Макроэкономикалық тепе-теңдік экономикалық дамудың циклдылығы



1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.
2. Ұлттық экономика масштабындағы жинақ және тұтынудың кейнсиандық талдауы.
3. “АD-AS” үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі. Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары болып үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Макроэкономика тауар көлемі мен бағасын агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Мұнда ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.
Макроэкономикалық аспектіде ұлттық экономиканың құрылымы елдің өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында өндіріс бөлумен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.
Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.
Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.
Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Макроэкономикалық тепе-теңдік Экономикалық дамудың циклдылығы
1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.
2. Ұлттық экономика масштабындағы жинақ және тұтынудың кейнсиандық
талдауы.
3. “АD-AS” үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму
заңдылықтарын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі. Макроэкономика
экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары болып үкімет,
кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға
ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Макроэкономика тауар көлемі мен
бағасын агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Мұнда ашылған
заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Макроэкономикалық аспектіде ұлттық экономиканың құрылымы елдің
өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен
олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында өндіріс бөлумен, сонымен
қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде
қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен
байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-
классиктердің назарын аударған А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен
тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды.
Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде
экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-
теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш
дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың,
қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен
ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда
артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда да осы көлемде артық ұсыныс
болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан
болмасын нөлге тең болады.

Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке жету үшін А.Маршаллдың
неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Оның мәні: өндірушілер мен
тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық
коньюктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік
сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды.
Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлеміне
өсіреді, немесе төмендетеді.

Экономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық
субьектілердің болжауларының қателіктерінің немесе мемлекеттің экономикалық
саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық
коньюктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл жағдайда, экономикалық
субьектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмыстың практика
жүзінде қандай болмасын, ол тепе-теңдік болмысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Экономикалык теория бойынша дәрістер
Экологиялық сукцессия
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Нарық. Нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымы
Қазақстандағы экономикалық өсу: мәні мен ерекшеліктері
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Пәндер