Шыңғысхан



1. Кіріспе
2. Шыңғысханның дүниеге келуі
3. Шыңғысханның өлімі
Көтеген жүзжылдықтар бой Шыңсханның Ұлы да қанды бейнесі, оның өмірі мен кезеңіне бүкіл әлемдегі көп адамдар назарын аударған.
Бұл кітапта Ұлы Әлемді дүр сілкіндірушінің басшылық етуінің негізгі кезеңдері бсйнеленген сондай-ақ кітап, біздің күндерге дейін сақталып қалған монғол. қытай, мұсылман авторларының алғашқы деректері және алғашқы Еуропа саяхатшыларының Азияның шеткері аймақтарына саяхаты деректеріне негізделген. Темүжін-Шынғысханның өмір тарихына арналған. Бұл кітапта Шынғысханның өмірі оның жеке басының және ол өмір сүрген ортанын мінездемесі бейнеленген.
Монғол тайпасы қият-боржығындардың жетекшісі Темүжін, Есугей-баходырдын ұлы, талапты да батыл қолбасшы Керей талпаларының күшті одағынын басшысымен қарым-қатынасқа қол жеткізді және уақыт өте келе, бірде дипломатиялық жолмен бірде әскери күштің көмегімен барлық тайпаларды керейлермен қоса өз қол астына алуға қол жеткізді. 1206-шы жылы монғол шонжарларының құрылтайында Темүжін, ұлы хан -Шынғысхан болып жарияланды. Жаңа монғол мемлекеті, айқын көрінген. шонжарлық сипатқа ие болды. Ол орталықтандырылған әскери-әкімшілік жүйеге негізделген болатын. Олардың ең кішісі, жорықтар мен тұтқындауларға он әскер шығаруға міндетті, көшпенділер отбасыны» тобы болған. Ең ірісі - ханға 10000 әскер жинақтау мүмкіншілігін беретін иелік болатын.
Шынғысханға әлемнің түрлі тілдеріндегі көлемді әдебиеттер арналғаны бәрімізге белгілі. Біреулер Шыңғысханды ұлы жаулап алушы жәнс мықты тұлға деп, бұл қолбасшының жаулап алуларын таңданарлықтай бейнеледі. Келесі біреулері Шынғысханнын жеке бас жетістіктерін, әскери және ұйдастырушылық қабілетін мақтады. Бір жағынан кейбір авторлар Шыңғысханның қызметін даттады және оны жабайы аң ретінде суреттеді. Алайда, көптеген авторлардың ойынша. Шыңғысханның қызметін, болып жатқан тарихи аясын есепке ала отырып бағалап, қарастырған жөн. Шынғысханның қитұрқы саясатпен астасқан стратегиялық және тактикалық өнері қандас тайпалардың бірігуінде, сондай-ақ басқа елдерді жаулап алуда табысқа жетудің басты факторларының бірі болып табылады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Шыңғысханның дүниеге келуі
Шыңғысханның өлімі

1. КІРІСПЕ

Көтеген жүзжылдықтар бой Шыңсханның Ұлы да қанды бейнесі, оның өмірі
мен кезеңіне бүкіл әлемдегі көп адамдар назарын аударған.
Бұл кітапта Ұлы Әлемді дүр сілкіндірушінің басшылық етуінің негізгі
кезеңдері бсйнеленген сондай-ақ кітап, біздің күндерге дейін сақталып
қалған монғол. қытай, мұсылман авторларының алғашқы деректері және алғашқы
Еуропа саяхатшыларының Азияның шеткері аймақтарына саяхаты деректеріне
негізделген. Темүжін-Шынғысханның өмір тарихына арналған. Бұл кітапта
Шынғысханның өмірі оның жеке басының және ол өмір сүрген ортанын
мінездемесі бейнеленген.
Монғол тайпасы қият-боржығындардың жетекшісі Темүжін, Есугей-
баходырдын ұлы, талапты да батыл қолбасшы Керей талпаларының күшті одағынын
басшысымен қарым-қатынасқа қол жеткізді және уақыт өте келе, бірде
дипломатиялық жолмен бірде әскери күштің көмегімен барлық тайпаларды
керейлермен қоса өз қол астына алуға қол жеткізді. 1206-шы жылы монғол
шонжарларының құрылтайында Темүжін, ұлы хан -Шынғысхан болып жарияланды.
Жаңа монғол мемлекеті, айқын көрінген. шонжарлық сипатқа ие болды. Ол
орталықтандырылған әскери-әкімшілік жүйеге негізделген болатын. Олардың ең
кішісі, жорықтар мен тұтқындауларға он әскер шығаруға міндетті, көшпенділер
отбасыны тобы болған. Ең ірісі - ханға 10000 әскер жинақтау мүмкіншілігін
беретін иелік болатын.
Шынғысханға әлемнің түрлі тілдеріндегі көлемді әдебиеттер арналғаны
бәрімізге белгілі. Біреулер Шыңғысханды ұлы жаулап алушы жәнс мықты тұлға
деп, бұл қолбасшының жаулап алуларын таңданарлықтай бейнеледі. Келесі
біреулері Шынғысханнын жеке бас жетістіктерін, әскери және ұйдастырушылық
қабілетін мақтады. Бір жағынан кейбір авторлар Шыңғысханның қызметін
даттады және оны жабайы аң ретінде суреттеді. Алайда, көптеген авторлардың
ойынша. Шыңғысханның қызметін, болып жатқан тарихи аясын есепке ала отырып
бағалап, қарастырған жөн. Шынғысханның қитұрқы саясатпен астасқан
стратегиялық және тактикалық өнері қандас тайпалардың бірігуінде, сондай-ақ
басқа елдерді жаулап алуда табысқа жетудің басты факторларының бірі болып
табылады. Шыңғыс әскерлеріндегі темір тәртіп, кіш-кентай тәртіп бұзушылық
үшін өлім жазасына бұйыру қаупімен астасты. Шыңғысхан қолбасшылардың жаулап
алушылыққа ынтызарлығын әрқашан ескеретін. Татарлармен шешуші шайқас
алдында ол өз қолбасшыларына: Егер біз қарсыласты ол жағында болудан
ығыстырсақ, онда соңғы талқандаудан кейін біз бұл олжадан айырылмаймыз.
Сіздің қолыңыздағы кітапта артық бояусыз, сол жылдардағы болған
жағдайлар, алыстағы өткен шақтың қызықты деректері, Шыңғысханның жаулап алу
соғыстарының сұмдықтары мен талқандаулары, оның тағдырының ұлылығы мен
қасіреті бейнеленген.

1. ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ.
Болашақ Шыңғысхан бір деректер бойынша 1162-ші, ал келесі бір деректер
бойынша 1155-ші жылы туылған. Әкесі Есугей-баходыр, татар басшысы -Темүжін-
үгені тұтқынға алғандықтан, ұлына Темүжін деген ат қойған.
Есугей Бартан-баходырдың ұлы және Қабылханның немересі болған. Ол хан
болған жоқ, ол баходыр (батыр) атағын иеленді. Есугей Хұтұл-ханның
цзиньцзалармен соғысына белсенді қатысты.
Ол 1161-ші жылы болған талқандаудан ес жиған моңғол қолбасшыларының
алғашқыларының бірі болды. Есугей-баходыр басқа тайпаларға жорықтары мен
шабуылдарын сәттілікпен аяқтап, көптеген қызметшілер мен үлкен мал
отарларын иеленді. Байқалғанындай, оның қол астында қият-боржығындардан
басқа да монғол одақтары болған. Рашид-ад-діннің оны моңғол тайпаларының
көпшілігінің басшысы деп атауы да бекср емес. Есугей бірде өз ұлкен ұлы
Темүжінді, Бөртеге құда түсіп, моңғолдың көне дәстүрі бойынша, ұлын белгілі
бір уақытқа құдасыың үйінде қалдырып кету үшін, қоңырат тайпасынан шыққан
Дай-сешенге ертіп барды. Қайтар жолда оны, жауласып жүрген татарлар танып
қойып, оған у беріп өлтірді.
Темүжінің, болашақ Шыңғысханның әкесі, сүйегі Қият, Боржығын руынан
шыққан Есугей-баходырдың түрлі тайпалардан шыққан көптеген әйелдері болған.
Олардың үлкені Меркіттің Эке-Чиледуінен еді. Ол былай болған.
Сол кезде Есугей-баходыр Онону өзенінің бойында құс аулап жүріп, өзіне
алқоңыт тайпасынан қыз алып үйлену тойынан келе жатқан Меркіттің Эке-
Чиледуіне кез болды. Күймеге үңіліп, ерекше сұлу қызды көріп таңырқаған ол,
үйіне барып өзінің үлкен бауыры Некүн-тайшы мен кіші бауыры Дәрітай-
Отшығынды ертіп келді. Бұлардың жақындағанын көрген Чиледу шошып кетті,
бірақ оның астында Құрдұн-құба сәйгүлігі болды. Ол құбасының санын аямай
сабалап, шоқынын артына шауып кетпекші болғанымен, анау үшеуі қалар емес.
Чиледу қыратты айналып, өз күймесіне оралғанда, Оэлун оған былай деді:
- Бұл адамдардың ойын түсіндің бе? Істің сенік өмірің жайында екендігі
беттерінде тұр ғой. Сен Аман-есен болсаң, қыз немесе әйел әр күймеден
табылады. Саған Оэлун деген атпен басқа қызды атауыңа тура келіп тұр-ау
деймін Сақтан, мені сүй де, кет бұл жерден!
Осы сөздерден соң ол өз жейдесін шешті және тіпті аттан түспей оған
иілген жігітке ұмтылған еді, қыраттың ар жағынан анау үшеуі келіп жетті.
Өзінің Құрдұн-құбасын байлап, Чиледу Онону өзенін бойлай, жоғары қарай қаша
жөнелді. Қуғыншылар оның алыстығына көз жеткізіп, қайта оралды. Есугей-
баходыр Оэлунның атын ауыздығынан ұстады, үлкен бауыры Некүн-тайшы алдында,
ал кішісі Дәрітай-Отшығын дәл жанында жүріп отырды. Олар осылайша келе
жатты, ал Оэлун болса:
- Көкем Чиледу! Сенің бұйра шашыңды қарсы соққан жел де жаза алмаған.
Шөлді жерде сен ешқашан ашықпадың. Енді қалай болды? Қос бұрымын біресе
арқасына, біресе кеудесіне, біресе алдына, біресе артына лақтырған ол, енді
қалай кетесің деп ыңырси айғайлағаны соншалық,
Оноң-өзен тсрбелді,
Жаңғырығы ту орманнан естілді.

Үйге жақындаған кезде оның жылауын Дәрітай-Отшығын басты:
Қалағаның сенің көп асудан асты.
Жоқтағаның сенің көп сулардан асты.
Қанша бақырсаң да ол саған келмейді!
Қанша шақырсаң да оның ізі де жоқ
Өшір үніңді!
Ол оны осыдан тоқтатты. Дәл осында Есуген Оэлунды өз үйіне алды.
Есугейдің Оэлунчжинаны алып қашуы осылай болған.
Ол жылдары моңғол қыздары күйеуді өздері таңдамайтын. Олардың тағдырын
әкелері немесе соқыр жағдай шешті. Монғол руы экзоғамды болды, ол, монғол
жігіті өз руы қызына үйлснуге тыйым салынды деген сөз, Рулар ортақ
жайылымдарды мекендеді. Жақын жердс басқа рудар болмағандықтан, әйел алута
шеткері аймақтарға баруға тура келді. Сондықтан қыздарды, ыңғайы келгенде
алып-қашып кетті. Оэлун Чиледуға ата-анасының келісімімен барды ма, әлде ол
оны алып-қашып кетті ме, бізге ол беймәлім. Бірақ Чиледудің Оэлунға
ұнағандығы сөзсіз. Олай болмаса, ол сүйіктісіне қоштасар сәтте өз жейдесін
сыйға тартпас еді, өзінің және оның тағдырын былай жоқтамас еді:
Онон-өзен тербелді,
Жаңғырығы ту орманнан естілді.
Жылап отырған оны Есугей-баходырдың тұрағына алып келе жатқамда,
Есугей андаусызда оның күймесіне көз салғанда, кейінірек оның сүйіктісі
Чиледуден тартып алып кеткенде оның атының жүгенін батылдықпен ұстаған
сәтте, ол, тағдырдың оған Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінті кең-
байтақ аумақтағы халықтарды тек өзінің есімімен ғана шошытатын ұлдың анасы
болуды жазғанын білген жоқ.
Темүжін Оэлун мен Есутей-баходырдың тұңғышы болды. Оның дүниеге
келуінің алдында Есугей басқа татар-моңғол тайпалары - татарларға қарсы
моңғол жорығына қатысты. Бұл тайпалардың қастасуы күшейе түсті, өйткені,
осыным аз алдында татарлар, солтүстік Қытайда басшылық еткен, Цзинь (Алтын)
династиясының императоры, оны конс татар-монғодар атағандай, қытайлық Алтан-
қағанға моңғол хандарының бірі - Амбағай-қағанды сатқындықпен ұстап берді.
Жүржендер татарлардың бұл сыйына риза болды. Олар баяғыдан бері өз
елшілерін өлтіргені үшін, шекараларын мазалағаны үшін, моңғолдардаң кек
алудың жағдайын ойластырған еді. Жүржендердің үлкендігін мойындаған
татарлар, жүржен императорының алдында беделін көтеру үшін өзінің қызын
татар тайпаларының біріне ұзатуға келген Амбағай ханды сатқындықпсн ұстап
алып, оны Цзинь императорына алып келді. Император Амбағай ханды ағаш
орындыққа тірідей шегслеп, қатаң жазалады. Аңыз бойынша Амбағай олер
шағында моңғолдарға. Бес саусақтың тырмағы түскенше тұрмақ, он саусақтан
түгсл айырылғанша мсн үшін кек алыңдар! - дсп айтып ксткеп екен. Амбағай
ханның өлімі туралы хабарды моңғолдарға жүржендердің бүкіл татар-моңғол
даласына Амбағайдың қайғылы тағдыры жөнінде айтып, Цзинь империясынын
шекарасының тыныштығын бұзуға ұмтылғандарды қорқыту үшін әдейі жібсрілген
нокер Балағашы жеткізді. Амбағай хан үшін ең алғашқы кек алу жорығы, татар
сатқындарына қарсы жүргізілген жорық болды. Татарлар жеңіліске ұшырады, ал
тұтқындардың ішінде татар қолбасшыларының бірі Тсмүжін дс болды. Дәл осы
кезде Есуген жәнс басқа моңғол хандары тұтқындар мсн үлкен олжаларын алып,
жеңіспен үйіне, Делиұн-бұлдақ жайлауына (қазіргі Нерчинек қаласынан 250
шақырым жсрдсгі, Онон өзенінің оң жағындағы Делиүн-бұлдақ) оралған ксзде
Оэлунның ұлы дүниегс келді. "Ал оның туылатын уақыты жеткен кезде,
Шыңғысхан өзінің оң қолында қатқан қан ұйындысын алақанына қыса дүнисге
келді. Есугей батыр баласының туылуын жауды жеңу сағатымен сәйкес келуін
бақыттың белгісі деп санап, оған өзінің беделді тұтқыны Темүжіннің есімін
бсрді. Ксйбір ғалымдардың пікірінше Темүжін есімі ежелгі моңғол тілінен
аударғанда ұста дсгснді білдіреді екен.
Бұл оқиға 1155 жылы болды.
Монғол жазбаларының шегінде Темүжіннің генеалогиясын былайша
суреттеуге болады. Ботанша руының шөбересі болған атасы Хайду руының
рубасы, моңғолдардың аңыз анасы Алан-құбаның ұлы, өз екі бауыры сияқты
аспаннан жаратылу мөрімен белгіленген болатын.
Аңыз бойынша оның ұлдары әр түн сайын киіз үйдің түндігі арқылы оның
төсегінің жанында пайда болатын аққұбаша адамнан туылған болатын. Хайдудын
ұлы, Байшынғор-доқшын Түмбінай-сешеннің, Темүжіннің арғы атасы Қабыл он
екінші мыңжылдықтың басында хан аталып бүкіл моңғолдарлы билеп, Цзинь
шекараларының тыныштығын алған.
1135-ші жылдан кейін Қабыл-хан Цзинь императоры Холомнын (1135-1149)
таққа отыру салтанатына барды. Басында жүржендер моңғолдарды жақсы қарсы
алып, олардың күрметіне той жасады. Алайда қайтар жолда оның сарайға қайта
оралуын ұсынған хан қуғыншысы келді. Тығырыққа тірелуден қорыққан Қабыл-хан
бұл ұсныстан бас тартты. Ал жүржендер оны күштеп алып кетуге әрскет
жасағанда қашты. 1137-игі жылы Қабылға жүржен елшісі келді. Хан елшілерді
өтірді. Сол уақытта жүржендер моңғолдарға қарсы жорық бастады. Манчжуриядан
шығып Нолли өзеннің бойымен олар монғол далаларының шеткері аймақтарына
кіріп кетті. Бірақ дала жорықтарының қиыншылығына шыдай алмаған олардың
әскері кері қайтуға мәжбүр болды. Хайларгөл өзенінің маңында оларға
монғолдар лап қойып, жайратты. Қабыл-хан өлген соң билік оның айтуынша оның
ұлдарының біріне емес, Хайдудың немсресі жәнс Темүжіннің арғы атасы
Түмбінай-шешеннің немере ағасы Амбағай-қағанның қолына өтті. Амбағай қаза
болғаннан кейін моңғолдар Темүжіннің әкесі Есугей-баходырдың нсмере ағасы
Қабылдың баласы Құтлықты хан санлады.
1143-ші жылдың аз алдында Құтлық жүржсндсрге шабуыл жасап, Цзинь
импсриясының шскаралық аудандарын тонап алғаны белгілі. Егер бұл Амбағай
үшін кек алу болса, онда Амбағай Шынғыстың туылуынан он бсс жыл бұрын 1140-
шы жылы қаза болған.
Құтлықтың жорығына жауап ретіндс Цзинь қолбасшысы Үшжу монғолдарға
қарсы қайта шабуылға шықты. Жорық сәтсіздікпен аяқталды, жәнс 1147 жылы
жүржендср Моңғолдармен жүргізген бейбіт келіссөзінің шарттары бойынша
цзиньдықтар Моңғолия территориясындағы өз бекіністерінсн бас тартып, жыл
сайын моңғолдарға белгілі бір шамада мал - қой, сиыр және азық-түлік
жібсріп тұруға міндеттенді (Ш.Сандаг). Темүжіннің атасы Бартан батыр -
Қабылдын баласы және Құтлықтың ағасы болды. Құтлық өлгсннен ксйін XII
ғасырдың ортасында моңғолдардың бірлестігі бұзылып, оның ұрпақтары өз
ұлыстарымен өмір сүрді.
1161-ші жылы (Темүжін ол кезде алты жаста еді) жүржендер татарлармен
одақтаса отырып, Бұйыр-Нұр өзенінің маңында моңғолдарды жеңіліске ұшыратып,
моңғолдар мен татарлар арасындағы өшпенділікті терсңдете түсті.
Есугей-батыр, бірнеше моңғол ұлыстарын біріктірген ұлыстың басшысы
болды. Оның өмірі соғыстар мен жорықтарда етті және оның ерлігі мен
тегеурінінен қорыққан достары мен дұшпандарының кепшілігі өз өмірін сақтап
қалу үшін бағынды, сондықтан оның жағдайы мен ісі түгелдей өз жөнімен
жүріп, тамаша жағдайда болды (Рашид-ад-дін).
Темүжін тоғыз жасқа келгенде, Есугсй оған Оэлунның руынан (Темүжіннің
шешесі) алқоңыт руынын қызына құда түспекші болды. Баланы өзімен бірге
ертіп алып, ол жолға шықты. Жолда оларға қоңырат руынан шыққаң Дай-сешен
кездесті:
- Есугей құда, қайда жол тарттыңыз?
- Мен өзімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғысханның билік басына келуі
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ ТҮРІК-МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Шыңғыс хан әулеті
Монғол-татар шапқыншылығы
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
Пәндер