Отаншылдық мұраты – жасампаздық



Бұл кітап, автордың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында туып, ержеткен жаңа ұрпаққа арналыпты. Өйткені, жас ұрпақ үшін өмір сүріп жатқан мемлекет пен қоғамның қалай қалыптасқанын түгел көріп, өз жанының елегінен өткізген және баршасына дерлік тікелей мұрындық болған ең басты тарихи айғақкердің өз аузынан есту айрықша маңызды. Алайда, қазақ топырағында соңғы он бес жыл ішінде болып жатқан өзгерістердің сыры мен сипатына, түп-төркіні мен шығу тегіне, өрістеу жүйесі мен жеткізер нәтижесіне оқиғалардың бәрін өз көзімен көріп, өз басынан өткерген егде буындардың өзі толық түсініп, түгел қанығып үлгерді деуге әлі ерте.
Бұрынғы Кеңестер Одағының ақтық тағдыры тек оның ғана емес, бүкіл осы заманғы адамзаттың ойлау жүйесін түбегейлі өзгерістерге ұшыратқанын көбіміз енді-енді аңғарып келеміз. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы бөлігі адамзаттың екі жарылуымен сипатталды. Екінші дүниежүзілік соғыс оны қайта бітістірудің орнына, бұрынғыдан бетер алшақтата түскен айықпас бітеу жараға айналдырды. Қырық жылға таман созылған қырғиқабақ соғыс күллі адамзатты өз жағына шығарады-мыс саналған «жаңа жүйені» әбден титықтатты. Көпке дейін біреу сезіп, біреу сезбей келген тоқырау бірте-бірте өз-өзінен әйгілене бастады. Қызыл тоталитаризмнің шын табиғатын, оның бойындағы өрескел озбырлықты әуелі социалистік жүйеге екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қосылған еуропалық мемлекеттер аңғарды. Жуырда ғана гитлерлік фашизмнің тоқпағынан шыққан тосын әлеумет жаңа «құтқарушы идеяның» қырғи тырнақтарын әп дегеннен сезді. Олардың ашынуларын көрген еуропалық коммунистік қозғалыс та көп кешікпей мықтап абыржи бастады. Еурокоммунизм, «адам рәуішті социализм» қисындары қызыл метрополияның өзіне де әсер етпей қалмады. Кеңес қоғамында да диссиденттік өрістеді. Ұдайы текетіресті азық ететін тапшылдық идеология өзі көп ұрандатқан бейбіт қатар өмір сүру қағидасына өзі төтеп бере алмады. Әсіресе экономикалық бәсекелестікте әбден сыр берді. Жер шары тұрғындарының 15 пайызын ғана құрайтын капиталистік елдер әлемде өндірілетін жалпы ішкі өнімнің 63 пайызын, халықтың 33 пайызын қамтитын социалистік елдер ондай өнімнің 19 пайызын, ал адамзаттың 52 пайызын қамтитын «үшінші дүние» бар болғаны 18 пайызын шығарды. Бұндай жағдай адамзаттың 85 пайызы мекендейтін ұлан-байтақ кеңістіктегі әрқилы әлеуметтік күйзелістерді түзету үшін аса ірі саяси-экономикалық өзгерістер қажет екендігін сездірді.
Оны ашық мойындау оңайға түспеді. Әлемдік дамудың жаңа «баламасын» ұсынған қызыл идеология өзінің қисындарын түбірімен қайта қараудың орнына, өзі өткен өкінішті тәжірибені өзі масқаралап, оларды жеке адамдардың кемшіліктері мен қателіктеріне жауып, өз кеңістігінде өзі қопарылмалы ахуал орнатты. Бұны да өз қара дүрсіндігінен көрмей, қайдағы арандатушы сыртқы ықпалдар мен ішкі іріткі күштерге апарып теліді. Сөйтіп, әлеуметтік жіктелісті күшейтіп, тек экономикадағы жағдайды ғана емес, саяси әлеуметтік қатынастарды да шектен шығара шиеленістірді.
Қоғамдағы қауіп тудырып тұрған келеңсіздіктерді алдын ала аңғарып, уақытылы қорытынды жасай алмау обьективті жағдайлардан туындап отырған орасан зор тоқыраушылықты шын мәніндегі революциялық ахуалға дейін асқындырды. Ол империялық саяси жүйені құлатып тынды. Ел ыдырады. Әлеуметтік дағдарыс үстемдік құрып тұрған саяси құрылысты түпкілікті масқараға ұшыратты. Қоғам біріне-бірі ілескен шытырман катаклизмдер құшағында қалды. Ондай жаппай лағушылық хаостың жетегінде кетпей, орын алып отырған тарихи үдерістерді ақылға сыйымдылық арнасына қайта түсіру кешегі өзін өзі жер кіндік санаған әупірім орталықтың қолынан келмей қалды. Мұндай жағдайда саяси естиярлықты бұрынғы шет аймақтардан іздеуге тура келді.
Өйткені, сөз болып отырған еңбекте орынды көрсетілгеніндей, мұндай аласапырандар тұсында Мишель Монтан айтқандай, халықтық тұтастықты сақтап қала алатындай пәтуалы мемлекеттік құрылыс керек еді. Ондай мүмкіндіктен империялық жүйе атымен айырылған-ды. Кеңестік кеңістікте мұндай мемлекеттік ықтималдылыққа тек бұрынғы одақтас республикалар ғана ие бола алатын еді. Басқасын былай қойғанда бұрынғы одақтық конституциялардың өздері де одақтас республикалардың өз еріктерімен одақтан шығып кету құқығын біржолата тәрк ете алмаған-ды. Оның үстіне, әлемдік тәжірибеде ұлттық мемлекеттер күні өткен империялық жүйеден гөрі үстемірек түсе бастады. Бұның бәрі отаршылдықты жою мәселесінің өткір қойылуына жағдай жасады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Отаншылдық мұраты – жасампаздық

Бұл кітап, автордың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында туып, ержеткен жаңа
ұрпаққа арналыпты. Өйткені, жас ұрпақ үшін өмір сүріп жатқан мемлекет пен
қоғамның қалай қалыптасқанын түгел көріп, өз жанының елегінен өткізген және
баршасына дерлік тікелей мұрындық болған ең басты тарихи айғақкердің өз
аузынан есту айрықша маңызды. Алайда, қазақ топырағында соңғы он бес жыл
ішінде болып жатқан өзгерістердің сыры мен сипатына, түп-төркіні мен шығу
тегіне, өрістеу жүйесі мен жеткізер нәтижесіне оқиғалардың бәрін өз көзімен
көріп, өз басынан өткерген егде буындардың өзі толық түсініп, түгел қанығып
үлгерді деуге әлі ерте.
Бұрынғы Кеңестер Одағының ақтық тағдыры тек оның ғана емес, бүкіл осы
заманғы адамзаттың ойлау жүйесін түбегейлі өзгерістерге ұшыратқанын көбіміз
енді-енді аңғарып келеміз. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы бөлігі адамзаттың
екі жарылуымен сипатталды. Екінші дүниежүзілік соғыс оны қайта бітістірудің
орнына, бұрынғыдан бетер алшақтата түскен айықпас бітеу жараға айналдырды.
Қырық жылға таман созылған қырғиқабақ соғыс күллі адамзатты өз жағына
шығарады-мыс саналған жаңа жүйені әбден титықтатты. Көпке дейін біреу
сезіп, біреу сезбей келген тоқырау бірте-бірте өз-өзінен әйгілене бастады.
Қызыл тоталитаризмнің шын табиғатын, оның бойындағы өрескел озбырлықты
әуелі социалистік жүйеге екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қосылған
еуропалық мемлекеттер аңғарды. Жуырда ғана гитлерлік фашизмнің тоқпағынан
шыққан тосын әлеумет жаңа құтқарушы идеяның қырғи тырнақтарын әп дегеннен
сезді. Олардың ашынуларын көрген еуропалық коммунистік қозғалыс та көп
кешікпей мықтап абыржи бастады. Еурокоммунизм, адам рәуішті социализм
қисындары қызыл метрополияның өзіне де әсер етпей қалмады. Кеңес қоғамында
да диссиденттік өрістеді. Ұдайы текетіресті азық ететін тапшылдық идеология
өзі көп ұрандатқан бейбіт қатар өмір сүру қағидасына өзі төтеп бере алмады.
Әсіресе экономикалық бәсекелестікте әбден сыр берді. Жер шары тұрғындарының
15 пайызын ғана құрайтын капиталистік елдер әлемде өндірілетін жалпы ішкі
өнімнің 63 пайызын, халықтың 33 пайызын қамтитын социалистік елдер ондай
өнімнің 19 пайызын, ал адамзаттың 52 пайызын қамтитын үшінші дүние бар
болғаны 18 пайызын шығарды. Бұндай жағдай адамзаттың 85 пайызы мекендейтін
ұлан-байтақ кеңістіктегі әрқилы әлеуметтік күйзелістерді түзету үшін аса
ірі саяси-экономикалық өзгерістер қажет екендігін сездірді.
Оны ашық мойындау оңайға түспеді. Әлемдік дамудың жаңа баламасын
ұсынған қызыл идеология өзінің қисындарын түбірімен қайта қараудың орнына,
өзі өткен өкінішті тәжірибені өзі масқаралап, оларды жеке адамдардың
кемшіліктері мен қателіктеріне жауып, өз кеңістігінде өзі қопарылмалы ахуал
орнатты. Бұны да өз қара дүрсіндігінен көрмей, қайдағы арандатушы сыртқы
ықпалдар мен ішкі іріткі күштерге апарып теліді. Сөйтіп, әлеуметтік
жіктелісті күшейтіп, тек экономикадағы жағдайды ғана емес, саяси әлеуметтік
қатынастарды да шектен шығара шиеленістірді.
Қоғамдағы қауіп тудырып тұрған келеңсіздіктерді алдын ала аңғарып,
уақытылы қорытынды жасай алмау обьективті жағдайлардан туындап отырған
орасан зор тоқыраушылықты шын мәніндегі революциялық ахуалға дейін
асқындырды. Ол империялық саяси жүйені құлатып тынды. Ел ыдырады.
Әлеуметтік дағдарыс үстемдік құрып тұрған саяси құрылысты түпкілікті
масқараға ұшыратты. Қоғам біріне-бірі ілескен шытырман катаклизмдер
құшағында қалды. Ондай жаппай лағушылық хаостың жетегінде кетпей, орын алып
отырған тарихи үдерістерді ақылға сыйымдылық арнасына қайта түсіру кешегі
өзін өзі жер кіндік санаған әупірім орталықтың қолынан келмей қалды. Мұндай
жағдайда саяси естиярлықты бұрынғы шет аймақтардан іздеуге тура келді.
Өйткені, сөз болып отырған еңбекте орынды көрсетілгеніндей, мұндай
аласапырандар тұсында Мишель Монтан айтқандай, халықтық тұтастықты сақтап
қала алатындай пәтуалы мемлекеттік құрылыс керек еді. Ондай мүмкіндіктен
империялық жүйе атымен айырылған-ды. Кеңестік кеңістікте мұндай мемлекеттік
ықтималдылыққа тек бұрынғы одақтас республикалар ғана ие бола алатын еді.
Басқасын былай қойғанда бұрынғы одақтық конституциялардың өздері де одақтас
республикалардың өз еріктерімен одақтан шығып кету құқығын біржолата тәрк
ете алмаған-ды. Оның үстіне, әлемдік тәжірибеде ұлттық мемлекеттер күні
өткен империялық жүйеден гөрі үстемірек түсе бастады. Бұның бәрі
отаршылдықты жою мәселесінің өткір қойылуына жағдай жасады.
Алайда, жылдар бойғы тоталитаристік басыну ұлттық шетаймақтардың
көпшілігін ондай мүмкіндіктен айырып бітіруге айналып еді. 1989 жылғы
жүргізілген соңғы бүкілодақтық санақ бойынша, байырғы халықтың саны
Арменияда 93,3; Әзірбайжанда 82,6; Ресейде 73,6; Беларусьте 78,1; Украинада
72,8; Түрікменияда 71,8; Грузияда 70,02; Өзбекстанда 68,7; Молдовада 64,4;
Тәжікстанда 62,2; Эстонияда 61,7; Қырғызстанда 52,4; Қазақстанда 39,7 пайыз
құрады. Осыны тілге тиек етіп, сол кездегі ұлттық қатынасты зерттейтін
мамандардың біразы аталмыш кестедегі жергілікті халық тұрғындардың жетпіс
пайызын құрайтын республикалардан басқалардың егемендікке ұмтылуын әншейін
есек дәме санады. Алпыс пайыз төңірегіндегілердің алған егемендігін уақытша
құбылыс, көпке бармайтын, күні санаулы мәртебе ретінде қарастырды. Ал елу
пайыздан төменгі деңгейдегілердің үміттерін алдын ала үздіре түсті.
Сондықтан да, олар жаңа одақты бұрынғыдай ұлттық мемлекеттік бірліктерден
емес, ұлттық-мәдени бірлестіктерден құруды ұсынды. Халықтар саяси
мемлекеттік автономия емес, рухани-мәдени автономия ғана дәмете алатын
болды. Бұрынғы одақтың құрамындағы 120 халық 800 этно-мәдени қауымдастыққа
бөлінетін. Сонда жаңа одақ бұрынғыдай ұлттық одақтас, автономиялық
республикалар мен аймақтардың емес, әлгіндей шашыранды диаспоралардың
ұлттық-мәдени тұрғыда ықпалдасуын ғана қамтамасыз ететін болды. Бұл, әрине,
бұрынғы ұлттық-аумақтық бірлестіктердің өкілдерін қанағаттандырмады. Екі
тараптың да көңілін таппақшы болған академик Сахаров 15 республика мен 38
автономиялық бірлестіктердің бәріне бірдей дәреже беріп, 53 ұлттық
республикадан тұратын Еуропа Құрама Штаттарын құруды ұсынды.
Алайда, кеңестік империяның дәурені бәрібір өткен-ді. Экономикалық
қатынастардың ырықсыздануы тоталитаризмді, аумақтық-аймақтық қатынастардың
ырықсыздануы отаршылдықты құртпай тынуы еш мүмкін емес еді. Бұндай жағдайда
егемендену үдерісін ешкім тоқтата алмайтын еді. Алайда, ол үдеріс әр
республикада әртүрлі сипатта, әртүрлі қарқынмен өрістеуі ықтимал екендігі
әбден түсінікті болатын. Әсіресе, байырғы халқы 39,7 пайыз ғана құрайтын,
оның өзі де пәрменді аккультурацияға ұшырап, төл сипатынан біржолата
айырылып қала жаздаған, экономикасы түгелге дерлік одақтық құрылымдарға
кіндіктен байланған Қазақстанның саяси дербестену мүмкіндігі бәрінен де
мүшкіл еді.
Бұл үдерісті жемісті өрістетіп, аңсарлы тарихи нәтижеге жеткізу аңызға
айналған бүрге тағалаудан да қиын шаруа еді. Қазақстан осындай орасан
қиындықты ойдағыдай еңсеріп, әлемдік саясатта аса сирек кездесетін айрықша
құбылысқа – аса таңсық феноменге айналып отыр. Бұл үшін ол орасан зор нар
тәуекелге бел буды. Кеңестік империяның ыдырауынан ең бірінші боп ең
қауіпті сынақтарға ұшыраған да Қазақстан еді. Тек кеңестік саяси ғұламалар
ғана емес, әлемнің ең беделді мамандары да жер шарындағы ең үлкен, ең
қауіпті қопарылыстар аумағы Қазақстан болады деп болжамдады. Збигнев
Бзежинский, мәселен, оны АҚШ-тың ықтимал әріптестерінің санатынан біржолата
шығарып тастады. Бұрынғы коммунистік монстрларға аяқ-қолынан бірдей
байланған жетім тайлақ деп санады. Ақырғы рет тұяқ серіппек болып,
арыстандай арпалысқан кеңестік тоталитаризмнің ең мықты ауыз салғаны да
Қазақстан болды.
Алайда, отандастарымыз болып жатқан үдерістерге асқан сабырлылықпен
қарап, әліптің артын бағарлық саяси ерік пен жігер таба білді. Бұл саяси
креативизм көп ұзатпай өз нәтижесін берді. Күні кеше қазақ ұлтшылдығының
қайдағы бір қателері мен қауіптерін айтып қақсаумен болған саяси
көкемылжыңдардың желігі басылып, тіпті Владимир Жириновскийдің өзі
Қазақстан басшысының атына мақтау-мадақ айта бастады. Қазақстандағы
орнықтылық ахуалға кеңестік кеңістіктен тысқары елдер де жиі назар аударды.
Егемендік алған Қазақстан кеңестік кеңістікте стихиялық түрде басталып
кеткен жаңарыстардың қайта құру тұсындағы ұрдажық қимылдар екпінімен
жалғастыра беруден саналы түрде бас тартты. Өйткені, оған дейінгі үдерістер
күні біткен кеңестік империяны күйрету, немесе мемлекет күйзелісін күшейту,
қоғамдық орнықсыздықты асқындату сценарий бойынша өрістеген-ді. Ал Тәуелсіз
Қазақстан, керісінше, жаңа мемлекетті мейлінше тез қалыптастырып, тезірек
орнықтыруға мүдделі болды. Бұл атымен басқа логиканы, басқа жүйелілікті
талап етті. Ұлттық мемлекет орнату басты мұратқа айналды. Оның, бірақ,
талай қолданылған таптаурын жолдарының ешқайсысы Қазақстан жағдайымен еш
сәйкеспейтін еді. Онда ұлттық мемлекеттілікке ашық мүдделі күштер әлі айқын
басымдылыққа ие болып үлгермеп еді. Мұндай жағдайда, жан-жақта ұлтаралық
кикілжіңдер мен саяси-әлеуметтік апаттар өршелене өрекпіп тұрған тұста
Қазақстандағыдай көпұлтты, көптілді, көпдінді қауым үшін кісіні кісі
алаламайтын толлеранттық сипат басым маңызға ие болары түсінікті.
Жас мемлекет жаңа үрдіс орнығып болмаған, ескі үрдіс кетіп болмаған
екіұдай қоғамда әлеуметтің бәріне зәру орнықтылықты басты құндылық, басты
мақсат тұтынды. Саяси қарым-қатынаста пікір алуандығына шыдамдылықты-
плюрализмді, әлеуметтік қарым-қатынасты ұлтаралық сыйластықты-
толлеранттықты айрықша ыждаһаттады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүріп,
нығайып кетуіне жаппай мүдделілікті мейлінше күшейтуге оң ықпал етті. Бұл
көпқұрамды қоғамда ескермей болмайтын өзекті фактор еді. Онымен шебер
есептесе білу үшін саяси радикализм емес, саяси конструктизм қажеттірек
еді. Оның ойдағыдай табыла қоятындығына күмәнданып қараған ішкі, сыртқы
секемшілдік жыл санап емес, ай санап азайып, бірте-бірте тұрақты
оптимизммен алмасты.
Қайда барсаң да, экономикалық қиындықтар мен әлеуметтік қырқыстар
қаптаған ауыспалы кезең аласапыранында Қазақстан дербестігіне шынымен
тілектес күштер іште де, сыртта да көбейе түсті. Оның үстіне, Қазақстан –
табиғи ресурстарға аса бай аумақ еді. Оның ойдағыдай игерілуі тек бір
мемлекетке емес, күллі әлемдік экономикаға оң ықпал етері сөзсіз еді.
Бұндай елдің әлдебіреудің қанжығасында кетпей, алуан сипатты, алуан мүдделі
барша қоғамдармен тікелей ықпалдасуға мүмкіндігі толық, өз билігі өзіндегі
дербес мемлекет ретінде нығаюына бүгінгі халықаралық қауымдастық та аса
мүдделі еді.
Қазақстан қалған дүние алдындағы бұл тартымдылығын мейлінше икемді
пайдалануға аса мұқият көңіл бөлді. Ол үшін көпвекторлы саясат ұстанып,
былайғы қауымдарды дос пен жауға бөлмей, бәріне де тиімді әріптес ретінде
қарады. Бұл ретте өз күші табиғи ресурстарында екенін жақсы білетін
Қазақстан, ең алдымен, экономикасын осы заманға қарым-қатынастар арнасына
көшіруді батыл қолға алды. Бұл оның сыртқы дүниедегі достарының көзапара
көбеюіне тікелей әсер етті. Оның үстіне бұл ұлттық экономиканың тез
тыңайып, қордаланып қалған әлеуметтік мәселелердің жүйелі шешілуіне қолайлы
жағдай жасайтын еді. Бұл бағыттағы Қазақстан ұмтылыстары бүгінгі дүниеде
жақсы мәлім.
Қазақстанның әлемдік танымалдығының кеңейіп, әлемдік тартымдылығының
артуы оның ұлттық мемлекет ретінде нығая түсуіне бірден бір кепілдік
береді. Сондықтан да оның бәсекеге төтеп бере алушылық жолындағы жаппай
күреске белсене қосылуы оған деген сенімді бұрынғыдан бетер күшейте
түсірері хақ. Бұл қоғамда тәуелсіздікпен бірге қолға алынған саяси
модернизацияны экономикалық жаңарысымыздағыдай ырғақты дамытуымызға оңтайлы
жағдай туғызады. Қазақ Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың халыққа Жолдауларында жан-жақты зерделенген жаңа саяси
өзгерістерге іште де, сыртта да зор ынта тууы да осыдан.
Қазақстан – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
Оған жетудің жолы әрқилы
Біртұтас Алаш идеясы және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Патриоттық тәрбиенің мәні
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Пәндер