Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Ойшылдың өмір жолы мен шығармашылығы

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Кіріспе

Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген біртуар, дара тұлғаларының өмірін, халық үшін атқарған қызметтерін жан-жақты терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау - бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе.

Өйткені дара тұлғалардың өмірін, олардың халық игілігі мен болашағы үшін сіңірген еңбектерін және жалпы философиялық, қоғамдық саяси құқықтық көзқарастарын зерттей отыра, бүкіл тарихи процесті, эволюциялық және революциялық даму тұрғысынан жете бағалау қажет.

Себебі коммунистік - тоталитарлық жүйе заманында қазақ халқының тарихы бұрмаланып, көптеген ірі қайраткерлеріміз ақтай қараланып, тіптен олардың есімдерін атауға да тиым салынды.

Міне, осындай кертартпа кезеңде өмір кешіп, қоғамдық саяси, құқықтық ой-пікірді дамытуға үлес қосқан, қазақ халқының ұлы ойшылы, ағартушысы, артына өшпестей мұра қалдырған білімді тарихшы - Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

2. Ойшылдың өмір жолы мен шығармашылығы

Шәкәрім - ең алдымен ойшыл ақын . Шәкәрім шығармашылығы - қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі ірі құбылыс. Ол-Абайдың жақын інісі болумен бірге, тікелей Абай мектебінен өткен нағыз шәкірті. Шығыс, Батыс классиктерін жете танып, мұсылмандық ілімді-білімді де еркін меңгерген. Түркі халықтарының жазған („Мұсылмандық шарты”, „Түрік, қырғыз, қазақ Һәм ханылар шежіресі”, „Үш анық. ”) ғұлама ғалым.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тау бөктерінде, қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді- Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы. Құдайбердінің Дәметкен дейтін бәйбішесінен Омар, Мұртаза, Шаһмаржан, Шәкәрім туған. Ол- Абайдың немере інісі.

Шәкәрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі Құдайберді 1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады. Бұған оның мына өлең жолдары куә:

Бесімде оқу білсін деп,

Ата-анам берді сабаққа.

Жеті жаста жетім боп,

Түскендей болдым абаққа.

Шәкәрім әкеден жетім қалғанымен, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Өзі „ Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, ойыма не келсе соны істеп әдепсіз, ғылымсыз өстіп. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым”, - деп жазады. „Түрік, қырғыз, қазақ Һәм ханылар шежіресі” атты туындысында. Сөйтіп білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп, өз бетімен оқып-үйреніп, рухани қазыналарға көп үңіледі. Қазақ халқының бай әдеби мұрасына қоса, өзге жұрттың да әдебиетін жетік білген Шәкәрім көп тілді мәселен, араб, парсы түрік шағатай орыс тілдерін жетік меңгерген. Шәкәрмнің азамат ретінде қалыптасуына, Абай тәрбиесінің -өзіндік орны бар. Оның өз заманының білімді де парасатты азамат дәрежесіне көтерілуіне Абай ереше әсер еткен. Бұл туралы жоғарғы ңбегінде Шәкәрімнің өзі былай дейді: „Әкеміз бір, шешеден туған Ибрахим мырза - қазақ ішінде Абай деп атайды- сол мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм аллланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сеім. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда дәнішман, хаким философ кісі еді. Қор елде туды да қорлықпен өтті”. 1904 жылы ұлы ұстазы Абайдың дүниеден өтуі Шәкәрім санасына, оның өмірге деген көзқарасына, шығармашылық болмысына ерекше өзгерістер әкелеі. Өзінің Абайға арнаған Жастарға атты өеңінде ендігі ұлы мақсатын:

„Байладым белді бекем буайын деп,

Жүректі адалдықпен жуайын деп.

Талпынған мақсат іздеп махрұм қалмас,

Адамдық ғылым жолын қуайын”-

деп айқын білдірген.

Ағасы Абайға берген уәдесінің үдесінен шығу ниетімен 1905-06 жылы қажыға барып қайтады. Сапардағы уақытының көбін Стамбул, Бағдат, Мысыр кітапханаларындағы ғылыми мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Үлкен баласы Ахаттың естелігі бойынша ол Стамбул кітапханасында он үш күн отырады.

Шәкәрім ел ортасының дау-дамайынан, айтыс-тартыстарынан, қаскөйлік пиғылдарынан түңіліп, ең алғаш рет 1909-1910 жылдары оңаша елсізге кетіп, оқу, жазумен шұғылданған. Шыңғыстағы Шақпақ тауының етегінде, өзі „Саят қора” деп атаған жерде еркін өмір сүріп, серуен құрып, шығармашылықпен айналысып, өзімен-өзі болады. Ол туралы өзі былай дейді:

Кейбіреулер безді дейді елден мені,

Есалаң айтады екен сезіп нені . . .

Елу бес жыл жинаған қазынамды

Оңашада қорытам ойға салып.

Шәкәрім 1917 жылғы ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы алады. „Бостандық таңы атты”, „Бостандықтың туы жарқырап” деген өлеңдер жазады. Осы кезде Алаш партиясы құрылып, қазақ зиялылары Шәкәрім сияқты халық алдында беделді ақсақалды өз ортасына шақырады. Шәкәрім алашшылдар съезінің құрметті ақсақалы болады. Қазақ зиялыларының ақылшысына, кеңесшісіне айналады. 1917-1925 жылдары аралығында Шәкәрім өмірге қайта оралғандай болады, ел ішіндегі игі өзгерістерді құптайды, газет-журналдар бетінде замана ағымына үн қосқан өлеңдер бастырады. Алайда оның тыныштық жағдайда өмір сүріп, шығармашылықпен алаңсыз шұғылдануына ойы таяз әсіре белсенділер мүмкіндік бермейді. Жетпіс екі жасқа қараған шағында Шәкәрім тағы да Шыңғыс тауына кетіп қалып, жалғыз тұрады. Сондықтанда жергілікті ГПУ-дың бастығы Шәкәрімге сенбейді, оның елсізде жалғыз жүруі сезікті ойға от береді. Өздері бандалар деп бағалаған адамдарды ұстауға келе жатқан ГПУ бастығына аң аулап жүрген Шәкәрім кездеседі. Олар ақ-қарасын айырып жатпай, Шәкәрімді атып тастайды. Мне, осылай 1931жылы 20 қазанда ұлы ақын қайғылы қазаға ұшырайды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз - Шәкәрім. М. Әуезов өзінің 1934 жылы жарияланған Абай ақындығының айналасы деген мақаласында: „Біз Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен бірнеше ақын туралы ғана қысқаша айтып өтеміз. Мұндай ақын - төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері”, - деп жазады. Шәкәрім өзіің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында мол әдеби мұра қалдырды. Оның өлеңдері мен поэмалары, прозалық шығармалары мен публистикалық мақалалалары, жұмбақтары мен мысалдары, философиялық ой папйымдаулары, түрлі тілдерден тәржімалаған туындылары қазақ әдебиетінің тарихына қосылған баға жетпес асыл қазына болып табылады. Жеті жасынан бастап өлең жазған Шәкірімнің жеті-сегіз кітабы ғана баспа бетін көрген. Абай, Шәкәрім шығармашылығының білгірі, ғалым Қайым Мұхамеджановтың дерегі бойынша алғашқы өлеңі болып келеді:

Жаз болса жүруші ем анау сайда,

Өлтірдің одан таптың қандай пайда.

Өлімнің не екенін білмеушіме ең

Өлмесе кеше жүрген әкең қайда?

Менің де жетім қалды балаларым,

Оларда жылайды іздеп аналарын.

Өзің жетім, жетімді аясаңшы,

Жоқ екен басыңда ми-саналарың . . .

Бұл өлеңнің шығу тарихы әке өліміне байланысты. Әкесі Құдайберді қайтыс болғанда, еш нәрсенің байыбына бара қоймаған жас бала Шәкәрім үй артында ойнап отырып, қолындағы бәкісімен жұлдыз құртты өлтіріп алады. Әкесі өлімі мен осы өлімнің арасынан санасы бір байланыс іздегендей боп әлгі өлеңді шығарады. Кешке шешелеріне оқып берген де, олар жылап енді өлең жазба жүрегіңе түсіп кетеді. Дейді. Бала Шәкәрім біраз уақыт өлеңді қойып кетсе керек. Тағы да Қайым аға пікіріне сүйенсек, Шәкәрім өінің бір естелігінде „30 жас шамасында 1888жылы бір айдай тілім байланып, сөйлей алмай қалдым. Осы кезе жеті жастан бастап жазған өлеңдерімі өртеп жібердім. Артынан Абай ұрысты, өзім де өкіндім”, - деп жазады. Шәкәрім шығармаларының басым көпшілігі Қазан төңкерісіне дейін жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде өз бағасын алған. Қазан төңкерісіне дейін оның бірнеше кітаптары жарық көреді. 1878-1909 жылға дейін жазған өлеңдері „Қазақ айнасы”(Ібөлім) деген атпен 1912 жылы Семейде „Жәрдем ” баспасынан, „Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” мен „Мұсылмандық шарты ”, Орынборда 1911 жылы Каримов-Хұсайноов баспасынан, „Қалқаман-Мамыр” поэмасы мен „Еңілік-Кебек” немесе „Жолсыз жаза, яки кез болған іс” деп атаған поэмасы 1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасынан жарық көрген. Кеңес дәуірінде Шәкәрімнің бірді-екілі шығармасы жарық көрді. Фзулидің Ләйлі-Мәжнүн поэмасының еркін аудармасы алғашқыда Шолпан журналының 1922-1923 жылдардағы 2-3, 4-5, 6, 7, 8, сандарында жарық көрді. Кейін 1935 жылы Алматыда С. Сейфуллиннің алғы сөзімен жеке кітап болып басылып шықты. А. С Пушкиннен тәржімалаған „Дубровский әңгімесі”, „Боран” т. б. жарыққа шықты. Ақынның мол мұрасының 30-жылдардан кейін зерттелмей, басылмай келуінің себебі бір кездегі жалған жаланың құрбаны болып, халыққа жетпей жатуынан болатын. Соған қарамастан, қазақ зиялылары әр тұста Шәкәрім шығармаларына назар аударып келді. 1959 жылы „Қазақ әдебиеті” газетінде ақынның бір топ өлеңдері Ә. Тәжібаевтың алғы сөзімен жарияланса, белгілі ғалым Ы. Дүйсенбаев Ш. Құдайбердиев туралы әдеби энсиклопедияға арнайы мақала жазды. М. Базарбаев докторлық диссертациясында (1968-1969жылары) Шәкәрім мұрасын талдап, 1978 жылы М. Мағауин Ленинградта шыққан қазақ ақындарының жинағына Шәкәрім өлеңдерінің топтамасын орыс тілнде өмірбаянымен қоса жариялады. Бір атап өтетін жайт ғалым Қ. Мұхаметхановтың деректері бойынша Шәкәрім өінің мол мұрасының ішінен үшеуін нашар деп мойындаған екен. Бірі - Мұсылмандық шарты деген кітабы. „Мұны надан білімнен хабарым жоқ кезімде, басқа жұртта „Ғибадат исламия” деген кітап бар, ал араб не түрік тілінде жоқ ддеп, соларға еліктеп жаздым. Оны мансұқ еттім”, - деген. Екіншісі „Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” деп өлеңмен түрік қағанында болған хандарды жаздым. Түркі қауымнан шыққан ханлардың жақсысын да, жаманын да мақтап жібергенім бар . . . еңбек сіңіргенін іріктеп алуым керек еді”, - дейді. „Нартайлақ пен Айсұлу поэмасының поэзиялық жағының төмен болуының негізгі себебі асығыс жазылуынан болса керек, егер пьесаға аударылса, қызық болар еді”, - деп жазған. 1990жылдарға дейін Шәкәрімнің шығармашылығы күрделі ғылыми - зерттеу еңбекке арқау болған емес. Тек кейінгі жылдары ғана қолға алынған жұмыстың нәтижесінде бір қатар ғылыми еңбектер жарық көрді. Бұл іске Қ. Мұхаметханов, Ш. Сәтбаева, М. Мағауин, Р. Нұрғалиев, М. Базарбаев, Х. Сүйіншәлиев, Б. Әбдігазиев т. б ғалымдар атсалысып, біраз іс тындырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлынің өмірбаяны
Шаһкәрім Құдайбердіұлы
Ақын, жазушы, философ - Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақтың шоқ жұлдызы
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Діни ағартушылық бағыттың қалыптасуы
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz