Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат


Жоспар:
Кіріспе бөлімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдануының алғышарттары, себептері, кемшіліктері, жаңалықтары.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1995 жылғы 30 тамызда қабылдануының алғышарттары, себептері, кемшіліктері, жаңалықтары.
3. Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясының даму кезеңдерінің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң әдебиеттері мен оқулықтарында көрсетілгендей, конституцияның нысаны - бұл конституциялық нормалардың жазылуы мен тұжырымдау тәсілі. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.
Егер Конституцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелерді қамтыса, онда оны (сұрыпталған) деуімізге болады. Ал, өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланбаған деп есептейміз.
Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбулдан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізі, мемлекеттік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліну қағидаларына сәйкестендіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.
Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда конституцияның кү. шіне ену тәртібі тағайындалады. Конституцияны өзгерту тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген жағдайда ғана қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.
Ендігі жерде бұл қағидалардың іске асқандығын мысалы ретінде Қазақстан Республикасының Конституцияларынан көруге болады.
Шындығына келетін болсақ Қазақстан өмірінде еліміздің Ата заңы бес рет қабылданған болатын. Ең біріншісі - Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпанындағы Конституциясы. Конституция ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады. Сондықтан ол республика аймағында іс жүзінде қолданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан біз бұл туралы мәліметті естен шығармауымыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымымыз үшін өте орасан мәні бар екендігін кең сарайымызбен сенуіміз қажет.
Екінші конституционализм кезеңі - бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ҚКС Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен алғысөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11 тараудан және 124 баптан тұрады. Осы мәліметтерге көңіл аударып қарасақ, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері тек 9 тарауда ғана берілген. Оның 108 бабының 2 бөлігінде «Қоғамдық социолистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы болып табылады» деген сөздер жан түршіктіреді. Қанша адам тек қоғамдық меншікке қол сұққаны үшін, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына қарамастан атылды.
Үшінші - 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясының қабылданып, бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрды. Бұл негізгі заңның өзекті мәселелері - жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет құрылысының принциптерін, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерін немесе буындарының мыөғымастығын уағыздау, ең бастысы - қоғамдық саяси ұйым ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдандыру. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының құрылымындағы төмендегі бөліктерді атап өткенді жөн көрдік: 1) Қазақ КСР-нің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздері; 2) мемлекет және жеке адам; 3) Қазақ КСР-нің ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы; 4) Қазақ КСР-і халық депутаттарының Кеңестері және оларды сайлау тәртібі; 5) Қазақ КСР-нің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдары; 6) Қазақ КСР-індегі ммелекеттік өкімет пен басқарудың жергілікті органдары; 7) Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспары. Қазақ КСР-нің мемлекеттік бюджеті; 8) Сот төрелігі. Арбитраж және прокурорлық қадағалау; 9) Қазақ КСР-нің Елтаңбасы, Туы, Гимні және астанасы; 10) Қазақ КСР Конституциясының қолданылуы және оны өзгерту тәртібі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдануының алғышарттары, себептері, кемшіліктері, жаңалықтары.
Жаңа Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі ол еліміздегі болып жатқан қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі позитивтік елеулі өзгерістердің салдарынан республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету. Бәрімізге мәлім болғандай, КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп, барлық, бұрынғы социалистік республикалардың орнына енді өз алдына тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу - өмір заңы. 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессияның 12 отырысында дүниеге жаңа Конституция келді. Оның басты желісі - дүниежүзілік қоғамдастықта жалпы адамгершілік принциптерді дамыту негізінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік және біртұтас мемлекет ретінде дүние жүзіне хабарлау. Алғашқы рет жаңа Ата заңның ең жоғарғы заңдық күші бар және оның нормалары тікелей қолданылды. Сонымен қатар, жаңа Ата заңда мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, - деп бекітілген. Басқа елеулі өзгерістерді бұрынғы Конституцияларды салыстырып тұжырымдағанда ғана білеміз. Сондықтан біз жаңа Конституциясының құрамдас бөлімдеріне тоқталғанды жөн көрдік. Ол 4 бөліктен (конституцияның преамбуласы (алғы сөзі) ; конституциялық құрылыстың негіздері; Ата заңнаң мәтіні; өтпелі кезең ережелері), 4 бөлімдерден (азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттер; қоғам, оның құрылыс негіздері; мемлекет, оның органдары мен институттары; конституцияны сақтау кепілдіктері) және 20 тараудан, 126 баптардан құралған. Мұнда азаматтардың құқықтық жағдайлары жөніндегі мәліметтер оқшауланып, бірінші бөлімде берілсе, ал мемлекеттер оның аппараттары үшінші бөлімде қамтылған. Демек, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деген қағидаттан туындаған шығар.
Бұл еліміздің Ата заңы көп ұзаққа бармады. Оны жаңартуға тура келді. Қазақстан Конституциясының жеті жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыстағы баяндамасында (2002, 29 тамыз) Елбасы Н. Назарбаев: « . . . сайып келгенде, 1993жылғы жағдайда қабылданған Конституция қоғамның әлеуметтік-экогомикалық және саяси реформалар жүргізуге қарсы тобы мен Қазақ КСР-ін демократиялық өркениетті қоғамға айналдыру қажеттігін және одан басқа жолдың жоқтығын түсінетін тобы арасында ымыраға баруды көздегені де жасырын емес.
Сонымен қатар, бір қарағанға, қабылдауға тұрарлық қағидаттардың бар болғанына қарамастан, ол Конституцияның дегенменде социалистік идеологияның саяси және экономикалық сартабынан ақырына дейін айыға алмағаны да аян.
Оның кемшіліктері мен нақтылы әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдан алшақтығы бірден-ақ қылаң берді. Онда саяси және құқықтық қатыспаушылықтары еңсеру тетіктерінің болмауы көп ұзамай-ақ атқарушы және заңнамашы органдардың арасындағы қайшылықтардың ушығуының себебіне айналды. Олардың арасында қайсымыз жоғарымыз дейтін талас ұзын-сонар дауға ұласқаны да белгілі.
Бұған кеңестік сот жүйесінің дағдарысы қосылып, мұның бәрі айналып келгенде, мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды дамыта беру жолында кедергі болып көлденең тұрды.
Өтпелі кезеңнің «алғашқы лектегі» заңдары (1990-1994жылдар) маңызды болды десек те, олар да мемлекеттің қаржылық қауқарымен дәйектелмеген, сол себепті де жүзеге асырылуы екіталай көптеген ұраншыл низамдардың орын алғаны да белгілі жәйт . . . Міне, осындай жағдайда жаңа Конституцияның қажеттігі айдан анық еді», - деп тұжырымдаған болатын.
1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.
Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9 желтоқсанда өткен сессисындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары туралы» баяндамаларында, әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қаршадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссияның өзінде жасаған баяндамалары сөздерінде айтылады.
1993жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенде кейінгі ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды.
Казақстан Республикасының 1993жылғы Конституциясы қабылданғанға дейін де көптеген көнерген конституциялық ережелерді жаңаларымен алмастырудың қолға алына бастағанын айту керек. Оған жылына бірнеше мәрте ішінара өзгертулер енгізіліп жүрді. Алайда, қандай да бір өзгертулер енгізу арқылы Конституцияны жаңа қоғамдық болмысқа сәйкес келтіру қиын еді, өйткені, 1978 жылғы Конституция тұтас қалпында социалистік қоғамдық және мемлекеттік жүйені бейнелейтін, ал қоғамдық даму жаңа бағытта жүріп жатты. Мұндай жағдайда 1978 жылғы Конституция енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қарамастан, өмірден артта қалып, негізгі Заңның алдында тұрған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан да, Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу, ендігі жерде ескі Конституцияға толассыз өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтатып, жаңа Конституция қабылдау міндеті күн тәртібіне қойылды.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің алғышарттары мен себептерінің ішінде Назарбаевтың мемлекеттің және халықтың егемендігіне қол жеткізу мен оны қамтамасыз ету қажеттігін алдыңғы қатарға қойғанын атап көрсету керек. Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы республикалық кеңесінде жасаған Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы баяндамасында ол Қазақстанның аумақтық тұтастығының конституциялық кепілдіктері керек екендігін атап көрсетті.
Қалай дегенмен де одақтас республикаларда, соның ішінде Қазақстанда, ұлттық сана-сезім өсті, мәдени деңгей артты, елді өз күшімен басқару мүмкіндігін барған сайын терең пайымдау мен одақтас мемлекеттің өзінің ішінде болса да, шынайы егемендікті орнату мен кеңейту бағытына қарай қайтадан бөлісуді мақсат ететін осындай қозғалыстар күшейе бастады.
Жаңа одақтық шартты әзірлеу және одақтас республикалардың өздерінің бастамасымен, былайша айтқанда, орталықтың иесіне қарамастан, ашық түрде республикалардың әрқайсысының құқығын іс жүзінде кеңейту процесі, сондай-ақ Республиканың жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу процесі басталды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Декларацияның одақтық шарт жасасудың және Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын әзірлеудің негізі болып табылатыны танылды.
Кеңес Одағы таратылғаннан кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заң қабылдады, оның жобасы да Президенттің басшылығымен, құрамында бүкіл елімізге танымал ғалым заңгерлер болған депутаттар корпусының белсене қатысуымен әзірленді. Онда халықтың, оның Президенті мен депутаттарының мемлекеттің толық әрі нақтылы тәуелсіздігі туралы және кезінде қазақ ұлтына адам айтқысыз ауыртпалықтар әкелуімен қоймай, оның өмір сүруінің өзіне қатер төндірген, жат күштер зорлықпен тартып алған егемендікке ие болу жөніндегі арман-мүддесі айшықты бейнеленді. Тәуелсіз егемен мемлекет - Қазақстан Республикасының Конституциясын жасау міндеті алға қойылды. Енді тәуелсіз мемлекеттің егеменді құқықтарын Республика Конституциясының өзінде баянды етіп, оған мызғымас сипат беру керек еді. 1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың бірінші себебі, міне, осы.
1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың келесі себептерінің бірі адам мен азаматтың неғұрлым кең құқықтары мен бостагдықтарын конституциялық тұрғыдан бекемдеу қажеттігі болды. 1978 жылғы Конституцияда дәйектелген құқықтар мен бостандықтар жүйесінің күллі табиғи құқықтың мазмұнына және жаңа жағдайдағы адамның жеке басының еркіндігі деңгейіне са келмейтіні, адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясындағы әрбір адам онда жария етілген барлық құқықтар мен барлық бостандықтарға ие болуға тиіс дейтін идеяларға сай келмейтіні ескерілді. Оларды халықаралық құқықтық құжаттарда дәйектелген әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажет еді. Құқықтар мен бостандықтар туралы тұжырымдаманың шеңберінде бүуіл әлемге танылған құқықтар мен бостандықтар жүйесін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ғана бейнелеп беру шынында қолдан келмейтін шаруа болатын.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің келесі бір маңызды себебі - саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық жолмен дәйектеу және оларды демократияландыру мен құқықтық мемлекет құру бағытында одан әрі жетілдіру қажеттігі еді.
Президент қызметі белгіленгеннен кейін үкіметті құру тәртібінде де, сондай-ақ оның биліктің басқа тармақтарымен қарым-қатынасында да үлкен өзгерістер жүзеге асып, мұның өзі бпасқарудың президенттік нысанын енгізу мен билік жіктерін ажырату бағытында жасалған маңызды қадам болды.
Мемлекеттік биліктегі мұндай маңызды өзгерістерді Конституцияда тағы да қайталап, әрі неғұрлым жүйелі түрде дәйектеу қажет болды. Сонымен қатар бұл өзгерістерді Конституцияның күллі құрылымында дәйектеп қана қоймай, саяси реформаларды ілгеріту бағытында жаңа қадамдар жасау қажеттігі туды. Мұның бәрін ескі Конституцияның өзгерту арқылы жүзеге асыру мүмкін емес еді, сондықтан жаңа Конституция қабылдау талабы өктем қойылды.
Мұның экономикалық себептері де бар еді. Назарбаев атап көрсеткендей, елде көптен бері экономика құлдырай бастаған болатын, 80-інші жылдары қолға алынған экономикалық реформалар, ешқандай нәтиже берген жоқ, өйткені олар біртұтас мемлекеттік меншік пен социалистік шаруашылық жүргізу әдісі дейтінге негізделді. Мұндай жағдайда нарыққа көшу объективтік қажеттілік еді, әрі мұндай қажеттілікті әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді. Жаңа конституцияда жекешелендіру, яғни социалистік меншікті жеке меншікке айналдыру жолымен жасалатын жеке меншік институтын бекемдеп беру қажеттігі туды.
1993 жылғы Конституцияны қабылдау себептерінің бірі - сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау үшін жаңа Конституциялық негіз қалау керек еді.
1978 жылғы Конституцияны жаңа Конституциямен алмастыру қажеттігін туғызған басқа да бірсыпыра нақты себептер бар.
Жоба әзірленген бетте Жоғарғы Кеңес сессиясындағы алғашқы оқылымында мақұлданып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Жоғарғы Кеңес оны 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдады.
Назарбаев бұл Конституцияның белгілі бір дәрежеде оңды рөл атқарғанын, оның Қазақстанның егеменді мемлекет және әлемдік қоғамдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде толығымен қалыптасқанын ресімдейтін әрі 1990-1992 жылдардағы конституциялық құқық шығармашылықтың алғашқы толқынының өзіндік қорытынды құжаты болғанын және « . . . Қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі белес», болғанын атап көрсетті. Соған қарамастан, 1993 жылғы Конституцияның елеулі кемшіліктері болғанын айту керек, аса маңызды дерлік айқындамаларды жағынан алғанда, ескі Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жорамалдарының бірталайынан арыла алмады. Назарбаев бұл кемшіліктердің қоғамдық дамуға едәуір кедергі келтіретінін асыруға қол жеткізе алмағанын кейіннен Назарбаевтың өзі айтады. Бұл саяси кезеңнің сипатынан туындаған жағдай еді. Еліміз тәуелсіздік пен егемендік жолына енді ғана қадам басқан болатын.
1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орнында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі-ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткендігін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объекетивтік тұрғыдан қажеттілікке айналды. Осындай жағдайда ол, егер халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негізденгенде, ол Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасына да ескерусіз қалдыра алмады.
Президент былай дейді: « . . . қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы сапалық деңгейлерге көтерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай кептен қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси процестің құқықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға да тиісті.
Жаңа Конституция қабылдаудың Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші сессиясында жасаған баяндамасында Назарбаев ашып көрсеткен мынадай себептерін нақтылы атап көрсеткен жөн. Конституциялық реформа сонымен қатар орыс тілінің мәртебесін айқындайтын қағиданы өзгерту үшін де қажет болды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деп танылғаны мәлім. Бұл іс жүзінде мәртебесі жоғары әрі қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларында ресми қолданылып жүрген орыс тілінің рөлін төмендетуші еді. 1993 жылғы Конституцияда дәйектелген мәртебе орыс тілін жеке адамдар арасында қатынастарда ғана қолданылатын тіл ретінде қарауға негіз беретін.
1993 жылғы Конституция негізінен дара азаматтық қағидатын белгілесе де, Республика аумағын лажсыз кеткен республиканың барлық азаматтарына, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға ерекшелік жасалды. Егер тиісті мемлекеттердің заңдары тыйым салмаса, оларға қос азаматтық алу құқығы берілді. Адамның құқықтары мен бостандықтарын одан әрі кеңейте берудің көкейкесті қажеттіліктеріне сүйеніп, Президент құқықтар мен бостандықтардың мемлекеттен туындамайтынын, олардың ажырағысыз сипатын, сондай-ақ бұлардың бастапқылығы жөніндегі мәнін қамтамасыз ету үшін құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйесіне табиғи құқықтық тұжырымдамалық тұғыр қалау қажеттігін негіздеп берді. Құқықтық өкілеттігін біршама өзгерткеннен кейін де оның бұрынғысынша бұлыңғырлау қалпында қалғаны жасырын емес. Сондықтан да бұл органның негізгі сипатына сай оның басты міндеті - заң шығару қызметімен шұғылдану екенін айқын анықтау талап етілді, соған қарамастан күні осы уақытқа дейін Парламент пен оның депутаттарының өкілеттіктері бұл қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, демек конституциялық даму барысында билікті бөлу арқылы оның белгіленген саладағы рөлін одан әрі арттыру бағытындағы құзыреті әлі де дәлдене түсуі шарт. Үкімет мемлекет басшысы ретінде Президенттің басшылығының аясына көшті.
Президент Конституцияны үш таған идеясы; адам - азаматтық қоғам мемлекет идеясына сәйкес құрудың маңызын негідеп берді. Осы үш таған бойынша, адам қоғам мен мемлекеттегі ең жоғарғы құндылық ретінде, құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін иеленуші ретінде, әрі осы тағандардың үшеуінің де бастапқы элементі ретінде көрінеді. Үш тағанның екінші элементі - азаматтарды және олардың мемлекетке тәуелсіз бірлестіктерінің басын қосатын жеке меншікке негізделген азаматтық қоғам. Мұндағы үшінші элемент - халыққа қызмет етуге тиіс мемлекеттің өзі.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1995 жылғы 30 тамызда қабылдануының алғышарттары, себептері, кемшіліктері, жаңалықтары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz