Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім беру жүйесінің дамуы
Жоспар
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы:
1.1.Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.Білім жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.Білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәні:
3.1.Білім беруді технологияландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2. «Білім туралы» жаңа Заң . қазіргі білім жүйесінің дамуының кепілдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе
Болашақ тек қана өркениеттілік техникалық прогрестің деңгейіне және экономиканың өсуіне ғана байланысты емес. Ол көбінесе адам игілігі үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге дайындығы бар Адаммен анықталады. Сондықтан ХХ ғасырдың екінші жартысында білім беру жүйесін реформалауды қолға алу тегіннен тегін болмай отыр, бұл мәселе мәліметі бойынша бұл көріністің бірден бір себебі әлемдегі өркениетті жоғары бағалау болып табылса, сондай-ақ адамды мәдениеттілікке тәрбиелеудің қажеттілігімен ғаламдық ойлауымен, әлеуметтік прогреске жедел араласуға қабілетті, өзін және шынайы қоршаған ортаны өзгерте алатындай үрдіске қоғам саналы түрде келіп отыр. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруда жетекші фактор білім беру жүйесі, мұнда басты әрекет ететін, кәсіби педагогикалық білігінің жоғары деңгейін жетік меңгерген мұғалім болып табылады.
Сонымен, тұтасымен алғанда білім беру жүйесінің негізгі іргетасы педагогикалық білім беру болып табылады. Бұл курстық жұмыстың негізінде жоғарғы оқу орындарын қайта бағдарлауды, өздігінен ойлай алатын, алдына мақсат қоя алтын, өз іс-әрекетінің нәтижесінде бақылау жасап, бағалай білетін, рухани-азаматтық қажеттілік дәрежесін, экологиялық көпмәдениеттілік және денсаулық сақтау қазіргі азамат, жастардың тәрбиесін жүзеге асыру болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың көкейкестілігі Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру сапасын көтеру, сондай-ақ дүниежүзі бойынша әлемдік білім кеңістігіне кіру және 12 эжылдық білім беруге бағдар жасау қажеттігімен байланысты.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат – модернизация жағдайында жоғары педагогикалық білім беруде жаңа фармация педагогын дайындаудың жасауды көрсету.
Курстық жұмыста қаралған мәселелер:
1. Педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудағы негізгі теориялық және тәжірибелік тәсілдерді дайындау жайында.
2. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруді ескере отырып, мұғалім кәсибилігін даярларлаудың құрылымына, кезеңіне және мазмұнына қойылатын талаптарды өңдеу туралы.
3. Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе бойынша педогикалық кадрлар даярлау тенденциясына
4. Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрларды даярлаудың шынайы шынайы жағдайы және оған теріс әсер ететін факторлар
5. Жоғарғы педогогикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттері
6. Жаңа формация кәсіби мұғалімін даярлауға қойылатын талаптар.
7. Жоғары педогогикалық білім берудің құрылымы
Педагогикалық білім беру жүйесін дамыту тенденциясын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық талаптарына сәйкес кез келген қоғамда педгогикалық кадрларды дайындау өзгеріп келеді. Әлемдік тәжірибеге жалпы және теориялық талдау жасау негізінде дүние жүзі бойынша төмендегідей педагогикалық білім беруді дамыту тенденциясы анықталды:
Білім беруді реформалау мәселесі жәнемамандар даярлау (мұғалім) білім беру саласының басыңқы және жүйе түзші саласы ретінде қарастырылады;
Болашақ мұғалімдерді даярлау үздіксіз педагогикалық білім беруден сипатталғандықтан, педагикалық колледжде, институтта, университтте жүзеге асырылуда, дегенмен де университетте білім беруге көшу жетекші болып табылады.
Жеке тұлғаның белгілі бір сапасын қалыптастыруда, оның кәсіби дәрежесін ескеру. Тұлғаның мұндай сапасы кәсіби-бағалы және болашақ мұғалімінің іс-әрекетіне қарай қалыптасады. Сондай-ақ кәсіби білім беруді реформалаудың мәнін болашақ мамандарды тұлғалық қалыптастыруда қаралу тұлғалық аспектісі, алынған білімі, құрылымы мен мазмұнына өзгеріс енгізу мазмұндық аспектісі, технологиялық аспект. Сонымен курстық жұмыста қоғамның даму тенденсиясына сай, талабына сай, маманның рухани құндылығының болуы, кәсіби маман ретінде қалыптасуына бүгінгі күннің білім жүйесінің дамуының жақтары қарастырылады, толығымен ашып көрсетуге тырысамын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
[1] [Төлепберген М. Бәсекеге қабілеттіктің кілті – білімде//Егемен Қазақстан.2005.-8 қырқүйек.-1 б.]
[2] [ҚР-ғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасы]//Білім-Образование.-2006.-№4.-5-7б.
[3] [ҚР-ғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасы]//Білім-Образование.-2006.-№4.-8-9б.
[4] [ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы. 1 том. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 2006]
[5] [Белканов Н. Введение в сравнительную педагогику (учебное пособие).-Алматы.1994ж. 16-17б.]
[6] [ҚР-ғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасы]//Білім-Образование.-2006.-№4.-10-12б.
[7] [Бұлашев А. Білім реформасы ұлттық модель жасауға негізделуі тиіс]//Ел.-2007.-22 ақпан.-3 б..
[8] [Нургалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика. Алматы, 1999, 70-71 б.].
[9] [Ковжасарова М.Р., Нурахметов Н.Н., Аульбекова Г.Д. Технологация учебного процесса. Казахстанский опыт. Алматы, 2005. 17 б.].
[10] [Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования. Алматы, 2000. 219 б.].
[11] [Білім беруді технологияландыру// Педагогика мәселелері-Вопросы педогогики.-2006.-№ 1-2.-86-88 б.].
[12] [Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны// Білім-Образование.-2006.-№4.-12-13 б.].
[13] [Б.Барменқұлова. Кәсіби біліктіліктерін педагогикалық практика үрдісінде қалыптастыру//Бастауыш мектеп.-2005.-№11.-8бет].
[14] [Г.К.Селевко. Современные образовательные технологии.-М.: Народное образование, 1999, 226 бет]
[15] [«ҚР-ң бала құқығы туралы заңы» Алматы 2003, 21бет].
[16] [М.М.Потошник «Качество образования проблемы и технологии управления» М.; 2002ж 352 бет].
[17] [А.К.Ахметов «Принципы технологии и содержание образовательной программы» М.; 2002, стр352 б].
[18] [Кобдыкаров К.К., Монохов В.М. «Педагогикалық технология, проектирование учебного процесса» Вестник КАТУ серия, Педагогическая наука, 1998, №1, 52-54 бет]
[19] [ Ә.Қ. Қисымова, Жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі// Педагогика мәселелері-Вопросы педогогики.-2006.-№ 1-2.-89-93 б.].
[20] [Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя М. 2001 123 б].
[21] [Б.И.Иманбекова Қазіргі педагогикалық технологиялар//Оқыту тәрбиелеу технологиясы. 2007.-№1.-27-29 б.].
[22] [Сеитова Р.К., Кобдикова С.К. ҚР-ң Президенті халыққа жолдауы негізінде білікті мамандарды даярлауды институт пен орта мектеп арасындағы ынтымақтастық//Қазақстан педагогикалық хабаршысы. Педагогический вестник Қазахстана.-2006.-№1.-78-82 б.].
[23] [12 жылдық метептің негізгі орта буынының білім мазмұны//Қазақстан тарихы(әдістемелік журнал).-2006.-№3.-3-10 б].
[24] [2009 жылы Қазақстанның барлық мектептері Интернетке қосылады//Жас алаш,-2007,-1 ақпан,-2 б.]
[25] [Абуева А.,Электронды оқулықтарды пайдалану. Білім беру жүйесін ақпараттандыру//Инфарматика негіздері.-2006.-№4.-4-6 беттер].
[26] [Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларын қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері//Педагогика. 2005.-№4.- 2-7 б.].
[27] [Астана қаласының білім беру ұйымдарында 12-жылдық оқытуға көшу және мектептің жоғары сатысында бейіндеудің 2007-2008 ж. арналған аймақтық бағдарламасы//Білімдегі жаңалықтар.-2007.-№2.- 6-13 б.].
[28] [Әбішев Ә. Білімді де жаңартып отырған жөн//Егемен Қазақстан.-2006.-24 ақпан.-3 б.].
[29] [Әбдірахманова Б. 12 жылдық мектепке оқушы қабылдау сынағы// Білімдегі жаңалықтар.-2005.-№2. 35-37 б.].
[30] [Түймебаев Е. «Білім туралы» жаңа Заң сапалы білімге кепілдік береді// Егемен Қазақстан.-2007.-16 тамыз.-7 б.].

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім беру жүйесінің
дамуы
Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________
Жоспар
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы:
1.1.Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Білім жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12
3.Білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәні:
3.1.Білім беруді
технологияландыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2. Білім туралы жаңа Заң - қазіргі білім жүйесінің дамуының
кепілдігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 33
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...35
Кіріспе
Болашақ тек қана өркениеттілік техникалық прогрестің деңгейіне және
экономиканың өсуіне ғана байланысты емес. Ол көбінесе адам игілігі үшін
негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге дайындығы бар Адаммен
анықталады. Сондықтан ХХ ғасырдың екінші жартысында білім беру жүйесін
реформалауды қолға алу тегіннен тегін болмай отыр, бұл мәселе мәліметі
бойынша бұл көріністің бірден бір себебі әлемдегі өркениетті жоғары
бағалау болып табылса, сондай-ақ адамды мәдениеттілікке тәрбиелеудің
қажеттілігімен ғаламдық ойлауымен, әлеуметтік прогреске жедел араласуға
қабілетті, өзін және шынайы қоршаған ортаны өзгерте алатындай үрдіске қоғам
саналы түрде келіп отыр. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруда жетекші фактор
білім беру жүйесі, мұнда басты әрекет ететін, кәсіби педагогикалық
білігінің жоғары деңгейін жетік меңгерген мұғалім болып табылады.
Сонымен, тұтасымен алғанда білім беру жүйесінің негізгі іргетасы
педагогикалық білім беру болып табылады. Бұл курстық жұмыстың негізінде
жоғарғы оқу орындарын қайта бағдарлауды, өздігінен ойлай алатын, алдына
мақсат қоя алтын, өз іс-әрекетінің нәтижесінде бақылау жасап, бағалай
білетін, рухани-азаматтық қажеттілік дәрежесін, экологиялық
көпмәдениеттілік және денсаулық сақтау қазіргі азамат, жастардың тәрбиесін
жүзеге асыру болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың көкейкестілігі Қазақстан Республикасында
педагогикалық білім беру сапасын көтеру, сондай-ақ дүниежүзі бойынша
әлемдік білім кеңістігіне кіру және 12 эжылдық білім беруге бағдар жасау
қажеттігімен байланысты.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат – модернизация жағдайында жоғары
педагогикалық білім беруде жаңа фармация педагогын дайындаудың жасауды
көрсету.
Курстық жұмыста қаралған мәселелер:
1. Педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудағы негізгі теориялық және
тәжірибелік тәсілдерді дайындау жайында.
2. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруді ескере отырып, мұғалім
кәсибилігін даярларлаудың құрылымына, кезеңіне және мазмұнына қойылатын
талаптарды өңдеу туралы.
3. Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе бойынша педогикалық кадрлар
даярлау тенденциясына
4. Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрларды даярлаудың шынайы
шынайы жағдайы және оған теріс әсер ететін факторлар
5. Жоғарғы педогогикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттері
6. Жаңа формация кәсіби мұғалімін даярлауға қойылатын талаптар.
7. Жоғары педогогикалық білім берудің құрылымы
Педагогикалық білім беру жүйесін дамыту тенденциясын анықтайтын
әлеуметтік-экономикалық талаптарына сәйкес кез келген қоғамда педгогикалық
кадрларды дайындау өзгеріп келеді. Әлемдік тәжірибеге жалпы және теориялық
талдау жасау негізінде дүние жүзі бойынша төмендегідей педагогикалық білім
беруді дамыту тенденциясы анықталды:
Білім беруді реформалау мәселесі жәнемамандар даярлау (мұғалім) білім
беру саласының басыңқы және жүйе түзші саласы ретінде қарастырылады;
Болашақ мұғалімдерді даярлау үздіксіз педагогикалық білім беруден
сипатталғандықтан, педагикалық колледжде, институтта, университтте жүзеге
асырылуда, дегенмен де университетте білім беруге көшу жетекші болып
табылады.
Жеке тұлғаның белгілі бір сапасын қалыптастыруда, оның кәсіби
дәрежесін ескеру. Тұлғаның мұндай сапасы кәсіби-бағалы және болашақ
мұғалімінің іс-әрекетіне қарай қалыптасады. Сондай-ақ кәсіби білім беруді
реформалаудың мәнін болашақ мамандарды тұлғалық қалыптастыруда қаралу
тұлғалық аспектісі, алынған білімі, құрылымы мен мазмұнына өзгеріс енгізу
мазмұндық аспектісі, технологиялық аспект. Сонымен курстық жұмыста қоғамның
даму тенденсиясына сай, талабына сай, маманның рухани құндылығының болуы,
кәсіби маман ретінде қалыптасуына бүгінгі күннің білім жүйесінің дамуының
жақтары қарастырылады, толығымен ашып көрсетуге тырысамын.
1.1.Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері
Еліміздің тұңғыш жоғарғы оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Жолдауын жан-жақты қарастыруға
және осы заманғы Қазақстанның білім беру саласында жаңа міндеттер қою мен
сол міндеттерді шешуге арналған кең көлемді халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясы болып өтті.
Жолдауда белгіленген Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 ел қатарына кіру стратегиясының басымдықтары Елбасының жыл сайынғы
жолдауларының жүйелі және логикалық жалғасы болып табылады.
Айқын бағдарламалық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерді жүзеге
асыруға арналған нақты шаралардың анықталуы қазіргі қазақстандық қоғамның
экономикалық, әлеуметтік және саяси құрамдас бөліктерін одан әрі қарай
жаңарту және өзгерту мәселелерін шешуді бірінші орынға шығарады. Әрбір
басымдықтың соңында оның практикалық жүзеге асуы, яғни идея мен оның
орындалуы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін шаралар
көрсетілген.
Экономикалық даму саласына төмендегідей міндеттер қойылды.
Қазақстанның әлемдік экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
(бірінші басымдық), Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің
іргеатасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру (екінші басымдық).
Осылайша, халықаралық маңыздығы серпілістік жобалардың іске асуы отандық
мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың әлем нарығында бәсекеге қабілетті
тауарлар мен қызмет көрсету өндіру өндірісін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұл бағыт Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жағдайында маңызды
рөл атқаратыны сөзсіз. Мұнда ұлтттық бизнеске, әсіресе биотехнология,
ақпараттық және басқа да жоғары технологиялық салаларға мемлекеттік қолдау
көрсету ең қажетті нәрсе [1].
Егеменді Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінің барлық қырларының ең
маңызды аспектілері, атап айтқанда: халықтың неғұрлым әлжуаз топтарын
қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы
әлеуметтік саясатты (үшінші басымдық), демократияны одан әрі дамыту және
саяси жүйені жаңарту (бесінші басымдық), осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр
көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру
(алтыншы басымдық), Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың
серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан
әрі іске асыру (жетінші басымдық) басымдықтары көрсетілген.
Жеке басымдыққа шығарған стратегиялық тұрғыдан маңызды және ең өзекті
бағыттардың бірі - өткен білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрларды
даярлау (төртінші басымдық) болып табылады. Білім беру экономикалық және
қоғамдық жаңартудың өсіп келе жатқан сұраныстарына сәйкес болуы тиіс.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Қазіргі кезде адамзат әлеуеті көпқырлы категориялық құнды бағытты
сипатқа ие болмақ.
Ашық қоғамның жағдайында әлемдік білім беру кеңістігінде ұлттық білім
беру жүйелерін интернационалдау мен кірігудің ұтымды, тиімді жолдарын
қарастыру – ең маңызды мәселелерінің бірі. Осыған орай білім беру мен
аэаматтық ресурстардың сапасы геосаяси және геоэкономикалық негізгі фактор
болып есептеледі.
Білім берудегі дамудың стратегиясы ұлттық экономика қажеттілігі мен
мәдени-ұлттық ерекшелігі бар әлемдік стандарттар негізіндегі білім берудің
жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен тығыз байланысты. Бұл модель
инновациялық, қарқынды әлеуметтік ұмтылыс болуы қажет. Шынында да, білім
берудегі инвестициялар ұлт пен мемлекет болашағы үшін жасалады.
Бұл модель мемлекеттің білім беру саясатымен тығыз байланысты
міндеттердің кешенін тоқтаусыз шешуді талап етеді:
• жалпыға бірдей сауаттылықты сақтау;
• білім беру процесіндегі үздіксіздікті қамтамасыз ету;
• білім алудағы экономикалық және аймақтық теңсіздікті жою;
• білім сапасын көтеру;
• білім беру саласындағы республикалық және аймақтық деңгейлер
арасындағы қызметтер мен жауапкершілікті нақты жіктеу;
• бюджетті қаржыландыруда жеткілікті және тұрақты қамсыздндыру;
• білім берудегі басқарудың тиімділігін арттыру.
Бұл тұжырымды міндеттер жүйелі түрде ғана шешіледі. Бүгінгі таңда
әрбір қазақстандық жоғарғы оқу орны білім беру қызметі нарығы мен еңбек
нарығының арасында анағұрлым тиімді байланысты орнатады. Бұл – қазіргі
заманғы Қазақстан үшін толық орындалатын міндет. Әр азамат осы міндетті
орындауға бар күшімізді жұмсауымыз қажет. Халық даналығы Жолды жүрген
жеңеді, - дейді. Біз әр қадамымызды Отанымыз – Қазақстанның
Республикасының гүлденуі мен өркендеуіне қол жеткізуге бағытталған
қоғамдық, экономикалық, мәдени-этникалық өзара қарым-қатынастың жаңа
деңгейін сапалы жасауға жұмсауымыз қажет.[2]
1.2.Білім жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері
Еліміздің ғылымы мен білімі ұлттық білім және тәлім-тәрбие идеяларын
сақтай отырып, әлем кеңестігіне кірігуге басым бағыт беруде. Білім беру –
еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуының басты
факторларының бірі болып отыр.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, өзгермелі әлеуметтік
және экономикалық жағдайды өмір сүруге дайын болумен бірге қалыптасқан
болмысты жақсы бағытта өзгертуге белсенді ықпал жасау көкейкесті мәселенің
бірі болып отырғандықтан, қазіргі қоғамда алдыңғы санатқа жеке тұлғаға
шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, жоғары білімді, кәсіби
сауаттылығы жақсы дамыған интеллектіні меңгеру қажеттігі шығады.
Қазіргі заман талабына сай әлемдік білім кеңістігіне іру мәселесі 12-
жылдық білім беру жүйесіне кірігу мәселесі 12-жылдық білім беру жүйесіне
көшуді алға тартуда. Осы маңызды мәселені шешу мақсатында 2008-2009 оқу
жылынан бастап 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу көзделіп отыр.
Осы бағытта қазіргі уақытта республикамыздың 104 мектебінде эксперименттік
жұмыстар жүргізілуде.
Әлемнің өркениетті елдерінде елдерінде олардың білім беру жүйесі білім
беру мақсатын, мазмұны мен оқыту технологияларын оның нәтижесіне қарап,
бағалауға бет алып, 12 жылдық білім беруге көшуде (Румыния, Сингапур,
Финляндия, АҚШ, Украина, Беларусь т.б.). [3]
Жапания елі білім жүйесін ұлттық ерекшеліктер мен батыс елінің
инновациялық өзгерістерін жұптаса қалыптастыру негізінде жасаған.
Мектептерде мәдени базалық нормалары мен құндылықтарын сақтай
отырып, оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қоғамның жүйе құрушы
элементіне айналып отыр. Жапон елі стратегиясында білім беру әрдайым жапон
елі стратегиясында білім беру әрдайым жапон елі қоғамының маңызды
құндылығы болып саналады.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін жуық арадағы болашақта барлық деңгейдегі
білім беру стандарттарын қайта қарап жетілдіру, оқу-әдістемелік кешендерді
толық жаңарту, бүкіл білім беру жүйесін одан әрі демократияландыру, оқу
сапасын жетілдіру, нәтижеге бағдарлап оқыту т.б. көкейкесті мәселелерді
шешу қажеттігі туындайды.
Көптеген елдердің тәжірибесінде өте тиімді жол адамның өмір бойы
дағдыларын дамыту білім мен оқыту технологиясын кіріктіру негізіндегі
компетенциялар жияны мектептегі білім беру арқылы дамытылады.
Компетенттілік – оқушының алған білім мен біліктерін күнделікті өмірде
практикалық және теориялық мәселелері шешуге қолдана білу қабілеттігі.
Өмір дағдылары – адамның өзінің қажетіне қарай өз бетінше білім алуға,
оқуға, еңбек етуге, денсаулығын жақсартуға, еліміздің (мектептің) қоғамдық
және экономикалық өміріне белсене араласуы, қоғамдағы оң өзгерістерге
бейімделуі, күнделікті өмірде туындап отыратын қажеттіліктер мен
кедергілерді өзі шеше алуына мүмкіндік беретін дағдылар. Қазіргі уақытта
заман талабына сай мектеп бітіретін оқушының компетенттілігіне басты назар
аударылуда.
Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуына, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы
кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген
азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі ауылдық және шағын комплектілі
мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру механизмдерін
жетілдіру қажеттігін алға тартады.
Білім туралы заңда Әлемдік және Отандық мәдени жетістіктеріне баға
беру – қазақ халқы мен республикадағы басқа да халықатрдың тарихын, әдет-
ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін
меңгерудің қажеттігі (7 маусым, 1999 ж 8-бап, 1-10 пунктер) атап
көрсетілген.
Қазіргі заман талабына сай ауыл социумының білім беру саласын
әлемдік білім беру беру кеңістігіне кірігуге, сонымен бірге ұлттық
болмысымызды қалптастыру үшін мәдени-тарихи құндылықтарға сай өркендеуге
басым бағыт берілуде. [4]
2. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны
Жоғары білім беру жүйесінің заңдылықтары мен ұстанымдарын толыққанды
зерттей отырып, бұл жүйенің ғылыми тұжырымдары ғылыми-теориялық
мәселелермен тығыз байланысып жатқандығына анық көз жеткізуге болады.
Әрине, білім беру жүйесі - өзіне тән қиыншылықтары бар, ғылыми
заңдылықтарға толы оқытудың жаңа технологиялары күн өткен сайын көбейіп
келе жатқан, мемлекеттік саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайға тәуелді
күрделі жүйелердің бірі екенін уақыттың өзі дәлеледеп отыр.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде көптеген
өзгерістерге бой көрсетіп жатыр. Солардың басым көпшілігі білім беруді
реформалау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан жоғары білім беруді
реформалаудың негізгі себептерін атап өтейік:
- елдің дамуының әлеуметтік-әкономикалық қажеттіктері;
- ғылыми-техникалық прогресті дамытудың қажеттілігі, үнемі жаңа , аса
күрделі технологияның пайда болуы;
- халықаралық бәсекелестік;
- ХХІ ғасырдың басындағы дүниежүзілік және отандық ғылым мен
практикадағы өзгерістер туралы болжамдар;
- басқа елдердің білім берудегі тәжірибелері, салыстырмалы
педагогикалық зерттеулердің нәтижелері; дүниежүзілік қауымдастықтың нығаю
тенденциясы, халықаралық байланыстардың дамуы және нығаюы;
- білім беру жүйесіндегі кемшіліктер, көпшіліктің наразылығы.[5]
Осы аталған себептерге байланысты білім беру жүйесінің кез келген
деңгейлерінде реформалау үрдістері жүріп жатады. Оның көптеген себептері
бар. Негізгілері жоғарыдағыдай. Алайда жоғары білім беру жүйесіне
өзгерістер ендіру халықаралық тәжірибені ескеріп барып жасалынады. Олай
болмаған жағдайда дамыған мемлекеттердің білім беру жүйелеріндегі
жаңалықтардан тыс қалып қойып, отандық білім беруіміздің моделін жасау
қиынға түсері анық.Өйткені жаһандану үрдісі өрістеп тұрған кезде
халықаралық тәжірибелерге көз салу өте маңызды. Олай болса жоғары білім
беру жүйесін реформалаудың мақсаттары мен міндетеріне тоқталайық:
- эволюциялық реформалау (ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша реформаның
бірінші түрі, онда білім беру жүйесінің жекелеген жақтары жетілдірілді және
жаңартылды);
- революциялық реформалау – реформалаудың екінші түрі, онда білім беру
жүйесінің өзіне елеулі өзгерістер ентігізіледі;
- стратегиялық міндеттер – негізгі, ерекше елеулі және келешекке
арналған міндеттер. Ол білім беру жүйесін реформалаудың ұзақ уақытқа
бағытталған міндеттері;
- тактикалық міндеттер – білім беру жүйесін реформалаудың таяу уақытқа
арналған міндеттері, оны шешпей тсратегиялық міндеттерді жүзеге асыру
мүмкін емес;
- интернационалдандыру – басқа ұлтқа, халыққа, олардың әдет-ғұрпына,
дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, шетел тілдерін
оқуға ерекше көңіл бөлу;
- демократияландыру – жастарды толық орта, жоғары білім алуға қамтуды
кеңейту, білім беру сатыларының қатаң сабақтастығын сақтау, оқудың
тығырыққа тірелген бағыттарын жою, барлық оқу орындарында оқыту сапасын
жақсарту, білім берудің мазмұнын өмірмен тығыз байланыстыру, оқушыларды
жоғары азаматтық, моральдық және эстетикалық мұратта тәрбиелеу [6].
Жоғары білім беру жүйесінің мақсаты айқын болған уақытта міндеттері
белгіленеді. Яғни қысқа мерзімге, ұзақ мерзімге арналған
міндеттер болып жіктеледі. Мақсат міндеттердің ғылыми маңыздылығы сол,
білім жүйесін рационалды бағытта өзгертуге мүмкіндік аламыз. Егер
реформалаудың бағыт-бағдары нақтыланбай тұрса, ғылыми жобалардың
практикада жүзеге асырылуы қиынға түсері анық. Өйткені жасалынған ғылыми
жобаларды іске асыру тетіктері белгіленбей, оны іс жүзінде пайдалану мүмкін
болмай шығады. Осындай жаңалықтарды жүзеге асырып, қолданысқа ендіру үшін
мақсат және міндеттерді ғылыим тұрғыдан айқындап алған дұрыс болады деген
тұжырым жасауға толық негіз бар. Жоғарыда аталған реформалаудың мақсат-
міндеттері білім бағдарламалары, мемлекеттік білім стандарттары арқылы
жүзеге асырылған уақытта білім сапасының көрсеткіштеріне айтарлықтай
өзгерістер байқалады. Осы ретте айта кететін жәйт, білім сапасына қатысты
мәселелер көбірек туындайтын болса, ол білім жүйесін реформалауға түрткі
болады. [7]
Ойымызды әрі қарай сабақтайтын болсақ, білім беру жүйесін реформалау -
әлеуметтік-қоғамдық, мемлекеттік, экономикалық жағдайларын зертеп барып
жүзеге асырылатын технология. Сондықтан білім беру жүйесінің бағытын
өзгерту, я болмаса басқаша сипатта дамыту үшін алдағы атқарылар іс-шара
бүгінгі уақыттың сұранысынан, заман талабынан туындаған болуы қажет.
Әйтпесе нәтижеге қол жеткізу білімінің сапалық көрсеткіштеріне бағынышты
болып қала береді.
Енді жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын қарастырайық:
- білім берудің мазмұны, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар;
- білім берудің құрылымы;
- басқару мен жоспарлау;
- білім берудің сапасы;
- жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту;
- педогогтік білім беру.
Бұл бағыттардан көріп отырғанымыздай, жоғары білім берудің өзі
бірнеше компоненттерден тұрады. Білім берудің мазмұны, оқу жоспары, оқу
бағдарламалары, оқулықтар – ең алдымен білім беру үрдісіне тікелей
байланысы бар мазмұндылық бағыттар, білім берудің мазмұнын құрайтын негізгі
құжаттамалар.
Білім берудің құрылымы – білім берудің өзара байланысқан құрылымы
жалпы алғанда білім берудің дидактикалық талаптарға негізделген мазмұндылық
компоненттерін құрайды. Басқару мен жоспарлау – бұл өте маңызды, өйткені
білім беруді кәсіби тұрғыдан жоспарламайтын болсақ, оның элементтерін бір-
бірімен байланыстырып басқармайтын болсақ, нәтижеге қол жеткізе алмаймыз.
Атап айтсақ, олар: білімді басқару, білім сапасын бағалауды басқару, білім
сапасын жоспарлау, реформалауды басқару, ағымдағы атқарылар істерді
жоспарлау, т.б. Білім сапасын басқару мен жоспарлау ғылыми тұрғыдан
зерттеуді талап етеді, өйткені олар күрделі механизмдердің жиынтығынан
тұрады.
Білім берудің сапасы. Кез келген жоғары оқу орнында заман талабына сай
білім беру мәселесі алдыңғы қатарда тұрады. Заман талабына сай білім беру
мәселесі алдыңғы қатарда тұрады. Заман талабына негізделген сапалы білім
беру мәселесі мемлекеттік деңгейдегі мәселелердің қатарында. Білім сапасын
жақсарту үшін көптеген жоғары білім беру ордалары өз жұмыстарының мазмұнын
қайта қарап шығып, ғылым мен білімнің жаңалықтарын зерттеуді қолға алып
жатыр. Соңғы уақытта қабылданып, тұжырымдар мен білім бағдарламаларының
негізгі бағыты еліміздің жоғары оқу орындарының білім сапасын дамыту
арқылы әлемдік стандарттар негізінде білім беруге негізделген. Білім
сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін жаңа технологиялар арқылы жұмыс жасау
керек. Бұл жағынан кредиттік технологияны атап өтуге болады. Сапаны
жақсарту білім мазмұнын зерттеу арқылы жүзеге асатын болса, білім мазмұнына
өзгерістер ендіру арқылы білім сапасын жақсартуға зор мүмкіндік аламыз.
Білім сапасы – күрделі және басты мәселе. Сапаны жақсарту, жоспарлау,
басқару ешуақытта өзекті мәселелер қатарынан түспейді, өйткені сапалы білім
беру үнемі жақсару мен жаңартуды талап етеді. Ол үшін білім беру жүйесінің
халықаралық тәжірибелерін зерттей отырып, білім мазмұнына рационалды
өзгерістер алып келуі қажет. Бұл жерде білім беруді реформалаудың негізгі
бағыттарын қарастырсақ, енді білім беру жүйесін реформалаудың
тенденцияларына көз жіберейік.
Еліміздің білім беру жүйесінде жүргізіліп отырған іс-шаралардың
мазмұндылық бөлігі, жалпы алғанда, білім берудің тенденцияларын құрайды.
Сол себепті білім беру тенденцияларының төмендегідей түрлеріне зер салайық:
- дәстүрлік – білім берудің бар жүйесін негізінен сақтағысы келеді,
оны мүмкін болғандардың ішіндегі тәуірі санап, белгілі дәрежеде ғана
жаңарту қажет деп есептейді;
- альтернативтік – білім берудің гуманистік жақтарына көбірек көңіл
бөліп, білім жүйесін негізінен өзгерту қажет, оның авторитарлық-педагогтік
құрылымын, түрін және әдістерін жою керек деп есептейді;
- антипедагогикалық – қазіргі мектептегі балаларға және қоғамға зиянды
деп есептеп, жастармен жұмыс істеудің жаңа жүйесін іздейді, көбінесе
анархистік бағытты қолдайды;
- ұстамды-радикалдық – дәстүрге ерекше көңіл бөлуден, үлкен
өзгерістерден, антипедагогтік көзқарастан бас тартады. Білім беруді
реформалауды жүргізуде жан-жақты ойластырылған көзқарасты қуаттайды және
бағыттар тек дұрыстығы мойындалғанда ғана іске асырылады. [8]
Жалпы алғанда білім берудегі тенденция деген сөз негізіг бағыттарды
білдіреді. Осы ретте білім берудегі тенденцияларға жататын дәстүрлік,
альтернативтік, антипедагогикалық, ұстамды-радикалық, ұстамды-радикалдық
бағыттар ортақ бір жүйе құрайды.
Әр бағыт басқаша болса да, негізінен білім берудегі бағыт бағдардың
мазмұны осылай анықталады.
Енді оқытудың технологиялық жағы көбірек өзгеріске ұшырайтын болған
соң. Осы бір мәселеге назар аударсақ. Оқытудың технологиясы негізгі жеті
кезеңнен тұрады:
1. Студенттердің психологиялық диагностикасы.
2. Оқытудың нәтижелерін жоспарлау.
3. Оқытуға жағдай жасау.
4. Жүзеге асыру.
5. Бағалау.
6. Мониторингілеу.
7. Оқыту үлгісін коррекциялау [9].
Технологияның өзгеріске ұшырайтын себебі – білім беруді реформалаудың
нәтижесінен жаңа технологиялар туындап, білім беру сапасының мазмұнын
құрайды . Мұндай жағдайды ғылымда инновация деп атайды. Білім жүйесін
реформалау негізінде туындаған оқытудың жаңа әдістері мен технологиялар
жиынтығын инновация дейміз.
Инновация – білім берудің жаңа технологияларын зерттеп, жаңа білімді
қоданысқа ендіретін гуманитарлық ғылым. Жаңа білімді алып келуші технология
болып табылады.
Инновациялық оқыту – білімді игерудің ерекше түрі, дәстүрлі оқыту
үрдісіне қарағанда альтернативті сипатта болады [10]
3.1. Білім беруді технологияландыру
Жаңа педогогикалық технология, оның пайда болуы мен дамыу, түрлері
туралы әңгімелеудің алдында қазіргі білім беру жүйесінің негізгі
бағыттарына тоқталу керек. Жаңа технологияны оқыту процесінде пайдалану
қажеттіліктен туындады. Ғылыми-техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті
жағдайдың бірі – интеллектуалдық шығармашыл, гуманды жас ұрпақты
тәрбиелеу. Даму педагогикалық оқыту процесінің негізгі, терең мағыналы
мәніне айналды. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – витогенді
технология. [11]
Витогенді сөзі латын тілінен аударғанда өмір, тіршілікке
қатынасты құбылыс деген мағына береді.
Витогенді технологияны оқыту процесінде өте тиімді пайдалануға
болатындығын ғылымда дәлеледеген. Мұны голографиялық тәсіл деп атайды.
Голография – заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс.
Голография ұғымы ғылымға 1993 жылы енді. Одан әрі голографиялық сана деген
ұғым пайда болды.
Әр жеке нәрсе – көптеген векторлар қозғалысының нәтижесінде түзілген
нүкте. Ал вектор дегеніміз – латын тілінен тасушы деген мағынаны беретін,
белгілі бір нүктеден келесі нүктеге бағытталған түзу кесінді. Оның белгілі
бір жылдамдығы, күші, мөлшері болады. Ал, жеке дара нәрсе сол вектордың
өзара тепе-теңдігінен туындайды. Ой-вектормен бір жерге бағытталған
энергияның қайталауы не шағылуы деп түсіндіріледі. Голографияда кескіннің
көлемі мен біртұтастылығы өте маңызды.
Галымдар голографиялық ситуация деген ұғымды да енгізді. Ол оқыту
процесінде оқытудың мазмұнын ең аз дегенде мақсатты бағытталған үш
проекцияның қосылуынан туындайтын көлемді ашуға бағытталады.
Витогенді проекция – жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезінде
витогенді ақпаратты оқу процесінде пайдалануын айтамыз.
І ІІ
ІІІ
Оқушы білім
оқытушы
Стереопроекция – мұғалімнен шығатын ақпарат, оны берген кезде
витогенді оқушы ақпаратын пайдаланамыз.
Мұндағы вектор: оқытушы білім оқушы
Голографиялық проекция – кез келген қосымша білім көзінен шығатын
ақпарат. Голографиялық проекция: кітаптан, ақпараттан, ғылыми деректерден,
мамандармен кездесулерден, әдебиеттен және т.б. алынады.
Голографиялық әдіс тек оқыту процесінде ғана емес оқу процесінде де
пайдаланылады. Бұл кезде де проекциялар білім алуға негізделеді, бірақ
векторлар түрліше болады.
І-проекция – витогенді проекция тұрақты болып келеді;
ІІ-проекция – стереопроекция әртүрлі білім көздерінен алынған білім;
ІІІ-проекция – голографиялық проекция - әр адамның ойлау мен танымдық
қабілеті негізінде білім көздерінен ойша білімнің үлгісін түзе алуы.
Голографиялық технологияның бірнеше түрлері бар:
1. Ретроспектрлік әдісті пайдалану. Ретроспектрлік өткенді пайдалану,
қарау деген сөз; өз тәжірибесін, білімін оқу процесінде пайдалану. Бұл
әдісоқушылардың витогенді ақпаратының қорын, олардың білігі мен дағдысын
оқу процесінде қолдану арқылы қорытынды шығаруда пайдаланады.
Бұл кездегі мұғалім қызметі оқушы жауаптарының витогенді білімі мен
білігін берудегі білімдер арасындағы қайшылықтарын; дәл келмейтін
жерлерін; қабылдаудағы қателіктерін ғылыми дәлелдемелерге сүйене отырып,
оқушының өмір тәжірибесіндегі білімнің маңызын ашып, оқушы мәліметтерінің
нәтижелігін көрсету керек. [12]
2. Оқушының алғашқы алған өмір тәжірибесіндегі білімді өзектендіру
әдісін пайдалану – бұл арқылы жаңа қажеті білім алғанға дейін оқушының
қандай білім қорының бар екендігі анықталады.
Осы кездегі диагностиканы әр жеке оқушының, тіпті біртұтас сыныптың
ақыл-ой потенциалын анықтауға, жаңа білім алуға бұрынғы алынған білімді
проблемалық ситуация туғызу үшін пайдалануға болады. Бұл кезде: Сендер
... турлы не білесіздер?
Мұндай әдіс мынадай жағдайларды туғызады: оқушының жас ерекшеліктеріне
қарай, қойылған мақсат оқушының өмір тәжірибесін өзектендіреді; ол
өзектендіру түрі оқушының жас мүмкіншілігіне сай келуі керек; оқушының
витогенді тәжірибесін өзектендіру оқушыда жеңіске жету жағдайы мен
болашаққа сенімді қарауға үйретеді.
3. Білім беруде алдын ала беру, озық проекциялар тәсілі – бұл тәсілді
қолданған кезде оқушыға жоғары талап қойылды.
Оны қолданғанда оқушыларға: Сендер енді жаңа затпен, не құбылыспен
танысасыңдар,-деп айтылмайды, оның орнына Мен құбылыс, не зат туралы
әңгімелеймін, ал сендер ол туралы естіген, көрген, не онымен кездескен
болсаңдар, естеріңе түсіріңдер,-деп айтылады. [13]
Мұнда мұғалім білім беру проекциясына витогенді қосады. Бұл тәсілдің
маңыздылығы да осында.
4. Білім беруде аяқталған қосымша үлгіні қарастыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz