Спид дегеніміз не?


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты.
Тақырыбы: СПИД дегеніміз не?
Орындаған: Ж. Ә. Атаева
2006ж
СПИД дегеніміз не?
Бұрын белгісіз жаңа жұқпалы ауру жөнінде бірінші хабарлар АҚШ басылымдарында1981-жылдың орта кезіндежарық көре бастады. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша жаңа ауру адамның иммундық жүйесіне зақым тигізіп, қорғаныс қаблетінің кемдігіне әкеліп соқтырады. Сондықтан жаңа ауру «тауып алынған иммунитет кемдігінің белгілері» деп аталады. Орысша СПИД(синдром приобреттенного иммунодефицита) . СПИДпен ауырған кезде адам денесінде Т-лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының айрықша бір түрінің саны күрт төмендейді. Адамды көптеген жұқпалы аурулардан сақтауда Т-лимфоциттің маңызы зор. Сондықтан көп ауру қоздырғыштары- микробтар мен вирустар, өкпе қабыну, миға зақымдық, қанға тарау, ісік ауруының пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Дүние жүзінде, ССРО-да және Қазақ ССР-інде қанша аурулар табылды?
Қазіргі кезде СПИД-вирусын жұқтырғандар және ауырғандар дүние жүзінің бүкіл елдерінде табылып отыр. Сондай аурумен ауырған адамдардың саны күн сайын өсуде. Егер 1981-жылы бүкіл дүние жүзі бойынша тек 300-ге жуық аурулар болса, ал 1991-жылдың ақпан айында СПИД-пен науқастанған адамдардың саны 160 елде 323379-ға жетті. Аурулардың көпшілігі Америка-191137, Африка-83010 және Еуропада-45737 құрлықтарында кездесті. Еуропа елдерінің ішінде әсіресе Францияда-1345, Италияда-7576, Испанияда-7047 аурулар бар.
ССРО-да 1991-жылдың қаңтар айында есеп бойынша 1257 СПИД вирусын жұқтырған адам табылды. Соның ішінде 593 шет ел адамдары, қалған 664 біздің елдің адамдары. Ал аурулардың саны58 болды. Бәрі де Совет адамдары, олардың ішінде 34-бала бар. Осы 58 аурулардан 37 адам қайтыс болды. Қазақ КСР-інде СПИД вирусын жұқтырғандардың саны-16ға жетті. Шетел азаматтары-9, Совет азаматтары-7, олардың ішінде екеуі бала.
СПИД ауруы неліктен қорқынышты?
СПИД-ауруы пайда болғаннан ( кейін) бері адам баласының өмірі өте қорқынышты жағдайда өтуде. Өйткені, СПИД - өте қауіпті қатер, оны «XX - ғасырдың обасы» деп бекер атамаған. Қорқынышты жағдайдың себебі - ауруларды және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін дәрі - дәрмек жоқ. Тіпті жақын арада СПИД-ке қарсы қолданылғандай вакцина мен дәрілерді шығару мүмкіндігі белгісіз. Сонымен қатар, СПИД - вирусының жұғу жолдарының жасырындылығы да қорқынышты күшейтуде. Ол вирус иммунитет жүйесін зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың басруіне жағдай жасайды. Сондықтан СПИД-пен ауырған адамдар ерте болсын, түбінде мерт болатыны анық. Міне, қазір СПИД пайда болғаннан бері қаншама жыл өтті, бірақ бірде бір аурудың түгелдей емделіп, жазалып шыққаны әлі де кездескен жоқ.
Спид - ауруының қоздырғышы не?
СПИД ауруының қоздырғышы - вирус. Оны иммунитет кемдігінің вирусы(ИКВ) деп атайды. Вирус қан тарау жүйесіне түсіп, бүкіл тұла бойға жайылып, лимфосит - қан клеткаларына енеді де, олардың генетикалық құрылысын өзгертеді. Осы лимфосит клеткаларында көбейіп, клетканы жарып шығып, басқа сау клеткаларға қайта енеді. Сөйтіп, лимфосит клеткаларының саны әбден азайғанша көбейе береді. Лимфоситтардың азаюы иммунитет жүйесінің дене бойды қорғау жұмысын бұзады.
Вирустың сыртқы орта жайларына төзімділігі қандай?
Сыртқы ортаның физикалық және химиялық әсеріне вирус өте төзімсіз. Мысалы, СПИД - вирусы бар нәрсені 4 - 5 минут қайнатса, немесе 56 - 60 °С төңірегінде 30 - 40 минут қыздырса болғаны - вирустар тез өліп қалады. Спирт (70°), 3% хлоромин ертіндісі, 4% сутегі асқын тотығы және басқа да медицина саласында күнделікті қолданып жүрген дезинфекциялық дәрігер СПИД вирусын тез құртып жібереді.
Вирустың жұғу жолдары қандай?
Қазіргі СПИД - вирусының жуғы жолдарының үш түрі белгілі:
- Қорғану тәсілдерін қолданбай жыныстық қарым - қатынаста юолған кезде (ерде әйелге, әйелден ерге, ерден ерге) жұғады.
- СПИД - вирусын жұқтырған адамның қаны және сол қаннан жасалған препараттар арқылы ( қан және қан препараттарын құю кезінде) қан жұққан щпирц пен инені дұрыс тазаламай қайта пайдаланған кезде және басқа да сондай дәрігерлік құрал - саймандарды қолданған кезде жұғады.
- СПИД-вирусын жұқтырған анадан бойдағы балаға немесе дүниеге келген нәрестеге жұғады
Жыныстық қарым - қатынас арқылы вирус қалай жұғады?
Әдетте СПИД-вирусы лимфоцит клеткаларында және адам денесінің қан жасайтын мүшелерінде болады. Ал дене бойдан тысқа шығу жолдары екеу-ақ: ерлердің ұрығы және әйелдердің жыныс мүшелері арқылы. Соған байланысты, жыныстық қарым-қатынас кезінде бір адамның бойында вирус болса, екінші адамға бірден жұғады. Әсіресе гомосексуалистер вирус жұқтыру қауіпі өте зор. Оның себептері мынадай: біріншіден, гомосексуалистер өз серіктерін жиі ауыстырып тұрса, екіншіден, ерлер арасындағы жақындасу кезінде вирус ұрық арқылы екінші адамның тік ішегінің қан жолдарына тікелей түседі. Өйткені, тік ішектің кілегей қабығында қан тамыры өте көп және әр уақытта кішкене жарақат болып тұрады. Дәл осындай жағдайда вирусты жұқтыру қаупі серіктестің екеуіне бірдей күшті әсерін тигізеді. СПИД-вирусы ер мен әйелдер арасында табиғи жағдаймен болатын жақындасу кезінде де болады. Ер адам немесе әйел жыныстық жақындасу жөнінде неғұрлым әдепсіз өмір сүрсе, кез-келген танымайтын адамдармен жақындаса беретін болса, жыныстық серіктері көп болса, соғұрлым оның вирусты жұқтыру мүмкіндігі аса түседі. Вирусты тарату жөнінде ең қауіпті адамдар-бисексуалистер (ерлермен де, әйелдермен де жыныстық қатынастарда бола беретін адамдар) . Жыныстық серіктерін жиі алмастырып тұру СПИД-ті жұқтыру мүмкіндігін күшейте түседі.
СПИД-вирусы бар қан және сол қан преператтары арқылы вирус қалай жұғады?
Осындай қанды немесе оның препараттарын дәрі ретінде сау адамға құйғанда жұғады. әсіресе қан ауруымен ауырған адамдарға өте қауіпті. Қазіргі кезде қан тапсырушылардың қаны және қан препараттары СПИД-вирусы жөнінде түгелдей бақылауға алынады. Сондықтан вирустың қан құю арқылы жұғу жолына тиым салынады деуге болады. Қадағалап, бақылауға әзірше алынбай тұрған вирустың қанмен жұғу жолдарының бір түрі-бұл қан жұққан шпицті және инені дұрыс тазаламай қайтадан қолдану болып тұр. Мұндай жағдай нашақорлар(наркомандар) арасында, әсіресе нашаны қан тамырларына шприц пен егушілер арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар, шприцтерді, инелерді дұрыстап тазалап, жуып және жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін тәсілдерді нақты қолдану жағдайларын бұзса, СПИД-вирусы емханаларда да жұғады.
СПИД-вирусының тікелей жұғу жолы дегеніміз не?
Егер дене бойында СПИД-вирусы бар әйел жүкті болса, сол кезде немесе босанған кезде вирус балаға жұғады. Осыны вирустың тікелей жұғу жолы деп атайды. СПИД-вирусы екіқабаттық кезінде жатырдан өтіп, балаға да жұғуы мүмкін. СПИД-вирусын жұқтырған екіқабат әйелдерден туған балалардың орта есеппен 50% бірден ауру болып туады.
Қандай жағдайда СПИД-жұқпайды?
Спид-вирусы әдеттегі тұрмыс жағдайынада жұқпайды: қол алып амандасқанда, құшақтасып бет сүйген кезде, үй жабдықтары, кітаптар арқылы, ыдыс-аяқ, тағам азықтары, сусындар, үй есіктерінің және түрлі транспорттардың ішіндегі тұтқалар арқылы вирус тарамайды. Маса, қандала және бүргелер адамды шаққан кезде де вирус жұқпайды. Дене бойында СПИД-вирусы бар адаммен бір ыдыстан тамақ ішкен кезде, бассейнге бірге суға түссе де, бір дәретхананы пайдаланса да, тіпті бір төсекте жатып ұйықтап тұрған кезде де СПИД-вирусы жұқпайды.
СПИД-ауруының белгілері қандай?
Вирус адамға жұққаннан кейін СПИД- ауруының жасырын кезеңі басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, адам ұзақ уақыт бойы себепсіз делсал болады, оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп басы ауырады, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстіндегі бездер үлкейсе-ол аурудың өте бір күдікті белгілері болып саналады.
Жасырын кезеңнің аяғында вирустың көбейіп, иммунитет қаблетіне зақым келтіруіне байланысты, адам түрлі-түрлі ауруларға шалдыға бастайды. Мысалы, өкпе қабынуы, туберкулез, мейлінше ұсақ саңырауқұлақтардан болатын көптеген аурулар. Сонымен қатар, ісік ауруының да біраз түрлері көріне бастайды.
СПИД-вирусы орталық ми жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдылыққа шалдықтырады.
СПИД-ке қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек, вакциналар бар ма?
СПИД-вирусының ең басты қабілеті-ол өз құбылысын тез өзгертіп тұрады. Сондықтан оған қарсы тиімді вакцина жасау және ауруды дәлелдейтін тәсілдерді нақты қолдану өте қиын. Ал, дәрі-дәрмекке келсек, қазіргі кезде олардың біраз түрлері бар. Мысалы, азидотимидин немесе ретровир. Азидотимин вирустың дене бойында көбейуін тоқтатады. Бірақ, ол дәрілердің бәрі де тек аурудың дамуын бәсеңдетеді, бір жолата жазып шығуға күштері жетпейді.
Қазақстанда СПИД-пен күрсу қалай ұйымдастырылған?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz