Тайланд корольдігі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Жалпы ақпарат . 3
  2. Шекералары . . .
  3. Мемлекеттік құрлымы . . .
  4. Экомикасы … . . . 4
  5. Халық валютасы . .
  6. Халқы
  7. Климаты . 5
  8. Тілі .
  9. Діні .
  10. Жергілікті уақыты . . .
  11. Курорттары . 6
  12. Қосымшылар 11
  13. Пайдаланылған әдебиеттер 12

Жалпы ақпарат

Тайланд корольдігі-Оңтүстік Шығыс Азиядағы Үндіқытай және малакка түбектерінде орналасқан мемлекет. 1949 жылға дейін Сиам деп аталынған. Жер аумағы 514 мың км. кв. Халқы 66 милионға жуық (2004) . Ұлттық құрамының 75%-ы тай халықтары (сиам, лао, шан, т. б), 14%-ы қытайлар, 3, 5 %-ы малайлар, 7, 5%-ы халықтар(мон, кхмер, карен, т. б) құрайды. Астанасы- Бангок қаласы. (6, 5 млн. адам) . Әкімшілік жағынан 76 провенцияға бөлінеді. Ресми тілі- тай тілі. Халқының басым көпшілігі пұтқа табынады (95%) . Сонымен қатар мұсылмандар (4%), християндар және индустар бар. Тайланд - жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтардың әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орыналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шакераласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, отельдер каскады, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.

Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.

Шекаралары

Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Бирмамен шекараласқан. Тайландта саяси, экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия елдерінің ішіндегі ең бір перспективалық ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады.

Мемлекеттік құрылымы

Мемлекеттік құрылымы- конституциялық монархия: мемлекет басқарушысы- король, заң шығарушы органы- қоспалатты парламент, үкіметті премьер- министр басқарады. Тайланд БҰҰ-ға ( 1946), Коломбо жоспарына (1954), АСЕАН (1967), Азия- Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық форумына, т. б. халықаралық ұйымдарға мүше.

Экономикасы

90-жылдардың басында жүргізілген реформа барысында ел экономикасы өрлей бастады. 1980 жылдан ел экономикасы жоғарғы қарқынмен дами бастады. Ең алдымен ол экспорттық өнімдер өндіруге бағытталды. Ел экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі -44%, ауыл шаруашылығының үлесі -9%. Халықтың жартысына жуығы ауыл шаруашылығымен айналысады. Елде күріш, каучук, жүгері, қант құрағы, джут, мақта, темекі, шай өндіріледі. Мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде, құс және балық шаруашылығы өркендеген. Гүл өсіру, көкөніс, жеміс-жидек, теңіз өнімдерін өңдеу дамуда. Балық аулау, ағаш дайындау салалары көзге түседі. Тайланд қалайы және вольфрам өндіруден дүние жүзінде алдыңғы орында, қорғасын, мырыш, сүрме, флюорит, газ, мұнай өндіріледі. Елде зергерлік, авто құрастыру, мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі салалары даму үстінде. Туризм дамыған. Елге жылына 10 миллионнан астам туристтер каледі. Экспортқа- электрондық тауарлар, қалайы, каучук, пластик және зергерлік бұйымдар, ағаш, балық және теңіз жәндіктері өнімдерін, күріш, қант шығарынады. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, мұнай өнімдерін, тұтыну заттарын, кейбір азық-түлік өнімдерін, темір, болат әкелінеді.

Халық валютасы

Ақша бірлігі-Бат. 1 бат=100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1$=37 Бат болады. Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 1$ - дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 5 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған.

Халқы

Халық саны 66 милионға жуық (2004) . Банкок 12 млн-ға жуық тұрғыны бар қала. Ұлттық құрамының 75%-ы тай халықтары (сиам, лао, шан, т. б), 14%-ы қытайлар, 3, 5 %-ы малайлар, 7, 5%-ы халықтар(мон, кхмер, карен, т. б) құрайды. Халықтың көп бөлігін тайлықтар этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды бсым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады.

Климаты

Климаты- субэкваторлық, муссондық, ыстық әрі ылғалды. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Орташа айлық температурасы 20°С-ден 29°С-ге дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000-2000 мм шамасында. Малака түбегінде, таулы өңірлерде 5000 мм-ге жетеді. Ірі өзендері- Меконг, Менам т. б. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі - наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды.

Тілі

Мемлекеттік тіл - тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады.

Діні

Мемлекеттік дін - будда діні. Халқының басым көпшілігі пұтқа табынады (95%) . Сонымен қатар мұсылмандар (4%), християндар және индустар бар. Король конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.

Жергілікті уақыты

Мәскеу уақытымен айырмашылығы: қыста 4 сағат, жазда 3 сағат болады.

Курорттары

Банкок, Паттай, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.

Банкок

Бүгінгі күнгі Банкокнен алатын алғаш әсер қарсылықты сезім қалыптастырады. Мұнда бамбуктан жасалған лашықтармен қатар әйнек пен бетоннан салнған қазіргі заман талабына сай биік ғимараттар тұр!

Миллиондаған ұсақ айналармен жарқырап тұрған сәнді сарайлар мен шіркеулер, байлық, кедейлік; төменде орналасқан жіңішке көшелер мен жерден 15-30 метр биіктікте орналасқан жылдамды эстакадалар, сигнал басқан машиналардың үлкен ағымы, дәке танғышын байлаған полицейскийлар, қоңырқай киім киген будда монахтары мен пілдер, жеміс-жидектердің молдығы мен әртүрлілігі, тамақтың жұпар иісі, ашық ресторандар мен көше кафелеріндегі таңғажайып омарлар, устрицалар, рапандар, ұлылар және кальмарлар . . . барлығы да дайын емес адамға шыныменде ерекше әсер береді!

Банкоктың негізгі байлықтары болып: Будда шіркеуі мен Үлкен Король Сарайы кешені, Зари шіркеуі, Алтын қырат шіркеуі, Мәрмәр шіркеуі, король Рама ۷ (1868-1910) сүйікті ризиденциясы болып табылатын Вимак Мек сарайы мен «алтын» тик ағашынан жасалған ең үлкен ғимарат; экзотикалық ханзадалық екі палубалы қайықта; улы жыландарды өрбітумен қоса, уларынан баға жетпес дәрі жасаумен айналысатын Пастер институтының Жыланды фермасы; өнердің тамаша туындылары жинақталған Джим Томпсонның азиялық коллекциясы орналасқан Үй-музейі; әшекеймен қатпалған және алтын жапырақты ортағасырлық фрескалармен көркемделген Суан Паккад сарайы; дүние жүзі бойынша крокодилдарды өсірумен айналысатын ең үлкен ферма; ауданы 200 акр болатын ашық аспан астындағы музей «Көне қала»; көңіл көтеру және сауықтыру кешендері; әртүрлі тағамдар мен түнгі өмір.

Паттая

Бангкоктен мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгін Паттая тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, «Азиялық Ривьера» деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері кетіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша отельдер желісі және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған.

Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада

шексіз көңіл көтеру, - барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар - барлығын атап бістпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс.

Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын - сауық, демалыс орталығына айналады. Мұнда әртүрлі барлардың қайсысына отыруды таңдау қиынға соғады. Паттая сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністермен қатар қолданылатын өзінің су өнімдерімен әйгілі. Су өнімдері «Сингха» деп аталатын тайлық сырамен ішуге арналған тайлық тағамдарды жасауда қолданылады.

Пхукет

Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Пхукет Бангкоктен 892 километр қашықтықта орналасқан. Бангкоктен Пхукетке дейін ұшақпен ұшқандағы уақыт 50 минутқа созылады. Тура әуе қатынастары Гонгкокпен, Сингапурмен және Малайзиямен байланысқан. Пхукет материкпен автотрасса өтетін дамба арқылы байланысқан.

Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Ал тыныш жағдайда демалуды ұнататын адамдар үшін Панва жағажайы ең дұрысы. Мұнда теңіз аралдарының толық көрінісін көруге болады. Жағажай аэропорттан 42 километр, ал қаладан не бары 10 километр қашықтықта орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Сиамға көрші
Қазақстан мен таиландтағы туризм дамуының қазіргі жағдайы.
Үндіқытай мемлекеттері
Мемлекет нысаны және құрылым
Камбоджа Корольдігі
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
ТАЙЛАНД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz