Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі


ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ АЛАШ АВТОНОМИЯЛАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МӘНІ, КҮЙРЕУІ
Мазмұны
Кіріспе
I. Түркістан және Алаш автономиясының мақсаты
1. Қазақ елін отарлық езгіден азат ету3
2. Тәуелсіз Қазақстан құру . . . 7
3. Түркістан халықтарының біртұтастық идеясы . . . 8
II. Алаш автономиясын құру
1. Алаш автономиясын құру туралы съездер. 9
2. Жер мәселесі . . . 12
- Әскери келісім-шарт жасау . . . 13
II. Түркістан және Алаш автономиясының әлсіреуі
1. Қоқан автономиясының құлауы . . . 15
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер бойынша библиографиялық көрсеткіш………18
Кіріспе
ХХ-ғасырдын, бас кезіндегі ұлт-азаматтық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси- әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бүл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық-ұлтшылдықтың» көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды және немен аяқталды, соған тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктегі елдердің өз бостандығы үшін қуатты қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылғы 6-тамыздағы мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позициядан үгіт-насихат жүмысын жүргізе алатын саяси үйымдар жоқ еді. Міне осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстың (. Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық сьезі «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылдайды
Оралда шығып түрған «Фикер» (Пікір) газеті (шығарушысы К. М. Тухватуллин) оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялайды. Олар Б. Қара-таев, Т. Бердиев, М. Бақыткереев, И. Тоқамбердиев, X. Досмүхамедов, Н. Айтмүхамедов, М. Мүқанов, Т. Рахымбердиев және И. Дүйсембин еді («Фикер» газеті. 1905, 25 желтоқсан, № 5) .
Сонымен, саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржу-азиялық партиясы - кадеттердің ұстанған бағытымен тоғысқандығы тарихи факті. Ал осы қазақ қоғамында пайда болған алғашқы саяси ұйым шынымен де бар болғаны ресейлік кадеттердің қазақстандық филиалы ма еді, жоқ әлде оны дербес саяси үйым етерлік ерекшеліктері бар болды ма?
Қазақ кадеттерінің бағдарламасы жоғарыда аталған «Фикерде» жарық көрген. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын Заң қабылдау қажеттілігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, қазақ жүмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, тағы сол сияқты осы жылы түрлі облыстарда жазылған петицияларда көтррілген талап-тілектер айтылады («Фикер», 1905, 21 желтоқсан, № 5) .
Міне бұл келтірілген талап-тілектер жаңа ғана пайда болған ұйымның ресейлік кадеттердің қазақ топырағындағы тікелей көшірмесі болмағандығын керсетсе керек. Біз бұл арада қазақ зиялыларының ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығармаймыз. Оған дәлел ретінде біз қарап отырған мезгілде Б. Қаратаев, С. Жартөрин, Ә. Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының осы партияға мүше болғандығы, ол Бөкейхановтың 1917 жылғы жазға дейін осы партияның Орталық Комитетінің мүшесі болғанын айтса да жеткілікті. Сонымен бірге, отарлық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда б олған бұл ал ғашқы саяси ұйымның жалпыдемократиялық, жалпыұлттық мұраттар үшін күресуді өзіне міндет етіп қойғандығын жоққа шығаруға болмайды.
I-тарау. Түркістан және Алаш автономиясының мақсаты
1. 1. Қазақ елін отарлық езгіден азат ету
XX ғ. басындағы Ресей түркілерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы түркішілдік бағыттың заңды нәтижесі болып дүниеге келген, қазақ қоғамына ерекшге ықпал еткен, әрі мемлекеттік құрылым ретінде алдына қойған мақсат-мүддесі саяси-экономикалық және рухани-мәдени жағынан Алашорда ұлттық үкіметімен тарихи тамырласатын. отан тарихы ғылымьнда ерекше көңіл аударуды кажет ететін мәселенің бірі - Түркістан автономиясы (Қокан автономиясы) .
Ресей халыктарын зор куанышқа кенелтіп, монархиялық баскару жүйесін жойған 1917 жылғы Акпан демократиялық төңкерісінен кейін құрылған Уақытша үкімет Түркістан өлкесін сол жылы 6-сәуірде ұйымдастырылған Түркістан комитетіне тапсырды [1] .
Уақытша үкімет патіша үкіметінің қолынан отарлау мен езудің, саяси көлгірсу мен жалған ұрандардьң туын кабылдап алған саяси мұрагер болып шықты . Оның Түркістан комитеті де мардымды іштеңе аткара алмады. Уакьгтша Үкімет басшыларының отар елдерге қатысты саясаты "империяны қазіргі шекарасы бойынша сақтау керек" деген принципі анык байқалды [2.
Осындай жағдайда. демократиялық төңкерістен зор үміт күткен түркі зиялылары Ресейдегі әр түрлі партиялардың құрамында бөлініп-болініп жүрді. Олардың бір тобы ұлттық автономияны колдаса (А. З. Уәлиди, М. Шоқай, Ә. Бөкейхан, М. Қари, М. Бехбуди және т. б. ), екіншілері мемлекеттің унитарлық формасын қолдады (А. Цалыккаты, С. Мақсуди, С. Алкин жәнс т. б. ) . Ал. Түркістан өлкесінің мұсылман қайраткерлерінің басым көпшілігі Ресей Федерациясы құрамындағы ұлттық автономия болуды жақтайтын. Ал тәуелсіздік мәселесі, тіпті күн тәртібіне де көтерілген жоқ. .
Түркі халықтарының құқы аяқ астында тапталып қала берді. Орыс демократиялық саяси партияларынан күдер үзген түркі зиялылары ұлттық автономия алу жолындағы күресте өз халқынан өзге ешкімге де арқа сүйей алмайтындығын айқын түсінді. Осыдан соң олар, жер-жерлердегі ұлттық орталықтарда өздерінің ұлттық автономия жолындағы азаттық күресін өрістетті.
Түркістан өлкесіндегі Уақытша үкімет Комитеті мен орыстардан құрылған "Жұмысшы-солдат'" депутаттары Кеңесі арасында басталған билікке талас, мамыр айының соңында Комиттің жеңілісімен аякталды. Комитет мүшелері: Н. Н. Шепкит, П. Н. Преображенский, Ә. Дәулетшин және С. Мақсудибектер Ташкенттен кетіп калды. Өлкедегі биліктің бірден-бір иесі болған жұмысшы-солдат депутттарының кеңестері жергілікті халықты қьірғынға ұшыратып, тонау мсн зорлауды өрістетті. Оларға карсы құрылған жәдидтік "Шораи-исламия” мен кадимистік "Жәмияти Улема" ұйымдары өзара қырқысып жатты. Ұлттық автономия жолындағы козғалыс өзара қырқыстан қатты әлсіреп, өлкедегі орыс кеңестерінің күшеюіне жол ашты. Ташкентте шығатын "Туркестанский курьер" газеті 1917 жылғы 5-қыркүйектегі санында: "Бұрынғы режим заманында орыс зеңбіректеріне жүктелген міндет енді жұмысшы-солдат депутаттары кеңестерінің мойнында. Революцияшыл жұмысшы, солдат жане шаруа ресми түрде бұрынғы орыс сарбазының орнын басады", - деп жазды" [4.
25-қазанда Петроградтағы өкімет билігін большевиктер басьш алды. Ал, 1917 жылы 1-қарашада Ташкентте басталған 4-күндік көше қақтығыстарынан соң билікті жұмысшы-солдат жәнс шаруа Кеңестері басып алды. Генерал Коровиченко мен оның көмекшісі Доррер тұткындалды [5] . Осыдан соң 15-22-қараша аралығында өткен Түркістан жұмысшы, солдат және шаруа Кеңестерінің III өлкелік съезінде большевик Ф. И. Колесов бастаған халық комиссарлар кеңесі (ХКК) құрылды [б. Құрамы 15 адамнан тұрған ХКК-де бірде-бір мұсылман өкілі болған жоқ.
Ташкент кеңесінің осындай диктаторлық саясатынан соң Түркістан зііялылары өлкеде ұлттық мемлекет құру үшін 1917 жылы 26-қарашада Қокан қаласында өлкелік төтенше IV мұсылмандар съезін шақырады. Съезге барлығы 200-ден астам делегат катынасты [7] . Облыстардан келген делегаттардан баска съезге "Шурои-Исламия", "Жамияти Улема", мұсылман-таукен жүмысшыларының одағы, мұсылман-жауынгерлері одағы, өлкелік еврейлер одағы және осындай қоғамдық ұйымдардан көптеген өкілдер қатынасты.
26-қарашада түскі сағат 12-де съездің ұйымдастыру бюросының мүшесі М. Шоқай съезде төралқа сайланып біткен соң сөз алып Ресей мен Түркістанда қалыптасқан саяси ахуал мен экономикалық жағдай туралы баяндама жасады. "Тұтас алғанда Ресейге де, жекеше алғанда Түркістанға да қазанда болған сұмдык қантөгістен соң өз тағдырлары туралы өзі қамқорлық жасамаса болмайды. Осындай ауъір жағдайдың соңы ашаршылыққа ұласуы мүмкін азық-түліктің тапшылық жағдайы қиынға соқты. Бұл жағдайдан қалай аман шығуға болады?" [10] . Одан әрі М. Шоқай өлкедегі билікті кеңестердің қарулы күшпен тартып алғандығын, оның үлкен кантөгіске алып келгендігін атап көрсетті. Құрылған үкіметтің құрамында бірде-бір мұсылман өкілінің болмауына байланысты бұл үкімет қантөгісті қалай тоқтатарын білмей отырғандығын, соған қарамай-ақ мұсылман өкілдерінің бірлесе жұмыс істеуте шақырған үндеуін қабылдамай тастағандығын айтып түсіндірді [10] .
Одан әрі съезде әр түрлі облыстардың өкілдері шығып сөйлеп, осы мәселеге байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Өзбек халқының ағартушысы М. Бехбуди бұл съездің бүкіл Түркістанның жергілікті халқыныц атынан сөйлеуге толық қақылы екендігін мәлімдей келе, былай дейді: " . . . съезде Түркістанда тұратын еуропалықтардың да өкілдері қатысып отырғандықтан да оның шешімдері сөз жок, беделді шешім болады" [10] . Съезд жұмысына тіпті атаман Дутовтың өкілдері: Потеляхов, Юсуф Давыдов, ағайынды Вадьяевтар да катынасты [11] .
Түркістан өлкесі мұсылмандарының ІV-съезі 3 күн жұмыс істеді, әрі аса маңызды көптеген қаулылар мен қарарлар қабьшдады. Съездің 1917 жылы 27-қарашада түнгі сағат 12-де қабылдаған қарарында былай деп жазылған: " . . . съезд Түркістанды мекендеген ұлттардың өзін-өзі билеуге деген ұмтылысын қанағаттандыра отырып . . . Түркістанды Ресей федеративті демократиялы республикасы құрамындағы территориялық автономия деп жариялайды, әрі Түркістанның автономиялық үлгісін анықтауды Түркістандық Құрылтай жиналысының құзырына қалдырады". Одан әрі тағы да былай делінген: "Съезд Түркістанды мекендейтін ұлттық азшылық өкілдерінің құқықтары жан-жақты қорғалатындығын салтанатты түрдс жариялайды" [12] .
28-қарашада қүрылып жатқан мемлекеттің аты жарияланды. Ол -"Түркистон Мухторияти" (Түркістан автономиясы - С. Ш. ) деп аталды [13] . Тарихта бұл автономия құрылған қаласының атына сай "Қоқан автономиясы" атауын иеленді. Большевиктер "Түркістан автономиясының" беделі мен шеңберін төмендету үшін "Қоқан автономиясы" деп атады деген пікір орнығып келеді. Ал шын мәнінде, 64 күн өмірінде не офицері, не ақшасы, не әскері болмаган үкімет билігі Қоқан қаласының өзінде толық жүрмегендігі тарихи ақиқат. Тіпті, М. Шоқайдың өзі бұл автономияның "Қоқан автономиясы" болғандығын мойындайды [14.
Сонымен қатар съезде, жалпытүркістандық Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін өлкені басқару үшін барлық құқық Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістаи халык баскармасына берілетіндігі туралы қарар қабылданды.
Түркістан Уақытша Кеңесінің саны бұрын Түркістан өлкесінен Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысындаа сайланған депутаттардың санымсн тсңестіріліп, барлығы 32 адам белгіленді. Олар: Ферғана облысынан: И. Шагиахмстов, А. Кушбегаев, Камалхадіураев, Д. Қарабеков С. Юсупов және қалалардың халықтық басқармасынан өкіл болып М. Бехбуди кірді 15] .
Түркістанның Уақытша кеңесі мына құрамда Түркістандык Уақытша үкіметін тағайындады [15, 16] .
Съезде Түркістанның Уақытша кеңесінін күрамы кайта қаралып (27 караша), оның мүшслерінідң саны алғашқы 32 адамнан 54 мүшеге дейін осірілді. Оның курамына мусылмандар съезінде сайланғаи мүшелсрмен қатар тағы да - калалардыд озін-өзі баскару комитстерінің 4 окілі, еуропалыкгардың түрлішс өлкелік коғамдык. үйьшдарының 18 мушесі кіргізілді. Осылайша, Түркістан Уақытша кеңесінің 33% күрамы еуропалық ұлтардың өкілдеріне берілді, ал олар өлке халкының небары 2%-ін күрайтын еді [17] . Бүл кеңсс - партия тарихшыларының "ұлтшылдар" деп айыптауына келмейтін шешім болатын. Автономияны құрушылар демократиялык сайлау жүйесін ұсынды. Олар рсспубликаның басқару органдарына олке турғындарының үлттык пропорциясын сақтай отырын орын беруді көздеді. Бүл сол кезеңдегі ең дүрыс шешім болатын.
Түркістан авгономиясының жетекшілері казак әскерлсрінің "онтүстік-шығыс" одағымен бірлссе әрекет жасауды көздеді. Олар осы арқылы карулы казак атты армиясының болуы мүмкін шабуылынан корғанды жәнс қару-жарақ алуға тырысты. Казак қару-жарағы үйымдастырылуға тиісті мүсылман-түркі атгы әскерлсрі үшін ауадай қажет болды. Сонымсн қатар, казак атамандары "автономияның" агылшындармен байладыс орнатуына "комектеспек:" болады. Ал ағылшындар бүларға әскери-эқономикалык көмек үйымдастырмак. болады. Автономияшылдар ағылшындарға айырбас ретіндс макта мен мал өнімдсрін беріп, орнына к. ару мсн астық алуды жоспарлады, нан республиканың ашыққан халкына керек еді [18] .
"Автономия идеясы түркі халыктарын мазалап келген аграрлық мәселемен тығыз байланысты" деген Р. Пайстың пікірін, - "Түркістан үшін күрес - макта үшін күрес" болганын. сондыктан да орыс большсвиктерінің автономияны талқандауға бар . күшін жұмсағанын да айта кеткен жөн.
1, 2 Тәуелсіз Қазақстан құру
Әрбір түркі тектес азамат өз халқының шеңберінде калып қой- май, бүкіл түркілердің тағдырына ой жүгіртіп, бірлігін нығайтса, Түркістан төуелсіздігін алса деген йдея 1 Мүстафа Шокай өмірінің мақсатына ай налады.
Түркі халыктарының мемлекеттерін бір тудың астына жинау идеясы бүгінгі калыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайға келе қоймайды. Бірақ түркі халықтары ның рухани бірлігі, ортақ тарихы, тілі, діні күрделі ғылыми зерттеулердің тақырыбы болып кала береді.
М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков «Алаш» қайраткерлерінің негізгі_ мақс аттары казак елін отарлық езгіден азат ету жөне қазақ коғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандыктан, «Алаш» партиясын «Ұлттық демократиялық партия» деп атады…. .
1. 3 Түркістан халықтарының біртұтастық идеясы
Түркістан елі мен жері алғашқы дәріс алып, окыған ордасы Акмешіт пен Ташкент кала-лары Түркістан идеясының калыптасуына ұлкен өсер еткен. Себебі XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымүлының ұлт-азаттык көтерілісі, 1856 жылғы Сырдағы Жанқожа Нүрмағанбеттің, 1868 жылғы Самарқан мен Бүхара калаларындағы, 1870 жылғы Маң-ғыстаудағы, 1871 жылғы Сырдағы (Ишан Ешмүхамед баскарған), 1875-76 жылдары «Қоқандағы революция» деп аталған көтерілістердің ұшқыны М. Шокайдың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттырмауы мүмкін емес
. Әсіресе XIX ғасырдың аяғындағы 20 жыл Ресей отаршыларының Түркістанда жүргізген саясатына қарсы күресті үдете түседі.
Түркістан халқының ой-санасын, саяси-өлеуметтік үғымдарын ұдайы жаңғыртып, ұрпактан ұрпақ жал
бірі М. Шокайүлының ата-бабалары. Осы рухта төрбие алған Мүстафа Шокайұлы Түркістанның тұтастық идеясын бала шағынан бойына сіңірген.
Мұстафа Шокайұлының Түркістанның бірлік идеясының шыңдалып, кемелденген кезеңі XX ғасырдың басындағы Ресей империясындағы түрлі саяси-әлеуметтік жағдайға толы 20 жыл. Осы жылдары М. Шокай Петербург университетінің зан факультетінің студенті Әлихан Бөкейханов жөне Мүхаметжан Тынышбаевпен бірге Ресей Думасының жүмысына араласып, Түркістанның азаттығы үшін күреске қатысады.
1) Мүстафа Шоқайдың Түркістанның біртұтастық идеясын жүзеге асыру жолындағы іс қимылдары:
Түркістан автономиясын құру жөне автономия арқылы азаттыққа жету мәселелерін белгілі грузин қайраткері Чхеидземен сүхбаттаскан (1917 июнь) кезінде айтады. Ал 1917 жылы 10-желтоқсанда оны құрып та үлгереді.
2) Уакытша үкіметтің касынан Түркістан істері жөніндегі комиссариат кұру . Бұл ұсынысын Ке-ренский толық қолдайды.
3) Түркістандағы орыс әскерлерін татар-башқұрт әскерлерімен алмастыру.
- Түркістандык жастарды әскер қатарына шақырып, өз армиясын кұру.
5) Жүмысшы-солдат кеңестерінің қылмыстарын барынша әшкерелеу және оған тыйым салу.
II. Алаш автономиясын құру
2. 1 Алаш автономиясын құру туралы съездер
Тұңғыш жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сөуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюрога тапырады. Міне осы бюро облыстьқ қадақ сьезінің аяқталуын күтіп жүрген мезгілде Мөскеуде І-ІІ мамыр аралығында бірінші бүкіл ресейлік. мұсылмандар съезі өтіп, "оған өкіл ретінде қатынасқан бір топ қазақ зиялылары жалпы қазақ съезін шақыру тұралы «Қазақ» газетінде өз ұсыныстарын жариялайды. Арасында Көлбай Төгісов, Аққағаз Досжанқызы, Ғүмар Қарашон бар бұл топ съезд 1 -1 0 тамыз аралығьнда Ташкснде өтсін және оған әр облыстан бір өкілден келсін деді.
Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақгың» 1917 жылғы 11-маусымдағы санында арнайы мәлім деме жасап, съезд 1-тамызда Орынборда ашылып, оған уез екі кісіден өкіл жібсрсін деді. Бірақ, бұл аталған күн мсн өкілдер саны көп ұзамай тағы да өзгеріске ұшырайды. Шілде айының алғашқы күндсрі Орыпбордағы «Қазақ» басқармасына Петроградтағы Шораи ислам төрағасы А. Салихов пен сондагы қазақ өкілдсрі У. Танашев, Ж. Ақбасв жәнс Ж. Досмүхамсдовтан жсдслхат келіп, онда «Учредительное собрание сайлоуы1-7-қыркүйсктс болатып болды, депутаттар тізімі бір ай бұрын, яғни 17 тамызда тапсырылмақ болды. Соның үшін жалпы қазақ сьезін 20-шілдсден сонга қалдыру мүмкін емес, Қазанда ашылуга ұйғарылғап жалпы мұсылман съезінің де күні солай өзгерілді», - делінеді.
Съезді ұйымдастыру б юро сы «Қазақ» газетінің 24 маусым күнгі санына съездің күн тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына, өз тұжырымдарын (тезистерін) ұсынады.
Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердіц бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық ин-теллигенциясының күрделі саяси мәселелерге байланысты (мемлекеттік құрылыс, жер, дін, оқу-ағарту т. б. ) ұстанғап позициясынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.
Мәселен, бюроның түсінігі бойынша съезде қаралуға тиіс сң негізгі мәселе, әрине,, мемлек еттік дербестік мәселесі еді. Олай болса, бюро мүшелері өздері сұраған ұлттық автономия мазмұнын қалай түсінді? Бұл сауалға біз тезистерден мынадай жауап аламыз: «Қазаққа . . . (керегі) мемлекеттік автономия ма, яки уалаяттық автономия ма? . . . Бүл екеуінің арасындағы айырмасы: мемлекеттік ав-тономия болса өз. Думасы болмақ, өзіне керек закондерді со думасы шығармақ: ақшасын өзі жасап шығармақ, барша шаруашылық ісі, темір жол, почта, телеграф сияқты істерінің бәрі де өзінде болмақ. Жер-суының билігі де өзінде болмақ. Өз алдына аскер ұстамақ. : қысқасы, мемлеектке керек жабдықтарын өзі жайғастыцрып, өз қамын өзі жемек. Жалғыз-ақ шет мемелекеттер мен арасында болатын істер жалпы мемлекғеттер арқылы істелмек. Жалпы мемелекеттің мемелекеттік атономия да уәкілі ғана тұрмақ, Мемлекеттік автономияның бас мемлекетпен жалғысытын жері осылар ғана.
Уалаяттық автономия болса оның өз алдына ақшасы, темір жолы, почта, тедеграф, әскері болмайды, жалпы мемлекеттік Г. Думасына уәкілдерін жібереді. Өз думасы сол жалпы мемлекет думасында шыққан законге қайшы келместей закондерді шығаруға ықтиярлы болады. Уалаяттағы барша жергілікті істерініц билігі өз қолында болады. Жер-судыц билігі жалпы мемлекет қолында болады. («Қазақ», 1917, № 234) . Бюро осылайша автоноыия жөнінде өз түсінігін ортаға салып « . . . біздің қазақ автономия бола аламыз десе, осылардың бәрін қарап, аржақ-бержағын таразылап, тексеріп барып» белгілі бір қортындыға келуі керек деген пікірді айтады.
л Съездіц күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердіц бірі - «қазақ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz