Коммуникация теориясының негіздері: ұғымдар, бағыттар, типология және зерттеу деңгейлері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Коммуникацияның теориялық әдістері

Коммуникация сөзі латын тілінен аударғанда ( communico ) - ортақ қыламын, байланыстырамын, араласамын деген мағынаны білдіреді. Коммуникацияға қоршаған ортада өзіндік ойларымен, білімдерімен, сезімдерімен, көз- қарастарымен бөлісу, әңгімелесу, сұхбаттасу, мінез- құлық және іс- әрекеттер жиынтығы жатады. Бірақ адамдар бір- бірімен ой бөліскен кезде өз ойларынан айырылып қалмайды, керісінше өз ойына тағы да басқа ойлар қосып үйренеді.

Коммуникацияның негізгі екі бағыты бар: трансляциялық және интеракциялық . Транслияциялық бағыт адамдарды дыбыс, дауыс, шу шығарушы механизм ретінде қарастырады, өйткені адам кез- келген механизм сияқты іс- әрекеті шектеулі болып келеді. Интеракциялық - үзіліссіз байланыс процесі ретінде қарастырылады. Бұл процес белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде, белгілі бір мақсатта орындалады. Коммуникация тек қана адамзат қоғамында болмайды, ол сонымен қатар жануарлар әлемінде де, өсімдіктер әлемінде де, механизмдермен байланысқа түскен кезде де пайда болады. Адамдар бір бірімен әңгімелесе, сөйлесе, араласа жақындасса, жануарлар иіскесе жақындасады. Жануарлар бір бірін иіс арқылы танып, ұрғашы немесе еркек екенін анықтайды.

Коммуникация теориясы ғылыми білімнің салыстырмалы тұрғыда жаңа саласы және елімізде соңғы 10 жылдықта назар аударыла бастады. Коммуникация ұғымы әлеуметтік гуманитарлық білімдердің ғылыми сипатына кіреді. Коммуникацияның 126-ға жуық анықтамасы бар. Оны пән ретінде АҚШ пен Еуропада оқыту қалыптасқан. Чарльз Кулидің пікірінше коммуникация- адам қарым - қатынасының дамуын жүзеге асыратын тетік. А. Урсул пікірінше коммуникация күрделі динамикалық жүйелер мен олардың бөліктері арасындағы ақпарат алмасу. К. Черри пікірінше коммуникация - кең мағынада жеке бастың түрлі мақсатқа бағытталған әрекеттері үшін тіл немесе белгілер көмегімен жалпы мәнді ережелер жиынын орнататын әлеуметтік бірлестік. П. Смит, К. Берри, А. Пульфорд пікірінше коммуникация - бір адамдардың миынан басқа адамның миына ақпарат жіберу актісі. Бұдан бұл ұғымның көпқырлы екенін түсінеміз: әмбебап, техникалық, әлеуметтік, биологиялық.

Әмбебап - мұнда коммуникация материялдық және рухани әлемдегі кез- келген объектінің байланыс амалы ретінде қарастырамыз.

Техникалық - яғни ақпаратты материядық идеалдық объектілердің бір орнын екінші орынға тасымалдау құралыретінде қарастылады.

Биологиялық - биологияның эталогия бөлімінде аңдар, құстар, жәндіктер және т. б. белгілік байланыс амалдарын зерттеуде қолданылады.

Әлеуметтік - адамның алуан түрлі байланыстары мен қатынастарының сипатын және белгісін білдіруге пайдаланылады.

Коммуникация мәселелерін ондаған ғылым салалары зерттеумен айналысады: гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық коммуникация теориясы біріншіден: салыстырмалы тұрғыда пәні, заңдары мен тарихы бар жеке ғылым болып табылады; екіншіден: ол кешенді сипатқа ие және бірнеше ғылымдардың зерттеулерінің нәтижесін сәйкестендіреді. Сонымен қатар коммуникативті қиындықтық түрлі деңгейлерін игереді:

  1. Жалпы теориялық деңгей
  2. Технологиялық деңгей
  3. Жеке ғылыми деңгей
  4. Эмпирикалық деңгей

Коммуникацияға тірі жандармен қатар белгілер арқылы түсуге болды. Оларды көбінесе мылқау, құлагы естімейтіндер қолданады, ал кейбір белглер бір елде бір мағынаны білдірсе, өзге елдерде тіпті мүлдем басқа мағынаны білдіреді. Мысал ретінде американың бұрынғы президенті Дж. Буштың басынан өткен оқиға, ол америкада бәрі жақсы деген мағынаны білдіретін белгіні Бразилияға барғанда қолданған кезде ай- қай шуға душар бола жаздаған, өйткені ол белгі онда нәпсілік қарым- қатынасқа шақыруды білдіреді екен. Міне осы арқылы коммуникативтік белгілер қоғамына, жеріне, еліне байланысты болып келеді екен.

Қазіргі таңда коммуникацияға көп көңіл бөлінген, ол әлеуметтік, әлеуметтік- биологиялық, киберметикалық, саясаттану, социологиялық биологиялық, философиялық, психологиялық, мәдениеттану, лингвистикалық және т. б. ғылымдардың зерттеу объектісіне айналды. Ол жаһандану заманындағы қоғамында коммуникацияның рөлінің артуымен байланысты. Қазіргі таңда коммуникация туралы және соған байланысты

бірқатар ұғымдар қалыптасқан. Д. П. Гавроның пікірінше төмендегідей ұғымдар бар:

  • коммуникацияның жалпы теориясы
  • тұлғааралық және іскерлік коммуникациясы
  • бұқаралық коммуникация теориясы
  • ұжымдық коммуникация теориясы
  • коммуникативтік менеджмент
  • коммуникация тарихы
  • коммуникацияның зерттеу әдістері
  • Вербалды коммуникация теориясы
  • Визуалды коммуникация теориясы
  • саяси- экономия және коммуникация экономиясы
  • Вертуалды коммуникация теориясы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиын теориясының негіздері: ұғымдар, берілу тәсілдері, амалдар және қолданбалар
Жиындар теориясының негіздері: ұғымдар, берілу тәсілдері, амалдар және дәлелдеу әдістері
Этносоциология: ұғымдар, теориялық бағыттар және әдіснамалық мәселелер
Мемлекет пен құқық теориясының негіздері: ұғымдар, санаттар және құқықтық мемлекет
Қонақ үй теориясының негіздері және Қазақстандағы қонақ үй индустриясының дамуы: типология, қызмет көрсету және шешімдер
Саясат тарихы мен теориясы: ұғымдар, субъектілер және философиялық бағыттар
Мәдениетаралық коммуникация: негізгі ұғымдар мен тіл мен қоғамның өзара қызметі
Мәдениет пен өркениет: ұғымдар, типология және қазақ өркениетінің қалыптасуы
Тұлға теориялары: әдіснамалық негіздер, негізгі бағыттар және құрылымдық ұғымдар
Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері: ұғымдар мен зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz