Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
Кіріспе
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні және маңызы
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: көрсеткіштері, бағалау әдістері

2 «ҚАЗАҚМЫС» » КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ
2.1 «ҚАЗАҚМЫС» » КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК.ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
3.2 «ҚАЗАҚМЫС» Корпорациясының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚОСЫМША

Нарықтық экономика жағдайында жалпы қаржы жүйесінің негізгі буыны - кәсіпорын қаржысы болып табылады.Кәсіпорын қаржысы -жалпы ішкі өнімнің құндық бейнеде құрылуына, бөлінуіне, пайдаланылуына қызмет етеді. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар шаруашылық субьектілердің құқықтық жағдайларын күшейтіп, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік жасалды. Ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сақтауды мемлекет пен кәсіпорын басщысы басщылыққа алған жөн. Сонда нарық талабын мемлекетпен бірге аса сауаттылықпен анықтайтын, кәсіпорынға тиімді қаржылық ресурстар тарта білетін, кәсіпорынның барлық құрылымын нарықтық жағдайға сай жүргізе білетін және пайданы көп табуды қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана қаржылық тұрақтылыққа жете алады. Ол үшін кәсіпорын қаржысының дұрыс талдау қажет. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған дұрыс.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолында үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, жібек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.Таңдалынып алынған тақырыптың өзектілігі осымен анықталады.
Мақсаты: «Қазақмыс» корпорациясы АҚ мысалында қаржы тұрақтылығының талдауы мен болжауын жасай отырып маңыздылығын көрсету. Мынадай нақты міндеттер көзделеді:
1) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық мәнін толығырақ түсіну;
2) ҚР-ның кәсіпорындарының қаржы көздерін құрудың, жоспарлаудың тиімді жолдарын зерттеу және қаржылық тұрақтылыққа әсер етуші факторларды жіктеу;
3) Кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалауда көрсеткіштердің арақатынасын анықтау;
4) Шетелдік талдау мен болжау тәжірибелерін үйрену және Қазақстан экономикалық құрылымына сай икемдеу.
Зерттеу обьектісі: «Қазақмыс» корпорациясы АҚ мысалында қаржылық жағдайды талдау және қаржылық тұрақтылыққа жетудің тиімді жолдарын іздеу.
Теориялық әдістемелік негізі: алынған әдебиеттер бойынша ҚР өнеркәсіп саласынан теориялық, статистикалық қорытындылар шығару көзделіп отыр. Теориялық мәліметтер отандық және ресейлік қаржылық талдау әдебиеттерінен алынды. Кәсіпорын қаржы тұрақтылығына оң және кері әсер ететін факторларға қысқаша шолу жасалынды.

1. Дүйсенбаев К.Ш.,Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау:Оқу құралы.—Алматы:Экономика.-2001.-330бет.
2. Ковалев В.В.Финансовый анализ: Управление капиталом, Выбор инвестиции, Анализ отчетности.-М.:Финансы и статистика,1996.-432с.
3. Балабанов И.Т.Анализ и планирование финансов хозяйствующих субьекта:Учебное пособие.-М.:Финансы и статистика.-1994.-80с.
4. ШереметА.Д.,Сайфуллин Р.С. Методика финансового анализа.-М.:Инфра-М,1995.
5. Радионова В.М., Федотова М.М. Финансовоя устойчивость предприятия в условиях инфляция.-М.:Перспектива,-1995.-97с.
6. Артеменько В.Г.,Беллендир М.В.Финансовый анализ:Учебное пособие-М,:«ДИС» НГАЭиУ,1997.-128с.
7. Финансовый менеджмент: теория и практика./под ред.Стояновой Е.С.3-е изд.,перераб.и доп.-М.:Перспектива,1998.-656с.
8. Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.°.Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы.-Алматы:Экономика.-2003.-252бет.
9. Крейнина М.Н.Финансовый менеджмент:Учебное пособие.-М:Дело и сервис.1998.-304с.
10. Шуляк П.Н.Финансы предриятия :Учебное пособие.4-е изд,перераб.и доп.-М.:Дашков и К.-2003.-712с.
11. Челекбай А.Д.,Хамитов Н.Н.,Такабаев М.К., и др.Методика оценки финансового состояния предприятия-ссудозаемùика и расчета его текущего рейтинга:-Алматы:Экономика,2000.-61с.
12. Ковалев А.И.,Привалов В.П.Анализ финансового состояние предприятия.2-е изд,перераб.и доп.-М.:Центр экономики и маркетинга,1997.-192с.
13. Бородкин К.Р.,Преображенскии Б.Г.ңАнализ инструментария финансовой диагностикиң//Финансы.-2004.-№3.
14. МамыровН.К.,Саханова А.Н.,Ахметов Ш.С.,Брузати Л.Государство и бизнес:
15. Финансовый менеджмент:Учебник для вузов /Под ред. Акад.Г.Б.Поляка.- 2-е изд., перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2004.-527с.
16. Учебное пособие.-Алматы:Экономика,1999.-660с.
17. Әкімбеков С.,Баймұхамбетова А.С,Жанайдаров У.А.Экономикалық теория.Оқу құралы.-Астана:Астана полиграфия.-2002.-464бет
18.Қазақстан Республикасының «Салықтық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы Заңы (Салық кодексі). Алматы, 2005

Нарықтық экономика жағдайында жалпы қаржы жүйесінің негізгі буыны -
кәсіпорын қаржысы болып табылады.Кәсіпорын қаржысы -жалпы ішкі өнімнің
құндық бейнеде құрылуына, бөлінуіне, пайдаланылуына қызмет етеді. Сондықтан
да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.
