Адамзаттың тұрақты даму философиясын қалыптастырудағы Рио-де-Жанейро конференциясы


Кіріспе

БҰҰ Рио-де-Жанейрода өткен конференциясы.

1992 ж. маусымда Рио-де-Жанейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы (КОСР-92) өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, галымдар және кәсіпкерлер қатысты.

КОСР-92 ашылғанға дейін әлемде үлкен өзгерістер болды. 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қауіпті құбылыстар бірнеше есе күшейді. Адамзат Чернобыль оқиғасын басынан өткізді. Ұлы дсржавалардың әскери текетіресі аяқталды, қарусыздану мен әскери бюджетті қысқартудың нақты мүмкіндігі пайда болды. Тағдырдың тәлкегімен тоталитарлық жүйенің ыдырап, қоғамда сондай тез тарихи бетбұрыс болатынын ешкім білмеді.

Жаңа тарихи жағдайда шекаралардың ашықтыгы қалың бұқараның ақпараттануы, әлемдік демократияның өсуі адамдар мен елдердің экономикалық теңсіздігінің, олардың планетамыздың ресурстарын пайдалануға қатысуының өткір қайшылықтары айқын болды. Конференцияға бір қатысушы айтқандай «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуы одан ауыр бай елдер мен кедей елдер арасындағы соғыстың бастамасы болса аса ауыр қасірет болады. Сондықтан КОСР-92 ортақ идея ретінде төмендегі айқын жорамалдарды ұсынады:

- тұрақты даму және әділетті әлем жолында, әсіресе дамыған елдер тарапынан ымыра мен құрбандық сөзсіз болады;

- дамушы елдердің игілікке дамыган елдердің байқуаттыққа жеткен жолымен жүруі мүмкін емес;

- әлемдік қауымдастық ұзақ мерзімдік тұрақты даму жолына түсуі керек;

- осы жолға түсудің сөзсіз қажеттілігін барлық елдерде қоғамның барлық топтарының түсінуі және оған мейлінше жағдай туғызу талаптары.

Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде:

- қоршаган орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі;

-барлық түрдегі ормандарды қорғау және ұдайы өсіруді басқару жөнінде әлемдік ауызбірлік принциптері туралы мәлімдеме;

- XXI ғасырдың Күн тәртібі - таяу болашақтың экология-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат.

Одан басқа, Конференцияда климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрлілік туралы Рамалық конвенция әзірленді . КОСР барлық өзегі -тұрақты даму тұжырымдамасы.

Конференция климат мәселесі және оны шешу қажеттігін мойындады. Рамалық конвенция 1994 ж. күшіне енді және ол 150-ден астам елде бекітілді. Конвенцияның мақсаты - атмосферада парник газдарының шоғырлануын климаттық жүйеге қауіпті антропогендік әсер болдырмайтын, табиғи экожүйелердің климаттық өзгеруіне бейімделуін жеткілікті мерзімде, халықты азықпен қамтамасыз етуге қауіп төндірмейтін және тұрақты негізде экономикалық өсімді қамтамасыз ететін дәрежеде тұрақтанды. Климаттың өзгеруі ғаламдық мәселе екені даусыз, оның салдары барлық елдерге, әр адамға ортақ. Біздің әрқайсымыз және барлығымыз бұл мәселені тудыруға себепші болдық. Сондықтан мәселені барлығымыз бірігіп шешуіміз керек. Ал ол өз кезегінде ғаламдық күштердің және әлемдік ынтымақтастықты талап етеді.

Климаттың өзгеруі туралы Рамалық конвенцияның негізгі ережелері:

1. Конвенция нақты әрекеттер бойынша келісімдер үрдісін және құрылымын анықтайды.

2. Конвенция климаттың өзгеруіне қарсы күрестің жауапкершілігін және шығындарының басым бөлігін дамыған елдерге жүктейді.

3. Конвенция дамушы елдердің экономикалық даму құқығын және олардың климаттық өзгерістер салдарынан қорғансыздығын мойындайды.

4. Конвенция бірнеше нақты міндеттер қарастырады және
климаттың өзгеруі туралы ғылыми зерттеулерді қолдайды және қамқорлық етеді.

5. Конвенция климаттың өзгеруіне байланысты қамқор-
лықтың ауыртпалығын әділетті бөлу принципіне негіз-
делген.

6. Экономикалық ынтымақтастық және даму елдері (ОЭСР)
дамушы елдерге Конвенцияны орындауға технологиялар беріп және қаржылай көмек көрсетуі тиіс. 7. Комбинация табиғатты қорғаушы технологияларды және «know-how» дамытуға және таратуға шақырады.

8. Конвенция климаттың өзгеруі мәселелері бойынша адам-
дардың білімін арттыру (агарту) қажетгігін атап көр-
сетеді.

9. Конвенция «тұрақты даму» тұжырымдамасын қолдайды.
10. Конвенцияда сонымен қатар, әр түрлі категориялардағы

елдерге нақты міндеттер бар. Сонымен, БҰҰ Рамалық Конвенцияны климаттың өзгеруі туралы мәселенің жалпы сипатын анықтады. Бірақ, РКИК шешімдерін жүзеге асырудың жағдайлары одан бес жыл өткеннен кейін Киото Конференциясында анықталды.

Негізгі бөлім

Рио-92 мәлімдемесі барлық елдерді өздерінен басқа елдерде қоршаган ортаға зиян келтіретін әрекеттердің барлық түріне жауапкершілікке танысуға, басқа елдерге мүмкін және орын алған техногендік жәйіттерді, опаттар туралы ақпарат беруге табиғатты қорғау зандарының ұтымдылығын арттыруға, басқа елдердің территориясына экологиялық қауіптің өтуіне жол бермеуге шакырады. КОСР-92 құжаттарында мемлекеттердің тұрақты дамуына сай келмейтін өндіріс пен тұтыну үлгісі, қолданыстан шығаруға көңіл аударуын, дамыған елдердің табиғат ресурстарының әрбір бөлігін немесе жеңілдетілген жағдайда табиғи ортаны қорғау технологиялары, оның ішінде ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістерін беруді үсынады.

Климаттың өзгеруі туралы конвенцияда былай жазылды. Ол бойынша дамыған елдер, (олар 25) әсіресе нарық катынасына өтуші елдер өздеріне төмендегідей міндеттер алады «антропогендік шығарылытындарын, парник газдарын азайту арқылы және парник газдарын сорушылар мен атқарушылардың сапасын жақсарту арқылы климаттың өзгеруінің салдарын әлсірететін шаралар қолдану. Одан әрі «қазіргі онжылдықтың аяғында көміртек постотаты шыгаруды бұрынғы деңгейіне жеткізу» туралы айтылды.

Парник әсерін туғызатын газдарға: көмірқышқыл газы, хлор-көміртектер, метан, озон және азот тотықтары жатады. Парник газдар әсерінің өсуіне олардың үлесі 50%, 20%, 16, 9% және 5%. "Техногендік шығарылымдардың басым бөлігі дамыған елдердің үлесі: АҚШ - 25%, СССР - 19%, ЕЭС - 14%, Қытай - 10%, қалган елдердің барлығы - 32% (1986 ж. мәлімет) . Жан басына есептегенде АҚШ әлемнің калған елдерінің барлығынан 7, 5 есе артық шығарады. Конвенцияда қарастырылған СО2 шығаруды азайту ең әуелгі органикалық отынды (электростанцияларда, металлургияда, органикалық синтезде, автомобильдерде) жағуды шектеу.

Сондықтан энергетикасы мен транспортты әлемдік отын ресурсының тұтынушы АҚШ, сондай-ақ, әлемдік мұнай базарында сұраныстың сақталуына мүдделі мұнай өндіруші елдер қысқартудың нақты деңгейі мен мерзіміне қарсылық білдірді.

Сонымен қатар планетамыздың орман жамылғысының биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы және атмосферадан көмірқышқылгазын сіңіру маңызды рөліне байланысты АҚШ орман ресурстарын сақтау туралы кеңейтілген келісімдер ұсынды.

Оңтүстік Шығыс Азияда, Индонезияда, Экваторлық Африкада және Амозонкада орманды жаппай отау (жылына 16-17 млн га) ішкі қажеттіліктерімен катар, жылма-жыл өсіп отырған кіріптарлық несиелерін қайтару үшін орман және ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауды арттырумен байланысты. АҚШ ұсынысынан дамыған елдерді экономикалық күштеу және атмосферада СО2 жинақталуына жауапкершілікті соларға жүктеуді күшейтіп байқауға болады. Сондықтан барлық тропикалық, қоңыржай, қылқанды орман табиғи зоналарындағы - ормандар туралы келісімдер жасауға қарсы ұсыныс пайда болды. Оның үстіне, орманның жойылуы тропиктерден емес, дамыған елдер орналасқан аймақтардың, оның ішінде ормандары түгелдей дерлік жойылган АҚШ-тан басталған. Ресей мен Канадада ағаш кесудің артуымен қатар, орман алыптарының өздері одан екі есе ағашты жояды және атмосфераға СО2 шығаруды арттырады. Пікірталас болашақ Конвенцияның принциптері туралы міндетті емес мәлімдеме қабылдаумен аякталды.

KОСР-92 жұмысымен қатар Рио-де-Жанейрода Мемлекеттік емес ұйымдардың ғаламдық форумы отті. Оған 165 елден, 7650 ұлттық және халықаралық ұйымдардан 17 мыңға жуык адам қатысты. Оның басталуы қарсаңында төмендегідей идеялык ұстанымдар қалыптасты:

- экологиядан оқшау экономикалық даму Жерді тақырлануға әкеледі;

- экология экономикалық дамусыз кедейшілік пен әділетсіздікті баянды етеді;

- экологиясыз әрекет құқығы әрқайсымызға қатысты және бәріміздің өзін-өзі жоюына әкеледі.

Аталған ұстанымдар көптеген экологиялық қоғамдык ұйымдардың, элементтің әр еліндегі «жасылдар» партиясының және «Гринпис», «Жасыл крест», т. б. халықаралық ұйымдардың идеялогиялық қарулануының қорытындысы сияқты болды. Олардың бағдарламалары сияқты ғана экологиялық насихат, қоғамдық экологиялык бақылау және әрекет ету құқығы емес, табиғат қорғау әрекеттерін кеңейту және белсенділік арттыру мақсатында үкіметке саяси ықпал етуді қарастырады.

Қазір көптеген «Жасыл» қозғалысқа қатысушылар қоршаган ортаны қорғау міндеттерінің экономиканы өзгертумен біртұтас екенін түсінді. Табиғатты қорғау жан-жақты ғылыми зерттеулерге сүйенетін мақсатты мәселе екені айқын бола бастады. Қоғамның жаңа территория игеру, табиғат пайдалануды кеңейту және тереңдету сияқты табигатқа әсерлері биосфераны техносфераның ыгыстыруы болып табылады. Соңғысы адамның ойы мен еңбегінің жемісі болғанымен, әлі бұл ноосфера емес. Адам ақыл-ойының көптеген туындылары ғасырлар бойы сақтауы және табынуга тұрарлық болғанымен, жердегі тірі табиғатқа істегендерін басқаша бағалау қажет және оның үстіне «парасат сферасы» деп атауға болмайды.

Л. Н. Гумилев мынадай сұрақ қояды:

Ноосфера бізге не берді? Егер ол шындыгында бар болса, палеолиттен көптеген кремний сынаптары және абайсызда қалдырылған кесу мен тырнау құралдары; неолиттен - тұрган мекендерде түзілген қоқым-соқым. Көне дәуір бізге салалардың бұзылған орнын ғана калдырды. Біздің заманымызда ормандар мен далалардың орнында коптеген калдықтар мен бетондалған орындарды көргісі келетін адам табыла қояр ма екен?

Аса маңызды экологияның мәселелерді шешуге БҰҰ рөлін ерекше атау керек. БҰҰ тек қана қазіргі кезде тұрақты даму стратегиясының бекуіне жан-жақты ықпал етіп қоймай, оның кешегі кезегіне туындауына жағдай жасады. Осыдан 45 жыл бұрын, 1949 ж. Бірінші, ол 1955 ж. екінші табиғат қорғау жөнінде ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге жетекші болды. 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ -ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылды.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері
Атмосфераны қорғау
Тұрақты даму
Рим клубының іс-әрекеті
Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экологияның рөлі
Мұхиттарды қорғау
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру
Жасыл университеттің артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz