Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
ЖОСПАР:
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының банктерiнiң депозиттік саясаты
1.1. Депозиттiк операциялар
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы операцияларын талдау
2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызы
2.2 Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің қызметін талдау Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызмет етуі тұрақталды десек те, кейбір банктердің (Бизнес банк, Көмірбанк) кенттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы әлі дн болса бұл жүйенің қызмет етуінде кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді. Бұл кемшілік тек қана осы банкротқа ұшыраған банктің менеджметінде ғана емес, сонымен бірге осы жүйенің бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетіп отыр деп ұғуға болады. Өйткені, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге қолданатын өз реттеушілік құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргізуінде қателіктерге жол беріп отыр. Сондықтан банк жүйесінің қызмет етуі әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отырғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ, ол әлемдік банк тәжірибесінде әлдеқашан дәлелденген.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстанның нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі. Ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі – ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни, депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі-салымдарды тартумен байланысты депозиттік операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және т.б. тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Экономистердің есептеуінше бүгінгі күні халық қолында банк жүйесіне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуір қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшері бірде 400 млн. доллардан асады деп айтылса, бірде 1 млрд. доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Бұл сандық мәлімет 2000 жылы өткен. «Қаржыгерлер конгресінде» Қазақстан Республикасы Президентінің жасаған баяндамасында аталды.
Егер банк жүйесіне салым ретінде салынған 1000 теңгенің мультипликациялануы нәтижесінде 20 000 теңгеге дейін артатынын ескерсек, онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың біз үшін қаншалықты маңызының бар екенін көруге болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы экономика дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып қалуының салдарынан болып отыр.
Қалай болған жағдайда да банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қоғап, экономикаға қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын тарту әрбір атқан күннің басты мәселесі.

1. Акпеисов Б. Вклады населения и их защита // Банки Казахстана 2000.-№9.-с. 21-22.
2. Алдабергенова А. С. Депозиты как показатель доверия банковской системы // Экономическое обозрение НБ РК 2001.-№2.-с. 132-136.
3. Алимухамбетов Н. Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность? // Биен 2000.-№6.-с. 2.
4. Ауезов О. Когда деньги работают // ДН.-2000-№23.-с.3
5. Банки и банковское дело / Под ред. Балабанова. Спб. 2001г.
6. Банковские операции Ч.1. Учебное пособие / Под ред. Лаврушина О. И. – М. Инфра М. 1995.-с.96.
7. Банковская система в РК. Алматы: Агентство «ARNA GOLD» 2000г.
8. Бигазина А. Другая сторона изобилия // ДН 2000.-№12.-с.4
9. Жакыпова Ф. П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков // Вестник КазГУ.2000.- №3-4.- с.15-19.
10. Жакыпова Ф. П. Развитие депозитного рынка в РК: Основные тенденции и перспективы // Вестник КазГУ.2000.-№2.-с. 148.
11. Жамаубаев Е. Где выгодно хранить деньги населению? // АльПари. 2001.-№1-2.-с. 67-69.
12. Интернет – сайт ОАО «Народный Банк Казахстана» // www.hsbk.kz
13. Исанова А.У. Формирование и развитие депозитного рынка в РК // Социально – экономические процессы в современном Казахстане в контексте реформ: материалы межвузовской студенческой конференции «Жас – Туран – 2000». 7-8 апреля – Алматы.2000.-с. 22-26.
14. Колесников Банковское дело. Алматы:ИФО 1998.-с.174-188.
15. Куанова Г. А. Депозиты в банковской системе Казахстана. // Саясат 2000.-№6-7.-с.63-68.,
16. ,
17. Куанова Г. А. Теоретические основы развития депозитного рынка. // Евразийское сообщество. 2001.-№3.-с.72-83.
18. Кудайбергенова Л. Ж. Формирование и развитие депозитного рынка в РК.// Экономические реформы: особенности переходного периода: Сборник научных трудов ч.1. Алматы. 1999.-с.133-139.
19. Лим А. Депозит – капитал, приносящий доход. // Финансы Казахстана. 2000.-№11-12.-с.69-70.
20. Маркова О. М. и др. Коммерческие банки и их операции: Учебное пособие – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995.-с.288.
21. Миллер Р. Л. Депозитные финансовые учреждения.// Современные деньги и банковское дело: Учебник – М. «Инфра М». 2000.-с.117-142.

1. Депозиттiк операциялар
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы операцияларын
талдау
2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді
жетілдірудегі маңызы
2.2 Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің қызметін
талдау Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
Кіріспе
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызмет етуі тұрақталды десек
те, кейбір банктердің (Бизнес банк, Көмірбанк) кенттен жабылып қалып, өз
салымшыларының алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы әлі дн болса бұл
жүйенің қызмет етуінде кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді. Бұл кемшілік
тек қана осы банкротқа ұшыраған банктің менеджметінде ғана емес, сонымен
бірге осы жүйенің бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетіп отыр деп ұғуға
болады. Өйткені, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге қолданатын өз
реттеушілік құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргізуінде қателіктерге
жол беріп отыр. Сондықтан банк жүйесінің қызмет етуі әр уақытта тәуекелмен
байланысты болып отырғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ, ол әлемдік банк
тәжірибесінде әлдеқашан дәлелденген.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген
кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған
кемшіліктер Қазақстанның нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола
қоймағандығымен түсіндіріледі. Ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі – ол
банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни,
депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз
міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі-салымдарды тартумен
байланысты депозиттік операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде
банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін
және т.б. тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Экономистердің есептеуінше бүгінгі күні халық қолында банк жүйесіне
тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуір қаражат бар деген
болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшері бірде 400 млн. доллардан асады деп
айтылса, бірде 1 млрд. доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Бұл
сандық мәлімет 2000 жылы өткен. Қаржыгерлер конгресінде Қазақстан
Республикасы Президентінің жасаған баяндамасында аталды.
Егер банк жүйесіне салым ретінде салынған 1000 теңгенің
мультипликациялануы нәтижесінде 20 000 теңгеге дейін артатынын ескерсек,
онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың біз үшін
қаншалықты маңызының бар екенін көруге болады. Бұл қаражат иелерінің өз
қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы ол банк жүйесінің 90-
жылдардың басындағы экономика дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып
қалуының салдарынан болып отыр.
Қалай болған жағдайда да банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып,
олардың мүдделерін жан-жақты қоғап, экономикаға қызмет етпей бос жатқан
ақшалай қаражаттарын тарту әрбір атқан күннің басты мәселесі.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып болінеді. Активті
депозиттік операциялар- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент- банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топотарының
сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос
қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі :
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай- ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады :
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- тағы басқалар.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді :
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына .
Талап етуіне дейінгі депозиттер-бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма- қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады :
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай- ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жіргілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банк талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде адарымдар
жасайды.
АҚШ- тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау- шотты және куәландырылған
чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау- шоттар- бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
Нау- шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайдй таппайтын ұымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары- бұл куәландырылған чектерді төлеу
үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы
қаражаттарды білдіреді.
Куәландырылған чектер- бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер
арқылы куәландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
▪ ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің
өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің
өзгеріп отыруы;
▪ шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
▪ салымдардың сақтандырылуы;
▪ иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет
аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу
жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзімді депозит- бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ
қолма- қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бқл салымды алатын болса, онда шот иесі айып- пұл
төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі- талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті- мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті- мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30- 90 күнге деінгі;
- 90- 180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтініш талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан
реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі- жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту
талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап
етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана
ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай- заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар- бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға салымды
білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық
салым, бойжеткен кезде және т. с. с ) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері
қолданылады. Айталық, Халық Жинақ банкі мынадай салымдардың түрлерін жеке
тұлғаларға ұсынады:
- НАРОДНЫЙ салымы - жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны
мерзімнің соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы – 2000
теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3, 6, 12 және 24
ай.
- СЕНІМ – ПЛЮС салымы- ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым.
Төменгі сомасы – 1000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро.
Мерзімі: 3, 6, 12 және 24 ай.
- НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС салымы- қорлану мерзімі: 1 жыл, 3 жыл, және
5 жылдық қорлану салымдары. Төменгі сомасы – 2000 теңге не 50 АҚШ
доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл.
- ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы- салымды ашқан күні пайызды төлейтін
мерзімді салым. Төменгі сомасы – 1000 теңге не 100 АҚШ доллары
немесе 100 еуро. Мерзімі: 3 және 6 ай.
- ПРЕМИАЛЬНЫЙ салымы- сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебап талап
етуге дейінгі салым. Төменгі сома – 500 теңге.
- ЗОЛОТОЙ ВОЗВРАСТ салымы- 50 жасқа толған адамдар
зейнеткерлерге арналған арнайы салым. Төменгі салым – 100 теңге.
Мерзімі: 90 күн.
- АҚ БОТА салымы- арнайы балаларға арналған салым. Төменгі салым
– 500 теңге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
- ИНТЕРНЕТ салымы- Интернет - Банкинг жүйесінде ашылған салым.
Төменгі салым 10000 теңге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн, 90
күн, 180 күн, 270 күн, 360 күн.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты- бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк
- эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификиттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты - жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі
бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Адарылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу - сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификаттары сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етеді. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерцмялық банктер баланс өтімділігін
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік опреациялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұымдастыру процесінде мерзімді депозиттер
мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға
тиіс.
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы операцияларын талдау
Коммерциялық банктердің депозит нарығын талдамас бұрын қазіргі кездегі
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жалпы жағдайына сандық мәліметтер
негізінде тоқтала кетейік. Қазіргі кезде өткен жылдармен салыстырғанда
банктердің саны 42 банктен 36-ға азайды. Банктердің санының азаюы мына
келесі себептерге байланысты:
- банк заңдылықтарының бекітілген талаптарын бұзғаны үшін 3 банктің
банктік операция жүргізуге арналған лицензиясы қайтарып алынды;
- несиелік серіктестерге айналуына байланысты 3
банктің лицензиясы
қайтарып алынды.
Банк секторының құрылымы бойынша қарайтын болсақ, онда мына келесі
мәліметтерді келтіруге болады: мемлекетаралық банктер-1, жарғылық капиталда
Қазақстан Республикасы үкіметінің 100%-қ қатысуы бар банктер саны-2,
шетелдің қатысуымен құрылған банктер саны-17, коммерциялық банктердің
барлық филиалдарының саны-368, банктердің шетелдегі өкілеттіліктерінің саны-
8, Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің өкілеттіліктерінің
саны-14, кастодиандық қызмет көрсету лицензиясы бар банктер саны-10. 2003
жылдың 1 қаңтарына байланысты екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншікті
капиталы 39,1 млрд. теңгеге өсіп (32%), 162,2 млрд. теңгені құрады.
Банк жүйесіне барлық тартылған депозиттерге талдау жасайтын болсақ,
1998 жылдың қаңтар айында 73514 мың теңге депозиттер тартылды.
1 кесте – Банк жүйесіндегі депозиттердің құрылымы *
Барлығы: Ұлттық валютада: Шетел валютасында:
Депозиттер Депозиттер Депозиттер
Қаңтар 1998 73514 54226 19288
Тамыз 1998 83457 55585 27872
Қаңтар 1999 73464 44497 28967
Тамыз 1999 120681 63424 57257
Қаңтар 2000 168156 83764 84392
Тамыз 2000 248750 117947 130804
Қаңтар 2001 284533 134744 149788
Тамыз 2001 391463 161581 229882
Қаңтар 2002 420725 150284 270440
Тамыз 2002 497904 206371 291533
Қаңтар 2003 581933 235466 346467
Тамыз 2003 703135 362834 340301
* Ұлттық банктің статистикалық бюллетеньнен алынды
1999 жылдың қаңтар айында барлық тартылған депозиттер 83457 мың.
теңгені құраған.
2000 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде барлық тартылған
депозиттер 168156 мың. теңгені құрап, 1998 жылдың осы кезеңмен
салыстырғанда үлкен ауытқу, яғни тартылған депозиттер 94642 теңгеге, өскені
байқалды.
2001 жылдың қаңтарында 284533 мың теңге депозиттер тартылды.
2002 жылдың қаңтарында барлық тартылған депозиттер 420725 мың теңгені
құрап, ең үлкен ауытқу осы жылда болған, яғни 1998 жылдың қаңтар айындағы
осы көрсеткіштермен салыстырсақ, 2002 жылдың осы кезеңіндегі барлық
депозиттер 347211 мың теңгеге артқанын көрсетеді.2003 жылдың тамыз айында
бұл көрсеткіштер сәйкесінше 703135 млн. теңгені құрады.
Банк жүйесіне ұлттық валютада тартылған депозиттер 1998 жылдың
қаңтарында 54226 мың теңге депозиттер тартылды.
1999 жылдың осы кезеңінде ұлттық валютада тартылған депозиттер 44497
мың теңгені құрады, ал 2000 жылдың қаңтарында ұлттық валютада тартылған
депозиттер көлемі 83764 мың теңгені, 2001 жылдың қарастырылып отырған
кезеңінде ұлттық валютадағы осы көрсеткіштердің күрт ауытқығанын кете
мәліметтері куәландырады. 1998 жылдың қаңтарында тартылған депозиттер 54226
мың теңге, ал 2001 жылдың қаңтарында бірінші көрсеткіш 134744 мың теңгені,
1998 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткішердің көлемімен салыстырғанда 2001
жылдың қаңтарында ұлттық валютада тартылған депозиттер 80518 мың теңгеге
артқанын көреміз.
2003 жылдың тамыз айындағы ұлттық валютада тартылған депозиттер көлемі
алдыңғы жылмен салыстырғанда сәйкесінше 1,5 есе жуық өсім орын алған.
Банк жүйесіне шетел валютасында тартылған депозиттердің өсу
тенденциясына келсек, 1998 жылдың қаңтарында 19288 мың теңге депозиттер
тартылды. 2000 жылдың қаңтар айында шетел валютасында тартылған
депозиттердің көлемінің үлкен ауытқуға ұшыраған, яғни 1998 жылдың
қаңтарында тартылған депозиттер 19288 мың теңге болса, ал 2001 жылдың
осындай кезеңінде тартылған депозиттер 84392 мың теңгеге артқан, яғни күрт
ауытқудың болғанын көреміз.
2002 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткіштер көлемі мен 1998 жылдың
қарастырылып отырған кезеңіндегі шетел валютасында тартылған депозиттерде
үлкен ауытқу болған, яғни 1998 жылдың қаңтарында тартылған депозиттер 19288
мың теңге, ал 202 жылдың қаңтарында көрсеткіштің көлемі 270440 мың теңгені
құрап, 2002 жылдың қаңтарында шетел валютасында тартылған депозиттер 251152
мың теңгеге артқан. Сонымен, шетел валютасында банк жүйесіне тартылған
депозиттер көлемінің жылдан-жылға өсіп отырғаны көрінеді. 2003 жылдың
ерекшелігі қаңтар айындағы мәліметтерге қарағанда тамыз айында шетел
валютасындағы депозиттердің төмендеу қарқыны байқалады.
Олар сәйкесінше қаңтардағы 346467 млн. теңгеден 340301 млн. теңгеге
азайып отыр.
Жалпы халықтың көзқарасы бойынша банк жүйесіне депозит ретінде
тартылған қаражаттардың барлығы бантік операцияларға пайдаланылады.
Өйткені, әрбір банк өзінің депозиттік саясатын қаржылық операциялардың
тұрақтылығын негізге ала отырып құрады. Сонда ғана банктер тұрақты
жоспарланған табыс алу мүмкіндігіне ие болады. Коммерциялық банктердегі
тартылған мерзімді депозиттердің 60-70%-і, талап еткенге дейінгі
депозиттердің 10-20%-і шетел тәжірибесінде банктік ресурс ретінде, ал
қалған бөлігі басқа да активтік операцияларды орындауға пайдалынады.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жеке және заңды
тұлғалардан депозиттік салымдарды белгілі-бір мерзімге тарта отырып, мерзім
уақытының аяқталуымен қайтарып беруге міндеттеме қабылдайды. Ал өз
кезегінде осы тартылған ресурстарды банктер қарыз алушыларға негізгі сома
мен оның пайызын әр ай сайын қайтарып отыру шартыменен береді. Мұнан
көретініміз қарыз алушы үшін бәсекелестің орын алып тұрған жағдайында әрбір
ай сайын тапқан табысын немесе табысы болмай тұрған жағдайда несиенің
негізгі сомасын бір бөлігін несиенің өтеуі ретінде банкке қайтарып беріп
отыруға мәжбүр болады.

Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да
кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы
ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді,
оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын
оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі
біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық
банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары
табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын.
Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің
келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің
несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің,
оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және
тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен
пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді
депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты
көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық
шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік
қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін
арттыру;
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен
өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды
тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін
дайындау және енгізу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің
жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және
т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі және
оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
- нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік өнімдердің
бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы;
- ақшаларды пайдалануға және тартуға бақылау жасау.
Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды
тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет
корсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін
өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы
өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің
негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі
тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік
позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең
қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің
мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте
максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама
–тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен
тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға
жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға
жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын
Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта
ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен
тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе
тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің
бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары
деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бір түрін ғана қабылданғанда және табыс
көздерінің баламасыздығын тек біреу ғана болған кезде қалыптасады. Көп
қабылданған тәуекел және сараланған табыс көзднрін қолдану кезінде мұндай
оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады.
Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын
іздеу кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында
тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып “градиент” сияқты
кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.
Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк
өзінің қызметін мыныдый түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған
табысты қамтамасыз етуде іске асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі
деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтың
тәуекелділігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің
айрықша жағдайымен сипатталады.
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты
мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты
бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түсуі және қолма-қол
қаражаттарының қажеттілігі, күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты
болжамдары қажет.
Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:
1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр
түрінің күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.
2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік
динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:
А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды
сатып алу немесе жоғалту;
Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты
қаражаттардың түсуі немесе жылыстауы;
Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік
мөлшерінің төмендеуі немесе өсуі.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтың
ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы
комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен
бірге, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке, таңдаулы банктің депозиттік
саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы
критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы
критерийлерімыналар:
- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты ұстап
тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да
операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен
пассивтердің келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік
және табыстылық дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты
жүргізгенде депозиттер портфелінің оңтайлылығын банкке деген
салымшылар (заңды және жеке тұлғалар) талабының жиынтығы ретінде ең
артынан қарауының, өтімділіктің және табыстылықтың, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz