Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу



Қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы, алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей, қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық экономикалық маңызы өте зор. Мемлекеттік, республика, қала, кәсіпкерлік, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді оқиғаларды қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары - басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі, іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру, онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негіздемесіне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу, басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып абылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефон хат сияқты құжаттар арқылы іске асады.
Үкіметтік басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу - мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

Қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде қызмет етуінің алғы
шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етуі
және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының
ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан
қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы, алдымен қазақ
тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде
жүргізілмей, қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін
кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс
қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық экономикалық маңызы өте зор.
Мемлекеттік, республика, қала, кәсіпкерлік, ұйым, мекеме тарихын
жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады.
Құжаттар фактілерді оқиғаларды қоғам өмірінің құбылыстарын
дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары - басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен
мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі
шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі, іс қағаздарынан айқын
көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру
деңгейін көтеру, онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми
негіздемесіне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу, басқару
процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып абылады. Мекемелер
арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефон хат сияқты құжаттар
арқылы іске асады.
Үкіметтік басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже бұйрық
сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу - мекеме
жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген
жүйесі.
Құжаттау дегеніміз – кез келген мекеменің қызметін, әрекетін
көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дейін құжаттармен
жұмыста, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыста сырттан
келген құжаттармен жұмыста, сондай-ақ, оларды қабылдау тіркеу
бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға
дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Адам өмірі де тікелей құжаттармен байланысты. Адам дүниеге
келгенде оған алғашқы құжат – тууы туралы куәлік жазылады. 16-жасқа
келгенде жеке басын растайтын құжат – жеке куәлік алады. Мектепті
бітіргендігі – орта білімді аттестаттпен расталады. Жоғарғы оқу
орнына түсу үшін, түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. Оқу орнын
бітіргенде диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш,
түйіндеме жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын
бастағандығы еңбек кітапшасына жазылады.
Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат, жазуға еңбек
келісімін жасауға өмірбаянмен мінездеме жазуға, жеделхат, телефон
хат жазуға, факс жіберуге тура келеді.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта
дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады.
Бұл пәннің міндеті:
Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын,
әлеуметтік маңыздылығын оның қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде
қызмет етуінің аяғы шаттарының бірі екендігін ұғындыру. Іс
қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі,
педагогикалық сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағазын
толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу
стилі, қызметі, мақсаты сияқты білімі негіздерімен қаруландырып,
қазақ тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюіне олардың өз септігін
тигізуін қамтамасыз ету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың
безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.

Құжат оның қызметі
Құжат - латын тілінде куәлік дәлелдеу тәсілі деген мағына
береді.
Бүгінгі қолданыста оның үш мағынасы бар:
1) қандайда бір фактіні не бірнәрсеге деген құқықты растайтын іс-
қағазды (мысалы: жол жүруге деген) (билет, справка).
2) жеке басты ресми түрде куәландыратын төл құжат.
3) Бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (екі грамоталар).
Кәсіпорынды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім
қабылдап, оны орындау сияқты, белгілі бір дәрежедегі ақпараттық
процесс болып табылады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат
мәліметтер керек болады.
Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс.
Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасы
Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі
Құжат түрлері және құжаттарды толтыру
Акт туралы түсінік
Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді, мұрағат қызметін заңдық және нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Арыз немесе өтініш
Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
Пәндер