Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы. Жылқының арғы тегі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы.

Жылқының арғы тегі

Жылқы тарихы осыдан 65 млн. жыл бұрын (алғашқы эоцен) өмір сүрген арқасы бүкіш, құйрығы ұзын көлемі қанден ит сияқты хайуаннан (эохипус немесе хирокетрия) бастау алады. Бұл хайуанның алдыңғы қолдарында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болған, табанын тіреп жүріп бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен коректенген.

Миоцен кезеңінде 25млн. жыл бұрын ауа райының өзгеріп ағашты ормандар, бұталы балаусалы ұзын шөпті алқаптар құрғашылыққа ұшырап, жер беті керіштеніп кеуіп тау - тасты далалардың пайда болуына байланысты жылқының арғы тегінде өзгертті. Тұрпаты кәзіргі пониге, бас сүйегі мен тісі кәзіргі жылқыға ұқсап ең бастысы айыр жұмсақ тұяқтары қатты тұяқты аяққа айналып, секіріп, жылдам жүретін болды.

Шамамен 12 млн. жылдай бұрын жылқы тегінің келесі тізбегі - гипарион пайда болады. Гиппариондар үш айыр тұяқты дене тұрқы киіктей жылдам шауып жүретіні соншалық өздерінің Отаны Америка - Аляскадан бастап Беринг «көпірі» арықылы Азияға, Европаға ең аяғы Африкаға таралып кетеді. Бірақ әлі күнге дейін гипарион кәзіргі жылқының арғы тұқыма ма, әлде жанама бұтағы ма деген сауалдар төңірегінде талас көп. [178, 179, 180]

Жылқы өзінің кәзіргі келбетіне жоғарғы плиоцен кезеңінде, осыдан 5млн. жыл бұрын келе бастайды, яғни дара қатты мүйіз тұяқты жануарға айналып, көптеген түрлері мен типтері бар үш тұяқты гиппориондарды ығыстыра бастайды, кейбір жерлерде (Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Африка) гиппариондармен қатарласып өмір сүреді. Дара тұяқтылардан тарпаңдар, зебра, есектер пайда болады. Кәзіргі палентологиялық, палеозологиялық зерттеулер осыдан 2 млн жыл жылқының тұрпаты қалыптасып болды деп топшылайды.

Дүниеде бірде-бір жануар адамзат тарихында жылқыдай жасампаздық роль атқарған жоқ. Алғашқы адам 1, 3 млн жыл пайда бола бастап әртүрлі өсімдіктердің жемісін, түбірін ірлі - ұсақты аңдардың етін жеп күн көрді. Алғашқы адамдардың тобыры аңшылықпен шұғылданды, әрине тағы жылқылардың көптеген табындары адамдардың қырағы көзінен таса қалған жоқ. 40 мың жыл бұрын өмір кешкен кроманьондықтар өмір сүрген кезде жылқы аулау орасан кең көлемде жүрді. Үнемі аңшылыққа тәуелді болмас үшін адамзат жануарларды қолға үйрете бастады. Адамға ең алғаш етене жақын болып, қолға қараған ит екен. Иттің қолға қарағаны 13 мың жылдар шамасында, [32] артынан біртіндеп қой, ешкі, сиыр, түйе т. б. үйретіліп адамзаттың тәуелдігіне түседі. Жануарлардың көпшілігі адамның айтқанына көніп айдауына жүргенде, жылқы әлі де мыңдаған жылдар бойы жабайы күйінде қала берген. Адамзаттың ақыл-ойы, әдіс - тәсілі жылқыны қолға үйретуге энеолит дәуірінде, б. з. д. IV - мыңжылдықтарда, яғни осыдан 6 - мың жылдар шамасында ғана жете алды. Жылқыны қолға үйретер тұста адамзат егін егіп, мал өсіріп қолөнерменде шұғылданып, металды игере бастаған, не нәрсенің парқын білген мамыржай бейбіт өмір сүрген. Осы турасында қазақ аңызында адамның жылқыға өзіндік баға бергені шынайы бейнеленген. « Ықылым замандарда даладан жылқыны ұстап алып елге көрсеткенде, өмірді көпті көрген дана ақсақал былай депті:

Жал - құйрығы қанат екен,

Төрт тұяғы болат екен

Жануардың жүрген жері жаугершілік екен,

Шырақтарым осыны тапқан

Жерлеріңе апарып тастаңдар» [181. 60б. ]

Жылқының арғы тегін құраған жылқы тұқымдас, жылқы пішіндес жануарлардың көпшілігі құрып біздің заманымызға тарпаң, Пржевальский жылқысы, құлан, зебра, есек сияқтылары ғана жете алды. Ең соңғы тарпаң 1879 жылы өлтірілген. [182]

Тарпаңдарды (Eguus. Gaballus Gimelini Antonius) . Қазақ халқы ежелден қолға үйретіп мінген және етін азық еткен. 1762 жылы П. И. Рычков ол туралы былай дейді: «Жайықтың аржағында, кейде бергі бетінде жабайы жылқылардың екі түрі кездеседі олар тарпаңдар мен құландар. Тарпандардың биіктігі орта бойлы жылқыдан төмендеу, денесі тығыршықтай томбақ, түстері құла және көк болып келеді, басқа түстеріде бар бірақ, өте аз кездеседі. Қазақ жылқыларынан олар басымен ерекшеленеді, себебі бастары үлкен және маңдайында ойыстары бар. Қазақтардың жиырма шақтысы жиналып, қосарларына бір-бір аттан алып, тарпаңдарды ұстаған соң өздерінің аттарының мойнына арқанмен байлап, бір айдан артық ұстайды, сөйтіп өздерінің аттары сияқты мініске үйретеді». [183. 184]

Тарпаңдарды зерттеген А. Н. Формозов былай деп жазады: «Кәзіргі Жоңғария мен Моңғолияда ғана сақталған Пржевальский жылқысының туысы - тарпаңдар табындарының өсіп - өнген жерлері шөлейт далалар. Мысалы, Семей түбінде тарпаңдар XVIII ғасырдың аяғына дейін кездескен» .

[185] Анықталған шынайы мәліметтерге қарағанда тарпаңдар қазақ далаларында XIX ғасырдың орта шеніне дейін сақталған. [143] Тіліміздегі шәлгез асау аттарды «тарпаңдай асау» десе мінезі шәлгез адамдарды да «тарпаң адам» деп атау соның айғағы. Мысалы: Қашаған жырау өз елінің ерекшелігін жырға қосқанда, былай дейді

Адай деген ел едік

Тәртіпсіз өскен тарпаңбыз

Батыс Моңғолияның Қобда аймағында «Тарпаңның сары белі» - деген жер бар. Тарпаңдардың биіктігі 135 см. бастары үлкен және ұзын, мойыны қысқа да жуан, түсі сұр, арқасында мойнынан бастап құйрығына дейін қара жолағы болады.

Пржевальский жылқысын қазақтар ежелден «керқұлан» немесе «жылқы құлан» деп, ал кәдімгі құланды «есек құлан» - деп атаған. Бұлайша ажырату Алтай қазақтарында, әсіресе Шыңжаңның Алтай, Тарбағатай қазақтарында әлі күнге дейін айтылады. Бұл дұрыс, халықтық атау, себебі ата - бабаларымыз ежелден тағы жылқылардың тұқымдарын айыра отырып, қайсысы жылқының арғы тегі екенін білген. Алтай қазақтарының тіліндегі «жылқы атасы кер құлан» - деген осы пікірдің дұрыстығын

«Бұрқылдаған қақ көзі

Суат болмас демеңіз.

Жер тағысы кері құлан,

Жылқы болмас демеңіз» (CXV) - деген қанатты сөздерінде терең мән бар. Керқұлан ертеде Қазақстанның батыс бөлігінде атап айтқанда Ырғыз өлкесіндеде болғанға ұқсайды. Оған Базар жыраудың мына термелері дәлел.

Сарыарқаның белінде,

Ырғыздың құба жонында,

Жусанның түсін кемірген

Бұйырғын жеп семірген

«Жүйрікпін »-деп делірген,

Құлағын тігіп елірген,

«Жан жетпес!» шелірген

«Кер құлан»деген аң болар

Аунаған жері шаң болар

Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Көрген кісі таң болар. [186. 251б. ]

Кәзіргі кезде ата - бабаларымыз ықылым замандардан бері жылықысының қанын жаңарту үшін табынына қосқан, етін жеп, қазысын шайнаған, терісінен арқан тілген, сүйегінен әшекейлер жасаған, кер құланды - Пржевальский жылқысы деп жүрміз, сонда бізге бұл жылықыны Пржевальский тауып берген сияқты.

1878 жылы Н. М. Пржевальский Шыңжаңнан тапқан тағы жылқыларды, атақты географтың атымен аталуы заңды, оның ғылыми жаңалығын ешкім жоққа шығара алмайды. [187] Бірақ ғасырлар бойы ата - бабаларымыз пайдаланып келген көне жылқы тұқымын, халқымыз берген өз атауымен керқұлан, немесе жылқы құлан - деп атағанымыз ләзім. Керқұлан ертеден Шыңжаң мен Моңғолия далаларында жайлағаны, тіпті Қазақстанның шығысындағы Зайсан ойпатында ХІХ ғасырдың ортасына дейін болғаны деректерде кездеседі. Н. М. Пржевальскийдің жолбасшысы Мырзаш батыр керқұланның қазысын шикідей жегені туралы әлі күнге дейін жерлестері тамсана айтады (LXІІ) Информаторлардың айтуынша Моңғолия қазақтары ХХ ғасырдың 60 - шы жылдарына дейін керқұлан аулаған. (CXIII)

Қазысын сап - сарығып жайып қойып,

Терісін арқан тілдім керқұланның [188. 109б. ]

«Керқұланның айғыры жарап күйікті келгенде үй жылқының үйіріне шауып айғырын шайнап өлтіріп, үйірді алдына сап айдап алып кетеді. Жылқымды керқұланның айғыры алып кетті-деп іздеу салғандарды көрдік деп бұрын ақсақалдар айтып отырушы»-дейді Шыңжаң қазақтары. []

Мәлімет берушілердің көрсетуінше бұрын қазақтар жылқысының тұқымы азып бара жатқанда керқұланның айғырына шаптырып қанын жаңартады екен. Бірлі - жарым жоғалып табыннан бөлініп қалған биелерге керқұланның айғыры шауып орауыз құлан жалды құлындар туғаны жайында әңгімелер кездеседі. ХІХ ғасырдың ортасында Олаш деген кісінің 500 - 600 жылқысынан екі құлын туыпты, тійіспей түзге қоя беріпті. (CV)

Керқұланның «Бітімі: тұрқы 2м, биіктігі: 1. 3 - 1. 5м, (132 - 142 м А. Т. ) мойны қысқа әрі жуан, жалы тік, қысқа, сұйық әрі қайратты келеді. Басы үлкен, кеңсірігі жалпақ, танауы, астыңғы ерні мен иегінде сояуша сезгі түктер өседі. Құлағы қысқа, қалың, ұшында жарты ай тәрізді ойығы болады. Денесі жалпақ, жоталы, бес белдемелі, кеуделі, қарынсау, сымпыс құйрық, жүні ірі қалың, жазда орауыз ақтанкер, қыста орауыз қаракер болып көрінеді. Жалынан құйрық түбіне дейін созыла түскен қара түсті құндыздығы болады. Бауыр, қолтық, шап, шат, құлақ іші жүндері ақшулан болады. Жауырын, иық, мойын бөлімдерінде қарақоңыр жолақты, гүл бедерлі қалы кездеседі. Шашасы қысқа, тұяғы тікше шаралы келеді. Құйрығы, шашалары, тізе, тірсек жүндері қара болады. Алдыңғы, артқы аяқтарында қосалқы безілдегі бар. Жабайы жылқы денесіндегі мұндай ерекшеліктер оның қағыр жайылыммен, сұркай ауа райы шарттарына сай қалыптасқан. Жоғарыда атап өткен денені қақ бөлетін құндыздығы, қалысы, тағы басқа нысаналы белгілері қазіргі қол жылқылардада жиі кездеседі. Мұны жылқы атасы - керқұланның ұрпағына қалдырған тұқым қуалау қасиеті деп айтуға болады. Тіршілік дағдысы - Азия жабайы жылқысы құмды - шөлді далалы жайылымдарда мекендейді. 5 тен, 20 дан бірігіп бір шағын үйір құрап жүреді. Қыста бір талай шағын үйірлер бірігіп жер қайысқан табынға айналады». [170]

Кәзіргі уақытта ХХ ғасырдың басында Шыңжаңнан алып кеткен керқұланның тұқымдары Пржевальский жылқысы деген атпен дүниежүзінің көптеген қорықтарында өсіп - өнуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары
Башқұр жылқы тұқымы
Қазақы жылқы тұқымдары
Жылқы туралы
Қазақ әдеби тілінің тарихындағы ат сынының тілдік көріністері
Міністі жылқы тұқымы
Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz