Салықтың экономикалық мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Салықтың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
Мемлекеттің табыс саясаты және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ...5
Салық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуметі мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс- әрекетіне байланысты екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сақтап тұрған салық жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған.
Жалпы осы ұрпақтар ішінде салық заңдары бірнеше рет ауысып, көптеген өзгерістер енгізілген. Бұдан біз салық жүйесі саланың дамып жетіліп жатқанын қадағалауымызға болады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгеріске ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етті.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін кезінде Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
А) Салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;
В) Салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала әрі нақты белгіленуге тиіс;
С) Әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
Д) Өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс;

Бұл принциптердің қолдануы салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл процесті реттеді. Сондықтан А.Смит: ” ... төлеушілер үшін салықтар – құлдықтың емес, бостандықтың белгісі”, - деп жазды.
Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты – халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру принциптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбеккеқабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.
1. Байдүйсенов А.Д. «Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер». // Қаржы қаражат 2001 ж №4.
2. Кәрімжанов «Салық саясатының дамуы – ел игілігінің кепілі» // үкімет жаршысы, 2001 ж №7.
3. Ермекбаева Г. «Салықтар» //1997ж
4. Сейдахметова «Налоги в Казахстане» // А. 2002г
5. Бабкина С. «Новая налоговая политика» // Финансы Казахстана – 1995 - №6.
6. Булгакбаев Б. «Налоги, которые мы выбираем и от которых бежим:{Налоговая система в РК} // Юридическая газета – 1996 г – 17 июля.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
Салықтың экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
Мемлекеттің табыс саясаты және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ...5
Салық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...6
Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...13
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе

Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуметі мен тұрақтылығы,
экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс- әрекетіне байланысты
екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сақтап тұрған салық
жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған.
Жалпы осы ұрпақтар ішінде салық заңдары бірнеше рет ауысып, көптеген
өзгерістер енгізілген. Бұдан біз салық жүйесі саланың дамып жетіліп
жатқанын қадағалауымызға болады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі
болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе
натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.
Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің
сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгеріске ұшырап отырады.
Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі
де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде
салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етті.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін кезінде Адам
Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
А) Салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;
В) Салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала әрі нақты
белгіленуге тиіс;
С) Әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді
әдіспен салынуға тиіс;
Д) Өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс;

Бұл принциптердің қолдануы салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл
процесті реттеді. Сондықтан А.Смит: ” ... төлеушілер үшін салықтар –
құлдықтың емес, бостандықтың белгісі”, - деп жазды.
Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін
әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңіндегі
әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай
жүргізеді.
Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты
– халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық
тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру принциптерінен бас тарту. Бұл халықтың
еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға
экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық
жүйесі арқылы қоғамның еңбеккеқабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау
қамтамасыз етіледі.

1. Салықтың экономикалық мәні

Салық - бұл мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында
заңды және жеке түлғалардан алынатын мемелекет бекіткен міндетті төлем,
яғни мемлекет бір нақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір
мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз және өткізу сипатта болатын, бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке түлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категориялар. Салықтардың
экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін
білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық
қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қанша да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Сондықтан - мемлекеттің тұрақты қаржы
көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,
тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде
пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну керек. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты және функцияларынан көрінеді.
Салықтың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін фискалдық
функциясы ежелден оның бірінші қызметі болып табылады. Тауар-ақша
қатынастары, өндіріс дамыған сайын бұл функция мемлекетке қаражаттың көп
түсуін қамтамасыз етеді.
Салықтың қайта бөлу функциясы шаруашылық жүргізуші түрлі субъектілер
табысының бір бөлігін мемлекеттің пайдасына қайта бөлуден көрінеді. Бұл
қызметтің ауқымы жалпы ұлттық табыстағы салықтар үлесімен анықталады; ол
ұлттық табыстың мемлекеттену дәрежесін көрсетеді.
Салықтардың үшінші – реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық
қызметі кеңейгенде басталады. Ол қабылданған бағдарламаларға сәйкес халық
шаруашылығының дамуына мақсатты түрде ықпал етеді. Сонымен салық формалары
таңдалып, оның ставкаларының алыну әдістері кері пайдаланады. Бұл
реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен пропорцияларына ,
қорлану мен тұтынудың көлеміне әсер етеді; оларды ғылыми –техникалық
прогресті көтермелеу тиімді. Салық реттеуіштерін басқа экономикалық
тұтқалармен ұштастырып қолдағанда, мейлінше пәрменді және қажетті нәтиже
шығуын қамтамасыз етеді. Салық реттеушілерінің мүмкіндіктері, формалары мен
әдістері “Мемлекеттік қаржылық реттеу” тарауында тереңірек баяндалған.

2 .Мемлекеттің табыс саясаты және оның мақсаты

Мемлекеттік табыстар деген – жеке сектор қорларының ағымдағы ақшалай
және мүлік түрінде мемлекетке аудармалары (трансферттері). Бастапқы кезде
жеке сектор мемлекетке оның нақты бір қызметтері үшін төлем ретінде өз
ресурстарынан қаржылай немесе мүлік түрінде аудармалар жасайтын. Кейіннен
жеке сектор төлемдері мен мемлекет кызметтері арасындағы мұндай
байланыс әлсіреп, күшін толық жойды. Енді бюджетке жеке
сектордан төлемдер жалпы ортақ қазыналық жарна ретінде ғана түсетін
болды.
Табыстар саясаты арқылы шешілетін міндеттерді екі топқа бөліп
көрсетуге болады: біріншіден, бюджетке жеке сектордан (фирмалар мен жеке
отбасыларның) қаражат коры жалпы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты
сақтап, экономиканың өсуіне ықпал жасау максатында жиналады; екіншіден,
алынатын алым-салық ставкаларын реттеу негізінде мемлекет жеке
кәсіпорындарға және өндіріс салаларына ынталандыру ықпалын жүргізеді.
Дамыған елдердің практикасына қарасақ, мемлекеттің бюджеттік
шығындар саясатынан табыс (салық) саясатының экономикаға ыкпалдық әсері
жоғарылау, нәтижелілігі артық болатыны көрінеді. Мұның себебі көбінесе
әлеуметтік сана-сезімге байланысты екені анықталып отыр.

Экономистердің анықтауынша, мемлекет табыстары, негізінен келесі
экономика субъектілерінен жиналады: 1) жеке кәсіпорындар мен үй
шаруашылықтарынан; 2) әкімшілік-аумақгық, экономикалық-әлеуметтік
бірлестіктерден; 3) басқа қоғамдық ұйымдардан. Шетелдік трансферттік
аудармалар мен төлемдер жеке көрсетіледі.
Табыстарды алу формалары. Мемлекеттік табыстар түрлері мен оларды
жинаудың көптеген әдістері бар. Жалпы алғанда табыстар салықтық және
салықтық емес болып бөлінеді. Бұдан басқа - қалыпты (тұрақты) және төтенше
(уақытша) деп аталатын табыс түрлері болады.
Бюджетке табыстар, негізінен, жеке және мемлекттік экономика
секторларынан түседі. Өз кезегінде, мемлекеттік сектордан түскен табыстар
- ұлттық мемлекет секторынан және шетелдерден түскен табыстар деп бөлінеді.
Соңғысы өз ішінде тегін көмек ретіндегі аудармалар (трансферттер) және
шетелдік айырбас операцияларынан түскен табыстар (проценттер) түрлеріне
тағы бөлінеді.
Табыстардың екінші - экономиканың жеке секторынан түскен тобы -
мемлекеттің нарық процестеріне тікелей немесе жанамалы араласуына
байланысты келеді. Мемлекеттің нарыққа тікелей қатысуынан түсетін табыстар:
мемлекет мекемелерінің көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем-ақшалар
немесе мемлекет меншігіндегі объектілерді жалға бергеннен түскен жалгерлік
төлемдер. Мемлекеттің нарыққа жанама қатысуынан салық, жинақ, айып, кеден,
салым төлемдері түрінде табыстар түседі.

3.Салық саясаты

Көптеген мемлекетгік табыстардың ішінде ең көп тарағаны және міндетті
түрде алынатыны - салықтар. Олар мемлекеттің ең маңызды табыс көзі. Салық
арқылы дамыған елдерде (АҚШ-та, Жапонияда) ЖҰӨ-нің 27-29%-і бюджетте
жиналады, ал Щвецияда бұл көрсеткіш 53%-ке жетеді. Салық жүйесі - тарихи
дамудың жемісі. Бұл жүйе оқтын-оқтын реформаланады. Батыс Европада, мысалы,
қосылған құн салығының енгізілуіне байланысты сонғы салық реформасы 60-70-
жылдары жүргізілген. АҚШ-та осындай реформа 1996 жылы болды.
Салық жүйесі каржы ресурстарын жинау түрлері мен әдістерінің жиынтығы
ретінде анықталады. Салық жүйесіде, оның мақсаттық міндеттерінің арасында
терең қайшылық жатыр. Бір жағынан, экономика субъектілерінен мүмкін
болғанша қомақты көлемде және міндетті түрде бюджетке алынатын қаржы
сомаларын анықтап, олардың түсімін қамтамасыз ету міндеті тұр,
екіншіден, сонымен қатар, олардың (фирмалардың) іскерлік-экономикалық
белсенділігіне нұқсан келтірмеу, тіпті керісінше,ынталандыру қажет. Бұл
проблеманы шешудің өз заңдылықтары мен принциптері болады. Оларды
зерттеп анықтау экономикалық саясат теориясының міндеті.
Мамандардың пікірінше, мына принциптерге негізделген салық жүйесі
оптималды болмақ:
1. Салық жинау жүйесі өте ықшам, оған жұмсалатын шығындар мүмкін
болғанша төмен, ал тиімділігі жоғары болуы қажет.
2. Салық төлеу процедурасы төлеушілер үшін ыңғайлы, көп уақыт
алмайтын болғаны дұрыс.
3. Салық салмағын шамадан тыс арттырып, кәсіпкерлердің белсенділгі мен
қажыр-қайратына нұқсан келтірмеуге тырысу қажет.
4. Салық салу принципі өндіріс шығындарын арттырып, өндіріс көлемінің
өсуіне, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық өтімділігіне кедергі болмауы өте
маңызды.
5. Салықты алу процесі конъюнктуралық және жұмыстылық саясатының іске
асырылуына сәйкес ұйымдастырылуы қажет.
6. Салықтарды алу принциптері, сонымен бірге, табыстың мүмкін
болғанша әділетті болу принципіне жақын болғаны дұрыс.
7. Жеке тұлғалардың Салық төлеу мүмкішілігін анықтағанда, еркіндік
құқығына қайшы келмейтін, минималды көлемде мәліметтер талап етуге болады.
8. Құрамындағы әрбір салықтың мақсаты нақты анықталғаи біртұтас салық
жүйесін қалыптастыру өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде салық түрлерін
топтастырып ажыртудың біршама принциптері мен әдістері қалыптасқан. Мысалы,
бюджет үшін маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы салықтар деп бөледі.
Салым салу әдісіне сәйкес, тікелей және жанама салықтарды бөліп көрсетеді.

Негізгі салық түрлерінің жеке табыс салығына дамыған елдерде шамамен
ЖҰӨ-нің 12%-і тең; қосылған кұн салығьна - 6%, корпорация пайдасына
салынған салыққа - 3%.
Қосалқы салық түрлері: мүлік салығы (2%) және мұра салығы; жекелеген
тұтыну салықтары (акциздер); арнайы салық түрлері (мысалы, автокөлікке
салынатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық салу туралы
Әлеуметтік салықтың теориялық негіздерін зерттеу
Салықтың мәнi, функциясы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы
Салықтың төлеу тәртібін ашу
Мемлекеттің салық қызметі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы
Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
ҚР-дағы салық жүйесі
Қазақстан Республиканың салық жүйесі және мемлекеттің салықтың саясаты
Пәндер