Міржақып Дулатов шығармаларындағы елдік рух



Қай уақыттада тарих өрісінде ұлт мүддесімен бірге сақталып ұрпақ өмірімен бірге жүретін, елдің өмір тәжірибесін бойына жинақтай отырып, ұлт зиялыларының тұлғалық келбетін көрсететін олардың елдік рухы екендігі белгілі. Осы себептен уақыт өтіп, заман талабына сай қоғам дами түссе де ұлт тұлғаларының тарихтағы өсиеті мен өнегесінің тозбасы да, ұрпақ қаншалықты жаңа уақыт талабына сай өмір сүрсе де өз ұлтының дүниетанымдық тәжірибесінен озбасы да анық. Себебі елдің бірлігі мен теңдігін, ұрпақтың зиялылығын көрсететін елдік рух қана. Ел ішінен шығатын ердің елдігінсіз ел беделінің, елдің тұлғаларының зиялы ісіне деген сенімі мен үмітінсіз ер рухының биік болуының мүмкін еместігі сондықтан. Тарихтағы ұлт пен зиялылардың тұлғалық келбетімен бірге оның ел өмірінде сақталып қалған ұстаздық жолында көрсетіп, ұлағатын кейінгі ұрпақ бойына таратып отыратын олардың елдігі. Осы елдік түсініктен туған тұлғалық рухы. Оның феномені тектілік. Бұның мысалын әріден іздемей ақ өз ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне, әсіресе ондағы зиялы тұлғалардың тағдырына байыппен зер салсақ осы ойымызды негіздей түсерлік ұлтымыздың тарихи тәжірибесі мен тұлғалық біліміне де көз жеткіземіз. Оның шындығы елінің игілігі үшін бойындағы күш жігерін, білімін сарп қылған зиялыларымыздың рухани өмірінде. Тарихтағы тұлғаларымыздың елдік түсінігін паш ететін зиялы істерінің мәні де осында. Оның қаншалықты өз уақытында қоғам өмірінен, әсіресе кеңес билігі тарапынан өз бағасын ала алмай келсе де өшпейтіндігі сондықтан. Қайта уақыт өте келе зиялылар ұлағатының ел игілігіне жарап, ұрпақ мүддесін қамтамасыз етіп отырары сөзсіз. Тарихымыздағы зиялы тұлғаларымыздың өсиеті мен өнегесінің өзін, елдің ертеңі үшін ауадай қажет құндылық дейтін себебіміз сол. Қазақ топырағында елдік істің, сол елдікке ұйытқы болып отырған тектіліктің тұлғалық келбеті де, көрінісі де жетерлік. Өз елінің, ата мекен жерінің рухын бойына сіңіре білген Қазақ ұлтының әр ұрпақ буыны жеке өмірін ұлтының игілігіне арнауды дәстүрге айналдырған. Елге қызмет етуді өмірлік мақсат, кісілік міндет ете білген. Қазақ философиясының тарихи тұлғасын да паш ететін ойшылдарымыздың елдігі. Қазақ ойлауының табиғаты ұлтымыздың даналығы мен тұлғаларымыздың тектілік рухында деп айтсақ артық болмас. Себебі, қазақ тұлғаларының (хандары мен батырларының, билері мен шешендерінің, жыраулары мен ақындарының, ғалымдарының) тұлғалық келбетін көрсететін алдымен олардың ел, ұрпақ алдында атқарып кеткен зиялы істері. Сол зиялы істің рухын паш ететін елдік түсінік. Елдік түсініктің тұлғалық мәні зиялыларымыз қалдырған өсиет рухында. Сондықтан да өнегелі адам деп қазақ ұғымында өсиет рухын бағалай білген адамды айтқан. Бұл дегеніміз әр адамның жеке басының қамын ғана ойламай, елінің жайын білген білігі. Сол себептен Әнет бабамыз ұрпағына «өсиетке терең болуды» жүктеген. Өсиет ескіден қалған құр сөз емес, көнеден бері елдің елдігін паш етіп, сол елдік жолдағы ел ішінен шыққан (болашақ шығатын) ердің батырлығын шыңдай түсетін, зиялы істің шындығын көрсетіп келе жатқан тұлғалық іс - әрекеттің өзегі. Себебі адамның парасатты әрекетіне негіз болып, ісіне мағына беретін өсиет.
1.Есламғалиұлы М. Әйтеке би (Тарихи философиялық диология // Жұлдыз 2003 №5.
2.ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – Алматы: Ғылым. -1985. -320 бет.
3.Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. 1- т. - Алматы: Мектеп, 2003 – 368 б.
4.Жұмабаев М. Шығармалары /Құрастырған Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. – Алматы: Жазушы, 1998. – 448 б.
5.«Қазақ» газеті / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». Бас редакциясы, 1998. -560 б.
6.Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. 3- т. - Алматы: Мектеп, 2003 – 400б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛДІК РУХ

Сәрсембин Үмбетхан Қуандықұлы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Қай уақыттада тарих өрісінде ұлт мүддесімен бірге сақталып ұрпақ
өмірімен бірге жүретін, елдің өмір тәжірибесін бойына жинақтай отырып, ұлт
зиялыларының тұлғалық келбетін көрсететін олардың елдік рухы екендігі
белгілі. Осы себептен уақыт өтіп, заман талабына сай қоғам дами түссе де
ұлт тұлғаларының тарихтағы өсиеті мен өнегесінің тозбасы да, ұрпақ
қаншалықты жаңа уақыт талабына сай өмір сүрсе де өз ұлтының дүниетанымдық
тәжірибесінен озбасы да анық. Себебі елдің бірлігі мен теңдігін, ұрпақтың
зиялылығын көрсететін елдік рух қана. Ел ішінен шығатын ердің елдігінсіз ел
беделінің, елдің тұлғаларының зиялы ісіне деген сенімі мен үмітінсіз ер
рухының биік болуының мүмкін еместігі сондықтан. Тарихтағы ұлт пен
зиялылардың тұлғалық келбетімен бірге оның ел өмірінде сақталып қалған
ұстаздық жолында көрсетіп, ұлағатын кейінгі ұрпақ бойына таратып отыратын
олардың елдігі. Осы елдік түсініктен туған тұлғалық рухы. Оның феномені
тектілік. Бұның мысалын әріден іздемей ақ өз ұлтымыздың тарихы мен
мәдениетіне, әсіресе ондағы зиялы тұлғалардың тағдырына байыппен зер салсақ
осы ойымызды негіздей түсерлік ұлтымыздың тарихи тәжірибесі мен тұлғалық
біліміне де көз жеткіземіз. Оның шындығы елінің игілігі үшін бойындағы күш
жігерін, білімін сарп қылған зиялыларымыздың рухани өмірінде. Тарихтағы
тұлғаларымыздың елдік түсінігін паш ететін зиялы істерінің мәні де осында.
Оның қаншалықты өз уақытында қоғам өмірінен, әсіресе кеңес билігі тарапынан
өз бағасын ала алмай келсе де өшпейтіндігі сондықтан. Қайта уақыт өте келе
зиялылар ұлағатының ел игілігіне жарап, ұрпақ мүддесін қамтамасыз етіп
отырары сөзсіз. Тарихымыздағы зиялы тұлғаларымыздың өсиеті мен өнегесінің
өзін, елдің ертеңі үшін ауадай қажет құндылық дейтін себебіміз сол. Қазақ
топырағында елдік істің, сол елдікке ұйытқы болып отырған тектіліктің
тұлғалық келбеті де, көрінісі де жетерлік. Өз елінің, ата мекен жерінің
рухын бойына сіңіре білген Қазақ ұлтының әр ұрпақ буыны жеке өмірін ұлтының
игілігіне арнауды дәстүрге айналдырған. Елге қызмет етуді өмірлік мақсат,
кісілік міндет ете білген. Қазақ философиясының тарихи тұлғасын да паш
ететін ойшылдарымыздың елдігі. Қазақ ойлауының табиғаты ұлтымыздың даналығы
мен тұлғаларымыздың тектілік рухында деп айтсақ артық болмас. Себебі, қазақ
тұлғаларының (хандары мен батырларының, билері мен шешендерінің, жыраулары
мен ақындарының, ғалымдарының) тұлғалық келбетін көрсететін алдымен
олардың ел, ұрпақ алдында атқарып кеткен зиялы істері. Сол зиялы істің
рухын паш ететін елдік түсінік. Елдік түсініктің тұлғалық мәні
зиялыларымыз қалдырған өсиет рухында. Сондықтан да өнегелі адам деп қазақ
ұғымында өсиет рухын бағалай білген адамды айтқан. Бұл дегеніміз әр адамның
жеке басының қамын ғана ойламай, елінің жайын білген білігі. Сол себептен
Әнет бабамыз ұрпағына өсиетке терең болуды жүктеген. Өсиет ескіден қалған
құр сөз емес, көнеден бері елдің елдігін паш етіп, сол елдік жолдағы ел
ішінен шыққан (болашақ шығатын) ердің батырлығын шыңдай түсетін, зиялы
істің шындығын көрсетіп келе жатқан тұлғалық іс - әрекеттің өзегі. Себебі
адамның парасатты әрекетіне негіз болып, ісіне мағына беретін өсиет.
Өсиеттен туған өнегелі істі, немесе өсиетті туғызған өнегені сол себептенде
біз оң бағалаймыз. Бағалап қана қоймай тарих тұрғысынан саралауға
ұмтыламыз. Оның мәнісі Әйтеке би бабамыз сомдаған, даналар ақылдасып
істеген істің орынсыз еш уақытта болмайтынында 1;91. Сол себептен де
ақылдасып іс істеу, оны өз ара талқыға салып отыру, ортақ игілік
мақсаттарға жұмылу зиялы адамдар өміріне тән қасиет. Зиялы істің орынды
болып келуі де алдымен, адам іс - әрекетінің ел игілігіне негізделіп
отыруында. Ел игілігіне негізделген тұлғалар ісінен ұрпақтың өз жемісін
көруінде. Сонымен қатар елдік істің рухы Әитеке би бабамыз сомдаған: елдің
қамын ойлай білген, дұрыс сөзге тоқтай білген, ердің намысын жоқтата
білген адамдар қолына тиуінде 1;114. Зерделей білсек тарихымызда оның
рухани тамыры шексіз, кісілік келбеті де жетерлік. Сондықтан да қазақ
мәдениеті ұлт пен ұлт тұлғаларының елдігінен рухтанған тұлғалық мәдениет
деп айтсақ артық болмас. Байыппен зерделесек әлем кеңістігінде қазақ
мәдениетінің де өзіндік тұлғасы бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей кез келген
қазақ ұлтының тұлғалары ел үшін туып, өмірден ел үшін ұлттық намысын
бойынан жібермей өткен зиялылар. Ұлтының мүддесі үшін даналық ойын да,
батырлық рухын да сарп еткен Махамбет Өтемісұлы айтқандай:
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да,
Жамандарға жалынбас 2;67.
Ұлттық болмысымыздың бойына сіңген тектілік тарихымыздағы осы зиялы
тұлғалар рухымен айқын. Бұдан біз қай уақытта да зиялылар өмірінің ел
тағдырымен сабақтас болатындығын көреміз. Қай уақытта да ел алдында тұратын
мәселелер алдымен зиялыларға сын болмақ. Сондықтан да қазақ зиялыларының
қай буын өкілі болмасын, олардың тұтас тұлғалық табиғатын, жарасты істерін
көрсететін даналығын, сан ғасырлар бойы зиялыларымыздың тұлғалық мақсатын
біріктіріп, рухын шыңдап отырған ұлттық идея тұлғасын да, тарихтағы
ұлтымыздың әсіресе сол ел ішінен шыққан зиялы адамдардың елдік рухымен ғана
сомдаймыз. Елдік істің рухын айту, әсіресе тұлғаларымыздың елдік түсінігін
терең зерделеу арқылы ғана ұлттық мәденитіміздің тұлғасын танытуға да жол
ашамыз.
Тарихымыздағы зиялыларымыздың елдік істерінің жолы жалқы емес. Бірақ
оның тарихи тамыры мен тұлғалық мақсаты бір, ол: ел игілігі. Әсіресе
зиялылар елдігінің тұтас мінсіздігін паш ететін, әр ғасыр ішінде ұрпақ
буынды ұлт мүддесіне жұмылдырып отырған ұлт мұраты. Ұлтының тарихи мұратын
қадір тұтып, елінің ертеңіне сын көзбен қарай білген қазақ зиялылары
мәдениетімізде ұлтына, жұртына қызмет етудің үлгілерінде қалдырған.
Әсіресе олардың елдік рухын паш етіп тұрған тұлғалық істерінің өзі, бүгінгі
таңда ұлттық идеяның дамуына да тұлғалық тірек, әлеуметтік бағдар. Қазақ
мәдентіндегі Міржақып Дулатовтың шығармашылық тұлғасын осы тұрғыда
сомдаймыз.
Міржақып Дулатовтың мәдениетіміздегі ұстаздық тұлғасы оның елі үшін
жеке өмірін сынға салған батырлық рухынан да анық көрінеді. Батырлықтың өзі
тұлғаның елдік сезімінен туатындығы да сөзсіз. Өзгеде қазақ зиялылары
секілді М. Дулатов кейінгі ұрпаққа ұстаздық жолын даналық ісімен қалдырды.
Оның бірған қоғамдық саяси қызметтерінің өзі (өз ұлты үшін ғана емес)
бүкіл адамзат үшінде тұлғалық өнеге. Бұның бір мысалы ретінде, соңғы
уақыттары зиялыларымыздың тұлғалық көзқарастарының шетел ғалымдарының
ғылыми ізденістерінің бағдарына айналу себебін айтумызға болады. Бұлда
ақиқатты негізде зерделеуді, әділетті бағалауды қажет ететін өз алдына
дербес мәселе. Себебі зиялыларымыздың қоғамдық саяси көзқарастарын ғана
емес, осындай қайталанбас дарын иелерін өсірген тарихтағы ұлтымыздың
тұлғалық болмысын да сомдау, әсіресе зиялыларымыздың мәдениетімізге тән
тұлғалық табиғатын, даналығын зерделеу бүгінгі ғылым алдында тұрған өзекті
мәселегеде айналып отыр.
Өз халқыңды өз ете алсаң ғана жат елге құл қылмайсың1;114 - деп
Әйтеке би бабамыз айтып кеткен, зиялыларымыздың елінің тағдырына ара түскен
рухани өмірінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнегеге толы, қазақ ұлтының
түбірлі болмысын паш ететін рух. Қай жағынан болса да қазақ зиялыларының
ұлт ісіне келгенде, елге қызмет етуде жан жақтылық таныта білгендігі де
бәрімізге аян. Олардың ұлт мүддесі тұрғысындағы қызметтерін бір мақала
көлемінде толықтай айтып шығу мүмкін емес. Мәдениетіміздегі хандар мен
батырлардың, билер мен жырауларымыздың рухани тұлғасын айтпағанның өзінде
Шоқан, Ыбырай, Абай секілді ойшылдарымыздың ел мәдениетіндегі ұстаздық
жолының өзі ауқымды, әрі терең. Қазақ ойшылдарының тұлғалық табиғатын
сомдаудың өзі даналық білім көзі екендігі даусыз.
Ұлтымыздың, өз ұлтының рухын ұлықтай білген зиялыларымыздың бойындағы,
тұлғалық жолындағы даналыққа, тектілікке, кісіліктің мәніне көз жеткізе
отырып, осы жолда ақындық рухымен, ғалымдық қызметімен ғана емес, бойына
дарыған осы бір қасиеттерді ұштастыра білген, ұштастырып қана қоймай, оны
елінің игілігіне сарп еткен Міржақып Дулатовтың мәдениетіміздегі
шығармашылық тұлғасын жеке дара сомдауға ұмтылдық. Оның бір қатар рухани
мұралары тұлғаның елдік рухымен жазылған. Қазақ зиялысының ұлттық мүдде
тұрғысындағы идеялары елдік рухтың адамды ұлт болмысының биігіне
жетелейтінін дәлелдейді. Әсіресе оның ел игілігі үшін жазған Оян қазақ!
туындысын алдымен оның ел дертін емген көңілінен (әділетсіз саясат
толқынынан ұлтының мүддесін қорғаған білігінен), зиялылығынан, төл
болмысының рухын қастерлеген тектілігінен туған шығарма деп айтсақ артық
емес. Себебі бұл туындының да (Алаш азаматының өзгеде жазып кеткен
еңбектері секілді), тарихымыздағы ойшылдардың ұлттық идеяларын жалғастырып,
ұлт қажеттіліктерін салмақтай түсер тұстары жетерлік.
Қай уақытта да даналар алдымен қоғам іргесінің берік болуын қадағалап,
әлеумет болмысына сын көзбен қарап отыруды дәстүрге айналдырған. Оян
қазақ! бойындағы ұлттық идея бағдарын да осы тұрғыда зерделегеніміз жөн.
Себебі дана адамның тұлғасын даралайтын зиялы қасиет алдымен оның ел
мүддесіне деген тұлғалық түсінігінен туған. Алаш зиялысының Оян қазақ!
шығармасындағы халқына арнап жазған мына бір сөздері осы пікірімізді
дәлелдей түспек: Дүниеге қатынасып жүрген, оқыған заттарымыз болмаса,
біздің жалпы қазақ халқы пайдалы мәселелерден бихабар еді. Себебі: дария
қасында тамшы секілді, оқығандарымыз аздықтан, халқымыз шәһәр ретінде емес,
көшпелі һәр жерде бытырап жүргендіктен, заман ахуалынан хабар білерлік
оқуға өз тілімізде газет жоқтықтан, татар туғандарымыздың әдеби тіліменен
жазылған газеттері халыққа түсініксіздігінен, дүниеде болып жатқан
таңқаларлық және таңсық нәрселерді пайдалана алмай, біздің халық бір
қараңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Міржақып Дулатұлының күрескерлік шығармаларындағы азатшылдық рух
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Зерттеудің жетекші идеясы
Пәндер