Ресурстардың шектеулігі



КІРІСПЕ 2
1. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІ 3
1.1. Экономикалық ресурстар және олардың классификациясы 3
1.2 Ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігі. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы 4
2. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 6
2.1. Қазіргі таңдағы ресурстардың бейрационалды қолданудың проблемалары 6
2.2 Өмірге аса қажетті су ресурстары проблемалары 8
3. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІН ШЕШУДІҢ МҮМКІН ЖОЛДАРЫ 10
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13
Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жағдайлардың жасалуына тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді. Дүние жүзіндегі халық санының ұдайы өсіп отыруы ресурстардың шектеулігіне әкеліп соғады, ол халықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Байқағаныңыздай, қазіргі таңда адамдарға қолайлы жағдай тудыру үшін көп мөлшерде ресурстар қолданылады. Ресурстарды қолдануды осы кезден бастап шектеу керек, себебі кейін бұл проблема шешілмей, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Соңғы кездері бұл мәселе көп қозғалып жүр, себебі ресурстардың шектеулігі қоғамның ілгері дамуына тікелей әсер етеді. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ресурстардың шектеулігі абсолюттік тұрғыда емес, қатынастық тұрғыда кездеседі, себебі ресурстың қанша уақытта жойылуы оның қоғамдағы қолданыс нәтижелілігіне тікелей байланысты. Екінші бір ғалымдар тобының айтуы бойынша, ресурстардың абсолюттік шектеулі және қатынастық шектеулі түрлері кездеседі. Бұл ғалымдар қатынастық шектеулік туралы бірінші ғалымдар тобымен келіседі, ал абсолюттік шектеулі ресурстар туралы олардың пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша, кейбір ресурстардың түрлерін басқа ресурстармен ауыстыру мүмкін емес, және олар ерте ме, кеш пе жойылады. Осы таңда ғалымдардың бірінші тобының пікірі дұрыс көрінеді, себебі қоғам бір орында тұрған жоқ, технологиялар жылдан-жылға даму үстінде, тіпті, қазірдің өзінде қалдықсыз өндіріс саласы дамуда, бұл ресурстардың сақталуына қолайлы жағдай туғызады.
Жұмысымның мақсаты – ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігінің проблемасын түрлі тұстарынан зерттеп, оларды шешудің жолдарын қарастыру.
1. Меренков А.П. и др.. Узловые проблемы и направления развития энергетики Сибири.
Экономика промышленности. Энергетика энергетическая отрасль, топливно-энергетические ресурсы энергетическая политика.
Регион:экономика и социология. 2004.-N 4. с.123-136.
2. Булыгин В. и др.. О государственной собственности на природные ресурсы.
Собственность. Государственная собственность природные ресурсы.
Финансы в Сибири. 2004.-N 12. с.24-26.
3. Клоцвог Ф. и др.. Ресурсный потенциал субъектов Федерации и его использования.
Региональная экономика. Ресурсы потенциал оценка расчет ресурсного потенциала субъект Федерации регион.
Экономист. 2004.-N 5. С.23-25.
4. Казанцева Л.К. и др.. Социальные последствия загрязнения водных ресурсов и атмосферного воздуха в регионах.
Экология и экологические проблемы. Экология водные ресурсы атмосферный воздух регион заболевание.
ЭКО. 2003.-N 2. С.58-69.
5. Мирлин Г. и др.. Проблемы минерально-сырьевого комплекса России.
Экономика промышленности. Минерально-сырьевой комплекс минеральные ресурсы.
Экономист. 2003.-N 9. с.64-69.

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 2
1. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІ 3
1.1. Экономикалық ресурстар және олардың классификациясы 3
1.2 Ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігі. Өндіріс
мүмкіндіктерінің қисық сызығы 4
2. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 6
2.1. Қазіргі таңдағы ресурстардың бейрационалды қолданудың проблемалары
6
2.2 Өмірге аса қажетті су ресурстары проблемалары 8
3. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІН ШЕШУДІҢ МҮМКІН ЖОЛДАРЫ 10
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13

КІРІСПЕ

Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды
мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи
ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде
кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам
қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жағдайлардың жасалуына тікелей
байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды
қажет етеді. Дүние жүзіндегі халық санының ұдайы өсіп отыруы ресурстардың
шектеулігіне әкеліп соғады, ол халықтың барлық қажеттіліктерін
қанағаттандырмайды. Байқағаныңыздай, қазіргі таңда адамдарға қолайлы жағдай
тудыру үшін көп мөлшерде ресурстар қолданылады. Ресурстарды қолдануды осы
кезден бастап шектеу керек, себебі кейін бұл проблема шешілмей, ауыр
зардаптарға әкелуі мүмкін.
Соңғы кездері бұл мәселе көп қозғалып жүр, себебі ресурстардың
шектеулігі қоғамның ілгері дамуына тікелей әсер етеді. Кейбір ғалымдардың
пайымдауынша, ресурстардың шектеулігі абсолюттік тұрғыда емес, қатынастық
тұрғыда кездеседі, себебі ресурстың қанша уақытта жойылуы оның қоғамдағы
қолданыс нәтижелілігіне тікелей байланысты. Екінші бір ғалымдар тобының
айтуы бойынша, ресурстардың абсолюттік шектеулі және қатынастық шектеулі
түрлері кездеседі. Бұл ғалымдар қатынастық шектеулік туралы бірінші
ғалымдар тобымен келіседі, ал абсолюттік шектеулі ресурстар туралы олардың
пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша, кейбір ресурстардың түрлерін басқа
ресурстармен ауыстыру мүмкін емес, және олар ерте ме, кеш пе жойылады. Осы
таңда ғалымдардың бірінші тобының пікірі дұрыс көрінеді, себебі қоғам бір
орында тұрған жоқ, технологиялар жылдан-жылға даму үстінде, тіпті, қазірдің
өзінде қалдықсыз өндіріс саласы дамуда, бұл ресурстардың сақталуына қолайлы
жағдай туғызады.
Жұмысымның мақсаты – ресурстардың абсолюттік және қатынастық
шектеулігінің проблемасын түрлі тұстарынан зерттеп, оларды шешудің жолдарын
қарастыру.

1. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІ

1.1. Экономикалық ресурстар және олардың классификациясы

Өндіріс үшін ең қажетті нәрсе – ресурс. Өндірісте қолданылатын
ресурстар өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске тікелей
қатысты болып, белгілі бір нәтиже беретін болса ғана өндіріс факторы
қызметін атқарады.
Ресурстар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- экономикалық (функционалды);
- потенциалды
Экономикалық ресурстардың қатарына:
- табиғи ресурстар;
- еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық)
- материалдық (өндіріс нәтижесі болып саналатын адам қолынан шығарылған
барлық өнімдер);
- қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты);
- ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылыми-
техникалық, технологиялық, т.б. интеллектуалды игіліктер);
Табиғи ресурстар – адам қолымен жасалынбаған, адам өмір сүруіне ешбір
байланысы жоқ, белгілі мөлшерде адам игіліктерін қанағаттандыру мақсатында
қолданылатын табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғи жағдайлар адамның
өндірістік қызметіне мүмкіндіктер тудырады. Олардың қатарына күннің жылуы,
жердің ішкі жылуы, рельеф, климат жатады. Өндірістік күштердің белгілі
сатысында табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады. Мысалы, жел
энергияны өндіруде қолданылады. Адамның қызметінің өндірістік немесе
бейөндірістік қызметінде қолданылатын күштерді табиғи ресурстар дейміз.
Табиғи ресурстар қолданылуына байланысты төмендегідей бөлінеді:
- шынайы (өндірістік процеске тікелей қатысты);
- потенциалды (қазіргі таңда қолданылмайтын);
Табиғи ресурстар өз кезегінде:
- сарқылатын (таусылатын);
- сарқылмайтын (таусылмайтын);
- ауыстырылатын (заменимые)
- ауыстырылмайтын (незаменимые) болып бөлінеді.
Сарқылатын ресурстар - өндірістік қызметтің белгілі кезеңінде толық
жойылуы мүмкін ресурстар.
Сарқылатын ресурстар:
- қайта қалпына келмейтін (жер қойнауында кездесетін, ауа, пайдалы
қазбалар), мөлшері жағынан шектелген.
- қатынастық түрде қайта қалпына келтірілетін.
Сарқылмайтын ресурстар үш топтан тұрады:
- ғаламдық (космические) - (күн радиациясы, теңіздік толқын тасуы мен
тартылуы);
- климаттық (атмосфералық ауа, жел, су энергиясы);
- су ресурстары.
Ауыстырылатын ресурстар деп басқа ресурстармен ауыстыруға келетін,
экономикалық жағынан тиімдірек ресурстарды айтамыз.
Ауыстырылмайтынға – атмосфералық ауа, су жатады. Экономикалық тұрғыда
табиғи ресурстар еңбек құралы, адам өмір сүруінің жағдайы ретінде
қарастырылады.

1.2 Ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігі. Өндіріс
мүмкіндіктерінің қисық сызығы

Барлық экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының ұқсас қасиеті –
олар шектеулі мөлшерде кездеседі. Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана,
яғни экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам
қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың
шектеулігі өндірістің шектеулігіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, қоғамдық
өндіріс халықтың тұтынылуына қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара
алмайды.
Адам қажеттіліктерінің шексіз көп болуы, ал ресурстардың шектеулі болуы
халық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына әкеліп соғады. Бұған
байланысты, өндірісте тауарларды іріктеп, халық тұтынысына аса қажетті
тауарларды шығарып, қалғандарынан бас тартуға тура келді. Ресурстардың
шектеулігі проблемасы: автокөліктерді шығару жылдан-жылға артуда, сонымен
қатар көлікті сатып алушылардың да қатары одан әлдеқайда көп.
Автокөліктерді шығаруды арттыру үшін көбірек металл, резина, двигатель,
т.б. жұмсалады, ал қолданыстағы ресурстар шектеулі. Адам қолындағы
экономикалық ресурстардың барлығы сандық немесе сапалық жағынан шектеулі.
Олар о бастан-ақ адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейді.
Ресурстардың шектеулігі, сиректігі осы принципке негізделеді.
Адам өндірістің бір саласын таңдай отырып, екінші саласынан бас тартуға
мәжбүр болады. Мысалы, видеомагнитофон сатып алуға жинаған ақшасына, адам
аяқ-асты өзіне шуба сатып алады. Соның нәтижесінде ол бастапқыда сатып
алғысы келетін видеомагнитофоннан бас тартуға мәжбүр болады. Қолда бар
ресурсты дұрыс қолдану әрбір адамның, кәсіпорынның, мемлекеттің басты
мақсаттарының бірі.
Экономикалық теорияда ресурстардың шектеулігі – олардың альтернативті
түрде қолдануын анықтайды деп баяндалады.
Бұл мәселені толыққанды суреттеу үшін американ экономисті
П.Самуэльсонның сандық мысалына назар аударайық.
Мысалы, екі тауарды өндіру қажет – қару (мәселен зеңбірек) мен май.
Дүние жүзіндегі барлық ресурстар майды өндіруге бағытталған деп есептейік.
Қазіргі таңдағы ресурстық-технологиялық деңгейде майды шығарудың максималды
деңгейі 5 млн кг деп алайық. Май өндірісіне альтернатива ретінде – зеңбірек
шығару өндірісін қарастырайық. Сол ресурсты-технологиялық деңгейде
зеңбіректі шығарудың масималды деңгейі 15 мың дана.
Алайда, егер қоғам май өндірісін азайтса, онда өндірісте зеңбіректі де
шығару болатын еді. Ресурстардың шектеулігінің таңында май мен зеңбіректі
өндіру өзара альтернативті ғана емес, бірін-бірі толықтыруда.
Альтернативтік мүмкіндіктердің сызба нұсқасы 1 кестеде көрсетілген.
Бұл мысал экономиканың альтернативтілігін көрсетеді, кез-келген
жағдайда әскери және азаматтық өндірісті ресурстарды қайта қарастыру арқылы
шешу болады.
Қоғамның алдында таңдау тұрады – зеңбіректі немесе майды өндіру, немесе
зеңбірек пен майды белгілі пропорцияда өндіру. Мұндай таңдау проблемасы
әрқашанда болған және бола береді.
Қоғам қолданыстағы ресурстарды тиімді қолданғысы келеді, яғни ол
қолданыстағы шектеулі ресурстардан максималды пайдалы тауарлар өндіріп
алғысы келеді.

2. РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

2.1. Қазіргі таңдағы ресурстардың бейрационалды қолданудың проблемалары

Бәрімізге белгілі, ресурстар шын мәнінде шектеулі, сондықтан оларды
үнемдеп қолдану керек. Ресурстарды бейрационалды түрде қолдану,
ресурстардың жойылуына алып келеді. Келешекте мұндай әдістің арқасында
өндіріске қажетті ресурстар мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Ресурстардың
шектеулігі проблемасына бәріне анық болғанмен, көптеген елдерде ресурстарды
бостан-бос қолдану байқалады. Мысалы, Ресейде энергосақтау қоры
қолданыстағы энергетиканы барынша тиімді пайдалану арқылы энергияны
үнемдейді, және бұл саланы мемлекеттік бақылауға алған. Мемлекет заңды
тұлғалардың өндіріс барысында қолданылатын энергия мөлшерін бақылауға алып,
жеке тұлғалардың қолданылатын энергиясын есептеп отырады. Мемлекеттік
стандарттарға сай, қондырғыларға, конструкциялар мен жол жүру көліктерінде
олардың энергонәтижелілігі көрсетіледі. Соған байланысты елдегі
энергоқолданылатын, энергосақтаушы және диагностикалық құралдар мен көлік,
қондырғылар сертификациялауда өтеді. Елдегі тауарды тұтынушылар,
ұсынушылар, шығарушылар, заңды және жеке тұлғалар энергетиканың тиімді,
нәтижелі (эффективно) пайдалануына ынталы. Мысалы, Уралда жылына 25-30 млн
тонна шартты отын (условное топливо) жұмсалады, ал бейрационалды жолмен 9
млн тонна. Сонда, елге сырттан әкелінетін отын-энергетикалық ресурстар
бейрационалды түрде қолданылады. Тек 3 млн тонна шартты отынды
ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы үнемдей болады. Энергетика сақтау
саласындағы көптеген жоспарлар осы мақсатты көздейді. Алайда, әлі де
айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген жоқ.
Ресейде мемлекеттік бағдарлама енгізіп, оның нәтижесінде жерді игеру
біршама тоқтатылды, алайда соның арқасында мемлекеттік экономикасына 200
млн АҚШ доллары көлемінде нұқсан келтірілді.
Орман ресурстары. Ресейдегі орман ресурстары ғаламшардағы орман
ресурстарының бестен-бір бөлігін алады. Ресейдегі орманның жалпы қоры 80
млрд текше метр. Тек экономиканың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз дамуы ғана
елдегі ресурстың бұл түрінің сақталуына әкелуі мүмкін. Алайда, елдегі
ормандар өрт қаупінің дертінен көптеген зардаптар шегуде, сонымен қатар
зиянды құрт-құмырсқалар ормандарға үлкен зардап әкелуде. Бұл елдің төменгі
деңгейде техникалық қамтамасыздандырылуымен анықталады. Елде орманды қайта
келтіру жұмыстары толық деңгейде атқарылмайды, соның нәтижесінде көптеген
аймақтардағы жағдай экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.
Елдің нарықтық экомикаға көшуі орманды пайда көру мақсатында
қолданушылардың санын арттыруда. Бұл орман және табиғат қорғау заңдарына
қайшы келеді.
Биологиялық ресурстардың бір ерекшелігі – олардың өз бетінше көбейе
білуі. Алайда қоршаған ортаның үнемі антропогенді түрде әсер етуі және
биологиялық ресурстардың мөлшерден тыс артық қолданылуы көптеген жануарлар
мен өсімдіктер түрлерінің жойылуына әкеліп соғуда. Сондықтан да,
биологиялық ресурстарды қолдануда көптеген іс-шараларды атқару тиіс. Бұл іс-
шаралар негізінде биологиялық ресурстарды қолдану белгілі мөлшерде ғана
атқарылып, өсімдіктер мен жануар дүниесінің өз бетінше көбеюіне зиянды
ықпал жасамау. Мұнымен қатар, Ресейде орман ресурстары аз бағаланады,
сондықтан орманды жою ондай үлкен зардап ретінде қарастырылмайды. Алайда,
елдегі барлық орманды жойып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Өндіріс, оның мәні, факторлары
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Өндіріс оның мәні және факторлары
Өнідірс оның мәні және факторлары
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Жобаны жоспарлау
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Материалдық қажеттілік және экономикалық ресурстар
Пәндер