Тілдік қатынас формалары
Тілдік қатынас әдетте екі түрлі формада болады: ауызша және жазбаша.Жазбаша беріде, жазумен байланысты пайда болды. Ал , ауызша форма ойды білдірудің құралы , қатынас құралы – тілмен ол алғаш пайда болған күннен бері бірге жасасып келеді. Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі - тілдің ауызша формасы. Бұдан жазба формаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау керек. Текске фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді.
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл . Оның ойы , айтар пікірі белгілі бір дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасында іске асады. Сондықтан да тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор. Дыбыстық өзгерістерді есепке алмай тұрып , лексикалық , грамматикалық құбылыстардың төркінін , өзгеріп дамуын айқындау мүмкін емес.
Фонетика (гр. рhone - дыбыс , phonetikos - дыбыстық ) - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Атап айтқанда , фонетиканың қарастыратын мәселелеріне мыналар жатады : тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір – біріне әсері, буын , екпін , тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы , орфография , орфоэпия т.б.
Дыбыстардың пайда болу , өзгеру сырларын білмей тұрып , лексикалық та , грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру , өзімізге мектептен таныс қатаңдану , ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсіндіру , қазіргі жазудың сырын түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға , тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға , тілдің айту , жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ана тіліндегі дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де өте қажет.

Тілдік қатынас әдетте екі түрлі формада болады: ауызша
және жазбаша.Жазбаша беріде, жазумен байланысты пайда болды. Ал ,
ауызша форма ойды білдірудің құралы , қатынас құралы – тілмен ол
алғаш пайда болған күннен бері бірге жасасып келеді. Фонетиканың
негізгі зерттеу объектісі - тілдің ауызша формасы. Бұдан жазба
формаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау
керек. Текске фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді.
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл . Оның ойы , айтар
пікірі белгілі бір дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің
арқасында іске асады. Сондықтан да тіл дыбыстарын, оларға тән
түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор. Дыбыстық өзгерістерді есепке
алмай тұрып , лексикалық , грамматикалық құбылыстардың төркінін ,
өзгеріп дамуын айқындау мүмкін емес.
Фонетика (гр. рhone - дыбыс , phonetikos - дыбыстық ) -
тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Атап
айтқанда , фонетиканың қарастыратын мәселелеріне мыналар жатады : тіл
дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір – біріне
әсері, буын , екпін , тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы ,
орфография , орфоэпия т.б.
Дыбыстардың пайда болу , өзгеру сырларын білмей тұрып ,
лексикалық та , грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру ,
өзімізге мектептен таныс қатаңдану , ұяңдану сияқты дыбыстық
өзгерістерді түсіндіру , қазіргі жазудың сырын түсіну қиын. Фонетика
тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға , тілдердің
арасындағы туыстық байланысты табуға , тілдің айту , жазу нормаларын
дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ана тіліндегі дыбыстардың
артикуляциясын[1] жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де өте
қажет.[2]
Сөздің айтылуы және жазылуы бар.Әдетте , мынадай көзқарас
келеді: шын тіл - жазылған (көзбен көріп отырған ) тіл, яғни сөзді
қатесіз етіп жазу және жазылуындай етіп, қатесіз оқу. Ал айту
(сөйлеу ) соның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық құрылысын
дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек.
Дұрысының өзі жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны
айтпағанда , әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де , содан соң
жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазудан гөрі
айтуы , оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады.Тіпті үндемей ойлау ,
оқу , жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты . Олай
болатыны , сөздің өмір сүру формасы - дыбыс . Әріп сол дыбысқа
берілген шартты таңба.Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнекпен беруге
болады.Өзімізге мектептен таныс қағида : дыбысты айтамыз және естиміз
, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу , айналып келгенде,
дыбысты айту болып шығады.
А.Байтұрсынов өзінің "Тіл – құрал " деп аталатын еңбегінде
осыны айрықша қадағалап айтқан :"Дыбыс таңбасын қарып деп
айтамыз.Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз . Айтқан
сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз .Дыбыс пен қарып екеуі екі
нәрсе. Біріне бірін қатыстырып , шатыстырмасқа тиіс .Дыбыс естілетін ,
көзге көрінбейтін нәрсе , қарып көрінетін , естілмейтін нәрсе ".Содан
бері 80 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым қағиданы әлі күнге
пайдалана алмай жүргеніміз өкінішті.
Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызметінің
жемісі. Дыбыс- тілдің бір жақты единицасы ; дыбысталады , бірақ
мағынасы жоқ.. Ал олардың , белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері
мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса , дыбыстар тілдің мағыналы
единицалары - сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін ) құрастыратын
материалдар қызметін атқарады.
Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар
толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар типтерін
(түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас , көз , жер ,
су , адам сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай , мағынасын дұрыс
түсінеміз. Олай болса , дыбыстар (дыбыстар типі) сөзді тануға қызмет
етеді.Қысқасы , тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға
(жасауға),тануға (түсінуге), мағынасын ажыратуға қызмет етеді.
Тілде , әдетте , біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі
дыбыстар бар , олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен
формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне ,
фонемаларға топтастырылады.[3]
Дыбыс атаулының қандайы болса да соғылмалы заттың
вибрациялық қимылынан пайда болады.Тілдегі дыбыстар да – күрделенген
вибрациялық қимылдың нәтижесінен пайда болатын құбылыс.Күрделенген
вибрациялық қимылдың нәтижесінен өзінің ырғағы , күші , әуеніне
қарай дыбыстар әр түрлі болады.Тілдегі дыбыстардың түрлерін , кейбір
қасинттерін : олардың ырғағы , күші , , әуеніне қарай білуге болады.
Тілдегі дыбыстардың бір саласы тонмен байланысты: бұлар -
дауыстылар.Енді бір саласы салдырмен байланысты : олар –
дауыссыздар.Дыбыс тонымен байланысты дыбыстар (дауыстылар) музыкалы
болып келеді де , салдырмен байланысты дыбыстарда (дауыссыздарда) бұл
қасиет болмайды.
Дауыстылардың дауыссыздардан айырмасы дыбыстау мүшелерінің
қызметіне байланысты : дауыстыны айтқанда, дыбыстау мүшелері жан –
жақты (толығынан) қимылдайды да, дауыссызды айтқанда , олар бір жақты
(бөлшектене) қимылдайды. Анығырақ айтқанда : а) дауыстылар дыбыстау
мүшелерінің бірөңкей толық қимылынан пайда болады да, дауыссыздар
дыбыстау мүшелерінің бір бөлек дара қимылынан пайда болады;
ә)дауыстыларды айтқанда , фонациялық ауа кедергісіз (еркін) шығады да,
дауыссыздарды айтқанда , дыбыстау мүшелерінің бірінен қалай да бір
тосқауыл болады;б)дауыссыздарды айтқанда , фонациялық ауа қарқынды
(лепті) шығады да , дауыстыларды айтқанда , баяу (лепсіз)
шығады.Сондықтан ауа шығу ыңғайына қарай дауыссыздарды шартты түрде
лепті , дауыстыларды лепсіз десе де болады.[4]
Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауыссыз фонемалар
әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны 25 , енді біреулерінде 26
болып келеді ."Қазіргі қазақ тілі " (Лексика,фонетика) оқулығы :
"Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25 дауыссыз бар :
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у) ,һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң " – дейді. Жақша
ішінде у фонемасы тау,жауап тәрізді сөздерде келіп , буын жасай
алмағандықтан дауыссыздар тобына жатады. Осы тізімдегі в,ф,х,ц,ч –
қазақ тіліне орыс тілі әсерімен енген фонемалар. Алайда бұларды
топтастырған кезде (қатаңдардың құрамына ) 26- болып щ әрпі еніп
кеткен.Қазақ тілінде 26 дауыссыз бар деушілер осы щ әрпін дыбыспен
шатастырып жүр. Дұрысы щ дыбыс емес , әріп. Ол- созылыңқы (немесе
қос) ш дыбысының таңбасы.Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз
фонема бар.
Дауыссыз фонемалар акустика – артикуляциялық ерекшеліктеріне
қарай үшке жіктеледі.
1.Дауыстың (салдардың деуге де болады) қатысына қарай
дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) үнділер : л,м,н,ң,р,й,у;
ә) ұяңдар : б,в,г,ғ,д,ж,з;
б) қатаңдар : п,ф,к,қ,т,ш,с,х,һ,ц,ч;
Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді.
Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай
жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі
(а,ә,е) дауыстылардың , қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады.
Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек .
Яғни
б в г ғ д ж з
п ф к қ т ш с
Үнділер - жетеу .Үш жерде жеті – 21.Қалған дыбыс (х,һ,ц,ч)
қатаңдардың қатарынан орын алады.
Бұлардың бір – бірінен айырмасы дауыстың жеке салдырдың
қатысы дәрежесіне байланысты.Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да ,
салдыр аз ; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады.Ал
қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс
қатыспайды).
Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы
зор.Осыны білгенде ғана бала – ға, қыз – ға, ат – қа, ас – қа
дегендерге неге қосымша ғ,қ түрінде жалғанады , ақ ешкі , қара қой
айтуда неге ағешкі , қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты
жауап беруге болады. Енді үнді дауыссыздарына жататын дауыссыз
дыбыстардына тән ерекшеліктеріне сипаттап көрелік.[5]
Р фонемасы тіл ұшы альвеолға нық тиіп , фонациялық ауа
өте қарқынды шығу арқылы жасалады. Сөз ортасында р бір рет
дірілдейді де, сөз аяғында көбіне екі рет дірілдейді. Сондықтан бұл
фонеманы вибрациялық (діріл) фонема дейміз.
Бұл фонема сөз ортасы мен сөз аяғында көп ұшырайды.
Бұрынғы тюркологтар айтқандайын , р сөз басында кездеспейді деуге
болады.Осының салдарынан өзге тілден ауысқан р – дан басталуға тиісті
сөздердің алдынан ы немесе і дыбыстары қосылып (протеза жасалып)
отырады , не болмаса , кейде ү,ұ,о тәрізді дыбыстар селбесіп тұрады.
Мысалы : (ы) рахмет , (ы) рас, (ы) рай , (і) рет , (ұ) рұқсат.Практикалық
жазуда, әрине , протеза ретінде қосылып тұрған дауыстылар еленбейді ,
соңғы сөз кейде ұрықсат , кейде рұқсат түрінде жазылып жүр. Орыс
тілі арқылы ертеде ауысқан Урал, русский, Рим тәрізді сөздер
айтылуда Орал , орыс , Үрім түрінде қолданылып жүр (алғашқы екеуінің
жазылуы да айтылуына сай , ал Үрім деген әдеби тілімізде Рим түрінде
дағдыланып кетті).
П.М.Мелиоранский қазақ тілінде род мағынасындағы ру
сөзінің алдынан әнтек ұ естілетінін атап кетеді.Автордың бұл
пікірі әбден орынды.
Р – дан басталған сөздің алдында айтылуда селбесетін
дауыстының мағынаға тиер әсері болмау салдарынан ол жазылуда ,
көбіне , еленбейді. Ал редактор, радио, реализм , республика сияқты
интернационалдық сөздер қазіргі әдеби тілімізде орыс тіліндегі
нормаға жуық айтылуда.
Л фонемасын айтқанда тіл ұшы альвеолға бір тегіс , кесе
көлденеңдеп тиеді ; бұл фонеманы айтқанда , имплозия басым болу
себепті , фонациялық ауа тілдің екі жағын ала шығады , сондықтан
л – ды латераль (бүйір) фонема дейміз.
Бұл фонеманың көп ұшырайтын жері - сөз ортасы , сөз
аяғы.Сөз басында л сияқты кемде – кем кездеседі ; л – дан басталуға
тиісті сөздің алдынан қалай да бір қысаң дауысты қосалқыланып
отырады.П.М.Мелиоранский бұл өзгешелікті де дұрыс ескертеді. Бұл
автор , лақ, лақтыр дегенде аздап болса да олардың алдынан ы
немесе ұ келетіндігін айтады.Ауызекі тілде ылақ деп те,кейде ұлақ деп
те айту жоқ емес.
Өзге түркі тілдерінде де л-дан басталатын сөздердің саны
көп емес.Н.К.Юдахин ,И.А.Батмановтың айтуына қарағанда қырғыз тілінде сөз
басында л фонемасы а,е,и алдынан ұшырамаған.Сондықтан лазым , лайық ,леп
сөздері ылазым , ылайық , ілеп болып айтылған дейді. Ал басқа
дауыстылардың алдынан тікелей л – дың өзі келе береді дейді , мысалы
: лоқшуу (қазақша лоқсу), лөк (қазақша үлек ), лықылды (қазақша
лықылдау).Біздің байқауымызша , сөз басында (қазақ тілінде) езу қысаң
дауыстының алдынан л айқын ұшырай беретін тәрізді; мысалы: шам лып етіп
сөнді, лық ете түсті дегендегі лып , лық сөздері айқын л – дың
өзінен басталып тұр.
Орыс тілінің қазақ тіліне игі әсерінен қазіргі қазақ
тілінде интернационалдық сөздер де , төл сөздер де ыңғайына қарай
барлық дауыстылардың алдында тұрып , л аңлаут позицияда кездесе
береді : лаборатория , литография , литр , ложа , лекция; осы тәрізді
сөздердің әсерімен жазуда ғана емес , айтуда да лаж , лайық , леген
тәрізді сөздер осы күні л – дан басталып көбірек қолданылады.
Сілтеу есімдіктерінің (бұл,сол,ол) соңғы л дыбысты:
а) барлық септіктерде, ә) кейде анықталғыш сөз дауыссыздан
басталғанда түсіп қалады:
С е п т і к т е А н ы
қ т а л ғ ы ш
Іл.мұның(бұның),соның,оның с ө з а л д ы н д а
Б. бұған,соған,оған о(л)
кісі
Т. мұны(бұны),соны,оны бұ(л) кісі
Ж.мұнда(бұнда),сонда,онда со(л) кісі
Ш.бұдан(мұнан),содан(сонан), о(л) жер
одан(онан)
со(л) бала
К. бұнымен(мұнымен),сонымен,онымен
Ауызекі тілде кей уақыт ал,бол сияқты етістіктердің соңғы
л – ы түсіп қалып, алсайшы,болсайшы деудің орнына асайшы, босайшы
түрінде де айтыла береді. Басқа жағдайда л сөз ортасы мен сөз
аяғында өте жиі айтылып отырады.
Л фонемасы қосымшаларда д,т фонемаларымен ауысып отырады:
сулы , малды , егісті , қалалар , малдар , тастар.
Й фонемасы тіл алды алғы таңдайға жүйіткуінен пайда
болады.Бұл фонеманы және шолақ у арқылы жазылатын фонеманы
айтқанда, екі дыбыстау мүшеміз өзге дауыссыздардай бір-біріне
жабысып та айтылмайды, жуысып та айтылмайды : й мен у – ды айтқанда
(тау сияқты позицияда), екі мүшенің бір-біріне таяу тұруы шарт
(жабыса немесе жуыса айтылуы шарт емес ).
Бұл фонема қазақ тілінде тек мына сөздердің бас
позициясында кездеседі : я (я сен кел, я ол келсін), яғни, яки. Көп
түркі тілдерінің қазақ тілінен фонетикалық басты бір айырмасы: сөз
басындағы й қазақ тілінде үнемі ж-ға айналып отырады: яман –
жаман,яхшы – жақсы,йоқ – жоқ,янында – жанында т.б.
Сөз ортасы мен сөз аяғында й жиі кездесе береді :
аяқ,таяқ,мая,тай,кей,кейін,ой,ей,әй ,ай тағы басқалар.
Й фонемасы түбір сөзде де, туынды сөзде де келе
береді.Сөз іші мен сөз аяғында й қай дауыстының болса да соңынан
келе алады ; ай,әй,ей,ой,өй,ұй,үй сияқты дыбыс комплексі – қазақ
тілінде заңды қағида, ал й дауыстының алдынан келсе, көрінген
дауыстымен көрші тұра алмайды : йа,йе,йі тәрізді комплекстер
тілімізде жиі ұшырайды да (мысалы: таяқ, мәйек, дайын, бейіс), ұй, йү
комплексі тым сирек ұшырайды (мысалы :абұйыр немесе әбүйүр); ал йо,йө
тізбегі төл сөздерде мүлде кездеспейді . Орыс тілі арқылы ауысқан
ёлка,самолёт,слёт тәрізді бірер сөздерді еске алмағанда, бұл сияқты
дыбыс тізбегі қазақ тілінде қолданылмайды.
Көне түркі тілдеріндегі д жаңа түркі тілдерінде белгілі
жағдайда й – мен ауысып отырады : адақ – аяқ, адғұр – айғыр, адығ – аю
т.б.
Қазақ тілінде, кей уақыт реликт ретінде аяқталды деудің
орнына ада болды деген форма да кездесе береді; ада – жұда дегенде
ада сыңары да ада болды дегендегі алғашқы сөзбен төркіндес болса
керек.
Қазақ тіліндегі сөйле дегеннің негізгі түбірі – сөз (оған
етістік жұрнағы қосылып, сөзле орнына з фонемасы й – ға ауысып
тұр).
У фонемасы интервокаль позицияда және ашық дауыстыдан
кейін де, бұрын да тұрып таза үнді (сонар) болады.Анығырақ
айтқанда, у бұл позицияда үнемі буын жасау қызметінен айрылып
қалады : жа-уап,ке-уіп,тау-ға,уа-қыт т.б.
У фонемасы екі еріннің азын-аулақ дөңгелене келіп,
сүйірленуінен пайда болады.Сондықтан бұл – ерін үнділеріне жатады. Бұл
фонема сөздің қай шенінде болса да айтыла береді.Мысалы :
уақыт,уайым,уәде,қауып,сәукеле,кеуд е,бау,сау.
Сөздің абсолют басында жалаң сонор у айтылмай, оның
алдынан жуан болса ұ, жіңішке болса ү қосарланып (айқын
болмағанмен) айтылады.
Сөйтіп , р,л,й,у – үнді фонемалар.Бұл - төртеуіне тән ортақ
қасиет, мұның қай – қайсысы да ауыз артикуляциясы арқылы пайда
болады. Атап айтқанда, бұларды дыбыстағанда фонациялық ауа ауыздан
шығады.Сондықтан бұл төртеуін ауыз жолды үнділер дейміз.
Н фонемасы тіл ұшы альвеолға тию арқылы жасалады : бұл
екі мүше бір-біріне нық тиеді де, фонациялық ауа мұрын арқылы
шығады.Сондықтан оны мұрын жолды үнді дейміз.
Бұл фонема , көбіне , сөз ішінде , сөз аяғында кездеседі.
Мысалы, түн, бүгін,көну,сен,жөн.
Бас позициясындағы н көбіне, өзге тілдерден келген
сөздерде кездеседі : нөкер,ноқай (моңғолдан ауысқан сөздер),нақұрыс, нан
, науа, намыс,нәр (араб-парсыдан ауысқан сөздер),
нота,норма,нотариус,новелла,негатив (орыс тілі арқылы енген
интернационалдық сөздер).Дегенмен нар,ноқта,не,неме тәрізді ежелгі
сөздер жоқ емес ; н – нан басталатын сөздердің дені өзге тілдерден
келуіне қарағанда н сөз басында түркі тілдерінің ерте дәуірінде
тым аз қолданылған болуы керек.[6]
Бұл фонема қосымшалардан септікте (і л і к т е: бала-ның,нан-
ның,күн-нің; т а б ы с т а: бала-ны,кеме-ні;ш ы ғ ы с т а : нан-нан,ін-нен)
ұшырып отырады.
Түркі тілдерінің белгілі маманы С.Е.Малов жіктеу[7] , сілтеу
есімдіктеріндегі н (мен,мін) ол тілдерде кейін пайда болған
ингредиент болу керек дейді. Осыған қарағанда маған,бұған сияқты
септік формадағы н да сол жолмен пайда болуы ықтимал.
Н фонемасы кей қосымшаларда д,т дыбыстарымен алмасып
отырады:бала-ны,қаз-ды,хат-ты т.б.
М фонемасын айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп,
жымдасады да, фонациялық ауа мұрыннан шығады: бұл да- мұрын жолды
үнді.
Бұл фонема сөздің қай шенінде болса да келе береді;
мысалы:мал,мен,мағына,мың,мырс,кеме ,темекі,сәлем,шам.
Жұрнақтарда да, шылау сөздерде де,жалғауларда да м жиі
кездесіп отырады.Жалғаулардан: т ә у е л д і к т е (бала-м,үй-ім,бала-
мыз,үй-іміз),ж і к т і к т е (бала-мын,инженер-мін), к ө - м е к т е
с с е п т і к т е (бала-мен,қар-мен) т.б. кездесе береді.Едәуір
түркі тілдерінде қатаңнан кейін м тікелей келе береді; қазақ
тілінде қатаңның соңынан болуы мүмкін емес: қатаңнан кейін м
үнемі п-ға айналып отырады.Түркі тілдерінің көпшілігіндегі батман,
кетмен, чекмен, тоқмақ қазақ тілінде:батпан,кетпен,шекпен,тоқпақ
түрінде естіледі.
Кей уақыт б-дан соң мұрын жолды үнділердің бірі
келгенде, ол м-ға ауысады: бұның деп те, мұның деп те айтылады;
бағана,мана деп те айтылады.Кей түркі тілдеріндегі б қазақ тілінде
м-ға айналып кетеді; мысалы: бін-мың,бең-мең,бен-мен,бін-мін.[8]
Ң фонемасы тіл арты артқы таңдайға нық тиюі арқылы
жасалады.Кішкене тіл төмен түсіп,ауыз жолын кептеп
тұрғандықтан,фонациялық ауа мұрыннан шығады.Сондықтан ң-мұрын жолды
үнді (сонар).Бұл дыбыс тек сөз іші мен сөз аяғында
кездеседі:таң,заң,мең,жең,маңай,мың ,қоң,соң,жаңқа т.б.
П.М.Мелиоранский қазақ тілінің ң фонемасын мұрын арқылы
шығатын н деп түсінеді; бұл автор француз тіліндегі осы типтес
дыбысқа қарағанда қазақ тілінің ң фонемасын тұрпайылау деп
ойлайды.Бұл екі пікірдің екеуі де, әрине, дұрыс емес: а) ң жасалу
орны жағынан н-ға мүлде жуықтамайды: н - ұшы (немесе альвеоляр)
дыбысы; ң – жасалу орны жағынан тіл арты дыбысы; демек , ол жасалу
орны жағынан н – ға қарағанда қ,ғ дыбыстарына анағұрлым жуық,
айырмасы: фонациялық ауаның бірде (қ,ғ- ларды айтқанда) ауыздан, бірде
(н – ды айтқанда) мұрыннан шығуында; ә) француз тіліндегі жасалу орны
жағынан – тіл ортасы дыбысы, қазақ тіліндегі ң – тіл арты дыбысы.
Тұрпайылықты артикуляциямен байланыстыру, әрине , жөнсіз.
Сөйтіп, м,н,ң фонемаларының бір-біріне ортақ қасиеті:бұл
үшеуін айтқанда фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан, оларды м ұ р ы н
ж о л д ы ү н д і (сонар) деп атаймыз.Солай бола тұрса да,бұлардың
бірінен бірінің артикуляциялық жағынан айырмасы бар:а) м – ерін
фонемасы, ә) н – альвеоляр фонемасы, б) ң – тіл арты фонемасы.
2.Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш
топқа бөлуге болады.
а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар:п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң ;
ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар:ф,в,с,з,ш,ж,х,ғ,һ,л,й,у ;
б) Діріл дауыссыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz