Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі



Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
ә) Патриоттық тәрбие берудің бағыттары
б) Тәрбие сағатының разработкасы
3. Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі
Тәуелсіздікті баянды ету, өркениетті елдермен терезесі тең, иық тіресе отырып өмір сүру үшін қазіргі жастарымыздың бойында ұлттық намыс пен абырой, азаматтық пен имандылық, инабаттылық пен салауаттылық қасиеттерді кеңінен тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін біздің күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарымыздың негізі оқушыларға сапалы білім беру, олардың ұлттық сана-сезімдерін, қасиеттерін мінез-құлқын, салт-дәстүрлерін қалыптастыру керек.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір адамда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сезімге анықтама бере отырып, «борыш», «ар-намыс», «қайсар», «табанды», «өжет» секілді жауапкершіліктерді жоғары сезімдер қатарына қосамыз. Жоғары сезімдер орта және тәрбиенің ықпалымен даму нәтижесінде қалыптасады.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің бағыттары мыналар болуға тиіс:
1. Оқушылардың, студенттердің патриоттық сезімдеріне түрткі беріп ояту.
2. Оқушылардың, студенттердің патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны өмір салтына енгізу арқылы әдет-дағдыға айналдыру.
3. Осы арқылы студенттерде патриоттық сананы қалыптастыру.
Педагогикалық білім беру арқылы патриоттық рухта студенттерді, оқушыларды тәрбиелеу мәселелеріне келетін болсақ, бұл үшін педагогикалық-психологиялық білім беру көзін кеңейту қажет. Отанды шексіз сүйіп, ардақтау, оны жауларынан жан аямай қорғау - әр перзенттің парызы, міндеті. Қазіргі еліміздің егемендік алып, өз әскерін жасақтап жатқан кезінде, әскери міндетін өтеуден жалтарып немесе қашып жүргендер заңды бұзушылар ғана емес, қасиетті сезімді аяқ асты етушілер. Қазіргі кезде жасыратыны жоқ, жауынгерлік міндетін өтеуге аттанған жастар көбіне қайда, не үшін бара жатқанын түсінбейді және әскери борышын өтеуге барған кейбір жастарымыздың мүгедек, жарымжан болып оралуы қазіргі жастарды әскерге дайындауды қайтадан қолға алу керектігін көрсетеді. Ол үшін университет жағынан, мектеп жағынан әскери және азаматтық қорғаныс кафедраларын ашудың маңызы зор.
Сондықтан 2030 бағдарламасында Елбасымыз атап көрсеткен: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген ұранын барлық ұстаздар міндеттеуі керек.
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
 О. Б Шәріпова «Патриоттық тәрбие берудің бағыттары»
 Ш. Жанұзақова «Психология кафедрасының психологиялық – педагогикалық білім беру арқылы патриоттық рухта студенттерді тәрбиелеу нәтижелері мен мәселелері»
 Г. Р Бахтиярова, Н. Ы Жетпісбай «Қазақ халқының этномәдениеті– патриоттық тәрбие беру негізі»
 Р. Шәдібекова «Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің негізі», Ізденіс №3-2005жыл, 255-258 бб
 Берікқызы М. «Мақсат– Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру», Алматы ақшамы 2006жыл 6 шілде

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі

ә) Патриоттық тәрбие берудің бағыттары

б) Тәрбие сағатының разработкасы

3. Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәуелсіздікті баянды ету, өркениетті елдермен терезесі тең, иық
тіресе отырып өмір сүру үшін қазіргі жастарымыздың бойында ұлттық намыс пен
абырой, азаматтық пен имандылық, инабаттылық пен салауаттылық қасиеттерді
кеңінен тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін біздің күнделікті оқу-тәрбие
жұмыстарымыздың негізі оқушыларға сапалы білім беру, олардың ұлттық сана-
сезімдерін, қасиеттерін мінез-құлқын, салт-дәстүрлерін қалыптастыру керек.

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол әрбір адамда патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сезімге анықтама бере
отырып, борыш, ар-намыс, қайсар, табанды, өжет секілді
жауапкершіліктерді жоғары сезімдер қатарына қосамыз. Жоғары сезімдер орта
және тәрбиенің ықпалымен даму нәтижесінде қалыптасады.

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің бағыттары мыналар болуға тиіс:

1. Оқушылардың, студенттердің патриоттық сезімдеріне түрткі беріп ояту.

2. Оқушылардың, студенттердің патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және
оны өмір салтына енгізу арқылы әдет-дағдыға айналдыру.

3. Осы арқылы студенттерде патриоттық сананы қалыптастыру.

Педагогикалық білім беру арқылы патриоттық рухта студенттерді,
оқушыларды тәрбиелеу мәселелеріне келетін болсақ, бұл үшін педагогикалық-
психологиялық білім беру көзін кеңейту қажет. Отанды шексіз сүйіп,
ардақтау, оны жауларынан жан аямай қорғау - әр перзенттің парызы, міндеті.
Қазіргі еліміздің егемендік алып, өз әскерін жасақтап жатқан кезінде,
әскери міндетін өтеуден жалтарып немесе қашып жүргендер заңды бұзушылар
ғана емес, қасиетті сезімді аяқ асты етушілер. Қазіргі кезде жасыратыны
жоқ, жауынгерлік міндетін өтеуге аттанған жастар көбіне қайда, не үшін бара
жатқанын түсінбейді және әскери борышын өтеуге барған кейбір жастарымыздың
мүгедек, жарымжан болып оралуы қазіргі жастарды әскерге дайындауды қайтадан
қолға алу керектігін көрсетеді. Ол үшін университет жағынан, мектеп жағынан
әскери және азаматтық қорғаныс кафедраларын ашудың маңызы зор.

Сондықтан 2030 бағдарламасында Елбасымыз атап көрсеткен: Біз
Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз деген ұранын барлық ұстаздар міндеттеуі
керек.

а) Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына
байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең
жеткіншектерді тәрбиелеуде көркем шығарманың мән-мағынасын санамен ой
елегінен өткізе отырып, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанының азаматы болуы
керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға
тиіс, оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер
көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз
халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады.
Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, обьективті факторлары
негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы
тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Осыған байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізгілік, имандылық тұрғыда
өмір сүріп, шығармашылық пен еркін еңбек ете алатын, бәсекелеске бейім,
өмірге икемділігін, ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды тұтастықта
меңгере алатын, патриоттық сезімі қалыптасқан жаңа азаматты тәрбиелеудің
қажеттілігі туындауда.

Патриотизм ұғымы ҚСЭ-ның 9-томында: Патриотизм (гр. сөзі Patriotes-
отандас, Patris-отан, туған жер) — Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы
күш қуаты мен білімін отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана
тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм
элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды,- деп көрсетілген
өзінің ізгілікті мәнін сақтайды.

Патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар көзі— Отан десек, оның
мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи
ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, олардың адам көкірегіне
жылулық жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де, ерлік істердің
қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Елжандылық идея— отаншылдық сезім- адамда жүре пайда болатын, жеке
тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік
құбылыс, отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами-түйсік қасиет, оның
еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына деген
жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын
сезім көрсеткіші.

В. В Макаров Патриотизм кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық
топтың ғасырлар бойы тұтастығын қамтитын құбылыс - деп тұжырымдайды. Ал Н.
И Губанов былай деп ой түйеді: Шын мәніндегі патриотизм кім-кімнің болса
да өз отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына
құрметпен қарау болмақ. Ал мұндай қасиет, іс-әрекет пен идеяның, ықыластың
бірлігінің айғағы іспеттес.

Осы айтылғандардың барлығы патриотизм қоғамдық сананың бір формасы,
тарихи және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамуымен бірге
дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.

Көп ұлтты Қазақстан үшін Отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату
тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық
негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.

Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Цицерон, Платон есімдерімен
тығыз байланысты. Патриотизм идеясының дамуына француз материалистердің де
(18 ғасыр), неміс философтарының да, орыс революционер- демократтарының да
В.И Белинский, Н. А Добролюбов, Н. Г Чернышевский т. б қосқан үлесі мол.

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ
даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари,
жыршы –жыраулары да: Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар Жырау, Махамбет,
т. б айтқан болатын.

Батырдың рухын көтеру, оларды жігерлендіру халыққа кеңінен танымал
болған ақын-жырауларымыздың дәстүрі болған. Солардың бірі– Ақтамберді
жырау. Бабамыздың жыр – толғаулары елді бірлікке топтасуға үндейді. Оның
Отансүйгіштікке бағытталған жыр жолдарын естіген қай жауынгер болса да
алдаспанын жауға сілтемей қалмасы анық еді. Сондай жырлардың бірінде
Ақтамберді жырау:

Жауға шықтым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан,

Жалынды жүрек қан қайнап

Ел-жұртыңды қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап,–

– деген жыр жолдарында халықты батылдық пен батырлыққа шақырады.

Қазақ халқының табиғи түрдегі патриоттық тәлімінің басқа да халықтық
дәстүрі мен байлықтардың дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот деген
сөздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып
тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жөн. Қазақтың ұлан-байтақ
даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр найзаның ұшымен, білектің
күшімен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман есен сақтап
келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет деп
түсінеміз.

Зерттеуші саясаттанушы Ж. О Кенжалин патриотизм ұғымының Қазақстанның
саяси тарихының алар орны жөніндегі проблемаларды түйіндей келе соңғы он
жылдық тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынған.

Қазақстандық патриотизмнің ел тәуелсіздігі жылдарындағы тарихының
алғашқы кезеңі: 1991-1994 жж аралығы. Бұл жылдар ел көлемінде Тәуелсіздік
идеясын ұлылау жылдары деп атамақ. 1995-1998 жж аралығы. Бұл кезең
мемлекеттің нарықтық экономика заңдылықтарына өту кезеңімен, кей тұстары
халықтың жекелеген әлеуметтік топтарын торығушылыққа, дағдарушылыққа алып
келген сәттерімен сипатталады.

Үшінші кезең: 1999-2000 жж аралығы. Бұл кезең Қазақстанның патриотизм
ұғымы шын мәнінде ел ішіндегі бірліктің, қоғамдық келісімнің, тұрақты саяси
ахуалдың кепілдігіне айналғандығымен сипатталады.

Автордың бұлай кезеңдерге бөліп қарастыруында Қазақстандық
патриотизм – республиканы мекендейтін халықтардың рухани құндылықтарын
ортақ игілікке айналдырудың құралы болып табылады деп санауында.

1991жылдан бастап Қазақстанның тәуелсіздік алуына орай ұлттық
патриотизмнің, Қазақстандық патриотизмнаң жаңа жылнамасы басталып кетті.

Бұған мемлекеттік дәрежеде айырықша мән берілді. Қазақстандық
патриотизм әлеуметтік саяси қатынастардың, адамгершілік қасиеттер мен түрлі
көзқарастардың, діни наным- сенімдердің арасалмағы бола беретін ұғым оның
өлшемі дейтін болсақ, онда ең алдымен ұлттар мен ұлыстардың мұрат-
мүддесінің бірлігі айқын болуы тиіс. Осы өлшем биігінен көрінген сәтте
ғана Қазақстандық патриотизмге толық қол жеткізуге болатындығы анық.

Қазақстандық патриотизмді профессор А. Құсайынов: Қазақ елін шексіз
сүю – деп түсінемін,- дей келе, Отан сүю сезімі – халықтың келешегі үшін
аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін
ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама шарқы келгенше аянбай
еңбек етуде. Мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер
едім,–дейді.

Белгілі педагогтар А. С Макаренко мен В. А Сухомлинский ерлік пен оны
туғызатын факторлар туралы мәселелерді зерделеп, бұл олардың педагогикалық
еңбектерінің негізі болғаны белгілі. Мәселен, А. С Макаренко: Адамды ерлік
көрсетуге, мейлі, неде болсын – ұстамдылықта, ашық, тік сөз айтуда, кейбір
мұқтаждықтарда, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсетуге мүмкіндік беретін
жағдайға қоймайынша ержүрек етіп тәрбиелеу мүмкін емес, – деп
тұжырымдайды. В. А Сухомлинский: Патриоттық сезімдер мен моральдық ерік–
күш қасиеттері толғаныстар арқылы тәрбиеленеді. Отан идеясын ұғына жүріп,
сүйіспеншілік, ризашылық, шаттық, қауіп, оның бүгіні мен ертеңі үшін
қамқорлық сезімін, оның жауларымен ымырасыздық және Отан үшін өмірін беруге
даярлық сезімін бастан өткере отырып ... адам жасөспірім шағында-ақ өзін
таниды өз жетістіктерін нығайтады,—деп жазды.

Ендеше жасұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруда олардың туған
жер мен еліне сүйіспеншілігін оятудың маңызы зор. Ұрпағын өз халқының
патриоты етіп тәрбиелеу — қай халықтың болса да, тәрбиелеу жүйесінің
негізгі талаптарының бірі.

Зерттеуші- ғалым Қ. Қабдіразақұлы жас ұрпақты дәстүрлер негізінде
тәрбиелеу мәселесін педагогикалық тұрғыда зерделей отырып, дәстүрлерді
шартты түрде 5-ке бөледі. Солардың ішінде негізгі дәстүрлердің бірі деп
ұлттық жауынгерлік дәстүрді қарастырады. Жауынгерлік дәстүр Отан, туған
жер және халқы үшін, оның бостандығы мен тәуелсіздігі, салтанатты болашағы
үшін шексіз жүректілік, шамадан тыс қуаттылық және өлшеусіз ерлік жасаудың
үлгісін көрсеткен жауынгерлік күресті бейнеленген ұғым,—деп атап көрсетті.

Ғалым- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Оқу пәндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу
Оқушыларға отансүйгіштік интернационалдық тәрбие беру мәселелері
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Пәндер