5ess цифрлық коммутациялық жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
АМ административтік модулі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
БМ байланыс модулі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
SM . 2000 коммутациялық модулі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ШАҚЫРУЛАРДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ... 12
5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ...15
5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰЛБАСЫ ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Берілген отчет «Қазақтелеком» кәсіпорнының Атырау ОТД ТҚО жүргізілген өндіріс тәжірибесінің нәтижесінде жасалған. Тәжірибелік жұмыс 5ESS цифрлық станциясында жүргізілді. "LUCENT TECHNOLOGIES" фирмасымен өндірілген 5ESS коммутациялық жүйесі - әмбебап цифрлық станция, ГТС-те пәтерлік, сонымен қатар бизнес-абоненттеріне қызмет көрсететін жергілікті телефондық станция ретінде қолданылады. 5ESS локальдік, қалааралық, транзиттік немесе халықаралық станция ретінде жұмыс істей алады. Ол абоненттер саны 100-ден аз кішкене елді мекендерді немесе 100000 абоненттен астам үлкен метрополистерді қамтамасыз етеді.
Жүйенің максималды сыйымдылығы – 350000 абоненттік және 90000 байланыс желілері. Өнімділігі – 1400000 шақыруларға дейін.
5ESS коммутациялық жүйесі – жұмыстың үнемділігін, жан-жақтылығын, жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ететін арналардың уақыттық бөлінуі бар электрлік (цифрлық) станция. Станция жұмысының иілгіштігі модуль құрылымының өсуі мен сигналдарды тарату арқылы өңдеудің негізінде жетеді. Модульдік құрылым сонымен қатар станцияның өткізу қабілеттілігін, жүйе интерфейсінің санын, телефондық жүктемелердің үлкеюінен бейімделу мақсатында өңделетін шақырулардың санын өсіреді, және де жаңа қызметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Станцияның архитектурасы жаңа құрылымдарды тез енгізуге мүмкіндік береді, мысалы, ISDN және кеңжолақты енгізу қызметі. 5ESS – жоғарғы сенімді станция. Ақауларды автоматты түрде анықтау, оның орнын анықтау және мүмкін реконфигурация жүргізу ақауды қысқа уақытта анықтауға, бейтараптауға және жоюға мүмкіндік береді. 5ESS станциясы басқа станциялардың түрлеріне қарағанда ең аз тоқтау уақытына ие және оның рекордтық сенімділігі – 99,9999%. 5ESS станция қазіргі уақытта кез келген физикалық тасушысын пайдалануға мүмкіндік беретін жалғыз станция болып табылады. Бір платформада әртүрлі қызмет комбинациясын, сонымен қатар сымды және сымсыз байланысты, дауыс және мәлімет таратуды қолдануға болады. 5ESS станциясы 7R/E Packet Driver қондырғысы арқылы IP/ATM желісін және арна коммутациясын қолдайды. Бір платформада халықаралық, қалааралық және ақылы байланыс қызметтері, операторлық қызметтер, транзитті тарату, мәліметтер мен бейне таратудың комплексті қызметтері іске асады.
1. Международная коммутационная система 5ESS. Эксплуатация и техническое обслуживание, Том 1, 2. – Lucent Technologies-Proprietary.
2. Техническая документация на оборудования 5ESS-2000.
3. Инструкция по техническому обслуживанию городских координатных АТС и узлов типа АТСК контрольно-корректирующим методом. Часть 1. – М.: Радио и связь, 1981.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ

АЭС кафедрасы

Өндірістік тәжірибесі бойынша
ОТЧЕТ

5ESS цифрлық коммутациялық жүйесі

Қабылдаған: Асанова

Орындаған: СССк-05-01

тобының студенті

Абдрахманова Г. Н.

Алматы 2008
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
АМ административтік
модулі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..6
БМ байланыс
модулі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8
SM – 2000 коммутациялық
модулі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..9
ШАҚЫРУЛАРДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ... 12
5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... . ..15
5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰЛБАСЫ ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .19

КІРІСПЕ

Берілген отчет Қазақтелеком кәсіпорнының Атырау ОТД ТҚО жүргізілген
өндіріс тәжірибесінің нәтижесінде жасалған. Тәжірибелік жұмыс 5ESS цифрлық
станциясында жүргізілді. "LUCENT TECHNOLOGIES" фирмасымен өндірілген 5ESS
коммутациялық жүйесі - әмбебап цифрлық станция, ГТС-те пәтерлік, сонымен
қатар бизнес-абоненттеріне қызмет көрсететін жергілікті телефондық станция
ретінде қолданылады. 5ESS локальдік, қалааралық, транзиттік немесе
халықаралық станция ретінде жұмыс істей алады. Ол абоненттер саны 100-ден
аз кішкене елді мекендерді немесе 100000 абоненттен астам үлкен
метрополистерді қамтамасыз етеді.
Жүйенің максималды сыйымдылығы – 350000 абоненттік және 90000 байланыс
желілері. Өнімділігі – 1400000 шақыруларға дейін.

5ESS КОММУТАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

5ESS коммутациялық жүйесі – жұмыстың үнемділігін, жан-жақтылығын,
жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ететін арналардың уақыттық бөлінуі бар
электрлік (цифрлық) станция. Станция жұмысының иілгіштігі модуль
құрылымының өсуі мен сигналдарды тарату арқылы өңдеудің негізінде жетеді.
Модульдік құрылым сонымен қатар станцияның өткізу қабілеттілігін, жүйе
интерфейсінің санын, телефондық жүктемелердің үлкеюінен бейімделу
мақсатында өңделетін шақырулардың санын өсіреді, және де жаңа қызметтерді
енгізуге мүмкіндік береді. Станцияның архитектурасы жаңа құрылымдарды тез
енгізуге мүмкіндік береді, мысалы, ISDN және кеңжолақты енгізу қызметі.
5ESS – жоғарғы сенімді станция. Ақауларды автоматты түрде анықтау, оның
орнын анықтау және мүмкін реконфигурация жүргізу ақауды қысқа уақытта
анықтауға, бейтараптауға және жоюға мүмкіндік береді. 5ESS станциясы басқа
станциялардың түрлеріне қарағанда ең аз тоқтау уақытына ие және оның
рекордтық сенімділігі – 99,9999%. 5ESS станция қазіргі уақытта кез келген
физикалық тасушысын пайдалануға мүмкіндік беретін жалғыз станция болып
табылады. Бір платформада әртүрлі қызмет комбинациясын, сонымен қатар сымды
және сымсыз байланысты, дауыс және мәлімет таратуды қолдануға болады. 5ESS
станциясы 7RE Packet Driver қондырғысы арқылы IPATM желісін және арна
коммутациясын қолдайды. Бір платформада халықаралық, қалааралық және ақылы
байланыс қызметтері, операторлық қызметтер, транзитті тарату, мәліметтер
мен бейне таратудың комплексті қызметтері іске асады.
5ESS коммутациялық жүйесі модульдік құрылымды болып табылады.
Аппараттық құралдары модульдің үш негізгі типіне бөлінеді: SM
(коммутациялық модуль), БМ (байланыс модулі) және АМ (административті
модуль). Әрбір модуль станцияның жалпы жұмыс жасауын қаматамасыз ету үшін
өзінің функциясын орындайды.

1-сурет. 5ESS негізгі элементтері

Модульдік архитектура станция сыйымдылығын үлкейтуге және азайтуға
мүмкіндік береді. Станция сыйымдылығын үлкейту өсіру деп аталады. Станция
сыйымдылығын азайту қиылу деп аталады. SM коммутациялық жүйені өсіруге
немесе қиюға арналған алғашқы модуль болып табылады. Өсіру немесе қию SM
модулінің немесе SM модуліндегі ішкі блоктардың санын өзгерту арқылы жүзеге
асырады.

АМ административті модулі

АМ - 5ESS коммутациялық жүйесінің аппаратты модулі, бүкіл станцияның
жалпы басқарылуын қамтамасыз етеді. АМ модулі БМ модулін басқарады және
барлық SM модулімен (БМ арқылы) өзара байланысады.

2-сурет. АМ негізгі компоненттері

АМ компоненттері:
- СU (Control Unit; Басқару блогы);
- IOP (InputOutput Processor; Кірісшығыс процессоры);
- Таспаға жинақтағыш;
- Лентаға жинақтағыш;
- MCC (Басқарудың негізгі орталығы).
Басқару блогы СС (Central Control; Орталық Контроллер) мен ММ (Memory
Module; Жады Модулі) тұрады.
СС негізгі функциялары:
- бағдарламаны орындау – СС логикалық сұлбаны қамтиды, ол АМ
процессорының жұмысын басқаратын бұйрықтарды орындайды;
- бағдарламалық сұраныстарды орындау – SM мен қызмет көрсетуші
персоналдан келген сұраныстарға жауап беру;
- басқарушы мәліметтерді өңдеу – есеп беруші ақпаратты құрастырады және
оны басады;
- мәліметтер таралуын басқарады – IOP-тағы шеткі блокка қызмет ететін
жады мен микропроцессор, диск және жеке жады арасындағы мәліметтерді
таратуды басқарады.
ММ блогында бағдарламалық нұсқаулар мен мәліметтер бар. ММ шақыруларды
өңдеуге, жүйенің техникалық қызмет көрсетуіне және басқарушы ақпаратты
жинауға арналған процессорға қажетті бұйрықтар мен басқа да мәліметтерді
сақтайды.
IOP блогы сыртқы құрылғылар мен АМ арасындағы мәліметтер таралуын
басқарады. Мұндай сыртқы құрылғыларға бейнедисплей, принтер, лентаға
жинақтағыш және ОМС (Пайдалану және техникалық қызмет көрсету орталығы)
жатады. Шектелген ОМС-пен байланыстыратын желі орталықтанған алшақталған
пунктерде 5ESS коммутациялық жүйелерінің жұмыс істеуінің автоматтандырылған
бақылауын орындауға мүмкіндік береді.
SCSI таспаға жинақтағыш 5ESS коммутациялық жүйесінде қолданылатын
бағдарламалық қамтамасыз ету көшірмесін сақтайды, егер ММ-дегі мәліметтер
жоғалса, олар таспалық көшірмеде қайта қалпына келеді. Мұнда сонымен қатар
аппараттық құралдардың конфигурация мәліметтері сақталады – таспадағы
ақпараттар аппараттық құралдар мен байланыстырушы және абоненттік
желілердің қосылуы туралы конфигурацияны анықтайды. SCSI таспаға жинақтағыш
биллингтік мәліметтер де сақталады.
Лентаға жинақтағыш – таспаға сақталатын ақпараттарды резервтеуге
арналған құрал. Лентаға жинақтағыш ретінде стандартты 9-жолақты лентаға
жинақтағышты немесе DAT (Цифрлық аудио-лента) типті жинақтағышты қолдануға
болады. Мәліметтер лентадан таспаға немесе таспадан дискіге беріле алады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқасы мен станциялық мәліметтер әрқашанда
лентаға көшіріледі.
Басқарудың негізгі орталығы жүйенің жұмысы туралы жазбаларды жаңартып
отырады және станцияның барлық аппараттық блоктарының күйі туралы
ақпараттарды шығарады. Бұл ақпарат МСС (Басқарудың Негізгі Орталығы) деп
аталатын техникалық қызмет көрсетудің қолданушы интерфейсі арқылы қызмет
көрсетуші персоналдарға шығады. МСС – қызмет көрсетуші персоналдарға
арналған негізгі локальдік жұмыс станциясы. Ол жүйеде терезе сияқты түсті
бейне дисплейді қолданады. Терминал экранындағы менюден таңдалған poke-
бұйрықтарды немесе адам-машина тіліндегі бұйрықтарды енгізе отырып
орындайды. Қызмет көрсетуші персонал құрылғыны диагностикалай алады, қызмет
көрсету мен қалпына келтіру негізінде құрылғының қорытындысын шығарады,
абоненттік және байланыстырушы желілерді тексере алады, сонымен қатар
мәліметтер базасының параметрлерін өзгерте алады.
Административті модуль мәліметтер базасын, орталықтанған техникалық
қолдануды және станцияның қызмет көрсетуін басқару және сақтау үшін
қолданылады, шақырулардың күрделі бағдарлануына қатысады, сонымен қатар
шақыруларды өңдеу процесіне тікелей қатысы жоқ көптеген функцияларды
орындайды. АМ көмегімен станцияның диагностикасы, ақауларды табу,
бейтараптау және де, мүмкіндігінше, жою жүргізіледі. АМ арқылы 5ESS-тің
техникалық қолданыстың және қызмет көрсетудің автоматталған жүйесімен,
трафик басқару жүйесімен байланысы орындалады. Техникалық қолданыс
орталығымен немесе тарификация мәліметтерін өңдеу орталығымен қосылу үшін
мәліметтер тарататын арна қолданылады. Файлдар FTAM мәліметтерін басқару
және шығу стандарты протоколдары арқылы таралады. АМ модулі Белла
лабораториясында жасалған 3B21D процессорына негізделген.
БМ байланыстырушы модуль

АМ және SM модульдері өзара байланыспаған. СМ барлық модульдер
арасында хабарларды таратады, сөйтіп олардың бірыңғай жұмысын қамтамасыз
етеді. СМ мәліметтер берілісі мен телефондық байланысты орнату үшін
модульдер арасындағы жолды қамтамасыз етеді. Процессорлар арасында жүйелік
есептерді орындауға, жазбаларды енгізуге және шақыруларды өңдеуге арналған
ақпараттарды тарату үшін жол қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 5ESS
станциясы үшін синхронизациялау және нақты уақыт санауын, керек жағдайда,
SM модулінің бағдарламаларын тез енгізуге арналған ресурстарды қамтамасыз
етеді.
АМ модулі СМ модулімен DSCH (Dual Serial Channel; Жұпталған
Тізбектелген Арна) шинасы арқылы байланысқан. Бұл өткізу шинасы басқару
хабарын тарататын екі тізбектелген биттік ағынға ие.
NCT (Network Control and Timing; Желі, Синхронизация және Басқару)
байланыс жолы – бұл әрбір SM-ді СМ модулімен байланыстыратын талшықты-
оптикалық кабель. NCT байланыс жолы байланыстың екі физикалық желісінде
таралған уақыттық интервалы бойынша ақпаратты тасиды. Әрбір байланыс жолына
басқару хабары үшін бір уақыттық интервалы бөлінген.

3-сурет. СМ байланыстырушы модулі

СМ модулі, нұсқаға тәуелсіз, екі функционалды блокқа бөлінген: MSGS
(Message Switch; Хабар Коммутаторы) және TMS (Time Multiplexed
Switch;Уақыттық нығыздауы бар Коммутатор).
MSGS екі субблоктан тұрады:
- MSCU (Message Switch Control Unit; Хабар Коммутаторының Блогын
Басқару) MSPU блогын басқаруын қамтамасыз етеді. Ол АМ модулімен және
басқа да СМ блоктарымен басқарушы ақпарат алмасады; сонымен қатар, ол
басқарушы уақыттық интервал арқылы SM модулінен түсетін хабардың кодын
түсіндіреді. MSCU блогы процессорлер арасында АМ мен SM модульдеріне
ақпарат ағынын бағыттайды.
- MSPU (Message Switch Peripheral Unit; Хабар Коммутаторының Шеткі
Блогы) басқарушы хабарды АМ немесе SM модульдеріне қайта қосу үшін
басқарушы уақыттық интервалдарды шығарады.
TMS субблоктары:
- CMCU (Communications Module Control Unit; Байланыс Модулін Басқарушы
Блок) жүйенің синхронизациясын қамтамасыз етеді және TMS блогын
басқарады.
- TMSU (Time Multiplexed Switch Unit; Уақыттық Нығыздауы бар Коммутатор
Блогы) NCT байланыс жолын қосады және мәліметтер мен байланыстар
арасындағы басқарушы уақыттық интервалдарды коммутациялайды.
СМ модулінің барлық блогы бірдей қажет. Ішкі байланыстырушыжолдар
әсерінен барлық бөліктері маңызды. Сондықтан СМ модулінің барлық бөлігі
қайталанған.

SM-2000 коммутациялық модулі

Барлық сыртқы абоненттік және байланыстырушы желілер мен арнайы
қызметтердің сұлбасы коммутациялық модульге қосылады. Аналогты және цифрлық
сигналдар 5ESS станциясының ішінде қолданылатын цифрлық форматқа түрленеді.
SM техникалық қызмет көрсету мен шақыруларды өңдеудің 95% функциясын
орындайды, оған қоса
- абоненттік және байланыс желілерін сканерлейді;
- тоналды сигналдар мен жиіліктерді генерациялайды;
- цифрлерді талдайды;
- шақыруларды бағыттайды;
- арналарды коммутациялайды;
- пакеттерді коммутациялайды;
- хабарлайды;
- шақырулар өтуін тексереді;
- персоналға арналған техникалық қызмет көрсетуге шығады;
- Уақыттық техникалық қызмет көрсетеді және автоматты техникалық қызмет
көрсетеді.
SM модулі мынандай абоненттік функцияларды қамтамасыз етеді: күтуге
шақыру, қысқартылған теру, call diversion типті шақыруларды
переадресациясы, конференц-байланыс. Бір 5ESS станциясы 192 SM модуліне
дейін қамти алады. Әрбір SM модулі 25000 абоненттік және 3600 байланыс
желілерін немесе олардың комбинацияларын қамтамасыз етеді. Бір
коммутациялық модуль қамтитын SM-2000 максималды саны жобаға байланысты.
SM компоненттері келесіге бөлінеді:
- Басқару блогы SM модулінің ішіндегі барлық операцияларды басқарады,
мысалы шақыруларды өңдеу және техникалық қызмет көрсету функцияларын.
- Шеткі блоктар тексеру функциясын орындайды және абоненттер мен басқа
станциялардың 5ESS станциясының цифрлық желісіне шығуын қамтамасыз
етеді.

4-сурет. SM-2000 компоненттері

SM-ның екі басқару блогы SMP (Switching Module Processor;
Коммутациялық Модульдің Процессоры) және TSI (Time Slot Interchanger;
Уақыттық Интервал Коммутаторы) болып табылады. Бұл екі блок MCTSI (Модуль
Контроллері және Уақыттық Интервал Коммутаторы) деп аталатын бір
аппараттық блокқа енеді.
SMP SM ішіндегі техникалық қызмет көрсету функциясы мен шақыруларды
өңдеу үшін қолданылатын микропроцессор мен жадыдан тұрады. SMP шеткі блокты
басқарады. Шақырулардың өңдеуін қарастырады.
Екінші басқару блогы TSI деп аталады. Ол уақыт-кеңістік-уақыт
концепциясында коммутацияның уақыттық бөлігін орындайды. TSI шеткі уақыттық
интервалдарды алады және береді. Шеткі уақыттық интервал абоненттік және
байланыс желілерінен түсетін шақырулардың цифрлық мәліметтерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5ESS коммутация жүйесі. Ерекшелігі, архитектурасы, жалпы анықтамасы
Байланыс торабын ұйымдастыруда сигналдардың коммутациясы
Интеллектуалды желілер пәні бойынша дәрістер
Қосылу деңгейі
Байланыс желілерін талдау
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Цифрлық коммутация жүйелері
Байланыс желілері және коммутация жүйелері
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Декадты қадамдық АТС
Пәндер