Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқытық субьектісі ретінде


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқытық субьектісі ретінде.

Жоспар.

Түсініктеме . . . 1 бет.

Кіріспе: . . . 2- 4 бет.

І. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық субьектісі ретінде

І. І Мемлекеттік қызметтің түсінігі, қағидалары . . . 5- 15 бет.

І. 2 Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы . . . 16- 24 бет.

І. 3 Мемлекеттік қызметке қабылдаудың тәртібі . . . бет.

ІІ. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық.

2. 1 Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық . . . бет.

2. 2 Мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жағдайы . . . бет.

Қортынды . . . бет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . бет.

Түсініктеме

Дипломдық жұмыста Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық субъектісі ретінде Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметінің құрамдас бір бөлігі. Ол мынандай міндеттерді шешуге арналған:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттің және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;

- мемлекеттік органдардың өз құзретіне сәйкес тиімді қызмет атқаруы үшін жағдай тудыру;

- басқарушылық қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіру;

- азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету; [5. 92 б] .

Мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа заң ды актілерге негізделеді. Өз ойымды тұжырымдай келе мемлекеттік қызметкерлердің басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сай болуы керек. Бұл Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру; « Елімізде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, нығайту және оны ары қарай дамыту керек - деп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында атап өткен болатын. Тағыда атап өтетін мәселе « Қазақстан- 2030 даму стратегиясына үлкен үлес қосатын осы мемлекетке қызмет ететін қызметкерлер деп сөз сөйленген.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі- Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық субъектісі ретінде мемлекеттік қызметкерлер еліміздің экономикасын, әлеуметік, мәдени және әкімшілік, саяси салаларын жетілдіру мақсатында қызмет атқаруда. Ал, осы қызметті жүзеге асыру да мемлекеттік қызметкерлердің тиісті құқықтары мен міндеттері болады. Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж 23 шілдедегі Заңында мемлекеттік қызметтің құқықтық жағдайы айқын көрсетілген. Сонымен заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметші деп мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын қызметшіні айтамыз. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 34- бабының Ескертпесінде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын ( яғни оларға қызметі жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген ) не мемлекеттік органдарға, жергілікті басқару органдарында, сондай- ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық- билік ету немесе әкімшілік шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп аталады.

Зерттеу жұысының мақсаты- жұмыстың өзектілігі мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы экономика, әлеуметік саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару функцияларының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен ( масштабтылығымен ) ерекшелінеді. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асырумен байланысты.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері:

- Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын анықтау;

- Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік- құқық бұзушылығының ұғымына, құрамына және саралануына сипаттама беру;

- Мемлекеттік қызметкерлердің және ІІО соның ішінде полициялық учаскелік инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асыру барысындағы қызметін жетілдіруге бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау;

Зерттеу жұмысының заты және объектісі.

Қарастырылатын диплом жұмысының мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі мемлекеттік қызметің әкімшілік құқықықтық субъектілерінің қызметінің атқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің қызметін атқару шеңбері;

Диплом жұмысының эмпирикалық негіздері.

1. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтары мен нұсқаулықтары және нормативтік құқықтық актілері және тағы басқалар:

2. Осы мемлекеттік қызмет туралы тақырып бойынша көптеген диссертациялық магистрлік зерттеу жұмыстары мен монографиялық еңбектер;

3. Әкімшілік іс жүргізудің басты материалдары болып табылады.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі.

Жоғарыда қарастырылып және көррсетілген міндеттерді орындау жолында біз материалистік диалектика заңдарына және категоияларына, дүние

танымдық теорияның, әсіресе әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі тұжырымдарына, сондай- ақ құқықтық құбылыстарды зертеудің әдістемелік іліміне сүйендік.

Зерттеу барысында немесе процесінде формальдық логиканың ережелері, талдау мен жинақтау, салыстырмалы құқықтық және статистикалық, нақтылы- социологиялық әдістемелер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының нәтижесі және тәжирбиелік мәні.

Мемлекеттік қызметкерлердің жүйесіндегі мемлекеттік қызметінде алатын орнына, олардың функциялары мен әдістердің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері жөніндегі ғылыми тұжырымдарды одан әрі жетілдіруге бағытталған тұжырымдар мен ұсыныстар. Сонымен қатар зерттеудің тәжирбиелік мәні оның теориялық қорытындыларын, тәжирбиелік ұсыныстарын ғылыми зерттеу жұмысында, білім беру процесінде пайдалануға болатындығына.

Жұмыстың құрылымы.

Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, бірінші бөлім үш сұрақтан ал екінші бөлімі екі сұрақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет көздерінен тұрады.

1 Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық субъектісі ретінде .

1. 1 . Мемлекеттік қызметтің түсінігі, қағидалары.

Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі

Мемлекеттік қызметші-мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттерімен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымды өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Әкімшілік құқық субъектілері туралы жалпы мағлұмат.

Әкімшілік-құқықтық субъектілерге тоқталмас бұрын, ең алдымен «әкімшілік-құқық субъектісің ұғымына түсінік беру керек. Әкімшілік құқықтың субъектісі болып азаматтар қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктер мен олардың қызыметкерлері, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар және еңбек ұжымдары саналады.

Әкімшілік құқық субъектілері мынандай үш шарт бойынша ғана әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:

  • субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқық нормалары.
  • субъектілердің құқықтық және әрекет ету қабілеттілігінің болуы.
  • құқықтық қатынастардың өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерінің қалыптасуының негізгі міндеттері.

Бұрынғы Кенес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың енбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның

ерекшелігі тікелей қол енбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік- шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік ( ұйымдастыру, басқару ), әлеуметтік- мәдени және тәрбиелеу функцияларын жұзеге асыру болып саналады.

Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да ( басшылар, инженер- техникалық қызметкерлер, тағы басқалары ), сондай- ақ мемлекеттік мекемелердегі де ( мектептер, мәдени- ағарту және медицина мекемелері, тағы басқалары ) жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болса.

Сонымен бірге қандай да жеке болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оның тар мағынада түсіну де болды. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұиымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдарының қызметі танылатын.

Мемлекеттік басқару аясына орай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдар әкімшілік- басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы- өкім етушілік ( мемлекеттік- басқарушылық ) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналды.

Әкімшілік- басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құықтың нормаларымен реттелінді,

ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе енбек құқығы нормаларының реттейтін обьектісі болды.

1991ж дейін жағдай осылай болды. 1995ж. 26- желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің « Мемлекеттік қызметі туралы заң күші бар жарлығы шықты- бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік- құқықтық акті еді.

Ол қәзіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23- шілдеде қабылданған « Мемлекеттік қызмет туралы заңымен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарымен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.

Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі.

Бұл анықтамада мемлекеттік ққызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік- қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік- мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс, тіпті ол таза басқару немесе ұиымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай қызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып танылмайды.

Сондықтан, мемлекеттік қызмет қәзіргі кезде шенуіктердің ( төрелердің ) қызметіне тіреледі.

Мемлекеттік қызмет ұғымының келесі бір шектеуі мемлекеттік қызметші болып танылу үшін тиісті мемлекеттік органда құрылған мемлекеттік лауазымға орналасу керектігімен байланысты.

Бұл жағдайда шектеу мынадан көрініс табады, қандай да болмасын бір мемлекеттік органның аппаратында адамның орналасқан кез келген лауазымы болып табыла бермейді. Мемлекетік лауазымдардың реестірлері ( тізілімдері ) бар. Ал бұл мемлекетік органның кез келген қызметкері мемлекеттік қызметші болып таныла бермейтінін дәлелдейді ( мысалы, лаборант, диспетчер, фотограф, киім ілуші, тағы сол сияқты. )

Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар белгіленген:

а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының жұмысы қызметіде кәсіби болып табылады;

ә) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанымен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік ұйымдарда құрады ( мысалы, кәсіпорындардың, мекемелердің, лауазымдары ) . Сондықтан, мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу кәжет сияқты;

б) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасуынан табады заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады;

в) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды бегісі;

г) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерін орындауын болжайды;

ғ) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталатын. Бұл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл ретте мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшадай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі:

Осы кезендегі мемлекеттік қызмет ұғымының негізгі белгілері мен ерекшеліктері осындай.

Батыс елдерінің заңнамалары мемлекеттік қызмет туралы мәселені көп жағдайларда Қазақстан заң шығарушылары басшылыққа алынатын қағидаттардан өзгеше негіздемелерде шешеді. Мәселен, АҚШ- та мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың реттеуіне бюджеттік қаржыдан ақы алатын кез келген қызметкер жатады; оларды « азаматтық және « үкіметтік қызметшіге бөлу қаралған.

Ұлыбитанияда барлық шенеуіктер, сондай- ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен, мемлекеттік ғылыми және ғылыми- техникалық мекемелерде істейтін адамдар да мемлекеттік ( азаматық ) қызмет атқарады.

Францияда мемлекеттік қызмет шенеуіктердің, сондай- ақ өзге де мемлекеттік қызметшілердің ( мысалы: көлік және байланыс жүйесіндегі ) жариялы басқарушылық қызметі болып табылады. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып ең алдымен жариялы билікті иеленуші ретінде мемлекеттік барлық қызметшілері танылады.

Германия да шенеуіктер мемлекеттік қызметшілер болып танылады. Оларға өзге мемлекеттік қызметшілер де мысалы: көмекші техникалық

функцияларды орындайтындар жатады. Әкімшілік қызметкер тобын білдіретін шенеуіктермен ( « шенеуніктік құқық ) және шенеуіктер болып танылмайтын азаматтық қызметшілер арасында шек қойылады.

Қазақстан заңнамасы мемлекеттік қызметтің мәнін анықтауға өзге көзқарасты негізге алады: оның нормалары мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекет құратын лауазымдарға орналасқан және шындығында мемлекетте қызметте болатын адамдардың жұмысына қолданылмайды.

Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негіз болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігін қәбілетсіздігімен, қай кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер- олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану- алғы шепте тұратын жалпы ұлттық міндет. Әр- түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтықсыз жұмыс істеуге тіис. Мемлекеттік қызметті реформалау жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің принциптері Қазақстан Республикасы Конституциясының Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді. (33- бап. 4- т)
Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнынң 3- б- да мемлекеттік қызмет негізделетін принциптер бекітілген.

Мемлекеттік қызмет және оның дамуы.

Мемлекеттік қызмет - әр елдің барлық даму сатысындағы басты атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер - өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасаудағы Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында “Кәсіби үкіметке” басым бағыт беруі тегіннен-тегін емес.

Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісіне негіз қалады. 1998 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешімімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік академия былтырғы жылы Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып қайта құрылды.

1999 жылғы 23 шілдеде “Мемлекеттік қызмет туралы” заң және мемлекеттік қызмет шеңберін реттейтін заңдық құқықтық актілер қабылданды.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Достастық мемлекеттері үшін үлгі ретінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметке сәтті реформа жүргізді.

Елбасы Қазақстанның алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойды.

Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет.

Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне сай білім реформасынсыз және басқарудың жаңа үлгісінсіз Қазақстанның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бұл үшін де аз нәрсе істелген жоқ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын біліктілігі жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің “Болашақ” бағдарламасының жұмыс істегеніне он жылдан асты, оның жолдамасымен талантты жастарымыз дүние жүзінің ең таңдаулы университеттерінде білім алады. Үш таңдаулы оқу орнын - дипломатиялық және сот академияларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың жаңа академиясы жұмыс істейді.

Оқуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды. Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылады.

Аймақтық қайта даярлау және біліктілік көтеру орталығында 2006 жылға облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін 17 млн. теңге қаралған, яғни бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында облыс бойынша 75 мемлекеттік қызметші, аймақтық біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында - 514 және басқа да салалық оқу орындарында 126 адам оқыды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көбірек.

Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген Қазақстан Республикасы Конституциясының 4- б. 2- тармағының нормасына негізделеді.

  1. Қазақстандық патриотизм принципі, ( гректердің patrіoes- отандас, patrіs- отан дегені ) - мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш- жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
  2. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе- тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс- қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3- бабының 4- тармағына негізделген.

Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің ара- жігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте тәуелсіз екендігін білдіреді. Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы ( өкілді ) органның депутаты болуға құқығы болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте бола алмайды.

4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі. Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазна екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс- әрекеттері

үшін барлық мемлекеттік қызметшілердің « Мемлекеттік қызмет туралы заңда қаралған жауапкершілікті болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.

5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қәбілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы принципі. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылданған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге, қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды. Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына, жасына және мемлекеттік қызмет үшін қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты.

6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік-құқықтық режимдер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының құқық жүйесі
Ерекше талап қою
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық пәнінен лекция жинағы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛДАУ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
Құқытық мемлекеттің белгілері
Билік түсінігі
Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz