Польша


ПОЛЬША. Польша Республикасы - Орт. Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы. - 312, 7 мың км 2 . Халықы 38, 7 млн. Халқының басым белігі поляктар (98%), қалғандары немітер (1, 3%), беларусьтар (0, 6%), украиндар (0, 5%), т. б. Ресми тілі - поляк тілі. Халқының басым бөлігі христиан дінін ұстанады «католик», солтүстік аудандарында протестант тармақтары да кездесіп жатады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - екі палаталы парламент (сейм және сенат) . Астанасы - Варшава қаласы Әкімшілік жағынан 16 провинцияға (воеводаларға) бөлінеді, Ұлттық мейрамы - 11 қараша яғни Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - злота.
Табиғаты. Польша жерінің 90%-ынан астамы жазық, тау массивтері оңтүстік бөлігінде ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедерін негізінен аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы Польша, Мазовия және Подляс ойпаттарын алып жатыр. Бұларға оңтүстіктен Силезия, Кіші Польша, Люблин қыраттары жалғасады, Польшаның оңтүстік батыс шетінде Судет тау массиві, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында Карпат тауының сілемдері (ең биік жері 2499 м) орналасқан. Климаты қоңыржай, батысынан шығысына қарай теңіздік климаттан континенттікке ауысады. Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында және батысында 1°С, таулы өңірлерінде 6°С, шілдеде 17°С, таулы өңірде 10 - 14°С. Жылдық жауын-шашынньң орташа мелшері. 500 - 1000 мм. Аса ірі өзендері Висла және Одра. Осы мемлекеттің 27, 6%-ы орманды аумақ құрайды (көбіне қылқан жапырақты ағаш түрлері өседі) .
Тарихы. Польша жерін адамдар палеолит заманынан бастап мекендеген. Б. з. б 7 ғ. - б. з. 4 ғасырларданда осы аймақта (кельттер, германдар, батыс славяндар, т. б. ) тұрды. 7-10 ғасырларда батыс славян халықтары 6ipiге бастады. 966 жылы поляк халқы христиан дінін қабылдады 11 ғасырдың басында герман-поляк соғысы болып, Будушин келісімі бойынша Лужица, Мишен және Моравия жерлері Польшаға қосылды. Осы ғасырда "Қасиетті Рим империясы" мен Чехия Польшаға қарсы жиі-жиі соғыс ашып тұрды. 11 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында польша мемлекеті әлсіреп, саяси бытыраңқылық кезеңі басталды. 1226 жылдан польшаға Тевтон орденінің шабуылы күшейді. 1241, 1259 және 1287 жылдары Польшаға Алтын Орда әскерлері басып кірді. 13 ғасырдың соңында польша жері саяси жағынан 6ipiгіп, көптеген мемлекеттермен экономикалық қатынастар орнатады. 1385 ж. Тевтон орденіне қарсы тұру үшін Ұлы Литва князімен Кревск униясына қол қояды. 1410 жылы. Польша-Литва және қыпшақ (Алтын Орда) әскерлерінің 6ipiккен күштері Грюнвальд шайқасында жеңіске жетеді. Тевтон орденімен он үш жылға созылған соғыста Польша ертедегі Хельм және Михайлов жерлерін қайтарып алады. Кейінірек Тевтон орденін өзінің вассалына айналдырды. 15 ғасырда біртұтас Польша мемлекеті құрылады. 1569 жылы Польша королі мен ¥лы Литва княздігі бірігіп Речь Посполитая деп аталатын мемлекет кұрайды. 1648-54 жылы Польшаға қарсы украин халқының азаттық соғыстарына Ресей қолдау көрсетіп, Украинаның едәуір бөлігін өзіне қаратып алады. 17ғасырдың 2-жартысында Польша Швециямен, Осман сұлтандығымен болған соғыста 6ipaз жерінен айырылады. 18 ғасырдың 2-жартысынан Пруссия, Ресей және Австрия Речь Посполитаяға ықпалын жүргізу үшін өзара күрес жүргізеді. 1772 - 73 жылдары үш мемлекет Польша жерін бөліске салды. 1794 жылы Польша патриоты Т. Кастюшко бастаған көтеріліс басталды. 1795 жылы. Речь Посполитая үшінші рет бөліске түсіп, тәуелсіздігінен біржола айырылды. 1807 жылы Наполеон 1 Пруссия әскерлерін талқандап, өзі басып алған поляк жерлерінің 6ip бөлігінде Францияға тәуелді Варшава герцогтығын кұрды. 1830 жылы Ресейге қараған Полша жёрінде көтеріліс басталды. Ресей көтеріліске қатысқандарды Сібірге жер аударды. 1915 жылы жазда Германия, Австрия-Венгрия әскерлері бүкіл Польша корольдігінің жерін басып алды. Ал 1-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен, олардың әскерлері Польша жерінің көп бөлігінен шығарылды. 1918 ж. 11 қарашада Польша тәуелсіздігін алып, 2-Речь Посполитая мемлекеті жарияланды. 1920 жылы сәyip айында Кеңес үкіметімен соғыс болып, Рига келісімі бойынша Батыс Украина мен Батыс Беларусь жерлері Польшаға берілді. 1920 ж. қазан айында Литваның Ватьнюс облысын өзіне қосып алады. 1926 - 35 жылдары. Польшада Пилсудский диктатурасы орнады. 1939 жылы қыркүйекте фашистік Германия Польшаға шабуыл жасап, 2-дуниежүзілік coғысты бастайды. Кеңес-герман келісімшарттары бойынша КСРО Батыс Украина мен Батыс. Беларусь жерлерін өзiне қосып алады. Польша халқының фашизмге қарсы ұлт-азаттық қозғалысына Лонданда кұрылған эммиграциялық. үкімет пен КСРО басшылығындағы поляк коммунистеріне жетекшілік етіп, қолдау көрсетеді. 1944 жылы КСРО-ның колдауымен Польшаның Уақытша үкіметі құрылды. . 1945 жылы Қырым конференциясында АҚШ, Ұлыбритания және КСРО басшылары Польша мәселесін шешу туралы келісімге қол қойды. Польшаның батыс шекарасы Одра өзенімен оның сағасы Ниса-Лужица арқылы өтті . КСРО-ға сүйенген Коммунистік партия елдегі саяси билікті толық өз қолдарына алып, Поляк Халық Республикасын құрды. 1945 - 53 жылы Польша Сталиндік қуғын-сүргін саясатына ұшырады. 1945 - 80 жылы Полша коммунистік партиясы елдегі дағдарыстарды Кеңес әскерлерінің күшімен шешіп отырды. 1980 жылы Гданьск қаласында "Ынтымақ" кәсіподақ ұйымы құрылды. 1981 жылы осы ұйымды қолдаған Гдыня қалаларының тұрғындары ереуіл ұйымдастырады. Олар демократия орнатуды, біріккен жұмысшы партиясы мен үкіметтің биліктен кетуін талап етеді. Осыдан кейін екі жақ келіссөздер жүргізіп 1989 жылы сайлауға келушілер (жергілікті халық) жеңіліске ұшырайды. Жаңадан сайланған парламеттің шешімімен Польша конституциясына өзгеріс еңгізіп елдің атауы Польша Республикасы болып өзгертілді. 1990 жылы кезектен тыс сайлау өтіп, ел президенті сайланды. 1990-95 жылдары Польшада нарықтық экономика реформалары жүргізілді. 1995 жылы қарашада өткен президент сайлауында Социал демократ партиясы жеңіске жетті. Польша 2003 жылы Солтүстік атлантида ұйымына (НАТО) 2004 жылы Евроодаққа мүше болып қабылданды.
Экономикасы - жетекші салалары-машина, кеме жасау, маталл өндіру, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Елдің ауылшаруашылығы негізінен қара бидай, астық, сұлы, жеміс-жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа өсіруге бағдарланған. Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма өнімдері мен мыс, тас көмір шығарып сырттан құрал-жабдықтар, тұрмыстық тауарлар алады. Негізгі сауда серіктестіктері-ЕО елдері мен Ресей. Қазақстан мен Пльша арасындағы байланыс ХІХ ғасырда басталды. 1830-1917 жылдары Қазақстан жеріне аударылған поляктар арасында қазақ мәдениетін зерттеуге үлес қосқан А. Янушкевич, Г. Зеленежин, Б. Залесский және А. В. Затаевич те болды. 1936-1939 жылдары және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да поляктар Қазақстанға депортацияланды. Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік облысында 70 мыңдай поляк өмір сүреді.
Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды әріптеci ретінде әділетті түрде Польша Респубяикасы аталып жүр, онымен дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы наурызда орнатылды. Осы ipi еуропалық мемлекетпен ынтымақтастыққа екі елдің ресми мекемелері мен кәсіпкерлері арасындағы тұрақты байланыстар орнаған. Екі тарап та машинажасау, геологиялық барлау, дәрі-дәрмек өнеркәсібі және техникалық көмек керсету саласында өзара ic-қимылды еселеуге ic жүзінде ықылас танытуда. Аталған салаларда накты инвестициялық жобалар каралуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz