Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздері
1. 1 Оқушылар ұйымының пайда болу тарихы . . . 6
1. 2 Оқушылар ұйымының мiндеттерi мен мақсаттарын айқындаудағы теориялық еңбектер . . . 14
1. 3 Қазақстанда оқушылар ұйымының ұлттық тәрбиеге негiзделген моделі . . . 22
2. Оқушылар ұйымында тәлім-тәрбие жүйесін пайдаланудың жолдары
2. 1 Оқушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған “Атамекен” бағдарламасының мазмұны мен ерекшелiктерi . . . 38
2. 2 Мектептегi тәрбие жүйесiнде ұлттық тәрбие әдiстемелерiн
пайдалану жолдары . . . 53
2. 3 Эксперименттiк бақылау жұмысының нәтижесi . . . 56
Қорытынды . . . 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы әрі парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық. Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформаларына қатысты түбегейлі бетбұрыстар - қоғамдық ортадағы адамдардың өзгеше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болғаны рас. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының басқа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Бұл құбылыс - бiлiм параметрлерiнiң заман талабына сай неопедагогикалық- неопсихологиялық сипат алуына мүмкiндiк туғызуда.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың профессионалдық деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. . ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады . . . ”, - десе, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын «мемлекеттік «Мәдени мұра бағдарламасы» негізінде бүгінгі ұрпақтардың бойына ұлттық патриоттық сезімдерді қалыптастыру керек . . . » деп, баяндалған аманатында ұлт болашағы мен ұрпақ тағдырына деген зор жауапкершiлiктің биігін көреміз. Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының (№200, 10. Х. 2006) дүниеге келуі - бүгінгі жас ұрпаққа халық дәстүрлері мен құндылықтары негізінде ұлттық тәрбие берудің маңыздылығын арттыра түседі.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi - аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарында этнопедагогика мұраларын барынша пайдалану - басты талаптардың негiзi болуы шарт.
Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi, әсiресе сыныптан тыс жұмыстар, қоғамдық ұйымдар негiзiнде тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың өзiн-өзi басқару жүйесi мәселелеріне арналған еңбектердiң көпшілігінде жан-жақты қарастырылғаны байқалады. Сонымен қатар, аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағаны байқалады. 1980 жылдардың аяғына таман көптеген мектептерде ұзақ жылдар бойы оқушылар арасындағы шығармашылық қарым-қатынастың тұтқасы болып келген пионер ұйымдарының жұмыс жүйесіне негізделген оқушылар ұйымдары және олардың ұжымдық құрылымдарының дағдарыстарға ұшырауы - орта мектептердегі бұрыннан тәжірибе жинақтап келген оқушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тәлім-тәрбиелік жұмыстарын одан ары тиімді ұйымдастыруды қиындатты. Оның негізгі себептерінің бірі - оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және бірыңғай тәртіп пен саясатқа бейімделе жүргізілгенінен деуге болады. Осы мәселе төңірегіндегі педагогикалық зерттеулер негізінен мектептегі оқушылар ұйымында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру - бірыңғай тәртіп пен авторитарлы-педагогикалық жүйеге сүйенген пионер жұмысымен тығыз байланыста қарастырылды.
Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері - оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттігін туындатқаны анық еді.
Оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделі бойынша жұмыс арқару қажеттігі дипломдық жұмыс тақырыбымның өзектілігіне айғақ болды.
Зерттеу нысаны: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Ғылыми болжам : Егер халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды, өйткені оқушыларға әлемдік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді кіріктіре меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық тәрбие беруге негізделген жаңа моделі бойынша жұмыс жасай отырып, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
Зерттеудің мiндеттерi:
- Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы саралау;
- Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеу;
- Мектептегі оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданылуын бақлау арқылы зерттеп, сараптама жасау;
- Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің моделдерін қарастырып, оны іске асырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу базасы: Алматы қаласының Шона Смаханұлы атындағы № 62 гимназиясы. Эксперимент жұмысына 20 оқушы қатысты, ондағы 10 оқушы эксперимент тобында, 10 оқушы бақылау тобында болды.
Зерттеу кезеңі 2009-2010 жылдарының екінші жарты жылдығын яғни 2010 жылдан бастаплған III-IV тоқсан аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысы кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
1. Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен
теориялық негіздері
1. 1. Оқушылар ұйымының пайда болу тарихы
Оқушылар ұйымы - балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен жас өскiндердiң шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Демек, бiздiң қарастырып отырған объектiмiздiң пайда болуы және оның пайда болуына әсер еткен факторлар мен басқа құбылыстарды ажырату мен талдау - кез келген проблеманы терең зерттеу жұмысына негiзгі тұтқа болары хақ.
Оқушылар ұйымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие және басқа атаулармен тығыз байланыста дами отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылып келеді. Оқушылар ұйымын - балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кездеседі. Бұл жөнінде Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегідей анықтама беріледі: “. . Балалар ұжымы - қоғамға пайдалы әрекет жасауда (еңбек ету, қоғамдық шығармашылық қызмет, білімін шыңдау, туристік-өлкетану жұмыстарымен айналысу т. б) өз алдына үлкен мақсат қойып, көздеген игіліктеріне жету барысында ұжымды тұрғыда бірлескен балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық топтасулары.
Аталмыш қоғамдық топтасудың (ұйымдасудың) негізгі ерекшелігі - бір мақсат пен бір мүддедегі іс-шараларды бірлесе отырып атқару болмақ. Балалар ұжымының ересек адамдар ұжымынан өзгешелігі - олардың іс-әрекеттеріне ұстаз-педагогтар мен тәрбиеші-тәлімгерлердің бағыт-бағдар беріп жасауы қажет.
Сондай-ақ ұжым туралы салааралық ғылыми түсіндірме сөздіктерде: “. . ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарындағы оқитын студенттердің, оқушылардың тобы” және “. . Ұжымтоп - мектеп және мектептен тыс тәрбие ұжымы кеңесінің шешімі бойынша құрылған оқушылар ұйымының негізгі құрылымдық бөлігі. . ”, - деп, анықтама береді [1] .
Балалар мен жасөспірімдер өздерінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында ұжым мүшелерінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып, демократиялық принцип негізінде оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құрып, кешенді тәлім-тәрбиелік жұмыстар жүргізеді. Ұйымның рәміздері, шығармашылық әрекеттерінің әдістері мен тәсілдері, құрылымы мен рәсімдік белгілері - ұйым қабылдаған құжаттардың міндет-мақсаттарына сәйкестендіріле отырып жүргізіледі. Сонымен бірге Педагогикалық сөздікте: «. . Мектеп ұжымы - мектептегі тәрбие жұмысы жүйесінің ордасы болып табылатын, бір-бірімен тығыз байланысқан мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналар комитетінің бірлескен педагогикалық топтасулары. Мектеп ұжымы мектепте қызмет атқаратын және тәрбие мен білім алатын адамдарды біріктіре отырып, педагогикалық басқаруды және оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымдарын, өздерінің міндет-мақсаттарына сай жүргізілуін қамтамасыз етеді» - делінген.
Оқушылар ұйымындағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәніне Луначарский А. В, Крупская Н. К, Макаренко А. С, Сухомлинский В. А, Блонский П. П, Лебединский В. В, Бабанский Ю. К, Болдырев Н. И т. б тоқталып өткен.
Макаренко оқушылар ұйымының қалыптасуы - мектеп практикасында 3 этаптан (стадиядан) өтеді деп санаған. Бiрiншi этапқа мектеп өмiрiнде болып жатқан жаңалықтарға қызықпайтын, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда белсендiлiк танытпайтын, белсендi көсемдері (лидерлерi) шамалы ұжымды жатқызса, 2 этапқа балалар ұжымының көпшiлiгi өз жауапкершiлiктерiн онша сезiнбейтiн, бiрақ араларында ұйым жұмысын қызықты iстердi ұйымдастыру арқылы жақсартуға тырысатын бiрен-саран санаулы ғана оқушылар кездесетiн ұжымды, ал 3 этапқа мектептегi қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, сынып жетекшiсi және басқа ұстаздардың тапсырмаларын орындауға ат салысатын белсендi ұжым мүшелерiн жатқызады.
Макаренконың ойынша оқушылар ұйымы арқылы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру - тәрбие жұмысының жетекші құралы болу керек. Оның ғылыми мазмұнын ашуда педагог-ғалым төмендегідей педагогикалық шарттарды басшылыққа алған:
1. Оқушылар ұйымы және оның қалыптасу кезеңдері.
2. Ұйымның жалпы іс-әрекеттері және әрекет барысында қалыптасқан ұжымдық дәстүрлер.
3. Ұжымдық дәстүр және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру.
4. Мектептегі педагогикалық қауым мен оқушылар ұйымдары арасындағы қарым-қатынас.
5. Ұжым іс-шараларының ұйымдастырылу тәртібі.
6. Ұжымдық әрекет пен қоғамдық тәртіп. Өзін-өзі басқару жүйесі
7. Ұйым және қоғамдық орта
8. Ұжым ішіндегі жеке тұлға тәрбиелеу мәселелері
9. Ұжым ішіндегі микротоптар және оның көсемдері (лидерлері) .
10. Ұйымдық дәстүрлердің сақталуы мен салтанатты жалғасуы.
Аталмыш педагогикалық тұжырымдар бүгінгі таңдағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынастар қайшылықтары мен жетістіктерін ғылыми тұрғыда зерттеу барысында жиі кездесетін құбылыс екені анық. А. С. Макаренко балаларды ұйымдық тәрбие арқылы тәрбиелеудің маңыздылығын атап өткенімен, тәлім-тәрбие үрдісінде қатал тәртіпті сақтаудың қажеттігін талап етіп отырған. Оның ойынша, педагогикалық этикадан тым алшақ кетпеген, қатал тәртіп жүйесін тәрбие жұмысымен байланыстыру - ұжым мүшелерін бұрынғыдан бетер ұйымдасуларына ұйытқы болады деп санаған. Бұл жөнінде ол: “. . Мен әлі күнге дейін қалыптаспаған, бірақ түбі Кеңестер Одағында негізі қаланатын арнайы тәрбие тәртібінің ережесін жасауды қалаймын. Ол ережелер аталмыш шарттарға негізделуі керек деп санаймыз:
1. Сыйластық пен талап қою;
2. Шынайы ниеттілік пен еркін әрекет;
3. Ғылыми қағидаларға сүйену (принципшілдік) ;
4. Қамқорлық және назар аударушылық, білім негіздері;
5. Жаттығулар;
6. Шынығу;
7. Еңбеккерлік;
8. Ұжымдық;
9. Отбасы және балалық шақ;
10. Бала қуанышы мен ойындары. Баланы жақсы көру мен жазалау шараларының шектеулігі;
11. Марапаттау мен сөгіс беру мөлшері. . ”, - атты ой-пікірлерінде бала тәрбиесінде педагогикалық талаптарға негізделген қаталдық пен тәртіп шараларын қолдануды ұсынғанын көреміз [2] .
Этнотәлiмдiк құндылықтардың тарихи сабақтастығының халық тұрмысындағы бейнесi - ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi ата-бабаларымыздың эмпирикалық тәжiрибелерi. Демек, ұлттық тәлiм-тәрбие ата-бабаларымыздың көне дәуiрден бүгiнге дейiн жас ұрпақ өкiлдерiне жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық қасиеттер негiзiнде сапалы бiлiм һәм саналы тәрбие беру жөнiндегi тәжiрибелер жиынтығы деп анықтама беруiмiзге тура келді. Бiздiң ойымызша ұлттық тәлiм-тәрбие дүниесiн қалыптастырушы екi заңдылық бар деп есептеймiз. Бiрi - халықтың тәлiм-тәрбие жетiстiктерiнiң жалпыадамзаттық ой-таным мен ұлттық психологиямен бірлігі мен тұтастығы, екiншiсi - аталмыш дүниелер синтезiнен туындаған әдiс-тәсiлдер жиынтығы болмақ. Ұлттық тәлiм-тәрбие мұраларының көне замандардан берi сан қилы белестерден өтiп бiрде әкімшілдік басқару жүйесінiң идеологиялық құралына айналып, бiрде прогрессивтiк-демократиялық рөл атқарып келе жатқанына қарамастан, оның бiлiмтану мен тәлiмтану жүйесiне арқау болып келе жатқаны шындық. Қазақ халық педагогикасы мұралары негізінде мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру - жалпы адамзат мәдениетінің біртұтас бөлігі болып табылады [3] .
Ұйымдық тәлім-тәрбиенің түпкілікті мақсаты - нағыз адамды тәрбиелеу жұмысы болмақ деген. Нағыз адамды тәрбиелеудің 59 бағыттан тұратын негізгі қағидаларын В. Сухомлинский отансүйгіштік, патриоттық, отбасылық және коммунистік тәрбие тағылымдары бойынша кешенді жүргізу жүйесін ұсынады. Жұмыс сипатының кешенді жүргізілуі - оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асырылуын қамтамасыз етпек. Оның: “. . Бүгінгі күндегі басты мәселе - нағыз адамды тәрбиелеп шығару. Демек, біздің ойымызша тәлім-тәрбиелік әрекетіміз - өне бойына барша адами құндылықтарды сіңіре білген, парасатты тұлғаларды дайындау ісіне арналуы керек . . ”, - деген ой-пікірлері айтар сөзіміздің айғағы болып тұр [4] .
В. А. Сухомлинскийдiң ойынша тәжiрибелi педагог-тәрбиешiлердiң ұжымдық тәрбиенi ұйымдастырудағы басты мақсаттарының бiрi - шәкiрт санасының рухани-психикалық дүниесiне басты назар аудару керек деп санаған.
В. Сухомлинский негізінен өз еңбегін мектеп ұжымын (коллективін) қалыптастыру қажеттігінен бастайды. Ондағы айтпағы - мектептегі оқушылар мен педагог-ұстаздар ұйымының ынтымақтастығы екені анық. Ол тәрбие жұмыстарын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру идеясын және А. С. Макаренконың балалар коллективінің (ұжымының) қалыптасу кезеңдері (сатысы) туралы педагогикалық тұжырымдарын тілге тиек етеді.
Оқушы бойындағы жауапкершілік көріністері Н. Крупскаяның пайымдауы бойынша - ұжымның шығармашылық әрекеті болса, А. Макаренконың ойы бойынша - ол тәртіп. В. Сухомлинскийдің теориясы бойынша оқушылардың жауапкершілік қасиеттерінің артуы - тәрбиеші-педагогтардың гуманистік ұстанымдары. Ал, П. Блонскийдің ойынша, оқушылар ұжымының қалыптасуына сыныптағы микротоптық ерекшеліктер шешуші әсер етуі ықтимал.
Әдетте, ұйымдық топтың ішіндегі ерекше көзге түскен оқушылардың тез байқалатыны белгілі болса, онда микротоптар “жетекшілерінің” бір-бірімен қарым-қатынасы жалпы ұжымның іс-әрекет көрсеткіштерін анықтайды. Бұл құбылысты П. Блонский “ұйым көсемдерінің” (вожактардың) қарым-қатынастары деп атады. Байқап отырғанымыздай, П. Блонский ұжымдық топтасуды тек оқушылардың қоғамдық пікірлері негізінде қалыптасқан әлеуметтік құбылыс қана емес, сонымен бірге ол құбылыстар ғылыми талдаулар мен сараптамаларды қажет ететін күрделі мәселе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның басты зерттеу объектісі - ұжым өміріндегі жеке тұлғаның мінез-құлық әрекетін бақылау қажет деп санайды.
Бұл жерде “ұжым” және “ұйым”, “оқушы” және “бала” деген зерттеу объектілерге ерекше назар аударатын мәселелер жөнінде түсініктеме берген жөн. “Ұжымның” да, “ұйымның” да негізгі мақсаты бір, бірақ “ұйым” белгілі бір мақсатты көздей ұйымдасқан оқушылардың күрделі тобы болса, ал “ұжым” сол топтың ішіндегі ой-пікір, көзқарас бірлігінен туған жеке-жеке топтар.
Айталық, белгілі ұжымның озық дәстүрлерін, немесе шығармашылық жетістіктері мен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі - ұжым мен ұйымның педагогикалық тұтастығында. Олардың тұтастығы - оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге, оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруге және мектептегі педагогикалық қауымдастықпен бірлесе отырып мазмұнды-мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыртатыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын молайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжымтоптардың қажеттілігіне айналуы - мақсаты мен ой-арманы бір ұжымдардың бір ұйымға бірігуіне себепші болды. Демек, ұжым әрекеттерінің айырықша белсенділік танытуы - олардың ұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің негізін салушы американдық педагог Э. Джилль болды. Бұл жөнінде ол өзінің “Мектеп республикасы - Republic of shcool” атты еңбегінде баян етеді. Оның идеясы бүкіл Солтүстік Америка құрлығын шарпып, Ресейге дейін тарады. …”, - делінген. Американдық ғалым-педагог Э. Джилльдің “Мектеп республикасы - Republic of shcool” атты оқушылар ұжымында тұңғыш қалыптасқан өзін-өзі басқару жүйесінің пайда болуы - әлеуметтік құбылыс екені рас. Аталмыш құбылыстың қоғамдық қажеттілікті , оның педагогикалық бастама ретінде жер-жерге таралуы мүмкін болмас еді. Мұндай тәжірибелердің білім мекемелерінен қолдау табуы - оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілуіне ерекше жағдай туғызды. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған “скауттар” атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады. Бұл жерден балалар (оқушылар) ұйымының қоғамдық сипат алғанын көреміз.
Ол жөнiнде алғашқы деректер ағылшын офицерi, полковник Р. Бадэн Поуэлл (1857-1941) негiзiн салған Скауттар ұйымының құрылуынан басталады. Скаут, ағылшын тiлiнде Scouts, яғни жас барлаушы деген ұғымды бiлдiредi. Скауттар ұйымы жөнiнде орталық басылымдарда мынадай деректер келтiрiледi: “ . . . Скаутизм - балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізін құрап, буржуазиялық бағыттағы мектептен тыс тәлім-тәрбие беретін жүйе болып табылады. Скаутизмнің негізгі мақсаты - буржуазиялық қоғамның рухани құндылықтары негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Скауттар заңы бойынша, әрбір мүше өзінің тегі мен нәсіліне, әлеуметтік жағдайына қарамай, әрбір мүшеге қолынан келгенше көмек беруге, бір-біріне дос және жақын болуға даяр тұруы керек. Скаут ұйымдары ер балаларды - бойскаут (bouscouts) және қыз балаларды - (girlscouts) гирлскаут деп бөлгеніне қарамастан, екі ұйымның да көздеген міндет-мақсаттары бір болып табылады. . ”, - деген мағлұматтар берiледi. Скаутизм ұйымының идеясын насихаттау және көпшiлiкке таныту мақсатында Р. Баден-Поуэлл “Скауттарға арналған Ереже” (1898), ”Балаларға арналған скаут өнерi”, ”Ер балаларға арналған скаут Ережесi” және “Жас барлаушы” атты еңбектер жазды.
Скауттар ұйымы оқушы балалардың әр түрлi шығармашылық және әскери-жауынгерлiк тапсырмалар мен ұжым мақсатына қатысты басқа iс-шаралар атқару барысында - жеткіншектердің ұйымшыл, белсендi, көпшіл және жауапкершіл тұлға болып өсулеріне мүмкiндiк туғызды. Скауттар ұйымының көп жағдайда әскери тәртiпке бойұсынуы, яғни өздерi қабылдаған Ереженiң талаптарын әр мүшенiң қатаң сақтауына, сонымен қатар көмек қажет еткен жандарға кез келген уақытта қол ұшын беруге, өтiрiк айтпауға және сабақты үздiк оқуға дағдыландыру сезiмдерiн қалыптастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz