Цинь Шихуанди (б.д.д. 259-210 жылдар)
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Цинь империясының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ. Цинь Шихуандидің ішкі саясаты ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІІ. Цинь империясындағы Шихунди жүргізген
сыртқы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 25

Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт – жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген қызығушылыққа толы. Ұлы Қытай халқының өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси – философиясының негізін салушыларының бірі Конфуций болса, Ұлы Қытай тарихынан үлкен ойып орын алған Цинь империясының құрылуы және Цинь империясының “тұңғыш императоры” Шихуандидің көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге көмектеседі, олардың Қытай қоғамының тарихына, соның ішінде Цинь Шихуанди жүргізген ішкі және сыртқы саясатына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс – тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған мызғымас идеологиямен танысамыз.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – қытайдың ежелгі тарихындағы Цинь империясының құрылуы және жүргізілген саяси реформалар мен идеологиялық ойлардың дамуына тарихи талдаулар жасау; Цинь Шихуандидің негізгі ілімін сараптаудан өткізу және ерекшеліктерін көрсету. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Ежелгі Қытай тарихындағы саяси ойлардың негіздері мен ерекшеліктерін анықтау;
- Негізгі рухани құндылықтарын көрсету;
- Ежелгі Қытай тарихындағы Цинь Шихуандидің алатын орны мен саяси ыпалын анықтау;
Зерттеу жұмысымыздың жаңалығы.
Курстық жұмысымыздың ғылыми жаңалығы – қытайдың ежелгі тарихындағы саяси реформалар мен идеологиялық ойлардың және Цинь Шихуанди саясатының құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына тарихи - әлеуметтік тұрғысынан талдаулар жасау;

ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
Цинь Шихуанди
(б.д.д. 259-210 жылдар)
Орындаған: ІІІ курс, Қытай тілі бөлімінің студенті
Ризабеков Ауелбек
Тексерген: Бектурганова Перизат Ержанқызы
АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ
беттер
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Цинь империясының құрылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ. Цинь Шихуандидің ішкі саясаты
... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІІ. Цинь империясындағы Шихунди жүргізген
сыртқы саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың
тамыры тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт –
жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының
ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан
күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы
мен мәдениетіне деген қызығушылыққа толы. Ұлы Қытай халқының өткеніне көз
жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси –
философиясының негізін салушыларының бірі Конфуций болса, Ұлы Қытай
тарихынан үлкен ойып орын алған Цинь империясының құрылуы және Цинь
империясының “тұңғыш императоры” Шихуандидің көзқарастарымен танысатын
болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге
көмектеседі, олардың Қытай қоғамының тарихына, соның ішінде Цинь Шихуанди
жүргізген ішкі және сыртқы саясатына, психологиясына, қытай халқының ойлауы
мен жүріс – тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған
мызғымас идеологиямен танысамыз.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – қытайдың ежелгі тарихындағы
Цинь империясының құрылуы және жүргізілген саяси реформалар мен
идеологиялық ойлардың дамуына тарихи талдаулар жасау; Цинь Шихуандидің
негізгі ілімін сараптаудан өткізу және ерекшеліктерін көрсету. Осы мақсатқа
жету жолында зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ежелгі Қытай тарихындағы саяси ойлардың негіздері мен
ерекшеліктерін анықтау;
Негізгі рухани құндылықтарын көрсету;
Ежелгі Қытай тарихындағы Цинь Шихуандидің алатын орны мен саяси
ыпалын анықтау;
Зерттеу жұмысымыздың жаңалығы.
Курстық жұмысымыздың ғылыми жаңалығы – қытайдың ежелгі тарихындағы
саяси реформалар мен идеологиялық ойлардың және Цинь Шихуанди саясатының
құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына тарихи - әлеуметтік тұрғысынан
талдаулар жасау;
Курстық жұмысының құрылымы:
Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, негізгі
бөлімнен, негізгі бөлім үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мәселесі қойылып,
негізгі аппараты белгіленіп: зерттеу мақсаты, ғылыми міндеттері және оның
ғылыми жаңалығы берілген.
Негізгі бөлім:
• бірінші тарауы “Цинь империясының құрылуы” деп аталып, онда Ежелгі
Қытай тарихындағы өшпес дерекке бай Цинь империясының құрылу тарихы
және қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік - тарихи жағдайлар
баяндалады.
• Екінші тарауы “Цинь Шихуандидің ішкі саясаты” деп аталады. Бұл тарауда
Цинь империясының тұңғыш императоры Шихуандидң сара жолы мен өз
империясына жүргізген ішкі саясаты жайында айтылады.
• Үшінші тарауы “Цинь империясындағы Шихунди жүргізген сыртқы саясат”
деп аталып, онда Шихуанди жүргізген сыртқы саясаты, оның ішінде елдің
солтүстігі мен оңтүстігіндегі жорықтары және Ұлы Қытай қабырғасы
жайында баяндалады.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде қорытындылар мен
ұсыныстар жасалады, болашақта зерттеу проблемасының келешек бағыттары
көрсетіледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Цинь империясының құрылуы
Біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасырдың ортасынан бастап күшті
патшалықтардың арасынан шеткері солтүстік – батыста жатқан Цинь патшалығы
кенеттен алға ұмтылып бөлініп шығады. Вэйхэ өзенінің құнарлы аймағында
орналасқан бұл патшалық табиғи ресурстарының байлығы және әр түрлілігімен
және географиялық тиімді орналасуымен ерекшеленетін. Шығыс жағынан
орналасқан көрші патшалықтардың шабуылынан Хуанхэ өзені және биік тау
жоталары сияқты табиғи шептермен қорғалған Цинь патшалығы, сондай – ақ
Хуанхэ өзенінің орта ағысында орналасқан патшалықтар мен шекаралық
тайпаларға шабуыл жасауға аса қолайлы стратегиялық маңызды жағдайға да ие
болды. Солтүстікте өмір сүріп отырған тайпалармен арадағы сауда Цинь
патшалығының баюының көзі болды. Ал бұл тайпалар ежелгі Қытай
патшалықтарының Орталық және Орта Азия елдерімен саудасында делделдық
қызмет атқаратын еді. Ұзақ уақыт бойы Цинь астанасы болған (б.д.д 771-382
жж.) Юнчэн (Шэньси провинциясы) орналасты деген жерде соңғы жылдары
жүргізілген қазба жұмыстары Цинь патшалығының материалдық мәдениетінің
жоғарғы деңгейде дамығандығын көрсетті. Бұл жерден табылған б.д.д. ІҮ ғ.
Аяғына жататын темірден жасалған бұйымдар, бүкіл Қытай территориясынан
табылған ең ерте кезге жататын темір заттар болып саналады. Сөйтіп, Цинь
патшалығы ежелгі Қытайдың темір өндірудің ең көне орталығы болғандығын
көреміз. Қазба жұмыстары қаланың қалың дуалдармен қоршалған түзу төрт
бұрышты жобасын тапты, оның көлемі 11 шаршы км. Созылған, қала ішінде
сарайлар, ғибадатханалар және базар алаңы орналасқан. Қала маңынан мүрделер
табылған, олардың ішіндегі ең үлкені Цинь патшасы Цзин – гун (577-537)
жерленген мола, оның тереңдігі 24 метрге жетеді, бұл Қытайдың ең ірі де
көне молалардың бірі болып есептеледі. Б.д.д. Ү ғаырға дейін Цинь
патшалықтардың арасында тартысқа онша көп түспеген және ол “жеті күшті
патшалықтардың” ішіндегі әлсіздеуі деп саналған. Кейіннен оның күрт күшейіп
кетуіне себеп болған жоғарыда айтып кеткен Шан Янның жүргізген саяси -
әкімшілік, финанстық – экономикалық және әскери шаралары еді. Шан Янның
заңдары қауымның ішінен бөлініп шыққан ауқатты шаруашылықтардың мүддесіне
қайшы келді. Оның кезінде мұрагерлік ақсүйек рулардың күш – қуаты
мемлекеттің бірыңғай әкімшілік бөлініске түсуімен күшінен айрылған еді.
Шан Янның салмақ, ұзындық және көлем өлшемдерін бір жүйеге келтіру,
сондай – ақ ақша реформасын рыноктық қатынастардың дамуын жеделдетті. Шан
Ян астықтан алынатын салықтың орнына өңделетін жердің көлемінен салық алуды
енгізді, сөйтіп табиғаттың қолайсыз жағдайларынан болатын шығындардың бәрін
қазынадан енді егіншінің мойнына артты.
Цинь мемлекеті ірі жер иеленуші және құлиеленуші елге айнала бастады.
Шан Ян үкіметінің негізгі назары ауылшаруашылығы өндірісінің өнімділігін
арттыру мен әскери істерді дамытуға аударылды. Мемлекеттің игерілмей бос
жатқан жерлерін пайдалануға көрші патшалықтардан қоныс аударушылар Цинь
жеріне ағылып келе бастады. Қару – жарақ жасау құқын тек мемлекет иеленді.
Әскерилер - әкімдік рангідегілер – цин қоғамының ең қадірлі топтары болды.
Шан Ян құқықтық заңдардың күш – қуатына барынша сенім артқан адам
болды және ол фацзя мектебінің негізін салушы да еді. Бұл сонымен бірге
құқық пен өкімет билігінің өзара қарым – ақтынасы мәселесі биліктің жеке
билеп – төстеу түрін таңдаумен ерекшеленді. “Аспанда екі күннің болуы
мүмкін емесі сияқты халықтың да екі билеушісі болмайды” деді Шан Ян, яғни
бұл жерде ол Конфуцийдің беделіне арқа сүйейді.
Шан Янның жүргізген іс әрекеттері Цинь патшалығына орталықтанған
әскери – бюрократиялық мемлекеттің сипатын берді.
Көнеден келе жатқан текті әулеттің өкілдері барлық артықшылықтарынан
айрылып, биліктің дәмін татудан қалады. Бұл олардың қатты ашу – ызасын
тудырады да, Цинь патшасы қайтыс болған соң, Шан Янды жазаға тартып,
өлтіреді. Бірақ оның реформалары өз күшінде қалады. Шан Ян жүргізген
реформалардан соң, соның ішінде ең маңыздысы - әскери реформа кезінде
қоладан жасалған қару – жарақтардың орнына темір қару – жарақ келеді, ал
дөңгелекті арбалар – атты әскерге ауыстырылады. Нәтижесінде Уцинь патшалығы
мемлекеттің түрі жағынан әскери – бюрократиялық монархияға айналып, ежелгі
Қытайдағы ең күшті әскери державаға айналып, шапқыншылық жолға түседі. Ең
алғашқы шабуылға ұшыраған Сычуаньдағы Шу – Ба аймағы болды. Бұл жері
құнарлы, кен байлығы мол (әсіресе темірге) Цинь мен Чу патшалығының
арасында талас тудырған аудан болды. Циньдіктердің бұл жерде жүргізген ірі
суару жүйелерінен соң, ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің өте бай көзіне
айналды. Сычуанның байлығына ие болған циньдіктер шапқыншылық әрекеттерін
одан әрі жалғастырды. ІҮ ғасырдың аяғында циндіктер Ханьшуй өзенінің батыс
жағын басып алып, Чу, Вэй және Хань патшалықтарының циндіктерге қарсы
құрған коалициясы дәрменсіз болып шықты, олардың әрқайсысы бірінен соң бірі
территорияларынан айырылып, ақыр соңында сатып алу, алдау – арбау,
шағыстыру жолымен циньдіктер өздеріне қарсы тұрған коалицияны б.д.д 278
жылы құлатып, Чу патшалығының астанасы Ин қаласын басып алады. Бірақ бұл
патшалық көне астанасынан айрылған соң да Циньге аса қауіпті бәсекелес
болып тұрды. Көп ұзамай Цинь енді Чжао патшалығымен жүз мыңдаған адамның
қанын төккен қырғын соғысқа кірісті. Бірақ бұл патшалықтар өздерінің
бірқатар жерлерінен айырылса да Цинь үшін әлі де үлкен қауіп төндірген күш
болып қала берді. Б.д.д. 241 жылы Вэй, Хань, Чжао және Чу Циньге қарсы жаңа
әскери одақ құрады. Бірақ бұл жаңа әскери циньдіктерге тағы да Янь және Ци
патшалықтары қарсы тұрды. Б.д.д. 238 жылы цинь тағына жігерлі де жас
билеушісі Ин Чжэн отырды. Міне осы патшаның тұсында барлық Циньге қарсы
тұрушылар бірінен соң бірі билігінен, жерінен айрылып, он жеті жыл үздіксіз
жүргізілген соғыстың нәтижесінде жеңіліс тауып тынады. Әрбір басып алынған
елдің астанасы Ин Чжэн жермен – жексен етіп жойып жіберуге бұйрық береді.
221 жылы циньдер ең соңғы дербес патшалық – Шаньдундегі Цинді басып алады.
Б.д. дейінгі ІҮ ғасыр мен ІІІ ғасырдың басында Қытайдың ыдырауы өзінің
жоғарғы шегіне жетті де, мұның өзі өндіргіш күштер мен айырбастың дамуына
кедергі жасады. Біртұтас суландыру жүйесін жасау және өзен суларын бүкіл ел
көлемінде белгілі жүйемен бөліп отыру үшін әр түрлі аймақтардың күш
біріктіруі керек еді, ал бұл бытыраңқылық жағдайда мүмкін болмады.
Бөгеттерді өзге аудандармен келіспей салудың өзі табиғат апаттарына
ұшыратып отырды. Екінші жағынан жауласушы патшалықтардың шекараларындағы
кедендік кедергілер шаруашылық қарым-қатынасқа бөгет жасады. Саудамен
айналысушы топтың мүддесі елдің әр түрлі бөліктерін тығыз біріктіруді қажет
етті. Сонымен бірге таптық күрестің күшеюі мен көшпелілердің қауіп төндіруі
де билеуші топтар арасында елдің бірлігін қайта қалпына келтіруге деген
талпыныстар туғызды. Ішкі және сыртқы жауларды басып отыру үшін қытай құл
иеленушілері орталық биліктің күшейтілуін қалады.
Елді қайта біріктіру процесінде Қытайдың батыс аймағын қаратып және өз
билігін оңтүстік өлкелерге де, Янцзы өзенінің жағасына дейін жүргізіп
тұрған Цинь патшалығы басты роль атқарды.
Б.д. дейінгі ІҮ ғасырда Цинь патшалығында маңызды реформалар жүзеге
асырылды, оның инициаторы Шан Ян атты сановник еді. Мемлекет қызметіндегі
аристократияға және саудагер - өсімқорлар топтарына сүйене отырып, бұл
реформалар патриархалды жанұя негіздері мен селолық қауымға күшті соққы
береді. Шан Ян ірі жанұялардың ұсақталуы мен олардың дүние мүліктерінің
бөлініп отыруын қолдады, сондай – ақ қауымдық үлес жерлерді ашықтан ашық
және ешқандай кедергісіз сатуға және сатып алуға рұқсат етті. Алым салық
күшейе түсті. Ол түсімнің көп, аз алынғанына қарай салынбады, сондықтан
егін шықпай қалған жылы белгіленген мөлшердегі азық-түлікті (жерінің
көлеміне қарай) тауып бере алмаған қауым мүшелері күйзеліске ұшырап,
жерінен, кейде тіпті жеке басының бостандығынан да айырылып отырды.
Цинь патшалары осындай жолдармен аса көп қаржы жинап алды, бұл оларға
армияны қайта құруға мүмкіндік берді. Қола қару – жарақтар толық дерлік
темір қару – жарақтармен алмастырылды. Қос дөңгелекті әскери арбаларды
барған сайын, көршілес дала тұрғындарының үлгісі бойынша жасақталған,
жылдам қозғалуға және соғыс әрекеттеріне қолайлы атты әскерлер ығыстырып
шығара бастады. Қатаң тәртіп орнатылды және ынталандыру мен сыйлық тартудың
тұтас жүйесі жасалды.
Шан Янның реформалары арқасында Цинь патшалығының армиясы жауынгерлік
сапасы жөнінен өзге қытай патшалықтарының әскерлерінен асып түсті, мұның
нәтижелері кейінгі қырқысу соғыстарында көрінді. Б.д. дейінгі ІІІ ғасырдың
алғашқы жартысында Цинь патшалары өздерінің барлық қарсыластарын жеңіп
шығады. Б.д. дейінгі ІІІ ғасырдың орта шенінде Чжоу династиясы іс жүзінде
ғана емес, ресми түрде де өзінің билігінен айырылды.
Елді біріктіру Ин Чжен патшалық құрған уақытта (б.д. дейінгі 246 – 210
жылдар) толық жүзеге асты, ол Қытай территориясындағы барлық патшалықтарды
түгел өз қол астына бағындырды. Б.д. дейінге 221 жылы ол император (хуанди)
титулын қабылдап алады және бұдан былайғы жерде Цинь Шихуанди (Циньның
бірінші императоры) аталады.
Сөйтіп, б.д.д 221 жылы Цинь империясы елді біріктіру жолындағы ұзақ
күресін жеңіспен аяқтады. Бөлшектенген патшалықтар орнына енді бір
орталыққа бағынған біртұтас империя құрылды. Бұл қытай қоғамы дамуының
тарихындағы прогрессивті қадам болды. Осыдан кейін Ин Чжэн өзіне ең жоғарғы
жаңа билік белгісі – хуанди деген атақ алады (Хуанди – император деген
ұғымға сәйкес). Ежелгі Қытайдың бірінші императоры тарихқа Цинь Шихуанди –
“Циньнің бірінші императоры” деген атпен енді. Цинь патшалығының астанасы
Сяньян Вэйхэ өзені бойында (қазіргі Сиань) орналасқан қала енді империяның
астанасы деп жарияланды.
Ол солтүстікте – гунндармен, ал оңтүстікте – Юэ елімен (Янцзының
оңтүстігіндегі ел, ол осы күнгі Гуаньдун мен Гуанси провинцияларының
жерлерін қоса алып жатқан) бір қатар сәтті аяқталған соғыстар жүргізді.
Солтүстігіндегі көшпелілерден қорғану үшін Ұлы Қытай қорғаны салынды, ол
топырақтан соғылған жылдардан, тастан және кірпіштен соғылған дуалдар мен
мұнаралардан тұратын күрделі бекініс еді. Ұлы Қытай қорғанының биіктігі 10
метр, ұзындығы 4000 шақырым, енділігі – үстімен қатарынан алты атты шауып
өте алатындай болған. Әрине, бұл бекініс қамалын салу үстінде бұрыннан бар
бекіністер де пайдаланылды, бірақ тұтас алғанда аса үлкен жұмыстар жүзеге
асырылды, қамалды салуға Цинь Шихуанди 2 миллионға жуық адамды (негізінен
соғыс тұтқындары мен сотталған қылмыскерлерді) айдап әкелді.
Қорғанды салу және жөндеу жұмысы ауық – ауық үзілістермен 1 ½ мың
жылдай уақытқа созылды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 238 – 210 жылдары билік басында болған ұлы
Қытай императоры Шихуанди әскер күшімен Қытайды біріктіріп, бірқатар
түбегейлі өзгерістер жасады. Қытайдың мәдени тұтастығын қалыптастыруда
басты фактор болған бұл реформалар ұстанымы күні бүгінге дейін сақлаып
отыр.
Біздің дәуірімізге дейінгі 259 жылы дүниеге келген Шихуанди (Цинь
Шихуанди ретінде де танымал) 210 жылы қайтыс болды. Оның тарихтағы ролін
түсіну үшін сол кездегі заманның тарихи шырғалаңын жете ұққан жөн. Оның
дүниеге келген кезеңі біздің дәуірімізге дейінгі 1100 жылы іргетасы
қаланған Чжоу династиясы билігінің ақырғы кезеңіне орай келеді. Чжоу
династиясы билік басында тұрған кезде Қытайдың әлсірегені сонша, ол
көптеген феодалдық мемлекеттерге ыдырап кеткен еді.
Ол феодалдық мемлекеттер үнемі бір – бірімен қырқысып соғысып,
жеңілген шағын князьдіктер біртіндеп сахнадан ысырылып кетіп жатты. Сол
қырқысып қырық пышақ болып жатқан мемлекеттердің ішінде елдің батыс
бөлігінде орналасқан қуатты Цинь патшалығы ерекше көзге түсетін еді. Цинь
патшалығын билеп – төстеушілер өздерінің мемлекеттік саясатында Қытай
философия мектебі болып саналатын заң шығарушылар Мектебінің идеяларын
басшылыққа алып отырды. Ал Конфуций былай деген еді: мемлекет билейтін
адам, басқарып отырған елдің, ең алдымен, өзі моральдық жағынан үлгі
көрсетуге тиіс; алайда, философ – заң шығарушылардың байламы бойынша
көптеген адамдар соншалықты тайғақ, сондықтан оларды қатаң заң
кодекстерінің көмегі арқасында ғана басқару керек. Оларды сол заң
кодекстерінің талабына бағындырып қою қажет. Заңдарды билеушілердің өздері
жасақтап, егер мемлекет мүддесі талап етер болса, оны соған сай өзгертіп
отырған жөн.
Қандай себеп пен салдардың күші екенін кім білсін, бәлкім заң
шығарушылар идеяларының арқасы ма, әлде географиялық орналасу жағдайы әсер
етті ме, жоқ болмаса, Цинь патшалығын билеушілерінің жеке қасиеттерінің
салдары ма, әйтеуір, Чжэн дүниеге келер кезде (болашақ Шихуанди) бұл
патшалық аса қуатты Қытай мемлекеті болып қалыптасты. Чжэн біздің
дәуірімізге дейінгі 246 жылы он үш жасында таққа отырды. Шын мәнінде оның
қолына билік тізгіні біздің дәуірімізге дейінгі 238 жылы тиді. Оған дейіг
елді регент басқарып отырды. Билік тұғырына жаңа келген монарх әскери
басшыларды шұғыл іріктеп маңындағы басқа феодалдық мемлекеттерге шабуылдар
жасауға кірісті. Олардың ең соңғысы біздің дәуірімізге дейінгі 221 жылы
құлады да, ол өзін бүкіл Қытайдың патшасы етіп жариялады. Өткеннің бәрі
оралмайтын құрдымға кеткенін айрықша көрсету үшін ол өзіне Шихуанди деген
атақ берді.
Шихуанди – “тұңғыш император” деген сөз.
Цинь Шихуандидің ішкі және сыртқы саясаты армияға бюрократтық
аппаратқа, сондай-ақ бекіністер мен сарайлар салуға аса көп шығындар
жұмсауды қажет етті. Алым – салықтар мен міндеткерліктің барлық ауыртпалығы
егіншілердің мойнына түсті. Селолық қауым құлдырап кетті. Жерді сатуға және
басқаға беруге ешқандай кедергі қойылмауы көптеген жер өңдеушілерді алым –
салықтар мен борыштарын өтеу үшін өздерінің үлес жерлерін, ал кейде тіпті
өз жанұясының мүшелерін де болмашы бағаға сатуға, сөйтіп бұл соңғыларының
құлдарға айналуына әкеліп отырды.
ІІ. Цинь Шихуандидің ішкі саясаты
Өзінің ішкі саясатында Цинь Шихуанди Шан Ян белгілеген тәртіптерді
империя көлемінде тегіс таратты. Бүкіл мемлекет патша чиновниктері
басқаратын 36 аймаққа бөлінді. Ескі ата – бабасынан шонжарлар ел басқару
ісінен аулақтатылды және олар қатаң бақылауға алынды.
Рулық шонжарлармен күрес жүргізілуі және жерді жеке меншіктенушілер
мен көпестерге қамқорлық жасалып отыруы күшті қарсылық туғызды. Бұған
наразыларға барлық ағарту жүйесін қолдарына ұстап отырған, елге ықпалы зор
конфуцийшілер (Конфуцийдің философиялық мектебінің өкілдері) басшылық
жасады. Олар ескі тәртіптерді жанын сала жақтады, Шан Янның реформаларын
және оларды өмірге енгізуге қарсы болды. Бұл оппозициялық бағытқа қарсы
Цинь Шихуанди батыл шаралар қолданды. 460 оқымысты – конфуцийшілдер өлімге
кесілді. Ел аузындағы сөзге қарағанда, император ескі уақыттарды еске
түсіретін барлық философиялық және тарихи шығармаларды өртеуге бұйырған.
Цинь Шихуандидің ішкі саясаты мен реформаларына келетін болсақ Цинь
Шихуан мемлекеттің экономикалық, саяси және мәдени бірлігін нығайту үшін,
көптеген жалпы мемлекеттік өзгерістер енгізді. Цинь Шихуанның реформалары,
қызметі жайлы мәліметтер өте аз болса да, олар арқылы Цинь Шихуанның
жүргізген саясатының негізгі бағытын айқындауға болады.
1. Бірыңғай заң жүйесін енгізу.
2. Ақша реформасы.
3. Өлшем бірліктерін бірыңғай жүйеге келтіру.
4. Жазуды бірыңғай жүйеге келтіру.
5. Деспоттық билік пен мемлекетті нығайту жолындағы басқа да
шаралар.
Бірыңғай заң жүйесін енгізу - жаңа ғана біріккен аудандарды,
әрқайсысының өзіне тән салт – санасы және заңдары болғандықтан, жалпыға
ортақ тұтас империялық заңдар жүйесін енгізбей басқару мүмкін емес еді. Дәл
осы негізгі мәселеден Цинь Шихуан өзінің мемлектті қайта құру ісін бастаған
еді.
Біздің дәуірге дейінгі 221 жылы ол барлық алты патшалық заңдарын жою
туралы бұйрық беріп, бүкіл империяға ортақ жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл
туралы б.д.д. 219 жылы император бұйрығы бойынша орнатылған Ланьятай
стеласы текстінде айтылған. Онда “әр түрлі салт – сананы тәртіпке келтіру
мақсатымен, суда жүзіп, құрлықты кештім (яғни, бүкіл империя территориясын
басынан аяғына дейін араладым)”, - делінген. Бүкіл империя тұрғындары, жер
игерушіден бастап, жоғарғы мемлекеттік шенеунікке дейін император
бұйрықтарын сөзсіз орындауға және мемлекеттік заңдар жүйесімен санасуға
тиіс болды. Ал кері жағдайда, қылмыстық заңдар жүйесінің ережелері бойынша
жасалынып отырылды. Цинь Шихуан жаңа кепілдікке алу ұйымы белігілі бір
жанұя мүшелерінен құралды. Оның мәнісі Цинь кезеңінің заңында былай
түсіндірілген еді: “Егер бір адам қылмыс жасайтын болса, онда оның бүкіл
жанұясы жазаланады”.
Ланьятай стеласы тексінде Цинь Шихуанның көптеген сіңірген еңбектері
арасында, императордың “туысқандардың бір-бірін кепілдікке беруі жүйесі
арқасында, мемлекет ішінде қылмыс пен тонаушылықты жойғаны” туралы айтып
көрсетілген.
Сонымен бірге, Цинь империясы заңдарында: “Кімде-кім қылмыскерді біле
тұра айтпаса, ол кескіленіп өлтіріледі. Қылмыскерді айтқан адам соғыста
жауының басын кескен батырларша құрметтеледі. Ал қылмыскерді немесе
қылмысты жасырған адам сатқын ретінде жазаланады” – делінген.
Б.д.д. 221 жылы Цинь Шихуанның енгізген жалпыға бірдей кепілдікке алу
жауапкершілік жүйесі, бүкіл ел территориясында мемлекеттік мағынада маңызды
іс болды.
Қорыта келгенде, бұл жазалау жүйесі Цинь империясында мемлекеттік
құлдықтың пайда болуының негізгі саласы қызметін атқарды.
Бұл кезде, жазалаудың әр түрлі түрлері болды. Оның ішінде өлім
жазасына көбінесе мемлекетке қарсы әрекеттері үшін кесілген. Өлім жазасының
өзінің бірнеше түрлері болған. (Ол қылмыскердің шыққан тегі мен істеген
қылмысынан байланысты).
Өлім жазасынан басқа, Цинь империясында жер аудару жазасы кең таралды.
Көбінесе жауапқа тартылғандар, оның ішінде еркектермен бірге әйелдер де Ұл
Қытай қабырғасы құрылысына және шекарадағы әр түрлі ауыр жұмыстарға
айдалды.
Империя кезеңінде барлық заң бойынша жауапқа тартылғандар “Ту” деп
аталынған. Олардың қатарында мемлекеттік құлдар және әр түрлі жазаларға
кесілген адамдар болған. Мыңдаған, он мыңдаған, тіпті кейде жүз мыңдаған
“тулар” елдің әр түрлі аудандарындағы жолдар, сарайлар, мазарлар, Ұлы Қытай
қабырғасы және басқа да Цинь империясының ірі құрылыстарында ұзақ жылдар
бойы еңбек еткен.
Ақша реформасы – Чжаньго дәуіріндегі ақшаның үш түрі қолданылған,
олардың әр түрі көршілес патшалықтардың бүкіл бір топтарын қамтыған.
Ақшалар әр түрлі патшалықтарда, қалаларда басылған. Сондықтан, кейде тіпті
бір патшалықтың өз ішінде бірдей ақшалардың салмағы әр түрлі болды. Осындай
жағдай, әрине, патшалықтар арасында ғана емес, әр патшалықтың өз ішінде де
сауданың дамуына кедергі жасады.
Чжаньго дәуірінің аяғына қарай, Чу патшалығынынан басқа барлық ірі
патшалықтар біртіндеп дөңгелек теңгелер құюға көше бастады. Алайда бұл
теңгелер де батыс және шығыс патшалықтарда әр түрлі болды. Шығыс
патшалықтарында (Ян, Ци) ақша бірлігі – ортасында төртбұрышты тесігі бар
хуа теңгелері болды. Ал орталық және батыс патшалықтарында (Хань, Чжао, Вэй
және Цинь) ақша бірлігі – ортасында дөңгелек тесігі бар цзинь бірлігі
немесе ляң теңгелері болды.
Ортақ дөңгелек теңгелерге көшу шығыс, орталық және батыс
патшалықтарының экономикалық жақындасуын көрсетеді. Қытайдың Цинь
династиясы қол астына бірігуі бұл процесті аяқтады. Б.д.д 221 жылы Цинь
Шихуанди өзінің әйгілі ақша реформасын жүргізді. Ақшаның екі түрі
тағайындалды: жоғары валюта – алтын ақшалар және төменгі валюта – мыс
теңгелер – баньляң (ляннің жартысы).
Сыма Цянь деректері бойынша Цинь Шихуан мыс теңгелердің (баньлян) бір
салмақты болуы туралы бұйрық жариялады. Сонымен бірге яшманың, тасбақа
панцирлерінің, ұлулардың және күмістің ақша орнына жүруіне тиым салған.
“Бұдан былай, - делінген император жарлығында,- бұл заттар тек әшекейлер
немесе қазына орнына қолданылады”.
Цинь империясының мыс теңгелері ортасында төрт бұрышты тесігі бар
дөңгелек бейнелі болған. Бұндай теңгелерді келесі әулеттерде қабылдап, 2000
жылдан астам уақыт бойы ешбір өзгеріссіз пайдаланылып келді.
Өлшем бірліктерін бірыңғай жүйелерге келтіру Чжаңго дәуірінде әр
патшалықта өзінің ұзындық, салмақ және көлем өлшеу бірліктері болған.
Мысалы, Цинь патшалығында көлем өлшеудің үш бірлігі – шэн, доу, туң болса,
Ци патшалығында көлем өлшеудің төрт бірлігі – фу, чжун, шэн және доу болды.
Цинь патшалығында ауырлық өлшеу үшін чжу мен лян бірліктері қолданылса, Вэй
мен Чу патшалығында люй өлшем бірлігі қолданылды.
Осындай жағдай жекелеген патшалықтар арасындағы экономикалық
байланыстардың дамуына кедергі болғандықтан, елдің бірігуінен кейін, өлшем
бірліктерінің өзгеріссіз қалуы мүмкін емес еді. Сонымен бірге, ортақ өлшем
бірліктерінің болмауы империяның салық жүйесіне де кері әсер етті.
Сондықтан б.д.д. 221 жылы Цинь империясы құрыла салысымен, Цинь Шихуан
бүкіл елге ортақ ұзындық, көлем мен салмақ өлшем бірліктерін енгізу туралы
бұйрық шығарды. Өлшем бірліктерін ортақтандыру Цинь патшалығының өлшеу
жүйесінің негізінде жүргізілді.
Бізге жеткен Цинь империясының таразы тастары мен өлшем бірліктеріне
қарап, император жарлығының жариялануы, елдің барлық округтері мен
уездеріне таратылған эталондардың жасалынуымен қатар жүргенін көруге
болады. Темір немесе қола таразы тастары және ляңға (көлем өлшеу бірлігі)
император жарлығының мазмұны жазылды. Жарлық 40 иероглифтен тұрды. Онда
былай делінген: “Хуаң-ди өзінің билік құруының 26-жылы Аспан асты елінің
чжухоуларын (алты патшалық билеушілерін) толығымен құртты. Халық тыныштыққа
жетті. Мен, Ин-чжэн Хуанди (император) титулын қабылдай салысымен, өзімнің
чэнсяндарым – Вэй Чжуан мен Ван Гуанға ұзындық және көлем өлшеудің жаңа
жүйесін заң жүзінде жариялауға бұйрық бердім”.
Салмақ және көлем өлшеу бірліктерімен қатар, егіндік жерлер ауданын
өлшеу бірліктері де бірыңғай жүйеге келтірілді. Бүкіл империя
территориясында шаньяндік – чи бірлігі таралды. Ал Чжоулік му бірлігінің
орнына Цинь Шихуан шаньяндік му бірлігін енгізді.
Цинь Шихуанның өлшем бірліктерін бірыңғай жүйеге келтіру саласында
жүргізген реформалары прогрессивті роль атқарды. Өйткені бұл реформалар
елдің экономикалық дамуы талаптарына жауап берген еді.
Ал, жазуді бірыңғай жүйеге келтіру саясаты Чжаньго дәуірінен бізге
жеткен, сол кездегі патшалықтардың жазу үлгілері, иероглиф жазу әдістері әр
түрлі болғандығын көрсетеді.
Елдің бірігуі енді жалпы мемлекеттік жазудың пайда болуын қажет етті.
Себебі, керісінше жағдайда елдің барлық аудандарын шаруашылық және
әкімшілік жағынан басқару мүмкін емес еді.
Бұл кезде Қытайдың шығысында ежелгі жазу – гувен кең таралған еді.
Сонымен қатар басқа аймақтарда жазудың одан да көне түрі – дачжуань да
болды. Дачжуань ел біртұтас империяға біріккен кезеңге дейін, Цинь
патшалығының ресми жазуы болып келген.
Б.д.д. 221 жылы Цинь Шихуан бұйрығы бойынша чэнсян (бірінші кеңесші) –
Ли Сы, чэфулин Чжао Гао және тайшилин (сарай жылнамасы) Ху му-цзин Ли Сының
басшылық етуімен дачжуань стилін неғұрлым қарапайым, үйренуге жеңілірек
етуге тырысты. Сонымен бірге олар ешқандай грамматикалық өзгерістер
енгізбейді, тілдің құрылуы және лексикалық құрамы бұрынғыдай қалды, тек
қана иероглифтердің жазылуы қарапайымдандырылып, бір жүйеге келтірілді.
Сөйтіп жазудың сяочжуань деп аталатын жаңа түрі пайда болды. Сяочжуань
ресми түрде мемлекеттік жазу деп жарияланды. Цинь Шихуанның барлық жеті
стелласындағы және цинь мемлекетінің өлшем бірліктері эталондарындағы
жазулардың барлығы да осы сяочжуань стилімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz