Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары



КІРІСПЕ
1 Әлем елдеріндегі шиеленістердің себептері мен атқаратын қызметтері.
1.1 Шиленіс түсінігі
1.2 Шиеленістердің себептері, пайда болуы, мәні
1.3 Шиеленістердің түрлері, жіктелуі
1.4 Мемлекетаралық, аймақтық шиеленістер
1.5 Атқаратын қызметтері
2 Әлем аймақтарындағы жалпы саяси жағдай.
2.1 Таяу шығыс шиеленісі: шығу және шешу жолдары
2.2 Таяу шығыстағы ХХ ғасырдың 80.90.шы жылдарындағы әскери.саяси жағдай.
2.3 Орта Азиядағы аудандық шиеленістер алдын алу шаралары және оның даму перспективасы
2.4 Орта Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары.
2.5 Орталық Азия мемлекеттерiнiң Одағы . бұзылған бiрлiктi қалпына келтiру.
2.6 Европа елдері
2.7 Абхазия және Грузияға шиеленістердің шығуы және реттеу жолдары
3 Аймақтар мен елдердегі саяси жағдайды реттеу жолдары.
3.1 Шиеленісті шешу тәсілдері
3.2 Шиеленістерді халықаралық ұйымдардың көмегімен шешу
3.3 Халықаралық шиеленісті бейбіт түрде шешу ұғымы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар
Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз, шиеленістерсіз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ шиеленіссіз болмайды, күннен-күнге саяси шиеленістер, даулы мәселелер, жаһандық проблемалар саны арта түсуде. Осыған сәйкес бұл зерттеу жұмысының тақырыбы, алдына қойған мақсаты қазіргі таңдағы әлем бойынша, дүниежүзі үшін ең өзекті, шешімін табуы оңайға соқтырмас, яғни әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі саяси жағдай мен мәселелер, шиеленістердің пайда болуы, оны реттеу, бейбіт түрде шешімін табу жолдары болып отыр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әлемнің шиеленіс аймақтарындағы саяси және өзекті мәселелер. Яғни, кез - келген қоғам үшін тұрақтылық пен бейбітшілік негізгі мақсаттары мен құндылықтарының бірі. Сол себепті саяси тұрақтылықты реттеу, әлемдегі тыныштықты сақтау жұмыстың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
• Шиеленістердің шығу себебін, пайда болуын, мәнін анықтау;
• Әлем елдеріндегі шиеленістерді аймақтарға бөліп қарастыру;
• Шиеленістерді әр түрлі шешу жолдарын іздестіру;
Зерттеу пәні: Саяси география, геосаясат, геосаясат негіздері.
Зерттеу объектісі: Әлемдегі шиеленіс аймақтар мен елдер.
Зерттеу әдістері: салыстырмалы, болжау, статистикалық, картографиялық әдістер қолданды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: ғылыми жұмысты зерттеу барысында шиеленістердің шығу себептері, әлем елдеріндегі саяси жағдай мен мәселелер, әр аймақтар бойынша бөліп, анықтап, олардың шешу жолдары қарастырылған. Бұл зерттеу нәтижелерін, қорытындыларын, шиеленістердің бейбіт түрде шешу жолдарын толығымен пайдаланса, әлем үшін ең маңызды, өзекті мәселелер шешіліп, тұрақтылық пен тыныштықты сақтап отыруға болады.
1 Примаков Е.М. Анатомия ближневосточного конфликта.- М.: Мысль, 1978. 374 с.
2 Шарипов У.З. Персидский залив: нефть - политика и войны. - М.: Наука, 2000. 76 с.;
3 Нефтедоллары и социально-экономическое развитие стран Ближнего и Среднего Востока. – М.: Наука, 1979. 135 с.
4 Осипов А.И. США и арабские страны (70-е – начало 80-х годов). – М.: Прогресс, 1986. 94 с.
5 Тимохин П.П. Военно-силовая политика США.–М.: Воениздат, 1987. 210 c.
6 Звягельская И.Д. Конфликтная политика США на Ближнем и Среднем Востоке. – М.: Наука, 1990. 126 c.
7 Соловьев В.А. Ближневосточный жандарм. – М.: Воениздат, 1983. 64 с.
8 Мелмукян Е.С. Кувейт в 60-80-х годы.- М.: Мысль, 1991. 215 с.
9 Сафрончук В. Дипломатическая история «Бури в пустыне» // Международная жизнь. 1996. №. 10. С. 27, 30-31.
10 Медведко Л.И. Седьмая Ближневосточная война.М.: Прогресс, 1993. 83 с.
11 Кожахметов К.К. Движение солидарности и борьба арабских народов за свободу и независимость (сер.50-х-начало 80-х гг.). - Алматы: Оралман, 1999. 200 с.
12 Халыќаралыќ экономикалыќ ќатынастар. Байгісиев М. Алматы - Санат, 1998 - 192 бет..doc 1. В.А. Колосов, Н.С. Мироненко. Геополитика и политическая география. Москва 2002.
13 Кочетов Э.Г. Геоэкономика . Москва 1999.
14 Туровский Р.Ф Политическая география. М.; Смоленск 1999.
15 Алаев Э.Б. Страны, народы, и государства //Федерализм. 1997.
16 Бродель Ф. Время мира. Материальная цивилизация , экономика и капитализм XV - XVIII вв. М.,1992. Т.2
17 Драго Р. Административная наука. М. 1982.
18 Гаджиев К.С. Геосаясат: пәннің тарихы және қазіргі мазмұны // полис.-1996-N2-176.
19 Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, 26 маусым 1945 жыл.
20 Чиркин В.Е. Мемлекеттану. Оқулық.-М.: Юрист, 1999.-95 б.
21 Клименко Б.М., Порк А.А. СССР территориясы және шекарасы.-М.: Халықаралық қатынастар, 1985.-71 б.22 Клименко Б.М., Ушаков Н.А. Шекара беріктігі – халықаралық бейбітщілік шарты.- М.: Ғылым, 1975.-60 б.
23 Левин Д.Б. Халықаралық дауларды бейбіт шешу принциптеі.- М.: Ғылым, 1977.-86 б.
24 Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынас туралы 1999 ж. 6 қазандағы Декларация. // Қазақстан Республикасының халықаралық келіссөздер Бюллетені, 2000 ж. № 6.
25 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің егемендігін, территориялық тұтастығы мен шекараларының қолсұғылмайтындығын қадағалау туралы Декларация, Москва, 15 сәуір 1994 ж. // Халықаралық көпшілік құқық. Құжатта жинағы. Том 1.- М.: БЕК баспасы, 1996.- 570 б. (35-36 б.).
26 Токаев К. К. “Внешняя политика Казахстан в условиях глобализации” – Алматы 2000 ж.
27 Тоқаев Қ. К. “Беласу” Алматы 2003 ж.
28 Ғаламтор сайттары:

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Әлем елдеріндегі шиеленістердің себептері мен атқаратын қызметтері.

1.1 Шиленіс түсінігі

1.2 Шиеленістердің себептері, пайда болуы, мәні

1.3 Шиеленістердің түрлері, жіктелуі

1.4 Мемлекетаралық, аймақтық шиеленістер

1.5 Атқаратын қызметтері

2 Әлем аймақтарындағы жалпы саяси жағдай.

2.1 Таяу шығыс шиеленісі: шығу және шешу жолдары

2.2 Таяу шығыстағы ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы әскери-саяси жағдай.

2.3 Орта Азиядағы аудандық шиеленістер алдын алу шаралары және оның даму
перспективасы

2.4 Орта Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары.

2.5 Орталық Азия мемлекеттерiнiң Одағы – бұзылған бiрлiктi қалпына келтiру.

2.6 Европа елдері

2.7 Абхазия және Грузияға шиеленістердің шығуы және реттеу жолдары

3 Аймақтар мен елдердегі саяси жағдайды реттеу жолдары.

3.1 Шиеленісті шешу тәсілдері

3.2 Шиеленістерді халықаралық ұйымдардың көмегімен шешу

3.3 Халықаралық шиеленісті бейбіт түрде шешу ұғымы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Қосымшалар
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен,
қақтығыстарсыз, шиеленістерсіз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам
қатынастарына қарасақ шиеленіссіз болмайды, күннен-күнге саяси шиеленістер,
даулы мәселелер, жаһандық проблемалар саны арта түсуде. Осыған сәйкес бұл
зерттеу жұмысының тақырыбы, алдына қойған мақсаты қазіргі таңдағы әлем
бойынша, дүниежүзі үшін ең өзекті, шешімін табуы оңайға соқтырмас, яғни
әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі саяси жағдай мен мәселелер,
шиеленістердің пайда болуы, оны реттеу, бейбіт түрде шешімін табу жолдары
болып отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әлемнің шиеленіс аймақтарындағы саяси
және өзекті мәселелер. Яғни, кез - келген қоғам үшін тұрақтылық пен
бейбітшілік негізгі мақсаттары мен құндылықтарының бірі. Сол себепті саяси
тұрақтылықты реттеу, әлемдегі тыныштықты сақтау жұмыстың ең өзекті мәселесі
болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ
елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу
жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

* Шиеленістердің шығу себебін, пайда болуын, мәнін анықтау;

* Әлем елдеріндегі шиеленістерді аймақтарға бөліп қарастыру;

* Шиеленістерді әр түрлі шешу жолдарын іздестіру;

Зерттеу пәні: Саяси география, геосаясат, геосаясат негіздері.

Зерттеу объектісі: Әлемдегі шиеленіс аймақтар мен елдер.

Зерттеу әдістері: салыстырмалы, болжау, статистикалық, картографиялық
әдістер қолданды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: ғылыми жұмысты зерттеу
барысында шиеленістердің шығу себептері, әлем елдеріндегі саяси жағдай мен
мәселелер, әр аймақтар бойынша бөліп, анықтап, олардың шешу жолдары
қарастырылған. Бұл зерттеу нәтижелерін, қорытындыларын, шиеленістердің
бейбіт түрде шешу жолдарын толығымен пайдаланса, әлем үшін ең маңызды,
өзекті мәселелер шешіліп, тұрақтылық пен тыныштықты сақтап отыруға болады.

1 Әлем елдеріндегі шиеленістердің себептері мен атқаратын қызметтері.

1.1 Шиеленістер ұғымы дегеніміз не?

Шиеленіс дегеніміз - қоғамдық өмірде пайда болатын әлеуметтік
құбылыс. Шиеленіс адамның әлеуметтік жағдайының, орнының әртүрлі жақтарын
көрсетеді. Әрбір адам әлеуметтік ортаға бейімделе отырып, дербес, ерекше
бола бастайды. Орыс ойшылы И.А.Ильин адамдар арасындағы айырмашылықты айта
отырып, ешқандай қоғам осындай айырмашылықтарсыз өмір сүре алмайды дегенді
айтады. Оның айтуы бойынша қоғамда әртүрлі адам болады. Бұл адамдар өзара
келісуі де мүмкін, келіспеуі де мүмкін. Адам үшін ең маңыздысы өзі сияқты
адамдар бар қоғамға жату. Адам осындай қоғамда өмір сүріп жатқандықтан ол
басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға тиіс. Бірақ әлеуметтік қоғамның
таптарға бөлінуіне байланысты және басқа да себептерге байланысты адамдар
арасында бәсекелестік, күндестік, бақталастық, психологиялық
сыйыспайтындық, қызығушылықтарының қарама - қайшылығы пайда болады.
Қоғамда осындай жағдайлардың пайда болуы шиеленістердің пайда болуына
әкеп соғады. Адам өз өмірінде қиын жағдайларға тап болады. Адам басқа
субьектпен қарым-қатынас жасаған уақытта, адам мінезіне әсер әтетін
жағдайлар болады. Бұл қарама- қайшылық, шиеленісушілік, өшпенділік
тудырады. Шиеленіс қалыпты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуы керек.
Адам сияқты қоғам да идеалды жетілген бола алмайды. Дисгармония,
шиеленістер, қарама-қайшылықтар бұның бәрі қоғам дамуының қалыпты бөлігі.
Шиеленіс кең түрде дамыған құбылыс. Конфликтті жағдайлар қоғам өмірінің
барлық сферасында болады, ол экономика болсын, саясат болсын, мәдениет
болсын, идеология болсын.
Шиеленіс адамдар арасында қоғамдық күштер арасында қызығушылық
көзқарастардың келіспеуі жанаспауы.
Шиеленіс реттеуге болатын құбылыс.
Шиеленістердің пайда болуы мен дамуы 4 фактор мен себепке байланысты:
обьективті, ұжымдық – басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық және жеке адам
аралық. Бірінші және екінші фактор обьективті мінезді, ал үшінші және
төртінші субьективті. Шиеленістің обьективті себептері предконфликттік
жағдайға әкеп соғады. Шиеленістердің субьективті себептері оппоненттердің
жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Осы жағдайда адам мәселені
шешуге тырыспайды компромисқа бармайды. Оппонентпен сөйлесіп, пайда болған
шиеленісті шешуге ешқандай әрекет жасамайды. Керісінше қарама-қайшы әрекет
жасайды. Әрбір предконфликттік жағдайда адам не конфликттік жағдайды таңдай
алады немесе шиеленісті бейбіт түрде шеше алады. Егер шиеленіс себебінің
обьективті және субьективті жақтарын салыстырып қарайтын болсақ, келесіні
көруге болады.
Біріншіден, шиеленіс себебінің обьективті және субьективті жағы
арасындағы айырмашылық, қарама-қайшылық болады. Әрбір обьективті себеп жаңа
нақты конфликтті жағдайдың туындауына әкеп соғады. Сонымен қатар
субьективті фактор әрекетінің себебінен пайда болған шиеленіс те солай.
Екіншіден, әрбір шиеленіс тек субьективті себептерден ғана басталып
қана қоймай, обьективті себептерден де пайда болады. Әрбір тұлға аралық
шиеленісте субьективті фактор өз үлесін қосады. Егер адам шиеленіскен
жағдайда қарама-қайшы әрекет жасауға шешім қабылдамаса, шиеленіс болмайды.
Сондықтан әрбір шиеленістің обьективті-субьективті себептер комплексі
болады.
Шиеленістер әртүрлі себептерге байланысты пайда болады. Әлі де нақты
шиеленістің пайда болу себептеріне байланысты классификация жоқ. Көбінесе
шиеленістің пайда болуына себепші құбылыстар: адамдардың қызмет бабында,
материалды және рухани қызығушылықтарына байланысты, адамдар бір-бірімен
қарым-қатынас жасаған уақытта әлеуметтік қайшылықтарды шешудегі кемшілік.

1.2 Шиеленістердің себептері, пайда болуы, мәні.

Әлеуметтік шиеленістердің мәнін ашып көрсету үшін олардың басты
себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын шиеленістердің өзіндік
ерекшеліктері бар, олардың әрқайсысы басқа шиеленістерге ұқсамауы мүмкін.
Алайда шиеленістерге тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады.
Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар.
Мәселен, маркстік тұжырымдама бойынша қоғамдағы таптар арасындағы
әлеуметтік, таптық күрестің себебін еңбек пен капиталдың арасындағы
қайшылықтан іздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін
иемденудегі жеке меншіктік сипаты арасындағы бітіспейтін қайшылық
әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік теория түрлі сипаттағы қоғамдық
қайшылықтарды экономикалық себептермен түсіндіреді.
Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік
шиеленістердің басты себебі – саяси факторлар. Дәлірек айтқанда,
шиеленістер саяси билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам
өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін айта
келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қорытындаға
келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ
адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған
билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік
теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке,
материалдық игіліктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін
тудырады. Міне, сол себепті Р.Дарендорф өз теориясында меншік,
материалдарды игіліктерді бөлу мәселесіне басты назар аударады. Қоғамдық
еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық
игіліктерді әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату
мүмкін емес.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше, қоғамда белгілі
бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары
мен құқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. Әрине, әр адам
лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктер мүддеге айналады,
мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін
басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп
түсіндіреді.
Көрнекті әлеуметтанушы П.А. Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің
басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты
қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап көрсеткен.
Әлеуметтік шиеленістер сол сияқты қоғам адамдардың түрлі мәселелерге
байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құңдылық
бағыттарының кереғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты
біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта
болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті
жақтайды.
Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, өнерге, спортқа, әлеуметтік
институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құндылықтарның қарама-қарсы
болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы,
шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани
салаларда орын алады. Адамдар арасында алауыздық тудырып, әлемдік
масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологының қарама-қарсы себеп болады.
Мәселен, коммунизм мен антикомунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес
әлемдік шеңберде орын алған идеологиялық күрес. Идеологиялық алшақтық
мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға
итермелейді. Кей жағдайда адамдар арасындағы, тіпті, мемлекеттер арасындағы
даулы, шиеленісті жағдайда діни нанымдардың айырмашылығынан деп білетін
қате топшылаулар, қаңқу сөздер айтылып жүр. Ешбір дін қантөгісті, соғысты
уағыздамайды. Көбінесе ой-өрісі тар саясаткерлер, белгілі бір топтар
өздерінің жеке мақсаттары, пайдалары үшін елдің мұң-мұқтажын желеу етеді.
Арандату әрекетін іске асырады. Міне, осы жағдайды естен шығармау керек.
Кең көлемді әлеуметтік толқулардың себептерін түсіндіруде депривация
тұжырымын қолдануға болады. Депривация (lat depriuatiuo – жоғалту, айырылып
қалу) процесі – индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан
сенімдерінің, үміттерінң орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік
орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы.
Мәселен, Кеңес Одағына 1985-жылдан басталған Қайта құру шаралары халықтың
үмітін ақтамады. Сол кезде өмір сүріп тұрған саяси жүйе халықтың түрлі
топтарының талап-тілектерін қанағаттандыруға мүдделі болмады. Соның
нәтижесінде Кеңес Одағының ұлан-байтақ территориясында саяси, әлеуметтік,
ұлтаралық, экономикалық сипаттағы дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде
қысқа мерзімде Кеңес Одағы ыдырады. Біз, сонымен, әлеуметтік шиеленістердің
жалпы объективтік себептерін қарастырдық. Қоғам өмірінде кездесетін
шиеленісті, даулы жағдайлар тек объективті себептерге ғана байланысты емес.
Кей жағдайда адамдар арсындағы дау-жанжалдар сол адамдарға байланысты
субъективтік себептерден де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық
ерекшеліктері, көңіл – күйлері, талғамдары, т.с.с байланысты. Батыс
әлеуметтанушылары шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына байланысты
туындайды деген пікірде. Жеке адамдардың, топтардың, топтардың арасындағы
қақтығусылар ақпараттың жетіспеуі мен сапасыздығынан, қарым-қатынас
жасаудағы қиындақтардан да болады.
1.3 Шиеленістердің түрлері, жіктелуі:
Адамзат қоғамында шиеленістердің сан алуан түрлері кездеседі. Сол
себепті бұл құбылысты түрліше жіктеу бар. Мәселен, Р. Дарендорф
шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің
әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады. Бұл критерийлер бойынша автор
шиеліністерді жанұядағы ұрыс-таластан бастап әлемдік көлемдегі саяси
шиеленістерге дейінгі 15-ке жуық түрлерін атап көрсетеді.
Ю. Запрудский деген автор төмендегідей жіктеуді ұсынады:
1. Шиеленістердің себептеріне қарай:
а) объективті себептерден пайда болатын шиеленіс
б) субъективті себептерден пайда болатын шиеленіс
2. Қайшылықтардың сипатына қарай:
а) Антогонистік
б) Антогонистік емес
3. Уақытына қарай:
а) Ұзақ мерзімге созылатын шиеленістер
б) Қысқа мерзімді шиеленістер
4. Қоғамдағы ықпалына қарай.
а) нәтижелі шиеленістер
б) нәтижесіз шиеленістер
Автордың шиеленістерді осылайша топтастыруы жан-жақты болғанымен, оның бұл
жіктеуі күрделі және икемсіз екенін айтқанымыз жөн.
Бірқатар әдебиеттерде бұл қоғамдық құбылысты субъектілеріне қарай жіктеу
ұсынылады:
Жеке адамның өзімен өзінің келіспеуі. Яғни, бұл адамның психологиялық көңіл
күйі. Мұндай адамның белгілі бір рөлді атқарудағы қиналуынан, сол сияқты
басқа біреуге шамадан тыс тәуелді болуынан келіп шығады. Адамның мұндай
көңіл-күйде болуы басқаларға да әсерін туғызады. Өйткені кейде жекелеген
адамдар өз бастарындағы қиындықтың себебін басқалардан себебін басқалардан
деп түсінуі кездеседі.
Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер екі немесе одан да көп адамдар
арасында болады. Мұндай шиеленістер өмірде жиі кездеседі.
Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы әлеуметтік топтар арасында
орын алады.
Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын индивидтерге сырттан
қысым жасалатын кезде пайда болады.
Яғни, жоғары жақтан берілетін бұйрықтар, қабылданған ережелер әлгі топтың
мүдделеріне қарама-қайшы болатын жағдайдағы шиеленіс. Мұндай жағдайда топ
адамдары әлгі бұйрықтар мен ережелерді қолдайтын институттармен шиеленіске
түседі.
Ресей шиеленістанушысы А.Г. Здравомыслов әлеуметтік шиеленістерді
орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша, осылайша
жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті болады. Автор әлеуметтік
шиеленістерді экономикалық, саяси, ұлтаралық және шиеленістер деп жіктейді.

1. Саяси шиеленістер демократиялық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің
бұл түрі билік, ықпал, бедел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси
шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда
шиеленістер өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты
кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.
2. Ұлтаралық шиеленістер көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық
топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес
негізінде болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты
территория мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси
сипатта болуы әбден мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда болған
Желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтының тәуелсіздігі , құқықығы үшін ғана емес,
сол кездегі саяси жүйеге қарсы бағытталған қозғалыс еді.
3. Экономикалық шиеленістер жекеленген индивидтер мен әлеуметтік топтардың
өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа қажет заттардың
бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады.
Шиеленістерді басқа да жіктеудің жолдары бар. Мәселен, мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын шиеленістер деп жіктеу; және
ресурстарына қарай материалдық, рухани және әлеуметтік деп жіктеу бар.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік шиеленістерді жіктеудің жолдары сан алуан.
Шиеленістерді жіктеуде ең бастысы - оның дұрыс шешімін табуды басты мақсат
ету қажет.
Енді, әлеуметтік шиеленістердің функцияларына келсек, ғылыми әдебиеттерде
бұл құбылысқа екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау бар. Біріншісі –
шиеленісті қоғам үшін пайдалы, жағымды құбылыс деп бағалау; ал, екіншісі –
шиеленісті кері, жағымсыз құбылыс ретінде бағалау. Бірінші аталған
парадигма шиеленістің қоғам дамуындағы заңды құбылыс екендігін мойындаудан
келіп шықса, екіншісі – оны қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан
туындайды.
1.4 Мемлекетаралық, аймақтық шиеленістер:

Мемлекетаралық шиеленісте негізгі субьект болып мемлекет болып
табылады. Мемлекет аралық шиеленістер былай бөлінеді;

* Мемлекет аралық шиеленістер (екі не одан да көп
мемлекеттер арасында болады)
* ұлттық-азаттық соғыстар: антиколониальді, халықтар
соғысы, расизмге қарсы,билікке қарсы ішкі, интернационалды шиеленістер

Мемлекет аралық шиеленістің ерекшелігі:
* олардың субъектісі болып болып мемлекет немесе коалиция болып
табылады

* мемлекет аралық шиеленістердің негізі болып шиеленісуші
жақтардың ұлттық-мемлекеттік қызығушылықтарының шиеленісі

* мемлекет аралық шиеленіс мемлекет басшысының
саясатының жалғасы болып табылады

* қазіргі заманғы мемлекет аралық шиеленістер глобальді
түрде халықаралық қатынасқа әсер етеді.

* мемлекет аралық шиеленіс қатысушы мемлекеттерде және
бүкіл әлемде көптеген адамдардың жанын қияды деген қауіп
бар

Мемлекет аралық шиеленістің түрлері.

Негізінен шиеленістерді былай жіктеуге болады:шиеленіске
қатысушылардың санына қарай, масштабына қарай, қатысушылардың стратегиялық
мақсатына қарай, шиеленіс сипатына қарай. Сөйтіп шиеленісті былай бөлуге
болады:

идеология шиеленісі

әлемде саяси билікке ие болу үшін мемлекет аралық
шиеленістер

шиеленісуші жақтар өздерінің экономикалық мүддесін
қорғайтын шиеленістер

территориалдық шиеленістер

діни шиеленістер

Көптеген мемлекетаралық шиеленістер дін мәселесіне байланысты пайда
болады. Әр шиеленістің түрінің өз ерекшелігі бар. Мысалы: Территориалды
шиеленістерді алып қарайтын болсақ. Бұл негізінен территория мәселесіне
байланысты екі мемлекеттің шиеленісі. Біріншіден, бір мемлекеттің
территориясы басқа мемлекетке тиесілі болса осы мәселе төңірегінде шиеленіс
пайда болады. Мысалы: Иран мен Ирак арасындағы шиеленіс,
Ирак пен Кувейт арасындағы шиеленіс, Таяу Шығыс шиеленісі соғысқа алып
келді. Екіншіден, жаңа тәуелсіздігін алған мемлекеттің шекарасының
қалыптасуы кезінде шиеленіс пайда болуы мүмкін. Мысалы : бұрынғы Югославия,
Ресей, Грузияда осындай шиеленіс пайда болды. Мемлекетаралық шиеленістің
ерекшелігі саяси шиеленіспен тығыз байланыстылығы.

Аймақтық шиеленіс. Халықаралық негізгі мәселелердің бірі -
халықаралық және аймақтық шиеленістер болып табылады. Бұл дәлелдеген және
соңғы онжылдықтың алдында тұрған мақсаттарды тіршілікке талпыну және термо
- ядролық апаттарды болдырмауды жүзеге асыру. Кез келген қарулы қақтығыс ол
саяси шиеленістердің шектен шыққан көрінісі ретінде ғана. Оның жоғарғы
сатысы шиеленіс себебін реттеу тәсілін зертттеуі, әсіресе, оны оңай шешуге
болатын кезінде тек теориялық қана емес, сондай-ақ алып тәжірибелік
мағынасы бар.
Жалпы алғанда аймақтық шиеленіс территория мен ресурстар үшін екі
немесе одан да көп мемлекеттер арасында бәсекелестік іс-әрекет болып
табылады. Бұл іс-әрекет әр түрлі жолмен жүргізіледі. XX ғасыр адамзат
тарихында қантөгіс пен қирату жағынан ең қиыны болды. Аймақтық соғыс
дегеніміз — шектелген шиеленіс. Ол аймақтар территориясында шоғырланған,
алайда, саяси-экономикалық салдары оның шекарасынан әлдеқайда шығып кетуі
мүмкін. Осындай шиеленістерде ешқандай қатысы доқ мемлекеттер мен ұйымдар
аралысуы мүмкін.
1945-1988 жылдар аралығында 175 ірі аймақтық шиеленіс болы, ал оған
дейінгі 60 жыл ішінде 160 соғыс пен шиеленіс болған. ¥лы державалар әртүрлі
формада аймақтық шиеленістерге қатысты. Шиеленістер аймақтық қауіпсіздікке
орасан зор қауіп төндіргендіктен, олардың шешілуі көптеген аймақтық
үкіметаралық үйымдардың назарында. Шиеленістерді шешу және алдын алу
қызметі негізінен жағдайдың сипатына, даму сатысына, қауіптілік деңгейіне
байланысты болады.

1.5 Атқаратын қызметтері:

ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары
әлеуметтік шиеленістердің атқаратын қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалы
деп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) шиеленістер әлеуметтік жүйені
тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп
дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршеңдігі қамтамасыз
етіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер жағымды қызмет
атқарады.
Олар мыналар:
Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам
өміріндегі шешілуі қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар
туралы ақпарат береді. Сонымен қатар шиеленісті жағдайлар жақтың адамдары
өздерінің және қарсы жақтың мүдделеріне айқын сезінуге мүмкінділік алады.
Өзара пікір – талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі
туады.
Әлеуметтік шиеленістердің келесі біржағымды қызметі интегративтік деп
аталады. Бұл қызметтің мәні – шиеленістің пайда болуы, дамуы және оның
дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының
тығыз топтала түсумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар
үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдіктің орнауы
қамтамасыз етіледі. Бұл жерде мынандай мәселені де естен шығармау керек.
Қоғамда түрлі деңгейде болып тұратын шиеленістер адамдарды топ шеңберінде
топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық қатынастардың бұзылуына,
әлеуметтік құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі. Дәлірек айтсақ,
шиеленістердің интегративтік қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу,
әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың пайда болуына ықпал ететін де жағы бар
екендігін естен шығармауымыз керек.
Шиеленістердің динамикалық (серпінділік) деп аталатын жағымды қызметі
бар. Яғни, шиеленісті, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік
жүйенің, жалпы қоғамның сапалы, мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол
ашылады. Шиеленістер неғұрлым көлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік
процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады.
Әлеуметтік шиеленістердің жағымды жақтарымен қатар олардың кері,
жағымсыз да салдары бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Күнделікті өмірде
кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар арасында өшпенділік туғызады, тіпті
қантөгіске де ұшыратуы әбден мімкін. Сонымен қатар қоғамның тұтастығына,
бірлігіне де шек келтіреді. Ұзаққа созылған, ауқымды шиеленістер кең
көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.
Қорыта айтқанда, шиеленістердің қоғамға тигізетін жағымды ықпалымен
қатар кері де жақтары болады екен. Олардың салдарын бір жақты бағалауға
болмайды. Сол себептен кез келген шиеленістің салдарына үңілгенде, жағымды,
позитивтік жағы басым немесе жағымсыз, негативтік жағы басым деп бағалау
орынды.

2 Әлем аймақтарындағы жалпы саяси жағдай.

2.1 Таяу шығыс шиеленісі: шығу және шешу жолдары

Әлемдегі шиеленістердің ішіндегі ұзаққа созылғаны Таяу Шығыс
мәселесі еді. Таяу Шығыс мәселесінің шығу себебі және тарихы 40 - жылдарға
сәйкес келеді. Негізінен Израиль мен Палестина аймақтарын Құдіретті жер деп
санайды. Бұл 3 түрлі дін, яғни мұсылман, християн, индуизм кең тараған.
Таяу Шығыс мәселесінің негізгі себебі Палестиндік арабтар мен еврейлер
арасындағы шекара мәселесі . Бірақта ертеректе арабтар мен еврейлер тату –
тәтті өмір сүрген , бірақ мұсылман діні басты күшке айналған кезде көптеген
еврейлер Палестинадан кетіп, Таяу Шығыста Солтүстік Африка мен Европа
жерлеріне қоныстанды. Өздерінің отанында жергілікті халықпен қуғындалды.
Сонымен 19-ғасырда осы еврейлер Палестина жеріне өз мемлекеттерін
орнатпақ ойларымен Қасиетті жерге келе бастады.
19 жылы Палестинадағы санақ бойынша 90 мың еврейлер қоныстанғаны
анықталды. Бірақ бірінші, әсіресе екінші дүние жүзілік соғыстан кейін бұл
жағдайлар өзгерді.
1948 жылы 14 мамырда бүкіл әлемдегі еврейлер үшін ұмытылмас күн
болды. 2000 жыл өткеннен кейін еврейлердің тіпті барлығы Палестинаға
жақсылап орналасты. Міне, осы кезден бастап арабтар мен еврейлер арасында
әскери қарсылықтар пайда болды. 1948 жылы БҰҰ-ның жоспарында емес Израйль
Батыс Палестинаның шекарасының 50 пайызын, яғни төрт есе көп жерге өз
бақылауын орнатты. Жүз мыңдаған Палестиндық арабтар Ливанға, Иордан
өзенінің жағалауына қашып, қашқындарға арналған лагерлерде қоныстанды.
Кесте 1
Таяу Шығыс елдеріндегі атаулы күндер:

1967 жылы Алты күндік соғыс болды, яғни бұл соғыс бір жағынан Таяу Шығыс пен
5-10 маусым Израйль арасында, екінші жағынан Египетпен ,Сириямен, Иордания , Ирак және Алжир елдері
арасында болды.
1979 жыл Египеттің Кэмп-Дэвид жерінде Израйльмен Бейбітшілік конференциясы болды.
1987 жыл Палестинаны Азат ету Ұйымы азаматтық бас имеушілік компаниясының құрылуына себеп болды.
1988 жыл Батыс жағалауда Палестина мемлекеттінің құрылуын жариялады.
1991 жыл Мадридтік конференция. Израйль Палестинаны Азат ету Ұйымының қатал бағытынан бас тартты.
1993 жыл 1993 жылы - Израйль мен Палестина өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады. Нәтижесінде
Палестина автономия статусына ие болды.
2006-2007 жыл Елде дағдарыс. Ливан мен Израйль арасында шиеленіс.

Дерек көзі: ғаламтор сайттары
Таяу Шығыс жанжалының бейбіт жолмен шешілуі және онда тұрақты ахуалдың
орнау нәтижесінде сол өңірдегі елдермен түрлі салада өзара тиімді қарым –
қатынастар дамыту Қазақстанның ұлттық мүддесіне жауап береді. Жол
картасының іске асуын қошеметпен қарсы алып, біздің ел барлық халықаралық
шиеленістер дипломатиялық жолмен шешілуі керек деген айнымас ұстанымын
білдірді.
Қазақстан, Ресей, ТМД елдері Таяу Шығыс шиеленісін әділ реттеуге
бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне сәйкес төмендегі
принциптерді ұстанды:
1) Бөтен жерлерді агрессия арқылы басып алуға жол бермеу принципі
қатал түрде сақталуы қажет;
2) Палестина халқы өз тәуелсіз мемлекетін құруға құқылы;
3) Иерусалимнің Шығыс бөлігі арабтарға қайтарылып, ол Палестина
мемлекетінің бір бөлігі болуы қажет;
4) Аймақтағы барлық мемлекеттердің бейбіт, тәуелсіз өмір сүруіне
құқы бар;
5) Израиль оккукпациялаған араб жерлерінен әскерін шығаруы керек.
Ұлттық қауіпсіздік, сондай – ақ халықаралық және аймақтық тұрақтылық
тұрғысынан қарағанда, Таяу Шығыс шиеленісінің бейбіт реттеу үрдісінің
тұйыққа тірелуі, Норвегия келісімдеріндегі қол жеткізілген уағдаластықтар
нәтижеге жетпеуі еліміздің алаңдатушылығын туғызуда. Осы ретте аймақта
әділетті және тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған халықаралық
күштердің (БҰҰ, ЕО, АҚШ және Ресей) іс - әрекеттерін қолдайды.

Әлем халықтарының көңiл-күйiн әлек - шәлек етiп отырған Таяу
Шығыстағы ахуал күн санап ушыға түсуде. Иерусалим әскери операциясын
тоқтатар емес. Иордан өзенiнiң батыс жағалауы қан сасып, құрбандардың
қатары көбею үстiне көбеюде. Ал халықаралық ұйымдар израиль - палестина
жанжалын шешуге қауқарсыз болып шықты.

Израиль билiгi халықаралық ақпарат құралдарына бiз судан таза, сүттен
ақпыз, бiз тек қана қорғандық деумен ақталып бағуда. Осындай мазмұндағы
мәлiмдеме Израиль тарапынан 1967 жылдан берi жалғасып келедi. Соңғы
ақпараттарға қарағанда, Газа секторындағы бейбiт тұрғындардың 850-ден
астамы қырылыпты. Оның жартысын балалар, әйелдер мен қарттар құрайды екен.
Ал ауырлы - жеңiлдi жарақат алған палестиндiктердiң саны 4 мыңға жеткен.
Израиль премьерi Эхуд Ольмерттiң мәлiмдеуiнше, Иерусалим осылайша (қанқұйлы
әрекетпен) мақсатына жетедi-мыс.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун тараптарды ымыраға шақыруда. Бас хатшы
бүгiнде Таяу Шығыста iссапармен жүр. Пан Ги Мунның айтуынша, келiсiмге
келмей, жанжалдасып жатқан елдер БҰҰ қабылдаған қарарды белден басып
отырған көрiнедi. Қаңтардың 20-сында АҚШ-тың жаңа президентi Барак Обаманы
ұлықтау рәсiмi өтедi. Оған қатысқалы отырған БҰҰ бас хатшысы Обамаға
израиль-палестина мәселесiн бейбiт жолмен реттеуге көңiл бөлу керектiгiн
жеткiземiн деп отыр.

Таяуда БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесi Израиль мен палестиналық Хамас қозғалысы
арасындағы әскери операцияларды тоқтатуды күн құрғатпай шешу туралы қарар
қабылдады. Бұл құжатта әскери iс-қимылдар тез арада және ешқандай шартсыз
тоқталуы керектiгi, израиль әскерi Газа секторынан шығарылып,
палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшiн шекараның ашылу тиiстiгi
айтылған.

Халықаралық баспасөзге назар салсақ, британдық Observer апталық басылымның
жазуынша, Израиль әлемдiк қауымдастық алдында әскерлерiн дiн-аман етiп
көрсеткiсi келедi екен.

Әуелде Израиль әскерилерi төрт палестиналықтың түбiне жеттi. Ал
палестиналықтар бұған бар-жоғы жауап қайтарды. Бұл жағдай АҚШ-тағы
президент сайлауы кезiнде болды. Ал әлем сол кезде бұған назар аудармады.

Сауысқаннан сақ Обама Таяу Шығысты әлiптiң артын бағуға мәжбүрлейдi.
Осындай тақырыппен мақала басқан тағы бiр британдық Sunday Times газетi осы
күнге дейiн Барак Обаманың Таяу Шығыстағы шиеленiскен мәселеге қатысты
мәлiмдеме жасамай отырғанын айтады. Немiс газетi Sueddeutsche Zeitung те
осындай мағынадағы мақала жариялапты. Онда: Газа отқа оранып отыр. Күн
сайынғы израильдiк бомбалар адам шығындап жатыр. Ал АҚШ-тың таңдаулы
президентi Барак Обама болса үнсiз, тiс жармай отыр. Ол халықаралық аренада
көрiнiп қалудан қашқақтай бастады. Президент менiң бұған өкiлеттiгiм
жетпейдi дейтiн шығар, бәлкiм. Қаңтардың 20-сында президент тағына
отыратын Обама кеңесшiлерiмен келiсе келе осындай шешiмге келген сияқты, –
делiнген. Халықаралық сарапшылардың бәзбiрi Палестинадағы қасiреттi
Израильге жаңа билiктiң келуiмен байланыстырады. Бұл – Иерусалимнiң
иттiгi, Палестинаға жасаған агрессиясы дейтiндер де жоқ емес. Ал
Қазақстанның бұл мәселеде саяси ұстанымы айқын: тараптарды саяси диалогқа
шақырып, ымыраласуды ұсынып отыр. Бұл – Израильдiң Палестинаға жасаған
ашықтан-ашық агрессиясы.

1945 жылғы Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн БҰҰ шешiмiне сәйкес,
Таяу Шығыста екi мемлекет құрылу керек болды. Бiреуi – Израиль, екiншiсi –
Палестина Араб мемлекетi. Алайда сол кездегi саяси конъюнктураға байланысты
Израиль мемлекетi құрылды да, Палестина құрылмай қалды. Оның бiрнеше себебi
бар. Оның басты себебi территориялық жанжал деуге болады. Екi елдiң жерге,
Иордан өзенiнiң батыс жағалуына таласы талайға созылды. Иерусалимнiң
құқықтық статусы да арабтар мен еврейлердiң арасындағы күрестi ушықтырып
жiбердi. 1970 жылы саясат сахнасына Ясир Арафат шыққанда, сол кездерде
Палестинада үлкен қозғалыс пайда болды. Халықты азат ету мәселесiн көтерген
бұл ұйым еврейлерге интифада жариялады. Қазiргi соғыстың эволюциясы осыдан
басталған-тын. Ал жаңа жылдың алдында басталған соғыс қимылдары –
Израильдiң Палестинаға жасаған ашықтан-ашық агрессиясы. Өйткенi, еврейлер
Хамасты лаңкестiк ұйымға балап, соны желеулетiп үлкен шеңберде агрессия
жасап жатыр. Бейбiт тұрғындар, мұсылмандар қырылып жатыр. Еврейлер
террорлық ұйым деп сылтауратқан Хамас – асылында, саяси партия, саяси
күш.

Бұл қақтығысқа барлық мемлекет қатысып отыр. АҚШ, Еуропалық Одақ,
Ресей. Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгiнiң соңғы мәлiмдемесiнде жанжалды
тез арада шешу керектiгi айтылды. Ресми Астана тараптарды саяси диалогқа
шақырып, бiтiмге келудi талап ететiнiн жеткiздi. Бұл Қазақстанның
Палестинаны қолдап отыр дегенiн көрсетедi. Қазiр Израиль Газа секторындағы
әскери операцияларын күшейтiп тастады. Қазаға ұшырағандар 900-ге жуықтап
қалыпты деген деректер де бар. Соғыстың алғашқы кезеңдерiнде Израиль
Палестинаға гуманитарлық көмек көрсетпей қойды. Барлық жолды бекiттi.
Әлемдiк қауымдастықтың қысымынан кейiн ғана Иерусалим дәлiз ашуға мәжбүр
болды.

Мұнда бiздiң елдiң саяси рөлi үлкен маңызға ие. Себебi, Израиль мен
Палестина мемлекеттерi Қазақстанның бастамасымен құрылған Азиядағы
континенталды қауiпсiздiк жүйесiне мүше.

Ясир Арафаттың уағында пайда болған Палестина автонмиясын қазiр әлем
мойындайды. Бiз де мойындаймыз. Сондықтан Израиль тәуелсiз мемлекеттiң,
яғни, Палестинаның шекарасын ашық бұзуда.

Бұл соғыста Еуроодақтың да мүддесi бар. Өйткенi, оның энергетикалық көздерi
осы Таяу Шығыста шоғырланған. Демек, Таяу Шығыстағы тынышсыздық ЕО-ға да
тиiмсiз.

2.2 Таяу шығыстағы ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы әскери-саяси
жағдай.

1990-шы жылдардағы Таяу Шығыстағы саяси жағдайдың асқынуы жайындағы
мәселелер мен Парсы шығанағындағы АҚШ пен НАТО әскери қатысының
белсенділендірілуі, сонымен қатар Кувейтке қарсы Ирак басқыншылығы мен
Шөлдегі дауыл әскери операциясы қарастырылады. 
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында бұл аймақтағы мемлекеттердің саяси өмірі
Ауғанстан Демократиялық Республикасының құрылуына байланысты өз шешімін
таппаған ауған проблемасы мәселесімен және радикалды Иран Ислам
Республикасының пайда болу факторына қатысты орын алған оқиғалармен тығыз
байланысты болды. Сондықтан олар өздерінің ішкі аймақтық саясаттарын
жүргізгенде Ауғанстан мен Иранға өздерінің сыртқы саяси және ішкі
әлеуметтік мүдделеріне маңыздылығы тұрғысынан ерекше назар аударып отырды.
Жалпы Таяу Шығыс аймағындағы, атап айтқанда Парсы шығанағындағы
халықаралық қатынастар көрсетілген онжылдық ішінде едәуір асқынған күйде
болып, олар кейде соқтығыстар мен ірі мемлекетаралық қарулы шиеленістерге
дейін алып келді. Мысырдың оқшаулануы мен араб әлемінің кері ықпалдастығы
Израильге арабтарға қатысты өз ұстанымдарын қаталдату әдісімен күштердің
аймақтық балансын өз пайдасына өзгертуге мүмкіндік берді. Осылайша, 1978-ші
және 1980-ші жылдары Израиль Ливанға баса көктеп кіруді бастап, 1980-ші
жылы Шығыс Иерусалимді аннексиялайды да, 1981-ші жылы Ирактың ядролық сынақ
орталығын, ал 1986-шы жылы Тунистегі ПАЕҰ-ның штаб-квартирасын бомбалайды.
Шығанақ аймағында екі негізгі саяси ағым бір-біріне тікелей қарсы
тұрды. Бір жақта - Иран, екінші жақта - Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт тұрды.
Аймақтың басқа елдері де әртүрлі дәрежеде Шығанақтың халықаралық саяси
әрекетіне қатысып отырды.
Билеуші күштердің сыртқы саяси бағдардағы көзқарастары бойынша Парсы
шығанағындағы мемлекеттер олардың барлық этникалық, әлеуметтік және
жағрафиялық ерекшеліктері бойынша батысшылдық және батысқа қарсы тәртіптегі
мемлекеттер болып екі топқа бөлінді.
80-ші жылдары Парсы шығанағы аймағындағы қарама-қайшылықтар мейлінше
шиеленісті. Олар: иран-ирак соғысы, Иран Ислам Республикасы мен Сауд
Арабиясы арасындағы саяси қарама-қайшылықтар, Ирак пен Иран арасындағы
соғысқа еніп кетуден өзін аулақ ұстау мақсатындағы Кувейттің әмірші
әулетінің қарулы әрекеттері және Шығанаққа АҚШ және басқа да НАТО-ға мүше
елдердің әскери теңіз күштерінің күшейтілген эскадрасының енгізілуі, т.б.
Алайда кейін уақыт өтісімен де бұл мемлекетаралық қайшылықтар жойылған жоқ,
олар қарама-қайшылықтың басқа сатысына енді. Мұндай мемлекетаралық
қақтығыстардың кең ауқымдылығы мен ұзаққа созылуының маңызды демеуі болып
мұнай долларының факторы қала берді.
Парсы шығанағындағы бұл экономикалық және саяси өмірдің өзгешелігі саласына
егжей-тегжейлі тоқтағанымыз жөн сияқты. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында
жергілікті мемлекеттердің мұнай табысындағы рөлі бәсеңдеп кетті. Бірақ осы
елдердің қазыналарындағы валюта қорымен, сонымен қатар шетелдік финанстық
мекемелер мен компаниялардың ірі есеп шоттарымен оның орны толып отырды.
1986-шы жылғы Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері елдерінің Достастығына
мүше елдердің валюталық қоры (шет елдердегі қаржы салымдары қоса) 205
миллиард долларды, соның ішінде Кувейт – 86 миллиард, Сауд Арабиясын - 80
миллиард, Қатар – 12 миллиард, Оман – 3 миллиард және Бахрейн – 2
миллиардқа жуық долларды құрады.
          ХХ ғасырдың 80-ші жылдары иран-ирак соғысына, оған байланысты
туындаған әскери сауда-саттық және көліктік сипаттағы ауыртпалықтарға
қарамастан, Шығанақтағы елдерде (Ирактан басқа) іштей және сырттай
мемлекеттік қарыздардың деңгейі айтарлықтай төмен болды.
1990-шы жылдардың бас кезінде Иракпен қатынастар шиеленісе түсті. Шілде
айынан бастап Ирак президенті Саддам Хусейн Кувейтті ОПЕК-тің мұнай
өндірісінің квоталары жөніндегі келісім-шарттарын бұзғандығымен, Ирак
территориясының бөлігін басып алғандығымен және империализм мен сионизмге
дем беруші ретінде айыптай бастады.
Сағат түнгі 2 болатын (1990-шы жылдың 1-ші тамызынан 2-сіне қарағанда),
кенет 120 мыңдық ирактық әскери бөлімдер Кувейтке қарай ауқым майдандық
шапқыншылық бастады. Соққының басты бағдары ел астанасы Әл-Кувейтке
бағытталған болып, оған Басраны Кувейт астанасымен байланыстырып жатқан
қазіргі заманғы автострада жолы алып баратын. Бұл жолды ирактықтар соғыс
барысында бекіністерді алу мақсатымен соққылау үшін пайдаланды. Алға
жетелеушілер қатарын Республикалық гвардияның таңдаулы танк бөлімдері
құрады. Екінші эшелон болып артиллерия мен мотопехота жүрді, ілгері өрлеу
тез де ешбір тосқауылсыз болды, себебі астанадан солтүстікке қарай ешбір
кувейттік әскери бөлімдердің болмауы бұған өз септігін тигізді. Таңғы сағат
беске таяу ирактықтар астанаға жақындап, түске таяу әскери авиация және тік
ұшақтардың көмегімен оны толық түрде басып алды. Ал сағат екіге таяғанда
барлық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын, теледидар және
радиорталықтарды, телефон желісі, әуе жай, теңіз порты және басқа да
маңызды нысандарды ирактық әскерлер басып алды.
Ирактың 1990-шы жылғы 2-ші тамыздағы, бар болғаны бір күннің ішінде,
соншалықты үлкен де емес және іс-жүзінде қорғаныссыз дерлік Кувейтті басып
алуы әлемде тарс жарылған бомба тәріздес елес туғызды. Өз басқыншылығы
жағынан теңдесі жоқ бұл іске әлемдік қауымдастықтың реакциясын ашу
кернеушілікпен қатар қауіп-қатермен де сипаттауға болады. Бұл іс ұзақ
жылдар бойы қалыптасқан халықаралық құқықтық тәртіптің негізін үзген қырғи-
қабақ соғыстың бәсеңдеуі нәтижесінде бұрыңғыдан қалған қатпар арасынан
ілгері жылжи бастаған мемлекеттер мен халықтардың тілдесу практикасындағы
жаңашылдықтың жаңадан көктеген бүршіктерін тұншықтырумен қорқытқан
басқыншылық деуге болады.
Ирак 1990-шы жылдың 2-ші тамызында Кувейтке баса көктеп енген кезде, Кувейт
әміршісі мен оның жанұясы басын сауғалап қашып кетіп, елде қуыршақ
әкімшілік құрылады да, Кувейт Ирактың 19-шы провинциясы болып жарияланды.
Ел аяусыз тонаушылыққа ұшырады. Мұның салдары болып Саддам Хусейннің шексіз
шамданушылығы мен сараңдығы саналды. Ол өз армиясын Иранмен соғыстан кейін
алынған несиеге нығайтып алғанмен, алайда бұдан кейін несие берушілер оған
қаржы беруді тоқтатты. Ол 80-ші жылдары шамамен 100 миллиард долларды
соғысқа жұмсап, қаруды негізгі түрде БҰҰ-ның қарары бойынша Ирак пен Иранға
әскери материалдарды қамтамасыз етуге тыйым салынған елдерден сатып алды.
Кувейттің байлықтары орасан зор болатын. Саддам Хусейн есесіне
қаражатқа өте тапшы болып, Кувейтті басып алу оның барлық проблемаларын
шешеді деп болжады. Өзінің қаражаттық жағдайын тұрақтандыру мақсатымен Ирак
басшылығы бай мұнай өндіруші елдерді кедей елдерге қарсы қою идеологиялық
тактикасына жүгініп, мұнайдан түскен табысты әділетті түрде бөлу
қажеттілігі жайлы тезис шығарды. Бағдад Парсы шығанағындағы араб
мемлекеттерінен мұнай саясатын өзінің пайдасына өзгертуді талап етті: яғни,
мұнай экспорты бойынша ОПЕК-тегі оның үлесін көбейту және мұнайға бағаны
көтеру. Мұнымен бір мезгілде Ирак Кувейтпен шиеленісті жағдай тудыруды
жайлап ойластыра бастады. Айта кететіні, ирактық ұстаным араб тұрғындарының
көпшілік бөлігінің көз қарастарына жауап бере білді, бұл әсіресе,
әлеуметтік тұрғыда бөлінушілік өте қатты сезілген және мұсылман
фундаменталистерінің ұстанымдары нығайып жатырған елдерде (Алжир, Йемен,
Судан, Тунис және т.б.) байқалды.
Кувейтті аннексиялап, Саддам Хусейн стратегиялық бағытта үлкен жеңіліске
ұшырады, ал бұл өз кезегінде, Парсы шығанағы аймағындағы Ирактың әскери
және саяси үстемдігіне деген үміттерін орындалмас етті. Кувейтке қарсы
әскери операциясын бастай отырып, ирак басшылығы жуық арадағы Ирак
тарихының оқиғаларын: 60-шы жылдардағы кең түрде жарияланған Ирактың
Кувейтке (бұрын Осман империясының Басра уәләятының құрамдас бөлігі
ретіндегі тарихи талаптарын мүлде назарға алмады. Бұл жайлы шексіз билеуші
Әбд әл-Кәрим Қасым Кувейттің тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін (1961-ші
жылдың 19-шы шілдесі) мәлімдеп, олар Ирактың бірқатар мемлекеттермен, ең
алдымен, Ұлыбритания және АҚШ-пен қатынастарының дереу асқынуына алып
келіп, қасымдыққа қарсы бағыттағы әртүрлі саяси күштердің кең майданын
қалыптастырудағы себептердің бірі болды. Бұл майдан армияның қолдауын
пайдалана отырып, әйгілі болғандай, 14-ші рамадан деп аталған (ресми
ирактық терминология бойынша) революцияның барысында Қасымды орнынан
түсірді. Мұндағы оғаш болып көрінетіні, қасымдыққа қарсы бой көтерудің
жетекші күші - 13 жылдан кейін барып қана сөз жүзінен іске қарай көшкен
БААС партиясы болды. Егер Қасым Кувейтті қорқытып қана қойып, оны
мойындаған елдермен дипломатиялық қатынастарды үзсе (бұған байланысты
кеңестік - кувейттік дипломатиялық қатынастардың орнатылуы, шамамен 2
жылдай уақытқа артқа шегеріліп қалды), ал Саддам Хусейн Кувейт бойынша
операциясын жылдам да табысты өткізді.
Дегенмен, жалпы алғанда Саддамның пайымдаулары қателік еді, себебі:
бүкіл әлемдік қауымдастықтың мемлекеттері, араб елдерінің басым көпшілігі,
тіпті Иракты Иранмен соғысы барысында белсенді түрде қолдаған елдер де
(Мысыр, Сауд Арабиясы) Ирактың бұл ісін бүркелмеген, арандатылмаған ашық
түрдегі басқыншылық ретінде бағалап, оны әлемге және Парсы шығанағы
аймағының тұрақтылығына төндірілген елеулі қауіп деп айыптап, Иракты
жазалау бойынша әрекеттерге қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Ирак
басшылығының негізгі қателігі Парсы шығанағы аймағындағы мұнай өндіруші
монархияларды әскери-саяси түрде өзіне баулу бойынша, бұл аймақтағы өзінің
әскери қатысы мен бақылауын нығайту бойынша НАТО елдерінің, солардың
ішінде, ең бірінші АҚШ-тың батыл әрекеттеріне құлақ аспағандығында болды.
Әйгілісі сол, Парсы шығанағы аймағындағы Батыстың саясатында екі үдеріс бір-
бірімен шырмалып жатты: бұл, бір жағынан, тікелей әскери күшті тақай отырып
үстемдікті ашық түрде пайдалану немесе ұнамсыз режимдерге қарсы қатерді
қолдану, ал екінші жағынан, кіші-гірім бүркемеленген, келесідей
факторларға: шаруашылықтың қаражаттық-экономикалық тәуелділігі, аймақ пен
Батыстың билеуші орталары мүдделерінің таптық-идеологиялық жақындастығы,
сырттай қауіп-қатер бола қалған жағдайда өз одақтастарына міндетті түрде
әскери-саяси қолдау көрсетуді Батыстың жарнамалауы сияқтыларға
негізделген. Кувейтті басып алу Батыстың да, сонымен қатар Кеңестер
Одағының да Иракпен қарым-қатынастарын тікелей өзгертіп жіберді. Иранға
қарсы соғысы кезінде Иракты жан-жақты қолдап отырған араб үкіметтері
Кувейтке қарсы Саддам Хусейннің басқыншылығына өз наразылықтарын білдірді.
Олар оның араб әлеміндегі жетекшілік пен үстемдікке деген талаптарынан
үрейленді.
Алтыншы тамызда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі 13 мақұлдаған және 2 қалыс
қалған дауыспен (Йемен және Куба) Иракқа қарсы экономикалық санкция
енгізетін №661 қарарды қабылдады. Қарардың жобасы Кеңестің он мүшесімен
ұсынылған болатын. Қарар Ирак және Кувейтпен экспорттық-импорттық
әрекеттердің кез келген түріне, олармен барлық қаражаттық байланыстарға
және теңіз транспорттық тасымалдарға тыйым салды. Барлық мемлекеттердің
санкция тәртібін сақтауы үшін аталған қарарды орындау барысы жайлы және
оған қажетті мағлұматты сұрау ететін оның барлық мүшелерінің құрамында
Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті құрылды. Аталмыш қарар барлық мемлекеттерді
Кувейттің заңды үкіметінің салымдарын қорғау бойынша шаралар атқаруға және
басқыншы держава орнатқан ешқандай режимді мойындамауға шақырды. Көп ұзамай
Иракқа қарсы мәжбүрлі санкция енгізілгеннен кейін, оларды күш қолданбай,
ережелерді қатаң сақтауға мәжбүрлеу қиынға соғады.
19-шы тамызда АҚШ үкіметі американдық әскери теңіз флотының құрамына
Парсы шығанағы мен Оман шығанағындағы және Қызыл теңіздегі Иракқа немесе
Ақабаға бара жатқан барлық кемелерді ұстап алуға нұсқау береді. Келесі күні
Иракқа қарсы санкцияны қамтамасыз ету үшін күш қолдануға рұқсат ететін
қарардың жобасы бойынша Пикеринг консультацияларды бастады. Йеменнің ұдайы
өкілі болған әл-Әштәл бұл қарарды Қауіпсіздік Кеңесіне Йеменнің үкіметі
санкцияны сақтау бойынша шараларды өзі қолданады деп сенімдеме бере отырып,
аталған қарарды жауып тастауға тырысты. Іс жүзіне келгенде, мұның мәнісі -
йемендік өкімет ирактық мұнаймен Аденге бара жатқан танкерлерді тоқтатып,
қайтару жайлы өздеріне міндеттеме алды дегенді ұғындырды. Бірақ бұл
сенімдемелер Пикерингті қанағаттандырған жоқ, сөйтіп ол күш қолдану жайлы
жобаның үстінен жұмыс жасауды одан әрі жалғастырды.
Шөлдегі дауыл операциясы 1991-ші жылғы 17-ші қаңтардан 28-ші ақпанға
дейін созылды. АҚШ пен оның одақтастары ирактық әскери әуе күштерінің
елеулі бөлігін қатардан шығарып, зымыранға қарсы қондырғыларды жойды. Ирак
армиясы бронетанктік әскерлердің берген соққы шабуылынан және жаяу әскердің
қарсы алдынан жасалған шабуылдарынан ойсырата қирады. Оңтүстік Иракты
одақтастардың әскерлері өз қолдарына алған еді. Кувейт азат етілді. Айта
кететіні, одақтастардың әскери шығыны 1000 адамды құраса, ал Ирак қаза
болғандар және жарақаттанғандары бар, шамамен 100 мыңдай адамын жоғалтты.
65 мыңға жуық ирактық тұтқынға түсті.
Соғыстың аяғына қарай жалпы сомасы 600 млн. доллар көлемінде 200-ге жуық
келісім-шарттарға қол қойылды. Бұның басым көпшілік бөлігі, Кувейтті
басқарушы ас-Сабах әулетінің уәде еткеніндей американдықтарға тиісті. 1991-
ші жылғы мамыр айындағы мағлұматтар бойынша АҚШ фирмалары қайта қалпына
келтіру жұмыстары бойынша 951 келісім-шарт ішінен 500-ден астамын алды,
сұраныстардың 20%-ын ағылшындар, ал 10%-ын француздар мен сауд фирмалары
алды. Ирак соғыста жеңілгеннен кейін, елдің солтүстігінде күрдтер, ал
оңтүстігінде – Иран қолдаған шиіттер бас көтерді, бірақ бұл екі көтеріліс
те С. Хусейннің әскерлерімен өте қатал түрде басылды. Кувейт дағдарысы
осылайша аяқталуына жетті. Жалпы алғанда ол жеті айдай уақытқа созылып,
оның ішінде бірінші бес жарым айы Бағдадты көндіруге кетсе, ал қалған бір
жарым айы – ең басында-ақ істелуі міндетті нәрсеге, яғни Кувейттен
ирактықтарды күшпен кетіруге мәжбүрлеуге кетті.
  Шөлдегі дауыл операциясының жердегі жүргізілген уақыты дәл 100
сағат жалғасты. Ол бұған екі тәулікті қоса уақытқа мөлшерленген болатын,
бірақ оның қажеті болған жоқ. 1991-ші жылдың қаңтар айында АҚШ әскерлеріне
Иракқа қарсы әскери қимылдарды бастауға бұйрық беріп, Буш өз шешімінің
моральдық негізін дәлелдемек болды. Буштың С.Хусейнге қарсы күш қолдануы
қажет болған айғақтамаларында ең басынан-ақ моральдық және діни себептерге
нұсқаулар орын алған болатын. Президентке жақын жүрген адамдардың айтуынша
Буш күш қолдануға негізделген, қайғылы болса да, бірақ моральды тұрғыдан
ақталатын қажеттіліктен туған әділетті соғыстың классикалық доктрина
жолын ұстанушы болды. 1990-шы жылдың 2-ші тамызы мен 1991-ші жылдың 28-ші
ақпаны арасында шығанақтағы орын алған оқиғалар қалыптасқан жағдайлардың
жиынтығынан тұрады. Бір қатар мамандар дағдарыста табысқа қол жеткізген
мынадай бес жағдайды атайды: американдық жетекшілік; американдық-кеңестік
ынтымақтастық; американдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Ресей - Грузия қатынасы
Пәндер