Бұған жағдайлар қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар
шаруашылық субьектілердің құқықтық жағдайларын күшейтіп, олардың көптеген
өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік
жасалды. Ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуде кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын сақтауды мемлекет пен кәсіпорын басщысы басщылыққа
алған жөн. Сонда нарық талабын мемлекетпен бірге аса сауаттылықпен
анықтайтын, кәсіпорынға тиімді қаржылық ресурстар тарта білетін,
кәсіпорынның барлық құрылымын нарықтық жағдайға сай жүргізе білетін және
пайданы көп табуды қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана қаржылық
тұрақтылыққа жете алады. Ол үшін кәсіпорын қаржысының дұрыс талдау қажет.
Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған дұрыс.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолында үйлесімді шешімдердің
қабылдануы, материалдық, жібек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.Таңдалынып алынған
тақырыптың өзектілігі осымен анықталады.
Мақсаты: Қазақмыс корпорациясы АҚ мысалында қаржы тұрақтылығының
талдауы мен болжауын жасай отырып маңыздылығын көрсету. Мынадай нақты
міндеттер көзделеді:
1) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық мәнін толығырақ түсіну;
2) ҚР-ның кәсіпорындарының қаржы көздерін құрудың, жоспарлаудың
тиімді жолдарын зерттеу және қаржылық тұрақтылыққа әсер етуші
факторларды жіктеу;
3) Кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалауда көрсеткіштердің арақатынасын
анықтау;
4) Шетелдік талдау мен болжау тәжірибелерін үйрену және Қазақстан
экономикалық құрылымына сай икемдеу.
Зерттеу обьектісі: Қазақмыс корпорациясы АҚ мысалында қаржылық
жағдайды талдау және қаржылық тұрақтылыққа жетудің тиімді жолдарын іздеу.
Теориялық әдістемелік негізі: алынған әдебиеттер бойынша ҚР өнеркәсіп
саласынан теориялық, статистикалық қорытындылар шығару көзделіп отыр.
Теориялық мәліметтер отандық және ресейлік қаржылық талдау әдебиеттерінен
алынды. Кәсіпорын қаржы тұрақтылығына оң және кері әсер ететін факторларға
қысқаша шолу жасалынды.
1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің теориялық-
әдістемелік мәселелері
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні және маңызы
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен қатар
олардың меншік иелері, жұмысшылары, коммерциялық серіктестері мен
контрагенттерінің алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты. Кәсіпорынның
тұрақты қаржы жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен(салық
органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер, және тағы
басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан серіктестермен
реттелген іскерлік қатынаста болу жақсы қаржлық жағдайдың бірден-бір
шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты
тиімділікке ие және дивидендтерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақтылығы
қалыпты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін тек
бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы
бәсекелестеріне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі пайызбен
алғысы келетін, ал қарыз мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатиысты. Кезкелген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз уақытында және толық өтеуін қалайды.Сондықтан оны беру туралы
шешім қабылдай отырып, кезкелген қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді.
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға
несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда –қандай
пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі
болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлемқабілеттілігі
жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы
болғанын қалайды.Себебі тек осындай ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
іскерлік қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды. Кәсіпорын өзінің
серіктестері арасындағы қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы
өзара экономикалық қызығушылықтарын қандай дәрежеде кепілдендірілгендігін
бағалай алады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының обьективті дұрыс бағасын
берудің ең жақсы тәсілі, бұл- талдау. Ол-кәсіпорынның даму бағытын
бақылауға, оның шаруашылық қызметте кешенді түрде баға беруге мүмкіндік
жасайды және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен
кәсіпорынның өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметі арасындағы
байланыстырушы қызметін атқарады. Нарықтық экономика жағдайында жұмыс
істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты
мақсаты(міндеті) келесілер болып табылады.
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі
талдау;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалдылықты және оларды пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуі мн кемуін ағымдағы
міндеттемелерімен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтер және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі жасау;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлемқабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстармалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау,
• кәсіпорынның қаржылық жағдацының тұрақтьылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол үш сатыдан тұрады: жабдықтау,
өндіріс және қаржылық қызментті құрайды. кәсіпорынның қаржылық қызметі –бұл
оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылғкан капиталдың құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы қарым-қатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпкерлік
қызметтің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз
байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылай қаржылық қызметтің жетістігі
көбінесе оның өндірістік –сату көрсеткіштерімен анықталады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.Өндіріс процесінде
өнім сапасының төмендеу және оны сатудың қйынджықтары кәсіпорын шотына
ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлемқабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражатарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімнің өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты
аз жұмсады. Керісінше жағдайда, шикізат пен материалдар шығындарының
нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі және басқа
ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы мен өндірістік емес шығындар
қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және
материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан
кейін табыста талданып қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі
кәсіпорынның өзіндік қаржы қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның
жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе, өз
кезеңінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлемқабілеттілігінің кепілі болатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды
қаржылық тұрақтылық бастаған дұрыс және ол мынадай кезеңдерді қамтиды:
• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымды және құрамдық
динамикасын талдау;
• кәсіпоынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның төлемқабілетілігін және несиеқабілеттілігін талдау;
Кәсіпорынның қаржы жағдайы –осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығының және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Ал кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақта арнайы оқулықтарда
түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты өз қаражаттарын
шебер пайдалану қабілетттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін
қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы -деп түсіндіреді. Қаржылық
тұрақтылық–қарыз қаражатттарының байланысы деп жазады.
Шаруашылық субьектілердің қаржылық тұрақтылығы –бұл оның жеке өз
қаражатымен активке салынған қаражатты жабуын, дебиторлық және кредиторлық
қарыздардың болмауын, қажетті төлемдерді уақытылы төлеу қабілеті. Сондай-
ақ айналым қаражатын жоғары деңгейде пайдалану, оны рационалды ұйымдастыра
білуі, -қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады.
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының
өзіне тән айнасы- қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын
еркін пайдаланып, оларды тиімді пайдалану арқылы өнімді өндіру мен өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды
кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорыннның
жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.
Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және өнімді сату
процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық
тұрақтылық барлық өндірістік шааруашылық қызмет процесінде қалыптасады
және кәсіпорынның жалпы қаржы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып
табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын оның мынадай қаржы-шаруашылық
жағдайын жағымды сипаттамаларымен байланыстыруға болады:
1) жоғары төлемқабілеттілік;
2) жоғары баланс өтімділігі;
3) жоғары несиеге қабілеттілік;
4) жоғары табыстылық;
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы- қаржы ресурстарын тиімді пайдаланумен
байланысты болады. Себебі, қаржылық тұрақтылықты қалыпты сақтау кәсіпорын
қаржы ресурстық жағдайы мен оны пайдаланумен де байланысты. Қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымын және оларды басқару стратегиясы дұрыс
таңдалып алынуы қаржы тұрақтылығын сақтап қалуға септігін тигізеді. Айта
кету керек, кәсіпорын басшысы өз қаржы ресурсын оның ішінде, таза табысы
қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін нарықтан қауіпсіз сезіне алатын
болады.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: көрсеткіштері,
бағалау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметiн бiртұтас кешендi
талдауды iшкi (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп екiге
бөлiнедi.Талдаудың бұл түрлерiнiң әрқайсысының өзiнiң негiзгi ақпараттық
көздерi және обьектiлерi бар.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, есеп берудiң екi түрi
бар:акционерлердi, қалың жұртшылықты, банктердi, сондай-ақ сақтандыру
ұйымдары мен үкiмет органдарын кәсiпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық
жағдайы және есептi кезеңдегi шаруашылығы қызметiндегi нәтижесiмен
таныстыру үшiн қаржылық газеттер мен бюллетендерге, арнайы анықтамаларда
басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбiне, есепте
субьектiнiң шаруашылық қызметiн динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты
мен оның алдыңғы кезеңдегi жағдайын болжауға мүмкiндiк беретiн бiрқатар
жылдардың мәлiметтерiн жариялайды.
Есеп берудiң екiншi түрi-басқару талдауы, бұл кәсiпорын шығаратын
өнiмдердiң жеке түрлерiнiң өзiндiк құнының нормативтерi туралы, сондай-ақ
сапасының төмендiгiне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей
қалуына байланысты мәлiметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшiн жабық есеп болып табылады. Iшкi есеп берудiң iшiндегi
жауапкершiлiк орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты
жеке бөлiмшелердiң жұмыс нәтижелерiн сипаттайтын маңызды есеп түрлерi
болады. Кәсiпорынның жеке бөлiмшелерiндегi шаруашылық жүргiзу деңгейiн
анықтау шығындар мен нәтижелердi салыстыру, кiм қалай жұмыс iстейтiнiн
көруге мүмкiндiк бередi және еңбекке ақы төлеуде қандай да бiр иесiздiктi
жояды. Iшкi талдау басқару есебi, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негiзiнде
жүргiзiледi. Бүгiнгi таңдағы нарық жағдайында кәсiпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездерi мерзiмдi баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргiзу бойынша бiрқатар әдiстемелiк ұсыныстар жарық
көрдi. Бұл еңбектiң авторлары кәсiпорынның қаржылық жағдайын және оның
жекелей көрсеткiштерiн талдаудың әр түрлi әдiстемелерiн ұсынып отыр. Бұл
әдiстемелердiң көпшiлiгiнде олардың маңызды ерекшелiгi болып табылатын,
кәсiпорынның қаржылық жағдайының бiздiң отандық тәжiрибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткiштерiнiң жүйесiн толық талдауда. Кәсiпорынның қаржылық
жағдайын талдауды алдымен оның активтерi мен пассивтерiн талдаудан бастап,
содан кейiн төлеу қабiлетi мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердiң
қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзiмдi болжауға
кеңес беруге болады .
Қаржылық талдаудың тәжiрибесi қаржылық есептi оқудың негiзгi
ережелерiн қалыптастырды. Олардың iшiнен алты негiзгi әдiстi бөлiп
қарастыруға болады:
1) Көлденең талдау;
2) Тiкелей талдау;
3) Трендтiк талдау;
4) Салыстырмалы талдау;
5) Факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдiсi;
Көлденең талдау - есеп берудiң әрбiр позициясын өткен кезеңiмен
салыстыру. Ол өткен кезеңдегiмен салыстырғандағы бухгалтерлiк есептiң түрлi
баптарының абсолюттiк және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкiндiк
бередi.
Тiкелей талдау - әрбiр есеп позициясының жалпы нәтижеге тигiзетiн
әсерiн айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткiштердiң құрылымын
анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлiмдерi бойынша қорытынды
көрсеткiштегi жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Трендтiк талдау - әрбiр есеп позициясын бiр қатар өткен кезеңдермен
салыстыруды және трендтi, яғни жеке кезеңдердiң дербес ерекшелiктерi мен
кездейсоқ әсерлерiнен тазартылған көрсеткiш динамикасының негiзгi
тенденциясын анықтауды көрсетедi. Трендтiң көмегiмен болашақтағы
көрсеткiштердiң мүмкiн болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейiн
перспективтi, болжамдық талдау жүргiзiледi.
Қаржылық коэффициенттер әдiсi – баланстың жеке баптарының арасында
болатын өзара математикалық қатынастарға негiзделген. Олар кәсiпорынның
қаржылық жағдайын кезектi факторлық талдау үшiн алғашқы база болып
табылады. Шешiмдер қабылдау үшiн сәйкес коэффициенттердi талдаудың
пайдалылығы оларды дұрыс түсiндiруге байланысты болады. Бұл -қатынастарды
талдаудың ең қиын аспектiсi, себебi ол осы қатынастардың қалыптасуының iшкi
және сыртқы факторларын бiлудi талап етедi. Мысалы саладағы жалпы
экономикалық жағдайлар, кәсiпорын басшылығының саясаты және басқалары
жатады. Қаржылық қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткенi
тек бiр ғана фактор алымына да бөлiмiне де әсер етуi мүмкiн. Қаржылық
жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткiштердi зерттеу қажет болады,
себебi ол болашақта дұрыс бағалауға мүмкiндiк жасайды.
Салыстырмалы талдау- бұл фирмалардың, еншiлес фирмалардың,
бөлiмшелердiң және цехтардың жекелеген көрсеткiштерi бойынша есебiнiң
құрама көрсеткiштерiн шаруашылық iшiндегi талдау, сондай-ақ берiлген
фирманың көрсеткiштерiн орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәлiметтерi бар бәсекелес фирмалардың көрсеткiштерiмен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткiшке
тигiзетiн әсерiн зерттеудiң детерминдiк немесе реттелмеген тәсiлдар
көмегiмен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткiштердi
оның құрамдас бөлiктерiне жiктегенде – тура, ал оның жеке элементтерiн
жалпы қорытынды көрсеткiшке бiрiктiргенде ол - керi (синтез)болуы мүмкiн.
Жоғарыда көрсетiлген әдiстермен қатар, қаржылық жағдайды талдау да
экономикалық(элиминирлеу, бухгалтерлiк және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, абсолюттi, орташа
және салыстырмалы шама, графиктiк және индекстiк әдiстер, корреляция,
регрессия, динамикалық қатарлар және тағы басқа) дәст үрлi әдiстер
қолданылады. Белгiлi бiр экономикалық ғылым шегiнде жасалған түрлi
әдiстер мен тәсiлдердi iскерлiкпен пайдалану кәсiпорынның қаржылық
жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субьектiсiнiң қаржылық
тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды
дайындауға мүмкiндiк бередi.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткiштердi 4 негiзгi
топқа бөлуге болады:
-қаржылық тұрақтылығын талдау;
-табыстылығын зерттеу;
-кәсiпоры қызметiнiң тиiмдiлiгi мен iскерлiк белсендiлiгн талдау;
-кәсiпкерлiк тәуекелдiлiк пен потенциалды банкроттығын талдау.
Жоғарыдағы қаржылық жағдайдың көрсеткiштерiнiң жiктелу жүйесiмен
шаруашылық субьектiлерiнiң барлық түрiн бағалауға болады. Мұнда 40-тан
астам коэффициенттер шығады. Әрбiр кәсiпорын өзiнiң меншiктiк құрылымына,
коммерциялық ерекшелiгiне байланысты өзiне қажеттi коэффициенттердi
пайдаланады.
Қандай да бiр кәсiпорын болмасын оның қаржылық тұрақтылығының жағдайын
бағалайтын жалпыға ортақ көрсеткiштерi болады. Бұл қаржылық тұрақтылықты
бағалаудың ортақ көрсеткiштерi 8 негiзгi коэффициентерге бөлiнедi:
1) меншiктi капиталды шоғырландыру(концентрациялау);
2) қаржылық тәуелдiлiк;
3) меншiктi қаражаттардың еркiн жұмсау(маневрлық);
4) қарыздық капиталдарды шоғырландыру;
5) ұзақмерзiмдi салымдардың құрылымы;
6) ұзақмерзiдi қарыз қаражаттарын тарту;
7) қарыздық капиталдардың құрылымы;
8) меншiктi және қарыздық капиталдардың арақатынасы;
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауымыз үшін ең алдымен
оны сипаттайтын көрсеткіштерін талдап алайық, оған:
1) Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау;
2) Баланс активтерiнiң құрамы мен құрастырылу көздерiнiң құрамынының
динамикасын талдау;
3) Баланс өтiмдiлiгiн талдау;
4) Кәсіпорын төлем қабілеттілігін талдау;
5) Кәсiпорынның несиеге қабiлеттiлiгiн талдау.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау:
Кәсiпорынның экономикалық жағдайын екi әдiспен(сипатымен) бағалауға
болады: ол кәсiпорының мүлiктiк жағдайы мен қаржылық жағдайы. Бұл екеуi
бiр—бiрiне тығыз байланысты. Әрбiр шаруашылық жүргiзушiнiң маңызды
мiндетiнiң бiрi болып табылатын және де кәсiпорынның төлеу қабiлетi мен
өтiмдiлiгiне қосымша баға беруге мүмкiндiк беретiн мүлiктiк массаның
құрылымын бағалаудан бастайды. Кейбiр шаруашылық субьектiлерi алдымен есеп
берудiң құрастырылу сапасын тексередi, соның негiзiнде кәсiпорынның қаржы
жағдайын бағалайды. Одан кейiн кәсiпорынның мүлiктiк жағдайына және оның
қалыптасу көздерiне, қаржылық дербестiгiне және талдау қабiлеттiлiгiне
тереңдетiлген талдау жасайды.
Қазіргі кезде кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың соңғы
(ерекше) әдiстемесi қолданылады. Оларға мыналар жатады: қаржылық жағдайдың
жалпы бағасы және есептi кезеңдегi оның өзгерiсi; кәсiпорынның қаржылық
тұрақтылығын талдау; баланс өтiмдiлiгiн талдау; кәсiпорынның iскерлiк
белсендiлiгiн және төлеу қабiлетiн талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есептi кезеңдегi өзгерiсiн салыстырмалы
аналитикалық баланс - нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық
тұрақтылықтың абсолюттiк көрсеткiштерiн талдау, олардың ойынша,
кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөлiктерiн дамытуға тиiстi
оның негiзгi бастапқы пунктiн құрайды. Баланс өтiмдiлiгiн талдау,
тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабiлеттiлiгiн бағалап,
болашақтағы төлем қабiлетi мен қаржылық тепе-теңдiктiң сақталу мүмкiндiгi
туралы қорытынды жасауға тиiс.
Баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
Ал, ұзақ мерзiмдi перспективада қаржы көздерiнiң құрылымына, және
сыртқы инвесторлар мен кредиторларға деген тәуелдiлiк және тәуелсiздiк
дәрежесi жатады. Мұның мәнi бiр ғана - бұл коэффициентке қарап кәсiпорын
сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсiз екендiгiн және өз қаражатын
қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсiздiк коэффициентiн
меншiктi капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды.:
Ктс =МкАк
(1)
Мұндағы : Ктс-тәуелсiздiк коэффициентi;
Мк –меншiктi капитал;
Ак- авансталған капитал(баланс валютасының
жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттiң өсуi кәсiпорының қаржылық тәуелсiздiгi жоғары
екендiгiн көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын
көрсетедi.
Келесi, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншiктi
капиталдың қарыздық капиталға қатынасын көрсететiн қаржыландыру
коэффициентi болып табылады.
Кқ=Мкқк
(2)
Мұндағы: Кқ- қаржыландыру коэффициентi
Мк- меншiктi капитал;
Қк- қарыздық капитал.
Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болған сайын, банктер мен
инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенiмдi кiрiседi. Бұл коэффициент
кәсiпорын қызметiнiң қандай бөлiгi өз қаражатымен, ал қандай бөлiгi қарыз
қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетедi. Қаржыландыру коэффициентi Кқ1
болатын жағдай(кәсiпорын мүлкiнiң көп бөлiгi қарыз қаражатымен
қалыптасқан) төлем қабiлеттiлiгiнiң өте қауiптi жағдайға жеткендiгiн және
несие алуды қиындатқанын көрсетедi.
Кәсiпорынның тәуелсiздiк дәрежесiн сипаттайтын ең бiр маңызды
көрсеткiштердiң бiрi қаржылық тұрақтылық коэффициентi болып табылады
немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициентi деп атайды. Ол
меншiктi және ұзақмерзiмдi қарыз капиталының жалпы(авансталған) капиталдағы
үлесiн сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Кқт = Мк +Ұм
(3)
Ак
Мұндағы: Кқт- қаржылық тұрақтылық коэффициентi;
Ұм - ұзақмерзiмдi мiндеттемелер;
Ак – авансталған капитал;
Мк – меншiктi капитал.
Бұл дербестiк коэффициентiмен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ
көрсеткiш. Батыс тәжiрибесiнде бұл коэффициенттiң қалыпты мәнi 0,9-ға тең
болуы керек, ал оның 0.75-тен төмендеуi қауiптi.
Кәсiпорын қаржы тұрақтылығын сипаттайтын ең маңызды көрсеткiш
–меншiктi капиталды талдау. Бiздiң отандық тәжiрибеде кәсiпорынның меншiк
капиталының құралу көздерi болып мыналар жатады: жарғылық капитал,
резервтiк қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен
салымдар(келiп түсулер) , жалгерлiк мiндеттемелер, баланс пассивiнiң 1-шi
бөлiмiнде көрсетiлген бөлiнбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен
есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезеңдегi шығындар мен төлемдер
резервтерi, күмәндi қарыздар бойынша резервтер кiредi.
Талдау кезiнде меншiктi айналым капиталының абсолюттiк мөлшерiн
анықтаумен қатар, оның жалпы меншiктi капиталдағы үлестiк салмағын да табу
керек. Бұл көрсеткiш кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты
сипаттамасы болып табылады. Арнайы қаржылық талдау әдебиеттерiнде оны iс
жүзiнде “жұмсау”( маневрлық) коэффициентi деп аталады.
Ол кәсiпорынның меншiктi қаражаттарының қандай бөлiгi, осы
қаражаттарды еркiн жұмсауға болатын, мобильдi нысанда екендiгiн көрсетедi
және келесi формуламен анықталады:
К ж = Ма.к
(4)
Мк
Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициентi;
Ма.к –меншiктi айналым капиталы;
Мк -меншiктi капитал.
Бұл коэффициенттi кейбiр қаржы аналитиктер осылай анықтайды.
Ұзақмерзiмдi қарыз қаражаттары негiзгi құралдарды алуға және капитал
салымдарына бағытталатынын ескере отырып, бұл коэффициенттi меншiктi
капиталға ұзақмерзiмдi мiндеттемелердi қосып есептеуге болады.
Оптималды мөлшерi ретiнде жұмсау коэффициенттi ≥ 0,5 деп алынуы
мүмкiн, бiрақ iс жүзiнде көрсеткiштiң тұрақты қалыптасқан мәндерi жоқ. Бұл
көрсеткiштiң ұсынылып отырған деңгейi кәсiпорынның менеджерi мен оның
меншiк иелерi өз қаражаттарын мобильдi және иммобильдi активтерге
салудың тепе-теңдiк принципiн сақтау керектiгiн көрсетедi, әрi бұл баланс
өтiмдiлiгін қамтамасыз етедi.
Кәсiпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу
көздерiмен қамтамасыз етiлуiнiң абсолюттi көрсеткiштерi қаржылық
тұрақтылықты талдау үшiн басты рөл атқаратынына сай, кәсiпорынның
қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткiштерiнiң бiрi “қорларды
қалыптастырудың өз көздерiмен қамтамасыз етiлу коэффициентi” болып
табылады. Бұл көрсеткiштi тауарлы –материалдық қорлар мен шығындарды жабу
коэффициентi деп айта бередi.Ол келесi формуламен анықталады:
К қ.қ = Ма.к
(5)
Қ т.м
Мұндағы:
Кқ.қ -тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етiлу
коэффициентi;
Ма.к -меншiктi айналым капиталы.
Қ т.м -тауарлы-материалдық қорлар.
Кәсiпорының қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерiнiң
құрамымен емес, сонымен бiрге қаржылық есеп берудiң активтерiне салудың
дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншiктi қаражаттардың құрылымын
бағалаумен қатар кәсiпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да
қарастырылады. Талдау жүргiзу үшiн қарыз қаражаттарының әрбiр баптарының
есеп беретiн көрсеткiштерiн топтық қорытындылармен сәйкестеңдiру қажет.
Олардың базистiк көрсеткiштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердiң
өзгерiстерiн көрсету керек. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы
негiзiнен 2:1 болған дұрыс болады.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттiк көрсеткiштерi–тауарлы-
материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерiмен қамтамасыз етiлу
дәрежесiн көрсететiн көрсеткiштер.
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерiн сипаттайтын үш негiзгi
көрсеткiш анықталады:
1. Меншiктi айналым капталының бар болу (Ма.к).
құрылысына қарай меншiктi айналым капиталының бар болуын былай жазуға
болады:
Ма.к = Мк -Ұа
(6)
Мұндағы: Мк –меншiк капиталы (баланс пассивiнiң 1-шi бөлiмi );
Ұа- ұзақмерзiмдi актив (баланс активiнiң 1-шi бөлiмi).
Ма.к көрсеткiшi бiрқатар маңызды талдау коэффициенттерiн есептеп
табу үшiн пайдаланылады:кәсiпорынның ағымдағы активтерiн жабу
коэффициентi( бұл көрсеткiштiң нормативтi мәнi 0,1-ден төмен болмау керек),
тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициентi(нормативтi мәнi 0,6-дан
төмен болмау керек) және тағы басқалары жатады.
2. Тауарлы – материалдық қорлардың меншiктi және ұзақмерзiмдi қарыздың
қалыптасу көздерiнiң бар болуы(Ма.кұз). Бұл көрсеткiш алдындағы
көрсеткiштi, яғни меншiктi айналым капиталының ұзақмерзiмдi мiндеттемелер
сомасына қосу жолымен, мына формуламен анықталады:
М акұз=Ма.к -Ұмз
(7)
Мұндағы: Ұмз - ұзақмерзiмдi мiндеттемелер(баланс пассивiнiң 2-шi
бөлiмi);
Ма.к - меншiктi айналым капиталы.
3. Тауарлы-материалды қорлардың қалыптасу көздерiнiң жалпы мөлшерi. Алдыңғы
көрсеткiштi қысқамерзiмдi несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен,
яғни мына формула арқылы анықталады:
НК=Ма.кұз + Қн.қ
(8)
Мұндағы : НК-негiзгi көздер;
Қн.қ- қысқа мерзiмдi несиелер мен қарыздар.
Тауарлы-материалды қорлардың, олардың қалыптасу көздерiмен қамтамасыз
етiлуiнiң үш көрсеткiшiн есептеу кәсiпорынның қаржылық жағдайын оның
тұрақтылық дәрежесi бойынша келесi төрт типке бөлуге мүмкiндiк бередi
болады:
1) қаржылық жағдайдың абсолюттiк тұрақтылығы;
2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдайы;
4) дағдарысты (қауiптi) қаржылық жағдайы.
Қаржылық жағдайдың абсолюттi тұрақтылығы мына теңсiздiкпен
сипатталатын уақытта қалыптасады.
ҚШ( Мак немесе Мак ( ҚШ.
Бұл теңсiздiк тауарлы-материалдық қорлар меншiктi айналым
капиталымен жабылатынын көрсетедi, яғни кәсiпорын сыртқы кредиторлардан
тәуелсiз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседi. Оның үстiне, бұл жағдай
ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкiн. Себебi әкiмшiлiк негiзгi қызмет үшiн
қаражаттың сыртқы көздерiн пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейдi немесе
пайдалануға мүмкiндiгi жоқ.
Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсiздiкпен
сипатталады:
Макұз. ҚШ НК
Бұл келтiрiлген қатынас тиiмдi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорын
тауарлы-материалдық қорларды жабу үшiн әртүрлi қалыпты- меншiктi және
сырттан тартылған қаражат көздерiн пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес
келедi.
Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесi теңсiздiкпен
сипатталады:
ҚШ НК немесе НК
ҚШ
Бұл қатынас кәсiпорын өзiнiң тауарлы-мматериалдық қорларының бiр
бөлiгiн жабу үшiн қалыпты емес болып, яғни негiзделмеген болып саналатын
қосымша жабу көздерiн тартуға баруына тура келетiн жағдайға сәйкес келедi.
Кәсiпорынның тұрақсыз қаржылық жағдай төлемқабiлетiн бұзады. Экономикалық
ынталандыру жасау үшiн уақытша несиелер алады. Бұл жағдайда кредиторлық
қарыздар дебиторлық қарыздардан асып түседi. Айналым және меншiктi
капиталды уақытша ақшалармен толтырып тепе-теңдiкке жетуге болады.
Iшкi талдау кезiнде қаржылық тұрақтылығына төлеу қабiлетсiздiгi
балансын құру негiзiнде тереңдетiлген зерттеу жүргiзiледi, оған 1-суретте
өзара байланысқан көрсеткiштер топтары кiредi:
1сурет- Кәсіпорын қаржы тұрақтылығының төлеу қабілетсіздігінің байланысқан
көрсеткіштер
2 ҚазақМыс корпорациясының қызметін талдау және оны бағалау
2.1 ҚазақМыс корпорациясының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын барлық көрсеткіштер
өзара тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның төлемқабілетілігі мен
өтімділігінің динамикасын және капитал айналымдылығы мен рентабелділігін
талдамай оның қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағаланып, нақты цифрлармен
болжанады деуге болмайды. Әрбір көрсеткіштің деңгейі мен динамикасы басқа
көрсеткіштердің деңгейлері мен динамикасынан қалыптасады. Талдау барысында
көрсеткіштер арасындағы сапалық және сандық қатынастарды бағалап кетуге
болады.
Қазақмыс корпорациясы меншігінің 35 пайызы Үкіметке, 42,4 пайызы
Самсунг компаниясына, қалған 22,6 пайызы кен қопарып, металл балқытқан,
былайша айтқанда осы салада атам заманнан күні бүгінге дейін жұмыс істеп,
тер төгіп келе жатқан қалың топ – қарапайым халықтікі. Акционерлік қоғамның
акциясы о баста осылай бөлініпті.
Қазақмыс корпорациясының экономикалық бөлімінің мәліметтері бойынша
2005-жылы корпорация инвестицияларының көлемі 79 млн. долларды құрады. Ал
2004-жылғы тиісті мерзімде бұл мөлшер 54 млн. долларды құраған. 2005-жылдың
4 айында корпорация кен өндіру мөлшерін 12,8 млн. тоннаға жеткізді. 2004-
жылғы төрт айда өнім мөлшері 11,3 млн. тоннаны құраған. 2004-жылғы тиісті
мерзіммен салыстырғанда мырыш концентратын өндіру мөлшері 19,2 мың тоннадан
29,2 мың тоннаға жетті. Ал мырышты металл күйінде өндіру мөлшері 0,5 мың
тоннадан 20,1 мың тоннаға жеткізілді. Сонымен бірге мыс катанкасын өндіру
мөлшері өткен жылғы осы мерзімдегі 1,9 мың тоннадан 20,4 мың тоннаға дейін
артты. Металл түріндегі мырыш пен мыс катанкасы Қытайға сатылды.
Қазақмыс 2005-жылы төрт айда құйма түріндегі алтын өндіру мөлшерін 2004-
жылғы 441 килодан 695 килоға жеткізді. Ал толлинг жасамай, түйіршік түрінде
күміс өндіру көлемі 214 тонна болды. 2004-жылы бұл көрсеткіш 169 тонна
болған. Тазартылған мыс өндіру мөлшері 2005-жылғы төрт айда 130,2 мың
тонна болды. Жоспарлау бөлімінің мәліметі бойынша, экспортқа шығарылған
жалпы тазартылған мыс көлемінің 45 проценті Қытайға жөнелтілсе, қалған
бөлігі Еуропаға жіберілді. 2005-жылғы төрт айда Бөрілі разрезінде
көмір өндіру мөлшері 2,1 млн. тоннаға дейін азайды. Ал 2004-жылғы тиісті
мерзімде бұл мөлшер 2,6 млн. тонна болған.
2005-жылдың төрт айында корпорация 65,1 млрд. теңгенің өнімін босатты.
Бұл 2004-жылғы көрсеткіштен 12,8 млрд. теңгеге артық.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп-шаруашылық
субьектілердің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген
бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық
субьектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін
қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.
1-кесте. ҚАЗАҚМЫС Корпорациясының технико-экономикалық көрсеткіштері:
№ Көрсеткіштер 2004 жыл 2005 жыл Ауытқулар өсу қарқыныөлш.
(+,-) % бірл.
1 өткізілген 78314,0 125776,3 47462,3 150 мың.тг
өнімнен түскен
табыс
2 өткізілген 36668,8 40921,8 4253,0 111,6 мың.тг
өнімнің өзіндік
құны
3 Жалпы табыс 41645,2 84854,5 43209,3 2есе мың.тг
4 Кезең шығындары 36653,8 38687,6 2033,8 105,5 мың.тг
5 Негізгі 4991,4 46166,9 41175,5 9есе мың.тг
қызметтен түскен
табыс
6 Негізгі емес -906,1 7979,2 8885,3 - мың.тг
қызметтен түскен
табыс
7 Таза табыс 28778,8 109883,9 81105,1 3есе мың.тг
8 өнд-к негізгі 115002,9 120979,1 5976,2 105,2 мың.тг
қордың орт.
жылдық құны
9 өнім 39,0 138,0 99,0 - %
рентабельділігі
10 Сату 36,7 87,4 50,7 - %
рентабельділігі
11 Қор 0,7 1,0 0,3 142,9 тг
қайтарымдылығы
12 Қор сыйымдылығы 1,5 1,0 -0,5 66,7 тг
13 Жұмыскерлер саны2300 2390 90 103,9 адам
14 Қормен қарулану 5,0 4,8 -0,2 96,0 тгад
15 Еңбекақы қоры 591229,0 633094,1 41865,1 107,1 мың тг
16 Орташа айлық 21421,3 22074,4 653,1 103,1 тг
еңбекақы
17 өткізілген 0,9 0,6 -0,3 66,7 тг
өнімнің 1тг.
кеткен шығ.
Жоғарыда көрсетілген 1- кестедегі кәсіпорынның техника-экономикалық
көрсеткіштер тобындағы алғашқы мән - өткізілген өнімнен түскен табыс. Бұл
көрсеткіш 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 47462,3 мың теңгеге артық.Яғни
кәсіпорынның тиімді қызмет етуінің барысында 2004 жылға қарағанда 2005 жылы
өткізілген өнімнен түскен табыс 50 %-ға артық орындалған.
Келесі көрсеткіш - өткізілген өнімнің өзіндік құны. Ол 2004 жылы
36668,8мың теңгені құрайды, ал 2005 жылы40921,8мың теңгеге дейін көбейген,
яғни өнім өндіруге 2005 жылы 4253мың теңге артық жұмсалған.
Үшінші көрсеткіш – жалпы табыс, бұл өткізілген өнімнен түскен табыс
пен өткізілген өзіндік құны арасындағы айырмасы. Жалпы табыс жоғарыда
аталған екі көрсеткішпен тікелей байланысты болғандықтан, сәйкесінше ол да
43209,3мың теңгеге 2005 жылы алдыңғы жылға қарағанда артық. Яғни 2005 жылы
2 есе көп.
Төртінші көрсеткіш - кезең шығындары деп аталады. Кезең шығындары 2005
жылы 2004 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға немесе 2033,8 мың теңгеге артық
шығындалғандығы байқалады, ол жалпы және әкімшілік шығындардың, өткізу
шығындарының, пайыздар бойынша төлемдердің артуынан.
Келесі кезектегі көрсеткіш – негізгі қызметтен түскен табыс. Негізгі
қызметтен түскен табысты жалпы табыстан кезең шығындарын шегеру арқылы
анықтауға болады. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 9 есе артық болған.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2004 жылы тиімсіз қызмет етудің
нәтижесінде -906,1 мың теңге, 2005 жылы ол 7979,2 мың теңгені құрайды, яғни
тиімді, нәттижелі қызмет ету барысында 8885,3 мың теңгеге артық табыс
тапқан.
Сату рентабельділігі кәсіпорынның таза табысы мен өткізілген өнімнен
түскен табысы артқандықтан және олармен тікелей байланысты болғандықтан,
2005 жылы 2,4 есеге артық орындалып отыр.
Қор қайтарымдылығы көрсеткіші 2004 жылы 0,7 болса, 2005 жылы 1-ге
дейін көтерілгендігін көріп отырмыз. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 0,3 теңгеге
немесе 42,9 пайызға артты.
Он екінші көрсеткіш – қор сыйымдылығы деп аталады. Қор сыйымдылығы
көрсеткіші қор қайтарымдылығына қарама қарсы көрсеткіш. Сондықтан да бірі
өссе екіншісі кемиді. Кестеде берілген қор сыйымдылығы 2005 жылы 66,7
пайызды құрады.
Жұмыс көлемі көбейген сайын жұмыс күшіне қажеттілік арта түседі, сол
себепті 2004жылы жұмыскерлер саны 2300 адамнан, қажеттіліктің тууына
байланысты 2005 жылы 90 адамға артты, яғни 3,9 пайызға көбейген.
Жұмыскерлердің санының және төлемақы мен жалақының арту есебінен
еңбекақы қоры да 2005 жылы 41865100 теңгеге асып отыр. Сонымен қатар 2004
жылмен салыстырғанда 2005 жылы еңбек ақы қоры 7,1 пайызға өсті.
Жалпы кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерінің жағдайы 2004
жылға қарағанда 2005 жылы тұрақталып отырғаны байқалады.
Енді талдау жұмысымызда біз Қазақмыс корпорациясының қаржылық
жағдайын, соның ішінде қаржылық тұрақтылығын талдайын деп отырмыз. Талдау
қарапайым түрде корпорацияның қаржы есебі нысандары бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорыннның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ең
бірінші оның мүліктік жағдайының динамикасын, құрамы мен құрылымын
үйренуден басталады.
Қазақмыс корпорациясының баланс активтері, яғни мүліктік жағдайы
2004 жыл мен 2005жылдың мәліметтері 2-ші кестеде көрсетілген.
Баланс мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы 24 334 491мың теңгеге көбейген немесе 11%-ға
артқандығын көруге болады. Бұл корпорацияның әрі қарай дамуын
көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, корпорацияның активтерін талдау барысында активтердің қалай
таратылғаннын да көріп отырмыз. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік
потенциалы мен оның негізгі құралдар жағдайы және кәсіпорын мүлкінің
мобильділігін анықтауға болады. Кестедегі мәлімет бойынша корпорацияның
өндірістік потенциалы 2004 жылы 95 919 334 мың теңгені, ал 2005жылы 99
193 930 мың теңгені құрады. Бұл әдістеме бойынша өндірістік потенциал 3 274
596 мың теңгеге артқан. Бірақ, бұл өзгеріс2005 жылы кәсіпорын активінің
құрамындағы кәсіпорын өндірістік потенциалын 45%-дан 42%-ға дейін
төмендетті
Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде ғалымдар өндірістік
мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кп ≥0,5 қалыпты болып
есептеледі-деп айтады.
Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болғкан
жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегің қызметіің қаржылық нәтижелері
активтерлді меншікті қражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін
болса, өндірістік маұсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз
қаражаттарын тартқан жөн. Қазақмыс корпорациясы сұранымға ие тауар
өндіргендіктен мүліктердің орнын толтыру жоспары қалыпты болып келеді.
Себебі қаржының біраз бөлігі 14 263 920 мың теңге аяқталмаған күрделі
құрылысқа салынған.
Кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтаудың екінші әдістемесі
бойынша жоғарыдағыларға қоса активтер құрамындағы аяқталмаған күрделі
қаржылық салымдардың (құрылыс) құны қосылып есептеледі. Бұл әдістеме
корпорация да болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды.
2004жылы корпорация өндірістік потенециал құны 107 996 920 мың
теңге, ал 2005жылы 113 457 850 мың теңгені құрайды, яғни 5 460 930 мың
теңгеге немесе 5%-ға өскен. Қазақмыс корпорациясының мүліктік
жағдайын және өндірістік потенциалын келесі кестеден анық көріп бағалауға
болады 2-Кесте.
2- кесте. Қазақмыс корпорациясының мүліктік жағдайының құрылымы.
Көрсеткіштер01.01.2004 Аралық кезеңдегі
өзгеріс(+,-)
01.01.2005
сомасы мың % сомасы мың % мың тг. %
тг. тг. (5бағ-3бағ) (7бағ3бағ
х100)
Активтердің 211 100 235 826100 24634491 +11,66
құны,барлығы192 199 690
соның
ішінде:
1.1 87 41,6 92 +4715379 +5,37
Ұзақмерзімді876 287 1 591 666 39,26
активтер:
а)материалды 0,23 -47312 -9,79
қ емес 483 146 435 834 0,18
активтер
ә)негізгі 74 35,4 77 +2455959 +3,28
құралдар 853 766 4 309 725 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz