Эндокриндік бездер физиологиясы



1. Эндокриндік бездер физиологиясы
2. Гипоталамус . гипофиздік жүйе
3. Гипофиз
4. Қалқанша без
5. Қалқансерік бездер
6. Айырша без
7. Ұйқы безі
8. Бүйректүсті бездері
9. Жыныс бездері
10. Домалақ без . эпифиз
Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық мағлұматгар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі - жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері бұған дәлел.
Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т.б. жағдайларда ылғи да гипергликемия – қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия - несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты. Сондықтан да бүйрекүсті безінің миды қабатында түзілетін гормонды "эмоция гормоны" деп те атайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Эндокриндік бездер физиологиясы
2. Гипоталамус – гипофиздік жүйе
3. Гипофиз
4. Қалқанша без
5. Қалқансерік бездер
6. Айырша без
7. Ұйқы безі
8. Бүйректүсті бездері
9. Жыныс бездері
10. Домалақ без – эпифиз

1. Эндокриндік бездер физиологиясы
Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немесе
шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа
капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы
тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы
ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы
ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс
бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің
өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы
айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің
физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық
мағлұматгар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып,
әсер ету тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын
шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған.
Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде,
ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де
негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда,
ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері организмнің
қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты.
Бұл реттеу жолының негізгісі - жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы
маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның
рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы,
жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік
ерекшеліктері бұған дәлел.
Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз
ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен
емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді.
Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т.б. жағдайларда
ылғи да гипергликемия – қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті
глюкозурия - несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу
алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің
әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты. Сондықтан да
бүйрекүсті безінің миды қабатында түзілетін гормонды "эмоция гормоны" деп
те атайды.
Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін
гормондық реттеу қатысады.
Оған қоса, көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың)
тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс қызметінің
бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық жарақатынан
кейін басталатыны мәлім.
Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің
бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің
тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің миды қабатынан, қалқанша,
қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне
секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
Бүйрекүсті бездерінің миды заттарының симпатикалық инжүйкеациясы
анықталды. Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы
күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды. Қалқанша безі тек
симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын жүйке
талшықтарында алады.
У.Кеннон (1914) мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық жүйкенің
шеткі мойын жақ ұшына (қалқанша безін жүйкелендіретін) жалғастырғанда 6
айдан кейін гипертиреоз пайда болғанын анықтаған. Себебі қалқанша безімен
жалғасқан диафрагмалық жүйкенің талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем
алған сайын ырғақты қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық
жүйкелердің талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сөлінісін реттейді.
Кезеген жүйке оны (стимуляция-лайды) күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше
тежейді.
Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер ететін
секрециялық жүйкелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке жүйесінің
гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын. Сонымен бірге бұл
жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне әсері дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке
жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары,
гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып
отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс
екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустық
супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз
аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары
нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон
тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі
нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген.
Нейрогипофиздің гормондары белок - нейрофизинмен қосылыста болып, қанға
өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады.
Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни
гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік
құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері
гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады.
Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен
түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға
гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық
түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер
етушілер шығады.
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз
сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрады.
Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей әсер етуге
мүмкіндік алады.
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы
бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release - фактор) (кортикотропин
босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы, соматотропин
босатушы, лютеотропин) өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ т.б. осы
сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік
реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын
нейропептидтер либерин және статин деп аталады.
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста
полипептидтерден құралған бірсыпыра биологаялық белсенді заттар түзілетіні
анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық бөлімдерінде
белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді. Либерин (лат. liber -
бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші, ал статин - тоқтатушы, тежеуші
(ағыл. state - тежеу) факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин
анықталып отыр.
Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин, фоллилиберин,
соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин жатады.
Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына соматостатин,
меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі либериндер мен статиндердің
сөлініссы өздеріне сәйкес қандағы гормондарға байланысты және гормондар
реттейтін үрдістердің сипаты мен түріне байланысты.
Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке
жүйесінің талшықтары мен гипоталамус - гипофиз жүйесі арқылы іске асады.
Бұл әрекеттік жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері - жүйкелік
және гуморальдық тетіктер бар екенін дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде
кең көлемде өзін-өзі реттеу үрдісі жүреді, қызметтердың өзін-өзі реттеуі
осы екі реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне байланысты.
Гормондардың түзіліп, қанға өтуінің маңызды себептері - реттелетін
жүйелермен үрдістердің өзіндік қалпы болып келеді. Мысалы, қандағы
кальцийдің (Са2+) өзгеруі қалқанша және қалқансерік бездерінің
гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың мөлшері ұйқы безінің
инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы гормондарды шығаруға әсер етеді.
Тироксин, глюкокортикоидтар мөлшеріне лайық гипофиздің троптық гармондары
түзіледі.
Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын ағзалар қызметі арасында екі
жақты - тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана
реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондағы өзгерістер бездердің
қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының қабырғасында,
тіндерде және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы рецепторлардың маңызы
күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, осмо- және глюко-рецепторлар
орналасатыны анықталды. Олар гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгіш келеді.
Тіпті гормондар мөлшерлерінің өзгерістерін сезетін рецепторлары да бар
деген болжамдар да кездеседі.
Түрлі рецепторлар мен сөліністік жүйкелердің гипоталамуспен
байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті түрде
өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na+ мөлшерінің артуы
альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп артық Na+ несеп
құрамында сыртқа шығарылады.
Қандағы Са++ мөлшері артқанда қалқансерік безінің паратгормон бөлуі
тежеледі, ал тирокальцитонин артады. Тироксин мөлшері көбейгенде гипофиздің
тиреотропин шығаруын тежейді. Глюкокортикоидтар мөлшерінің көбеюі алдыңғы
гипофиздің адренокортикотропинді шығаруын тежейді.
Өзіндік реттелу гипоталамус арқылы да, тікелей гуморальдық әсерлердің
ішкі сөлініс бездерге әсері арқылы да орындалады.
Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның
-гомеостаздың - тұрақтылығын сақтауында мадызы зор. Қандай да болмасын
организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі
реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.
Организмнің бейімделу әсерленістерінде жағымсыз жағдайларға, зиянды
экстремалді әсерлерге қарсы тұру әсерленістерінде гипофиз-адренал жүйесінің
маңызы зор.
Организмнің бейімділігі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы
канадалық ірі физиолог дәрігер, эндокринолог Ганс Сельенің лабораториясында
көп зерттелді. Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді Г.Селье
стрессор деп атаған (ағыл. stress - зорлану деген мағынада).
Стрессорларға организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын көптеген
агенттер жатады.
Химиялық немесе бактериялық интоксикация, шектен тыс тоңу, қызу, аштық,
өте ауыр дене еңбегі, психикалық әсерлер гипоксия, организмнің ішкі жүйелер
қызметтерінің бұзылуы т.б. стрессор болуы мүмкін. Тіпті орта шамадағы ауру,
күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз болсын) да стресс тудыруы мүмкін.
Жағымды стресстер эвстресс, жағымсыздары дистресс деп атапады. Стресс
тетіктеріне қамшымен қатты ұру және құшырланып сүю де есептеледі.
Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша, барлық стрессорлар
алғашқы кезде біркелкі жалпы әсерленіс тудырады: ең алдымен
адренокортикоидтардың гиперсекрециясы (әсіресе глюкокортикоидтардың) пайда
болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің
гиперқызметы байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың салмағы мен көлемі
азаяды, қанда лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды (эозинопения). Соңғы екі
өзгеріс Торн зерттеуі арқылы оңай анықталады. Мұндай организмнің арнайы
емес әсерленісін жалпы адаптациялық синдром деп атайды. Бұл зиянкес
әсерлерге организмнің қарсы тұру қабілетін күшейтеді.
Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсерге гиперсекрециясымен
жауап беруін Г.Селье алғашқы стресс әсерленісі яғни "қобалжу әсерленісі"
деп атаған. Бұл әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі резистендігі
(төзімділігі) яғни бейімделуі басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының
сөлінісі қалпына келеді.
Сонымен бүйрекүсті безінің мұндай әсерленісі арқылы организмнің
компенсация (өтеміс) тетіктері іске қосылады да, ол өзгерген жағдайға
бейімделеді. Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық мол әсері
бейімдеу үрдістерін қалыптастырады.
Адаптациялық синдромның негізі - бүйрекүсті бездерінің белсенділігінің
іске қосылуы жүйкелік механизмнен гөрі гипофиздің АКТГ-ның қанға шығатын
мөлшеріне байланысты.
Гипофизэктомиядан (гипофизді алып тастағаннан) кейін жануарларда
адаптациялық синдром дамымайды. Ал гилофизі сақталған, бірақ бүйрекүсті
безінің жүйкелері кесілген, яғни оны кесіп алып миға қондырған жануарларда
"қобалжу әсерленісі" байқалады.
Бүйрекүсті бездерінің кортикоидты гормондары организмнің төзімділігін
қалай күшейтетіні әлі де белгісіз. Мүмкін бүйрекүсті безінің
адренокортикоидты гормоны жасушада энергияның жиналуы мен босауына әсер
етіп, жасушалар мен ағзалардың жұмыс қабілетін және энергия тепе-теңдігіне
ықпалын тигізетін шығар.
Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра берсе және оның күші үдесе,
стрестің 3-і кезеңі "әлсіреу кезеңі" басталады да, бүйрекүсті бездері
қажетті мөлшерде глюкокортикоидтарды (кейде бұларды бейімдеуші гормон
дейді) өндіруді тоқтатады. Мұндайда организмнің жағдайы мүлде нашарлап
кетеді.
Организмнің бейімделу әсерленістерін белсендіруге басқа да ішкі сөлініс
бездері қатысады. Бұл бездердің қызметінде өзара байланыс айтарлықтай орын
алады. Жалпы алғанда ағзаға, оның қандай да болмасын қызметіне тек қана бір
без әсер етіп коймайды. Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі өзара
байланысына қарай бірнеше без қатысады. Кейбір бездер бір-бірімен
антогонистік байланыста болады (мысалы, көмірсуларға адреналин мен
инсулиннің әсері немесе паратгормон мен тирокальцитониннің Са++-ға әсері
т.б.).
Синергист бездер де бар. Олардың гормондары бір бағытта әсер етеді.
Мысалы, көмірсу алмасуына адреналин мен глюкогон, глюкокортикоидтар тағы
басқа гормондар әсері бір бағытта жүреді де қандағы қантты көбейтіп
гипергликемия тудырады.
Гипоталамус-гипофиз жүйесінде сонғы жылдары нейрондарды реттейтін
пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин, энкефалин, нейротензин, Р заты және
басқа қосымша гормондық жүйелер.
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) – асқорыту жолының
көп гормондар тобы зерттеліп жатыр.

2. Гипоталамус – гипофиздік жүйе
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6
г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы -аденогипофиз,
ортаңғысы - меланогипофиз, артқы бөлігі - пейрогипофиз деп аталады.
Құрылысы және қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын
бөлек без деуге де болар еді.
Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін
білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация).
Гипофизді апып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады,
жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса,
жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша
без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде
тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия).
Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың
бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс)
салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мұндай өзгерістердің
сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда,
ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары -
бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек
үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады.
Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин),
адренокортикотроптық АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ
(гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин
бағыттаушы гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок ацидофилдік
жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық
заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок
түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының
қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің
өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін
өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының
сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді.
Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез
үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда
глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік
диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-
тотығуын күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене
еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы
айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің
гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті
болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады,
ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді.
Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың,
кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері
өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет
ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры қысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал
салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТТ гиперсөлініссы акромегалия дертіне
әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні,
жағы, маңдай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен қызметтес
бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы
безінің инсулин бөліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір
бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік жасушаларда түзіледі, емшекте
сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролактиннің қызметі күшейсе,
эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше тежеледі. Босанған
әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролактин керісінше көбірек бөлінеді,
емшектен сүт көп шығады, сүт сапасы, майлылығы, дәмі артады.
Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі.
Адренокортикотропин - бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс
қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе
глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді. Глюкокортикоидтар
адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған
ауруларға кортизон, гидрокортизон гормондарын беріп, олардың сырқатына
деген төзімділігін күшейтуге болады.
Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін
күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік гипертиреозға
әкеліп соғуы мүмкін.
Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин - аналық және аталық
без - тестостерон мен прогестерон гормовдарының түзіліп бөлінуін күшейтеді.
Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын
тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып,
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин - ана безі фолликуласын ұлғайтып,
онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді көбейтеді және
сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.

3. Гипофиз
Гипофиздің артқы бөлігі - нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар
- питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялыұқ жасушаларының
талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонынын екеуі де (вазопрессин,
окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен
гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың
супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар
гипофиздің 1 артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға
өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан
денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны
антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс
көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып,
қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы,
әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің
тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедин
гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі питменттік жасушаларда бояушы
түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі
орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның
күнге күйген кезде тотығуы осығаң байланысты. Күн сәулесінің әсерінен
интермедин әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді.
Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан
(псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің
тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин
түзілуін де гипоталамус реттейді.

4. Қалқанша без
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula
thyroidea) - біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30
тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) - 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі
сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер
тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын
фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар
гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4)
немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр
коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек
кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей
тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді
гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен
қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен
трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар,
тирозин және йод қажет.
Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы
белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гормондардың
бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гормондар тек бос қалпында ғана
әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10
есе жоғары.
Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін).
Артық гормондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді
стромасында "ақшыл" жасуша немесе С-жасушалар деп аталатын ерекше түрі
табылды (ағыл. calctonin), кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп
те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын, құрамында
йод жоқ - тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп
шығарады.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының
минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол
организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің
белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған,
оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік
жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.
Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гормондардың түзілуі
организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және
жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы
алады. Тамақтанудың тәуліктік мәзірінде оның орташа мөлшері 100-200 мг
болады. Организмде 30-50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безінің құрамына
енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4
түрлі гормон бөліп шығарады - тироксин (тетрайодтиронин), трийодтиронин
және тирокальцитонин, катокальцин. Қалқанша безінің гормондары организм
қызметтеріне кең түрде әсер етеді.
Тәжірибелік зерттеулер кезінде де, ішкі сөлініс бездерінің қызметі
бұзылған ауруларды бақылағанда, гормондардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс
көп бөлінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін айқын көрсетеді.
Тиреоидты гормондар әсерінің негізгі әсерлері бұлардың түрлі алмасу
үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген
бейімделу әсерленістерге қатысуынан тұрады.
Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін әсері,
олардың "калоригендік" - жылу өндіру ықпалынан өте жақсы көрінеді.
Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу үрдістерінің жылдамдығы төмендейді, ал
көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қалыпты жағдайда да 2 есе
жоғарылауы мүмкін. Жылу өндіру нәтижесі жоғары сатыдағы жануарлар мен адам
организмінің барлық жасушаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке
жүйесі жасушаларында айқын байқалады.
Гормондар зат алмасудың түрлі жақтарына, барлық ферменттерді белсендіру
жане тотығу үрдістерін күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың
синтезделуін және майлар мен көмірсулардың ыдырауын күшейтетін
митохондриялық үрдістерді тездетеді Түрлі жануарлардың организмін зерттеу
арқылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың мәні анық
дәлелденген.
Сөйтіп тироксин жасуша ішіндегі және сыртындағы орталардағы
электролиттердің мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмектеседі. Бұның
биопотенциал генерациялану кезінде үлкен мәні бар. Т3 және Т4 әсері сонымен
қатар тіндердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар
адреналин мен норадреналиннің гликогенолиздік және гипергликемиялық әсерін
күшейтеді. Қалқанша безінің гормондары дененің өсуін реттейді, сондықтан
олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына соқтырады. Тиреоидты гормондардың
маңызы әсіресе төлдерден айқын көрінеді. Бұл гормондардың жетіспеушілігі
салдарынан жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, даму және өсу
баяулайды. Жас кездегі өсу үрдісінде гипотиреоздан балалардың ақыл-ойы,
санасының дамуы бұзылады. Эмбриондық кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-
ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Тиреоидты гормондар
метаморфоз (өзгеріс) үрдістеріне әсер етеді, бұны қосмекенділерден айқын
көруге болады. Итбалықтарды құрамында йод жоқ суға салғанда, өзгеріс
болмады, яғни итбалық бақа күйіне ауыспайды, сол суға йод немесе қалқанша
без гормондарың қосқанда, ол бірден бақаға айналып өзгеріс пайда болды,
екінші сөзбен айтқанда жануарлардың есейген түріне өтуі іске асты.
Қарастырылып жатқан гормондардың кейбір жануарлардың түк қабаты мен түлеуге
әсері дәлелденді. Қазақтың тәжірибелі аңшылары өздерінің аңшы құстары тез
түлеп, күш алуы, әрі құс көрікті болуы үшін жеміне қалқанша безінің
кептірілген тінін қосқан. Қалқанша безінің гипоқызметы салдарынан
жануарлардың түктері, құстардың қауырсындары көмескіленіп, түсіп қалады.
Тері қатпарланып кетеді.
Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке
жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді.
Иттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда шартты рефлекстердің
қалыптасуы өте киын болады. Қалыптасқан шартты рефлекс келесі күні жойылып
кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің
жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл -
гипертиреоз кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без
қызметінің бұзылуынан адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.
Қалқанша безінің үшінші гормоны - тирокальцитонин. Бұл гормон бездің
фолликула жанындағы жасушаларынан бірден қан мен лимфаға фолликулалардан
өтпей-ақ келеді, ол тиреоидты коллоидтың құрамында да жоқ.
Тирокальцитонинді денеде кальций сақтайтын гормон деп атайды. Ол қан
плазмасында кальций және фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл
гормондар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасуша нысана болады.
Сүйекте кальцитонин оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек
тінін бұзатын жасушалар - остеокластар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін
жасушалар - остеобластар қызметін белсендіреді. Сол сияқты сүйек
құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Тирокальцитонин
несеп құрамымен кальций, натрий, фосфаттар шығарылуын күшейтеді. Бұл гормон
фосфор-кальций алмасуына, қалқансерік безі гормоны - паратгормонға қарсы
әсер етеді. Тирокальцитонинның бөлінуі қандағы кальций деңгейіне
байланысты, аталған гормонның қанға түсуін гиперкальциемия (кальцийдің көп
болуы) жоғарылатады, ал гипокальциемия (кальцийдің аз болуы) төмендетеді.
Қалқанша безі гормондарының жасалуы және қанға шығарылуы сау организмде
орталық жүйке жүйесінің көптеген бөліктерімен, гипоталамус-гипофизарлық
жүйелерімен өте нәзік реттеледі. Гормональды гомеостаз ішкі сөлініс
бездерінің басқа көптеген бездерінің арасындағы (әсіресе қалқанша, жыныс
және қалқансерік т.б. бездер) өзара үйлесу тетіктері арқылы іске асады.
Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо- немесе гиперсөлініс
жағдайларында түрлі бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар
және аурулар туады.
Гипертиреоз, әсіресе Базед ауруы немесе табиғаты басқаша тиреотоксикоз
кезіндегі патологияның мынадай өзіне тән белгілері байқалады. Без көлемінің
ұлғаюы (зоб), тахикардия (жүрек соғуы жиіленуі), көздің шарасынан шығуы
(экзофтальм), зат алмасудың елеулі жоғарылауы және осымен байланысты
организмнің көптеген вегетативтік қызметтерінің бұзылуы. Организмнің жүдеуі
байқалады. Кретинизм (бала кезінде дамыса) және микседема (көбінесе
операциядан кейінгі гипотиреоз кезінде, ол кейде үлкен адамдарда қалқанша
безінің тінін көп мөлшерде алып тастауынан болады) гипотиреозды айқын
көрсетеді. Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы күрт төмендеп,
психикалық әсерленіс баяулайды. Ауру балалардың бойы кішкентай, тілі
ұлғайған, беті ісік, тәбеті төмен, терісі құрғақ болады. Оларда сүйек
тінінің дамуы баяу, оның салдарынан еңбегі қатпайды және тістерінің шығуы
уақытынан көп кешігеді.
Микседема кезінде, теріде жөне басқа тіндерде мукопротеидтер жиналуының
салдарынан жалқыаяқ ісік дамиды. Шамадан көп емес гипотиреоз кезінде зат
алмасу, жылу жасалу деңгейінің төмендеуі байқалып, соның салдарынан суыққа
сезгіштік жоғарылап, жалпы көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық,
зейіні мен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының әртүрлі жергілікті
топырағында, суында, тамақ құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің
бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің сөліністік қызметі бұзылып, сөл
бөліну мөлшері өзгеріп (дисқызмет), онда өз гормонының гипер- немесе
гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің бұл патологиялық
өзгерісін эндемиялық зоб деп атайды. Көбінесе ол таулы аймақтардың
тұрғындарында кездеседі.
Швейцария және Норвегияның таулы аймақтарындағы мектеп жасындағы
балалардың жартысынан көбі эндемиялық зобпен бұрыннан ауыратыны анықталды.
Зоб Кавказ, Орал, Карпат, Орта Азия және Қазақстанда, соның ішінде Алматы
облысында кездеседі.
Адамға тәуліктік йодтың қажет мөлшері 0,15-20 мг. Организмге қажетті
йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың түзілуі бұзылады. Зоб
дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда,
қалқанша без фолликулаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын
уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда
гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық
зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100 кг
тұзға 2,5 г йодты калийді қосады).

5. Қалқансерік бездер
Қалқансерік бездер (glandula parathyroidea) aca үлкен емес эпителилі
құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы
жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы
тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және
парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны
паратгормон деп аталады. Паратиреоидэктомия - қалқансерік бездерін алып
тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады.
Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы күндері тәбеті төмендеп, қатты
шөлдеу сезімі пайда болғанын байқауға болады. Операциядан кейін 1-3 күн
өткен соң, әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің
барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны
паратиреоидты тетания деп атайды.
Арқа мен мойын еттері дененін алдыңғы жағындағы бұлшықеттерге қарағанда
күштірек болғандықтан, жануарлар басын артқа қарай тартады (опистотонус).
Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кернеуі жоғарылап
жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12-елі ішекпен
жалғасқан бөліміндегі еттері (пилороспазм), жұтқыншақ (фарингоспазм) және
басқа да бұлшықеттердің ұзақ уақыт күшті түйілуі пайда болады. Еттердің
осындай ұзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін.
Қалқансерік бездерін алып тастағанда кальцийдің қандағы деңгейі төмендеуі
еттердің ұзақ уақыт қатты тартылуының (су-дорога) тууына себеп болады.
Кальцийдің деңгейі 9-12 мг%-тен (2,25-2,80 ммольл), 4-7 мг%-ке (1,25-1,35
ммольл) төмендейді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына
хлорлы кальций ерітіндісін енгізсе, сіреспе өте тез тоқтайды.
Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе
қозғалыс орталықтарының - орта, сопақша ми және жұлынның қозуымен
байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі деңгейде кесу
әдісімен дәлелденген. Бұл адамдарда да кездеседі, әдетте қалқансерік
бездерінің ішкі сөлініс қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады
(гипопаратиреоз). Осы кезде адамның бет және қол бұлшықеттерінің жиырылуы
байқалады. Қол "акушер қолы" қалпына келеді (шынтақ және білезік,
басбармақ, сұқ саусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл
басса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Ішкі сөлініс бездер жүйесі
Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары
Бүйрек үсті бездер жүйесі
Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
Гормондардың әсері
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Пәндер