокурорға жолдануына
ерекше назар аударған жөн. Ұсыныстың мазмүнына сот қабылдаған шешімдердің
заңдылығын қалпына келтіру бойынша белгілі бір әрекеттер жасауды ұсыну
кіреді 4.
Прокуратурада немесе қандайда бір бөлімшеде ресми емес басқару
құрлымдарының күшті ықпалы бар ұйымдастырушылық қатынастар ерекше көзге
түседі.Олардың қызметі прокуратура басшысының ресми емес жетекшілердің де,
тұтастай прокуратура ұжымының да пікірімен санасуына тура келетіндей жағдай
жасайды. Бұл жағдайда сондай-ақ басқару субъектілері мен объектілері
әрекеттерінің келісімділігіне қол жеткізіледі, бірақ өзін- өзі реттеу
күштерін пайдалану есебінен.

4Х.Ю. Ибрагимов. Правоохранительные органы. Алматы, 2000.-С.52.

Ұйымдастырушылық тәртіп неғұрлым аз реттелсе, қоғамдық өзін-өзі
басқару, бөлімшенінің өзін-өзі ретке келтіру механизмі соғұрлым үлкен рөл
ойнайды. Қазіргі кезде ресми емес құрлымдардың рөлі өсуде. Бұл тенденция
прокуратура органдары қызметкерлерінің саяси және элеуметтік
белсенділігінің өсуі, демократизация, өзара қарым-қатынастардың
күрделенуімен шартталған.
Алайда өзін-өзі реттеудің шектен тыс дамуы орталықтандыру мен
орталықтандырудың арақатынасы проблемасына әкелуі мүмкін. Прокуратураның
жекелеген органдарына қатысты қолданғанда прокурор құқықтар мен ресурстарды
ала отырып мүдделері мен мақсаттарын негізге алу мүмкіндігін алады, олар
прокуратураның бүкіл жүйесінің мүдделері және мақсаттарымен жиі сәйкес
келмеуі мүмкін дегенді айтуға болады.

Орталықсыздандыру
белгілі бір пайданы болжайды, бірақ шектен тыс дербестік төменгі звенолар
ұйымдастыру мақсатын тұтастай ете бастайды. Бұл жағдайда жүйенің жекелеген
бөліктері ортақ мақсаттарға қайшы әрекет етуі мүмкін.5
Осы тектес жағдайлар прокуратура органдарының түрлі деңгейлерінде
орын алуы мүмкін. Осы проблема түрлі деңгейдегі басшылардың шаралар
қолдануының сфераларын ажыратумен шешіледі.
Прокурорлық қадағалау органдары жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымында
қолданылатын байланыстың үшінші түрі субъект- субъект, объект- объект
типі бойынша байланыс болып табылады. Байланыстың бұл түрі басқару
субъектілері мен объектілерінің жүріс- тұрысын үйлестіру немесе келісу
қағидасына негізделген. Мұндай байланыс прокуратура органдары жұйесінің
жекелеген бөліктерінің өзара әрекеттестігін оны құрайтын элементтердің
ерікті келісімді жүріс- тұрысы есебінен қамтамасыз етеді. Мұндай жүріс-
тұрыс үшін басты ынталандырушы фактор бірлескен құндылықтар болып табылады.
Міне осылар прокуратура органдарының, бөлімшелерінің немесе жекелеген
қызметкерлерінің бір-біріне бағынбауын белгілі бір бағытта іске асыруды
міндеттеп, прокуратура органдары жүйесінің алға қойған міндеттерін шеше
алады.
Байланыстың осы түрлерінің негізінде прокуратура органдарының бір-
біріне бағынбайтын лауазымды тұлғалары арасындағы, қалалық және аудандық
прокуратуралар арасындағы, облыстық прокуратура органдарының басқармалары
(департаменттері) және бөлімдері ішіндегі, ҚР-сы Бас прокуратурасының
аппаратындағы өзара қарым- қатынас құрылады.

Осылайша ҚР-сы прокуратура органдарының жүйесі кейбір ескертпелерді
қоспағанда үш звенолы болып табылады және ұйымдастырушылық құрлымының
линиялық-функционалдық түріне негізделген. Құрылымның негізгі мазмұны оны
құрайтын элементтердің
субординация, реординация және координациясы арқылы өзара әрекеттесуі
болып табылады6

5И. Ж. Бахтыбаев. Конституционный надзор. Прокуратуры Республики Казахстан.
Алматы. 2000.С.123-125.

6 З. К. Аюпова. Правоохранительные органы в период становления правового
государства в Республике Казахстан. Алматы. 1997. Учебное пособие.C.79-83.

2,2. Прокуратура органдарының мақсат - көздемелері

Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық
институттарының жүйесі ретінде ҚР коституциясының сақталуын мемлекеттің
атынын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын , қылмысқа қарсы күресте құқық
қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде,
заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік мүдделердің
сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура
органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап
етеді. Сондықтан 2002 жылғы 9 тамыздағы ҚР Заңымен прокуратура туралы ҚР
Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кезейсоқтық емес .
Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және
оның қызмет мәселелерін қарастыра отырып мыналарды есте сақтау қажет:
Біріншіден , прокурорлық қадағалау – бұл прокурордан басқа ешқандай да
басқа мемлекеттік, қоғамдық , өз бетінше немесе өзге ұйымдар , мекемелер
немесе өзге ұйымдар , мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра
алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, өзгеше түрі.
Екіншіден, прокурарлық қадағалау мемлекеттің – Қазақстан
Республикасының атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы , прокурор
қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды
жоюға және жекелеген жергілікті өзін - өзі басқару органдарының атқарушылық
немесе сот билігінің атынан емес , мемлекет жүйесіне біріктірілген
барлығының атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген
органдардың, ұйымдардың , мекемелердің лауазымды немесе жеке адамдар
мүддесін білдіріп , кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау – мемлекеттік қызметтің дербес түрі.
Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР
Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талаптары орындалуын , өзге де
құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды
заңмен тек прокуратураға берілген құралдар көмегімен жоюға шаралар
қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен
айқындалады.
Төртіншіден , прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне есеп
беретін орган болуына қарамастан , Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге
, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге
асырады.
Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде
мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкәілдік берілген адамдардың –
прокурорлардың – бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға
шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту , қылмыстық қудалауды
жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орыдалуын және бірынғай қолданылуын
жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз
байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты ретінде прокуратураның
тұтастай алғанда барлық қызметі және атап айтқанда , оның маңызды функциясы
– прокурорлық қадағалауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының құқығындағы прокурор функциясының негізгі бағыттары
Прокурорлық жалпы қадағалау
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Прокурорлық қадағалау туралы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ. ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЗАҢДЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАУЫ
Көкшетау қаласының прокуратурасы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
Жалпы ережелерде қылмыс түрлері, жауаптылық, жазалар және жаза тағайындаулар
Пәндер