Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі



КІРІСПЕ

I.ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ

1.1.Қылмыс құрамының элементтері және белгілері
1.2 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
1.3.Қылмыс құрамының түрлері
1.4.Қылмыс құрамы және қылмыстық дәрежелеу

II.ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІСІ
2.1. Қылмыс обьектісі туралы түсінік және оның мәні
2.2. Қылмыс обьектісінің түрлері
2.3. Қылмыстың заты


ҚОРЫТЫНДЫ

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді.
1. Алауханов Е. “Қылмыстық құқық” (ерекше бөлім) А – жеті жарғы 2001-224 б.
2. Ағыбаев А.Н. “Қылмыстық құқық”. Жалпы бөлім (оқулық толықтыру. 3-бас) А., Жеті жарғы. 2001-352 б.
3. Ағыбаев А.Н. “Қылмыстық құқық”. Ерекше бөлім. Оқулық өңделген, толықтырылған. 2-бас. 2002 ж – 21 желтоқсанға дейінгі өзгертулермен толықтырулар ескерілген – А., Жеті жарғы 2003 – 560 б.
4. Ағыбаев А.Н., Баймурзин Г.Ы. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть (учебно-методическое пособие) Алматы, 1998.
5. Борчашвили И.Ш. Рахимжанова Г.К. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. (Учебно-методическое пособие) - Караганда, 1998г.
6. Борчашвили И.Ш., Рахметова С.М. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Ч. 1-2. Под.ред. / Алматы, 1999-2000 гг.
7. Сборник Постанавлений Пленума Верховного суда Республики Казахстан (1992-2002).-Алматы, 2002.
8. Курс советского уголовного права. М., 1970, т. 1-6.
9. Курс советского уголовного права. М., 1968, т. 1-5.
10. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан: / отв. Редактор: Чл-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш., к.ю.н., доцент Рахимжанова Г.К. Караганда, РГКПО Полиграфия, 1999.
11. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс РК/Отв. Редактор: Чл-корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили И.Ш., Караганда, 2000 г.
12. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс РК и Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан: Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М. Оразалиева -Караганда: Кар ЮИ МВД РК им Б.Бейсенова, 2003.
13. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. (8.10.98ж.
өзгерістермен).
14. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997ж. (9.07.1998ж. 10.07.1999ж., 23.07.1999ж., 5.05.2000ж., 16.03.2001 ж, 21.12.2002ж. өзгерістермен толықтырулар).
15. Правила судебно-медецинской оценки тяжести вреда здоровью. Приказ №240 от 4 мая 1998г. Бюллетень Следственного департамента МВД РК. Астана. 1998. №2.
16. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для вузов. Под ред. д.ю.н., профессора И.И. Рогова и к.ю.н., профессора, С.М. Рахметова . Алматы, ТОО Баспа 2001 г.
17. Уголовное право Республики Казахстана (Особенная часть).
18. Учебное пособие: В 2-х Под ред. И.Ш. Бочашвили., СМ.Рахметова. Алматы; 1999-2000г.г. М.М. Оразалиева Караганда: Кар ЮИ МВД РК им Б.Бейсенова, 2002.
19. Уголовное право России. Учебник / Отв. ред. д.ю.н., профессор Б.В. Здравомыслов.-М.: Юрист, 1996.
20. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть: Учебник под.ред. Г.Н.Борзенкова и В.С.Комиссарова. И., Олимп, 1997.
21. Уголовное право. Особенная часть: Учебник для вузов. - М., издательство группа ИНФРА М. - М – НОРМА, 1998.
22. Уголовное право. История Юридической науки. - М., 1978 г.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ элементері

1.1.Қылмыс құрамының элементтері және белгілері

1.2 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
1.3.Қылмыс құрамының түрлері
1.4.Қылмыс құрамы және қылмыстық дәрежелеу

II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІСІ
1. Қылмыс обьектісі туралы түсінік және оның мәні
2. Қылмыс обьектісінің түрлері
3. Қылмыстың заты

ҚОРЫТЫНДЫ

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың
дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана
өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім
теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар
жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы
мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын
жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік
маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану
тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар
көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен
адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам
өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет
арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен
міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық
акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады.
Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-
әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық
нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік
сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын
орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың
сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге
жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған
өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың
ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды
жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі
айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі
заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі
болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи
анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну
және осының негізінде қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс
белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана
қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану
үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану
актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс
түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара
байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз
біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір
ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың
мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау
процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру
құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын
алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы
құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен
байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі
ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі
ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды
қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты
саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен
сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі
негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген
құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы Қылмыс құрамы
саралаудың заңдық негізі деп аталады. Аталған тақырыптың маңыздылығы
біздің пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден
қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады
ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық
салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмысты саралаудың теориялық
мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы
ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден
қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс
болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде
қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама
қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін
жоғалтуға бастау болады. Біздің ойымызша такырыптың тағы бір өзектілігі
отандық заң тану ғылымында жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып
табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі
қылмысты саралау тақырыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық
ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген ғылыми еңбектердің бұдан біраз
уақыт бұрын жазылғандығының және оларды тауып жұмысты орындау барысында
пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі екендігі. Аталған тақырыпқа біршама
толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс
тілінде жазылған Теоретические основы квалификации преступлений атты
еңбегін және аталған автордың Общая теория квалификации преступлений деп
аталатын еңбектерін біз өз жұмысымызға пайдаландық. Академик В.Н.
Кудрявцевтің жұмысында қылмыс жасалуының нақты оқиғаларына қылмыстық
заңның қолданылуының логикалық және құқықтық негіздері зерттеліп
қарастырылған. Атап өтуге тұрарлық келесі зерттеу жұмысы Б. А. Куриновтың
Научные основы квалификации преступлений деп аталатын еңбегі. Отандық
ғалымдардан біз жұмысымызды орындау барысында В.
Сергиевский мен С. Рахметовтың Квалификация преступлений атты еңбегін
пайдаландық. Солармен бірге дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларында
қылмыстық құқық бойынша А.Н. Ағыбаевтың; Н.И. Ветров пен Ю.И. Ляпуновтың;
Н.Н. Смирнованың; Н.А. Беляев пен М.И. Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды.
Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі атты тақырыпқа жазылған дипломдық
жұмыстың мақсаты: Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы
маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық
мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға
беру болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының
маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін
саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың
белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей
міндеттер қояды:
1) Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау
жасау
2) Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып көрсетіп қылмыс
құрамының құрылымдық элементтеріне талдау жасау.
3) Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық
нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың өзіндік
ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын
үш тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп
санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік
негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты
қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз.Дипломдық
жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын қазіргі
қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген
Қылмыстық Кодексі табылады.

1 – ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҮРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ

1.1. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

Қылмыс құрамы — бұл бірініші кезекте тиісті қоғамаға қауіпті іс-
әрекеттерді анықтауға мүмкіндік беретін обьективті және субьективті
элементтердің жиынтығы. Келтірілген тезис қылмыс құрамының барлық
элементтері оларды көзқарас таным тұрғысынан екі топқа бөлуге мүмкіндік
береді: обьективті жәнес субьективті элементтер тұрғысынан оларды екі топқа
бөлеміз, олардың әрқайсысы осы элементтердің тобына бөлінеді. Объективті
элементтер объектіден и объективтивтік жақтан, субъективті — тиісінше
субъектіден и субъективтік жақтан тұрады.
Қылмыс құрамының элементтері өзара тығыз байланысты. Егер істелінген
іс-әрекетте осы белгінің біреуі болмаса, толықтай алғанда қылмыс құрамы
және қылмыстық жауаптылық жоқ деп пайымдауға мүмкіндік береді. Қылмыс
құрамы нақты қылмыс құрамдарының нақты белгілерін анықтау және жалпылау
негізінде қылмыс құрамының жалпы ұғымын анықтады, ол өз кезегінде ҚК-тің
Ерекше бөлімінде көзделген элементтердің сипаттамасын беретін барлық
құрамдарға тән элементтерді сипаттайды.[2, 20]
Құқықтық әдебиетте жалпы мойындалғандай, әр қылмыс құрамында оның
төрт міндетті элементі болады: обьект, обьективтік жағы, субьектісі және
субьективтік жағы орын алған.Қылмыс құрамының элементтері өзара тығыз
байланысты. Еге істелінген іс-әрекетте ең болмағанда олардың біреуі
болмаса, яғни қылмыстық жауаптылық негіздері де болмайды.
Қылмыс обьектісі деп қылмыстық заңмен қорғалған және оған зиян
келтіретін игілікті (әлеуметтік құндылықтарды) айтамыз.Мұндай игілік
ретінде отандық қылмыстық-құқықтық ғылым қылмыстық заңмен қорғалған
қоғамдық қатынастарды таниды.
Адам мінез-құлқының сыртқы жағын сипаттайтын белгілердің жиынтығы
қылмыстың обьективтік жағын құрайды.Бұл белгілерге мыналар жатады: қоғамға
қауіпті іс-әрекет (белсенді мінез-құлық) немесе әрекетсіздік (енжар мінез-
құлық), мысалы, ұрлық- бөтеннің мүлкін заңсыз ұрлау немес қызметтегі
әрекетсіздік.
Қылмыстардың көптеген құрамдарының обьективтік жағына әрекет немесе
әрекетсіздік, қылмыстық зардап, себепті байланыспен адамның іс-әрекеті
құрайды.
Ұрлық немесе басқа да ұрлаудың нысандары, осылардың нәтижесінде
меншік иесіне немесе мүліктің басқа де иелеріне зиян келтіріледі, ал адам
өлтіру құрамына кінәлінің әрекетімен жәбірленушіге өлім келтіріледі.
Аталынған белгілерден басқа қылмыстың обьективтік жағына қылмыс
жасау жағдайы, уақыты, орны, тәсілі, қылмыс жасау құралы және қаруы
жатқызылады.
Қылмыс субьектісі деп қылмыс жасаған кез келген тұлға және белгілі
бір қылмыстық заңдармен көзделінуі тиісті. Бұған жататындар есі-дұрыстық,
белгілі бір жасқа толу, кейбір жағдайларда арнайы белгілер (лауазымдық
жағдайы, кәсібі және т.б) жатқызылады.
Қылмыстың субьективтік жағын адамның ішкі психологиялық мінез құлқын
сипаттайтын белгілер: кінә, ниет және қылмыстың мақсаты құрайды.
Қылмыс құрамының әр көрсетілген элементтері арнайы зерттеуді қажет
етеді, сондықтан осы тарау шеңберінде оның жалпы анықтамасы және мәні
берілген.[16, 75]
Теорияда негізгі (міндетті, жалпы) белгілер және арнаулы белгілер
(факультативті, қосымша) деп бөлінеді.Негізгі белгілер- бұл әр қылмыс
құрамында кездесетін белгілер, осы белгілердің ең құрығанда біреуі болмаса
қылмыс құрамының болмағандығы туралы айтуға болады. Негізгі белгілерге
жататындар: қылмыс обьектісінде- қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар жатады, обьективтік жағына (әрекет немесе әрекетсіздік),
субьектіге (есі-дұрыстық жасы, субьективтік жаққа- кінә жатқызылады.
Қылмыс құрамының арнаулы белгілерін заңшығарушымен қылмыстардың
барлық жекелеге құрамдарын құрастыру барысында негізгі белгілерге қосымша
белглер ретінде жатқызылатын белгілерді айтамыз.Обьектідегі арнаулы
белгілер деп оның құрылымы, мазмұны , соның ішінде қылмыс заты да
жатқызылады, обьективтік жағы ретінде- зардап, себепті байланыс, жағдайы,
уақыты, орны, қылмыс жасау тәсілі мен уақыты танылады.Субьектіде- лауазымды
немесе қызметтік жағдайы, соттылығы және т.б. танылады. Субьективтік жағы
ретінде- ниеті және мақсаты танылады.
Бұл жерде мынаны айта кету қажет: қылмыс құрамын негізгі және арнаулы
деп бөлу таза теориялық тұрғыдан маңызға ие және нгізінен қылмыстық
құқықтан дәріс берк кезінде қолданылады.

1.2. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың анықтамасы кез - келген қылмысқа тән құқықтық және
әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер (қылмыстық құқыққа қарсылық,
қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын
құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға
көмектеседі. Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші
қылмыстан ажыратуға болмайды. Мысалы, ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі
өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге
ие. [10, 95]
Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір - бірінен
ажырату үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен
алаяқтықты) қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын ғылыми негізді зерттеуде А.Н.
Трайнин үлкен үлес қосқан1.
Қылмыстық құқықтық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып
табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен
белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп
түсіндіріледі. Қылмыс құрамының түсінігі, теорияға қылмыс құрамының
элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың
объектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Яғни, бұл
элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс
екінші бір қылмыстан ажыратылады. Қылмыс объектісі - қылмыстық қол
сұғушылықтың нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы
қол сұғушылықтан қылмыстық кодекстің 2 - бабының 1 - ші бөлігінде
көрсетілген: адам мен азаматтың қүқықтары, бостандықтары мсн заңды
мүдделері, меншіктің, үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастағы, қоғам мен мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе
зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі шартты жағдайларда осы
зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті
әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар
қылмыстың объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптың басқа қоғамға қауіпті әрекет
пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себептік байланыстар, қылмыс
жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты және жағдайлары
жатады.[20, 56]
Қылмыс субъектісі болып, дені сау, қылмыс жасаған және жасаған әрекеті
бойынша қылмыстың жауаптылыққа тартылуға қабілеттілігі бар жеке түлға.
Мұндай қабілеттілік қылмыстың жауаптылық басталатын жас шамасымен (ҚР ҚК-
нің 15-бабы) және тұлғаның ақыл-есінің дұрыстығының, яғни өзінің істеген іс-
әрекетіне жауап беретін және оны басқара алатындығымен анықталады. Мүндай
қабілеттілікті жоққа шығаратын ақыл-есінің дүрыс еместігі жөнінде ҚР ҚК-нің
16-бабында көрсетілген. Кейбір шет ел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында
жеке тұлғалардың жауаптылығымен бірге заңды тұлгалардың қылмыстық
жауаптылығы бар екендігі жөнінде айта кету керек. Айталық, Нью-Йорк
штатының ҚК-де кейбір қылмыстардың субъектісі болып корпорациялар табылады.
Яғни оларға арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар
қолданылады. Заңды тұлғаларға қылмыстық - қүқықтық санкцияларын қолдану
(мысалы, экологиялық зиянды өндіріс орындарына) ондай өндіріс орындарының
иесіне немесе басшысына "тисін" деген мақсатпен емес, сол өндіріс орнының
барлық қызметкерлеріне бірдей экологиялық зиянды өндіріспен айналысу
экономикалық пайдасыз екенін көрсету.
Еуропа кеңесінің жанындағы қылмыс мәселелері жөніндегі комитет 1978
жылы еуропалық мемлекеттің заңгерлеріне заңды түлғаларды экологиялық
қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тану жолына тұру керек
дегенді үсынған. Мүндай үсыныс қазіргі кезеңде Англияның қылмыстық
заңдарында және Францияның жаңа қылмыстық кодексінде жүзеге асырылған.
Әрине, заңды тәжірибеде жеке түлғаның жауаптылығымен бірге занды тұлғаның
жауаптылығын көрсету, бүл прогресс пен демократияның салмақты жетістігі
болып табылады. Сондықтан да ол жалғыз ғана мүмкіндік болып табылатын
жерлерде, ол мүлтіксіз болу керек. Ал, өмірдің өзі осы қағиданы пайдалануды
яғни заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ұсынса, онда ол
алғашқысымен бірге өмір сүре алады және ол оны толықтыра түседі. Қылмыс
қүрамының субъективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекетіне немесе
әрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті зардаптарына байланысты
психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып табылады. Бұған кінә және
оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен себептері жатады (ҚК-тің 19,20,
21-баптары). [14, 22]
Қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субьективті
белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады.
Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста
болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең
алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен құрастырылады. Бірақ қылмыс құрамының
белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар
қылмыс құрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне
арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс объектісінің
түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субъективті жағының белгілері
туралы 14-16-баптарда қылмыстың субъектісі туралы, 27-31-баптарда алдын -
ала және бірлесіп жасаған қылмыстың әрекеттері туралы айтылады. [14, 26]
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті және
факультативті. Ешқандай құрамның сол белгілерсіз сипаты болмайтын белгілер
қажетті деп аталады. Сондықтан олар кез - келген қылмыс құрамының белгісі
болып табылады. Мұндай белгілердің жоқтығы кез-келген қылмыс құрамының
жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және қылмыстың заңмен
рұқсат етілмеген әрекет еткен адамның ақыл - есінің дұрыстығы.
Факультативті белгілер деп қылмыс құрамы үшін міндетті, ал екінші бір
қылмыс құрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы, ауырлататын
мән - жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немесе бұзақылық
сияқты себеп ең керектісі болып табылады және ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-ші
бөлігі "3" және "И" тармақтары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал
қасақана ұрып соққаны үшін (ҚК-тің 106-бабы) себеп қылмыс құрамына ықпал
етпейді, сондықтан да ол факультативті болып табылады. Бірақ қылмыс
құрамының бар ма, жоқ па екеніне әсер етпесе де факультативті белгілер
қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Олар жаза тағайындаған кезде
жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады.
Айтып өткендей қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда қаралады.
Бұл барлық белгілер ҚК-тің арнайы баптарының дизпозициясында міндетті түрде
аталады деген сөз емес, бірақ қылмыс құрамының көпшілігіне байланысты бұл
жағдайлар ҚК-тің диспозициясында көрсетілген. Бұл бойынша В.Н.Кудрявцев
былай дейді, "заң шығарушы шын мәнінде құрамды емес, қылмыстық - қүқықтық
нормаларды құрайды, ал оларда қылмыс құрамының белгілері аз мөлшерде немесе
көп мөлшерде болсын толығымен айтылады. Бұл белгілер адамның санасынан
тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа
тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде, заңда осы белгілерді дәл және
тереңірек тауып анықтау болып табылады. Сондықтан да заңның баптарының
дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі
толығымен емес"1. Сонымен, қылмыс құрамының қажетті немесе факультативті
белгілерін анықтау қылмыстық заңға түсінік беру барысында пайда болады.[14,
15]
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс
құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір
негізі болып табылады, - деп атап өткен. Қылмыс құрамы қылмыстық
жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да
нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сәйкес, егер жасалынған
әрекетте қылмыс құрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған
қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан өндірістен қысқартылуға жатады.
Сонымен қатар сот үкім шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелінген
әрекетте қылмыс құрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. Егер
жасалынған іс - әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы анықталса, онда сот ақтау
үкімін шығарады. Ал қылмыс құрамының жоқтығы деп біз жеке тұлғаның істеген
іс-әрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс құрамының бір белгісінің болмауын
айтамыз. Демек қылмыстық қүқықтағы қылмыс құрамының мәні сол, ол қылмыстық
жауаптылыққа тартудың бірден - бір және жеткілікті көрсеткіші болып
табылады.

1.3.Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі
белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарга бөлінеді. Қылмыс
құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың
түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру
болып табылады.
Қылмыс құрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:
1. іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі.
2. қылмыс құрамын суреттеу тәсілі.
3. қылмыс құрамының құрылымы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларына
байланысты қылмыс құрамы негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән -
жайлар болып екіге бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы деп, қылмыстың іс - әрекеттерінің белгілі бір
түрінің негізгі және тұрақты белгілерінен тұратын, сондай-ақ ауырлататын
және жеңілдететін мән - жайларсыз құралған құрамды айтамыз.
Айталық қасақана адам өлтірудің негізгі құрамы ҚР ҚК-тің 96-бабының
ішкі бөлімінде кісі өлтіру деп басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза
келтіру деп көрсетілген. Айтылған анықтамада қасақана кісі өлтіруге
байланысты нақты және тұрақты белгілері ғана көрсетілген, ал ауырлататын
және жеңілдететін мән - жайлар көрсетілмеген. Демек, негізгі қылмыс
құрамында қандай да болмасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән - жайлар
керсетілмейді.[17, 41]
Егерде қылмыс құрамында іс - әрекеттің негізгі белгілеріне қоса
жеңілдететін мән - жайлар көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы
жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамы деп аталынады.
Мысалы: жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-тің 97- б.). Жан
күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ҚР ҚК-тің 98- б.), қажетті қорғаныс
шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК-тің 99- б:), қылмыс
жасаған адамды ұстау үшін кажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған
кісі өлтіру (ҚР ҚКІОО - б.). Осы келтірілген мысалдарға, негізгі белгілерге
қоса қосымша белгілере яғни жеңілдететін мән - жайлар керсетілген. Жан
күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі – жәбірленушінің
күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға
қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен болған, кенеттен пайда болған
субъектінің жан күйзеліс жағдайы (қылмыс құрамы жеңілдететін мән -
жайлармен).
Қылмыс құрамында негізгі белгілермен қоса ауырлататын мән -жайларда
айтылса, бұл дәрежеленген құрам, я болмаса іс - әрекетті қауіптілік қылып
көрсететін ауырлататын мән - жайлары бар құрам деп айтылады.
Дәл осындай құрам ҚР ҚК-тің 96 - бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген.
Бұл бапта ауырлататын мән - жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-
н тармақтарындағы) көрсеткен, және ол белгілер мейлінше толық қамтылған
белгілер болып табылады.
Кейде жасалынған қылмыстық ауырлық дәрежесіне қарай заң шығарушы
дәрежеленген қылмыс құрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мән -
жайлары бар қылмыс құрамы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-
бабының 3-ші және 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс құрамы болып
табылады.[13,27]
Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және
күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.
Жәй қылмыс құрамы деп - қандай да болмасын қылмыс құрамы
элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚР ҚК-тің 175- б. Демек, жәй
қылмыс құрамында бір іс-әрекетпен бір ғана объектіге қол сүғушылықты
сипаттайды.
Күрделі қылмыс құрамы деп, - қандайда болмасын қылмыс құрамының
элементтерінің қиындатылған белгілері бар құрамды айтамыз. Күрделі қылмыс
құрамында екі бірдей объект, екі бірдей әрекет және кінәнің екі бірдей
нысаны болады. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде қиянат жасаушы екі бірдей
объектіге қол сүғады (меншік және адамның денсаулығы). Кінәнің екі бірдей
нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс - әрекетті
қасақана жасауы бірақ, одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен қарауын
айтамыз. Мұндай жағдайға мысал келтіретін болсақ ҚР ҚК-тің 103-бабы 3-ші
бөлігі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен қатар жәбірленушінің
өліміне абайсыздықпен қарауы.
Қылмыс құрамын олардың құрылымына қарай бөлудің тәжірибелік маңызы
зор. Осы құрылымына байланысты қылмыс құрамы материалды, формалды,
қысқартылған қылмыс құрамы болып екіге бөлінеді.
Жасалынған қылмыстық іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) салдарынан заңда
көрсетілген белгілі бір зардаптың түсуін қажет ететін қылмыс құрамы,
материалды қылмыс құрамы деп аталады. Демек, мұндай қылмыс құрамы қылмыстық
іс-әрекет жасалған кезде емес, содан белгілі бір зардап түскен уақытта
аяқталған болып табылады. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (ҚР
ҚК 307- б.). [12, 31]
Формальды қылмыс құрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-әрекеттен
(әрекетсіздіктен) белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін құрамды
айтамыз. Мұндай құрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптың түскен
-түспегенің қажет етпей - ақ жасалынған қылмыстық іс-әрекеті болса
аяқталған қылмыс болып табылады. Мысалы, пара беру (ҚР ҚК 312-6.). Пара
қандай түрде берілсе де оның келтірілген зардаптарына қарамай -ақ ол
аяқталған болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезеңін қылмыстық іс -әрекеттің
алдын-ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мұндай қылмыс құрамының
құрылымы қысқартылған қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, бандитизм (ҚР ҚК
237-6.). Заң бойынша бұл қылмыс аяқталған болып банда ұйымдасқан кезең
болып есептеледі.

1.4. Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе
әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы
бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамьның
белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау -
бұл қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.
Қылмыстық әрекетті дүрыс дәрежелеу қылмыстық құқық қағидаларын,
сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал қылмысты дұрыс
дәрежелемеу әділділік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы дұрыс
көзделмейді. Әділділік, жазаның мақсаты тек қылмысты дұрыс дәрежелегенде
ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегенде қателесу ауыр зардаптарға
әкеліп соғады (негізсіз ауыр жаза тағайындау, ұзақ мерзімге бас
бостандықынан айыру).
Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір
адамға жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның істеген іс-әрекетін
бүзақылық үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жылға дейін
бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (ҚР ҚК 257- б. 1-ші бөлігі),
ал денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 105- б.)
бір жылға дейін мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге
қамауға жазаланады.[11, 41]
Қылмысты дұрыс дәрежелеу қылмыс жасаган адамның құқықтарының
сақталуына кепілдік береді.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз - бүл қоғамға қауіпті іс-әрекетті
қамтитын қылмыстың заңды толық қолдану және қылмысқа дұрыс қылмыстық-
құқылық баға беру.
Қайсібір әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін ең алдымен кінәлінің істеген
әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын
мәніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен және қылмыс істелген
уақытындағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің
өзі кінәлінің істеген қоғамга қауіпті әрекеттерінің сипатына, кінәлінің
жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған
әрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты.
Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше белімнің қайсы
тарауын болмасын зерттегенде, оның ішінде бір-біріне барлық белгілері сай
келетін қоғамға қауіпті деп тапған екі қылмысты әрекетті таппайсыз.
Сондықтан қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін әрбір жеке қылмыстың
белгілерін білу айрықша қажет болып табылады. Мұны білу қылмысты бір-
бірінен ажыратуға, оларды бір-бірімен араластырмауға, сөйтіп қылмысты
дәрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді. [21, 17]
Қылмыстың жеке құрамдарын зерттегенде, әрбір қылмыстың неге қарсы
бағытталғанын, оның қандай мүддені бұзатындығын, кімге немесе неге зиян
келтіру мүмкіндігі барлығын анықтау қажет. Сонымен қатар қылмыс құрамының
барлық элементтері бойынша шынайы жағдайларды қылмыстық-қүқықтық
нормалармен салыстыру керек. Жалпы ереже бойынша дәрежелеу процесі ең
алдымен қылмыстың объектісі мен объективтік жағын анықтаумен басталып,
субъектісі мен субъективтік жағын анықтаумен аяқталады. Барлық жағдайлар
қылмыстың заңға қарастырылған қандайда болмасын қылмыс құрамының
элементтері мен белгілері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Пәндер