Семей таңы газетінің тарихы



Зерттеу нысанына айналып отырған 1919 жылы желтоқсан айынан жарық көре бастаған «Семей таңы» газеті – Қазақстандағы мемлекеттік тілдегі байырғы басылымдардың бірі. Семей қаласында жаңа басылымдардың дүниеге келуіне 1917 жылғы Ақпан төңкерісі тікелей әсер етті деп толық айта аламыз. Мұрағаттан 1917 жылы Семей облысы қазақтарының съезі өткенін, онда газет шығу туралы бастама көтеріліп, арнаулы қаулы қабылданғанын айғақтайтын құжаттарды кездестіруге болады.
«Семей таңы» газеті - өз заманында халықтың азаттық алуына үн қосып, болашаққа бастап барар жолдарына, алдағы өміріне дұрыс жол сілтеуге, бағыт – бағдар беруде өз ықпалын тигізген басылым.
Кеңес заманында шыққан басылымның әр кезеңге сай өзіндік ерекшеліктері бар. «Семей таңы» газетіндегі мақалалар мазмұны да, жазу стилі де әрбір тарихи кезеңнің талғамына сәйкес өзгеріп отырған. Қоғамдағы тегеурінді идеология тақырыптары бірін – бірі алмастырып отырғандықтан, кеңестік басқару аппаратының газетке деген ықпалы да белсенді болды. Сол себепті газеттегі ресми және саяси тақырыптағы мақалалар Семей өңіріндегі қоғамдық саяси өзгерістерді жақсы жеткізе білген. «Семей таңы» газетінде Ж.Аймауытов, М.Тұрғанбаев, М.Әуезов, М.Қордабаев, Ә.Нұшайықов, Х.Бекхожин, С.Дөнентаев, Б.Сағындықов, Р.Мусин сынды жазушы, журналисттер мен белгілі тұлғалар қызмет атқарған.
«Семей таңы» алғаш «Қазақ тілі» деген атпен жарық көрді. Алғаш газет жетісіне бір, кейінірек 3 реттен, 2,5 тиражбен тарап тұрды. Бұл тұста полиграфиялық хал-жай да, тарихи жағдай да ауыр еді. Бірінші қиындық туралы газеттің алғашқы нөмірлерін шығаруға қатысқан Мұқсын Қордабаев былай деп жазды: «... Толып жатқан нүкте құйыршықтарының көбі мүжіліп қалған араб әріптерімен жұмыс істеу қиыншылықтарды екі есе көбейткендей. Газеттің бастапқы екі беті басылып, машинадан шыққаннан кейін, соңғы екі бетке жетпей қалған тапшы әріптерді суырып (теріп) алып, сол соңғы екі бетке тізбектеуге тура келетін. «Қазақ тілі» деген газет атын арабша ірі әріп болмағандықтан қолы шебер бір етікшіге ағаштан ойғызып алып, басып жүрдік»
1. Т.Қожакеев «Жыл құстары»
2. Р.Молдашқызы «Семей өңіріндегі баспасөздің бет-бейнесі»(диссертация материалдары )
3. «Семей таңы» газетінің 1930-2007 жылдар аралығындағы сандары

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Семей таңы
Зерттеу нысанына айналып отырған 1919 жылы желтоқсан айынан жарық көре
бастаған Семей таңы газеті – Қазақстандағы мемлекеттік тілдегі байырғы
басылымдардың бірі. Семей қаласында жаңа басылымдардың дүниеге келуіне 1917
жылғы Ақпан төңкерісі тікелей әсер етті деп толық айта аламыз. Мұрағаттан
1917 жылы Семей облысы қазақтарының съезі өткенін, онда газет шығу туралы
бастама көтеріліп, арнаулы қаулы қабылданғанын айғақтайтын құжаттарды
кездестіруге болады.
Семей таңы газеті - өз заманында халықтың азаттық алуына үн қосып,
болашаққа бастап барар жолдарына, алдағы өміріне дұрыс жол сілтеуге, бағыт
– бағдар беруде өз ықпалын тигізген басылым.
Кеңес заманында шыққан басылымның әр кезеңге сай өзіндік ерекшеліктері бар.
Семей таңы газетіндегі мақалалар мазмұны да, жазу стилі де әрбір тарихи
кезеңнің талғамына сәйкес өзгеріп отырған. Қоғамдағы тегеурінді идеология
тақырыптары бірін – бірі алмастырып отырғандықтан, кеңестік басқару
аппаратының газетке деген ықпалы да белсенді болды. Сол себепті газеттегі
ресми және саяси тақырыптағы мақалалар Семей өңіріндегі қоғамдық саяси
өзгерістерді жақсы жеткізе білген. Семей таңы газетінде Ж.Аймауытов,
М.Тұрғанбаев, М.Әуезов, М.Қордабаев, Ә.Нұшайықов, Х.Бекхожин, С.Дөнентаев,
Б.Сағындықов, Р.Мусин сынды жазушы, журналисттер мен белгілі тұлғалар
қызмет атқарған.
Семей таңы алғаш Қазақ тілі деген атпен жарық көрді. Алғаш газет
жетісіне бір, кейінірек 3 реттен, 2,5 тиражбен тарап тұрды. Бұл тұста
полиграфиялық хал-жай да, тарихи жағдай да ауыр еді. Бірінші қиындық туралы
газеттің алғашқы нөмірлерін шығаруға қатысқан Мұқсын Қордабаев былай деп
жазды: ... Толып жатқан нүкте құйыршықтарының көбі мүжіліп қалған араб
әріптерімен жұмыс істеу қиыншылықтарды екі есе көбейткендей. Газеттің
бастапқы екі беті басылып, машинадан шыққаннан кейін, соңғы екі бетке
жетпей қалған тапшы әріптерді суырып (теріп) алып, сол соңғы екі бетке
тізбектеуге тура келетін. Қазақ тілі деген газет атын арабша ірі әріп
болмағандықтан қолы шебер бір етікшіге ағаштан ойғызып алып, басып жүрдік
Қазақ тілі газеті Т.Рысқұлов айтқандай: жұмысшы табының, еңбекші
бұқараның мұңшысы болды Басылым уақыт ағымына қарай халықтың әлеуметтік
жағдайына сай дұрыс бағдар беріп отырды. Мал баққандікі деген айдар ашып,
мал тұқымын асылдандыру, көбейту проблемаларын жиі сөз етті. Газеттің
белсенді қозғаған тақырыбы - әйел теңдігі мәселесі. Қазақ әйердерінің
теңсіздігін, әсіресе қазақ қыздарының малға сатылуы, ескілік құрбаны болып
отырғаны өткір жазылған мақалалар басылымда көп жарияланған.
Қазақ тілі газетінің алғашқы бас редакторы – белгілі журналист,
белсенді қоғам қайраткері М.Тұрғанбаев болды. М.Тұрғанбаев 20 ғасырдың бас
кезінде қазақ халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ұлт азаттық қозғалысын
жаңа сатыға көтерген, қазақ елін әлеуметтік өркениет қатарына шығаруға бар
білімін, күш – жігерін жұмсаған ұлттық интелигенция өкілдерінің көрнекті
қайраткері. 1920 жылдың 5 наурызынан осы жылдың 19 қарашасына дейін
газетке Ж.Аймауытов басшылық етті. Осы кезде Зорлық қайтсе тиылады?,
Театр тобы, Ашаршылықтан құтқару лажы сияқты тағы да басқа айдарлар
жарық көріп, қазақ халқының азаттықа ұмтылуы мен сол жолдағы күресінің жайы
суреттелді. Ескішілдікті, надандықты сынап, халықты өнер – білімге,
ізденуге шақыратын бірқатар мақалалар жарық көрді. Бұдан соң басылым аты
Жаңа ауыл, содан кейін Қызыл дала деп өзгертілді. Газеттің бүкіл
бағдары, идеясы алғашқы нөміріндегі: Қызыл дала, келдің жаңа өзің туған
ауылыңа. Қу байларды, қу молданы жоғалт көзін, аяма! деген жыр жолдарынан
айқын аңғарылады.
Осы орайда тарихшы ғалым Мұсатай Ақынжанов кезінде былай деп жазды:
Қара шаңырақ орнында шыққан газет Қызыл дала деп аталып, оны басқаруды
маған жүктеді. Мен горрайкомда әрі хатшылық қызметін, әрі редакторлық
қызмет атқардым. Ол кездегі партия, совет жұмысының ең маңдай алды
күрделісі ауылда, далада жұмыс жүргізу-бытыраңқы шаруаларды колхозға
ұйымдастыру болатын-ды... Көлемі шағын болғанымен, тілі өткір болып, Қызыл
дала колхоз ұйымдастыруда жетекшілік, үгітшілік қызметін іс жүзінде
мүлтіксіз орындады.
Бұл газет те жастар өміріне көп көңіл бөлді. Ол да бір бетін Жас
большевик деген атпен комсамол газеті шығарып тұрды. Жергілікті жердегі
жастар тұрмысын жан-жақты жазды. Оларды социалистік құрлысқа кең тартып,
қиыншылықтарды жеңуге, тың табыстарға жетуге баулыды.
1931 жылы Семей ет комбинаты салына бастады. Бұл өте ірі құрылыс-ты. Оны
салушылардың көбі ауылдан келген қазақтар еді. Соларды тәрбиелеп, өнімді
еңбекке жұмылдыру, комбинат құрлысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
Қазақстандағы аймақтық басылымдар
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар
Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Пәндер