Отыншы Әлжановтың публицистикасы
Кіріспе
Отыншы Әлжановтың публицистикасы
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Отыншы Әлжановтың публицистикасы
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Тарихты қайта қалпына келтiру, елiнiң бостандығы жолында қанын да, жанын да аямаған арыстардың есiмдерiн туған халқымен қайта табыстыру оңай шаруа емес екен. Кеңестiк кезеңде қанқұйлылықпен қырғынға ұшыраған Алаш қайраткерлерiнiң есiмдерiне "буржуазияшыл ұлтшылдар", "халық жаулары" деген айдардың тағылуы, олардың артында қалған ұрпақтарына да жағылған қара күйе едi. Сөйтiп бұл олардың жеке және отбасылық құжаттарын, жәдiгер бұйымдарын, фотосуреттерiн, тарихи мұраларын сақтауына, олардың жалпы өмiрi мен жарқын iстерi туралы ашық айтуына да мүмкiндiк бермеген. Осының кесiрiнен, мәселен, О.Әлжановтың фотосуретi күнi бүгiнге дейiн табылмады. Отыншы туралы деректер де ұзақ iзденiстердiң нәтижесiнде жинақталып, мүмкiн болғанынша толықтырылды. КСРО ыдырап, елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана Алаш қозғалысы тарихын объективтi шындық тұрғысында зерделеуге толық мүмкiндiк алдық. Ғалымдардың Алаш тақырыбындағы толымды зерттеулерi, монографиялық еңбектерi мен энциклопедиялық басылымдар, көсемсөз туындылары көптеп жариялана бастады. Мәселен, М.Қозыбаев, К.Нүрпейiс, М.Қойгелдиев, М.Құл-Мұхаммед, С.Өзбекұлы сынды белгiлi ғалымдардың iргелi еңбектерi мен ғылыми мақалалары жұртшылыққа кеңiнен таныс. Олардың еңбектерiнде Алаш қозғалысының тарихы жан-жақты, сан қырынан терең сараланған және осы кезге дейiн беймәлiм болып келген есiмдер мен тың тарихи деректер келтiрiлген. Бұл зерделi зерттеулерде кешегi таптық коммунистiк идеология айтуға тыйым салған қазақтың даңқты перзенттерiнiң есiмдерi туған халқымен қайта қауышты.
IХ-ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрiнде орын алған түбiрлi өзгерiстер қоғамдық санаға да зор ықпал еткенi мәлiм. Ең әуелi ұлттық сана-сезiмнiң оянуына себепшi болып, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен ой-пiкiр, көзқарастар қалыптастырады.
Қатарында Отыншы Әлжанов та болған қазақ зиялыларының көрнектi өкiлдерi туған халқын патшалық Ресейдiң бодандығынан азат етудiң жолдары мен амалдарын iздестiру қажет екенiн 1917 жылғы саяси оқиғаларға дейiн-ақ ұғына бастаған. Олар iс-қимылдың неғұрлым белсендi түрi - саяси қарсыласу жолын таңдап алады. Ресей мен шетелдiң iрi қалаларында жоғары бiлiм алған озық ойлы зиялылар 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстан кейiн елдегi демократиялық өзгерiстерге парламенттiк жолмен емес, күрестiң неғұрлым қажырлы өзге нысандарымен қол жеткiзу қажет екенiн айқын түсiнедi.
Алаш партиясы тарихи қысқа мерзiм iшiнде саяси аренаға көтерiлiп, өз қатарына оқыған, парасатты, зиялы азаматтарды бiрiктiредi. Бұл орайда өзiнiң баспасөз органдары арқылы олардың сана-сезiмiнiң қалыптасуына тiкелей ықпал жасап отырады.

1 М.Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992; К.Нұрпейiс. Алаш һәм Алашорда. А., 1995; М.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995; М.Құл-Мұхаммед. Алаш қайраткерлерi саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. А., 1998, т.б.
2 "Уақыт тынысы", 1992 жыл, 5,12-қараша; "Қазақ үнi", 1993 жыл 1-сәуiр.
3 Б.Байғалиев. Алаштың ардағы. "Халық кеңесi", 1993 жыл, 4-мамыр.
5 Қ.Кемеңгер. Отыншы Әлжанұлының мұрасы. "Сарыарқа", 1919, №2-3; Б.Байғалиев. Әлжанов Отыншы//"Қазақстан". Ұлттық энциклопедия. 1-том. А., 1998.
10 М.Құл-Мұхаммед. Алаш қайраткерлерi саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. А., 1998, 130–132-б.
14 Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. А., 1955, 127-б.

Тарихты қайта қалпына келтiру, елiнiң бостандығы жолында қанын да, жанын
да аямаған арыстардың есiмдерiн туған халқымен қайта табыстыру оңай шаруа
емес екен. Кеңестiк кезеңде қанқұйлылықпен қырғынға ұшыраған Алаш
қайраткерлерiнiң есiмдерiне "буржуазияшыл ұлтшылдар", "халық жаулары" деген
айдардың тағылуы, олардың артында қалған ұрпақтарына да жағылған қара күйе
едi. Сөйтiп бұл олардың жеке және отбасылық құжаттарын, жәдiгер бұйымдарын,
фотосуреттерiн, тарихи мұраларын сақтауына, олардың жалпы өмiрi мен жарқын
iстерi туралы ашық айтуына да мүмкiндiк бермеген. Осының кесiрiнен,
мәселен, О.Әлжановтың фотосуретi күнi бүгiнге дейiн табылмады. Отыншы
туралы деректер де ұзақ iзденiстердiң нәтижесiнде жинақталып, мүмкiн
болғанынша толықтырылды. КСРО ыдырап, елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн
ғана Алаш қозғалысы тарихын объективтi шындық тұрғысында зерделеуге толық
мүмкiндiк алдық. Ғалымдардың Алаш тақырыбындағы толымды зерттеулерi,
монографиялық еңбектерi мен энциклопедиялық басылымдар, көсемсөз туындылары
көптеп жариялана бастады. Мәселен, М.Қозыбаев, К.Нүрпейiс, М.Қойгелдиев,
М.Құл-Мұхаммед, С.Өзбекұлы сынды белгiлi ғалымдардың iргелi еңбектерi мен
ғылыми мақалалары жұртшылыққа кеңiнен таныс. Олардың еңбектерiнде Алаш
қозғалысының тарихы жан-жақты, сан қырынан терең сараланған және осы кезге
дейiн беймәлiм болып келген есiмдер мен тың тарихи деректер келтiрiлген.
Бұл зерделi зерттеулерде кешегi таптық коммунистiк идеология айтуға тыйым
салған қазақтың даңқты перзенттерiнiң есiмдерi туған халқымен қайта
қауышты.
Отыншы Әлжановтың публицистикасы
IХ-ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және
саяси өмiрiнде орын алған түбiрлi өзгерiстер қоғамдық санаға да зор ықпал
еткенi мәлiм. Ең әуелi ұлттық сана-сезiмнiң оянуына себепшi болып, қазақ
қоғамында жаңа идеялар мен ой-пiкiр, көзқарастар қалыптастырады.
Қатарында Отыншы Әлжанов та болған қазақ зиялыларының көрнектi өкiлдерi
туған халқын патшалық Ресейдiң бодандығынан азат етудiң жолдары мен
амалдарын iздестiру қажет екенiн 1917 жылғы саяси оқиғаларға дейiн-ақ ұғына
бастаған. Олар iс-қимылдың неғұрлым белсендi түрi - саяси қарсыласу жолын
таңдап алады. Ресей мен шетелдiң iрi қалаларында жоғары бiлiм алған озық
ойлы зиялылар 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстан кейiн елдегi
демократиялық өзгерiстерге парламенттiк жолмен емес, күрестiң неғұрлым
қажырлы өзге нысандарымен қол жеткiзу қажет екенiн айқын түсiнедi.
Алаш партиясы тарихи қысқа мерзiм iшiнде саяси аренаға көтерiлiп, өз
қатарына оқыған, парасатты, зиялы азаматтарды бiрiктiредi. Бұл орайда
өзiнiң баспасөз органдары арқылы олардың сана-сезiмiнiң қалыптасуына
тiкелей ықпал жасап отырады.
Саяси толқулардың басты мақсаты – самодержавиенi құлатуға қол
жеткiзiлiп, жер-жерде Кеңес өкiметi орнатылған кезде Алаш партиясы өзiнiң
Қазақстанға автономиялы республика мәртебесiн әперу мақсатынан айнымайды.
Алайда Алаш партиясының бұл саяси бағдарламасы БК(б)П Орталық органдары
тарапынан таптық көзқарас тұрғысында терiс бағаланып, большевиктiк
идеологиямен сыйымсыз деп табылады.
1922 жылдың күзiнен бастап Алаштың ең белсендi және принципшiл мүшелерiн
қудалап, аймақтың басшы партия-кеңес органдарынан аластау әрекеттерi
басталады. Ал кейiнiректе, 1926 жылдан бастап, "Алашорда бағдарламасын"
баспасөзде және арнайы дайындалған тарихи әдебиетте ашықтан-ашық айыптау
ұйымдастырылып, Алаш қайраткерлерi социалистiк идеологиямен сыйыспайтын
ұлтшылдық идеяларды таратушылар деп көрсетiледi.
30-жылдардың бас кезiнде Алаш азаматтарын қудалау жұмысы өрiстетiлiп,
Алашорданың Қазақстанға автономиялы республика мәртебесiн әперу жөнiндегi
"ұнамсыз саяси бағдарламасы" айыпталады. Алаш қозғалысы пролетариат
диктатурасына қарсы бағытталған "буржуазиялық – ұлшылдық қозғалыс" деп
бағаланып, "халық жаулары" ретiнде ББСБ (ОГПУ – Бiрiккен Бас Саяси
Басқарма, кейiннен IIХК – iшкi iстер халық комиссариаты) тергеуiне
берiледi. Алаш арыстары түгелдей дерлiк және оларға ниеттес зиялылардың
көпшiлiгi "халық жауы", "шетел жансыздары" деген жаламен сотсыз-тергеусiз
жойылып, тiрi қалғандары қуғын-сүргiнге ұшырайды.
Содан бастап Алаш қозғалысы туралы айтуға қатаң тыйым салынады да, алпыс
жылдан астам уақыт бойы қазақ тарихындағы осы бiр коммунистiк идеологияға
ұнамсыз беттер арнайы зерттеу объектiсi болудан қалады. Соның салдарынан
қазақ даласындағы тарихи даму үрдiсiнiң жеке беттерi ғана емес, тұтас
бөлiмi әдейi сызылып тасталады.
Кеңес өкметi органдарының Алаш қызметiне мұндай сыңаржақ, мейiрiмсiз
көзқарасы тарихи сананың қалыптасуына керi ықпалын тигiздi. Кеңестiк
тәртiптiң жандайшаптары күнi жүрiп тұрған жүйеге жағымпазданып, бiреулердi
жөн-жосықсыз дәрiптеп, ноқтаға бас имегендердi кемсiтiп, қатыгездiк пен
қаскөйлiктiң түр-түрiн көрсетедi. Бұған қызметiне тыйым салынған Алаш
партиясының қолдан жасалған жалған тарихы айқын мысал бола алады. Кеңестiк
Қазақстанға маман ғалымдар КОКП Орталық Комитетiнiң идеология бөлiмi мен
Қазақстан КП басшылығы, Қазақстан партия тарихы институтындағы кеңестiк
"саяси тұлғалардың" қысым көрсетуi салдарынан кiмнiң-кiм екенiн, кiмнiң не
үшiн күрескенiн объективтi түрде зерттей алмады. Коммунистiк идеология мен
оның билеушi өктем құрылымының "революциялық қимылдарының" ғана дұрыстығын,
"мәңгiлiк мызғымастығын" қоғамдық санаға сыналап сiңiру Кеңестiк
Қазақстанның жалған тарихын шындық ретiнде қалыптастырудың мазмұнын, алдағы
бағыт-бағдарын бiржола айқындап бердi. Кеңестiк тарихнамада Алаш қозғалысы
оның қажетсiз фрагменттерiнiң бiрi болып шықты да сол себептi оны халық
жадынан өшiруге тырысты.
Алайда уақыт өзгерiп, өмiрдiң әр нәрсенi өз болмысымен саралайтыны анық.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана сол бiр отты жылдар оқиғаларын
шын мәнiнде қалпына келтiрiп, Алаш қозғалысының ақиқат тарихын ашық айтуға,
қазақ халқының жарқын болашағы үшiн өмiр сүрiп, солардың мүдделерi жолында
күрескен ұлттық батырларына лайықты құрмет көрсету бүгiнде мүмкiн болып
отыр.
Алаш азаматтарының бiрi, Алашорда үкiметiнiң мүшесi, ағартушы Отыншы
Әлжанов туралы деректi мақалалар "Уақыт тынысы", "Қазақ үнi" газеттерiнде
жарияланды. Б.Байғалиевтiң "Алаштың ардағы" атты көлемдi және басқа да
мақалалары жарық көрдi.
О.Әлжановтың қазақ халқының әлеуметтiк өмiрi, оқу-ағарту саласындағы
көкейтестi мәселелерге арнап жазған және ел арасынан жинап, өзi өңдеген
ертегi-аңыздар, ауыз әдебиетi үлгiлерi туралы жарық көрген мақалалары
Ү.Сұхбанбердинаның құрастыруымен шыққан "Дала уалаятының газетi"
энциклопедиялық басылымында топтастырылған. Сонымен қатар кейiнгi жылдары
шығып жатқан танымдық мақалалар, зерттеулер мен жинақтарда Отыншының өмiр
жолы, оның қоғамдық-саяси қызметiне өз дәрежесiнде баға берiлген. Алайда
Отыншы Әлжановтың өмiрдегi, тарихи мұралары мен дүниетанымдық қөзқарасы
арнайы еңбектiң зерттеу нысанасына алынбады. Бiз еңбегiмiзде осы олқылықтың
орнын толтырып, Алаш қайраткерлерiнiң бiрi, ел үшiн құрбан болған
О.Әлжановтың ата тарихымыздағы лайықты орнын айқындауды мақсат тұттық.
Отыншы 1873 жылы 12-тамызда бұрыңғы Семей облысы, Зайсан үйезi, Нарын
болысының 6 ауылында жетi атасынан дәулет арылмаған iрi бай Әлжан
Сақауовтың отбасында дүниеге келген. Сақаудың (шын аты Мұхаметхан) үлкен
ұлы Сүлейменнiң әйелi Тайбала – Құнанбайдың Найман елiне ұзатылған туған
қарындасы едi. Әйгiлi аға сұлтан, бiлiктi қоғам қайраткерi Құнанбаймен
араласып дәуiр тынысын тани бiлген, көкiрек көзi ояу, парасатты Сақауовтар
әулетi балаларын заман талабына сай орысша оқытуды ертерек қолға алған-ды.
Осындай қалыптасқан дәстүр бойынша Отыншы да жастайынан орысша оқып, бiлiм
алады. Ол тоғыз жасында, 1882 жылы 12 қыркүйекте Зайсан қаласындағы
бастауыш орыс-қазақ училищесiне оқуға түсiп, оны 1887 жылы үздiк бiтiрiп
шығады. 1887-1890 жылдары Омбы қалалық училищесiнде оқиды. Омбы архивiнде
училище оқушыларының сабақ үлгiрiмiн сипаттайтын құжаттар сақталған. 1889-
90 оқу жылындағы училище бiтiрушiлер жайлы құжатта Отыншының бiлiмге деген
құштарлығы атап өтiлiп, тапсырған емтихандарының мынадай қортындысы
келтiрiлген:
Бiлiмiн одан әрi жетiлдiру ниетiмен Отыншы 1890 жылы мұғалiмдер
семинариясына құжат өткiзiп, алдыңғы қатардағы талапкерлердiң бiрi ретiнде
қабылданады. Ол студенттiк жылдарын көп оқып, сапалы бiлiм алуға арнайды.
Семинария сабақтарын жақсы үлгерумен шектелмей, бос уақытында газет-
журналдар мен ғылыми кiтаптарды жүйелi түрде оқып тұрады. Кең байтақ Ресей
мемлекетiнiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, санасы оянған Отыншы өз
халқының өткенi мен бүгiнгi жағдайын танып-бiлуге талпынады. Шығармашылық
жұмыспен жүйелi түрде айналыса бастайды. Омбы қаласында 1888-1902 жылдары
шығып тұрған "Дала уалаятының газетi" ("Киргизская степная газета") бетiнде
елдiң тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық өмiрi, наным-сенiмiне қатысты шағын
ғылыми мақалалар мен ауыз әдебиетi үлгiлерiн жариялап тұрады. Мұғалiмдер
семинариясын да 1894 жылы үздiк бiтiрген Отыншы Дала генерал-губернаторының
Кеңсесiне қызметке қалдырылады. Кеңседе бiр жылдай қызмет етiп, сыннан
өткен Отыншы Әлжановты генерал-губернатор 1895-жылы 30-наурыздағы №13
"Азаматтық Ведомство бойынша жоғары мәртебелi бұйрықпен" Ақмола облыстық
сотының аудармашысы етiп тағайындайды. Ол осы қызметте жүргенде 1897 жылы
Бүкiлресейлiк халық санағын жүргiзуге қатысады. Оның бұл жұмысты өте
тиянақты жүргiзгенi кейiн ерекше аталып, аса мәртебелi патша ағзам
тарапынан қола медалъмен және тиiстi куәлiкпен марапатталады.
Қазақ халқының алғашқы санағына қатысу үшiн Атбасар үйезiнiң алыс
аудандарында үш ай болуы жас Отыншыға қатты әсер етедi. Ол осында қазақ
халқының ауыр әлеуметтiк жағдайын, құқықтық теңсiздiгiн шынайы көрiнiстерiн
жақыннан көрiп-бiледi. Патша шенеунiктерi мен жергiлiктi әкiмшiлiк
тарапынан қысым көрiп отырған қандастарының азапты тұрмысымен танысады.
Жиырма төрт жасар жiгiт дәл осы жолы езiлген халқының жарқын болашағы үшiн
күресуге бел байлаған секiлдi. Ол көргендерi мен естiгендерiне қатты
күйiнiп, Омбыға ширығып қайтады. Санақ жұмысы аяқталғаннан кейiн Отыншы
қайтадан аудармашылық жұмысын жалғастырады. Ендi оған Ресей империясының
колледждiк тiркеушi шенi берiлiп, Омбы округтiк сотына ауыстырылған едi.
Екi жылдан соң ол "Ұлы мәртебелi император Кеңсесiнiң бұйрығымен"
губерниялық екiншi хатшы шенiн алады. Патшалық Ресейде орыстардан басқа
халықтар өкiлдерiне қызмет шенiн берiп, көтермелеу iс жүзiнде сирек
кездесетiнiн ескерсек, бұл қатардағы қазақтың баласы үшiн үлкен лауазым
болғанын атап өткен жөн. Егер Отыншының өмiрi саяси тұрғыдан неғұрлым
буырқанып қалыптаспаса, оның бұдан да жоғары шендерге қолы жетуi әбден
мүмкiн едi.
Отыншының қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуында 12 жыл бойы (1895-
1907 жылдары) сот органдарында жұмыс iстеуiнiң зор маңызы болған. Нақ
осында, азаматтық құқықтарды қорғауға тиiстi органдарда, ол қазақ халқына
патша шенеунiктерi жасап отырған қиянатпен бетпе-бет келедi. Соттағы
қызметiнде Отыншы iстi болып келген жерлестерiне пайдасын тигiзуге
тырысатын. Соттың әдiл шешiмiн табуына өзi тiкелей араласа алмаса да,
Отыншы оларға сотта мәселенiң мәнiн, өз талаптарын қайткенде дұрыс баяндап
жеткiзудiң жолдарын айтып көмектеседi. Оның Омбыдағы "қазақ базарына" жақын
жердегi үйi сотқа арыз-шағым айтып келушiлердiң жататын үйiне айналып
кетедi. Отыншының iзгiлiктi көзқарасы жергiлiктi халық арасына бiртiндеп
мәлiм бола бастайды. Жұрт шағымдары мен арыз-талаптарын Ақмола мен Семей
облыстарының сот iстерiн қарайтын мәртебелi Омбы округтiк сотына түсiрмес
бұрын Отыншыға келiп ақыл-кеңес сұрайтын болған.
Отыншы соттағы жұмысынан бос кезiнде мұғалiмдiк қызметтi қоса атқаруға
тиiстi орындардан ресми түрде рұқсат алады. Омбы қаласындағы қазақ-орыс
мектептерiнде сабақ берiп, өзiнiң негiзгi мамандығын жетiлдiре түседi.
Баспасөз беттерiнде қазақ халқының оқу-ағарту мәселелерiнiң өзектi тұстарын
талқылайтын көлемдi мақалалар жариялай бастайды. 1897-1898 жылдары "Дала
уалаяты газетiнде" басылған "Қырғыз (қазақ) балаларын тәрбиелеу туралы
әңгiмелер", "Қырғыз (Қазақ) даласында халыққа бiлiм беру туралы", т.б.
мақалаларында ол қазақ балаларына бастауыш бiлiм берудiң көкейтестi
мәселелерiн қарастырады. Дiни бiлiм берумен ғана шектелетiн мектептердiң
орнына жаңа әдiспен оқытатын азаматтық мектептердi жер-жерде кеңiнен ашуға
шақырады. Осыған байланысты Орынбор мен Аштархан, Торғай облыстарындағы
осындай мектептердiң жұмыс тәжiрибесiн келтiрiп, солардан үлгi алуға
үндейдi.
Соттағы және мектептегi қызметi Отыншының көп нәрсеге көзiн ашады.
Өздерiнiң жергiлiктi басшылары мен үйездiк шенеунiктерден, саудагерлерден,
казактар мен қарашекпендерден қысым көрген қазақтар Омбыға әр түрлi
шағыммен жиi келуге мәжбүр болған. Соттың губерниялық хатшысы Отыншы
Әлжанов оларға бар күшiн салып көмектеседi. Бұған Отыншының Қазақстан
Республикасы Орталық Мемлекеттiк архивiнен табылған губернаторға
жерлестерiнiң атынан жазған арыз-шағымдарды куәлiк етедi. Олар
каллиграфиялық әрiппен орыс тiлiнiң сол кездегi орфографиялық ережелерiн
сақтай отырып, бiрде-бiр емле қатесiз, сауатты, көркем тiлмен жазылған.
О.Әлжановтың байыпты баяндау тәсiлi, мүлтiксiз қолтаңбасы, қисыңды,
тұжырымдары кейiннен шенеунiктердiң әрбiр шағымның арғы жағында нақ кiм
тұрғанын бiлiп алуына мүмкiндiк берген.
Отыншы Омбыдағы қызметi барысында қазақтың оқыған зиялыларымен кең
көлемде қарым-қатынас жасап тұрады. Оқу-ағарту саласында Райымжан
Мәрсековпен танысады. Әсiресе, оның саяси көзқарасының қалыптасуына Жақып
Ақбаев үлкен әсер етедi. Ж.Ақбаев Санктъ-Петербург университетiнiң заң
факультетiн үздiк бiтiрiп, 1903-1905 жылдары Омбы сот палатасында жұмыс
iстеген. Отыншының зайыбының әңгiмесiне қарағанда (мақала авторларының бiрi
– Сәуле Мұқашызы Әлжанова – О. Әлжановтың немересi. Ол әжесiнiң әңгiмесiнiң
шындығына куәлiк етедi – ред.), орысшаны таза сөйлейтiн, ашаң жүздi, зиялы
жас жiгiт олардың үйiне жиi-жиi қонаққа келiп, түн ортасына дейiн
әңгiмелесiп отырады екен. Олардың сот iстерiнiң жай-күйi туралы ғана
әңгiмелеспегенi анық.
1905-1907 жылдардағы революция қарсаңындағы прогресшiл идеялар зайырлы
бiлiм алған қазақ жастарының да саяси кемелдену барысын тездете түскен.
Олардың қатарында сол кездiң өзiнде-ақ әр түрлi оқу орындарын бiтiрiп,
қалада жұмыс iстеп жүрген омбылық қазақтар көп едi. Ж.Ақбаев пен
О.Әлжановтың 1905-1907 жылдардағы революция қарсаңында Ресейде қалыптасқан
саяси жағдайды, орыс шаруаларын қазақ жерiне қоныстандырудың жылдан-жылға
кеңiнен өрiс алуын, осыған байланысты қазақ ауылында туындаған қиындықтарды
талқылағаны анық. Бiлiктi заңгер Жақып Ақбаевтың Отыншыға қазақ халқы
атынан патша үкiметiне тапсырылған, тарихта "Қарқаралы петициясы" атымен
белгiлi, 1905 жылғы 25-маусымда Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаевтың басшылығымен
жазылып, 12761 адам қол қойған петицияны дайындамақшы ниетiн айтқаны хақ.
Отыншының парасаттылығы, оның қиянат көрiп, арызданып келген
жерлестерiне жасаған жанашырлығы мен көмегi бiртiндеп ауыздан-ауызға тарап,
елге кеңiнен жайыла бастайды. Оның ұрпақтарының есiнде мынадай қызықты
фактi сақталған. Бiрде Отыншы сотта аудармашы болып жұмыс iстеп жүргенде iс
қағаздарын шағымданушының атынан өзi дайындап жiбередi. Сот iсi арызданушы
жерлесiнiң пайдасына шешiлген кезде Отыншы "бiздiң ағайынның" қалайша ұтқыр
жауап бергенiн рахаттана айтқан. Арызданушы ағайыны оны тыңдап отырып
"Ау, төре, мен олай демедiм ғой" десе, Отыншы "Сiз айтпасаңыз, сiздiң
атыңыздан қағаз жүзiнде мен айтып, нәтижесiнде сiз жеңiп шықтыңыз" деп
күлiп отырады екен.
Оның өмiрiнiң Омбыдағы кезеңi, әсiресе ХХ ғасырдың алғашқы жылдары
айтулы оқиғаларға толы. Ол осында 1905-1907 жылдардағы буырқанған
революциялық толқулардың куәсi болып, өзiнiң дүниетанымының қалыптасуына
зор ықпал жасаған, қазақ халқының тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бiрi
Жақып Ақбаевпен жақын араласады.
Осы жылдары оның сабақ беру шеберлiгiне тәнтi болған Дала округтiк оқу
iсiнiң меңгерушiсi, әйгiлi миссионер А.Алекторовпен жақсы қарым-қатынаста
болады. Ресейдегi орыс емес халықтардың ағарту тарихында үлкен миссионерлiк
қызмет атқарған А.Алекторов Отыншы Әлжановты оқу-ағарту саласындағы бiлiктi
маман ретiнде құрметтейдi. Оның қазақ балаларын оқыту мәселелерi жөнiндегi
мақалаларымен танысып, Отыншыға халық ағарту iсiмен толықтай айналысуға
шақырды. Ол бұл ұсыныспен келiсiп, өзiнiң ұзақ жылдар бойғы аудармашылық
жұмысымен қоштасып педагогтiк қызметке ауысады. А.Алекторов Отыншыны 1907
жылғы Көкпектi қаласындағы 2 сыныптық қазақ-орыс училищесiнiң меңгерушiсi
етiп тағайындады. Оған Көкпектi училищесiнiң меңгерушiлiгiмен қоса Өскемен,
Зайсан үйездерiндегi бастауыш мектептердi басқару және қазақтар арасында
орысша оқытатын жаңа әдiстемелiк мектептер ашуды ұйымдастыру, ол
мектептерге басшылық жасау мiндетi қоса жүктеледi. А.Алекторовтың
ұйғаруымен Отыншы сол 1907 жылдың қазан айында С.-Петербург қаласында Ресей
Халық ағарту министiрлiгi тарапынан құрылған "Бұратана халықтардың оқу iсi
мен мектептерi туралы заң жобаларын қайта құру комиссиясының" жұмысына Дала
генерал-губернаторына қарасты қазақтардың өкiлi ретiнде қатысады.
Отыншы мектеп реформасының проблемалары бойынша болып өткен мұсылман
кеңестерiнiң 1900, 1906, 1908 жылдардағы толып жатқан құжаттарымен таныс
болатын. Ол, әсiресе, Ресей мұсылмандарының Нижегород қаласында өткен III
сиезiнiң шешiмдерiне ерекше мән бередi. Оқу-ағарту жөнiндегi сиез шешiмдерi
өз кезеңiнде прогресшiл сипатта болған едi. Олар:
"1. Әрбiр елдiмекенде мектептер (рушди) ашылсын ...
3. Әр мектепте оқыту оқушылардың ана тiлiнде және араб әрiптерiмен басылған
оқулықтар бойынша жүргiзiлуге тиiс..
5. Оқу мерiзiмi елдiмекендерде 1 қазаннан басталып, 15 сәуiрге дейiн, ал
қалаларда 1 қыркүйектен 15 мамырға дейiн созылуға тиiс...
7. Ресейдiң барлық мектептерi ортақ бiр бағдарлама негiзiнде оқытуға
тиiс...
11. Мектептердi ұстау шығындары қазыналық, земстволық қордан бөлiнуi тиiс..
12. Мұсылман балалары үшiн бастауыш мектептерде оқу мiндеттi болып
есептеледi..."
Бұл құжат кезiнде "Вестник Оренбургского учебного округа" журналында
жарияланған, онымен Отыншы жақсы таныс едi. Сиездiң тұжырымдары мен
ұсыныстары Дала өлкесiнiң байырғы халқының ағарту проблемаларына тiкелей
қатысты болмаса да, О.Әлжанов оларды үлгi ретiнде қуана қабылдайды. Ендi
өзiне С.-Петербургтегi оқу комиссиясының жұмысына қатысу мүмкiндiгi
берiлген кезде ол Ресейдiң өзге аймақтарындағы оқыту жүйесiндегi озық
ойларға қызу назар аудара бастайды. Ол қазақ даласындағы оқу-ағарту
мәселелерi жөнiнде мынадай берiк көзқарас ұстанады:
1. Бастауыш бiлiм берудi азаматтық мектептер арқылы жүзеге асыру.
2. Бастауыш мектептерде оқыту iсiн семинарияларда бiлiм алған мұғалiмдерге
жүктеу. Адамгершiлiк мiнез-құлқы пәнi ретiнде ислам негiздерiн оқытуды
молдаларға қалдыру.
3. Қазақ тiлi ерекшелiктерiн ескере құрылған кириллица әлiпбиi негiзiнде
оқыту.
4. Бiлiм алудың жоғарғы сатыларына жетуге мүмкiндiк беретiн орыс тiлiн
оқытуды енгiзу.
Бұл - Отыншының жеке көзқарасы емес едi. Ағарту саласында бұл бағыт
Ресейдiң басқа аймақтарында сол кезде-ақ табанды түрде ұсынылып тәжiрибеге
енгiзiлген болатын.
Отыншы бастауыш бiлiм беру iсiнiң қазақ тiлiнде жүргiзiлуiн қолдап,
қазақ даласында татар тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде барлық iс қағаздарда
қолданылуына қарсы шығады. Мұны ол ұлы Абайдың тiлiн кемсiту деп түсiнедi.
Патшалық Ресейдiң шет аймақтардағы ұлттар тұрғысындағы оқу-ағарту
саясаты оларды талап-тонау оңай болу үшiн қараңғылықта, дiн ықпалында
сауатсыз етiп ұстауға бағытталғаны белгiлi. Отыншы Әлжанов самодержавиенiң
өлкеде ислам дiнiн өрiстету арқылы қазақ халқын рухани кiрiптарлыққа
түсiруге жанын салған саясатына қарсы Шоқан Уәлихановтың батыл айтқан
пiкiрлерiмен таныс болатын. Ол дiни фанатизмге, таза дiни конфессионалдық
мазмұндағы бiлiм беру сипатына қарсы шығып, зайырлы бiлiм беретiн жаңа
әдiстi мектептердi кеңiнен ашуды жақтайды. Отыншы Торғай облысындағы жаңа
әдiспен оқытатын бастауыш мектептердi, қолөнер және село училищелерiн,
қазақ жастары оқитын педагогикалық курстар ұйымдастыруға мұрындық болған Ы.
Алтынсаринның ағартушылық қызметiн өзiне үлгi етiп алады. Ы. Алтынсарин –
О.Әлжанов үшiн ағарту саласындағы адастырмас темiрқазық iспеттi едi. Қазақ
халқының болашағы оқу-бiлiм, ғылымды меңгеруде деп түсiнген Отыншы
Ы.Алтынсаринның үлгiсiмен Семей облысында, алдымен өзi туып-өскен Зайсан
үйезiнде жаңа әдiспен оқытатын азаматтық мектептердi ашуды көздейдi.
С.-Петербургтегi комиссия жұмысына қатысып келгеннен кейiн О.Әлжанов
бiрден-ақ отбасымен бiрге өзi училище меңгерушiсi болып тағайындалған
Көкпектi қаласына көшiп барады. Онда жаңа әдiстi мектептердi насихаттау,
дiни мектептердi азаматтық бастауыш бiлiм беретiн жаңа әдiстемелiк
мектептер етiп қайта құру, зайырлы бiлiм алған мұғалiмдердi оқыту iсiне
тарту жөнiнде қызу жұмыс жүргiзедi. Зайсан, Өскемен үйезiнiң белгiлi
адамдары мен билiкке араласып жүрген болыс, би, старшындарының басын қосып,
ел арасында мектептер ашу, бала оқыту туралы үлкен Кеңес құрады. Кеңесте ел
жақсыларына оқудың керектiгiн кеңiнен түсiндiрiп, ауыл-ауылда салынатын
мектеп үйлерi мен қажеттi құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржылай көмек
берулерiн өтiнедi.
Алайда оның iс-әрекетi өзi iс жүзiнде үмiт артқан және мектеп-
училищелердiң тағдыры тәуелдi болған адамдардан қолдау таппайды. Жергiлiктi
малмен сауда жасап байыған татар байлары, дiнбасылары мен қадiмшiлер
тарапынан белсендi қарсылыққа кездеседi.
Көкпектi училищесiндегi оқу iсi де өте нашарлап кеткен болып шығады.
Бұрынғы меңгерушiсi, орыс мұғалiмi жаңа меңгерушiнiң келуiн күтпестен,
әлдеқашан кетiп қалған екен. Училище жаңа оқу жылына мүлде дайын емес.
Тiптi бiрiншi сынып оқушыларының тiзiмi де жоқ, басқа сыныптардың жай-күйi
мен жабдықтарының деңгейi өте төмен дәрежеде екенi анықталады. Қысқа арнап
отын да дайындалмаған. Осының бәрi ешкiмдi толғандырмағаны байқалады.
Қысқасы, бәрiн қайтадан бастау керек болады.
Осындай қиындықтарға қарамастан Отыншының күш-жiгерi мен жұмысқа деген
құлшынысында шек болмайды. Ол 34 жаста болатын, соның 12 жылында Омбы қазақ-
орыс училищесiнде мұғалiм болып, үлкен iс-тәжiрибе жинақтаған едi. Көкпектi
училищесiнiң жұмысын жолға қойып, жаңа әдiспен оқытатын болыстық мектептер
ашу iсiне қызу кiрiседi. Отбасын училище үйiнiң бiр бөлмесiне
орналастырады. Жұбайы мен үш жас баласы көптеген жайсыздықтарды бастан
кешiредi. Омбыдағы күймелi арба жегiлген аттары, үй қызметшiсi бар үлкен
аулалы әдемi ағаш үйiнен кейiн оның әйелiне тiршiлiк ету қиын сияқты
көрiнедi. Олардың Омбыдан ертiп келген бiрден-бiр көмекшiсi, алыс ағайыны
Малбағар ғана Отыншының отбасына көмектесiп жүредi.
Ал Отыншының өзi күнi бойы үйдiң бетiн көрмейдi. Ол таңертеңнен кешке
дейiн училище iсiнiң қамымен жүредi. Училище оқушыларын жинастыру,
бөлмелердi жабдықтау, қысқа арнап отын дайындау, болыстармен кездесiп,
училище үшiн ақша жинау, училищеге мұғалiмдер iрiктеп алу және басқа да
көптеген шаруаларды тындыру қажет едi. Осының бәрi бiрден жаңа мұғалiмнiң
мойнына ауыр жүк болады.
Әрқашан да ұстамды, мұнтаздай таза киiнiп жүретiн, жұмысқа күймемен
барып-келетiн губерниялық хатшы бiрден өзгередi. Ендi ол салт атпен
Көкпектi көшелерiн кезiп, жергiлiктi шенеунiк бастықтармен жолығып, бiрде
болыс-билерге барып, олармен оқу-бiлiм iсi туралы әңгiмелеседi. Училищеге
балалар тарту үшiн үй-үйдi аралайды, үйез бастығына барып, училищенi
ұстауға қажеттi қаражат сұрайды. Отыншы өзiнiң мұғалiмдiк қызметiн осылайша
күннен-күнге көбейе түскен қыруар қам-қаракет пен мазасыздыққа толы
жағдайды бастайды. Оның өзi еркелетiп "Нұрышка" деп атаған жұбайы Нұржәмила
сұлу (Қошке Кеменгеровтың апасы) да алыс түкпiрдегi тұрмыстың бүкiл
ауыртпалығын табандылықпен көтередi. Ауқатты Дүйсенбай қажының отбасында
мұсылманша сауатын ашып өскен Нұржәмила тұрмысқа шыққаннан кейiн күйеуiнен
орысша дәрiс алып, орысша жазу мен оқуды үйренген. Ол мұнысын келiндерi мен
немерелерiне мақтанышпен айтып отыратын көрiнедi.
Ол Отыншыны жинап, өңдеген және мерiзiмдi басылымдарда бастырып шығарған
қазақтың халық ертегiлерi мен аңыздарын жақсы бiлген. Кейiннен өзi әже
болған кезiнде осы ертегi-аңыздардың бәрiн өз өмiрiнiң жақсы жылдары
ретiнде естелiк қылып немерелерiне айтып бередi екен.
Отыншы өз өмiрiнiң қысқа болатынын сезiнген болар, әйелiне "Нұрышка,
егер мен жамандыққа ұшырасам, бiздiң өзiмiзде бардың бәрiн балаларымыздың
бiлiм алуына жұмысашы" деп жиi айтады екен. 37 жасында күйеуiнен жесiр
қалған Нұржәмила апай шынында да солай етедi. Олардың үлкен ұлы
Мұхаметқасым (Мұқаш) Зайсандағы гимназия, Омбыдағы қаржы қызметкерлерiнiң
курсын бiтiргеннен кейiн, өмiрiнiң ақырына дейiн қаржы саласында еңбек
етедi. Екiншi ұлы жастай қайтыс болған. Кенжесi Ғалымжан Ташкент
ауылшаруашылық институтын бiтiрiп, бiр жылдан кейiн Ленинградқа кетедi,
онда болашақ академик Ә.Марғұланмен бiрге Ленинград университетiнiң
Шығыстану факультетiнде екi жылдай оқып, әйгiлi ғұламамен жатақханада бiр
бөлмеде тұрған.
Алайда Алашорда үкiметi мүшесiнiң баласы IIХК-ның "қырағы көзiне"
iлiгiп, 1938 жылы оқудан шығарылады. "Халық жауы" ретiнде Ақтөбе облысына
жер аударылып, ұзақ жылдар бойы сонда тұрады. Анасының айтуынша, Ғалымжан
аумаған әкесi екен. Ұзын бойлы, сымбатты, ақжарқын, алғыр азамат кез келген
ортаға еркiн араласып кетедi. Ауыл шаруашылығының бiлiктi маманы Ғалымжан
өзiн iскер, ұйымдастырғыш қабiлетi зор, сол саладағы жаңалық атаулының
насихатшысы ретiнде де кеңiнен таныта бiлген. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының
бас агрономы бола жүрiп, ол атақты тары өсiрушi Шығанақ Берсиевтiң жұмысына
тiкелей жетекшiлiк етедi. Ш.Берсиев туралы кiтап жазылып, ол кiтап олардың
екеуiнiң де есiмiн елге танытады. Хрущевтiң 1953-1955 жылымық жылдарында
Ғалымжан Әлжанов ақталып, Мәскеудегi Бүкiлодақтық көрмеде Қазақ КСР
павильондары бiрiнiң басшысы болып ұзақ жылдар қызмет етедi.
1962 жылы Алматыға оралған Ғалымжан өзiнiң жас кезiндегi байырғы досы
және курстасы, академик Әлкей Марғұланмен кездеседi. Бұл жан тебiрентерлiк
кездесу болып, жасы ұлғайған екi адам құдды жас балаша жылапты. "Сен
бiлесiң бе Әлкей, мен үлкен баламды сенiң атыңмен атадым ғой" дейдi
Ғалымжан мақтанышпен. Қазақ халқының жарқын болашағы үшiн өз өмiрiн құрбан
еткен Отыншы Әлжановтың сол немересi Әлкей Әлжанов бүгiнгi нарық заманында
жұмыссыз жүр. Тағдырдың тәлкегiне не шара!
Отыншы Әлжановтың ұрпақтары кешегi Кеңестiк тоталитаризм кезеңiнде қуғын-
сүргiнге ұшырап, тағдыр тәлкегiн басынан өткерсе, оның өзi де Көкпектiде
қызмет еткен алғашқы жылдары-ақ зор қиыншылықтарға тап болады. Ол қазақ
ауылдарында жаңа әдiспен оқытатын бастауыш мектептер ашу үшiн Зайсан үйезiн
аралап, жағдаймен танысып, Көкпектiге келiсiмен дiнбасылар мен жергiлiктi
байлардың өзiне деген терiс көзқарасын бiрден сезiнедi. Туған халқын
дамыған, мәдениеттi елдер санатына жеткiзудiң бiрден-бiр жолы оқу-бiлiм,
ағартуда деп түсiнген Отыншы осы жолда қандай қиыншылықтар болса да
күресуге дайын едi. Осы мақсатын жүзеге асырудағы қажырлы еңбегiнiң
нәтижесiнде 1907-1909 жылдары Зайсан, Өскемен үйездерiнде бiрнеше шағын
бастауыш мектептер ашылып, iске қосылады. Көкпектiдегi училище жұмысы толық
қалпына келтiрiледi. Сонымен бiрге үйез халқының көшпелi тұрмыс-тiршiлiгiне
лайықтап бiрнеше көшпелi ауылдық шағын мектептердiң жұмыс iстеуiне тiкелей
өзi басшылық жасайды. Ол ауылдарды аралап, қазақ балаларының тек құран
сүрелерiн жаттаумен ғана қанағаттанбай, жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқуы
қажет екенiн айтып, зиялы адамдардың өмiрiнен нақты мысалдар келтiре
насихатап жүредi.
Отыншы бүкiл күш-жiгерiн туған халқының көкiрек көзiн ашып, сауатты
ұлттар қатарына қосу үшiн Көкпектiге келген едi. Бiрақ ол мұнда мұсылман
дiнбасылары тарапынан өзiнiң қаншалықты күштi қарсылыққа ұшырайтынын және
жаңадан қалыптаса бастаған жергiлiктi саудагерлер мен қазақ оқығандарын
ұнатпайтын татар көпестерiнiң оларды жан-тәнiмен қолдайтынын әлi бiле
қойған жоқ едi.
Бала кезiнен қалада, соңғы 20 жылда Омбыда тұрған Отыншы ендi қазақ
халқының ауылдағы қайнаған өмiрiнiң нақ ортасына келедi. Алыс түкпердегi
Зайсан, Өскемен үйездерiн қызмет бабымен аралап шыққан ол ауылдағы қазақтар
өмiрiнiң ауыртпалығын өз көзiмен көредi. Ол ең шұрайлы жерлердiң орыс
қоныстанушылары мен казактар қоғамдарының қолына шоғырланғанын, қала бердi
жергiлiктi ат төбелiндей байларға қарасты екенiнiң куәсi болады.
Халық та Отыншының оқу-ағарту жайлы айтқан ақыл-кеңестерiн ден қоя
тыңдайды. Қалың көпшiлiк оның айтқанымен келiсiп, ниетiн қолдайды. Бiрақ
бұқара халықты өздерiнiң күнделiктi тұрмысындағы қиыншылықтар көбiрек
толғандыратын едi. Сондықтан олар ағартушыға өздерiнiң қайғы-қасiреттерi
мен ауыр тұрмыстық жағдайларын баяндайды. Олар өздерiне жер мәселесiнде
жергiлiктi байлардың да, орыс қоныстанушылары мен татар саудагерлерiнiң де
қатты қысым көрсететiнiн, жазғы жайлауларынан, шабындық жерлерiнен
айырғанын ашына айтады. Оқыған төренiң осы мәселеде көмектесiп, өкiмет
орындары мен құдiретi күштiлердiң зорлық-зомбылығынан қорғауды сұрайды.
Отыншы қарапайым халықтың өтiнiштерi мен қайғы-қасiретiне жанашырлықпен
қарайды.
Мұның үстiне Нарын болысында өзiнiң ата-бабасының - Нұрандар әулетiнiң
ата қонысының да бөлiске түскенiн өз көзiмен көредi.
Патша шенеунiктерiнiң қолдауына сүйенген болыс басқарушылары көшi-қон
жерлерiне билiк ету, алым салынатын тiзiмдер жасау, түтiн салығын бөлу
iсiнде қарапайым халыққа үнемi қиянат жасайтын. Заң ғылымынан айтарлықтай
хабары бар және дала өңiрiнде шаңырақ иелерiне салық салу, жер пайдалану,
айыппұл алу және т.б. салада қолданылып жүрген заңдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz