Отбасы мен мектептің өзара әрекеті


Отбасы мен мектептің өзара әрекеті
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Ол баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Отбасы - сапасы бірқатар өлшемдермен анықталатын бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени өлшемі ата-аналарының білімділік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экномикалық өлшемі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық өлшемі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталумен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық өлшемі отбасы құрылымымен анықталады. Бала дамуының қандай қырын, қай жас кезеңін алмайық, оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.
Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық.
Басты қызметтері:
- тәрбиелік;
- сауықтыру;
- рухани-адамгершілік;
- танымдық-білімдік;
- тұрмыстық;
- еңбек;
- мәдени-ағартушылық;
- демалыс-шығармашылық;
- тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы;
- қорғаушы.
Басты міндеттері:
- баланы үйлесімді дамыту;
- бала-денсаулығына қамқорлық жасау;
- оқуына көмек қөрсету;
- еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;
- тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
- Ізгілік, эмоционалды адамгершілік қатынас тәжірибиесін қалыптастыру;
- жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
- қызығушылығын, қабілетін, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;
- жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар:
- отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайылдығы) ;
- отбасы өмірінің күн тәртібі;
- әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың),
Баланың отбасындағы өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін жасау мен талап коя білудің мәні ерекше. Күн тәртібі баланың еңбегі мен демалысының парасаттылықпен, жас және дербес ерекшелігіне сәйкес өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымын, өмірлік бағыт-бағдары мен көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады.
Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғыштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиені не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс. Өйткені, бала өмірінде еңбек, демалыс, ойын, үй тапсырмасын орындау, ұйқы және т, б. дұрыс кезектесіп отыруы тиіс. Педагог-психолог ғалымдардың пікірлері бойынша, белгілі бір реттелген күн тәртібін сақтау нәтижесінде бала миының үлкен жарты шарының қабында динамикалық таптаурын болады. Мысалы, баланың нақты бір мезгілде тамақтануы, ұйқыға кетуі берік қалыптасса, оның ағзасы сол уақытта оған даяр болып, денсаулығы нығая түспек. Белгілі дағды «дертке айналады.
Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті:
- сабақ үлгерімін бақылау, сабақтан себепсіз қалмауына ат салысу;
-оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынасының дұрыс болуына көмектесу, жағдай туғызу;
- сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату;
- қызығушылығын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үйірмелер мен факультативтерді таңдауына көмектесу;
-ақыл-ой еңбегін ғылыми ұйымдастыруға үйрету, ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу;
-адамдармен араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге баулу;
-қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу;
- санитарлық-гигиеналық дағдыларын сіңірту;
- адамгершілік-жыныстық эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы отан да, отбасы мүшелеріне де қуаныш сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал. Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет.
Отбасында ата-ана балаларының іс-әрекетін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алуы тиіс:
- баланың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін тұрақтандыру мақсатында міндеттерін бөлуді жоспарлау мен жүзеге асыруда онымен санасу жағын қарастыру;
-балаға сенім білдіру және жас және дербес ерекшелігіне сәйкес болуын қадағалау;
- әр баланың міндеттерін дәл, нақты анықтау;
- әр істің балалардың өзара қатынасының дамуы мен нығаюына және рухының өсуіне қажетті тәрбиелік мәнінің болуы;
-жалпы отбасы тәрбиесінің тұлға дамуының факторы болуын қамтамасыз ету;
-баланың дербестігі мен ынтасын есепке алу;
-балаларға өзара сыйласымдылық пен мейірімділікке, сеніміге негізделетін іс-әрекетгер тапсыру;
-тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету, түрткі қалыптастыру.
Қазақ отбасы тәрбиесінің кезекті мәселелері педагог-ғалымдар С. Қалиев, М. Смайылова, М, Орачаев, С. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова Р. М. Қоянбаев, Ж. Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Ж. Б. Қоянбаев "Семья және балалар мен жеткіншіктер тәрбиесі" атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажетті шаруашылық функциясын, отбасының тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандармен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.
Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінін бірқалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді:
1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бір баланы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
3. Отбасының мәдени қуаты: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлі мерекелер;
4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроахуалының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
6. Отбасының тәрбиелік қуаты: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық санасында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетгі, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам мен жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынаи білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:
- ақпараттық;
- тәрбиелік-дамытушылық;
- қалыптастырушылық;
- қорғаушы сауықтырушылық;
- бақылаушылық;
- тұрмыстық.
Аталған өзара әрекеттің міндеттері:
- ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;
- ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;
- бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары:
- отбасының тәрбиелік мүмкіщіігі мен күш-қуатын айқындау мақсатында зерттеу;
- отбасының адамгершілік бағыттылығьша қарай оларды топтастыру;
- «олардың бірлескен әрекеттерінің ағымды және соңғы нәтижелерін
талдау.
Отбасын зерттеу педагогі не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның күш қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұгалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялык диагностика әдістерінің кеңінен пайдаланады.
Отбасын зерттеу - сынып жетекшісінен кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрыс:
- Ата-аналар мен баяалар оздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.
- Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.
- Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт,
Психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек.
Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге басты көңіл аударуы тиіс:
1. Отбасы мүшелері туралы және отбасының әлеуметтік-материалдық, тұрмыстық жағдайлары мен мектепісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет.
2. Отбасындагы балалардың тәрбиелілік деңгейі.
3. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.
Педаготтын ата-аналармен жұмысынын мазмұнын төмендегі сызбадан көруге болады.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналармен жұмыстың көпшілік, топтық және жеке формалары бар,
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары бар.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөлді атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасьнда өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп, оқу-тәрбие үдерісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта факторларының маңызды кешенін туғызады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі роль атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді ері оған қатысады. Педагогика тәжірибесінде мектеп пен сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.
Олар:
1-қызметі . Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнымен, әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі ата-аналармен өзі танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
- балалар мен ата-аналардың шығармашылығы күні; ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар; мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету; шефтік көмек; ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.
2-қызметі . Ата-аналармен педагогикалык-психологиялық ағарту жүмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:
-тәрбиенің жекелегсн мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
-ата-аналар университеттері;
-қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, педагогика кәсіпті таңдаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz