Қазақстан мен Германия



Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы мәдени ықпалдастықтың заңи негізі Алматыда 1994 ж.16 желтоқсанда қол қойылған мәдениет жөніндегі келісімі болды.
Мәдени ықпалдастық жөніндегі келісім жоғарғы , орта және мамандандырылған білім беру , ғылым, мектептік білім, тілдерді дамыту, Қазақстандағы неміс ұлтының азаматтарын қолдау , мамандандыруды жетілдіру , мәдени мекемелерді дамыту, өнер, мәдени алмасуларды қолдау, мәдени шараларды өткізу, баспа ісін, телевизия, радио, мұрағат ісін, жастар саясаты мен спортты қолдау салаларын қамтиды.
Екі мемлекет арасындағы мәдени ықпалдастықты дамытудағы жауапты орган қазақстан-герман Мәдени ықпалдастық жөніндегі аралас комиссия болып табылады. Комиссияның бірінші отырысы Алматыда 1994ж. 23-27 сәуірде, екінші отырысы Гамбург қаласында 1997ж. 5-7 қарашада, үшіншісі Астанада 2001ж. 28-30 мамырда өткізілді.
Германия тарапынан жоғарғы білім беру және ғылым, сонымен қатар Қазақстандағы неміс тілін дамыту саласында байланыстар үшін Алматыда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Гете атындағы институт жауапты болып табылады. Ал 1999 жылдан бастап Герман-Қазақстан университеті жұмыс істеп келе жатыр.
Ғылым және білім саласындағы тәжірибе алмасуда ГФР тарапынан қазақстандық студенттер мен ғалымдарға стипендиялар бөлу үшін жауапты Академикалық алмасулар герман қызметі болып табылады. 1999-2002 ж.ж. арасындағы кезеңде Германияда «Болашақ» бағдарламасының 100 астам стипендианттары білім алды. 2002-2003 жылдары Германияға 16 адам оқуға жіберілді. Неміс тарапы болса қазақстандық стипендианттарының оқудағы үлгерімін байқап, күн тәртібіне білім алушылардың санын көбейту мәселесін қойып отыр.
Қазақстанда Германияның саяси қорларының өкілдіктері бар: Фридрих Эберт атындағы қор, Конрад Аднауэр атындағы қор. Эберт қоры Алматыда 1996 күзінен бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қор жобаларының мақсаты демократия мен нарықтық экономиканы қолдау болып табылады. Жобалардың қаржыландырылуы ГФР Ықпалдастық пен даму министрілігі тарапынан іске асады.
Екіжақты мәдени байланыстар саласында ҚР Президентінің Германияға іс сапары барысында өткен мәдени шаралардың орны ерекше. Гете атындағы институт пен Қазақстандағы Германия Елшілігімен бірігіп 2001 жылдың сәуірінен маусымына дейін « 2001 жылдың неміс мәдениетінің көктемі» атты кең ауқымды бағдарламасын өткізді. 2002 жылы Германияның бірқатар қалаларында Қазақстан өнер өкілдерінің қатысуымен мәдени шаралар өткізілді.
Бұқаралық ақпараттар құралдары саласындағы ықпалдастық белсенді түрде дамуда.11 қазақстандық телекомпания «Неміс толқыны» бағдарламаларын ретрансляция жөнінде келісімге келді. 7 радиостанция «Неміс толқыны» радиобағдарламасынын орыс және неміс тілдерінде жүргізіді. Сонымен қоса Қазақстанда Казгосрадио атты неміс редакциясы жұмыс істейді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы
мәдени ықпалдастықтың заңи негізі Алматыда 1994 ж.16 желтоқсанда қол
қойылған мәдениет жөніндегі келісімі болды.
Мәдени ықпалдастық жөніндегі келісім жоғарғы , орта және
мамандандырылған білім беру , ғылым, мектептік білім, тілдерді дамыту,
Қазақстандағы неміс ұлтының азаматтарын қолдау , мамандандыруды жетілдіру
, мәдени мекемелерді дамыту, өнер, мәдени алмасуларды қолдау, мәдени
шараларды өткізу, баспа ісін, телевизия, радио, мұрағат ісін, жастар
саясаты мен спортты қолдау салаларын қамтиды.
Екі мемлекет арасындағы мәдени ықпалдастықты дамытудағы жауапты
орган қазақстан-герман Мәдени ықпалдастық жөніндегі аралас комиссия болып
табылады. Комиссияның бірінші отырысы Алматыда 1994ж. 23-27 сәуірде,
екінші отырысы Гамбург қаласында 1997ж. 5-7 қарашада, үшіншісі Астанада
2001ж. 28-30 мамырда өткізілді.
Германия тарапынан жоғарғы білім беру және ғылым, сонымен қатар
Қазақстандағы неміс тілін дамыту саласында байланыстар үшін Алматыда 1994
жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Гете атындағы институт жауапты болып
табылады. Ал 1999 жылдан бастап Герман-Қазақстан университеті жұмыс істеп
келе жатыр.
Ғылым және білім саласындағы тәжірибе алмасуда ГФР тарапынан
қазақстандық студенттер мен ғалымдарға стипендиялар бөлу үшін жауапты
Академикалық алмасулар герман қызметі болып табылады. 1999-2002 ж.ж.
арасындағы кезеңде Германияда Болашақ бағдарламасының 100 астам
стипендианттары білім алды. 2002-2003 жылдары Германияға 16 адам оқуға
жіберілді. Неміс тарапы болса қазақстандық стипендианттарының оқудағы
үлгерімін байқап, күн тәртібіне білім алушылардың санын көбейту
мәселесін қойып отыр.
Қазақстанда Германияның саяси қорларының өкілдіктері бар: Фридрих
Эберт атындағы қор, Конрад Аднауэр атындағы қор. Эберт қоры Алматыда 1996
күзінен бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қор жобаларының мақсаты демократия
мен нарықтық экономиканы қолдау болып табылады. Жобалардың
қаржыландырылуы ГФР Ықпалдастық пен даму министрілігі тарапынан іске
асады.
Екіжақты мәдени байланыстар саласында ҚР Президентінің Германияға іс
сапары барысында өткен мәдени шаралардың орны ерекше. Гете атындағы
институт пен Қазақстандағы Германия Елшілігімен бірігіп 2001 жылдың
сәуірінен маусымына дейін 2001 жылдың неміс мәдениетінің көктемі атты
кең ауқымды бағдарламасын өткізді. 2002 жылы Германияның бірқатар
қалаларында Қазақстан өнер өкілдерінің қатысуымен мәдени шаралар
өткізілді.
Бұқаралық ақпараттар құралдары саласындағы ықпалдастық белсенді түрде
дамуда.11 қазақстандық телекомпания Неміс толқыны бағдарламаларын
ретрансляция жөнінде келісімге келді. 7 радиостанция Неміс толқыны
радиобағдарламасынын орыс және неміс тілдерінде жүргізіді. Сонымен қоса
Қазақстанда Казгосрадио атты неміс редакциясы жұмыс істейді.
Қазақстанға гуманитарлық көмек Германияның үкіметтік және үкіметтік
емес ұйымдарынан келеді.
Гермеринг христиан ауызбірлігі қайырымдылық ұйымы Қазақстанға
жалпы соммасы 2,5 млн ДМ 7 көлік жіберді. Германияның Қызыл Крест
тарапынан 1,5 евро көлемінде көмек көрсетті.
Алайда кейбір қиыншылықтарды атап кеткен жөн, әсіресе Қазақстанға
гуманитарлық көмекті жеткізу саласында: ҚР кеден қызметінің құжаттарды
дайындау барысындағы баяу жұмыс істеуі, кедендік пошлиналарды төлеу
талаптары, лицензияларды талап ету және медикаменттерді кіргізу жөніндегі
рұқсаттаманы талап ету( аталғандарға рұқсат беру болса сәйкес органдары
тарапынан айлап дайындалуы мүмкін).

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін
Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Әр
сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының
2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар
барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық
канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің
ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен
қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ
өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-
Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық
канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан
Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту
түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында
түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі
мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан
Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын
қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және
БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық
Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның
үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге
қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен
сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда
әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары
ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады.
Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия –
Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі
алтыншы орында тұрған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт
мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге
автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса,
Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп
келеді.
Мемлекеттерді бір-бірімен жақын байланыстыратын мәселелердің тағы бірі
– бірлескен кәсіпорындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері
бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688
бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың басым бөлігі сауда, ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ
Қазақстан мен Германия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық берік
орныққан. Бұл Қазақстан-Германия мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі
үкіметаралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам
неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған
үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мәдениет пен
білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып,
оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді.
Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия университетінің
өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде “Болашақ” бағдарламасы
бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық
студент оқып жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл
сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға
көтеретін болады.
Германия Федеративті Республикасы “үлкен сегіздік” құрамына кіреді.
Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі
қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия
Германия Федерациялық Республикасы
Еуропа және Америка мемлекеттерімен қатынастар
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы
Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)
Германияның еуропалық одақтағы рөлi мен ықпалы
Қазақстан мен Германия қатынастары
Пәндер