Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Көмекші сөздердің дамуы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Тілдік грамматикалық формаларының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

ІІ. Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1. Сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарының айырмашылығы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Орхои.енисей жазба ескерткіштерінде қолданылған,
көмекші етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Қай тілдің сөздік құрамындағы сөздерді алып қарамай, олардың барлығы да бір белгілі бір қызмет атқаратынды, тілдік жүйеде белгілі бір орын алатындығы анық. Бірақ, тіл элементтерінің өзара қатынасы өте күрделі және бірнеше қатпарлы байланысты тұрады. Сондықтан сөздердің мағынасына қарай да, тұлғасына қарай да, түрлену ерекшелігіне қарай да, сөйлемдегі синтаксистік қызметіне қарай да бірнеше жолмен топтастыруға болады. Кейде осы белгілердің бірнешеуінің басын қосып күрделі бір категория етіп, сөздерді жинақтау дәстүрі де кездеседі. Қазіргі тіл білімен тән алынып, көпшілік граматика авторлары мойындаған сөз табы осы бірнеше белгілерге сүйенген сөздердің күрделі тобын қамтитын лексика - граматикалық катеория болып саналады.
Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз болғандығын мойындайды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі, морфологиясы. Алматы , 1991ж.
2. Ақанов К. Граматика теориясының негіздері. Алматы , 1974 ж.
3. Исаева С. Қазіргі қазақ тілінің сөздігінің граматикалық сипаты. Алматы, 1998 ж.
4. Оразов М. Көмекші сөздер І кітап Ташкен, 1997 ж.
5. Оразов М. Көмекші сөздер ІІ кітап Ташкен, 1997 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Көмекші сөздердің дамуы мен
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
1.1. Тілдік грамматикалық формаларының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
ІІ. Тіл біліміндегі үнемдеу
заңдылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.1. Сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарының
айырмашылығы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..13
2.2. Орхои-енисей жазба ескерткіштерінде қолданылған,
көмекші
етістіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Қай тілдің сөздік құрамындағы сөздерді алып қарамай, олардың
барлығы да бір белгілі бір қызмет атқаратынды, тілдік жүйеде
белгілі бір орын алатындығы анық. Бірақ, тіл элементтерінің өзара
қатынасы өте күрделі және бірнеше қатпарлы байланысты тұрады.
Сондықтан сөздердің мағынасына қарай да, тұлғасына қарай да, түрлену
ерекшелігіне қарай да, сөйлемдегі синтаксистік қызметіне қарай да
бірнеше жолмен топтастыруға болады. Кейде осы белгілердің
бірнешеуінің басын қосып күрделі бір категория етіп, сөздерді
жинақтау дәстүрі де кездеседі. Қазіргі тіл білімен тән алынып,
көпшілік граматика авторлары мойындаған сөз табы осы бірнеше
белгілерге сүйенген сөздердің күрделі тобын қамтитын лексика -
граматикалық катеория болып саналады.
Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы
дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз
болғандығын мойындайды

І. Көмекші сөздердің дамуы мен қалыптасуы.
Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы
дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз
болғандығын мойындайды. А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді даму дәрежесіне
қарай 4 сатыға бөледі: I) дербес сөз, 2) көмекші сөз, 3) шылау сөз, 4)
қосымша. Атауыш сезден қосылмаған дейін даму бір үлгімен дамыған деуге
болмайды. Себебі кей қосымшалар этимологиялық жақтан атауыш
сөздерге мүлде байланыспай, жеке дыбыстардың қосындысынан да
жасалынған. Ал, көмекші сөздердің барлығы да бір кездерде толық
мағыналы сөз болғандығы даусыз. Уақыттың, өтуінен байланысты кей
көмекші сөздер өздерінің толық мағыналы сыңарынан мүлде
алшақтап кетуі олардың тұлғасын және мағынасын (деформания,
десамантизацияға ұшырап) сөйлемдегі атқаратын қызметін өзгертіп
(дефункцияланып) өзгерткен болуы ықтимал. Қазіргі түркі тілдерінде
кездесетіні емеулік шылаулар пікірімізге дәлел бола алады. Ал атаушы
(фукционалды) көмекшілер болса өздерінің толық мағыналы сыңарымен әлі
толық байланысып өзге қоймаған, этимологиялық зерттеулер.
мегізінде ондай байланыстырып анықтауға болады. Жалпы түркі тілдерінің
материалдарының көрсетуінше бір тілде бар көмекші сөздің екеуі бір тілде
қолданылмауы не бірнеше түркі тілдерінде қолданылып, қалғандарында
қолданылмауы да байқалады. Сондықтан да атаулы сөздерден кез
келген сөз көмекші сөз қатарына өте ала ма? Атауыш сөздердің
көмекші сөз қызметінде қолданылуында қандай жағдайлар керек,
қандай заңдылықтар бар? Атауыш сөз бірден көмекші сөз қатарына өтіп
кете ала ма? Алғашқы көмекші сөздердің, көмекші сөз қызметінде
қолданыла бастаған сөздердің өізіндік ерекшелігі бар ма деген сияқты
қыруар сұрауларға жауап беру керек.
Жоғарыдағы сұрауларға жауап беру тілдің теориялық мәселесіне көн беру
деген сез. Бірақ түркі тілдерінде тіл таричымен байланысты
этимологиялық сөздіктер жасалып, ғылыми еңбектер жазылып
жатқанымен, түркі тілдерінің даму заңдылығын арналған нақтылы
күрделі еңбек жоғарғы мойындағанымыз жөн. Тіл үздіксіз және баяу
бірГшдеп дамитын күрделі құбылыс екендігі айтылып жүр. Тіл дамуында оңай
байқалатыны — сөздік құрамының дамуы. Себебі қоғамдағы, экономикалық
өмірдегі өзгерістер, сөзсіз жаңа түсінікті, ұғымды өмірге алып келеді.
Ал жаңа үі-)*м, іүсінік өз жолымен, өмір сүру үшін өзінің
материалдық мағынасына өздік талап етеді. Жаңа сөздердің пайда
болуыа біз тек осы талап не ішінде деп түсінеміз . Тілде басы артық
элемент жоқ. Керексіз сөздер, грамматикалық формалар шығарылып
тасталынады, қажетті болған нәрселерді жасайды, өмірге әкеледі. Бұл тілдің
ең негізі заңдылығы. Бірақ оны қалай жасайды ол әр тілдің ішкі зандылығы.
Мысалы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты бірнеше орыс
сөздерінің қазақша баламасын табу мұқтаждығы туды. Нәтижеде даңғыл, ұшақ
ұша жай, ұжым, құқық, төраға, жарты сияқты сөздер жиі қол даныла бастады.
Нақ осындай талап тілдің басқа сатысында да бар, оларда да өзгеріс барлығы
анық. Оларды сөздік құрамға қарағанда баяу дамитындығы болып жатқан
өзгерістерді бірден байқатпайды. Сондай баяу дамиды тіл сатысының бірі —
грамматика.

1.1. Тілдік грамматикалық формаларының дамуы
. Тіл граматикалық формаларының дамуы тіл дамуының
заңдылықтары негізінде іске асады. Ол, біріншіден адам ойын
нақтылы, дәл беру талабы болса, екіншісі — экономия (үнемдеу) заңдылығы.
Жалпы тіл дамуында да, бір неше заңдылықтардың барлығы анық. Бұл
заңдылықтардың барлығы бірдей бір элементтің дамуында әрекетке
түспеуі де, біреуінің не бірнешеуінің қатар ықтимал жасауы да мүмкін.
Дегенмен тілдің коммуника тшзтілік талабы тілдің үздіксіз,
жетіліп отыруын қажет етеді. Көмекші сөздердің дүниеге келуінде де
осы талаптың қызметі мол. Грамматикалық мағына да лексикалық
мағына сияқты объектив дүниені бейнелейді, Бірақ адамзаттың
білімінің, өмір тәжірибесінің дамуымен бірге өзің қоршаған дүние
туралы да көзқарасы өзгеріп, жаңа фактілермен байып отырады.
Адам санасындағы өзгеріс оның өмір сүру формасы болып саналатын
тіліне де ықпал жасайды. Рас, кез келген тілде грамматикалық мағына
берудің түрлі жолдарының болуы ықтимал. Түркі тілдерінде, оның
ішінде, қазақ тілінде де, грамматикалық мағына берудің бірнеше жолы
бар. Солардың ең негізгісінің бірі қосымша арқылы болса, екіншісі —
көмекші сөздер арқылы беру. Түркі тілдер синтетикалық тіл болғандықтан
да грамматикалық категориясын белгілеп тұратын қосымшалар. Соңында
көмекші сөз неге керек болды деген сұрау туатыны анық.
Біздіңше, көмекші сөздер қосымшалар арқылы беру мүмкіндігі
болмаған мағыналық нақтылықты білдіру талабынан туған.
Салыстырыңсыз, Айымнан қанша қашықтаған сайын соншама ішімнен жақсы көре
түсетінмін (Н.Сералиев) деген мысалымыздағы сайын шылауының мағынасын дәл
беретін қазақ тілінде бірде-бір қосымша жоқ. Халықты жаңа дінге
қаратып жүргенде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп халықты исламға
көндіргенде, бұлар да ислам болдық депті (Абай). Мысалымыздағы шейін
шылауын алып тастап Қашқарға келіп деп қолдансақ та болады, бірақ Абай
кәзірге мағына шықпайды. Абай тексінде Құтайба Ираннан Орта Азияға
бастырып кіргенде Қашқарға дейінгі аралықты толық жаулап алғандығын,
өзі басып алған жердегі халықтарды мұсылман дініне енгізгендігін айту
мақсаты бар. Егер Қашқарға келгенде дейтін болсақ, онда осы аралықта қамту
мағынасы болмайды. Нақ осындай нақтылық тек септеулік, шылауларда ғана
емес, функционалды (атауыш) көмекшілердің мағынасында да бар.
Салыстырыңыз, Сол әскер тауды өрлеп талай жүрді. Судың басы бір ғұзар шатқа
кірді (Абай) дегенде судың басы тіркесіндегі бас сөзінің мағынасы тек
нақтылаумен ғана шектеліп тұр. Яғни судың жоғарғы, басталатын бөлшегі деп
тұр. Сәлден соң төбемізден тағы да оқпан ұшса екен деп өзім тіей
бастадым (Н.Сералиев) деген мысалымызда ұшса екен тіркесі армандау,
қалау мағынасын білдіреді. Қалау райдың айтқым келеді, барғым келеді
сияқты тіркесімен салыстыруға болады, бірақ болар арасында
мағыналық айырмашылық бар. Мысалымызда екінші көмекші етістік те бар.
Ол — бастадым. Тілей бастадым аналитикалық формалы етістіктің
білдіретін мағынасы амал-әрекеттің басталыну денгейде екендігі анық,
бірақ түркі тілдерінде бірде-бір қосымша амал-әрекеттің орындалу
деңгейін білдірмейді. Сондықтан айта бастады, айтуға кірісті, айтып
келе жатыр еді дегендер осы амал-әрекетін басталу деңгейін білдіру
талабы негізінде пайда болған деген пікірге келуімізге толық болады.
Көмекші есім мен көмекші етістіктің өздерінің төл мағынасында толық
мағыналы сөз ретінде қолданылған кезде өзінде көмекші сөздік
мағынасына негіз бар болады. Мысалы, басы, ортасы, етегі деген көмекші
есімдердің толық мағыналы зат есім ретінде қолданылған кезде-ақ белгілі
бір заттың, басталатын не жоғарғы бөлшегі, орта деңгейі, аяқталатын
не бітетін бөлшегі мағынасында қолданылады. Баста етістігі де нақ
сондай енді басталған, әлі толық орындау дәрежесіне
жетпегендікті білдіреді. Салыстырыңыз, ән бастады, жұмыс бастады, т.б.

ІІ. Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы
Тіл туралы пікір таласы бар болғанымен (51) көмекші сөздердің
қалыптасуыда бұл заңдылықтың аздап қызметі бар. Жалпы көмекші сөздер
атауын, толық мағыналы сөздерден морфологиялық синтаксистік жолмен
дамымағандығы, семантикалық жолмен дами, қалыптасқандығы анық. Екінші
сөзбен айтқанда көмекші сөздің құрамында туынды түбір де, таза күрделі
(біріккен, қос сөзді) сөз де жоқ. Бірақ синтаксистік амал тәсілдер толық
мағыналы сөздің көмекші сөз қатарына өтуіне жағдай жасағандығын
тіл тарихына тиісті материалдар негізінде дәлелдеуге болады.
Себебі айта бастады, таудың басы, ауылға қарай типіндегі тіркестер баста
атаышу сөздер мен көмекші сездердің тіркесі болйластан екі толық
мағыналы сөздердің тіркесі болған. Міне, осы тіркестің бірі ғана сыңары өз
мағына дербестігін сақтаса, екінші сыңары мағына дербестігінен
ажырап, көмекші сөздердің қатарына өтіп, бірінші сынардың мағынасын
толықтырып тұратын дәрежеге жеткен. Нақ осы процеске үнемдеу
заңдылығы ықпал етеді.
Б.Л. Серебренников тілдердің дамуындағы үнемдеу заңдылығын
тілдің ішкі заңдылығы деп есептейді де, оның екі түрлі көрінісі бар
екендігін көрсетеді. Біріншісі — тіл элементтері санының мейлінше
аз болуы, екіншісі — бір түрлі сипатқа ие болады. (228,246-247).
Былай қараған адам-ға көмекші сөздермен берілген мағына тілдердегі
түрлі қосымшалар арқылы беруге болатын мағынадай керіиеді де (кейбір
тілшілер солай деп те, есептейді), керісінше, үнемдеуді емес, санын
көбейтуі әсер ететіндей болады. Мысалы, қазақ тілінде осы шақтың бір
ғана синтетикалық формасы бар. Ал оларға отыр, тұр, жатыр, жүр қалыш
етістігінің көмегімен нақ осышақтық мағына білдіретін жаңа форма қосып,
санын көбейтіп тұрмыз. Сондай-ақ өткеншақты да аналитикалық форма арқылы
сан жағынан көбейтеміз. Қазақ тілінде кей аналитикалық формалардың
білдірген ма- ғыналарын басқа түркі тілдерінде бір синтетикалық форма
арқылы білдіретін болады. Мысалы, қазақ тіліндегі ген сияқты, ген
шығар (келген сияқты, айтқан шығар) формаларына өзбек тіліндегі дир
қосымшасымен келген өткен шақтьің есімшенде мағынасы сәйкес келеді.
(Қелгандыр, айтгандыр). Бұдан үнемдеу заңдылығы бұзылмайды ма деген
заңды сұраудың туатындығы анық. Жоғарыдағы екі мәселеге де нақты
тоқталайық. Осы шақтың грамматикалық формасы көбейіп, мағынасын нақты
беру талабынан туған. Қазақ тілінде нақтылы осы шақ пен ауыспалы (жалпы)
осы шақты мағына жағынан ажырату тілдік норма деп есептелінеді. Ал өзбек
тіліндегі жағдайдьң өзгеше болуы өзбек тілінің граммматикалык формасы мен
қазақ тілі формасының сәйкес келмеуінен, әр тілдің өзіндік ерекшелігінен
деп түсінген, оны әр тілдің ішкі заңдылығынан іздеген дұрыс.
Үнемдеу заңдылығы да тілдердің өмір сүруінің негізгі задылығы болып
табылады. Себебі тіл қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге қалай
болса солай қарап, бейтарап қала алмайды. Қоғамның дамуына ілеседі, соған
жете қабыл дәрежеде болмаса да тіл адамзаттың қатынас құралы қызметін
атқара алмайды. Қоғамда болған әрбір жағдайда өзгеріс, жаңа түсінік, жаңа
ұғым жеке-жеке сөз не дыбыс талап ететін болса, онда тілде шек болмаған
болар еді. Ал тілдік практика мүлде басқаша жол таңдаған. Тіл дамыған кезде
өзінің негізін сақтап пайда болған жаңалықты қамтуы қажет. Бұл — тілдің
дамуындағы негіз болатын ішкі қарама-қайшылықтың бірі, тілдің негізінің
тұрақты болуы тіл арқылы қатынас жасау мүмкіндігінің болуын, адамзаттың
өмір тәжірибесін, білімін кейінгі ұрпаққа беру кұралы болуын қамтамассыз
етсе; біртіндеп өзгеріп отыруы, жаңа түсініктермен байып отыруы қоғамның
талабынан туып отырады. Тілдің дамуын да осы коммуникативтік талаптан туған
құбылыс деп есептеген дұрыс. Э.Косериус Язык далек от того, чтобы
функционировать, и не изменясь, как это бывает с кодами; он изменяется,
чтобы продолжить функционнроБать так таковой,— деп жазғанда осыны ой-
лаған. (128,356). Тілдік даму тек сандық мөлшердің өзгеруімен
шектелінбейді, ішкі құрылысының да өзгеруімен шектелінбейді, ішкі
құрылымының да өзгеруіне алып келеді. Тіл дамуындағы үнемдеу заңдылығы осы
лексикалық, грамматикалық категориялардың ішкі құрылысының өзгеруімен де
іске асып отырады. Бұны көмекші сөздермен байланыстырғанда мынадай болып
шығады.
Түркі тілдерінде, сондай-ақ индоевропа тілдерінде де, атауыш сөздер
мен көмекші сөздердің дербес қолданыла бастауы көне дәуір жазба
ескерткіштерінен байқалынады. Түркі халықтарының ең көне жазба ескерткіші
болып саналатын орхон-енисей жазба ескерткіштеріндегі шылау сөздердің
қолданылуы пікірімізге дәлел бола алады.
Мысалы, Тәңірі айарлыкадукын учун, өзім кутым бар учун жаған олуртум
(КТМ-9). Ачім каған бірла лдару йуашыл угур Шынтуң йазыка тагі суладіміз
(КТб-17). Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде колданылған көмекші
сөздер қандай мақсатта колданылған деген сұрау туатындығы анық.
Біздіңше VI—VIII ғасыр тілінде де көмекшілер қазіргі қазақ
тіліндегідей кызмет атқарған сияқты. Бұлай жорамал жасауымызға себеп,
біріншіден, қолымызда бар жазу текстері өте көп емес, әрі онда
қолданылған көмекші сөздердің саны да аздау, екіншіден, учун, гана,
бірла сияқты шылау сөздердің келтірген мағынасын қазіргі түркі
тілдері материалдарында кездестіруге болады. Алдын ала айтатын нәрсе сол —
орхон-енисей дәуірінен бері қарай шылау сөздердің мағынасы мен
синтаксистік кызметінде айта қаларлық езгеріс байқалынбайды, бірақ
сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде колданылатын көмекшілердің көбірек
екендігі сыр емес. Түркі тілдерінде жазба ескерткіштерін қазірше, толық
қамтыған сөздік деп есептелінетін Көне түркі сөздігінде
(Древнетюркский словарь — бұдан кейін КТС). қазіргі казақ тілінде
қолданылатын дейін, шейін, қана, ғой сияқты көптеген септеулік
шылаулар қолданылмайды. А.М. Щербак Ү-ХШ ғасырдағы Шығыс Түркістаннан
табылған ескерткіштер тіліндегі жалғаулық шылаулар туралы айта отырып,
оларда сабақтастырғыш жалғаулықтан тек кім (ким) қолданылуы өрісінің
тар екендігін көрсетеді. (300,195). Ал XIV— XVI ғасыр жазба
ескерткіштерінің тіліне байланысты жазған екінші еңбегінде
сабақтастырғыш жалғаулықтың сан мөлшерің өсуі ғасырлар асқан соң
байқалынады.
Атауыш сөздердің көмекші сөздер қатарына өтуі не көмекші сөз
қызметінде қолданылуы ұзақ уақьтты қамтиды және бір жолмен ғана болатын
құбылыс емес. Тіпті әр сөздің көмекші сөз қызметінде қолданылуының
өзіндік ерекшелігі бар сияқты. Сондықтан да атауыш сөздердің көмекші сөз
қатарына өту жолын толық және жан-жақты білу үшін әрбір көмекші
сөздің тарихына жеке-жеке тоқталу керек. Дегенмен де атауыш сөздің көмекші
сөздерге өту жолының көпшілік сөздердегі ортақ болатын
заңдылықтары да жоқ емес. Ең алдымен, көмекші сөздердің барлығы да тіл
тарихының белгілі бір дәуірінде толық мағыналы сөз болған. Екіншіден,
көмекші сөздер атауыш сөздердің семантикалық дамуы нәтижесінде пайда
болады. Олар грамматикалық жасалынған туынды түбір сөз де, күрделі сөздер
де емес, Үшіншіден, атауыш сөздердің көмекші сөз қатарына өтуі бірден бола
салмайтын, біртіңдеп, ұзақ дәуірді камтитын процесс екендігі даусыз.
Төртіншіден, атауыш сөздердің көмекші сөз қызметінде қолданылуы
коммуникативтік талашың негізінде болады да, ол сөйлем құрамында, сөйлеу
процесінде іске асады. Бесіншіден, атауыш сөздер көмекші сөз
қызметінде қолданылу үшін өзінің мағына дербестігін әлсіретуі,
солғындатуы қажет. Нәтижеде ондай сөздердің қолдану жиілігі өсіп, мағына
шеңбері кеңейеді. В.М.Жирмунский сөздердің аналитикалық формасы туралы
айта келіп; Как неоднократно указывалась в советском языко знании,
словосочетания в результате семантической и грамматической связи между
входящими в их состав словами могут развиваться в сторощу более или менее
тесного лексического или грамматйческого объединения, с новым
значением целого (лексическим и грамматическим), отличным от значения
его частей;,— деген болатын (84,88). Атауыш сөз өзінің лексикалық
мағынасын солғындату үшін, сөзсіз, сөйлем құрамына еніп, екінші бір толық
мағыналы сөзбен тіркеске түсуі қажег. Жоғарыда сөз аналитккалық форманың
түп негізі толық мағыналы екі сөздің тіркесі болады дегенде осыны көз
алдымызға келтіргенбіз. Белгілі бір мақсатта тіркескен екі, толық мағыналы
сөздің бірі екіншісіне (алдыңғысы соңғысына) ықпал жасауы, мағына жағынан
оны өзінің мағынасының ыңғайына бағынды-руы, тіпті сіңдіріп алуы қажет.
Нәтижеде мағына жағынан байланысқа түскен екі атауыш сөздің біреуі өзінің
нақтылы лексикалык мағынасын (заттың) дерексіздендіреді де жартылай көмекші
сөзге, мағына дербестігін солғындатқан сөзге айнала бастайды. Әрине, кез
келген сөз тіркесі мұндай құбылысқа ұшырай бермейді. Ол үшін белгілі бір
жағдайлар, шарттар болуы қажет. Көбінесе мұндай грамматикалық жаққа
ауытқитын сөздер мағынасы жағынан кең ұғымды білдіретін, соған бейім
болатын мағына реңі бар сөздер болады. Обычно грамматике и подвергаются
слова, имевшие сами по себе более широкое (общее) зиачение: глаголы
широкой семантики,— деген болатын Р.М. Жирмунский (84,88). Мағынасы
жайылыңқы, кең семантикалы сөздер сөздік қордың құрамындағы сөздер болып
саналып, көне заманнан бері қолданылып келеді. Мысалы, дене мүше атаулары,
қозғалысы, амал-әрекеті, заттың қалпын білдіретін етістіктер т.б.

2.1. Сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарының
айырмашылығы туралы
Сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарының
айырмашылығы туралы сөз болғанда лексикалык мағынаның нақты, грамматикалық
мағынаның жалпы керексізденген бслатындығы туралы әр түрлі пікір барлығы
анықталады. Аалғаш грамматикалық мағынаның жалпы- лық қасиетінің молдылығын
көпшілік тілшілер айтқан болатын. Біздіңше грамматикалық мағына лексикалық
мағынаға қарағанда кең түсінікті қамтиды да біркелкі сездерді мағына
құрамында өмір сүре алады. Сондықган атауыш сөздердің грамматикалық мағына
қатарына өтуі осы жалпылық дәрежесінің өсуімен тікелей байлаиысты болады.
Кез келген нақтылы лексикалық мағынасы бар толық мағыналы сөздің көмекші
сөз қызметінде қолданылмау сырының бірі осы жалпылауыш жетерлі дәрежеде
болмауьнда, елдегі барлық сөздердің мағынасында дерексіздену, жалпылау
болады. Егер жалпылау, дерексіздену болмаса, біріншіден, сөз мағынасы
объектквті дүниедегі сөздермен тең болған болар еді, екіншіден, сөз ұғыммен
байланыса алмаған болар еді, үшіншіден, тілде дерексіз ұғымды білдіретін
аруақ, балалық, ар, ұят сияқты зат есімдер, есім сөздердің орнында
қолданылатын есімдіктер, эмоционалды - экспрессивті т.б. сөздер болған
болар еді. Бірақ лексикалық мағынадағы дерексіздену мен грамматикалық
мағынадағы дерексіздену, жалпылау бір нәрсе емес, айырмашылығы бар. Б.А.
Серебренников лексикалық мағынадағы жалпылауды грамматикадағы жалпылаумен
салыстыра отырып: Если в процессе образования слова человеческое мышление
стремится слечить один признак с другим признаком, то в области грамматики
происходит слечение характера функции с элементом релятивности к семантике
слова или другими с элементами, которые могли быть использованы для
языкового в выражении отношения,—деген болатын (230,63). Әрине, сөйлем
құрамына енген сөздер өзгерінікі, лексикалық мағынасын сақтайтындығы,
сөйлемнің мағынасына ықпалын тигізетіндігі анық. Бірақ сонымен бірге
сөйлемнің білдіретін мағынасын, айтқан хабарын сол құрамьндағы сөздердің
мағыналық жиытығы, қосындысы деп есептеуге де болмайды. Сөйлемнің
құрамындағы сөздер өз-дерінің синтаксистік қызметіне, орналасқан орнына
қарай да мағыналық мән қосады. Салыстырьңыз, Атадан балаға өрнекті сөз
қалды дегенмен баладан атаға өрнекті сөз қадды деген бірдей емес.
Салыстырып қарайтын болсақ екі сөйлемнің айырмашылығы—ата мен бала
сөзінің орын алмасуында. Осы орын алмасу нәтижесінде мағына өзгереді.
Бірінші мысалымызда атай амал-әрекеттің басталу кезі, шықпақ жері
болса, бола сөйлемде амалдың объектісі болып тұр. Екінші сөйлемде
ата объекті қызметін атқарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жағдаяттық толымсыз сөйлемдер
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Контаминацияның қазақ тіл білімінде зерттелінуі
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Контаминация құбылысының қазақ тіл білімінде зерттелінуі
Контаминация құбылысының тілдегі көрінісі
Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік құрылымы
Онлайн жарнаманың тілі
Тіл біліміндегі жүйе және құрылым терминдерінің түсіндірілуі
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Пәндер