Пайымдаудың коммуникативтік- мағыналық статусы


Коммуникативті бағытталған лингвистикада «пайымдау» ұғымымен бірге оның статусы да айқын болмай отыр: пайымдауды сөйлеу, мәтін айқын болмай отыр: пайымдауды сөйлеу, мәтін типі (Н. Д. Зарубина, О. А. Кострова, О. А. Нечаева), коммуникация формасы (Э. Виттмерс), композициялық- коммуникативтік бірлік (А. Б. Мордвинов), композициялық сөйлеу формасы (М. П. Брандес, Л. Д. Романенко) деп атайды. Сонымен бірге, пайымдау ақпаратты мазмұндың бір тәсілі немесе ақпараттылық категориясының формасы (А. Ф. Зиновьева) ретінде де түсіндірілді.
Неміс лингвистикасында пайымдау статусы қалыпқа түскен жоқ. Оны атауда түрлі терминдер қолданылады: Darstellungsart, Textart (-typ, -sorte), .
Отандық лингвистикада дәстүрлі түрде пайымдауды, бір жағынан, қандай да бір теориялық немесе практикалық шындықты толық мазмұндайтын көркем шығарма нәтижесі болып табылатын шығармашылық іс-әрекет түрі ретінде түсіндірілсе (Филонов, 1900: 161), екінші жағынан, «ой қорытындысы» логикалық категориясының тілдік көрінісі ретінде түсіндіріледі (А. Krivonosov, О. А. Нечаева, В. В. Одинцов) .
Қазіргі дефиниция талдаулары көрсетіп отырғандай, пайымдауға анықтама бергенде, әдетте, қандай да бір аспектісі ескеріледі, мысалы, оның мағыналық мазмұнының ерекшелігі (Брандес, 1983:69), пайымдауды тілдік ұйымдастыру тәсілдері (Зарубина, 1981:43), бұл сөйлеу формаларының коммуникативтік функциялары (Мордвинов, 1979:49; Виттмерс, 1978:181), және де пайымдаудың функциональды-коммуникативтік мүмкіндіктер диапазонын айқындау шектеулі деңгейінен -элементарлы аргументация актынан (А. Б. Мордвинов), өте кең деңгейіне -қоғамдық процестерді рационализациялауға дейін ауытқып отырады (Э. Виттмерс) .
Кейбір авторлар пайымдаудың адамның әр түрлі коммуникативтік іс-әрекеті алсында қызмет атқару қабілеті бар деп есептейді (Э. Виттмерс, О. А. Кострова), басқалары оның мүмкіндіктері авторлық монолог сөз (А. Б. Мордвинов, О. А. Нечаева) немесе жазба мәтін (А. Г. Филимонов) шеңберімен шектейді.
Соңғы жылдар еңбектерінде пайымдау кешенді құбылыс ретінде түсіндіріліп те жүр: оны кешенді композициялық сөйлеу формасы (М. П. Брандес, Л. Д. Романенко), «мәселемен таныстыруды, оның шешімімен қызықтыруды, ой талқыға шақырып, жаңа білімдердің шындығы мен пайдалылығына көз жеткізуді мақсат ететін, мәселе немесе мақсаттың шешілу жолын кешенді түрде баяндау» деп те түсіндіреді (М. Пфютце) .
Пайымдауды түсіндіруде оның мағыналық құрылысында рациональдық элементтің болуына баса назар аударылады (Fleischer, Michel, 1977:296), және де мұнда пайымдаушы субъектінің іс-әрекеті, оның табиғат пен әлеуметтік ортамен өзара арақатынастағы белсенді ролі ескерілмейді. Ал «адам тек қана сәулелендірмейді, сонымен бірге өзінің объективті шындықты сәулелендіруін іске асырады. Тіпті, ол сәулелендірумен бір мезгілде, өзінің субъективті, жеке сәтін сәулелендіруге енгізбей, шағылыстыра алмайды . . . » (Павлов, 1968:62) .
Біздің ойымызша, пайымдауды жеткілікті зерттемеудің бір себебі - сөйлеу формаларын кешенді түрде зерттеудің жоқ екендігі сияқты. Мәселен, КСФ тек қана синтаксистік немесе басқа формальды критерийлер негізінде ажыратуға тырысушылық (Н. Д. Зарубина, Ю. А. Левицкий, О. А. Нечаева) сынға түсті, өйткені «оған мазмұн сыятын сөйлеу бөлшегінің синтаксистік құрылысы форма болып табылмайды. » (Одинцов, 1979:94), ал композициялық сөйлеу формаларының мазмұндық көрсеткіштерін не біріктіруге болмайды, не синтаксистік құрылысқа жатқызуға болмайды, себебі, бір типтегі синтаксистік құрылысты басқа да сөйлеу формаларынан қиындықсыз табуға болады (Девкин, 1984:7) .
Алайда, Е. М. Верещагиннің ойынша (Верещагин, 1980:88), КСФ-на грамматикалық көзқарастың орнына ұсынылып отырған логикалық мағыналық көзқарас (А. П. Девкин, В. В. Одинцов) субъективті және тіпті еркін пікірлерге көп орын қалдырады.
Пайымдау, басқа да КСФ-ы сияқты мазмұндық-логикалық, құрылымдық және функциональдық деген үш мәнге ие болумен қатар күрделі тілдік құбылыс болып табылатындықтан, оны кешенді, көп аспектілі зерттеу қажет. Бұл зерттеуде логикалық- мағыналық және құрылымдық талдаумен бірге пайымдаудың функциональды- коммуникативтік ерекшеліктері қоса қамтылуы керек.
Сөйлеу формаларын жоғарыда аталған жақтармен жан-жақты, терең зерттеу мүмкіндігі жаңа қалыптасып келе жатқан коммуникативті- мағыналық көзқарасты көрсетеді. Бұл айтылған көзқарас негізін коммуникативтік тәсілдер теориясы мен сөйлеу актілері теориясы қалады. Коммуникативтік тәсілдер теориясында ғылыми және басқа сөйлеу стильдері материалы негізінде / коммуникативтік тәсіл/ бірліктерінің белгілері, мәтіндегі әртүрлі коммуникативтік тәсілдердің бірге жұмсалуы, авторлық интенцияның жүзеге асуы үшін комбинаторика және өзара кірігу механизмдері зерттеледі (H. Isenberg, G. Michel, V. Pfutze, W. Schmidt, E. Wittmers и др) .
Коммуникативті-семантикалық көзқарас аясында жұмыс істейтін кеңес лингвистеріне (Н. Б. Бессмертная, М. П. Бриндес, А. Ф. Зиновьева, Л. С. Крохалева, Т. И. Любашина, Н. Н. Пелевина, З. М. Рымжанова, П. В. Сомсонов, А. О. Томас және т. б. ) сөйлеу формаларын мәтіндік типтегі коммуникативті -мағыналық және композициялық конспиетуент ретінде түсіну тән. Мұнда КСФ талдау көбіне көркем емес мәтіндер материалы негізінде жүргізіледі, ал кейбір көркем мәтіндегі сөйлеу формаларын зерттеулер баяндауға (Н. Н. Пелевина, З. М. Рымжанова) және суреттеуге (Л. С. Крохалева) арналған.
Коммуникативтік мағыналық көзқарас негізінде көркем мәтіндегі пайымдауды зерттеудің жеткіліксіздігі, осы уақытқа дейін көркем мәтін баяндау құрылысына негізделген (Мегентесов, 1981:17), мұнда көбіне сөйлеудің суреттеу типі қолданылады (Золотова, 1982:355), ал пайымдау әңгімелесу, диалогтық сөзде көп қолданылады да, көркем сөзге тін емес деген көзқараспен түсіндіріледі. Көркем мәтіндерде суреттеу және баяндау контексіндегі тек пайымдау элементтері бар (Одинцов, 1979: 106-107; Лосева, 1980:80) .
Бұл тоқтамды-пайымдауға универсалдық белгі тән, ол ғылыми (Т. М. Цветкова, Е. Rudolph), саяси (Т. И. Любашина, Л. Д. Романенко), публицистикалық (А. П. Девкин), ауызекі сөйлеу (И. П. Амзаракова) және көркем сөйлеуде қолданылатынын, көркем мәтінге тән арнайы бірқатар ерекшеліктермен сипатталатынын анықтаған нақты практикалық зерттеулер нәтижесі жоққа шығарады.
Коммуникативті-семантикалық көзқарас позициялары негізінде пайымдауды зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі- берілген КСФ-ын оның негізінде жататын коммуникативтік тәсілдерге сәйкес тілдік ұйымдастыру тәсілдерін айқындау, оларды жүйелеу (Pfutze, Wittmers, 1981:215) ; өйткені пайымдаудың тілдік құрылымы өте аз зерттелген. Мысалы, пайымдауды оның логикалық құрылымы (Е. RudoEph) және коммуникативтік құрылымы (Т. И. Любашина, М. Pfutze, E. Wittmers), бөлшектеріне сәйкес ұйымдастырудың кейбір грамматикалық тәсілдері анықталған. Пайымдау және сөйлем түрлері арасында корреляция жасалған (Левицкий, 1980: 71-72), КСФ-ғы хабарлы сөйлемнің функциональды жүктелуінің өзгешіліктері зерттелген (Нечаева, 1974:205) . Пайымдаудың тілдік құрылымын құрастыруда лексикалық тәсілдер мен сөйлемдердің коммуникативті типтерінің ролі өте аз зерттелген.
КСФ-ын коммуникативті бағытталған лингвистика аясында зерттеу міндеттеріне- сөйлеу формаларының коммуникативтік функциялары, олардың мәтін құраудағы ролін зерттеу жатады.
Және де бұл берілген аспектідегі зерттеулерде мынадай тенденциялардың байқалатынын атап айтқан жөн: КСФ әдетте көлемі шағын мәтін-әңгімелер, новеллар, этюдтер және с. с. материалдар негізінде (З. М. Рымжанова, Н. Н. Пелевина, О. А. Томас), немесе қандай да бір автордың бір немесе бірнеше романдары негізінде зерттеледі (Л. А. Будниченко, Т. Д. Похилевич, Г. С. Юдина), өйткені бұл талдау жасауға қолайлы.
Қысқа шағын мәтіндер мен бір автордың шығармаларын зерттеу нәтижелері көлемі үлкен шығармалар мен басқа автор шығармаларына лайық келмеуі ықтимал. Мәселен, осылайша, сюжеттік динамиканы қамтамасыз ететін қысқа әдеби шығарма композициялық деңгейінің бірлігі ретінде суреттеумен бірге шығарманың кеңістік-уақыттық континумын қалыптастыратын.
Қазіргі кезеңге тән психологиялық прозада, импрессионизм шығармаларында, сонымен қатар қазіргі дәуір романдары мен повестерінде, мәтін құрау мен көркем шығарманың мағынасын берудегі ролі зерттелмеген пайымдаудың негізгі бөлікті құрап отырғанын зерттеушілер көлемі үлкен әр түрлі жанрдағы шығармаларды зерттеу кезінде анықтады (А. Ф. Бородина, Г. Р. Перташ, З. М. Рымжанова) .
Коммуникативті-семантикалық көзқарас негізінде көркем мәтіндегі пайымдауды зерттеудің жоқтығы, сонымен қатар, лингвистердің зерттеу нысанынан тыс қалған мәселелер, осы зерттеудің тақырыбына арқау болды, жұмыста зерттелініп отырған мәселелер шеңберін айқындады. Диссертация қазіргі неміс прозасының материалдары негізінде «пайымдау» композициялық сөйлеу формасын жан-жақты талдауға арналды.
Алдыңғы зерттеулер нәтижелері, сонымен бірге тілдік материалдарға жасаған өзіндік талдауларымыз жұмысшы гипотезаны ұсынуға мүмкіндік беріп отыр:
- өзара байланыстылық қатынысында болатын, күрделі коммуникативтік, логикалық және тілдік құрылымдарға ие кешенді композициялық сөйлеу формасы болып табылатын пайымдау- мәтін құрау тәсілдерінің бірі болып есептеледі;
Осы гипотезаға сәйкес жұмысқа мынадай мақсаттар қойылды:
- пайымдаудың коммуникативтік статусын анықтау;
- пайымдаудың логикалық, коммуникативтік және тілдік құрылымдарын зерттеу және олардың өзара байланысын ажырату;
- пайымдаудың мәтіндік функцияларын зерттеу.
Зерттеудің методогиялық негізі ретінде маркстік-лениндік тіл білімі принциптері қолданылды:
- тіл мен ойлаудың, тіл мен сөйлеудің диалектикалық бірлігі туралы;
- ойлаудың іс-әрекеттік сипаты, оның тілге қатысты даралаушылық қызметі туралы;
- құбылыстың қасиеттер мен өмір сүруін айқындайтын барлық факторларды жан-жақты зерттеу қажеттілігі туралы.
Зерттеу логикалық-мағыналық және композициялық - мәтіндік талдау элементтері қатынастырыла отырып кешенді құрылымдық-функциональды талдау әдісімен жүргізілді. Жұмыста сонымен бірге статистикалық әдіс қолданылды.
Еңбектің ғылыми жаңалығы - пайымдау композициялық сөйлеу формасы ретінде бірінші рет қазіргі неміс әдебиеті материалдары негізінде коммуникативтік-семантикалық тұрғыдан зерттелуі. Бірілген КСФ-ын оның мағыналық, функциональды- коммуникативтік және тілдік ерекшеліктер негізінде кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік туды.
Алғаш рет неміс тілі материалдары негізінде пайымдаушы субъектінің белсенді шығармашылық позициясын ескере отырып пайымдауды құрайтын тілдік тәсілдер жүйесіне сипаттама берілді және талдау жасалды. Мұнда субъектінің объектілер мен қоршаған ортаның реальды және ойдан шығарылған құбылыстарына деген «жеке біржақөты» пікірі сәулеленеді.
Диссертацияның практикалық маңызы- мынада, зерттеу нәтижелері оқушыларды пайымдауды құру білігі мен дағдыларын қалыптастыру тиімділігін көтеруге ықпал жасауы мүмкін. Сонымен бірге стилистика, үйде оқу, курстарында, көркем мәтінді лингвистикалық талдау жасауда, осы пәндер бойынша студенттер мен ДКФ тыңдармандарына арнайы курстар мен оқу құралдарын дайындауда, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.
ГДР мен ФРГ қазіргі алдыңғы қатарлы неміс автоларының жалпы көлемі 10 мың бет (оның ішінде 27 роман, 3 повесть. Және әр түрлі новеллалық жанрдағы- психологиялық, әзіл- сатиралық, детектив, ғылыми-фантастикалық және әлеуметтік- тұрмыстық 156 әңгіме) шығармалары талдау материалы ретінде алынды. Мұнда 6237 бет жалпы таңдау әдісімен, 4180 бет талғап алу арқылы талданды. Көп аспектілі, жан жақты талдау үшін пайымдаудың жалпы санынан «пайымдау» типіндегі мәтіндік фрагменттердің 534-і іріктеп алынды.
Диссертация тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері Хо Ши Мин атындағы Иркутск мемлекеттік шет ел тілдері педагогтік институтының ғылыми-теориялық конференцияларында 1984-1987 жылдар аралығында баяндамалар жасалды. Олар жоғарыда аталған институттың неміс тілі факультетінде ІV курстағы қазіргі неміс тілінің стилистика лекциялар курсында қолданылды және үш публикациялық еңбекте көрініс тапты.
Диссертация кіріспеден, үш тараудан, соңғы сөзден, библиография мен қосымшадан тұрады.
І тарау
Пайымдаудың коммуникативтік- мағыналық статусы
Бұл тараудың мақсаттары төмендегідей:
- пайымдаудың коммуникативтік статусын белгілеу;
- адресаттың белгісіне қарай көркем тестегі пайымдау түрлерін сипаттау;
- көркем текстегі пайымдаудың логикалық және коммуникативттік құрылысының ерекшеліктерін анықтау.
- Коммуникация теориясындағы пайымдау статусы. Коммуникациялық единицалардың түрлі жүйелеріндегі пайымдау орны
Кіріспеде көрсетілгендей, тіл білімінде пайымдауға түрлі сипаттама берілумен қатар, оның статусы бір жақты анықтамаға ие бола алмай отыр. «Пайымдау» ұғымына әртүрлі анықтама берудің, оны сипаттағанда әр түрлі негіздерді айырып, алдыңғы қатарға қоюдың қиындығы, оны тілдік құбылыс ретінде танудың күрделігі қиыншылық келтіреді. Пайымдауға берілген анықтамалардың басым көпшілігі шешендік өнерден бастау алатын пайымдау туралы дәстүрлі көзқарастардан бастау алып отыр. Негізгі мақсаттарының бірі дұрыс, әрі ықшам сөйлеуге үйрететін шешендік өнер аясында, пайымдау ғылыми трактаттар мен саяси сөздер мате, риалы тұрғысынан қарастырылды. Пайымдауды қазіргі кезең зерттеушілерінің көпшілігі ғылыми және саяси мәтіндер материалы негізінде зерттеу еңбектерінің мол болуы осыны айғақтайды (Т. М. Цветова, Т. И. Любашина, Л. Д. Романенко, А. П. Девкин және т. б. )
Стилистикаға арналған зерттеулерде пайымдауды әртүрлі функциональды стильдер аясыедағы мәтіндер материалдары негізінде, соның ішінде көркем әдеби мәтін негізінде қарастырады. Сондықтан пайымдауды стилистикалық тұрғыдан қарастыру оны кеңірек түсінуге әкеледі. Ойластырылған және логикалық рәсімделген оймен сипатталатын пайымдаумен қатар, ойлау процесінің қалыптасуы алдыңғы шепке қойылатын пайымдау түрлері (әр түрлі пайымдаулар, құдайға құлшылық ету, ішкі монологтар, аутодиалогтар және с. с. ) ажыратылды (Брандес, 1983: 70-71) .
Мәтін лингвистикасында пайымдау және басқа да композициялық сөйлеу формаларының статусын айқындау мәтін классификациясы мәселесінің шешілуіне қарай жүзеге асырылады. КСФ-на деген екі түрлі: логикалық-мағыналық және коммуникативті- семантикалық көзқарастар пайымдаудың психологиялық статусын әр түрлі анықтайды.
Логикалық - мағыналық көзқарас өкілдері пайымдауды басқа КСФ-мен қатар мәтін типі деп есептейді. Алайда, әр түрлі мәтіндерді бақылау барысында зерттеушілер «коммуникацияда мәтіндер әр түрлі контаминацияларды құрайды, уақыт пен кеңістік, экспозиция мен аргументация, әңгіме мен сипаттау мінездемелерін ажырату мүмкін емес. Тек қана осы немесе басқа типті сәулелендіретін (шағылыстыратын) белгілі бір фрагменттерді (сөйлем немесе сөйлемдер тізбегін) бөлшектеп алуға болады» (Шендельс, 1985:52-53) деген шешімге әкелеп отыр.
Осыған байланысты коммуникативтік -семантикалық көзқарастағы зерттеушілер сөйлеу единициларын аяқталған сөйлеу шығармаларын құрастыратын мәтіндік фрагменттер ретінде қарастырады.
Пайымдау статусын айқындау үшін коммуникация теориясының жалпы проблемаларына тоқталу керек.
Коммуникативтік -семантикалық көзқарастың негізгі теорияларының бірі болып табылатын коммуникативтік тәсілдер теориясында, мәтін «біршама аяқталған мағыналық бірлік тұрғында шындық объектіні білдіретін жазба немесе ауызша сөйлеу бөлшегі» (Schmidt, 1979: 694) ретінде түсіндіріледі.
Мәтінде жүзеге асырылатын коммуникативтік мақсат (Коmmиnі Kationsabaicht= мәтіннің жалпы интециясы, коммуникативтік тапсырма) мәтін функциясына сәйкес келеді. Үш түрлі коммуникативтік интеция немесе мәтін функцияларын ажыратады: ақпарат беру, активтендіру, түсіндіру (Informieren, Aktivieren, Klazen) . Мәтіндік функцияларға байланысты, мәтіннің үш класын ажыратады (Textklassen) - ақпарат беруші, активтендіруші, түсіндіруші. Мәтін кластары мәтін типтеріне бөлінеді (Texttypen), типтер жетекші коммуникативтік тәсілге байланысты мәтіндік түрлерге (Textarten), ал мәтіндік түрлер- мәтін сорттарына (Textsorten) бөлінеді (Funtional- Коmmunіkative Sprachbeschzeibung, 43) .
Авторлық интецияны жүзеге асыратын коммуникативтік тәсілдер коммуникативтік жоспардың құрылымдық элементтері болып табылады. Оларды қатаң түрде жүйелеу мүмкін емес деп саналады, ал коммуникативтік тәсіл қатарлары ашық деп есептеледі. Осыған байланысты коммуникативтік тәсілдер құрамына кейде мәтіндік функцияларға жатпайтын барлық үш коммуникативтік функцияларды жүзеге асыратын коммуникативтік тәсілдері қамтымайтын, яғни классификациялау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін саны мен сапасы әр түрлі элементтер де кіреді.
Мәтіндік функцияларға сәйкес коммуникативтік тәсілдлері өзінде қамтуға тырысатын көптеген классификацияға талдау жасаумен шектелейік.
В. Шмидт классификациясы 2
Texttypen
Informieren Aktivieren
Sachbetontes Uberzeugen, Uberreden
Erlebnisbetontes Informieren Mobilisieren, Interessieren,
Emotionales Bewegen
Subtypen () :
- Mitteilen, Behaupten, Festsellen.
- Berichten, Berchreiben, Errahlen, Beurteilen, Schildern, Reterieren.
- Explizieren, Vergleichen, Zusammenfassen, Verallgemeinern. Schlibtolgern.
- Begrunder, Beweisen, Entlarven.
- Erortern, Argumentieren.
- Anregen, Bitten, Aufrufen, Appellieren, Fordern, Auffordern, Anweisen, Befehlen.
- Fragen.
- Мысалы, Э. Рольфтың классификациясы коммуникативті тәсілдер мен сөйлеу актілері типологиясының конституеттерін қамтығанмен, мақұлдау, хабарлау, растау, келісу, қарсы болу, қарсы аргументтер келтіру, негіздеу, құптамау, ант беру сияқты «активтендіру» мәтіндік функциясын жүзеге асыратын коммуникативтік тәсілдері қоспайды.
- Мына мақаланы қараныз: Prutze M., Blei Д., 1977:193.
Бұл классификация ақпарат беру және активтендіру деген екі мәтіндік функцияны жүзеге асыратын коммуникативтік тәсілдері қамтиды. Пайымдау (Erortern) және аргументация (Argumentieren) «ақпарат беру» мәтіндік типінің элементарлық коммуникативтік тәсілі болып табылады.
Харнши классификациясы ГДР ғалымдарының ұжымдық еңбегінің нәтижесі «Funktional- Kommиnіkative Sprachbeshreibung» монографиясында берілген. Ойлау мен сөйлеу іс-әрекеті процесінің сәйкесінше үш жағымен тығыз байланысты ақпараттандыру, активтендіру, түсіндіру деген үш коммуникативтік ниетті ажырата отырып, монография авторлары мәтін тууы және мәтін рецепциясы процесінде ең маңызды екі аспектіге баса назар аударады: интенциональды (не айтылу керек) және операциональды (қалай айтылу керек) . Жоғарыда аталған үш интенция сәйкесінше дескриптивтік (Deskriptiv-суреттеуші), инцитативтік ( Inzitativ- іс -әрекетке бағыттаушы, бастаушы) және инвентивтік (Inventiv= problemklarend-das Sichtbarmachen des Erkenntnisproresses- түсіндіруші) коммуникативтік тәсілдерде көрініс табады.
Дескриптивтік коммуникативтік тәсілдерге мыналар жатады: 1
Mitteilen, Berishten, Berchreiben, referieren, Zitieren, Feststellen, Behaupten, Errahlen, Schildern.
Инцитативтік қатарды: Angen, Bitten, Auffuren, Appellieren, Fordern, Anweisen, Befehlen, Fragen, Loven, Tadern, Erlauben, Verbieten құрайды.
1. Терминдер неміс тілінде беріліп отыр. Өйткені аударма кезінде құрам қатарының қазақ тілінде синонимдік қатар баламасы жоқ, ал сәйкес терминология астарындағы мағыналық нюанстары жоғалады.
Инвентивті қатар тобына : Vergluchen, Begrunden, Schlubforlgern, Verallgemeinern, Explizieren, Zusammenfassen, Antworten, Zuruckweisen, Klassifirieren, Definieren, Beweisen, Widerlegen, Beurteilen, Entlarven (Harnisch, 1981:37) кіреді.
Бірінші классификацияға қарағанда бұл классификациялық жүйеде пайымдау мен аргументация жоқ. Авторлар бұл коммуникативтік тәсілдерді кешенді деп есптейді, олардың құрамына әр топтың коммуникативтік тәсілдері енеді, және көпшілігі инвентивті қатардан орын алған (Harnisch, 1981:37) .
Пайымдауды кешенді түрде айқындаудың алғашқы үлгісі М. Н. Стефанова (Stefanova, 1981, : 328) еңбегінде берілген. Ол коммуникативтік тәсілдің тоғыз негізгі түрін бөліп қарастырған, оның бесеуі ақпараттандырушылық сипатқа ие (Berichten, Beschreiben, Erzahlen, Schildern, Erortern), біреуі жауап беруге шақырады, бағыттайды (Fragen) және үшеуі іс-әрекет жасауға шақырады (Bitten, Befehlen, Aufrufen) . Пайымдау басқа коммуникативтік тәсілдерден кешенділігімен айрықшаланады және екінші қатарлы және элементарлық тәсілдерден құралады. Оны М. Н. Стефанова екі сатылы иерархиялық құрылым ретінде көрсетеді.
Үш классификацияны салыстыра отырып, мұнда пайымдау әр түрлі қарастырылғанын көреміз: В. Шмидт классификациясында элементарлы коммуникативтік тәсіл ретінде, Х. Харнши пен М. Н. Стефанова классификациясында кешенді коммуникативтік тәсіл ретінде көрсетілген. Алайда, егер Х. Харнши классификациясында пайымдаудың кешенді сипаты көрсетілсе, М. Н. Стефанова классификациясында пайымдау Шмидт классификациясының І класының (Feststellen), 3 класының (Verallgemeinern, Vergleichen), 4 класының (Beweisen) және 5 класының (Argumentieren) коммуникативтік тәсілдеріне, ал Х. Харниште- «deskriptiv» және «inventiv» коммуникативтік тәсіл топтарына сәйкес кешен ретінде көрсетіледі.
М. Н. Стефанова классификациясының көзге көрініп тұрған артықшылықтарына қарамастан, ондағы кемшілігі пайымдаудың коммуникативтік функциясын «ақпараттандыру» шегімен тар мағынада түсіндіруіне байланысты деп ойлаймыз.
Біз М. Пфютце мен Э. Виттмерстің көзқарасына сәйкес пайымдау- «ақпараттандыру» (Informieren), сендіру (Uberreugen), «жинақтау» (Mobilisieren) және «түсіндіру» (Klaren) коммуникативтік жоспарының жетекші құрылымдың элементі болып табылатын кешенді коммуникативтік тәсіл де болып табылады деген ойын құптаймыз (Pfutze, Wittmers, 1981: 204) .
Соңғы фактіні мойындаудан, пайымдау иерархиясына кіретін коммуникативтік тәсілдер арсеналы жеткілікті көлемде ұлғаюы мүмкін деген қорытынды шығады. Осылайша, пайымдауға «ақпараттандыру» коммуникативтік функциясын жүзеге асыру үшін «inventiv» 1 тобынан басқа «deskriptiv» тобының да қосылатының, ал «жұмылдыру» комуникативтік функциясын жүзеге асыруға «inzitativ» коммуникативтік тәсілдер тобының бірге жұмсалатынынын айтуда (Pfutze, Wittmers, 1981:202- 207) .
1. Ғалымдар осы топтың коммуникативтік тәсілдерінің құрылымдық күрделілігін, жан жақтылық пен атай отырып, осы топ тәсілдері конституэнттерінің жеке әр түрлі аспектіде зерттелетінін айтады. Бұл туралы Кл. -П. Клейн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz