Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4 бет

І тарау. Қиын балалар және олардың проблемалары

1.1 Қиын балалардың туындау жолдары.
1.2 Қиын балалардың мінез.құлқын түзетудің психологиялық мәселелері.
1.3 Қиын балаларды тәрбиелеу және бақылау.

ІІ тарау. Қиын балаларға көмек.

2.1 Балалардың психикалық ауруларының жиілігі.
2.2 Уайым.қайғының үлкен сергелдеңі.
2.3 Диагностика және әдістемелік мәселелер.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша.
КІРІСПЕ

Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің калыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Қиын балалар - бұлар окуға,еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
" Қиын бала" дегеніміз кім ? Бұл сұраққа жауап беру оңай. Бұл кім-кімді де ойландырар күрделі мәселе. Енді осы қиын балалармен кімдердің жұмыс істеуі керек ?
Мен әріптестерімді сөзге тартқанымда: "анау сыныптағы ана бала әбден шаршатты" деп реніш білдіреді, бұл раста шығар. Бірақ осы "қиын бала" қайдан шығады? Бала іштен сондай болып тумайды ғой. Бәрі де тәрбиеге байланысты. Адамтану ғылымының күре тамыры - тәрбиеден кішкентай ғана қателік кетсе, еңбегіңнің еш кеткені. Шынын айтқанда, ондай қателіктер кімнен болсын кетіп жатады. Бір қолдағы бес саусақтың әр түрлілігіндей, мұғалімдер де бірдей емес. Бірі қатал, бірі жұмсақ дегендей. Алайда, көбінесе, "қиын оқушы" дегенде тек ұл балаларды ғана сөз етіп, сыңар-жақтылық танытып жүгенімізді жасырмаған жөн. Қыз бала қаға берісте назардан тыс қалып, олардың ертеңіне көрінеу көзге қиянаттық жасап жүргенімізді несіне жасырмақпыз ? Түптің-түбінде шариғат заңы бойынша ұзатылған қыздың тәрбиесіне тек кыздар кеңесі жауапты деу мүлдем түсінбеушілік. Күні ертең "қыз күнінде қыздың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығатынын" ескермеуіміз-ау, әріптестер ?
Сөз жоқ, "қиын бала" тәрбиесі ата-анаға да, мұғалімге де ортақ. "Менікі, сенікі" деп бөлу әбестік. Қиын баламен жұмыс істеуде қиын. Амал қанша, бәріне де шыдамдылық қажет, білімділік пен біліктілік керек, олармен жұмыс жүргізгенде, ең алдымен, олардың жағымсыз мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін тізбектеп қана қоймай, жақсы, жағымды істерін де ескертіп, марапаттаудың тәрбиелік мәні бар.
Мұғалім баланың өз күшіне сенімін күшейтіп, оның ақыл-ой еңбегінде аз да болса, алға басқандық байқалатын мезгілді шыдамдылықпен күтуі тиіс. Бұл - алға басқандық, мұғалім еңбегі жемісінің біліне бастауы. Әйтсе де, бұдан былай бәрі де өз орнына келе калады деуден аулақ болған абзал. Мұндай алғашқы болымсыз жетістіктің өзі де балаға қуаныш әкеледі, бала өз ісінің сәтті болғанына қуанады. Бұл жетістігінен ол өзіне жаңа күш жинап, бұдан былай да оны жақсарта беруге тырысады.
Бала тәрбиесінің ортақтастығына байланысты ата-аналар мен мұғалімдер арасында шынайы байланыс керек. Мәселен, көп жағдайда ата-аналар мен мұғалімдер арасында өзара түсінбеушіліктен "қиын бала" тағдыры қиындай түседі. Бір нәрсеге көңілім толар емес. Ол отыз жыл бойы «е, не қылар дейсің, ертең өскесін өзі-ақ қояды» деп баланы басынан сипау, онсыз да оңбай тұрғанды ойсырату болмақ. Сондықтан ата-аналарға да, мұғалімдерге де ұстамдылық танытып, бала тәрбиесіне атүсті қарамай, мідетімізді қайсарлықпен атқарайық дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Серкебаев Қ. "Қиын балаларға көмек." «Ұлағат» журналы, 1998-2006/1 аралығы.
2. Петровский А. В. "Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы" Алматы, Білім, 1987.
3. Крупская Н. К. "Воспитать общественника коллектива" пед. соч. 3-том. Москва 1959.
4. Әділова К. "Қиын оқушыны тәрбиелеу қиын ба ? Бастауыш мектеп, 2002/5.
5. Сухомлинский В.А. Рождение гражданина. "Молодая гвардия",
Москва, 1971.
6. Қожахметова К. "Қиын балалар жайлы түсінік" «Ұлағат» журналы, 2001/1.
7. Сухомлинский В.А. Как воспитывать настоящего человека.Москва, 1975.
8. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. "Педагогика" Астана, 1998.
9. Марьенко И.С. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу. " Мектеп", Алматы, 1987.
10. Вестник журналы "Қайнар" психология, социология сериясы. 2005 ж.
11. Сухомлинский В.А. Трудные судьбы. Изд-во "Знание", Москва, 1967.
12. Жарықбаев К. Из истории развития педагогической мысли. Алматы, 1978.
13. Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы, 1992.
14. Турсынов Б.Ж. Нравственно - духовное просвещение. Алматы, 1995.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық
мәселелері

Жоспар

Кіріспе____________________________ _________________3-4 бет

І тарау. Қиын балалар және олардың проблемалары

1.1 Қиын балалардың туындау жолдары.
1.2 Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық
мәселелері.
1.3 Қиын балаларды тәрбиелеу және бақылау.

ІІ тарау. Қиын балаларға көмек.

2.1 Балалардың психикалық ауруларының жиілігі.
2.2 Уайым-қайғының үлкен сергелдеңі.
2.3 Диагностика және әдістемелік мәселелер.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша.

КІРІСПЕ

Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда
өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар
мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің
калыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Қиын
балалар - бұлар окуға,еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар
дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай
тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі
кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік
сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті,
дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
" Қиын бала" дегеніміз кім ? Бұл сұраққа жауап беру оңай. Бұл кім-
кімді де ойландырар күрделі мәселе. Енді осы қиын балалармен кімдердің
жұмыс істеуі керек ?
Мен әріптестерімді сөзге тартқанымда: "анау сыныптағы ана бала әбден
шаршатты" деп реніш білдіреді, бұл раста шығар. Бірақ осы "қиын бала"
қайдан шығады? Бала іштен сондай болып тумайды ғой. Бәрі де тәрбиеге
байланысты. Адамтану ғылымының күре тамыры - тәрбиеден кішкентай ғана
қателік кетсе, еңбегіңнің еш кеткені. Шынын айтқанда, ондай қателіктер
кімнен болсын кетіп жатады. Бір қолдағы бес саусақтың әр түрлілігіндей,
мұғалімдер де бірдей емес. Бірі қатал, бірі жұмсақ дегендей. Алайда,
көбінесе, "қиын оқушы" дегенде тек ұл балаларды ғана сөз етіп, сыңар-
жақтылық танытып жүгенімізді жасырмаған жөн. Қыз бала қаға берісте назардан
тыс қалып, олардың ертеңіне көрінеу көзге қиянаттық жасап жүргенімізді
несіне жасырмақпыз ? Түптің-түбінде шариғат заңы бойынша ұзатылған қыздың
тәрбиесіне тек кыздар кеңесі жауапты деу мүлдем түсінбеушілік. Күні ертең
"қыз күнінде қыздың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығатынын" ескермеуіміз-
ау, әріптестер ?
Сөз жоқ, "қиын бала" тәрбиесі ата-анаға да, мұғалімге де ортақ.
"Менікі, сенікі" деп бөлу әбестік. Қиын баламен жұмыс істеуде қиын. Амал
қанша, бәріне де шыдамдылық қажет, білімділік пен біліктілік керек, олармен
жұмыс жүргізгенде, ең алдымен, олардың жағымсыз мінез-құлықтары мен іс-
әрекеттерін тізбектеп қана қоймай, жақсы, жағымды істерін де ескертіп,
марапаттаудың тәрбиелік мәні бар.
Мұғалім баланың өз күшіне сенімін күшейтіп, оның ақыл-ой еңбегінде аз
да болса, алға басқандық байқалатын мезгілді шыдамдылықпен күтуі тиіс. Бұл
- алға басқандық, мұғалім еңбегі жемісінің біліне бастауы. Әйтсе де, бұдан
былай бәрі де өз орнына келе калады деуден аулақ болған абзал. Мұндай
алғашқы болымсыз жетістіктің өзі де балаға қуаныш әкеледі, бала өз ісінің
сәтті болғанына қуанады. Бұл жетістігінен ол өзіне жаңа күш жинап, бұдан
былай да оны жақсарта беруге тырысады.
Бала тәрбиесінің ортақтастығына байланысты ата-аналар мен мұғалімдер
арасында шынайы байланыс керек. Мәселен, көп жағдайда ата-аналар мен
мұғалімдер арасында өзара түсінбеушіліктен "қиын бала" тағдыры
қиындай түседі. Бір нәрсеге көңілім толар емес. Ол отыз жыл бойы е, не
қылар дейсің, ертең өскесін өзі-ақ қояды деп баланы басынан сипау, онсыз
да оңбай тұрғанды ойсырату болмақ. Сондықтан ата-аналарға да, мұғалімдерге
де ұстамдылық танытып, бала тәрбиесіне атүсті қарамай, мідетімізді
қайсарлықпен атқарайық дегім келеді.

І тарау. Қиын балалар және олардың проблемалары

Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологикалық
мәселелері

Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты
әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу кабылданған. Ми
патологиясына байланысты болатын балалардың аномал (кемісті) мінез-құлқынан
айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлық әлеуметтік жағынан негізделген,
жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен, отбасындағы дұрыс емес, өзара карым-
қатынастармен, отбасы мен мектеп тәрбиесінің олқылықтарымен, қателіктермен
сабақтас.
Психология ғылымы жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудың
ерекшіліктерін терең зерттеу негізінде әлеуметтік жат мінез-құлықтың құрамы
да, өзіне тән ерекше қасиетінің фактісі де туа біткен механизімдермен
анықталмайтынын нанымды көрсетіп берді. Қиын аталатын балалар-
педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Олардың жеке басының
адамгершілік жағынан өзгеруі педагогикалық қателіктердің салдары (әңгіме
нерв жүйелері қажыған ақыл-ойы жағынан артта қалған балалар туралы емес,
психикалық және дене жағынан сау балалар туралы болып отыр).
Қиын баланың типтік ерекшіліктері жеткіншектік шақта неғұрлым айқын
көрінеді;. бұл кезде баланың әлеуметтік позициясы өзгере отырып, оның іс-
әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге оған деген қатынасты,
оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады. Психологиялық дамудың бұл
кезеңіндегі күрделілік мынада: бірінші жағынан, жеткіншектік шақ балалық
шақтың типтік кезеңі. Екінші жағынан, біз, ересектер өмір талабындағы
тұрған, дербестікке, өзін-өзі бекітуге ересек адамдардың оның правосын,
потенциялдық мүмкіншіліктерін мойындатуға ұмтылған өсу үстіндегі адаммен
істес боламыз. Қиын жеткіншектің жеке басы құрылымның күрделілігі өмірдің
ықпалдарына, карым-қатынастар сипатына байланысты деп Л.С.Выготскийдің өзі
атап көрсеткен болатын.
Қиын деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет
балалардың кең ортасын білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке,
қоңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау
оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің коллективтік формасына енгізе
отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару - еркелік,
кыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.
Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен,
дөрекілігімен ерекшеленеді.Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет,
алдымен олардың тәртіпсіздігінің түп-тамырын анықтау керек. Бұл балалармен
жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес
ұйымдастырулы, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді
көздейді.
Балалардың ерекше " тобын мінез-құлқында еңбекке кұштар ықыласы мен әдеті
жоқ, жалқау балалар құрады. Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш-
жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның бойында еңбекке деген
қажетсінуін ояту, сан алуан іс-әрекеттен куаныш табуды үйрету өте қажет.
Ең теріс касиеті - жалған айту болып табылатын балалар да бар. Мұндай
кемшілікпен күресе отырып қиялдау (мектепке дейінгі кіші шәкірттік
шақтағыларға тән) мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту
жазалаудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін
таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аудару тілегінің де салдары болуы
мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдасының теріс қылығын
жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден, бала
өтірігінің нақты себебін анықтау,екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз
көріністерін, оның қорқақтықпен, екі жүзділікпен өзара байланысын сыпайы
көрсете отырып, шыншылдық сенім, өзара кұрмет және талап қоюшылық
жағдайын туғызу үшін тәрбиешіге көп тер төгу қажет.
Балалардың кейбір бөлігінде, кандай да елеулі қажеттілігінің ұзақ
уақыт орындалмауынан мінез- құлықтың аффективтік формасы дамиды. Оларды не
шадырлық, агрессивтік, құр көкіректік, не көп өкпелеу, тез жәбірлену
сипаттады. Нәтижесінде талаптану деңгейі (негізінде өзін асыра
бағалау немесе керсінше өзіне сенбеушілік туғызатын) мен баланың
коллективтегі нақтлы жағдайы арасында пайда болады. Аффективтік толғаныстар
мен мінез-құлықтың аффективтік формаларының ұзақ уақыт сақталуы балалардың
басқа адамдарға, өзіне іске тиісті қарым-қатынастарының қалыптастыруына
әкеліп соқтырды. Балалардың ішкі тартыстарын шешу және мінез-кұлқындағы
аффективтік формалардың дамуын болдырмау үшін дер кезінде педагогтық
араласуды талап етеді.
Қиын балалармен жұмыс істеу:
1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектеспен карау;
2) оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
3) оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену сияқты
өте биязылықпен жеке-дара қатынасты қажет етеді.
Педагогикалық жағынан алғанда, бетімен жіберілген балалармен –тәртіп
бұзушы жеткіншектермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл
жеткіншектерге көбіне ырықсыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы,
айқын көрінген -әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық емес
кажеттіліктердің болуы, иемденуге бағдарланған қалыптан тыс, тікелей
тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс
түсінікке алып келетін карым-катынастағы қажеттіліктің рухани, танымдық,
эстетикалық кажеттіліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы
жеткіншектерге рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктер
деформацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге
тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткендей, қалыпты
интеллектуалдық мүмкіндіктерді игереді, сондықтан көп салалы
ісәрекеттің берілген жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру
интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға көмектеседі.
Қиын балалардың көпшілігінде теріс қылықтар ересектікке бой ұрудан,
өзінің правосын жете түсінбеуден, ересектердің олардың мойындауына жетуге
ұмтылуының салдары болып табылады.
Жеке адамды адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқтыратын қақтығысты
ситуацияның түп тамыры семья тәрбиесінің кемшіліктерінде жатыр.
Семья тәрбиесіндегі кемшіліктер мектептің бағыттауын, түзеуін,
үйлестіруін қажет ететін тек қана белгілі бір ағымды тудырады .Өкінішке
орай, мектепте мұғалімдер: жүгіруге болмайды, шулауға болмайды және т.б.
Деген сияқты тиым салу педагогикасына жүгінген кезде бұл кемшіліктер күшейе
түседі. Қара дүрсін түсінілген тәртіп балаларды еркін де белсенді іс-әрекет
жүргізу мүмкіндігінен айырады. Тәрбие бұзушы мектеп окушыларының, әдетте,
сыныптағы жолдастарымен, әсіресе екінші жылға қалып қою салдарынан жаңа
коллективке келуіне байланысты, достаса алмаумен педагогтармен де
қақтығысты қарым-қатынастар тереңдей береді. Балаларға тән жолдастық қарым-
қатынасқа, дербестікке, ересек тарапынан сыйластыққа ұмтылысына қарамастан,
қиын балалар-3-4 сыныптарға қарай құрбылар коллективінен тыс қалады.
Сыныпта белгілі орын алуға ұмтыла отырып, бұл балалар дөрекілікке,
күшіне сүйенген жалған беделдікке жүгінеді. Мектептен тыс уақытта өздеріне
ұксас жеткіншектермен байланыс жасай отырып, олар кейбір көшетоптарында
қабылданған мінез - құлықтың қоғамға жат формаларын мектепке әкелуге
тырысады.
Мұндай бірлестікке баланың жағдайы өте ауыр болады да ол жас жағынан
көбінесе ересек және өзінің беделдігімен (әдетте
қорқытуымен) ықпал етіп, балаларды топқа біріктіретінаула
батырларынынықпалына ереді. Бірақ бұл топқа балалар жалған жолдастықтан
туатын қарым-қатынастан қандай да бір қорғанышты сезінеді. Мұның бәрі
өзіндік салада, өзін-өзі көрсетуде, өсіп келе жатқан адамның қарым-
қатынасында табиғи қабілеттерінің аномалды бағыттылығын тудырады.
Қалыпты қарым-қатынастың, яғни, мүмкіншіліктер, мағыналылық, баланың
қоғамға қажеттілігі ұғынылатын қарым-қатынастың шет қалуы оны коллективке,
коғамға оның мүшелерінің қызметіне, алдымен қоғамдық пайдалы іс-әрекетке
карсы қарым-қатынас туғызады. Сондықтан, қиын мектеп оқушысының. жеке
басының қалыпты адамгершілік қасиеттерін, қалыптастыру үшін тәрбие
ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңінің бірі- тиісті жағдай және
сөзсіз талаптылықты сақтай отырып,ересектердің ойластырылған, айқын
көрінген тілектестік қатынасын кұру болып табылады. Бірақ, бастысы
-балалардың өздерінің тек қана көп салалы іс-әрекеттерінде
етек жая алатын, қарым-қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Және де
барлық баларды іс-әрекеттің мақсаттылықпен ұйымдастырылған көп жақты
түрлерінің жүйесіне енгізу аса маңызды орын алады. Оның үстіне қоғамдық
пайдалы іс-әрекетті ұйымдастыруға сүйену керек, сонда ғана балалар мен
ересектердің қарым-қатынастары, балалардың бір- біріне катынастары, еңбекке
көзқарастары неғұрлым жетекші түрге иеленеді. Қиын жеткіншектердің
көпшілігі коллективте дербестік көрсетіп, белгілі орын алатын еңбектің
түріне дұрыс көзбен қарайтындарын зерттеулер көрсетіп берді.
Әр түрлі балаларда берілген көп салалы іс-әрекет жүйесіне енудің
ерекшеліктері түрліше.Олардың жолдастарымен және педагогтарымен карым-
қатынасы өзінше кұрылады, тәрбиеге қарсылығы да өзіне тән
байқалады.Сондықтан да киын мектеп оқушыларын, әсіресе жеткіншектерді
типтерге бөлу маңызды,мұның өзі тәрбие жұмысы тәсілдерін типтерге бөлуді де
белгілеуге мүмкіндік береді. Совет психологиясында қиын балалардың
жеткілікті дәрежеде талдап жасалған бірқатар бағдар беруші жіктеулері бар.
Олардың бірі, мысалы, мінез-құлық типіне, балалардың қоғамдық пайдалы іс-
әрекет жүйесіне ену типіне сәйкес, олардың жеке басының адамгершілік өрісі
туралы мәліметтердің бүкіл комплексін ескере отырып жүргізілген.
Бірінші топқа қоғамдық - жағымсыз, аномалды, моральға жат, қара дүрсін
кажеттіліктердің тұрақты комплексі, ашықтан-ашық қоғамға қарсы көзқарастар
жүйесі, қарым-қатынастардың, баға берудің деформациялануы тән. Бұл топтың
балаларында жолдастық, батылдық туралы теріс түсінік қалыптасқан, ұялау
сезім өте нашар дамыған. Олар арсыз, дөрекі, төбелесқор болып келеді.
Эгоизм басқалардың күйініш-сүйініштеріне селсоқтық, жасалған тәртіп
бұзушылықтарды жете түсінбеушілік, еңбек сүйгіштіктің болмауы,
пайдакүнемдікпен уақыт өткізуге ұмтылыс, керенаулық пен ашкөзділік - бұл
топтың типтік ерекшіліктері, міне осы.
Екінші топты деформацияланған қажеттіліктерді, ұждансыз ұмтылыстары
бар мектеп оқушылары құрайды. Балалар моральға жат қажеттіліктерінің
тұрақты комплексі және қарым-қатынастардың ашықтан-ашық қоғамға қарсы
бағытталғандығы байқалатын жасы кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларға
еліктеуге ұмтылады. Асқынған индивидуализммен, сыйымсыздығымен ерекшелене
отырып, бұл топтың өкілдері артықшылық жағдайға ұмтылып, әлсіздерді,
кішілерді қыспаққа алады. Олар тәртіпті оқтын- оқтын бұзып отырады.
Үшінші топқа деформацияланған және жағымды қажеттіліктердің, қарым-
қатынастардың, мүдделердің, көзқарастардың арасындағы кақтығыс тән. Бұл
топтың балалары өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын
түсінеді. Алайда балалардың бойындағы дұрыс адамгершілік көзқарастар немесе
тап болған жағдайға қарсы тұра білмеу қоғамға қарсы теріс қылықтар туғызып,
моральға жат тәжірибенің жинақталуына алып келеді.

Төртінші топты нашар деформацияланған қажеттіліктері бар оқушылар
кұрайды. Балалар өз күштеріне сенбеуімен, жігерлі жолдастарының алдында
жағынумен сипатталады.
Бесінші топқа тәртіп бұзу жолына кездейсоқ түскен мектеп оқушылары
кіреді. Олар жігерсіз әрі ықпалға берілгіш келеді. Қиын балаларды
осылай типке бөлу тәрбие ықпалы жүйесін тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп
коймай, сонымен бірге, киын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке
дара қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда қиын мектеп
окушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте
маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшіліктерін ескереді, оны
көп салалы коллективтің тарам-тарам жүйесі арқылы іске асырады. Дәл осындай
мақсатқа сәйкес құрылған жүйе балалардың әлеуметтік жат мінез-кұлықтарын
бірте-бірте жойып, қиын мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттерді түзеп
қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық -жігер сапасын
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Қиынбалалардың қоғамдық пайдалы іс-
әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен
тәсілдері калыпты балалармен бірдей.

Балалар және олардың проблемалары

Көптеген зерттеулер мен тексерулердің жинаған мәліметтеріне қарағанда
балалардың көпшілігінде психологиясының шайқалып қиындап кетуі, сондай-ақ
көңіл-күйінің уақытша күйзелуі және мінез-құлқының бұзылуы айтарлықтай жиі
кездесетіні мәлім болды.
Алайда кейбір балалардың дұрыс дамуындағы емделуді керек қылатын,
бірақ дәл психиатрдың өзінде емделудің қажеті болмайтын психикалық
бұзылулардың бұрмаланған процесі байқалуы мүмкін. Емханаға алып келген
баланы карап тексеру кезінде шешілуге тиісті, емдеуге жататын психикалық
бұзылуларды айқындап білу ең басты міндеттердің бірі болып саналады. Әрине,
дәрігерге көрінудің өзі де баланың жағдайы әлдекімді мазалайтынын білдіреді
және бұған ықыласпен карау қажет. Алайда, бұл сияқты күдікті абыржудың
себебі тек психикалық ауру болуы мүмкін деп ойлап қалмау керек. Ата-анасы
дамудың мүлде дұрыс кезеңінде де бола беретін дағдылы көрініске орынсыз
күдіктенуі мүмкін немесе баланың мінез-құлқындағы болар болмас ауытқуын үй
ішінің шытырманды кикілжіңі мол проблемасына байланысты болуы ғажап емес.
Симптомдардың әр түрлі көріністерге, яғни, адамдардың дәрігерге
қаралып тұрған кезде білдіретін шағымдары Каннердің еңбегінде толық
суреттелген. Біріншіден, бұл симптомдар зерттеп білуге тиісті болатын
проблемаға жөн сілтей отырып "кіру билетінің" рөлін атқарады. Екіншіден,
олар баланың жағдайының мәз еместігін ескерту үшін дабыл (сигнал) болуы
мүмкін. Үшіншіден, ол төзуге болмайтын жағдайдың қарсыласу және қорғану
сияқты реакциясының жауабына карай пайда болатын "сыртқа шығару
клапынының" негізінде жұмыс істеуі мүмкін.
Төртінші, олар адамның ішкі жан дүниесінің шиеленіскен проблемаларын
шешетін құрал болып саналады, мысал үшін, мұндай жағдайларда, бала мектепте
болған келеңсіз бір окиғаға байланысты алабұртқан көңіл-күйінің қобалжуын
басуға тырысып, ішінің ауырғаның желеулетіп төсекке жатып қалады. Әрине,
мұны адамның ішкі жан дүниесіндегі шиеленіскен проблемаларды шешіп
жеңілдететін құрал деп атауға болмайды, бірақ симптомның пайда болуына
нендей нәрсенің әсер ететінін біліп алу біз үшін маңызды, сондықтан да ең
алдымен соның мәнін түсінгіміз келеді. Бесінші, бұзылған мінез-құлықтың
симптомдары айналасындағыларға үлкен көңілсіздік туғызады, сондай-ақ мұндай
сотқарлық мінез мектеп мұғалімдерінде абыржытып ашуландырады.
Дәрігер баланы қарап тексерген кезде алғашқы шағымдар мен симптомдар
жөніндегі мәліметтерді, қағида бойынша, оның өзінен емес, ата-анасынан және
мұғалімінен немесе баланың мінез-құлқының өзгеріп бұзылғаннан көріп -біліп
мазасызданып жүрген жақындарынан алады. Ол үшін мынандай сауалдарға нақты
жауаптар іздеу керек : Баланың көңіл-күйінің жағдайына мазасызданып жүрген
кім ? Ол адамды не мазалап жүр ?Оны бұрын емес, неге дәл қазір мазалайды ?
Солай бола тұрса да, емханаға келіп қаралған балалардың көпшілігінің
шынымен психикасы бұзылған, үй ішіндегілердің дәрігер жасаған өтініш
-шағындарына қарағанда баланың мінез-құлқының бұзылуы көбінесе ата-анасының
жағымсыз қылықтарымен немесе үй ішіндегі климаттық жайсыздық
ерекшеліктерімен жиі байланысты болатындығы анықталды.
Балалардың дәрігерге келіп қаралуларына байланысты олардың
себептерінің мәнісін түсінудің қажеттігін дәлелдеу үшін өзіміз өткерген
тәжірбиеден екі мысал келтірейік. Сонымен, бір кезде бізге Смит деген әйел
келді. Ол өзінің төрт жастағы Рашель есімді қызын қарап беруді өтінді.
Анасының қызына жапқан шағымдары көп болды, бірақ айтқандарының бірде-
біреуі біз үшін айтарлықтай маңызды болмай шықты. Шешесінің кәдімгідей
мазасызданып айтқан шағымдары бойынша, Рашельдің шектен тыс желігіп
кететіні, ол- бар болғаны баланың балауса шағындағы өмірге деген
құштарлықтан шаттанатын дағдылы ақжарқын қуанышы болса, ал кей кезде өзінен-
өзі жұлынып бой бермей "долданып " кетуі, ол- бұл жастағы балалардың
барлығының қасиетіне тән өзімшілдік-өктемдік мінездің бастапқы нышанына
мойынұсындырып бағындырудың дағдылы табиғи тәсілі, ал тез арада
ұйықтамаудың "ылаңы" , ол- баланы төсекке тым ерте жатқызудан болады.
Біздің бұл әйелмен әңгімеміздің нәтижесінде оның депрессиялық (сары уайымға
түсіп мұңайуы) ауыр жағдайда екені және онысымен қоса маскүнемдікпен де
айналысатындығы оңай анықталды. Жүйкесінің тозып, ашушаң болып бара
жатқанын және өзінің туған кызына жек көрінішті бола бастағанын, оны іші
сезетінін, бірақ оған жақсы ана болуға жеке басының проблемаларьг
мүмкіндік бермей жүргеніне өте қатты мазасызданып қайғыратыны
байқалады. Рашельді дәрігерге қаратуға мәжбүр еткен де - оның осы ішкі жан
дүниесінің мазасыздануынан болатын.
Екінші бір жағдайда емханаға арнайы жіберілген балалардың біреуін ғана
емес, қатарынан бірнешеуін қарауға тура келеді. Біраз уақыт өткеннен кейін
арнаулы мектептің директоры өзінің оқушы-шәкірттері жөнінде біздің ақыл-
кеңесімізге мұқтаждығын білдірген өтінішін жіберіпті.Әйтсе де бізге
жіберілген ер балалардың барлығының да жүйкелік (нервтік) психикалық
жүйелері айтарлықтай бұзылған, сонда да олардың бізге мұнша көп балалардың
барлығын бірдей бір мезгілде жібергендері түсініксіз болды. Бұл
түсініксіздік мектеп ұжымының арасында жұмыс мәселесІмен өзара
келіспеушілік дамудың орын алғандығы анықталғанға дейін жұмбақ күйінде
қалып келді. Әрине әр бала өзінің тарапынан жәрдемге мұқтаж екендігі
айтпаса да түсінікті, бірақ, сонымен бірге мектепте жанама түрде болса да
өз киындықтарынан шығу үшін бізден ашықтан-ашық жәрдем сұрауға барған.
Жоғарыда айтылған барлық жағдайлардың мазмұны мен оның мәні, "кімнің
ауру" немесе "кімнің кінәлі" екенін анықтап кою ғана емес, шындығын
айтқанда, "проблеманың мәнісі неде екенін" және "оның калай пайда болғанын"
дұрыс түсінудің керектігін көрсетеді.
Тап осындай бағалаудың мәселелерін- біз он жасты екі ер баланы күрделі
популяциялық байқаудан өткізген кезде алынған тексерудің нәтижесін талқылай
отырып қарауымызға болады. Бұған дейін бұл екі баланың ешқайсысында дәрігер-
психиатрға әкелмеген, әйтеседе екеуінің белгілі бір дәрежеде өздеріне
жетерлік психологиялық проблеммалары болды. Дегемен, екі баланың да әр
қайсысының өзіне тән жан дүниесінің азабынан зардап шегетінін, ал біреуінің
тіпті психикалық жүйесінің қатты бұзылғандығы анықталды және оған қайткенде
де емделу кажет деген корытындыға келдік.
Гордон жаңа мектепке ауысқаннан кейін соңғы бір жылдың ішінде иығын
киқаңдататын және тісін кайрап шықырлататын дағдылы әдетке ұқсаған жүйке (
нерв) жүйесінің оқта -текте жұлқып қалатын еріксіз тартылуы пайда болды.
Бұл әдет мектепте оқып жүргенде, әсіресе, сабақ үстінде отырғанда байқалып
жүрді. Бұл әдет Гордон бір нәрсеге күйгелектеніп шала бүлінгенде анығырақ
білінетін де, ал ойы бөлініп ойынға айналысып кеткенде жоғалып кететін.
Бала үй ішінің жағдайымен тағы да басқа бір мектепке ауысқаннан кейін
көп кешікпей-ақ онда енді бұрынғы әдетіне ұқсас, ол да дәл солай
мазасызданғанда ғана анық байқалатын "жүйке жөтелі" деген жаңа әдет пайда
болды.Бұл жаңа әдет те бірнеше айға созылғаннан кейін, бір күні кенеттен
жоқ болып кетті. Сонымен бірге ол үзілістен кейін сабақ үстінде отырған
кезде тырнақтарын тістелей бастайтын тағы да бір әдет шығарды. Бұл қалай
болғанда да үрейленуді немесе қорқуды білмейтін, басқа барлық жағынанда
айтарлықттай денсаулығы мықты бала болды. Оның достары көп болды және үй
ішінің жағдайыда жақсы еді. Ол мектептен тыс уақыттарда футбол ойнағанды
ұнататын және оның жолдастары үйге жиі келіп тұратын. Кейде бауырларымен
бір нәрсеге ерегісіп дауласып, тіпті төбелесіп те қалатын жағдайлары болып
тұрғанымен, тұтастай алғанда, аралығындағы негізгі туысқандық қарым-
қатынастары жаман болған жоқ. Мейірімді және жарқылдаған ақ көңіл Гордон
өзінің тәуелсіздік мінезімен көзге түсерліктей ерекшелігі бар еді және
білек күшін көрсетуді ұнатпайтын. Ол ақылмен ойлай білуді жақсы меңгерген
қабілетті бала болды және мектепте де тәп-тәуір оқыды. Оның әкесі аздап
мазасыздау болғаны болмаса, негізінен көңілі ақжарқын және өзін -өзі ұстай
білетін байсалды адам болды. Әсіресе, өзінің аса ұқыптылықпен көңіл қойып
қарайтын жұмысына қатысты мәселелері оның тынышын алып мазалайтын. Кейде
бұл оны ашуланшақ қылып жіберетін. Гордонның шешесі әкесіне карағанда
жайдары мінезділеу болды.
Сонымен, тұтастай алғанда, Гордонның ақыл ойы дұрыс, дені сау және
тіршілікке жақсы бейімделген бала болып шықты. Баланың жаңа орынға және
айналасын қоршаған ортаға бірте-бірте бойы үйрене бастағаннан кейін көңілі
тынышталып, мазасыздануы бәсеңдеді, ал жүйке жүйесінің тартылуы
бұрынғысынан әлдеқайда аз білінетін болды. Гордонның басқа мектепке
ауысуына байланысты айналасын коршаған жаңа ортаға бейімделу кезеңіндегі
қиындықтарға қарамастан психиатрдың жәрдеміне мұқтаж болатындай оның
психикасының соншалықты бұзыла коймағандығына осындай дәлелді негіздердің
барлығы куә бола алады.
Гордонға қарағанда Тоби психикасының келеңсіздігі жағынан әрқашан да
ауыр бала болды. Ол нәрестелік шағынан күйгелек, ашуланшақ, өкпешіл,
жәбірленгіш, мазасыз, сонымен бірге оның ұйқысы да жайсыз болды және ата-
анасын өзінің таусылмайтын мылжың сұрақтарымен мазаларын алып, ылғи
ашуландыратын. Осының барлығы ата-анасының Тобимен қарым-қатынасына бөгет
болды, сондықтан да болар, олар басқа балаларына қарағанда оған көбірек
ашуланып, жекіп ұрысатын.
Тобидің алғаш мектепке барғандығы жайында сөз болғанда бәрінен де
бұрын оның шешесінен бөлініп кететініне және бөтен адамдармен кездесіп
қалатындығына қауіптенетіндігі ата-анасын қатты алаңдатады. Өзін бұл
қауіптен сейілтіп, көңілін жұбататын, қобалжуын басып тыныштандыратын
қолдау іздегендей ол таусылмайтын мылжың сұрақтарын жаудыра бастайтын. Ол
қараңғыдан қорқатын, сондықтан да түнде шамның жарығымен ұйықтайтын.
Шешесін түнімен ылғи шақырып шығатын. Танымайтын адамдармен кездескенде
(тек осындай жағдайда) ол тұтыға бастайтын, тіпті, бір сөзін де дұрыстап
айта алмайтын. Оның тамақ таңдайтын әдеті бар еді. Алдына қойылған тамақты
қасығымен немқұрайлы түркілеп отырады да , ішіндегі ұнамайтынын қасындағы
әкесінің ыдысына сала бастайтын.
Тоби ешқашанда еш нәрсемен айналысуды білмейтін, күн -ұзақ ерсілі-
қарсылы сенделіп жүрумен уақытын босқа өткізетін және бейбастақ,мазасыз
бала атанды.Оның бірнеше достары болды, бірақ ол олармен кездескен сайын
ұрысып-керісіп айырыласатын және оны місе тұтпай, оларды басқалардан
қызғанатын,оның үстіне төбелес десе оң иығын тосып тұратын сотқар болды
және ол өзінің жалғыздығына жиі шағынатын. Ол сирек күлетін түрі сүмпиіп,
көңіл-күйі жабыңқы, тұнжырап жүретін. Осының барлығынан басқа оған тағы да
микробтардан өлердей қорқатын үрей жабысқан, микробтардан қорқатындығы
соншалықты - ол соңғы екі жылдың ішінде қолын күніне отыз реттен кем
жумайтын. Ол шәугімді қояр алдында да, тәрелкені ұстар алдында да және
біреумен қол беріп амандасар алдында да қолын бірненше рет сабындап жуып
жүретін. Ол жиналып тұрған адамдардың жандарына жақын бармайтын. Егер оған
ондай жерге баруға қысым жасайтындай және зорлайтындай көрінсе, ол бақырып
ойбайлайтын және шыж-быжы шығып бажылдайтын. Әкесінің ауық-ауық басы
айналатын жүйке (нерв) ауруына шындап шалдыққандығы анықталғаннан кейін
онымен араларындағы үздіксіз қақтығыстары, әсіресе, соңғы бес жылдың ішінде
жиілеп кетті.
Тобидің әкесі жалғыздықты қатты сезініп жүрді. Ол бір нүктеге қадалып,
қозғалмай ұзақ отыратын болды. Сонымен бірге оның қараптан-қарап ашу-ызасы
келіп, қалшылдап кететін және қатты қорқудан бойын үрей билейтін шақтары
көп болды. Оның осы жақын арада ұйқысыздық сергелдеңге түскен және дәлелсіз
кызғаншақтық сезімге бой алдырған депрессиялық дерті қатты ұстады. Әйелімен
араларындағы қатынастары бірте-бірте нашарлады, екеуінің бет жыртысқан ұрыс-
керістері дағдылы әдетке айналды.
Тобидің шешесі осыдан екі жыл бұрын жалпы жағдайының жабырқандылығына
және депрессиялық дертіне шағым жасап психиатрға барған болатын. Ол
қараңғыдан және өрмекшіден қатты қорқатын болды.
Ата - анасының Тобиді тәрбиелеудің қиындап кеткендігі жайында айтқан
шағымдарына қарағанда, оны басқа балаларындай ерекше ұнатып жақсы көре
алмаған. Олардың аралығындағы ұрыс - жанжалдың шығуына тек Тоби кінәлі деп
есептеген. Әрине, ата-анасының екеуі де белгілі бір психикалық жүйенің
бұзылуынан зардап шеккендіктен, бәлкім, психологиялық факторларға әсерін
тигізетін көтеріңкі әсерленгіштіктің немесе желікпенің Тобиға да ауысуы
мүмкін. Бұл жерде оның жабыскақ симптоматикасының дамуы шешесінің
невротикалық бұзылуы байқалғаннан кейін ізінше және үй-ішінің кикілжің
жағдайының шиеленіскен кезеңімен және әкесінің мінез-құлқынын нашарлап
өзгеріп кетуімен бір мезгілде тұспа-тұс келгендігі назар аудартады. Баланың
психологиялық проблемаларының пайда болуында генетикалық факторлардың
алатын орны қаншалықты маңызы бар болса, үй іші қарым-қатынасы бұзылуының
алатын орнынын да соншалықты маңызы бар.
Балалардың психикалық ауруларының жиілігі

Психикалық дамудың бұзылуына қойылған диагностиканың мәселесіне келмес
бұрын проблеманың мәнін және мөлшерін көздің алдына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек жастағы жасөспірімдердің агрессивті мінез - құлқын түзету ерекшеліктері
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Психикалық ауру балаларға көмек
12 жылдық білімге көшу жағдайында балаларды психологиялық тестілеу арқылы дамыту мен түзетудің маңызы
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез - құлық мәселелері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ
Аутизмі бар балалар
Аутист балалардың топтары
Пәндер