Қазақстанда кеңестік мемлекет пен құқық жүйесінің пайда болуы және қалыптасуы


Жоспар:
1. Қазақстандағы кеңестік мемлекет
2. Құқық жүйесінің пайда болуы
3. Жаңа мемлекет
Қазақстанда кеңестік мемлекет пен құқық жүйесінің пайда болуы және қалыптасуы.
1917 жылғы социалистік революция Қазақстанда тұратын халықтардың өмірін түбірімен өзгертті. Мемлекеттік өкімет билігі кеңестердің қолына көшті. Кеңес өкіметі: патшалық империяның бұғауында зардап шеккен халықтарды революция құлдықтан құтқарады, - деп жариялады. 1917 жылдың 15(2) қарашасында Ресей халықтары құқығының декларациясы қабылданды, ол Кеңес мемлекеті ұлт саясатының негізгі принциптерін жариялады. Онда былай делінген: патшалық заманында Ресей халықтары бір-біріне айдап салынды. Сондай саясаттың нәтижесінде халықтар бір-бірімен қырқысты, олар жаппай қырғынға ұшырады, құлдыққа түсті. Декларацияда мынадай уәде берілді: халықтарды бір-біріне жауықтырудың мұндай масқара саясатына тыйым салынады. Халықтардың бір-біріне толық сенімі орнайтын ашық та адал саясат жүргізіледі. Одан кейін ұлт саясатының мынадай негіздерге сүйенетіні жарияланды: Ресей халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі. Ресей халықтарының өзін-өзі емін-еркін билеуге құқықтылығы, тіпті одан бөлініп кетіп, дербес мемлекет құруға дейін еріктілігі. Ұлттық және ұлттық - діни артықшылықтар мен шектеушіліктердің қандай түрлерінің болса да жойылатындығы. Ресей аумағында мекендейтін аз ұлттар мен этникалық топтардың емін - еркін даму бостандығы. «Ресей халықтары құқығының декларациясы» ұлт мәселесі жөніндегі ең алғашқы құжат болды. Дәл осындай тарихи маңызы болған басқа бір құжат «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» арналған Ресей халық комиссарлары кеңесінің үндеуі (1917 ж. 3-желтоқсан) еді. Үндеуін мұсылмандарға оның ішінде қазақтарға да арнай отырып, Кеңестік Ресей үкіметі былай деп мәлімдеді: « Бұдан былай сіздердің діни сенімдеріңіз бен әдет - ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекмелеріңіз ерікті және оларға ешкім қол сұға алмайды деп жарияланады.
Қазақстан халқының басым көпшілігі большевиктік ұрандарға сенді және кеңес үкіметінің іс-қимылдарын қолдады. Сондықтан да ол қантөгіс азамат соғысында жеңіп шықты. Кеңес мемлекеті өзінің уәделерін орындауға кірісті. Қазақстанда кеңестік мемлекет органдары құрыла бастады.
1920 жылы 26-тамызда Қазақ Автономиялық Республикасын құру туралы РКФСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті қабылданды. Қазақ АКСР - ы Ресей Федерациясының бір бөлігі деп жарияланды да, оған байырғы қазақ жерлері кіргізілді. Декретті әзірлеу кезінде Қазақстанның жер аумағы туралы мәселе үкіметте Қазақстанмен шекаралас Ресей аудандары өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет талқыланды. Қазақтардың өткен тарихын, олардың мекендеген жерлерін толық ескере отырып, Қазақстанның шекаралары анықталды. Қазақ автономиялық республикасының құрамына бұрыңғы әкімшілік шекараларын сақтай отырып, төмендегідей облыстар енгізілді:
а) Құрамында Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері бар Семей облысы;
ә) Құрамында Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір бөлігі бар Ақмола облысы;
б) Құрамында Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері бар Торғай облысы;
в) Құрамында Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездері бар Орал облысы;
г) Закаспий облысының Маңғышлақ уезі
ғ) Красноводск уезінің адайлық бес болысының төртеуі.
Қазақстан аумағының едәуір бөлігі ол кезде Түркістан кеңестік республикасына қарайтын. Декретте ол аумақтардың тағдыры сондағы халықтардың өз қалауымен шешіледі деп көрсетілді. 1924 жылы Түркістан республикасында ұлттық аумақтық межелену жүргізілді. Соның нәтижесінде Қызылорда, Шымкент, Алматы (Жетісу) облыстары Қазақ автономиялық республикасына берілді. Сөйтіп, 20-шы жылдардың ортасына таман Қазақстанның аумақтық құрылымы толық анықталып болды, сол құрылым осы уақытқа дейін сақталып келеді. Қазақстанның қазіргі аумағы қазақтардың ежелден бері мекендеп келе жатқан байырғы, ата-баба жерлері болып табылады.
1920 жылы қазан айында жоғарыда айтылған жарлықтың негізінде Қазақ республикасының алғашқы астанасы Орынбор қаласында құрылтай съезі шақырылып, ол Қазақ автономиялық республикасының құрылғаның жариялады. Съезд Қазақ республикасы еңбекшілерінің құқықтары декларациясын қабылдады. Бұл жай ғана декларация емес, кеңестік Қазақстанның тұңғыш негізгі заңы еді. Бүкіл үкімет билігі жоғарыдан төмен қарай заң жүзінде формальды түрде толығымен кеңестерге тиісті болды. Ерлер мен әйелдердің құқықтары тең екендігі жария етілді. Декларацияда еңбекшілердің тегін білім алуына, олардың денсаулығын қорғауға, кошпелілердің отырықшы тұрмыс салтына ауысуына, ұлттық тілді пайдалануына, еңбекшілердің рухани, саяси және әлеуметтік дамуына қамқорлық жасап, жағдай туғызуды мемлекет өз міндетіне алатыны жарияланды.
Дұрысын айту керек, белгіленген мақсаттардың бірсыпырасына қол жеткізілді. Халықтың сауытсыздығын жоюды қамтамасыз ететіндей білім беру жүйесі жасалды. Жас ұрпақ түгелдей оқуға тартылды. Ғылыми мекемелер жүйесі құрылды, ғылыми және техникалық интеллигенцияның көптеген өкілдері қалыптасты. Қазақтардың дүниежүзілік өркениет жетістіктеріне қол жеткізуінде орыс тілі прогресті рөл атқарады. Қазақ тілі ғылымының кәсіби өнер мен әдебиеттің тіліне айналды. Осы шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жүргізілгендіктен, жаңағы жетістіктердің бәрі кеңес мемлекетінің арқасында қамтамасыз етілген еді.
Қазақ автономиялық республикпсында заң қабылдайтын, ел басқару ісін, сот төрелігін жүзеге асыратын органдар құрылды. Заңдарды Кеңестердің республикалық съезі, сонда сайланатын. Орталық атқару комитеті және Халық комиссарлары кеңесі (үкімет) қабылдады. Үкімет заң қабылдаумен қатар басқару қызметін жүзеге асырды. Мемлекеттік органдар жүйесі өкімет билігінің бірыңғайлылығы принципіне негізделіп құрылды. Басқаша айтқанда, формальдық жағынан бүкіл мемлекеттік өкімет билігі заң бойынша кеңестердің барлық буындарына тиісті, ал оларды көп сатылы жүйе негізінде еңбекшілер сайлайды. Кеңестер барлық мәселелерді, тіпті оның ішінде атқарушы органдарға жүктелген міндеттерді де шешуде құқықты болды. Нақты билік кеңестердің яғни соларды сайлаған еңбекшілердің қолында емес, Коммунистік партия ұйымдарының, кәсіби партия қызметкерлерінің қолында болды.
Қазақ автономиясының атқарушы органы - Халық Комиссарлары кеңесі, ал жергілікті жерлерде облыстық, аудандық, қалалық атқару комиттері жанындағы солардың басқармалары, бөлімдері саналды. Комиссариаттар мемлекет өмірінің нақты салаларын басқару үшін құрылды.
Мемлекеттік органдардың барлық заңдары мен шешімдерінде мемлекет тек қана халықтың қамын ойлайды т. с. с. деп жазылды. Шынымен - ақ мемлекет еңбекшілердің материалдық, рухани, саяси мүдделерін ойлайтын ұйым болып көрінгендей еді. Қазақ автономиялық республикасы, ұлттық мемлекеттіліктің бір түрі бола тұрып, барлық ұлттар еңбекшілерінің мүддесін білдіруге тиісті еді.
Мемлекеттік органдардың қызметін Коммунистік партия, оның орталық және жергілікті органдары атқарады. Бір ғажабы, 1936 жылға дейін мемлекеттің және оның жергілікті органдарының саясаты мен қызметіне Коммунистік партияның ықпал ету мүмкіндігі туралы бірде-бір заңда айтылған емес. Тек қана 1936 жылғы КСРО Конституциясы мен 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясында: еңбекшілер арасынан неғұрлым белсенді және саналы азаматтар «еңбекшілердің барлық ұйымдарының, оның ішінде қоғамдық та, мемлекеттік те ұйымдарының жетекші ұйытқысы болып табылатын» Коммунистік партияға бірігеді деп жазылды. Алайда сол Конституция қабылданбай тұрып-ақ Коммунистік партия заңды бұзып, мемлекеттік өкімет билігін өз қолына қаратып алды, сөйтіп іс жүзінде мемлекеттің үстінен қарайтын мемлекетке айналды. Сөйтіп, Коммунистік партия, мемлекеттік органдардың зорлықшыл күшін пайдалана отырып, Қазақстан халқына социалистік тәртіптерді тықпалады. Зорлап ұжымдастырудың салдарынан ешқандай болашағы жоқ, экономикалық жағынан әлсіз ұжымшарлар құрылды; шаруалар оған бір кездегі Ресейде помещиктерге бекітілгендей еріксіз енгізілді. Шаруаларда құқық болмады, оларға төлқұжат берілмеді, олар ұжымшардан ешқайда кете алмады.
Осынау социалистік шаралардың қазақ ұлты үшін апатты зардабы болды. Ұлттық кеңес мемлекетінің «тарихи еңбегі» сол, 2 миллионнан астам қазақ, яғни ұлттың тең жартысы аштан қырылды, қуғын - сүргінде қаза тапты, басқа да қасірет азабының құрбаны болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz