Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыни тұрғыда ойлайтын, рухани жағынан дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа қабілетті азамат қалыптастыру қажеттігі айтылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады», «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деп атап көрсетті. Олай болса, қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнын жаңартып, оқу-тәрбие процесін жетілдіру және оның сапасын қамтамасыз ету еліміздің білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Бұл міндеттер білім сапасының жаңа түсінігін қалыптастыра отырып, оқушылардың тұлғалық қажеттіліктеріне сәйкес білім беру жетістіктерінің жоғары деңгейін қалыптастыратын білім беру процесін ұйымдастырушылықты және мазмұндық жағынан жаңартуды талап ететіні сөзсіз.
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің психологиялық негіздері отандық ғалымдар: С. М. Джакупов, Ж. И. Намазбаева, Р. Б. Каримова, Қ. Т. Шерьязданованың еңбектерінде қарастырылған. Орта мектепте диагностикалық әрекетті жүзеге асыру мәселелері отандық ғалымдардың зерттеулерінде: Г. Ж. Примбетова (мектепте құзіреттілік білім беру жағдайындағы оқу жетістіктерінің өлшеуіштері ретіндегі тапсырмалар), Н. А. Заграничная (негізгі мектепте оқыту сапасын мониторингілеу үшін өлшеуіштер жүйесін құрастыру), А. Е. Абуова (жеке тұлғаға бағытталған оқыту жүйесінде оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу) және т. б. сипатталған. Алайда бұл еңбектерде оқушылардың білім беру жетістіктері, толық емес отбасындағы оқушылардың білім беру жетістіктері, олардың өзіндік бағалауларымен байланыстылығы жеткілікті деңгейде қарастырылмаған.
Отбасы қоғамның жеке жүйесі (подсистема) болатын ерекше әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде дамудың ең негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол дүниедегі ең құнды байлықты - адамды дүниеге әкеледі. Адам мен қоғам өте тығыз байланысты ұғым ғана емес, ол тірі дүниенің, ғаламшардың дамытушы тірегі. «Қоғам - отбасы - тұлға» әлеуметтік-педагогикалық жүйесіндегі отбасы жалпы қоғам мен тұлға арасындағы құндылықтар мен қажеттіліктерді қалыптастырушы, дамыту қызметтерін тізуші көпір секілді. Отбасының қызметтері қоғамды қалыптастырып, дамытушы орталық ретінде орын алады. Жалпы қоғамның дамуы - бұл отбасының сәттілігімен байланысты.
Отбасының сәттілігі, оның қоғамда дұрыс орын алуы отбасының негізгі жемісі бала дамуымен байланысты. Әрине бала дамуына ең бірінші әсер етуші фактор ретінде жалпы отбасы жағдайын қарастырамыз. Сондықтан толық емес отбасы жағдайын қоғамдағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырып, оның маңыздылығын көрсетеміз.
Тұлғаның қалыптасып, дамуына отбасы жағдайы әсер ететіндігі сөзсіз, сонымен қатар қоғамдық қарым-қатынас та адамның субъективті маңыздылығын айқындаушы фактор болып табылады. Тұлғаның субъективті маңыздылығы оның өзіндік бағалауы арқылы көрінеді. Осыған сәйкес Д. С. Лихачов сөзін айтып кетсек: «Адам өз өмірінде саналы түрде алдына мақсат, міндет қоя отырып өзіне еріксіз баға береді. Сол себептен де адам не үшін өмір сүріп жатқанын оның өзін-өзі бағалауынан көруге болады». Өзіндік бағалау адамның әрекеттерінің қандай да бір нәтижесіне әсер ететінін ескере келе, соның ішінде өзіндік бағалаудың білім беру жетістіктеріне әсерін қарастыруды жөн көрдік. Соның ішінде толық емес отбасы жағдайы мен баланың өзіндік бағалауы арасындағы байланыс және өзіндік бағалау мен білім беру жетістіктері арасындағы байланыстарды қоғам үшін елеулі мәселе ретінде зерттеуге алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: толық емес отбасында тәрбиеленген оқушылардың өзіндік бағалауының білім беру жетістіктеріне әсерін теориялық-практикалық негіздеу.
Зерттеудің нысаны : мектептегі білім беру процесі.
Зерттеу жұмысының пәні: толық емес отбасында тәрбиеленген оқушылардың өзіндік бағалау ерекшеліктерінің білім беру жетістіктеріне әсерінің механизмдері.
Зерттеудің болжамы: егер толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалауы мен білім беру жетістіктерінің оптималды-оң үйлесімі табылса, онда оларды оқыту табыстылығы қамтамасыз етіледі, өйткені оқушының тұлғалық даму механизмдері оның белсенділігі, оқу әрекетінің саналылығы және тәрбиелілігі тұрғысынан негізделеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Отандық және шет елдік зерттеу материалдарына талдау жасау және толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалауы мен білім беру жетістіктерінің өзара байланысын анықтау.
2. «Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалауы», «өзіндік бағалаудың білім беру жетістігіне әсері» ұғымдарына анықтама беру.
3. Толық емес отбасындағы оқушылардың дұрыс әлеуметтенуі үшін өзіндік бағалау мен білім беру жетістіктерінің оптималды оң үйлесімін анықтау және тәжірибелік негізге алу.
Зерттеудің жетекші идеясы:
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін қоғамдық процестер мен әлеуметтік жүйеде орны бар, құбылыстар мен фактілердің мәні туралы іргелі философиялық қағидалар; жеке тұлға теориясы, іс-әрекеттік теория, білім саласындағы мониторинг және диагностика мәселелері (B. Bloom, Д. Ш. Матрос, С. Е. Шишов, В. А. Кальней, Ж. У. Кобдикова, Ы. А. Нәби, Р. М. Салина және т. б. ), әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар құрайды.
Зерттеу көздері : білім беру аясындағы ресми және нормативтік құжаттар, зерттеу мәселесіне байланысты философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді, білім беруді ұйымдастырудағы нормативтік және оқу құжаттарын талдау; білім сапасы диагностикасын жүргізуді жобалау, оқу процесін бақылау, сауалнама, әңгімелесу.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: зерттеуде отбасының жалпы психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, толық емес отбасылардың психологиялық ерекшеліктері, осындай отбасында тәрбиеленген баланың психологиялық жағдайы, атап айтқанда өзіндік бағалау ерекшеліктері жан-жақты талданады. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламалары, оның ішінде 12 жылдық білім беру жобасына байланысты оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы, білім сапасы, нәтижеге бағытталған білім беру ережелері зерттелді.
Зерттеу жұмыстың құрылымы кіріспеден, бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЛАРЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Отбасының жалпы сипаттамасы және педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Отбасы - нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Осы қызметтердің сипаты отбасының мазмұнын, формаларын және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көз-қарастарды ұстанды. Неке - отбасы қарым-қатынасының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі - ежелгі грек философы Платон. Оның пікірінше, отбасы дегеніміз - өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған [1] .
Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо: «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам - бұл отбасы. Сонымен, отбасы - бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет - әке тәрізді, халық - балалары іспеттес», - деп жазды [2] .
«Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар. «Неке», «отбасы» ұғымына келетін болсақ, ол орыс сөзі «брак» ежелгі орыстардың «брачити» сөзінен шыққан. Біздің тілге аудырған кезде «тартып алу» деген мағына береді, яғни жақсыны таңдап, керек еместі тастау керек деген сөз [3] .
Украин, беларусь, польшалық, чештік және кейбір славян тілдерінде бұл екі құбылыс күрделі түсіндіріледі, себебі неке одағы термині «шлю» деген сөзден шыққан, ал ежелгі славян тілдерінде «сълюб» деп аталады. Біздің тілде ол «сөз беру» деген мағынаға ие. Отбасы - ол жыныс арасындағы қатынастың санкционалды формасы, яғни жыныс қатынасын реттеу тәсілі [3] .
Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән жеке мәндері бар. Ғалымдардың айтуынша, неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болған.
Қазіргі психологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз - әйел мен ер адам арасындағы тарихи өзгеріп отратын қарым-қатынастың психологиялық нысаны. Осы нысан арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіпке келтіреді және оған рұқсат береді, олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттерін белгілейді [4] .
Отбасы дегеніміз - некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынас жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы - бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынасын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және жүріс-тұрыс үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысымен ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілегімен және өзара көмекпен байланысты [5] .
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретінде қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығын өзгертіп отырады.
Неке - ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт [6] .
Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңмен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық мәселелер жатады. Қазіргі таңдағы отбасылардың түрі, категорияларының және формаларының түрі өте көп. Отбасы категорияларын әр түрлі сферада түрліше қарастырады.
Отбасы - бұл күрделі көпаспектілі түсінік, оны анықтайтын мынадай төрт сипаттаманы атап кетуге болады:
- Отбасы - бұл қоғамның ұяшығы (шағын әлеуметтік топ) ;
- Отбасы - бұл жеке тұрмысты ұйымдастырудың негізгі формасы;
- Отбасы - бұл ерлі-зайыптылар одағы;
- Отбасы - бұл көпжақтылы қатынас [7]
Отбасы психологиясының ең көп таралған формаларына келетін болсақ, келесідегідей бөліп қарастырамыз:
Әділетті келісім шартқа негізделген некелік-отбасылық қатынас . Ерлі-зайыптылар нақты өздеріне не керек екенін біледі және белгілі-бір материалды ұтымды жақтарын біліп отырады. Олардың маңызды мәселелерін келісім шарттың өзі шешіп отырады. Бұл қатынастың ерекшелігі махаббат деп айтуға қиын эмоционалдылық қатынасы ереже бойынша уақыт өте келе нығая түседі.
Әділетсіз келісім шартқа негізделген некелік - отбасылық қатынас. Әйел пен ер адам некеге өзінің жеке пайдасын ойлап, серігіне қиянат жасайды. Мұнда махаббат туралы айтудың қажеті жоқ.
Мәжбірлеу некелік-отбасылық қатынас. Ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісіне ықпал жасайды, ал екіншісі компромиске келуге келіседі. Осындай қатынастарда терең сезім туралы айту қиын: басымдылық танытатын адам өзінің жұбайын жеке-меншік ретінде қарайды. Еркіндік сезімі кез-келген неке мен отбасыда болуы керек. Отбасыда компромиске келу қиынға соғады.
Әлеуметтік-нормативті бағдардағы ритуалды некелік-отбасылық қатынас. Белгілі-бір жасқа келгенде адамдар айналасының барлығы үйленген немесе тұрмыс құрғанын көріп, отбасы құру керек деген қорытындыға келеді. Бұл неке махаббатсыз және есепсіз болады, мұнда тек отбасылық өмірі ұзаққа созылмайды. Көбіне кездейсоқ құрылады және кездейсоқ ажырасады.
Махаббатпен құрылған некелік-отбасылық қатынас. Екі адам өз еркімен қосылады, себебі бір-бірінсіз өмірлерін елестете алмайды. Махаббатпен құрылған некедегі шектеу өз еріктерімен болады: олар бос уақыттарын бірге өткізгенді, бір-біріне және отбасының басқа мүшелеріне жақсылық жасағанды жақсы көреді. Бұл нұсқаудағы некелік-отбасылық қатынас бала туылғанда одан сайын нығая түседі. Бұл жерде айта кететін жайт, парадокс өзіне шектеуді өз ерікімен қабылдайды. Мұндай қатынастар некелік-отбасындағы сенімділіктен, сыпайылықтан тұрады [7] .
Отбасы кез-келген заманауи, өзінің халқын, халықаралық дәрежесін және барлық әлеуметтік-мәдени институттарды сақтауға талпынатын мемлекеттің ең құндысы болып табылады. Отбасының жағдайы, тенденциялары ұрпақ жалғастыру мақсатында ғана емес, сонымен қатар мемлекеттегі жағдайды жақсартудағы, ең маңыздысы нақты қоғамдағы перспективаның ең маңызды индикаторы болып табылады[7] .
Отбасы - адамдардың ең ежелгі әлеуметтік форумының бірі. Ол кластан, ұлттан және мемлекеттен бұрын пайда болған және ерекше құндылыққа ие. Ол балаларға тәрбие беру арқылы оларға еңбек дағдыларын қалыптастырып, сонымен қатар әлеуметтік және индивидуалды сана қалыптастырады.
Отбасы мен неке әлеуметтік институттарының қалыптасу сұрақтары мен мәселелері антикалық дәуірден қазіргі таңға дейін өзекті мәселелерді бірі болып тұр. Және бұл жайдан-жай емес, себебі отбасы - адамның өмір бойы қасында болатын феномен [8] .
Сонымен, отбасы мәніне бұрынғы заманның ойшылдары түрлі бағытта қарастырған. И. В. Гребенников, Ю. А. Семенов, К. Витектің және басқа ғалымдардың ойынша, отбасылық-некелік қарым-қатынастың мінезін анықтау ежелгі грек философы Платоннан басталады. Ол мемлекет отбасының бірігуінен пайда болады деп түсіндірді [9] . Алайда, Платон отбасы көз-қарастарын қарастырмады. «Мінсіз мемлекет» жобасында қоғамда бірлік орнату үшін ол әйелдерді, балаларды және мүліктерді кіргізуді ұсынды . Бұл идея жаңалық болмады. Ежелгі грек тарихшысы Геродот өзінің атақты «Тарихында» тұтқындар арасында әйелдер қоғамы ерекше қыр болғанын айтқан [10] . Мұндай пікірлер барлық антикалық эпохаларда кездеседі.
Платонның жұмысында дені сау ұрпақ сақтау үшін нақты ұсыныс көрдік. Оның ойынша, ең дені сау баланы 20 дан 40 қа дейінгі әйелдер 55 жастағы ер адамдардан туады екен. Платон әр ер адам некеге 35 жасында тұру керектігін талап еткен. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың темпераменттері әр-түрлі болу керек, себебі ұрпақтарын тепе-тең дәрежеде жасайды [10] .
Аристотель «Мінсіз мемлекет» жобасын сынға ала тұра, Платонның идеясын қоғамның негізін құрайтын патриархалды отбасын «селения», ал «селениялардың» бірігуін мемлекет деп атады. Отбасына қатысты мұндай көзқарас ұзақ уақыт бойы жалғасты. Француз жазушысы Жан-Жак Руссо былай деді: «Барлық қоғамның ең ежелгісі және жалғыз қарапайымы - ол отбасы . . . сонымен, отбасы - бұл, саяси қоғамның үлгісі, басшы - әке, халқы - балалары . . . ».
Антикалық, ортағасырлық және жаңа дәуірдің философтары отбасылық қатынас мәселесін қарастырғанда, отбасыны әлеуметтік институт емес, мемлекет үлгісі ретінде көруді жөн көрді. Белгілі бір мөлшерде бұл ойды неміс философтары Кант пен Гегельде жалғастырды. Кант отбасының негізін құқықтық жүйеде көрсе, Гегель - абсалютті идеяда көрді [11] . Осыдан айта кететін жайт, мәңгілікті мойындайтын ғалымдар «неке» мен «отбасы» ұғымын ұқсастырады; олардың арасындағы айырмашылық формалды бастауымен анықталады. Әрине, «неке» мен «отбасы» ұғымдарында тығыз байланыс орнатылған. Кейбір қазіргі және бұрынғы әдебиеттерде оларды көбінесе синонимдес ретінде қарастырған. Алайда, бұл ұғымдарда ұқсастықтан басқа, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Сонымен, ғалымдар неке мен отбасы екі түрлі тарихи кезеңде пайда болғандарын дәлелдеп отыр: отбасы некеден кейін кешірек пайда болған. Қазіргі таңдағы отандық әлеуметтанушылар некені былай қарастырады: «әйел мен ер адам арасындағы қатынастың әлеуметтік формасы өзгере отырып, олардың жыныстық өмірін өзгертеді және оларға ерлі-зайыптылық пен ата-аналық құқық пен міндеттің жүктелуі ретінде қарастырады. Отбасы некеге қарағанда, одан күрделі қатынас жүйесін құрайды. Себебі, мұнда тек ерлі-зайыптыларды ғана емес, балаларын, сонымен қатар басқа туыстарын біріктіреді» [12] .
Неке мен отбасының тарихи өзгерісі алғаш рет 1861 жылы швейцар тарихшысы И. Я. Бахофеннің «Материнское право» атты еңбегінде жарық көрді. Кейінірек 1877 жылы эволюционды идеясымен ағылшын ғалымы Л. Г. Морганның «Древнее общество» атты еңбегі жарыққа шықты [13] .
Әлеуметтік ұйым ретінде, отбасы некеден тек ерлі-зайыптылардан басқа адамдардың қосылуынан ғана ерекшеленбейді. Сонымен, «неке» мен «отбасы» ұғымдарынан туындаған мәселені шешетін кезде, олардың тек сандық айырмашылығына ғана емес, сапалық айырмашылығына көңіл бөлу керек.
Некелік-отбасылық институтқа тарихи шолуды қорытындылау барысында, айта кететін жайт, жүздеген жылдар бойы субъективті мінезі бар отбасына қатысты көптеген ойлар айтылды. Бұл дәуірді бүршік жару дәуірі деп атауға болады. Оның шыңы ХІХ ғасырда дүниеге келген дарвинизм болды. Оның айтуынша, отбасы, адам сияқты белгілі бір қарапайым эволюциядан өтті.
Отбасына ғылыми түрде зерттеу жүйесі Ф. Энгельстің «Происхождение семьи, частной собственности и государства» атты еңбегінен басталды. Ф. Энгельс Л. Морганның этнографиялық зерттеулеріне сүйене отырып, оның қате сызбасын түзеп, жаңа білімдер мен қорытындылар қосты. Ол неке мен отбасының дамуы соңғы есепте өндірістің дамуымен шартталған. Бұл оған бұрын отбасы мен некенің қалай өзгергенін ғана емес, сонымен бірге бұл әлеуметтік институттың үнемі дамып, өзгеріп отыратындығын көрсетті [13] .
Ф. Энгельс болашақтағы некеге нақты анықтама бермеді, себебі ол институттың және соған байланысты әлеуметтік факторлардың өзгеретіндігін білді. Оның заманауи некенің қалай болады деген сұрағына берген жауабы мынадай болды: «Бұл келешек ұрпаққа байланысты анықталады: келешектегі ер адамдар ешқашан өмірлерінде ақшаға немесе билікке әйел ала алмайды, және әйелдер махаббатпен өзіне жар таңдайды».
Батыста отбасыны жүйелік зерттеу ХХ ғасырда басталды. Отбасындағы өзара қатынас, сексология тақырыптарында еңбектер пайда болды. Сол уақытта әлеуметтік психологияның негізі қаланды, содан отбасыға әлеуметтік-психологиялық жағынан бағыт қалыптасты.
ХХ ғасыр бойы әсіресе 50 жылдары Батыста ерлі-зайыптылар мен отбасыға қатысты көптеген жұмыстар жарық көрді. Алайда, соншалықты әдебиеттерге қарамастан, жастарға өткізіліп жатқан курстардың санына қарамастан ажырасу саны төмендемеді. Бұл жағымсыз әлеуметтік макро құрылымның себебі екенін түсіндіреді. Ол экономикалық-саяси дағдарыс, жұмыссыздық, адам құқығығының бұзылуының әсерінен болады. Мұндай қоғамдық қатынасқа экономикалық-моральді әсер еткен кезде, шаруашылықты қалай жүргізу керек екендігі жайында, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың қарым-қатынас туралы кеңестер жоғары нәтиже бермейтіндігі бәрімізге түсінікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz