Халықаралық теңіз құқығы жайында


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Ι Халықаралық теңіз құқығы

1. 1 Халықаралық теңіз құқығының қысқаша тарихы

1. 2 БҰҰ-ның Халықаралық теңіз құқығы туралы Конвенциясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Халықаралық теңіз құқығы бұл халықаралық құқықтардың бір тармағы, өзінің принцптері мен нормалары бар теңізді бақылау кеңістігінде жұмыс атқаратын және Әлемдік мұхитқа кіретін субьектілермен қызмет атқарады.

Бағзы заманнан бері Әлемдік мұхит қайнары әлемнің 71 % астам аумақты алып отырғандықтан, аталған сала ең көне деп саналады, яғни ол адамдардың шаруашылық және көліктік сұраныстарын ертеден орындап келе жатыр. Көп жылдар бойы теңіз құқықы нақты істерге көше алмай, тек суда жүзетін балықшылар мен туристерге ғана қызмет етіп келген. Рим құқығы бойынша ашық теңіз құықығы болмады немесе теңіз саудасы нақты дамыған жоқ. Әлемдік сауда болған жоқ: теңіз де ауа сияқты қабылданған, res communis omnium ортақ, барлығы үшін деп қаралды, алайда императордың қарамағында болды. Феодалдық кезеңде теңізге монархтардың билігі жүрді. Мысалы, Португалия Атлант мұхитының Мароккоға қарайтын жағына иелік етті. Испандықтар болса, Мексика бұғазы мен Тынық мұхитты қарамғында ұстады. Осылайша ұлттық кодекстер пайда болды. Родоской теңіз құқығы. Висби заңдары, Ганза кодексі, Консолатто т. б. Көбінесе бұл заңдар жергілікті немесе өз елдеріне ғана қолданды немесе, менің түсінуімше, теңізге жақын елдер өз заңдарымен ғана жұмыс жасады. Жалпы жергілікті ғана маңызы болғанымен бұл заңдардың халықаралық теңіз құқығын құруына айтарлықтай маңызы болды.

Экономиканың елдер арасындағы сауда-саттықтың дамуы немесе көптеген жаңа жерлердің ашылуы ашық теңіз жүйесін қолдануға әкеп соқты. Яғни көптеген мемлекеттер жаңағы өз жағалауындағы ғана қолданылатын заңдарынан бас тартуға мәжбүр болды. Голландиялық дипломат және теңіз істерінің маманы Гуго Гроций былай деп айтқан екен: «Ешқандай теңіз державалары немесе Португалия, Испания, Нидерланды болсын жалпы бүкіл әлемдік теңізді басқара алмайды немесе оған өз құзырын орната алмайды». Ол егерде әлемдік сауда-саттық дамитын болса, оған ең алдымен ашық теңіз қажет деп айтқан. Әрине ол онымен қоса белгілі бір мемлекеттің теңіздің аумағындағы шағын шекарасы болсын деп түйіндеген, алайда ол жерлерде шекара болса да, кәдімгі сауда кемелері ол жерден еркін өту керек болған. Бұл - Гроцидің айтқан пікірі.

Ұлы Француз революциясы және де әлемде кпаиталистік сауда-саттықтың дамуы көптеген Европалық алпауыттардың ашық теңіз саясатын мойындауына әкелді. 1661 жылы итальяндық юрист А. Джентили былай деп айтқан екен: «Әрине теңіз сызығы болуы керек. Алайда ол шекарадан асқан соң ашық теңіз саясаты жүруі керек». Жалпы халықаралық теңіз құқығының принцптері мен нормалары былай дамыған: екі тенденция бойынша, мысалға, екі мемлекет ара қатынасы бойынша немесе теңізге жақындары өз мүдделерін көбірек қорғай білсе, ал өз шекараларынан асып кеткен соң ашық теңіз саясаты жүрген, яғни халықаралық заңдардың барлығын ашық теңізде қолдануға болады, ал теңізге жақын немесе теңіздің жағасында орналасқан мемлекеттер өз заңдарын тіпті еркін қолдана білген.

Жалпы XX ғасыр бүкіл экономиканың, сауда-саттықтың бүкіл ішкі нарықтың дамуына әкеп соқты. Жалпы халықаралық сауда қатты дамып кетті, осыған байланысты кейбір мемлекеттер өздерінің ашық теңіздегі саясатын одан ары асыра жүргізді, кеңейтті десе болады. Осының барлығы жаңа теңіз нормаларының құрылуына әкеп соқты. Жаңа теңіз кодификациялары құрылды.

Жалпы тек қана балық шаруашылығының дамуының өзі Әлемдік мұхиттағы елдердің сұранысын қанағаттандырмауға айналды. Яғни заңдар ескірді деген сөз. Соған байланысты жаңа жобадағы халықаралық заңдарды туғызу қажет болды.

Ал ең алғашқы халықаралық теңіз құқығының заңдары сәтсіз болды деп айтса болады. 1930 жылы Гааг конференцисының аясында қабылданған заң ешқандай нәтиже бермеді, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы болса өзіінің алғашқы жұмысына кірісуінен ақ жалпы халықаралық теңіз құқықтарының заңдық нормаларын дамыту туралы заңдарды қабылдауға бірден кірісіп кетті. 1949 - 1956 жылдары БҰҰ-ның халықаралық заңдарға арнап құрылған Комиссиясы теңіз құқығына арнап жазылған жаңа заңдар жобасын құру туралы үлкен жұмыс атқарды. Бұл жалпы теңіз заңдарының дамуына жақсы әсер етті. Осының арқасында БҰҰ 1958 жылы алғашқы рет теңіз құқығы жөнінде конференция өткізіп, оның аясында төрт конвенция қабылданды. Олар: ашық теңіз туралы; шекаралық немесе жағалаулық теңіз; конитентік теңіздер; балық шаруашылығы мен теңіздің тірі қазыныналарын сақтау туралы Конвенциялар.

Осының арқасында халықаралық теңіз ұйымына немесе ол да БҰҰ-ның аясында құрылған, жалпы теңіз құқығының нормаларын тиімді түрде қолдануға мүмкіндік берді. Ашық теңіз құқығы дегенге кемелердің теңіз аясында емін еркін жүзуі кірді және балықшарушалығы, теңізден көпір немесе кабель жүргізу сияқты жұмыстар атқарылды және ашық теңіз үстімен емін еркін ұшуға ұшақтарға рұқсат етілді. Алайда бөтен елдің шекера теңіз аймағында кірген соң ол міндетті түрде рұқсат сұрауы қажет. Ол шекаралық теңізге келер болсақ одан басында айтып кеткендей рұқсат сұрап енуі қажет. Үшінші кеме мен мемлекет арасында нақты түрдегі байланыс керек болды. Континенттік шекараларға да аталған зағдық нормалар кіреді. Алайда I Конференцияда жалпы теңіз құқығының, оның ішінде, территориялық теңіз бен балық шаруашылығы туралы заңдар өз шешімін дұрыс тапқан жоқ. Осы аталған проблемаларды шешу үшін БҰҰ-ның II Конференциясы шақырылды. Ол теңіз құқығы болғаны жөнінде айтып жатпай-ақ қоялық, бірақ ол тек I960 жылы болды, алайда ол да нәтижелі болмады, кездесудегілердің ойынан шықпады. Онымен қоса жыл өткен сайын балық және шекаралық сулар оларды экономикалық маңыздылығы жөніндегі «гу, гу» әңгімелер тіптен көбейіп кетті. Олардың басындағы проблемалар жыл сайын өсе түсті.

Жасырары жоқ, олармен бірге қатарласып әлемдік мұхиттың басындағы экологиялық проблемалар да асқынып кетті, мұхиттар мен теңіздер былғанды, оларда ядролық бомбалардың сынағы өтті, яғни

ғылыми зерттеулер жұмыстары жүргізілді. Ол жылдары ғылыми революцияның дамуы дәл осы немесе теңіз дағдарысы тұсына сай ма сай келді. Онымен қоса дамыған мемлекеттер күштерін көрсетіп әлемлік мұхитқа иелік етпекші болды. Олар мұхитқа саяси тұрғыдан ғана көз тікті. Осыған байланысты тағы да жиналыс өтті. Ол 1967 жылы БҰҰ-ның аясында өтті. Яғни халықаралық теңіз құқықтарын реттеу туралы тағы да дискуссия басталды. Осының арқасында көптеген мемлекеттер өздерін толғандырып жүрген мәселелерін шешіп немесе жаңағы бастапқыда айтып кеткендей балық шаруашылығы, теңіздегі адам жанын сақтау, суға жүзу немесе адам жанын сақтау туралы өзекті проблемаларын айтып, өз позицияларын қорғап қалды. Осының арқасында төмендегідей заңдар пайда болды. Олар мыналар : теңіздегі адам өмірін сақтау Конвенциясы, 1960 және 1974 жылдар. Теңіздегі кеме қақтығыстарының алдын алу Конвенциясы 1972 жыл, Теңіздегі іздеу және құтқару Конвенциясы 1979 жыл, Егерде теңізге мүнай төгіп алса онда араласуға болады Конвенциясы 1969 жыл, Олардың немесе теңізге төгілген қоқсықтардың алдын алу Конвенциясы1972. Теңіздердің кемелер кесірінен кәрленуі туралы Конвенция 1973, Атлантикалык жануарларды сақтап қалу немесе әлге пингвин туралы Конвенция 1966 жыл, Солтүтік Атлантиканда көптеген ғылыми операциялар жүргізбеу Конвенциясы 1967 жыл, жаңағы теңізге келіп қосылатын өзендерді ластамау Конвенциясы 1974, антартикалық тюлендерді сақтау Конвенциясы 1972 жыл.

Жалпы аталған проблемалардың барлығы халықаралық теңіз құқығының нақты қандай облыстары әлсіз екенін көрсетті. Сондықтан жаңа замандық халықаралық теңіз құқығының Хартиясы пайда болды. Алайда олардың ішінде бастапқыда айтып кеткендей ең басты проблема болып балық шаруашылығы қалып отырды. Одан кейінгі өзекті мәселе теңіздің былғанбай таза ұсталуы болып отырды. Аталған қиын проблемаларды шешу үшін БҰҰ-ның заңдарына сәйкес 1970 жылдың 17-желтоқсанында III Конференция шақырылды, ол 16 ноябрь 1973 жылы болатын. Бұл Конференция 1973 жыл мен 1982 жылдар аралығында қызмет етті. Форум әлемдік жиылыс аясында өтті. Онда қабылданған заңдар орысша айтар болсақ «джентльменское соглашение» деп аталып кетті. Екіншіден, барлық проблемалар талқыланды, тек қана кейбір маңыздылары ғана емес, барлығы. Яғни Әлемдік мұхиттың барлық проблемалары ашық ортаға салып талқылады. Конвенция бір заңды қабылдаса ол ендігі жерде еш өзгермейтін болады. Жалпы Конференция аясында 11 сессий болып өтті, оның ішіндегі 7 сессия қайта қаралуға қалдырылды. Оларға яғни Конференцияға 164 мемлекет қатысып, сонымен қатар, БҰҰ-ның 12 арнайы арнай теңіз халықаралық құқығына арналып құрылған Комиссиясы да қатысты. 19 мемлекеттік емес ұйымдар олар әлемдік аренада өз орындарын айқан таңдай білген болатын және барлығы да теңіз құқығына байланысты ойларын баяғыда-ақ білдірген болатын. Конференцияда кейбір саяси немесе артында мемлекет мүддесін тиімді пайдаланғысы келген арнай топтар да болды. Олардың басым бөлігін 120 дамушы мемлекеттен келген топтар болатын. Әрине оның ішінде капиталистік және социалистік, архипелагтік, теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің топтары және т. б басқалары да болды. Бірақ мұншама әртүрлі көзқарастардың болғанына қарамастан конференция барлық мемлекеттерге тиімді дауыс жинау арқылы бәріне тиімді шартар қабылдай білді. Яғни теңізі құқығы байланысты барлық жүйелі заңдар қабылданды. Бұл шартқа 1982 жылдың 30 сәуірінде қол қойылған шарт болды. Конвенция мақұлдап немес оған келісіп 130 мемлекет қол қойды. Олардың төртеуі қарсы болды. Ал біреуі дауыс берген жоқ.

Ал Конференцияның соңы 10 желтоқсан 1982 жылы Монтего-Бей қаласында (Ямайка) нүкте қойылды.

Ендігі жерде БҰҰ-ның теңіз құқығына байланысты конвенциясын түсінгенім бойынша саралап берсем деп едім.

Жалпы бұл Конвенция көптеген дау туындатып алайда ақыр аяғында бәрібір қабылданған әлемдегі ең ірі халықаралық заңдардың бірі деп ойлаймын. 1982 жылы қабылданған Конвенцияның барлығы 17 жүйесі бар, 320 бабы және бар, 9 кіріспесі және бар. 16 ноябрь 1994 жылдың соңында жыл он екі ай аяқталғаннан кейін Конвенция жаңа бір күшіне енді. Алайда әлі күнге оның құрамында Украина жоқ. Соңғы жылдары ол да аталған ұйымға кіріп қалады деген ойдамын. Бұл Конвенция Женева конвециясын біршама толықтырды. Олар дәл осындай Конвенцияны 1958 жылы қабылдаған еді. Алайда БҰҰ-ның бұл Конвенциясы тек ескі Конвенцияға толықтыру болды. Яғни жаңа нормалар мен институттар жаңа әлемнің немесе жаңа теңіз әлемінің тенденциясын қалыптастырды. Конвенцияның аясында алғашқы рет шекаралық теңіздердің аумағы белгіленді. Ол 12 миль аспауы тиіс болды. Осының арқасында көптеген сауда кемелері ашық теңізде емін еркін жүзе алатын болды.

Сонымен бірге Конвенция архипелаг суларға арналған жаңа заң енгізді. Бұғаздар мен заливтерден емін еркін өту құқығы сақталды.

Кейбір мемлекеттер теңіздің экономикалық зонасын сақтау үшін, жеке заң қолдана алатын болады, яғни оның жекеменшік территориясына қарайтын теңіздің бөліген басқа бір мемлекет бас сұғатын болса, онда ол теңізге иелік ететін мемлекет өз құқығын қорғауына мүмкіндігі бар. Мысалы, континеттік теңіздерді пайдалану заңы да қабылданды. Ресей мен АҚШ сияқты елдер Беринг бұғазы арқылы жалғасып жатқандықтан олар теңіздерді бірге пайдалану құқығына ие болды. Бірақ бұл келісімдердің арасында мынадай да қызықтар болған екен. Мұхиттың ең терең жері яғни ешкімге қарамайтын ашық теңіз ешкімнің де құқығында болмады. Ол әлем меншігі іспеттес еді. Дәл сол жерлерде қызыл кітапқа енген балықтың сан түрлері тіршілік етті. Сонымен бірген халықаралық теңізді зертеу жүйесі де ретке келтірілді. Яғни, онда зерттеу немесе басқа да жұмыстар жүргізілуге арналған арнайы бөлінген жерлер туралы да заң болды. Конвенция ашық теңіз бостандығын пайдаланып отырып, кейбір аралдарда, түбектерде тәжірибе жұмыстарын жүрігізуге болады деп шешті. Алайда олардың өзінің де шектелген құқықтық нормалары болды. Ғалымдар тәжірибе жүргізе отырып қоршаған ортаға зиянын тигізбеу тиіс еді.

Сонымен қатар Конвенция мысалға кейбір суды пайдаланушы мемлекеттер арасында келіспеушіліктер бола қалатын болса, оларға арналған арнайы шаралар қолданды. Сондықтан да Конвенция ең басты тыныштықты сақтау үшін алдымен ашық теңіздің бейбіт мақсатта қолданылуын қадағалады. Конвенция теңізден алшақ жатқан, бірақта олардың қатарына қосылғысы келетін мемлекеттерге арнап арнайы заңдық нормалар жүйесін құрды.

1982 жылы қабылданған Конвенция БҰҰ-ның ең маңызды құжаттарының бірі болып есептеледі. Бұл құқықтық жүйе жыл емес ай сайын дамып отырған әлемдік мұхит саласындағы кейбір келеңсіздіктердің орнын ала білді. Яғни халықаралық теңіз құқығының аясында әлемдік ара қатынастық сауда саттық жақсы дамыды.

Кейбір мемлекеттер яғни аралдар немесе теңіз жағасындағы мемлекеттер кейде теңіз құқығына өз мемлекетінде қабылданған заңды жүрігзе беретен болып шешілді. Мысалға, кейбір шекаралық немесе Каспий сияқты ішкі теңіздерде бөтен мемлекеттің соғыс кемесінің жүруіне хақы жоқ. Сондықтан да қазіргі күні осындай кемелердің шекаралық теңіздерде жүзе беруіне еркіндік әлі де берілген жоқ. Алайда аталған мәселеге байланысты туралы заң Конвенцияда 1987 жылы ішкі және шекаралық сулар атты заңында қабылданып қойылған еді. Яғни аталмыш заң жаңағы бастапқыда айтап кеткен заңды құрған.

Бірақ 1958 жылғы заңда үстірт қана яғни тек көліке және саудаға байланысты ғана мәселе қаралған болса, 1982 жылғы Конвенцияда бұл құқықтық заңдық нормалар толығымене ашып көрсетілді.

Яғни, ол 1982 жылғы Конвенцияның 18 тармағына былай деп айтылған яғни, кемелер аталған жерлерден мынадай мақсатта жүзіп өтек алады.
Аталған шекаралық аймақта белгіленген шекараны кесіп өтуге болмайды, және осындай қарулы кемелердің порттық қалалар қасына келіп тоқтауына рұқсат жоқ.
Екіншісі, тыныш жатқан порттарға емес арнайы әскери порттарға барып тоқтауы керек, немесе ол зонадан жылдамырақ шығуға тырысу керек.

Сонымен 1982 жылғы Конвенцияның шекаралық немес ішкі теңіздерге байланысты екі заңы бар екен, олар мыналар: ішкі теңізге кірмей өту және порттар және сол арнай дайындалған порттарға кіру үшін рұқсат сұрап қана барып кіру.

Сонымен бірге сол 18 жарғыда былай делінген екен: егер кеме ішкі портқа бейбіт түрде кіретін болса, онда оған ешкім де тиіспейтін болады ал егерде кеме өзі бейбітшілікті бұзып оқ атса оған қауіпр төндіруге мемлекеттің құқы бар делінген. Сондықтан мұндай енудің өзі 1972 жылы қабылданған Конвенцияға сәйкес орындалуы керек екен.

Ал егерде шетелдік кеменің бейбіт мақсатта келе жатпағандығы мынадай жағдайларда білінеді екен:

а) БҰҰ-ның халықаралық заңдарын бұзу арқылы мемлекеттің саяси өміріне қол сұғу күш көрсету қорқыту.

б) Сол аталған мемлекеттің зонасында өз қаруларын сынау немес мемлекетке қаіп төндіру.

в) пропагандалық ұрандар жазып хабардар ету арқылы алыстан оқ ату. Жақын порттарға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетшілік және халықаралық құқық кепілдіктері
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Халықаралық жеке құқық
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қылмыстық ұрып соғу
Халықаралық жария құқығының түсінігі
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Халықаралық экологиялық құқықтың негіздерін қарастыру мен негіздеу, қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері және қоршаған ортаны халықаралық қорғауда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қатынастары және олардың маңыздылығы
Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық
Каспий теңiзiн бөлiктерге бөлу туралы теория
Заманауи халықаралық құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz