Халық шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары


Халық шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары,
өнімділігі, сорттары.
Зығыр үш мақсатта, яғни тек талшық (талшықты зығыр), тек дән (майлы зығыр), бір мезгілде талшық және дән алу үшін өсіріледі.
Талшықты зығыр егісі негізінен Ресейде шоғырланған. Ол тоқыма өнеркәсібі үшін бағалы шикізат, өйткені оның сабағында 20-28 процент талшық, ал дәнінде 33-37 процент май болады.
Зығыр талшығынан жасалған маталар мен бұйымдар (орамал, дастархан және басқа) әрі сәнді, әрі берік болады. Зығырдан жасалған қаптар өте мықты келеді.
Зығыр майы тамақ өнеркәсібінде, медицина косметика саласында кеңінен қолданылады.
Лак, баспахана бояуларын жасауда зығыр майы ең бағалы деп есептеледі. Зығыр күнжарасының құрамында 30-36 процент белок және 32 процентке дейін азотсыз заттар болады, сондықтан ол малға құнды концентратты жем.
Қазақстанда тек майлы зығыр өсіріледі. Оның егіс көлемі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында шоғырланған. Аталған облыстарда 1990 жылы 21, 0 мың гектар майлы зығыр себіліп, оның әр гектарынан алынған орташа өнім 4, 6 центнер, ал жалпы түсімі 9, 63 мың тонна болды.
Қазақстанда 1991 жылы зығырдың Воронежский-1308, Исилькульский, Карабалыкский-7 және Сибиряк сорттары аудандастырылып себілді.
Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар.
Зығырдың тұқымы топырақ +3-4 0 С қызғанда вне бастайды, ал температемпература +10-12 0 С жеткенде тез және біркелкі көктеп шығады.
Көктеп шыққаннан піскенге дейінгі орташа тәуліктік температураның жиынтығы 1600-1800 0 С-қа тең.
Зығыр - ылғал сүйгіш өсімдік. Ол өсуі үшін топырақтың ылғалдылығы оның толық танаптық су сыйымдылығының 70 процентіне тең болу керек.
Суды ең коп қажет ететін мезгілі - бүрлену кезеңі. Зығыр үшін ең қолайлысы қара және қызыл-қоңыр топырақтар. Сортақ топырақта зығыр өспейді.
Өсірудің интенсивтік технологиясы және жинау.
Алғы дақыл . Тамыр жүйесі нашар және алғашқы кезде өсімдік баяу өсетіндіктен ауыспалы егістікте зығырды жақсы алғы даңылдардан кейін орналастырғанда ғана одан тәуір өнім алуға болады.
Зығырдың жақсы алғы дақылдары жүгері, пардан кейінгі бірінші жаздық бидай, дәнді бұршақты дақылдар болып саналады.
Саңырауқұлақ ауруларынан сақтандыру үшін зығырды бұрынғы орнына 5-6 жылдан бұрын қайталап себуге болмайды.
Тыңайту және топырақ өңдеу.
Танапты тыңайту арқылы зығырдың өнімділігін арттыруға болады. Фосфор және калий минералдық тыңайтқыштарын күзде жерді негізгі өңдеген кезде, ал азот минералдың тыңайтқышын көктемгі егін себу алдындағы топырақ өңдеу кезінде топыраққа сіңірген дұрыс. Фосфордың ең тиімді мөлшері әсерлі заттар есебімен алғанда әр гектарға 60 кг, калий мен азоттыкі - 45 килограмнан.
Тұқым себумен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 10кг түйіршікті суперфосфат берсе, жақсы нәтиже жетуге болады. Зығыр себуге арналған танаптың топырағын негізгі өңдеу басқа дақылдар үшін топырақты өңдеуден айырмашылығы жоқ. Күзде жерді сүдігерге түренді плугтармен 20-22 см тереңдікте жыртады, ал жел эрозиясына ұшырайтын топырақтарды жазық табан сыдыра жыртқыштармен өңдейді.
Көктемде жер дегдісімен танапта тырмалармен ылғал жабу басталады, ал арам шөптер көктеп шыққаннан кейін топырақ культивацияланады.
Зығырды себустандартының II класынан кем емес аудандастырылған жоғары сапалы тұқыммен себу керек.
Себу мерзімі топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі +10-12 0 С қызғанда, яғни мамыр айының екінші-үшінші онкүндігінің аралығы болады.
Себу мөлшері жер жағдайына байланысты әр гектарға 40-50 кг-нан (Қостанай облысы) 75-90 кг-ға дейін (Ақмола облысы) өзгеріп отырады.
Тұқымды кәдімгі яғай қатарлы әдіспен ауыр топырақтарда 3-4 см, ал жеңіл топырақтарда 5-7 см тереңдікке себеді.
Егістікті күтіп-баптау жұмысы арам шөптерді жою үшін гербицидтер қолданудан басталады. Егер егістікте көп жылдық қос жарнақты арам шөптер (дала қалуені, қызғылт қалуен, дала шырмауығы) басым болса, онда зығыр өсімдігінің биіктігі 12-14 см-ге жеткенде («елочка» кезеңі) әр гектарға әсерлі заттар есебімен 0, 7-0, 8 кг, 2, 4-Д натрий тұзын, немесе 0, 5-0, 6 амин тұзын қолданады. Гербицид ұшақпен шашылса бір гектарға жұмсалатын судың мөлшері 250-30 литр болуы керек.
Майлық зығырды оның өсімдік қауашығының 50 проценті піскен кезде 10-15 см биіктікке астық комбайндарымен бөлектеп орады.
Дестені жинап, бастыру болектеп орғаннан соң 7-10 күннен кейін, яғни дәннің ылғалдығы 13 процентке жеткенде жүргізіледі.
Талшықтың үзілу ұзындығы - оңың метрлік номерін мықтылығына көбейткендегі метр есебімен алынған көрсеткіш.
Талшықтың пісуі - оның ішкі қуысының азайып, целлюлозамен толыққан кезі.
Осы көрсетілген технологиялың сапаларына қарай талшықтан тоқылатын маталардың түрлерін анықтайды.
Сыртқы ортаның факторларына қойылатына талаптар.
Мақта - жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы топырақ + 10-12 0 С жылынғанда өне бастайды. Бірақ бұл температура оның көктеп шығуы үшін жеткіліксіз.
Өніктері біркелкі бітік болып шығуы үшін тұқым сіңірілген тереңдіктегі температура +14-16 0 С шамасында болуы керек.
Мақтаның өсу бойы кезеңінде дамуына қолайлы температура - + 25-30 0 С
Ауаның температурасы +25 0 С-тан кем немесе + 36-37 0 С-тан артық болса, өсімдіктің дамуы баяулайды, ал температура 0 0 С-тан төмен түссе, мақта үшін өте қауіпті.
Өсу жағдайына, түріне, сортына байланысты мақтаның толық пісіп-жетілуі үшін +2800-3600 0 С активті температура қажет.
Маңтаның транспирациялық коэффициенті П. И. Подгорныйдың деректері бойынша 351-451-ге, ал А. М. Соловьевтің мәліметіне қарағанда 500-600-ге тең. Мақта тек суармалы жерлерде ғана жоғары өнім береді.
Судың ең көп қажет ететін мезгілі гүлдену-жеміс құру кезеңі. Мақта қара, қызыл-қоңыр және сұр топырақтарда жақсы өніп-өседі. Оған қышқыл және батпақты топырақтар қолайсыз.
Өсірудің интенсивтік технологиясы және жинау.
Алғы дақыл. Мақтаның ең жақсы алғы дақылы жоңышқа қыртысы мен оның аударылған құйқасы. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады. Осының арқасында топырақ құрылымы жақсарып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Сонымен қатар жоңышқа топырақты екінші рет тұзданудан сақтайды және мақтаның негізгі ауруы солдырманы (вилт) азайтады.
Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отырғызуға тура келеді. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың тәжірибесі органикалық және толық минералдық тыңайтқыштарды қолданса ауыспалы егісте мақтаның меншікті салмағын 70-75 процентке жеткізіп, бір танапта қатарынан 5-6 жыл сепкенде, оның өнімділігі төмендемейтіндігін дәлелдеді.
Тыңайту . Мақта егісіне минералдық тыңайтқыш енгізудің мөлшері жоспарланған өнімге, топарықтағы қоректік заттардың қорына, қолданылатын агротехникаға байланысты.
Шитті мақтаның 1 тоннасы топырақтан 40-50 кг азот, 15-20 кг фосфор және 60кг калий сіңіреді. Осы алынған элементтердің орны топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы толтырылады.
Мақта өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде қоректік заттарды аз мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, көктеп шыққаннан кейін бүрлену кезеңіне дейін барлық пайдаланылатын азот пен фосфордың 3-4 процентін, ал калийдің небәрі 2-3 процентін сіңіреді.
Аталған қоректік заттарды ең көп мөлшерде пайдаланатын кезең, гүлденуден жапай піскенге дейін. Осы уақыт ішінде азоттың 65-70 процентін, ал калий мен фосфордың 75-80 процентін пайдаланады.
Мақтаны интенсивтік технологиямен өсіргенде, осы көрсеткіштерге сүйене отырып, берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен мезгілін белгілеу керек.
Берілетін барлық азот тыңайтқыштарының 25 процентін егін себер алдында, ал қалған 75 процентін тұқым себу кезінде және үстеме қоректендіру арқылы берген дұрыс.
Негізінен оған фосфор тыңайтқыштарының 75 процентін күзде сүдігер жырту алдында, 25 процентін үстеп қоректендіру кезінде береді. Алайда, Мақтаарал тәжірибе станциясында мақтаның жақсы дамуына және фосфор тыңайтқыштарының ең жоғарғы тиімділігіне жыртылған жерге 20-30 см тереңдікте фосфор тыңайтқышының жылдық мөлшерінің 60 процентін, ал егу алдында 10-12 см тереңдікке оның 40 процентін енгізгенде қол жетті.
Егін себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі заттар есебімен 15-20 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ауыспалы егіске фосфор енгізудің мөлшері бірінші және екінші жылы әр гектарға 140-150 кг, үшінші жылы 130-140 кг, ал одан кейінгі жылдарда 120-130 килограмнан болу керек.
Азоттың фосфорға қатынасы жоңышқа қыртысы және оның аударылған құйқасы бойынша 1:1, 5, үшінші жылы 1:0, 8, ал кейінгі жылдары 1:0, 6-0, 7 болуы керек.
Алайда әрбір танапта фосфор енгізудің мөлшерін анықтағанда агротехникалық картограммалардың көрсеткіштеріне қарай өзгертулер енгізген жөн.
Мақта егісі өсу кезеңінде екі-үш рет үстеп қоректендіріледі.
Екі рет үстеп қоректендірілген жағдайда тыңайтқышты шанақтану мен гүлденудің басында, ал үш рет қоректендіргенде -2-4 нағыз жапырақ шыққанда, шанақтану кезеңінде және гүлденудің басында енгізу керек.
Үстеме қоректендіру ретінде берілетін тыңайтқыштарды мақта өсімдігінің жақсы сіңіру үшін оларды тамырларға жақынырақ орналастыру керек. Бұл арақашықтық тамыр жүйесінің өсуіне қарай алыстай түседі. Мысалы, 2-4 жапырақша пайда болған кезде минералдық тыңайтқыштар қатардан 12-15 см қашықтықта және мүмкіндігінше тереңдеу, ал шанақтану кезінде қатардан 15-18 см қашықтықта 14-16 см тереңдікке енгізіледі.
Үстеп қоректендіруді шілденің ортасына дейін аяқтау керек.
Минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі - оларды органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көңмен бірге енгізу. Көңді ауыспалы егісте жоңышқаны жыртқаннан кейін төртінші немесе бесінші жылы енгізген жөн. Оның мөлшері гектарына 20-40 тонна.
Топырақ өңдеу . Маңтадан жоғары және тұрақты өнім алудың маңызды шарттарының бірі - топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін қолдану болып табылады. Ол күзде және көктемдегі егіс себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Күзде топырақты негізгі өңдеу тәсілі мақтаның алғы дақылдарына байланысты.
Алғы дақыл жоңышқа қыртысы болған жағдайда жерді сыдыра жырту жоңышқалықтың көктеп кетуін тежейді.
Жер ПЯ-3-35 плугтарымен жыртылатын болса ғана оны сыдыра жыртқыштармен өңдеген дұрыс. Өйткені аталған плугтар жоңышқаның 30 проценттей кесілмеген түсімін қалдырып отырады. Олар көктемде өсіп кетеді де, топырақты өңдеуді қиындатады. Сыдыра өңдеу мен жыртудың арасы 10-15 күн болғаны дұрыс, себебі бұл уақытта жоңышқа қалдықтары қурап кетеді.
Алғы дақыл мақта болса, онда солдырма ауруына қарсы күресу үшін танап қоза-паялардан босатылуы керек. Қоза-пая топыраққа көміледі.
Мақтаарал тәжірибе станциясының деректері мақтаның алғы дақылы мақта, яғни бұрыннан жыртылып жүрген, арам шөптен таза жер болса, оны 30-35 см тереңдікте, ал ажырық сияқты зиянды арам шөптер басым болған жағдайда 35-40 см тереңдікте жыртқанда мол өнім алынатындығын көрсетті.
Оңтүстік Қазақстан облыстың ауыл шаруашылық станциясы да осындай қорытындыға келді. Осы станцияның мәліметтері бойынша 20 см тереңдікте жыртылған сүдігерде шитті мақта түсімі әр гектардан 23, 0 центнер, ал 30 см тереңдікте жыртылғанда -26, 8 центнер болған.
Егер жыртылатын қабаттың қуаты жеткіліксіз болса, оны қажетті тереңдікке бірте-бірте жеткізу керек.
Жерді ярустық жыртудың артықшылығы мол, өйткені ол топырақтың құнарлылығын арттырады, ластануын тежейді, соның нәтижесінде мақта өнімі артады.
Сүдігер жыртудың тиімді болуы көктемде егін себер алдында топырақ өңдеу жүйесіне тығыз байланысты. Топырақ тұқым себуге дейін жақсы өңделсе, өскіндер тез өсіп шығады, топырақта ылғал жақсы сақталады, арам шөптер азаяды, мақтаның аурулары мен зиянкестері кемиді.
Ерте көктемде топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Егер топырақты тырмалауды 10 күнге кешіктірсе, әр гектардан 200-300 текше метр ылғал жоғалады.
Сондықтан топырақ дегдісімен оны екі ізбен тырмалау керек.
Ылғал жабудан кейінгі ең бірінші жұмыс егістікті, бөлгіш бороздаларды, топырақ жолдарын тегістеу болып табылады. Топырақ жалдары мен бөлгіш бороздаларды ПР-5 тегістегіш-түзеткіш және ұзын базалы тегістегіштердің көмегімен екі рет тегістейді.
Тұқымды себуге әзірлеу және себу.
Шитті мақтаның сапасын және өнімділігін арттыруда тұқымды егіске әзірлеудің маңызы ерекше зор.
Гаммоз жұқпалы ауруын жою және тұқымдарды сусымалы ету үшін мақта заводтары мен дайындау пункттеріндегі арнаулы цехтарда тұқым аршығыш машиналармен тұқымның түбіт-түгін механикалық ажырату, бір орталықтан дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, шаруашылықтар тұқымды заводтардан себуге әзір күйінде алады. Себу алдында тұқым тек ылғалдандырылады. Бір тонна тұқымға 900 литр су жұмсап, полиэтилен пленкасының астында 12-20 сағат ұсталады. Ылғалдандыру көрсетілген мөлшермен үш рет жүргізіледі.
Мақта жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан оны топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі 12-14 0 С қызғанда себеді. Тым ерте немесе ерте себілген тұқым температураның төмен болуына байланысты топырақта 20-25 күннен астам уақыт өнбей жатып қалып шіри бастайды. Ал көктеп шыққан өніктер өте сирек және әлсіз, ауруға шалдыққыш келеді.
Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып және облыс аудандарындағы табиғи аймақтардың топырақ климат жағдайларын ескеріп мақта себудің мына қолайлы мерзімдері ұсынылады: ауа райы жақсы оңтүстік аймақ үшін - сәуірдің 10-нан 20-на дейін, солтүстік аймақ үшін - сәуірдің 15-нен 25-не дейін.
Себу тәсілдері . Мақтаны қатар аралығы 60 және 90 см жиі ұялы, не пунктирлі әдіспен себеді. Қазіргі кезде мақта өсіруді комплексті механикаландыру, қол еңбегімен қаржыны аз жұмсау үшін қатар аралығын кең - 90 см етіп себеді.
Пунктирлі әдіспен қатар арылығы 90 см етіліп себілген өсімдіктер 90 × 20-2 схемалары бойынша орналасады.
Ұялы әдіспен қатар аралығы 60 см етіліп себілгенде өсімдіктер 60×25 - 2-3 схемалары бойынша орналасады.
Тұқым себу мөлшері мен тереңдігі
Себу схемасына байланысты әр гектарға 40-тан 100 кг-ға дейін тұқым себіледі. Орта талшықты мақталар үшін бір гектардағы өсімдік жиілігі 100-120 мың, ал жіңішке талшықты мақтаныкі - 120-130 мың дана болуы керек. Интенсивтік технологиямен өсіргенде мақтаны төрт қатарлы СХУ-4 және сегіз қатарлы СХС-8 сеялкаларымен 4-5 см тереңдікке себеді.
Егістікті күтіп-баптау
Себуден кейінгі топырақ өңдеу жүйесін себуге дейінгі өңдеу жүйесімен ұштастырып жүргізу керек.
Әдетте, мақта себу кезінде жауын-шашын жиі түседі, яғни топырақ бетінде қабыршақ пайда болады. Бұл мақта тұқымының жер бетіне көктеп шығуына кедергі жасайды. Сондықтан мақта әлі көктеп шыға қоймаған кезде егістікті себу бағытына кесе-көлденең «зиг-заг» тырмаларымен тырмалап, қабыршақты жояды.
Ал өсімдік әр жерден қылтиып көріне бастаған кезде қабыршақты ротациялық шабықтауышпен бұзады.
Өскіндер толық өсіп шыққаннан бастап екі нағыз жапырақ пайда болғанша мақталықты сиретеді. Осыдан кейін өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу басталады. Оның басты мақсаты - арам шөптерге қарсы күресу және топырақтың беткі қабатын қопсыту.
Қатар аралықты бірінші рет қопсыту мақта өсімдігі көктеп шыққан бойда КХУ-4 өсімдік қоректендіргіш культиваторымен жүргізіледі.
Қатар арылығы 90 см егістіктегі топырақты өңдеу үшін аталған культиваторға ені 165 мм, екі пар кескіш және ені 120-150 мм бір жебе тәрізді табан орнатады.
Қатар аралықты бірінші культивациялау кезінде шеткі есімдікке жақын бірінші пар кескіштерді 6-8 см, екінші пар кескіштерді 8-10 см тереңдікке қояды. Ал жебе тәрізді табандар 10-12 см тереңдікке қойылады. Қатар аралығы 60 см мақта егісіндегі топырақты өңдеу үшін культиваторга бір пар кескіш жебе тәрізді табан орнатылады.
Екінші культивациялаудан бастап кескіштерді қопсытқыш табандар-наральниктермен ауыстырады.
Кең қатарлы әдіспен себілген егістіктегі қатар аралықты өңдеу үшін культиваторға үш пар қопсытқыш табан, бір кіші және бір үлкен терең қопсытқыш жебе тәрізді табан орнатады.
Қопсытқыш табанның бірінші жұбын 6-8 см, екіншісін - 10-12 см тереңдікке қояды. Қатар аралықтың ортасын өңдеу үшін кіші жебе тәрізді табан 10-12 см, ал үлкені - 12-14 см тереңдікке қойылады.
Келесі қатар аралықтарды қопсыту әрбір суарғаннан 1-2 күннея кейін топырақ дегдігесін жүргізіледі.
Мақта гүлдеген кейде қорғау аймағының енін 14-16 см қылып, қатар аралықтың ортасын кіші жебе тәрізді табанмен 12-14 см, ал үлкен жебе тәрізді табанмен 14-26 см тереңдікте қопсытады.
Қатар аралықтардың топырағын қопсыту қатарлардағы өсімдіктердің түйіскен шағына дейін жүргізіледі.
Мақта егісін суару.
Мақта егісіне берілетін су мөлшерін топырақтың сортаңдану, ыза суының тереңдігі мен минералдану дәрежесін ескере отырып белгілеу керек.
Мақтаарал тәжірибе станциясының зерттеулеріне қарағанда, ыза суының деңгейі жер бетінен 1 м тереңдікте жатқанда мақта егісінің жылдық пайдаланған, су мөлшерінің қосындысы 11700 текше метр болып, оның ішінде 9140 текше метр ыза суын пайдаланщгн: Бұл жалпы пайдаланылған судың 78 проценті.
Ыза суы 3 метр тереңдікте жатқанда бұл көрсеткіштер осыған сәйкес 4780 текше метр және 5, 6 процент болған. Осы келтірілген деректерден ыза суы неғұрлым жер бетіне жақын жатса, соғұрлым қолдан берілетін су мөлшері аз болатынын көрсетеді.
Егер топырақта тұз мөлшері шамалы болса, онда жырту алдында әр гектарға 2000-2200 текше метр, ал тұзы көп жерлерге 3000-3500 текше метр, яғни 1, 5 есе су көп береді. Жырту алдында танапты осылайша 2-3 рет суарады.
Мақта егістігі үшін ең қолайлы ылғалдылық жалпы топырақтың ылғал сиымдылығының 70 проценті болып есептеледі. Мақта пісуі кезеңінде бұл көрсеткішті 60 процентке дейін төмендету керек.
Мақтаны суландыру мөлшері оның даму кезеңіне байланысты. Мысалы, бүрлену кезеңінде суландыру мөлшері әр гектарға 500-700 текше метр, гүлдеу-жеміс құрау кезеңінде - 800-1000, ал пісу мезгілінде - 500-600 текше метр болып есептеледі. Өсу кезеңіндегі барлық жұмсалатын су мөлшері суару санына және мөлшеріне байланысты. Мақтаны негізінен оның екі-үш жапырағы пайда болғаннан бастап гүлдегенше 2-3 рет, гүлдену кезеңінде 3-4 рет, ал пісе бастағанда -1-3 рет суарады. Өсу бойы кезеңінде мақтаның әр гектарына 5700-7500 текше метр су жұмсалады.
Мақта егісін негізінен жүйектік әдіспен суарады. Суару жүйегінің ұзындығы жер бедеріне, топырақтың су өткізгіштік қабілетіне және өсімдіктердің қатар аралықтарының кеңдігіне байланысты.
Мақта кең қатарлы әдіспен, яғни өсімдіктердің қатар аралығы 90 см етіліп себілгенде, топырақтың су өткізгіштігі нашар, жердің еңістігі үлкен болса, жүйектің ұзындығы 350-400 м, еңістігі өте аз болғанда -200-250 метр, ал топырақтың су өткізгіштігі жоғары жағдайда бұл көрсеткіштер осыған сай 250-300 және 120-150 метр шамасында болуы керек.
Топырақ ылғалдылығының тапшылығын ескеретін аз суару мөлшері тек ДДА-100М жаңбырлатқыш агрегаттарының көмегімен жүзеге асырылады.
Әр түрлі топырақтық-климаттық жағдайларда жүргізілген зерттеу жұмыстары жаңбырлата суару әдісі тек минералдануы шамалы немесе тұщы ыза судың деңгейі жақын орналасқанда ғана тиімді екенін көрсетті.
Егінді күтіп-баптаудағы басты агротехникалық шаралардың бірі - арам шөптерге қарсы гербицид қолдану.
Бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арам шөптерді жою үшін әр гектарға 1, 6-3, 5 кг 80 проценттік которан гербицидін СХС-8 сеялкасына икемделген ПВГ-8 құралымен шашады.
Танапты тырмалау кезінде бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арам шөптерге қарсы әр гектарға 3, 3-8, 3 литр 30 проценттік которан топыраққа енгізіледі.
Көп жылдық құмай, ажырық, жатаған бидайық сияқты арам шөптерді құрту үшін сүдігер жыртқаннан кейін әр гектарға 40-55 кг 80 проценттік далопонды бүркіп, тырмалар арқылы топыраққа сіңіреді.
Өсімдік бойындағы қоректік заттарды реттеуге, пісуінің тездеуіне және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шаралардың бірі-шырпу.
Дер кезінде және дұрыс шырпылған жағдайда мақта көсегінің салмағы артады, олардың пісіп-жетілуі тездейді және алынатын өнім көбейеді.
Шырпу өсімдіктердің көпшілігінде 10-15 өнім беретін бұтақ пайда болған кезде КРХ-5, 4 қопсытқышына ЧХВ-5, 4 шырпуышын тіркеу арқылы жүргізіледі.
Шырпудың нақты мерзімдері өсімдік дамуының жағдайына байланысты белгіленеді.
Мақтаны жинау. Мақтаның бір ерекшелігі - оның көсектері бір мезгілде пісіп-жетілмейді. Көсектердің ашылуына байланысты мақтаны бірнеше рет жинауға тура келеді.
Қазіргі кезде өсірілген өнімнің басым көпшілігі машиналармен жиналады.
Мақта жинайтын машиналарды тиімді пайдалану үшін өсімдіктердің жапырақтарын химиялық препараттар қолдану арқылы жояды. Бұл агротехникалық шараны дефолиация дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz