Талдау


ТАЛДАУ
2. 1 Баланстың өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін талдамас бұрын ең алдымен кәсіпорынның және баланс активтерінің өтімділігінің не екендігін анықтағанымыз жөн. Өтімділіктің екі концепциясы бар. Оның біріншісі бойынша, өтімділік ретінде кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алу мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. О. В. Ефимов « өтімділік - кәсіпорынның өз қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алу мүмкіндігі» деп жазған. Оның айтуы бойынша өтімділік осы қасиетімен төлемқабылеттіліктен ерекшеленеді. Өтімділіктің тағы бір анықтамасы И. Т. Балабановта «шаруашылық жүргізуші субъект өтімділгі - ол оның міндеттемелерін тез арада өтей алу мүмкіндігі» деп жазады. Кәсіпорын өтімді деп саналады, егер ол өз қысқа мерзімді міндеттемелерін сәйкесінше ағымдағы активтерін сата отырып, яғни оларды ақша қаражаттарына айналдыра отырып, оларды өтей алатын болса. Бұл концепция жоғарыда аталып кеткен төлемқабылеттілік концепциясына жақын болып келеді. Олардың күрделі айырмашылықтары оларды талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер мен әдістерде анық байқалады. Өтімділіктің басқа концепциясы бойынша - ол ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айнала алу жылдамдығы мен дайындығы болып келеді. И. П. Кондраковтың айтуы бойынша: «өтімділік ретінде материалдық және басқа да активтердің сатылуы және олардың ақша қаражаттарына айналуы түсіндіріледі».
Ағылшындық авторлардың «Бухгалтерлік талдау» атты оқулығында «фирманың өтімділігі - ол өз активтерін ақшаға айналдыра отырып, қажетті төлемдерді олардың төлем мерзіміне сәйкес төлей алуы» деген мағынаны береді деп жазылған. В. В. Коволевтың айтуы бойынша: «қанда бір активтің өтімділігі ретінде оның ақшаға трансформациялануы түсіндіріледі және де өтімділік дәрежесі осы трансформация жүзеге асырылатын кездегі уақыттың жалғасымен анықталады». Осы кезеңнің уақыты аз болған сайын, актив өтімділігі соғұрлым жоғары болып келеді.
Сонымен толық екінші концепцияны қолдай келе өтімділік - кәсіпорын өз міндеттемелерін өз активтері арқылы өтей алуы, ал олардың ақша қаражаттарына айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келеді. Осы айналымдалықтың тез арада орындалуы, кәсіпорынның төлемқабылеттілгі мен несие қабылеттілігіне тікелей байланысты болып келеді. Басқаша айтқанда кәсіпорынның өтімділігі оның бар қаражаттарын өз міндеттіліктеріне сәйкес мерзіміне байланысты өтеу үшін, оларды мобилизациялау болып табылады. Өтімділік кәсіпорынның төлемқабылеттілгігін және оның активтері мен міндеттемелерінің арасындағы тепе-теңдікті білдіреді. Маңыздылығы бойынша кәсіпорынның өтімділігі - баланс өтімділігі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның төлемқабылеттілгін бағалау үшін баланс көрсеткіштерін мұқият түрде зерттеу қажет.
Баланс өтімділігін талдау - өтімділігік дәрежесі бойынша топтастырылған активтердің, өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған міндеттемелермен салыстырылуы болып ьабылады.
Өтімділік жәрежесі бойынша активтер былай жіктеледі:
- А1 - ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибе бойынша оларға ақша қаражаттарының барлық баптары және кәсіпорынның бағалы қағаздары жатады.
- А2 - тез сатылатын активтер. Оларға қысқа мерзімді дебиторлық борыштар, сондай-ақ басқа активтер де жатады
- А3 - баяу сатылатын активтер. Бұл активтерге баланстың «Тауарлы-материалдық құндылықтар» және «Ұзақ мерзімді инвестициялар» баптары жатады.
- А4 - қиын сатылатын активтер - оған ұзақ мерзімді активтер жатады.
Ал өтімділік дәрежесі бойынша баланс пассивтері былай жіктеледі:
- П1 - ең жедел төленуі қажет міндеттемелер, оларға кредиторлық берешектер, мерзімінде төленбей қалған ссудалар, басқа да қысқа мерзімді кредиторлық берешектер жатады.
- П2 - қысқа мерзімді міндеттемелер, оларға қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар, сонымен қатар қызметкерлерге арналған ссудалар жатады.
- П3 - ұзақ мерзімді міндеттемелер, оған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар жатқызылады.
- П4 - тұрақты міндеттемелер, оған меншікті капитал баптры жатады, бұл баптың жиынтық сомасы «Алдағы кезең шығындары» бабы сомасынан азайтылады.
Баланстың өтімділігін анықтау үшін активтер мен пассивтер бойынша келтірілген топтардың қорытындыларын сәйкестендіру қажет. Баланс абсолютті өтімді деп танылады, егер келесі шарт орындалатын болса:
А1 үлкен немесе тең П1;
А2 үлкен немесе тең П2;
А3 үлкен немесе тең П3;
А4 кіші немесе тең П4.
Осы келтірілген жүйедегі алдыңғы үш теңдіктің орындалуы, сәйкесінше төртінші теңдіктің орындалуын қамтамасыз етеді, сондықтан тәжірибеде активтер мен пассивтер бойынша алдыңғы үш теңдіктің орындалуы маңызды. Төртінші теңдік «баланстаушылық» сипатқа ие болып келеді, сонымен қатар оның терең экономикалық маңызы бар, себебі оның орындалуы, қаржылық тұрақтылықтың минималды шарттарының орындалуын, яғни кәсіпорынның өзіндік айналымдылық қаражаттарының бар екендігін білдіреді.
Егер осы теңдіктердің біреуі немесе бірнешеуі теріс сипатқа ие болып келетін болса, онда әрине бұл абсолютті баланстан әлде қайда өзгеше болып келетіндігін білдіреді. Дегенімен бір топ бойынша қаражаттардың жетіспеушілігі, басқа топтың артықшылығы негізінде жабылады, бірақ жабылу деген мағына тек құндылық көлемі кезінде орын алады, себебі нақты есеп айырысу жағдайларында азырақ өтімді активтер оларға қарағанда өтімдірек активтердің орнын жаба алмайды.
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлеуге тиісті міндеттемелерді жыл басында жаппайды, ал екінші жылы керісінше, төлем қаражаттары артық болып келеді.
I-ші топ бойынша активтер мен пассивтер баптарының салыстырылуы, жақын арада болатын түсімдер мен төлемдердің (3айға дейін мерзім) қатынасын көрсетеді.
II-ші топ бойынша активтер мен пассивтер баптарының салыстырылуы алдағы кезеңде (3-6 айға дейін мерзім) төлемқабылеттілік дисциплинасының жақсарғандығын немесе нашарлағандығын көрсетеді. Жалпы алғанда I-ші және II-ші топтар бойынша баланс активтері мен пассивтері баптарының салыстырылуы ағымдағы өтімділікті білдіреді. Олар қарастырылып отырылған кезеңге байланысты кәсіпорынның төлем қабылеттілігін ( немесе төлем қабылетсіздігін) көрсетеді.
Баяу сатылатын активтер мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің салыстырылуы перспиктивалық өтімділікті көрсетеді және болашақ кезеңге кәсіпорынның төлемқабылеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын болжауға мүмкіндік береді.
IV-ші топ бойынша баланс активтері мен пассивтер баптарының салыстырылуы кәсіпорынның оның иелері алдындағы міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл тек кәсіпорын ликвидацияланған кезде ғана қажет болып келеді. Бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің «үздіксіздік» қағидасы кәсіпорынның әрдайым меншікті капиталының болуын талап етеді. Ал бұл үшін жоғарыда келтірілген төртінші теңдік міндетті түрде орындалуы тиіс:
А4, яғни өзіндік қаражаттардың пайда болу көздері иммобилизацияланған активтерден артық болуы тиіс.
Осы схема бойынша талдау жасауесептеулерді дәл мерзімде жүзеге асыра отырып, кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық сипаттайды. Бірақ ол барлық жағдайда кәсіпорынның нақты қаржылықжағдайын нақты осы уақытқа көрсетпейді. Бұл негізінен ішкі талдау жүргізушінің бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалатын ақпараттармен толықтай қамтамасыз етілмегендігіне байланысты болып келед. Баланс өтімділігін нақтырақ бағалау үшін есептілік мәліметтерін қолдану негізінде, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайын ішкі талдау кезінде алуға болады.
Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борыштарға (оның көлеміне, дебиторлық есеп айырысулардың көздеріне) аударған жөн, себебі олар ақша қаражаттарына өте жақын және кәсіпорынның өз қысқа мерзімді ссудаларын жабудың бірден бір ең негізгі көзі болып табылады.
Көрсетілген схема бойынша талдау баланс өтімділігіне комплекстік баға беруге мүмкіндік береді. Жалпы өтімділік негізінен былай есептеледі:
Кз= а1А1+а2А2+а3А3/а1П1+а2П2+а3П3 (1)
Мұндағы:
Кл - жалпы өтімділік коэффициенті;
а1, а2, а3 - үлестік коэффициенті;
А1 және П2 - актив пен пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары ;
Баланстың жалпы өтімділік көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналымдық қаражаттарының барлық төлеуге міндетті міндеттемелерінің қатынасын көрсетеді. Оның бірден бір шарты өтімді активтер мен міндеттемелердің әр түрлі топтары белгіленген сомаға қаражаттардың келіп түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есептейтін үлестік коэфиициенттермен енуі тиіс.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның алдағы кезең немесе нақты қазіргі кездегі міндеттемелері бойынша төлем жасай алу мүмкіндігін көрсетеді, оның экономикалық негізі бойынша ол 0, 9-дан кем болмауы тиіс.
Өтімдірек активтер мен міндеттемелер баланс өтімділігіне аса маңызды болып келгендіктен, бірінші коэффициент 1-ге тең болып келеді. Бұл жерде а3 - 0, 5-ке тең болып келеді. Ал көрсетлген шектеулерді үлестік коэффициенттердің мынандай жиынтығы қанағаттандырады:
А1=1; а2=0, 5; а3=0, 5;
Осыдан жалпы өтімділік коэффициенті мынаған тең:
Кол= А1+0, 5А2+0, 3А3/П1+0, 5П2+0, 3П3; (2)
Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның жалпы төлемқабылеттілігі және өтімділікке байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгерістері анықталады. Сонымен қатар бұл көрсеткішті есептілік негізінде бағалай отырыпкөптеген серіктестердің ішінен ең тұрақты, сенімді серіктестерді таңдауға мүмкіндік береді.
Дегенімен бұл көрсеткіш нақты қысқа мерзімді міндеттемелерге байланысты кәсіпорынның мүмкіндіктері жайлы мәлімет бермейді. Сондықтан осыдан басқа, сонымен қатар төлем қабылеттілігін бағалау үшін нақты қаражаттардың өтімділігіне сәйкес басқа да өтімділік көрсеткішінің жүйесі де қолданылады. Кәсіпорынның аз немесе көп дәрежеде өтімді болуы мүмкін, өйткені ағымдағы активтерге әр түрлі төлем қаражаттары кіреді, ал олардың ішінде сәйкесінше қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін негізделген тнз сатылатын және баяу сатылатын активтер кездеседі.
Осы аталған көрсеткіштер жүйесінде ең маңыздылары: абсолютті өтімділік коэффициенттері, аралық өтеу коэффициенті және жалпы өтеу көэффициенті. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің абсолютті және қатысты өсуін немесе азайуын анықтауға мүмкіндік береді. Активтің өсуі кәсіпорын қызметінің ұлғайғандығын білдіреді. Қаржылық есептіліктің маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың бар болуы, құрамы, құрылымы мен олардың өзгерісі зерттелед. Жалпы активтердің құрылымын жіне олардың жеке топтарын талдау оларды рационалды түрде орналастыруға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипаттайды, өйткені ол кәсіпорынның болашақта ары қарай дамуының бірден бір себебі.
Дегенімен, кәсіпорынның мүлікткрінің құнының өсуінің себептерін талдау кезінде инфляцияның қатысын ескере кеткен жөн, себебі оның жоғарғы деңгейі баланстық септіліктің номиналды мәліметтерінің шынайы өмірдегіден әлдеқайда ауытқып кетуіне әсер етеді. Баланс мәліметтерін пайдалана отырып активтердің құрамы мен орналасуын талдау үшін алдымен мынандай кесте құрылуы тиіс. Активтерді талдау барысында олардың алай орналасқандығы және есептілік кезіндегі ең басты назар неге аударылатындығын, кәсіпорынның өндірістік потенциялдылығы, негізгі құралдары, мүліктері қаншалықты мобильді екндігін анықтау қажет. Ол үшін ең алдымен өндірістік потенциялдылықты анықтау қажет, ал оның анықталуы жайында арнайы әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Осындай әдебиеттердің бірі бойынша оның құнының құрамына негізгі құралдардың құны, өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, өсірудегі жануарлар кіреді.
Ал басқа әдебиетте кәсіпорынның өндірістік потенциялдылығын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда аталғандар, сонымен қатар аяқталмаған капиталдық салымдар мен орнатылуы тиіс құрал-жабдықтардың құны енеді. Бұл методик кәсіпорынның болып жатқан даму үрдісін және оның материалды-техникалық базасын көрсетеді. Осы көрсеткіштен кейін, сонымен қатар баланс валютасының құрамындағы ағымдағы активтердің бөлігін, яғни кәсіпорын активтерінің мобильділік коэффициентін анықтаған маңызды болып келеді.
Бұл көрсеткіш ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүліктерінің құнына қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш қарыздарды жабу үшін қаражаттардың бөлігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің мағынасы жоғары болған сайын, кәсіпорын соғұрлым қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және әр жағдайда өзінің кредиторларымен есеп айырыса алады. Қаржылық көзқарас бойынша бұл коэффициенттің өсімі жоғары болған сайын кәсіпорынның мүлігі өзінің мобильділігін арттырады, ал ол өз кезегінде оның айналымдылығының жылдамдатылғанының және оларды қолданғаннан пайда болатын тиімділіктердің артқандығын көрсетеді.
Келесі бір талданатын көрсеткіш мобильді және имобильді қаражаттардың қатынасы коэффициенті, бұл көрсеткіш кәсіпорынның активтерінің орналасу тиімділігін сипаттайды. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың оптималды және критикалық мөлшеоі кәсіпорынның салааралық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенімен өндірістік кәсіпорында бұл көрсеткіштің мөлшері 0, 5-тен кем болмауы тиіс.
Осыдан кейін енді кәсіпорынның мүлігінің сапалық өзгерістерін анықтау қажет. Ол үшін негізгі қорлардың жағдайын, тауарлық-материалдық базаны құрайтын кәсіпорынның өндірістік потенциялының ең маңызды элементтерін анықтау қажет.
Ең негізгі назар кәсіпорынның мүлігінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың шынайы құнының салыстырмалы салмағының өзгеруіне аударылады, себебі бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің масштабтарын анықтаудың ориентирі ретінде қызмет атқарады. Негізгі қорлардың шынайы құнының коэффициентінің көлемі баланс активтерінің жалпы сомасының 50% -нан төмен болмауы тиіс.
Ең негізгі тәжірибелік қызығушылық жалпы активтер құрамындағы негізгі құралдардың бөлігінің бөлігіне (жұмысқа арналған көліктердің құны, өндірістік құрал-жабдықтар мен транспорттық қаражаттарға) . Оның көлемінің өсуі қор қайтарымдылығын қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін көрсететін көрсеткіш болып келеді.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - тозу коэффициенті, білгілі бір анықталған кездегі негізгі құралдардың тозу құнын олардың бастапқы құнына қатынасы ретінде анықталады. Кейбір экономистердің бағалауы бойынша тозу коэффициенті 50%-дан асып ктесе, ол кәсіпорын үшін тиімсіз болып келед. Осыған байланысты кәсіпорынның басшыларына метериалды-техникалық базаның жаңартылуына және тұрақтылығына басты назарды аудару қажет.
Одан кейін келесідей кесте құра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
Баланс активтерінің пайда болу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Талдаушының келесі бір мақсаты баланс активтерінің пайда болу көздерін талдау болып табылады. Бұл жағдайда кәсіпорынның мүлігін сатып алу немесе құру тек меншікті капитал немесе қарыз капиталы арқылы жүзеге асырылатындығын естен шығармаған жөн, ал олардың қатынасы сәйкесінше кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтайды.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорынның қызметі және оның дамуы меншікті капитал негізіне байланысты жүзеге асырылады. Тек меншікті капитал жеткіліксіз болған жағдай да ғана қарыздық қаражаттар сырттан тартылады. Бұл жағдайларда сыртқы қарыз берушілерден қаржылық тәуелділікке басты назар аударылады, дегенімен кәсіпорынның қызметі сыртқы қарыздарсыз да жүзеге асырылмауы да мүмкін. Соныдықтан қаржылық есептілітің ағымдағы активтерінің пайда болу көздерн бөліп тастау қажет.
Олардың минималды бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үщін меншікті капитал негізінде құрылады, ал басқа бөлігі қажет болған жағдайда бактердің қысқа мерзімді кредиторлық берешектері мен коммерциялық несиелер негзінде, яғни қарыз қаражаттары негізінде жабылады.
Бұл талдауды жүзеге асыру үрдісі кезінде меншікті капитал мен тартылған капиталдың нақты көлемі бекітіледі, олардың өзгеруіне алып келген себептер көрсетіліп, сәйкесінше бағалау жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезде әрине басты назар меншікті капиталға аударылады, себебі ол меншікті қаражаттардың қоры - қаржылық тұрақтылықтың да қоры болып табылады. Бұл жағдайда меншікті капиталдың нақты мөлшерін анықтап қана қойма, оның жалпы капитал сомасындағы бөлігін де анықтау маңызды болып келеді. Бұл коэффициент арнайы әдебиеттерде әр түрлі атауларға ие болып келеді (меншіктілік коэффициенті, тәуелсіздік коэффициенті, автономдылық коэффициенті ), бірақ оның мәні бір, яғни кәсіпорынның қаншалықты қарыз қаражаттарынан тәуелді екендігін және меншікті капитал қаншалықты дұрыс қолданылатындығын анықтау болып келеді. Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың барлық авансталған капиталға қатынасы ретінде келесі формула арқылы анықталады:
Кн = авансталған капитал/ меншікті капитал; (3)
Мұндағы: Кн - тәуелсіздік коэффициенті;
Ск - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал.
Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуеклділігінің өсуін, болашақ кезеңде қаржылық тәуекелдердің азайуын білдіреді.
Батыс экономистерінің айтуы бойынша бұл көрсеткішті әр кәсіпорын жоғарғы дәрежеде ұстап отыруы тиіс, бұл қаражаттар көздерінің құрылымының тұрақтылығын бір қалыпты ұстап отыруға мүмкіндік береді. Осындай құрылымға барлық инвесторлар мен кредиторлар басты назар аударады. Кәсіпорынның өзіндік қаражатттарының неғұрлым көп болуы, оған үздіксіз қызмет жасауға және нарықтық экономиканың маңызды талаптарына жауап беруге мүмкіндік береді. Сондықтан да көптеген кәсіпорынның кәсіпкерлер резервтік қорларды құра отырып және бөлінбеген пайданы тікелей меншікті капиталға аудару жолдарымен меншікті капитал сомасын жоғарлатуға тырысады.
Кейбір қаржылық талдау оқулықтарының авторларының аутуы бойынша дамыған нарықтық экономика жағдайында жұмыс жасайтын әр бір кәсіпорын өз инвесторлары мен кредиторларының алдында қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің минималды мағынасы, меншікті капиталдың 0, 6 /8, 63/ деңгейінде оның жалпы сомасына қатынасы болып табылады, А. Д. Шеремет, О. В. Ефимов, А. И. Ковалев, В. П. Павлов және тағыда басқа ғалымдардың айтуы бойынша бұл көрсеткіштің минималды шамасы 0, 5-ке тең болуы тиіс, бұл өз кезегінде кәсіпорынға барлық міндеттемелерін өз қаражаттарымен жабуға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикасы жақсы дамыған, және жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісімдік шарттар қатаң түрде сақталатын және фирманың репутациясына ең басты маңыз аударылатын мемлекеттерде негізінен тәуелсіздік коэффициентіне онша назар аударылмайды. Ал Жапония мемлекетінде ол коэффициенттің мөлшері тіпті 0, 2-ні құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізу ішкі және сыртқы ақпаратты қолданушылар арқылы жүзеге асырылады. Ішкі ақпараттарды қолданушылар, яғни кредиторлар, банктер келісім жасау кезінде қаржылық тәуекелді назарға ала отырып авансталған капиталдың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың бөлігінің өзгеруін бағалайды. Егер меншікті капиталдың бөлігі төмендеген сайын, тәуекел сәйкесінше жоғары болып келеді. Бұл қолданушылар капиталдың құрылымын талдау арқылы кәсіпорынның қызметінің кеңейгенін немесе керісінше қысқ арғандығына байланысты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді несиелердің төмендеуі және меншікті капиталдың көбеюі кәсіпорын қызметінің қысқарғандығының белгісі болып келеді. Бірақ, дегенімен бұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың бөлігі белгілі бір факторлар, яғни дивиденттер және несие үшін пайыздық қойылым әсерінде болуы мүмкін. Егер пайыздық қойылым несие үшін дивидетттік қойылымнан төмен болса, онда бұл жағдайда ең рационалды шешім тартылған қаражаттар көлемін жоғарлату болып келеді. Ал егер керісінше болған жағдайда, онда әрине меншікті капиталды қолданған жөн. Әрине авансталған капиталдың құрылымы әрқашанда қаралып жатқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Қаржылық есептіліктегі активтердің пайда болу көздерін талдау үшін келесідей кесте құрылады. Барлық авансталған капиталдағы меншікті капиталдың үлестік бөлігіде, яғни тәуелсіздік коэффициентіне қарама-қарсы болып келетін көрсеткіш те бұған куә болып келеді. Оны тәуелділік коэффициенті деп атауға болады. Ол мына формула арқылы анықталады:
Кз= а1А1+а2А2+а3А3/а1П1+а2П2+а3П3; (4)
Мұндағы: Кз - тәуелділік коэффициенті;
Пк - тартылған капитал;
А к - авансталған капитал.
Бұл коэффициенті авансталған капитал сомасындағы қарыздардың бөлігін сипаттайды. Оның деңгейі жоғары болған сайын кәсіпорын соғұрлым қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелді болып келеді. Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі бір көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті болып табылады, ол меншікті капиталдың тартылған капиталға қатынасы арқылы анықталады.
Кф= Ск /Пк (5)
Мұндағы: Кф - қаржыландыру коэффициенті;
Ск - меншікті капитал;
Пк - тартылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын банктер мен инвесторлар үшін қаржыландыру тәуелділігі соғұрлым төмен болып келеді.
Коэффициент кәсіпорынның қызметінің қайсысы меншікті қаражаттар арқылы, ал қайсысы тартылған қаражаттар арқылы жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Қаржыландару коэффициенті 1-ден төмен болып келген жағдайда, кәсіпорынның төлм қабылеттілігіне біршама күмәндік пайда болады. Сонымен қатар Батыстың көптеген фирмаларында қарыздық және меншікті қаражаттар қатынасы коэффициенті кеңінен қолданылады, бұл коэффициенті меншікті капиталдағы тартылған қаражаттар қатынасын анықтайды:
Кз/с= Пк /Ск (6)
Мұндағы: Кз/с - қарыздық және меншікті қаражаттар коэффициенті;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz