«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ

1. 1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері. 6

  1. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері. . 10
  2. Өнімді стандарттау және сапаны басқару. 14
  1. «ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН

ТАЛДАУ

  1. «ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау. 18
  2. «ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау33
  1. КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН

Жоғарылату

3. 1 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары… . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ. 43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ46

КІРІСПЕ

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелік қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады [6] .

Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау [7] .

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.

Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді.

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, . . . қол жеткіземіз».

2006 жылы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Президенттің халыққа кезекті Жолдауы жарияланды. Осыдан үш жыл бұрынғы Жолдауында экономиканың, халықтың, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жолдауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.

Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея [1] .

Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәтижелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды. Осы айтылғандар курстық жұмысымның тақырыптық өзектілігін анықтайды.

Жұмыстың мақсаты ─ өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің экономикалық мәнін ашып көрсету;

- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін зерттеу;

- ұсынылған әдіспен «ФудМастер» ЖШС-нің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;

- «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Курстық жұмысымның теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.

Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Курстық жұмысымның кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.

Бірінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің теориялық жақтары, қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде «ФудМастер» ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорын өніміне бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорын өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары қарастырылған.

  1. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ

1. 1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері

Өнімнің бәсекелестік қабілеті - бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.

Өнімнің бәсекелестік қабілеті қатысты өлшем болып табылады және нарықта бәсекеге түсетін тауарларды салыстыру нәтижесінде көрінуі мүмкін.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау және болжау - бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекелестік қабілеттің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:

  • бірнеше кәсіпорындар арасында өнімнің жағдайын анықтау;
  • нарықта өнімді таратудың перспективасын бағалау;
  • өнім көрсеткіштерін анықтау; Оған бәсекелестік қабілет деңгейін анықтауға қажетті қажеттіліктер;
  • өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру бойынша іс-шараларды жасау;
  • тауарға баға тағайындау;
  • нақты нарықта тауармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау;

Екінші этапта өнімге талаптар қарастырылады. Оған ақпарат тұтынушылардың талаптары мен сұранысы негізінде талдау жасалынады. Келесі этап - өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалауға қажет параметрлерді қарастыру. Барлық параметрлер өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалауда үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. нормативтік
  2. техникалық
  3. экономикалық.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау процесінде келесідей принциптерді ескеру қажет:

  • нарық субъектілерінің мақсаттары мен құралдарының қарама - қарсылығы;
  • нарық сегменттерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру;
  • зерттеу кезеңдерінің нарық конъктурасы;
  • нарық субъектілерінің рационалды мінез-құлқын бейнелейді.

Мақсаттар мен құралдардың принципі өнімнің бәсекелестік қабілетін басқаруда аталған категорияның екі аспектіде қарастыруды белгілейді. Бәселекестік қабілетті басқару және бағалау процесінде екі нарық қатынасының субъектілерінің (тұтынушы мен өндіруші) қөзқарасын ескеріп, олардың өзара байланысын қарастыру керек. Өндіруші үшін маңызды параметр шығын деңгейі болса, ал тұтыну үшін маңызды параметр болып, өнімнің тұтынушылық қасиеті табылады.

Өнімді сатып алуды жетілдіру мақсатында тұтынушы үшін оның сапасын иелену болып табылады. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін факторлар құнын тұтынушы бағасы түрінде көрсетуге болады. Әрбір тұтынушы нақты өнімді таңдағанда тұтыну қасиеттерінің деңгейімен оған кеткен иелену мен қолдану шығындарының арасындағы қолайлы қатынасқа ұмтылады. Соған байланысты әрбір шығын бірлігіне жоғары тұтыну тиімділігін алады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін өлшеу үшін Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде кең қолданылатын тұтынушы қажеттіліктерін қанағатттаныру индексі қолданылуы мүмкін.

Субъектілер: Субъектілер
Бәсекелестік қабілет факторлары: Бәсекелестік қабілет факторлары
Субъектілер: Сапа
Бәсекелестік қабілет факторлары: Баға
Субъектілер: Өндіруші
Бәсекелестік қабілет факторлары: 1. Өнімді өндіру процесінің сапасы (құрал)
3. Өнімді өндіруге байланысты шығындар
Субъектілер: Тұтынушы
Бәсекелестік қабілет факторлары: 2. Өнім сапасы (мақсат)
4. Тұтынумен байланысты шығындар (құрал)

Сызба 1. Бәсекелестік қабілетін бағалау процесіндегі мақсаттар мен құралдарының қарама -қарсылық матрицасы

Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік - технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.

Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.

Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.

Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.

Олар бір қасиетті бір тауарға әртүрлі әсер етеді. Тұтынушы сатып алуды іске асырғанда өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды сатып алуға ұмтылады.

Әрбір сатып алушының сатып алуы кешенді фактор негізінде жүзеге асады. Тұтынушы таңдауы, талғамы біркелкі болуы мүмкін емес. Оған байланысты әрбір тұтынушы өнімнің бәсекелестік қабілетін өз деңгейінде бағалайды. Сондықтан абсолютті бәсекеге қабілетті идеясы жоқ.

Бірақта жиынтық сұраныс белгілі бір тұтынушылар топтамасында тауардың сапасы мен бағасы шеңберінде қалыптасады. Тұтынушылар психологиялық, мінез - құлық аспектісін талдай отырып бірнеше адамның бір өнім туралы әртүрлі ой қалыптасатыны сөзсіз.

Қолайлы сегмент ретінде 20% тұтынушы иеленетін өнімді сатуды іске асырған жөн.

Соған байланысты өнім бәсекелестік қабілеті әртүрлі сегменттерде әртүрлі болады. Тұтынушылар өз сегменті бойынша өнімнің жетістіктері мен кемшілігін өздігінше бағалайды. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз ету үшін тұтынушылар сегментациясын дұрыс жүргізу керек.

Нарық конъюктурасының тұрақтылық принципі. Өнімнің бәсекелестік қабілеті - белгілі бір кезеңге және нақты нарық сегментіне байланысты түсінік. Өнімнің сапалық және құндық өзгерісі кезінде бәсекелестік қабілеті үлкен тербеліспен өзгеруі мүмкін.

Бәсекелестік қабілетті бағалау кезінде негізгі параметрлердің ішкі сәйкессіздігін болдырмау үшін тауардың пайдалығын психологиялық аспектілер негізінде зерттеу керек. Мысалға өндірушінің өндіру мүмкіндігі мен тұтынушының сатып алу қабілеттілігі және т. б. нарықтық конъюктурасының өзгеріссіз болуын анықтайтын негізгі фактор сипатында тұтынушының табысы мен шығындар құрылымы болуы мүмкін.

Бірақта аталған жағдай ішкі және сыртқы ортаны аз өзгерістерде экономикалық моделдерді қалыптастыру үшін ақпараттарды жинақтайды.

Нарық субъектісінің рационалды мінез - құлық артықшылық принципі. Нарықтық қатынастардағы әр субъектінің мінез - құлқына негізделген. Тұтынушы мен өндіруші алдын ала анықталған мақсатта рационалды өзара байланысты болады. Олардың байланысын әлеуметтік қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырумен түсіндіріледі. Аталған модель көп мөлшерде өндірушімен жүзеге асады. Кез келген кәсіпкер өнімнің өзіндік құннан жоғары сатуға тырысады. Соған байланысты кәсіпорын бәсекелестік ортада өз бәсекелестерін жеңуге жол ашады. Кез келген өндіріуші қолда бар ресурстар мен жоғары пайда түсіруге тырысады. Ортадағы кез келген іс - шаралар өнімнің сапасын жоғарлату немесе төмендету қосымша пайда алуға бағытталған.

Өнімді тұтынушылар рационалды принципке сүйенеді. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға тұтынушылар өздерінің шығындар үлесінің көбеюімен жүзеге асады. Бұл фактор тұтынушының өнеркәсіптік тауарды иеленумен бейнеленеді. Кез келген тұтынушы өзінің ақшасына сапалы өнімді сатып алуға тырысады. Рационалды сұраныс басқа факторларға тәуелді. Рационалды емес сұраныс жағдайында тауарды үш негізгі түрге бөледі:

  • тауардың пайдалығына сыртқы әсер
  • спекулятивті сұраныс
  • ирроционалды сұраныс

Рационалды сұраныс көбінесе тауардың пайдалығының сыртқы әсерінен болады. Яғни аталған тауарды көп басқа тұтынушылар көп қолданады немесе оның бағасы басқа тауарларға қарағанда жоғары. Ол тауарды басқа тұтынушылар тобының мүшелері сатып алады.

Спекулятивті сұраныс өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында емес өзінің байлығын көбейту мақсатында жүзеге асырылады. Онда екі жағдай кездеседі:

  • өнім тұтынуды және тұрақтылық принципіне сәйкес келмейді.
  • тұтынушы спекулятивті сұраныс кезінде кәсіпкер ретінде, яғни өнімнің қолайлы бағалық көрсеткішіне бағытталады.

Ирроционалды сұраныс табиғаты тұтынушы мінез - құлқының негізгі факторлар арасындағы шиеленістен пайда болады. Онда тұтынушы аталған өніммен қанағаттанбайды.

Соған байланысты нарық рационалды мінез - құлқы өнімнің бәсекелестік қабілетін моделдеу процесінде пайдалық және т. б. психологиялық, социологиялық заңдары негізінде қалыптасады.

1. 2. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау кезінде нормативтік параметрлердің әдістемелік есебінде индексті енгізумен қамтамасыз етіледі. Ол екі мағынады болады бірнеше нөл. Тауардың міндеті стандарттарға, шарттарға сәйкес болғанда индекс бірге тең. Жалпы көрсеткіш нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткішінің әрбіреуін бейнелейді:

JНП = Пqi (1)

мұндағы: JНП - нормативтік көрсеткіштер бойынша жалпы индекс

qi - нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткіш

t - бағаларды көрсететін нормативтік параметрлер саны

П - нәтиже

Соған байланысты кез келген бірлік көрсеткіштер де соған тең. Бұл аталған тауардың бәсекелестік қабілетінің төмендігімен сипатталады. Бәсекелестік қабілетті бағалаудың екі топтағы параметрлері болып тауардың техникалық сипаттамасы табылады.

Нарықтық зерттеулер фирмаға тұтыну мен қандай қасиеттер қажет екенін анықтайды. Сан бойынша бір техникалық параметрлердің жалпы параметрге мөлшерін көрсетеді.

(2)

мұндағы: Тei - i параметрлері бойынша техникалық көрсеткіш

t Ні - талданатын тауардың i параметрінің өлшемі

t эі - жалпы тауардың i параметрінің мөлшері

Аталған формула бойынша тауардың барлық техникалық параметрін есептеге болады, яғни олардың қуаттылығын, сыйымдылығын, сенімділігін және т. б. Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштерді қабылдау үшін бірлік көрсеткіштерді сомалау керек.

JT п = ∑ T ei * Li (3)

мұндағы: Jтп - техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш

Тei - i параметрі бойынша бірлік техникалық көрсеткіш

Li - жалпы параметрі бойынша коэффициент

п - бәсекелестік бағаланатын техникалық параметрлер саны

Бұл формулада мәселе бірлігін техникалық параметрлерінің анықталған мәнімен байланысты.

Үлкен мәнге ие объектілер талдаудағы негізгі көрсеткіштерге жатқызылады. Бұл жағдай екінші деңгейлі көрсеткіштерді алуға жағдай жасайды. Олар нарықтағы тауар үшін маңызды болап табылады. Бірақта тұтынушылар көрсеткіші көп тиімділік әкелетінін ескеру керек.

Тауарға талапты қалыптастыру

Бағалауға жататын параметрлер

Параметрлерді салыстыру топтамасы

Экономикалық Техникалық Қолдану

Бағалау

Қанағаттылық Қанағаттылық емес

Тауар өндіріуші Бәсекелестік қабілетті

жоғарлату бойынша

іс-шараларды өңдеу

Сызба 2. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау сызбасы

Бәсекеге қабілетті бағалауда маңызды рөлді таңдаушылар тобы мен олардың көрсеткіштерін қалыптастыру иеленеді. Тауар тұтынушыларды 100% қанағаттандыру керек. Таңдаушылар тобы келесі талаптарға жауап беруі керек.

  • аталған тауар тобын сипаттайтын көрсеткіштер бір мәнді иелену керек
  • бір нарық сегментіне жату керек
  • аталған тауарды бағалау кезінде нарықта болу керек

Бәсекеге қабілетті бағалау мақсатына сәйкес тәуелді тауарлар алынуы керек:

  • нақты нарықта тұрақты таратылатын
  • тұтынушылар санын көп иеленетін перспективалық тауар.

Базалық үлгіні талдаған кезде нарықтық конъюктураның өзгерісіне мән беру керек. Параметрлерді бағалайтын үшінші топқа экономикалық көрсеткіш жатады. Топтық экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін талданатын тауардың тұтыну бағасы мен бәсекелес тұтыну бағасын салыстырады.

(4)

мұндағы: J эП - экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш

Ц n - тауарды тұтыну бағасы

Ц nэ - талданатын тауардың тұтынатын бағасы

Тауардың тұтыну бағасы сату нарықтық бағасымен анықталады:

Ц ni = Цpi + ∑ З экс і (5)

мұндағы: Црі - тауардың нарықтық бағасы

∑ Зэкс і - тауардың сомалық шығыны

Осы формулаға сәйкес тұтыну бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бәсекелестік деңгейі жоғары. Яғни тұтынушы салыстыратын тауардың біреуін иеленуге мүмкіндігі бар.

Техникалық нормативтік экономикалық көрсеткіштер бойынша кешенді көрсеткіш есептелінеді.

Кк = Jнп *Jтп (6)

Jэп

мұндағы: Кк - талданатын тауар бәсекелестігі коэффициенті немесе иеленуі

Jнп - нормативті параметр бойынша топтық көрсеткіш

Jтп - техникалық параметр бойынша топтық көрсеткіш

Jэп - экономикалық параметр бойынша көрсеткіш

Бәсекелестік коэффциент негізінде талданатын тауардың бәсекелестік қабілеті туралы шешім қабылданды. Егерде Кк < 1 болса, бәсекелестік қабілет төмен. Кк = 1 тең көрсеткіш, Кк > 1 бәсекелестік қабілет салыстырмалы түрде жоғары. Егерде Кк > 1 болса, онда өндіріске және аталған тауарды нарыққа шығару туралы шешім қабылдайды. Егер Кк < 1 болса, онда техникалық - экономикалық іс - шаралар жүргізу керек.

Бәсекелестік қабілетті жоғарлату мақсатында көптеген компаниялар беншмакинг - бағытын қолданады. Беншмакинг - бұл бәсекелес тауарымен өз тауарларын оның сапасын жоғарлату үшін жүргізілетін процесс.

Бәсекелестің күшті, әлсіз жақтарының стратегиясын, мақсатын білу тек қана олардың қызметін емес, сонымен қатар бағаны төмендету, таратуды ынталандыру, нарыққа жаңа тауар шығару жағдайына көз қарасын білу керек.

Бәсекелестік қабілеттің шарты келесідей түрде бейнеленеді:

(7)

мұндағы: Э - пайдалылық

З - өндіру және тарату шығындары

К - бәсекелестік қабілет коэффициенті.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау жолдары келесідей жүзеге асырылады:

І кезең: Нарықта бәсекелестік қабілеті жоғары тауарды таңдап алу.

ІІ кезең: Тауардың салыстырылатын көрсеткіштері мен параметрлерін анықтау.

ІІІ кезең: Салыстырылатын тауардың бәсекелестік көрсеткіштер деңгейін анықтау.

Тауарлардың көрсеткіштері мен параметрлерін әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:

  • экономикалық көрсеткіштері: бағасы, өзіндік құны, пайдасы.
  • техникалық көрсеткіштері: нақтылығы, жүк көрсеткіштігі.
  • қолдану көрсеткіштері: персоналды оқыту шығындары, монтаждау және т. б.

Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу, сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
“ФудМастер” ЖШС
Қазақстан экономикасындағы өңдеуші кәсіпорындар
Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі
Алматы қаласының ақ «АБДИ компаниясының» кеңсе тауарлар әлемі
Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz