Бюджеттің экономикалық маңызы және оның кірістері мен шығыстары



Кіріспе 3
I. БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ 5
1.1 Республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы 5
1.2 Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылымы 10
ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ЖІКТЕУ ЖӘНЕ 2007 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ 17
2.1 Республикалық бюджет түсімдері мен шығыстарын жіктеу 17
2.2 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістері бойынша талдау 23
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНЕ
ЖЕТІЛДІРУ 27
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36
Егемендік жылдары Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқа тастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде республикалық бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын «Егемендік жағдайындағы республикалық бюджет» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі республикалық бюджет елдің орталықтандырылған қаржыларының негізін құрай отырып, барлық шаруашылық қызметті және қоғамдық қатынастарды жүргізіп және қолдап отыратын бірден бір қаржы құрылымы болып табылады. Республикалық бюджеттің дамуы жыл сайынғы бюджеттік бағдарламалар мен заңдар арқылы белгіленіп, дамып отырады. Республикалық бюджет кірістері мен шығыстары құрамы арқылы қоғамда мемлекеттің іс-шаралары орын алып, қызметтері атқарылады.
1. Қазақстан Республикасының Заңы «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы».
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N548)
3. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
4. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
5. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
6. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.–527с.
7. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2000. – 154 бет.
8. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
9. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
10. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
11. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
12. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2006г. 12-17стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
3

I. БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ
5

1. Республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы
5

2. Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылымы
10

ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ЖІКТЕУ ЖӘНЕ 2007
ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ
17

2.1 Республикалық бюджет түсімдері мен шығыстарын жіктеу
17

2.2 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің
кірістері бойынша талдау
23

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНЕ
ЖЕТІЛДІРУ
27

Қорытынды
34

Қолданылған әдебиеттер тізімі
36

КІРІСПЕ

Егемендік жылдары Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық
жылдарды артқа тастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау
шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру
шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып
табылады. Бұл саясат өз кезегінде республикалық бюджеттің негізінде, оның
жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып
табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін
жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші
аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын Егемендік
жағдайындағы республикалық бюджет деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі республикалық бюджет елдің
орталықтандырылған қаржыларының негізін құрай отырып, барлық шаруашылық
қызметті және қоғамдық қатынастарды жүргізіп және қолдап отыратын бірден
бір қаржы құрылымы болып табылады. Республикалық бюджеттің дамуы жыл
сайынғы бюджеттік бағдарламалар мен заңдар арқылы белгіленіп, дамып
отырады. Республикалық бюджет кірістері мен шығыстары құрамы арқылы қоғамда
мемлекеттің іс-шаралары орын алып, қызметтері атқарылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме: қаржы саласындағы
республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну,
бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау, республикалық бюджетті
кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын, олардың жіктелуін талдау
және осылардың негізінде 2006-2007 жылдарды мысалға ала отырып бюджеттің
кірістері мен шығыстарын салыстыра талдау болып табылады.

І БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ

1. Республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
республикалық бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде республикалық бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде республикалық бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі республикалық
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде республикалық бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
• Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
• Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан республикалық бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
• Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Республикалық бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару
апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын
белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы
элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары,
оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары
бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Қазақстан Республикасында республикалық бюджетіне мынадай деңгейдегi
бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
• аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және
орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және
облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетi болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар
қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.

Сурет-1 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен
анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік
нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті
құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда республикалық бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетке шоғырланған. Оны келесі 1-ші суреттен көре аламыз.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді
жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын
қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың
бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.

1.2 Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын республикалық бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар немесе оларға барабар
төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасы республикалық бюджеті
кірістерінің құрамы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай
бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер:
• салықтық түсiмдер;
• салықтық емес түсiмдер;
• негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
• ресми трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттiк кредит беру:
• бюджеттiк кредиттер;
• бюджеттiк кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
• қаржы активтерiн сатып алу;
• мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
• қарыздар түсiмi;
• қарыздарды өтеу;
• бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджет кiрiстерi салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми
трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта
болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес
бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық
түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.
Баршамызға белгiлi елiмiздiң салық жүйесi бiршама өзгерiстерге ұшырап,
дамып және нығайып келедi. Бұл орайда 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан iске
қосылған Салық Кодексiне байланысты салық салу iсiнде көптеген өзгерiстер
мен жаңалықтар енгiзiлдi.
2001 жылдың 12 маусымында Жаңа салық Кодексi қабылданып, 2002 жылдың 1-
шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан
Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк
баж, 4 кедендiк алым белгiлендi.
Жаңа Салық Кодексi 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай
салықтар енгiзiлдi:
• корпорациялық табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• қосылған құн салығы;
• акциздер;
• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
• әлеуметтiк салық;
• жер салығы;
• көлiк құралдары салығы;
• мүлiк салығы.
Осы Салық Кодексiндегi 13 түрлi алымдарға:
• заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
• жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
• жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасаған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
• радиоэлекторндық құралдары және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
• механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым;
• теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым;
• азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
• дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
• автакөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы;
• аукциондардан алынатын алым;
• елтаңбалық алым;
• жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
• телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожилiк спектiрiн
пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Салық Кодексiндегi төлемақыларға:
• жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлемақы;
• жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• радиожилiк спектерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
• сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер –
салықтар. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi
салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден және оның су динамикасын 1-
шi суреттен көре аламыз.

Кесте 1

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық
түсiмдердiң үлес салмағы

2003 2004 2005 2006 2007
Мемлекеттiк бюджет 304,1 393,0 587,0 746,9 7961,4
кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде салықтық 215,6 330,3 524,1 670,0 7300,6
түсiмдер
Салық түсiмердiң 70,9 89,0 89,3 92,5 91,7
мемлекеттiң
бюджетiндегi үлесi %

Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде
елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге
болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған
сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың
экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар,
одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша
өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.
Республикалық бюджеттің соңғы бөлігі – бюджет тапшылығын қаржыландыру
ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып
көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1) тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен,
коммерциялық банктерден, бағалы қағаз сатудан, есепке алу бойынша)
және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2) профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте
мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюжеттік
бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит берудi және қаржы
активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы
операциялық сальдоға тең. Терiс белгiмен алынған шама - бюджет тапшылығы,
оң белгiмен алынған шама бюджет профицитi болып табылады. Бюджет
тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың
орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос
қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз етуді білдіреді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет
қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу
сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет тапшылығын қаржыландыру
мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi.
Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге
бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын
жұмсауды білдіреді. Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша
негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты
қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет
профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет
профицитiнiң шамасына сай келедi.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай
бюджеттік бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомствовалық және
экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен
жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функцияналдық және экономикалық
сныптамаларынан тұрады.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке
жіктелетін болады, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы,
бюджеттің кірістері мына санаттарды қамтиды: салық түсімдері; салыққа
жатпайтын түсімдер; капиталдармен жасалатын операциялардан алынатын
кірістер; алынған ресми трансферттер; бюджеттен берілген кірістерді өтеу;
жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары қалдықтарының қозғалысы. Сонымен
қатар, салық түсімдеріндегі сынып – салық тобын, ішкі сынып – салық түрін,
ерекшелік – нақты салық төлеушіні немесе салық объектісін білдіреді.
Шығыстарда функционалдық, экономикалық және ведомствовалық сыныптама
қарастырылады. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және
бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипататмасы болып табылады.
Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстара бес бөлімге бөлінеді:
функционалдық топ; ішкі функция; мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың
әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы оларды экономикалық белгілері
бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат
мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, кредит беру,
қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен
сипатын нақтылай түседі, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен
қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындар – жұмысшылар мен қызметкерлердің
жалақысы – жұмысшылар мен қызметкерлердің негізгі жалақысы.
Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары
болып табылады. Бюджет шығындары ҚР-ның Бюджет Кодексі бойынша келесілерден
тұрады:
1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк саясатты iске
асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған)
өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк
органдардың ақы төлеуi;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай
төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке
тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып
табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларды өтеусіз және
қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де
түрлерi.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық
шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға
жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда.
ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ЖІКТЕУ ЖӘНЕ 2007 ЖЫЛҒЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикалық бюджет түсімдері мен шығыстарын жіктеу

Түсімдерді жіктеу - ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заңнамалық
актілермен анықталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін
белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің топтастыруы. Белгілі
сипаттар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттердің барлық түсімдері санаттарға
(категориялар), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жіктеледі.
Экономикалық белгілерге байланысты түсімдер санаттар бойынша топтасады,
түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі
сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты
ерекшеліктер топтарын құрады.
Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан тұратын топтасулық код
беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойынша бөлінетін белгісі
арқылы олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтық
түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 - салықтық емес түсімдер, 3 -
негізгі капитал сатудан түскен түсімдер, 4 - ресми трансферт түсімдері, 5 –
берілген бюджеттік несиелерді өтеу мен қаржылық активтер сатудан түскен
түсімдер және үкіметтік займдар бар екенінің белгілері.
Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сыныптарға
бөлінгенін көрсетеді. Мысалы, 01 - ол табыс салығы, 05 - ол тауарлар,
қызметтер мен жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін
төлемнің нақты түріне байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді.
Мысалы, 1 - ол корпоративтік табыс салығы, 2 - акциздер, 3 - табиғаттық
және басқа ресур-старды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы басқалары.
Соңғы екі цифр төлемнің кайнар көзі мен сол телемнің нақты төлеушісін
көрсететін ерекшелік белгісі. Мысалы, 01 - ол резиденттер - заңды
тұлғалардан корпоративтік табыс салағы, 02 — ол резидент емес — заңды
тұлғалардан корпоративтік табыс салығы және т.б.
Барлық түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жіктеуіне
сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттің әрбір деңгейі
бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық
бюджет кірістерінің 1 санаты Салықтық түсімдер бойынша тағайындалған:
• 01 сынып - Табыс салығы;
• 1 ішкі сынып - Корпоративтік табыс салығы;
• 01 ерекшелік - Резиденттер - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс
салығы (код 101101);
• 02 ерекшелік - Резидент емес заңды тұлғалардан корпоративтік табыс
салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;
• 05 сынып - Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар;
• 1 ішкі сынып - Қосымша қүнға салық;
• 01 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген
тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша
қосымша құнға салық (105101);
• 02 ерекшелік - Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған
тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған
тауарлар бойынша қосымша құнға салық (код 105102);
• 04 ерекшелік - Резидент емес үшін қосымша құнға салық (код 105104)
және осылай жалғаса береді;
• 2 ішкі сынып - Акциздер;
• 29 ерекшелік — Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ
конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229);
• 41 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағына импортталған
спиртгің барлық түрі (код 105241) және осылай жалғаса береді;
• 3 ішкі сынып - Табиғаттың және басқа да ресурстарды пайдаланғаннан
түскен түсімдер;
• 02 ерекшелік - Үстеме пайдаға салынатын салық (код 105302);
• 05 ерекшелік - Бонустар (код 105305);
• 06 ерекшелік - Роялти (код 105306) және осылай жалғаса береді;
• 06 сынып - Халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша салықтар;
• 1 ішкі сынып - Кедендік төлемдер;
• 02 ерекшелік - Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кедендік баж (код
106102) және осылай жалғаса береді;
• 07 сынып - Басқа да салықтар;
• 1 ішкі сыньш - Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет
түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері).
Бюджеттік жіктеуде осы жоғарыда келтірілген мысалға сәйкес басқа да
түсімдер санаттары бөлінген.
Бюджет шығыстарын жіктеу
Бюджеттік шығындарды ашықтан-ашық белгілер бойынша жіктеу олардың
экономикалық процестердегі рөлі мен мәнін айқындалуына себепші болады.
Теория мен тәжірибеде бюджет шығындарын жіктеу бірнеше белгілер арқылы іске
асырылады. Ең алдымен бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгейлері
бойынша бөлуіне байланысты шығындардың аумақтық жік-теуін айырады
(республикалық, облыс және аудан бюджеттерінің шығындары). Бюджет
шығындарын экономикалық жіктеуі бюджеттік қаражаттарды жоспарлау мен
пайдалануда маңызды мәні бар, себебі мұндай жіктеу бюджеттен экономиканың
дамуы мен ұлғаймалы қайта өндіріске қаражаттар бөлінуіне байланысты. Бұл
белгі бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) және іргелі шығындар
(даму бюджеті) жекеленеді.
Ағымдағы шығындар болып мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары мен бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін, трансферт
формалар арқылы басқа бюджеттер мен экономика салаларына мемлекеттік жәрдем
көрсетуді қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының бір бөлігі
табылады. Тұрақты сипатта болатын мұндай шығындар көлеміне мемлекеттік
тұтынуға жұмсалатын шығындар сомалары кіреді, яғни экономикалық және
әлеуметтік инфрақұрылым мен экономиканың мемлекеттік салаларын ұстауға,
азаматтық және әскери сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға,
мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығындарын өтеуге.
Бюджеттің іргелі шығындары - ол инновациалық және инвестициялық іс-
әрекетті қаржыландырумен байланысты мемлекеттің ақша қаражат шығындары.
Олардың құрамына бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес бөлінетін
шығындар, бюджеттік несие ретінде берілетін инвестициялық мақсаттағы
қаражаттар, құрылыс пен инфрақұрылым дамуына арналған шығындар, ғылым,
адами капитал және ақпараттық жүйе құру мен дамуына салынатын инвестициялар
кіреді.
Бюджет шығындарын жіктеудің келесі маңызды белгісі — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Қазақстанның бюджет жүйесі
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Қазақстанның мемлекеттік бюджетін теңестіру мәселелері
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі
Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру
Пәндер