Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті туралы жалпы түсінік
2. Лингвистиканың болжау орталықтары мен лингвистиканың сараптама мәселелері
3. Көлік коммуникациясындағы мәтін үлгілеріне лингвистикалық болжау
4. Жеке лингвистикалық болжау нәтижесі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз.Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келсімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын
қамтамасыз етеміз.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторының бірі еліміздің мемлекеттік тілін барлық Қазақстандықтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»
Н.Ә.Назарбаев.
Орамды ой, қорғасындай салмақты, алмастай асыл Жолдаудың басты негізінде қазақ халқының тілі мен мәдениетіне, туған тілімізге қатты көңіл бөлінген. «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген жолдар мәдениет қайраткерлерінің ғана емес, елін сүйер әр адамның жүрегінен жол табары зайыр. Кез-келген ұлттың тек мәдениет арқылы ғана ұлт болып қалатыны баршаға аян, ал елдігімізді сақтау – туған тіліміз бен мәдениетімізді сақтау деген сөз.
Мен ең әуелі, кіріспемнің алғы сөзін, биссмилласын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ағамыздың мына бір қанатты сөзімен бастағанды жөн көрдім. Жалпы бұл бітіру жұмысымда негізгі сөз етпек болған түйінді мәселе-тілге байланысты болмақ. Әрине, кез-келген нәрсенің (сөздің болсын) негізіне, қосымшасына мән берместен бұрын, әуелі оның түбіріне, түп-төркініне назар аудармасқа тіптен болмас. Сол себепті, мен негізгі тақырыбымды яғни, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті және лингвистикалық болжау орталықтар жайында сөз қозғамастан бұрын, жалпы тіл деген мәселеге тоқталуды жөн көрдім. Тіл, мемлекеттік тіл жайлы сөз еткен ғалымдарымыздың пікірімен таныса отырып, осы жайында біраз мәселенің басын ашуға бел будым.
Тіл–мәдениеттің ажырамас бөлігі, ел мәдениеті тілден бастау алатыны белгілі. Тіл ұлттық мәдениетіміздің үлкен бір саласы болып саналатындықтан, ана тілді құрметтеу, тілді құрмет тұту–мәдениетке қойылатын басты талаптардың бірі.
Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік тіл саясатына ерекше көңіл бөлінуде. Конституцияға сәйкес мемлекеттік тіл–қазақ тілі екені баршаға аян. Ата заңда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл–қазақ тілі»(7бап) деп көрсетілгеніне, «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске қосылғандарына қарап отырып мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін заңнамалық құжаттардың жетіп артылатынына көз жеткізе аламыз. Бүгінге дейін тілдік қарым–қатынастар мен тіл құрылысын қалыптастырудың басымдықтары мен бағыттары нақты айқындалып, ауқымды мақсат-міндеттерді іс жүзіне асырудың кешенді бағдарламалары, жоспарлары жасалды. Соған орай, елімізде мемлекттік тілдің өрісі кеңейіп, қолдану аясы біртіндеп ұлғайып келеді.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
1. Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті туралы жалпы түсінік
2. Лингвистиканың болжау орталықтары мен лингвистиканың
сараптама мәселелері
3. Көлік коммуникациясындағы мәтін үлгілеріне
лингвистикалық болжау
4. Жеке лингвистикалық болжау нәтижесі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап,
түлете береміз.Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келсімді,
біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын
қамтамасыз етеміз.
Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторының бірі
еліміздің мемлекеттік тілін барлық Қазақстандықтардың ана тілін одан әрі
дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек
Н.Ә.Назарбаев.
Орамды ой, қорғасындай салмақты, алмастай асыл Жолдаудың басты
негізінде қазақ халқының тілі мен мәдениетіне, туған тілімізге қатты көңіл
бөлінген. Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін
сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық
келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз
деген жолдар мәдениет қайраткерлерінің ғана емес, елін сүйер әр адамның
жүрегінен жол табары зайыр. Кез-келген ұлттың тек мәдениет арқылы ғана ұлт
болып қалатыны баршаға аян, ал елдігімізді сақтау – туған тіліміз бен
мәдениетімізді сақтау деген сөз.
Мен ең әуелі, кіріспемнің алғы сөзін, биссмилласын елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ағамыздың мына бір қанатты сөзімен бастағанды жөн көрдім.
Жалпы бұл бітіру жұмысымда негізгі сөз етпек болған түйінді мәселе-тілге
байланысты болмақ. Әрине, кез-келген нәрсенің (сөздің болсын) негізіне,
қосымшасына мән берместен бұрын, әуелі оның түбіріне, түп-төркініне назар
аудармасқа тіптен болмас. Сол себепті, мен негізгі тақырыбымды яғни, тіл
мәдениеті, сөз мәдениеті және лингвистикалық болжау орталықтар жайында сөз
қозғамастан бұрын, жалпы тіл деген мәселеге тоқталуды жөн көрдім. Тіл,
мемлекеттік тіл жайлы сөз еткен ғалымдарымыздың пікірімен таныса отырып,
осы жайында біраз мәселенің басын ашуға бел будым.
Тіл–мәдениеттің ажырамас бөлігі, ел мәдениеті тілден бастау алатыны
белгілі. Тіл ұлттық мәдениетіміздің үлкен бір саласы болып саналатындықтан,
ана тілді құрметтеу, тілді құрмет тұту–мәдениетке қойылатын басты
талаптардың бірі.
Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік тіл саясатына ерекше көңіл бөлінуде.
Конституцияға сәйкес мемлекеттік тіл–қазақ тілі екені баршаға аян. Ата
заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл–қазақ тілі(7бап) деп
көрсетілгеніне, Тіл туралы Заңның қабылданғанына, Тілдерді қолдану мен
дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске
қосылғандарына қарап отырып мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін
заңнамалық құжаттардың жетіп артылатынына көз жеткізе аламыз. Бүгінге дейін
тілдік қарым–қатынастар мен тіл құрылысын қалыптастырудың басымдықтары мен
бағыттары нақты айқындалып, ауқымды мақсат-міндеттерді іс жүзіне асырудың
кешенді бағдарламалары, жоспарлары жасалды. Соған орай, елімізде мемлекттік
тілдің өрісі кеңейіп, қолдану аясы біртіндеп ұлғайып келеді.
Туған тіліміз арқылы келетін рухани азықты еш тілден таппаймыз. Тіл
негізінде дамитын рухани мәдениетімізге халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптастырыған бай ауыз әдебиетінің сан алуан үлгілері, небір дүлдүл
ақын-жырауларымыз бен шешен де ділмәр дана бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа
қалдырған бай мұрасы, ертегі, қисса, әңгімелері мен мақалалары, тәрбиелі
аталы сөздері жататыны белгілі. Осы орайда ана тіліміздегі ақын-
жазушылардың шығармаларын оқып-білу арқылы өмір талабына сай оқырмандарды
тілді меңгеруге баулып, тілді дамытуға тәрбиелеуде, әдеби сөйлеуге
дағдыландыруда, тіл игеруді үйретуде кітапханаларда өткізілетін шаралардың
маңызы аса зор. Тіліміздің орасан зор байлығын қолданушылардың жандүниесіне
сіңіру, одан нәр алу- бүгінгі күн талаптарының бірі. Сондықтан да
кітапханалар кітапхана қорындағы мемлекеттік тілді барынша насихаттайтын,
тіл саясатына қатысты шараларды ауқымды түрде жалғастырып, мемлекеттік
тілдің өрісін одан әрі кеңейтіп, қазақ жерінде татулық пен келісімнің нығая
түсуіне ықпал етіп, мемлекеттік тілдің өркендеп, қанат жаюына мұрындық
болып, тіл абыройын арттыра, мәртебесін көтеріп, тіліміздің ұлттық
мәдениетімізге қатыстығын көрсетіп, оны бағалай білуге баулитын тартымды
көпшілік жұмыстармен оқырмандарды қызықтыра білгендері абзал.
Осы орайдағы Тіл-мәдени қазынаның қайнар бұлағы, Туған тілім-
тірлігімнің айғағы, Ана тілі-асыл нәрі бабамның, Тіл-ұлт рухының ұясы,
Тіл-мәртебе, ұлт мерейі, Тіл-тірек, кітап-білім, Тіл байлығы-ой
байлығы, ТІл- ұлттың жаны, халық үні, Төл тілің-күре тамырың, Тілді
қорғау- ұлтты қорғау, Тіл-тәрбие басы, Тіл аса қадірлі байлық, Ана
тілім-айбыным, Тілге құрмет-елге құрмет, Ұлт қасиеті-туған тілінде,
Тіл-білімнің кілті, Тіл-жұрттың жаны, Ана тіліміз-рухани азаттығымыз,
Тіл мүддесі-ел мүддесі, Тіл-ұлттығымыздың қайнар көзі, Тіл-тіршіліктің
тетігі, Туған тіл-қыдырың тақырыптарындағы кітап көрмелерінің, кітап
сөрелерінің, дөңгелек үстел, конференция, пікірталас, талқылау, әдеби-сазды
сайыс, тіл байқауы, тіл сайысы, тіл жарысы сияқты тартымды да, қызықты
шаралардың ойлау қабілетінің дамуына, тілді еркін меңгеріп, дамытуға,
рухани мәдениетіміз бен ұлттық сананы игеруге беретін тәрбиелік міні аса
зор болып қала бермек.
Қазақ мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол-фольклорымыздың
байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. Қазақ халқының
фольклоры жүз томнан асады деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды!
Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі бар,
батырлар жыры бар,айтысы мен дастаны бар оннан астам кітаптарды анау бір
жылдары шығарғаны есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті. Осыған
байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата шығарып,
қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін жасау
міндеттеледі. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін
қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді. Кеңес дәуірінде
баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар аударылған сияқты көрінетін және
әлемдік классиканы түгел аударып тастағандай сезілетін. Сөйтсек, бұл
шаруада да тындырғандары шамалы болып шықты. Аударма саласында мүлдем жүйе
болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп- жұлып қана аударылған. Әйтеуір,
орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама қамтылыпты. Содан кейінгі
аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиеттің де ең үздік туындыларын
жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік
ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде
гуманитарлық білім берудің мемлекеттік болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып
топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық
жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, Қазақстандықтардың рухани
кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.
Өздеріңізге таныс, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы, Ресейдің
Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың ескерткіші
Мәскеудің дәл ортасына орнатқызылды. Бұл да үлкен жетістік болып табылады.
Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім,
отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық
рухта тәрбиелеу-мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс. Әлемдік
ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз мемлекеттік
тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізігі мақсат етіп қойдық. Әлемдік
ақыл-ой мұраларын қазақ тіліне аудару жұмысында аудармашыларға қойылар
талапты күшейтіп, сапа жағына қаттырақ көңіл бөлген жөн болар. Аудармамен
ең алдымен тілдің мамандары, кәнігі қаламгерлер айналысқаны жөн. Ғалымдар
көбіне сарапшылық, кеңесшілік қызмет атқарса ортақ іске көбірек пайда
тигізеді. Қандай күрделі шығармалар да қазақтың қара тілімен төгіліп, жатық
сөйлеп тұрмаса, біз адамзаттың алтын қорын төл мұрамызға айналдырдық деп
айта алмаймыз.
Ата-бабаларының асыл сөзін жүз томға жинап, бастырып шығара алатын ел-
бақытты ел, бақуатты ел, болашағы кемел ел. Қазақ елі-сондай ел. Әлем
әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін, жатық етіп аударып, бар
бояуымен, өзгеше өрнегімен төгіліп түсіретін тіл-қуатты тіл, құнарлы тіл,
құдіретті тіл. Қазақ тілі-сондай тіл.
Еліміз Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ана тілі апталығының бас
редакторы Мереке Құлкеновке берген Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде
атты сұхбатында мемлекеттік тіл жайлы орамды сөз айтылды. Негізгі тамаша
айтылған сөздерге келсек, Мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша
сөйлеуі керек деген әділетті талап алдымен Мемлекеттік қызмет жөніндегі
агенттіке қойылып отырғаны анық.
Яғни, бұл мемлекеттік қызметке келгісі келетін азамат қазақша
білмейтін қазақ болса мемлекеттік қызметке алынбауы керек деген сөз. Барлық
қатынас қағаздары ана тілімізде жүргізіледі. Сол кезде тек аудармашылардың
қызметіне иек сүйеп отырған кейбір жауапты қызметкерлер қолымды
мезгілінен кеш сермедім деп өкініш қалып жүрмесін.
Қазақстан ғылымын қазақ тілінде сөйлету- тіл мәселесіндегі өзекті тұс.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса
қорғасындай балқыған, өмірдің кез- келген орайында әрі қару, әрі қалқан
болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ
үшін бұл дүниеде не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени
тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған- оның ғажайып тілі - деп халқым деп,
қабырғалы қазағым деп, тайсаң-таған тарықсаң- панаң боламын деп айтқан
имани сөзім! Деп Елбасымыз өз сөзімен айтқандай, қазақ тілі- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі дегенді қайталай бергеннен де қазақ тілі-
қазақтардың Ана тілі деген қарапайым ойды санаға сіңірудің мәні үлкенірек.
Ана тіліміз, ең алдымен, осы мемлекеттің түпиесі-қазақтар үшін керек. Айдың-
күннің аманында қара аспанды суға алдырып, қолдағы барымыздың бағасын
білмей сөйлейтін ағайын арамызда аз емес. Олардың түптеп келгенде ниеті
игі, көңілі таза екендігіне күмән жоқ. Әйтсе де аптықпай да асығуға
болатынын ұмытпасақ болғаны. Асыққандар алға озады, ал аптыққандардың
арасынан арандайтындары да аз табылмайды.
Қоғамымыздың даму қисыны бойынша қазақ тілі қалайда осы мемлекеттің
негізгі тіліне–іс қағаздарының да, ғылымының да, техникның да, білімнің де,
әскердің де, юриспруденцияның да-бәрінің-бәрінің басты тіліне айналады.
Елбасымыз тағы бір тұста: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кезіккен
қоңторғай қиындыққа- салауат, қазіргі мейманалы дәуреніне қанағат айтып
отырған еңбеккер ел- жұрттың аузынан небір әуезді сөздерді естіп
мейірленемін. Бір кездесуде ортаға шыққан қария: Қоңырау таққан құба
нардай боп,-деп сөз бастады. Қараңызшы біздің тіл–қандай бейнелі,
құдіретті тіл. Мұндай ұлы байлықтың арнасы ортаймақ емес деп тамсана
айтты. Енді бір ретте: Сөз бұзылса, ой да бұзылады. Тіліміз ішкі әуезінен
айырылып, сынын жоғалтады. Жалпы біз сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға
тиіспіз,-деп тіл маманындай тереңдік танытады. Жасырары жоқ Кеңес
дәуірінде қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр деген пікір қалыптасты. Орысша
оқымаса нан сұрап жей алмайды деп жас балаларды өзге тілге ауыздандырып
бақты емес пе? Енді керісінше, қазақ тілін білмесе, несібесінен қағылуы
ғажап емес.
Қазақ халқының дербестігін ұлттық сипатын сақтап қалудың бірден-бір
құралы-тілін сақтау. Ойшылдардың бірінің былай дегені бар: белгілі бір
халықтың өмір сүру үшін күрес жолында ең соңғы құлайтын қамалы- тілі.
Тарқатып айтқанда, әрбір халық өзінің тарих төрінен ығысуын қаламайды, ол
үшін күреседі, қабат-қабат қамалдар соғады. Бір қабат қорғаны-мекен етіп
отырған жері (территориясы) болса, екіншісі-машықтанған шаруашылық түрі,
күнкөріс амал-тәсілі, ал үшінші қамалы-атадан келе жатқан салт- дәстүрі,
төртінші- бір- бірімен қандастығы мен өзге жұрттан бөлекше көрінетін түр-
тұрпаты, ең соңғы-тілі дегендей бірнешеу болады екен. Солардың ішінде сан
ғасырлық, кейде бірнеше жылдық тарихында белгілі бір халық сыртқы жаудың
қарулы күшінен жеңіліп, атамекенінен айырылып қалуы мүмкін, немесе
мылтықсыз майданда әдет- ғұрпынан көз жазып қалуы ықтимал. Сол сияқты
мекен-тұрағынан айырылып, өзге жұртқа барып араласуының нәтижесінде
өзгелерге қыз беріп, қыз алысып дегендей сыртқы бет- әлпеті өзгеріп кетуі
де мүмкін, немесе күнкөріс үшін баырғы кәсіптерінен жаңылып, шаруашылық
қарекеттері де жаңаруы ықтимал. Осылардың барлығын басынан кешіріп, бірақ
тілін сақтап қалса, ол халық сол өз атауымен тарих көшінде өзгелерге ілесіп
жүріп отырады. Ал аталған төрт- бес қамалдың бәрі сақталып бірақ санқилы
себептермен тілін жоғалтып алса, ол халық өзін де жоғалтады. Заты: мекені,
шаруашылығы, түр- әлпеті, тіпті не бір күшті салт-дәстүрі, мықты діні-
баршасы сақталғанымен, аты жоғалады, яғни сол халық ретінде тарих
сахнасынан түседі (әрине, адамдары, тегіс қырылып қалмайды, өмір сүре
береді, бірақ жоғалған халықтың өкілі, жоқтаушысы ретінде заты- табиғаты
жойылады). Осы схемаға салып қарасақ, бүгінгі қазақ аталатын халықтың
қорғандарының көбі сақталып келеді: өз жерімізде, бабаларымыз қалдырған ата
жұртымызда тұрып жатырмыз, негізгі айналысқан күнкөріс қарекетіміз- ауыл
шаруашылығы мен егіншілік ұласып келеді, едәуір салт- дәстүрімізді оп-оңай,
теп-тез жаңа заманның құрбандығына шала салдық. Ал ең соңғы қамалымыз,
қорғанымыз-тіліміздің іргесі сөгіліп, қабырғасы қирай бастағанының бүгінгі
куәгері болып отырмыз.
Тілге байланысты барлық игі шаралар, жаңа идеялар дереу, бірден,
немесе тіпті бір-екі жылда жүзеге аспай жатыр деп байбалам салуға да
болмайды. Тіл- миллиондардың, іштегі-сырттағы 15-16 миллион қазақтың
құзырындағы, иелігіндегі, керегіндегі дүние. Оның тағдырын жеке адамдар,
тіпті бір үкімет бірден шеше алмайды. Тіл проблемаларын шешуде уақыт
деген фактор үлкен рөл атқарады.
Тіл мәдениетінің ақсап жатқан тұстары осы мәдениетті сақтайтын
құралдардың ғылыми ізденістердің жоқтығынан емес, бугінгі үлкен қасіретіміз-
тілге деген немқұрайдылық, салақтық, жауапсыздық бел алып отырғандығынан
деп ашыны айта аламыз.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі ірі-ірі халықаралық жиындарда ескеріле
бермейтіні ешкімге таңсық емес. Елдің тізгін ұстар басшылары ырым үшін екі
ауыз қазақшасын айтып, артынша ұзын-сонар баяндамасын ресми тілде жасап
жүргені көкірек көзі ашық қазақтың намысын шимен шұқығандай-ақ. Шын мәнінде
мемлекетті басқарып отырған адамның шетелдік меймандардың алдында өзге
тілде емес, өз тілінде, қазақ тілінде еркін көсілуі еліміздің абыройын бір
асқақтата түскені сөзсіз.
Қазақ тілі ғылымның, техниканың тіліне айналмайынша, оның көсегесі
көгеруі неғайбыл. Ал қазіргі жағдайда қыл аяғы ең қарапайым техниканың
тізгінін орыстар немесе орыс тілділер ұстап отыр емес пе? Ірі өндіріс
орындарына қазақ тілді маманның қажеті шамалы секілді. Со себепті де
техникалық мамандарды мемлекеттік тілде даярлауға жоғары оқу орындары да
құлықсыздық танытып отыр. Бұл жөнінде Президент: Дүниеде қазір ағылшын
тілі бизнестің, ең жоғары технологияның тілі болды. Ал біз ағылшыннан
орысшаға аударылған біліммен жүрміз. Қазақ тілін ондай дәрежеге жеткізу
үшін уақыт қажет,- дейді.
Елдің туын жықпай, ұлттың ұлылығын паш ететін-бүгінгі жастар. Ал
шетелде оқып-шоқып келген жастарымыздың көп жағдайда өз ана тілінен
мақұрым болып жататыны көкейдегі түйткілдің бірі. Болашақ бағдарламасы
бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастарымыз қазақ тілін білгені жөн.
Ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрай алмайтындар ендігі жерде ойланулары
қажет. Президент осылай дейді. Ұлтының ұлы тілінде нан сұрап та жей
алмайтын тұрғыластарына 2-курс студенті
Өз
тіліңді өшірме,
Өшіргенді кешірме!
Тілін, өзін ұмытқан
Ұшырайды кесірге-деп өлең
жолдарымен үндеу тастады.
Парламенттегі қазақ ұлтының өкілдері өз анасының тілінде сөйлесін
деген ұсыныс айтып едік, көзге шыққан сүйелдей көріндік. Өз анасын
мойындамаудың қасіреті, киесі болатынын рухани тілмен де, ғылыми тілмен де
дәлелдеп бақтық. Бірақ билік оны да қаперіне ілген жоқ,-деген Қазақстан
республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов ағамыздың
саралы пікірі орынсыз айтылмаған. Мемлекеттік тілдің елімізде кең қанат жая
алмай келе жатқаны биліктегі шенеуніктердің тікелей кінәсі екеніне толық
көз жеткізіп келеміз. Осы үшін де болу керек Мұхтар ағамыздың МАНСАБЫ ҮШІН
ТІЛІН САТҚАН ҰЛТСЫЗ атты сыйлық белгіледік дегені. Әрине бұл сыйлықты
жарияларда біз қалың көпшіліктің пікірін ескереміз, баспасөз арқылы
талқылау да өткіземіз. Енді бұдан былай, баласының баласына, шөбересінен
шөпшегіне ауысатын сол абыройсыз сыйлықты иеленіп қалу қаупінен билік
басындағы барлық шенеуніктеріміздің сақтанғаны абзал,-дейді Мұхтар ағамыз.
Баспасөз беттерінде, теледидарда қазақ тілінің мәртебесін арттыру
жайлы көп жазылып, көп айтылады. Бірақ қазақ тілінде шығатын газет
журналдар мен телерадио орыстар тұрмақ, өзіміздің шала қазақтарға үні
жетпейді. Сонда азғантай тіл жанашырлары өздері бірін-бірі үгіттеп, арамтер
болып жүр деуге болады. Сондықтан өз тілін әзірше білмейтін қандастарымыз
үшін қазақтың тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін уағыздайтын
республикалық орыстілді газет шығару керек немесе Казахстанская правда
орыстар мен орыстілділердің сойылын соғып жүргені баршаға мәлім.
Қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусын берген- республика Парламенті.
Ендеше алдымен Парламент қазақ тілінде сөйлеуі керек.Сонан кейін Президент
аппараты, Үкімет мүшелері. Бұл қағида қатаң сақталуы керек. Балық басынан
шірімеуі керек.
Көптен бері мекемелерде қазақ тілін үйрену курстары жұмыс жасайды.
Мекеме қабырғасында оның іс шаралары, бағдарламасы да жазулы. Бірақ оның
бәрі-өтірік, өлі нәрсе, еш қимылсыз дүние. Сол курсты бітіріп, қазақша
сайрап кетті деген кісіні естіген де көрген де жоқпыз. Ол-жоғарыда өтірік
ақпар беру үшін ғана жасалған көзбояу. Тіл үйренгісі келген адамға барлық
жағдай бар. Оқулық та, сөздікте те, әдістемелік құрал да бәрі жеткілікті.
Жоғы-ықылас, ынта. Ал ондайларға қатаң жаза қолдануы керек. Олардың бір
тобын жұмыстан қуып жатса, қалғандары еріксіз өздері үйрене бастайды.
Әрине, біздің бұл ұсынысымыз бұрын айтылмаған, жазылмаған, тың тақырып
дей алмаймыз. Бірақ осы кеге дейін қолдау таппай келе жатқаны хақ. Орвстар
немесе өзгелер келіп біздің қисығымызды түзеп бермейтіні белгілі. Мысқалдай
ұлттық намысы, ары, қаны бар қазақ өзінше үлес қосса, иншалла, шаруамыз
ілгері басар,-деп газет бетіне бір оқырман пікірін жазған екен.
Тіліміздің шын мәнісінде қатынас құралы бағытында жеткен биігі бүгінгі
қоғамды қанағаттандырмай тұр. Кез келген мемлекет тілі сол мемлекетте
тұратын жергілікті халықтың ғана емес ондаған, жүздеген ұлт пен ұлыстың да
қатынас құралы болуы шарт. Біздің көздеген мақсатымыз да осы болмақ. Ал ол
деңгейге жету үшін тілдің күнделікті қажеттілігі арта түсу керек.
Тіліміздің дамуының халық арасында беделін көтеру мәселесін сөз еткенде біз
ең алдымен бастықтарымызға мін артып, қаражаттың бөлінбейтіндігін алға
тартамыз. Кінәнің бәрін содан іздеуге талпынамыз. Бірақ басқа да тілдің
дамуына кедергі болатын жайлардың барын елемеуге тырысамыз. Солардың бірі-
бүгінде жаппай етек алған тіл тазалығы үшін күрес. Дүниеде бірде бір таза
тіл жоқтығын біле тұра тіл тазалығы үшін күресу еш нәтижеге әкелмейтінін
ескергеніміз жөн. Тілде орныққан кірме сөздер мен халықаралық терминдерден
бас тарту арқылы тіл тазалығын қамтамасыз етуді күйттейтін күмәнді ниет
екенін неге мойындамасқа. Жаппай жүргізіліп жатқан терминдерді аудару сол
терминдердің қолданысындағы бірізділіктің болмауы, жарыспалылыққа жол
берілуі, оқулық тілінің ауыр немесе аударма сарынды болып келуі сияқты
кемшіліетер күннен күнге етек жаюда. Ол- тіл үшін қауіпті дерт. Бұл
бағыттағы күрес қазіргі қалыптасқан тіліміздің еш мінсіз таза айтылуы,
варваризм элементтерін қолдануға, калька тектес аудармаларға жол бермеу,
қазақи қалыпқа келтіру мақсатындағы күрес болуы тиіс тәрізді. Ол-жастарды
яғни, біздерді тіл мәдениетіне, көркемділігіне тәрбиелеу. Тілге деген
шынайы патриоттық сезімді ояту болып керек.
Кешегі ұлы Абай, А.Байтұрсынов, М.Әуезов заманында да тіл үшін күрес
еліміздің тәуелсіздігі үшін күреспен тең іспеттес болатын. Яғни, тіл үшін
күрес-ұлт үшін күрес екенін санамызға ұялатуымыз керек тәріздес.
Кезінде жүйелі де үнемді, жеңіл де жүйрік, шешен де көсем, түркі
тілдерінің төресі болған кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырылған тіл бүгінгі
күні үлкен сыннан өтуде. Ұлттық жаңару-батыстандыру емес дегенді естіп
жүрміз. Күмәніміз жоқ. Әр ұлттың өз мәдениеті, салт-дәстүрі, менталитеті
ескерілсе болғаны-ақ. Бүгінгінің баласы әкеге емес, батысқа қарап өсетін
күнді тудырмасақ игі болар еді. Жасырмаймыз, терең тамырлы билингвизм,
полилингвизм бәйтерегін өсіріп, қазақ тілі көлеңкесінде қалып қоя ма деген
қаупіміз де жоқ емес. Бірақ бұл мәселе төңірегінде Т.Молдағалиев:
Бабалардан қалған жалғыз байлығым, ана тілім-биік туым айбыным,-деп
асқақтатып жырлаған қазақ тілінің мәртебесі күңгірт сағымға айналмаса екен.
Қазақ тілін өксітіп қойып, өзге тілден абырой іздеу-ұлттық намысқа сын
екенін, өз тілін өзекке тебу-ұлттық сананы улайтын қауіпті дерт екенін де
ұмытпаған жөн.
Жалпы тіл-өте күрделі құбылыс. Тілдің күрделі құбылысқа айналуында
қоғам, нақты айтқанда, тілді қарым-қатынас құралы, ой-пікірді жеткізуші
құрал ретінде пайдаланушы Адам басты орын алады. Себебі тілге көркемдік
сипат дарытып, астарлы мән беру, тіл арқылы адресатты көздеген әрекетке
еліктіру, оны белгілі бір идеологияның жақтаушысы етіп тәрбиелеу тікелей
Адам санасының қатысуымен және осы өз ниетін жүзеге асыруы мақсатында
тілдік құралдарды екшеп қолдануы барысымен танылады.
Баршамыз кемеліне жетіп дамыған қазақ халқының ұлттық тілін қадірлеп,
үйретуге атсалысып, тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында әртүрлі
деңгейде іс-шаралар жүргізе, қолданушыларды тілді қадірлеп, қастерлеуге
шақыра білейік дегім келеді.
Іздеу қағидалары және материалды өңдеу, программалық құралдарды
дайындау (сапалы және саналы программаларды өңдеу мәтіні. Редактордың рөлі
және макро және электронды кестелер. әр түрлі сөздіктердің материалдары
үшін прогностикалық зерттеулер-функционалды өңдеу және функционалды салмақ
лексика-семантикалық бірліктердің және соңғы ранжеровалды мына
параметрлерге сүйене отырып; бағалау әдісін құру; оңай әдістердің
экстополясын болжау, бүкіл филологтардың қолы жететін фактілік базаның
болжау мәселелері. Шумақ портоколдарды болжау ретінде. Ұзындығы, саны,
хроникалық мәтіндерді үйрету объекттің түріне қарап болжаған, саналы және
сапалы параметрлердің лексикасын біріктіріп, зерттеген, семантикалық және
функциналдыға жақындау. Математикалық әдістерді жасау және лексиаклық
санақтарды) дәстүрлі лингвистикалық мәселелер. Математикалық құралдарды
өңдеу мәселелері лингвистикалық болжауларға қарап есептелген.
Компьютерлік технология және лингвистикалық болжау мәселелері.
Материалдарды іздеу мен өңдеу принциптері, программалық құралдарды
қалыптастыру (мәтіндердің мазмұндық және сандық өңделген түрлері).
Редакторлар рөлі, болжау зерттеулерінің негізгі көзі ретіндегі әртүрлі
типтегі сөздіктер, лексика-семантикалық бірліктердің (ЛСБ) функционалдық
салмағы, бағалау әдісін қалыптастыру және математикалық білімді қажет
етпейтін барлық филологтарға жарамды әдістер. Лингвистикалық болжаудың
фактілік базасын қалыптастырудың принциптері мен күрделі мәселелері. Болжау
протоколдарының көзі ретіндегі мәтіндер, ұзындығы, саны. Лексиканың сандық
және сапалық параметрлерін зерттеді байланыстыру. Математикалық әдістерді
(математикалық лингвистика мен лексикостатистики) дәстүрлі лингвистика
мәселелерін зерттеу зерттеу үшін қолдану. Лингвистикалық болжауды шешуге
арналған математикалық құралдарды пайдалану.
Лингвистикалық болжаудың қолданбалы аспектілері.
Сөздіктердің толық корпустарын қалыптастыру, картотекалардың
жетіспеушілігі. Лингвистикалық онтогностика мен сөздіктердің жаңа типтері.
ЖОО-да лексикологияны, сөзжасамды, жалпы тіл білімін, әдеби тіл тарихын
өту, арнайы курстарда лексика, тарихи лексикология, сөзжасам, квантативті
лингвистика, синэнергетика, тілді үйрету, студенттер мен аспиранттардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарында-лингвистер мен математиктерді қатар қамтуы.
1. ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазіргі кездегі еілдің әлеуметтік базасының өзгеруі және соған орай
тілге қатысты белгілі бір мақсатөмүдделіжандануы да тілдің барлық қырына,
оның ішіне дұрыс қолдануынажұртшылық назарын аударып отыр. Ал қоғам
назарына іліккен құбылыс білім-ғылым нысанасы да болып шығады.
Тіл білімінің бір тармағы болып саналатын “ тіл мәдениеті ” көтеген
ғылыми-практикалық прогблемалаларды қамтиды. Ол тек тілдің қолданысындағы
ағаттықтары мен жазудағы қателерді тауып, көрсетіп отыруды ғана көздемейді.
Тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиіс базасын
тану қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сай қалыптасқан нормаларды
айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл тіршілігінде тек сөздер ғана емес,
дыбыстар, ол дыбыстардың айтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі
тілдердідің қызметі жазумен қоян-қолтық астарласып жатыр, бұл күнде тіл
жаусыз сызмет ете алмайды, сондықтан емле мәселесі де “тіл мәдениетін”,
яғни жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті, қолайлылықты талап етуі заңды.
Тіл тек қатынас құралы емес, ол эстетикалық та құрал. Тіл адамдарға
бір-бірімен түсінісіп қою үшін ғана емес, әсемдік дүниені сезіну үшән де
қажет, демек, тіл арқылы бір-бірімізге жақсы әсер ету де көзделетіндіктен,
экспрессиясы күшті сөздерді таңдау, сөйлемдерді әсерліетіп құрастыру, яғну
тілдік көріктеу құралдарын танып дұрыс жұмсау да тіл мәдениетінің бір
пұшпағын құрайды.
Тіл мәдениеті прогблемалары отбасы тәрбисімен, мектептегі оқу ісімен,
жалпы әр алуан оқу-тәрбие орындарының нақты жұмыстарымен тығыз байланысты
болып келеді. Бұдан да биіктеу қарасақ, тіл мәдениеті ұлттық әдеби тілдің
әлеуметтік базасының өзгеріске ұшырауына, өзге тілдермен арақатынасына да
тікелей ұштасып жатады. Демек, тіл мәдениетін
әнгімелеуде(талдауда,зерттеуде) “мынау дұрыс, мынай бұрыс” деп қою мүлде
жеткіліксіз, сол дұрыстық пен бұрыстықтың негізін табу керек, ол
негіздердің бір-бірімен сабақтастығын, алдыңғы кезеңдермен іліктестігін
анықтау керек. Қысқасы, ғылым әлеміне кештетіп келген “тіл мәдениеті”
дегеннің міндеті мен шаруасы көп, аумағы кең, шешімі қиын әрі күрделі
екенін айтамыз.
Тіл мәдениетінің өзегі-норма туралы ұғым. Норма тілдің жүйесі мен
құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз тілде бар үлгілердің,
қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік
құрлым дегеніміз осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық
мүнкіндіктері. “Тіл” дегеннің өзін ауызша сөз немесе айтылдған сөз, жазба
сөз немесе жазылған сөз деп екі түрге бөліп қарастырамыз. Бұл жердегі “сөз”
термині тілдің қолданыстағы қалпы, орысша “речь” дегеннің баламасы ретінде
алынып тұр. Тілдік норманы әңгіме етуге келгенде “тіл” деген жалпы ұғымды
бұлайша нақтылап алу және оның қолданыстағы қалпын сөз ету заңды, өйткені
“норма” дегеніміз тілдің дұрыстық-бұрыстық сәттері туралы ұғым болса, тіл
заңдылықтарының дұрыстық-бұрыстығы қолданыс үстінде көрінетіндігі белгілі.
Тіл мәдениетінің басты-басты тарамдары (мәселелері) айқындалып,
мазмұны мен обьектісі, теориясы мен әдістері белгілене бастады. Дегенмен
бұл салада әлі қолға мықтап алынбаған істер мен шешілмеген проблемелер аз
емес: тіл немесе сөз мәдениетіне қатысты ғылыми терминдерден бастап, жалпы
теориясын жасауға, әсіресе ұлттық тіл мәдениетінің ерекше сипаттарын ашуға
дейінгі жұмыстар ізденушілері мен зерттеушілкрін күтіп тұр.
Ең алдымен, тіл білімінің осы саласын қазақша қалай атаған дұрыс: тіл
мәдениеті ме, сөз мәдениеті ме, сөйлеу мәдениеті ме? Орыс тілінде
көбінесе культура речи деген термин қолданылып жүр. Сонымен қатар оның
синонимы ретінде культура речи деген тіркесті де біраз уақытқа дейін
(тіпті қазірдің өзінде де) қолданылғандығы байқалады. Орыс лингвистикасында
язык және речь деген терминдер-дербес атаулар: язык тілдің өзі
таңбалар жүйесі болса, речь -сол тілдің қолданыстағы күйі (көрінісі).
Тіл мәдениеті, яғни тілдік элементтердің дұрыс қолданысы, сол тілді
жұмсау барысында талап етіледі, демек, бұған культура речи деген термин
дәлірек келеді. Ал қазақ тіл білімінде язык пен речь-ті айырып атайтын
терминдер әлі қалыптаспай келеді. Язык дегенді тіл делік, ал речь-ті
қалай атауымыз керек. Оны тіл, сөз, сөйлеу, тіл қолданысы,
қолданыс деп әрқайсымыз әр түрлі беріп жүрміз. Культура речи деген
сияқты білім-ғылымның жалпы бір саласын атау керек болғанда сөз мәдениеті
деп алған дұрыс сияқты, ал баяндау барысында, контексте қолданыс, тіл
қолданысы, сөйлеу деген сөздер де речь мағынасын бере алады. Жалпы
пәндік термин ретінде сөз мәдениеті дегенді таңдаған дұрыс болар. Өйткені
бұл жерде әңгіме ойымызды ауызша да, жазбаша да дұрыс (мәдениетті)
білдіру туралы болмақ. Ал ой дегніміздің бір атауы-сөз.
Қазақ тілінде сөз сөзінің семантикалық өрісі кең:
1) Сөз – лингвистикалық единицаны білдіретін термин (сөйлем бес сөзден
тұрады; сөйлемдегі әр сөздің қызметі бар; бұл сөз ілік септікте
тұр деген сияқты қолданыстарда);
2) Айтылған ой, пікірді де қазақ сөз деп атайды (сенің сөзіңе
қосыламын, оның сөзі дұрыс);
3) Топ алдында сөйлеген сөз, жасалған баяндама, оқылған лекцияларды да
жалпы сөз деп атай береміз (жиналыста пәленшенің сөзі дұрыс
шықты);
4) Поэзияны да сөз деп атауды ұлы Абайдың өзінен табамыз.(сөз айттым
Әзірет әлі,айдаһарсыз, сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Кім
біледі, жабырқаңқы жазған сөзім т.т.), қысқасы, осы сияқты толып
жатқан мағыналарды білдіреді. Соның ішінде айтылған ой, пікір деген
мағынасы жиі кездесетіндігі байқалады. Мұны жылы сөз, тәтті сөз, бос
сөз, жел сөз, сөз болу, сөз қайыру, сөз таппау сияқты тіркестердегі
сөз-дің коннотаттық (ауыспалы, қосымша) мағыналарынан аңғарамыз.
Қазақ тілінде сөз сөзінің денотаттық (тура, негізгі) мағынасы- ой,
пікір сияқты, ал лексикалық бірлікті (единицаны) сөз деп атау-Ахмет
Байтұрсынов ұсынған лингвистикалық термин, демек, бұл-лексеманың
коннотаттық мағынасы десек болар. осы уәждерге сүйеніп, тілдің ойды
білдірудегі көрінісі, қолданысы- речь дегенді сөз терминімен атап,
қалыптастырсақ, сонда сөз мәдениеті деген тіркес культура речи
дегеннің дәл баламасы болып шығар еді.
Ал тіл мәдениеті дегенді бірден ығыстырып тастауға тағы да
болмайды, өйткені, біріншіден ол- бұл күнде қазақ тіл білімі
зерттейтін қолданбалық мәні зор саланың атауы ретінде бір шама
қалыптасқан термин болса, екіншіден ой-пікірді тіл арқылы білдіруде
сөздерді орнымен жұмсап, сөйлемдерді дұрыс құрастырудан өзге де сәттер
бар екені, яғни түзулікті, дұрыстықты (мәдениетті), жазудағы
сауаттылықты, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу сияқты
тұстарда қоса есептесек, жалпы тіл мәдениеті деген термин де оңтайлы
келеді.
Тіл мәдениеті-қазақ тіл білімінің зерттеу нысандарының
(объектілерінің) ішінде кейінірек қолға алынған саласының бірі. Бұл саланың
өзге нысандардан айырмасы- оның күнделікті өмірмен ,тілді қолдану
тәжірибесіментікелей ұштасып жатқандығында. Сондықтан тіл мәдениетін ғылыми-
практикалық тұрғыдан сөз ету зерттеу жұмыстарына динамикалық-тарихи қырынан
келудеен гөр,статикалық тұрғыда қарастыру бірінші тұрады, тіл мәдениетінің
қалыптасу тарихы,әр кезеңдердегі сипаты дегеннен гөі,дәл бүгінгі жай-күйі,
проблемалары,даму бағыты, болашағы деген мәселелерге алдымен көңіл
аударылады. Мұны тіл қолданысының өзі сұрайды,бұл-бүгінгі әлеуметтік
сұраныс.
Тіл мәдениетінің өзге салалардан кешірек, кейінірек қолға алынуының
объективті себебтері бар. Тілдегі мәдениет дегенді әңгіме ету тәлдәк
нормалардың, яғни қолданыс заңдылықтарының қалыптасып, едеуір тұрақталған
әдеби тілдің болуына, оның жазбаша да, ауызша да түін қалың жұртшылық тұтас
қолдана бастаған кезіне тікелей байланысты. Әсіресе көркем әдебиетпен
баспасөздік, радио ментелевидениенің(теледидардың),ұлт театры мен киносының
дамыған кезінде тіл мәдениетіне, яғни тілді дұрыс, әдемі қолдануға, жазу
сауаттылығына ерекше назар аударады. Сондықтан мәдениетін талап ететін
құбылыстың өзі әбден күшіне енгенше, тіл туралы ғылым-танымның бүл
тармағының кешендеп қолға алынуы заңды да түсінікті.
Бізге тіл мәдениеті дегенде соңғы 30-35 жылдың барысында ғана
айтарлықтай көңіл аударылып, ол тіл білімінің бір саласыны айналды, ғылыми
ізденістер мен практикалық жұмыстар дүниеге келді, атап айтқанда, Қазақстан
Ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында арнайы
бөлім ашылып жұмыс істеді, сауатты жазу, сөздерді дұрыс дыбыстау, дұрыс
қолдану сияқты салаларға арналған анықтауыш құралдар, сөздіктер, мақалалар
мен жнақдар жарық көрді, диссертациялар қорғала бастады. Тіл мәдениетіне,
әсіресе оның ішінде терминология, емле мәселесіне пікірлер мен ұсыныстар
айтылды. Тіл мәселесі жайында әлеуметтік пікірдің пайда болуына күнделікті
баспасөз бен радио,теледидар,қысқасы,бұқаралық ақпарат құралдарының баршасы
мейлінше атсалысып келеді.
Сөйтіп, “тіл мәдениеті” деп нені танимыз ? Мәдениет деген сөздің
семантикасында “дұрыстық”, “түзулік”, “тәртіптілік”, “жүйулік”, “реттік”,
“қисындылық”, “сәйкестік” деген мағыналық реңктер (семалар) жататыны
белгілі. Бірақ әңгіме ненің дұрыстығы, немен сәйкестігі, қандай реттік,
қандай тәуелділік, ненің қисыны деген сияқты сұрақтарға жауап
іздегенде,“тіл мәдениеті” деген құбылыстың заттық, ұғымдық мәні күрделі
екендігі байқалады.
Тіл мәдениетібең алдымен, әдеби норма дегенге тікелей қатысты. Жалпы
тіл білімінде (шетелдікте, орыстық та, қазақтық та) біршама қалыптасқан
тұжырымдарға иек артсақ, тіл мәдениеті дегеніміз-тілдік нормаларды, оның
ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір
зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің көріктеу құралдарын,
яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды да сөз мәдениетінің
объектісі деп таниды.
Сөйтіп,ел мәдениеті дегеніміз-сөздерді дұыс, орнымен
қолдану(лексикалық),дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс
қиюластыру(морфологиялық), дұрыс дыбыстау(орфоэпиялық),сауатты
жазу(орфографикалық),тілді әсерлетіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын
ұстану, орнықтыру, жнтілдіру. Ослардың бәрін қосып,тіл мәдениеті деген
ғылым-таным саласын “ортология” деп атаушылық бар, яғни ортология-сөздің
(тілдің) дұрыстығы туралы ілім.Бұл атауды біз да қисынды деп сараймыз.
“Тіл мәдениеті”-екі салада қолданылатын термин:бірі-осы тіркес
білдіріп тұған жалпы мағанада, атап айтсақ, әдеби тілді жазбаша және ауызша
қолданғанда оның лексикалық, граматикалық, орфоэпиялық, стильдік нормаларын
сақтау; екіншіден-бұл терминмен тіл білімінің бір тармағы аталады, ол-
тілді қатынас құралы мен ұлттық мәдениеттәңқаруы ретінде дамыта түсу үшін,
оның нормаларын ғылыми түрде зерттейтін саласы. Тіл мәдениетін жалпы
мағынада әнгімелегенде, алдымен оның қолданыстағы нормаларын
(орысша“речевые нормы”) сөз дұрыстығы, яғни тіл бірліктері(сөздерді,
тұлғаларды) дұрыс жұмсау және әсерлі, әсем етіп жұмсау деп бөліп
қарастырылады. Тілдік нормаларды тек дұрыс қолданып қана қоймай, тіл
құралдарын эстетикалық тұрғыдан да әсерлі етіп жұмсай білу адамның жалпы
кісілік мәдениетін, ой-парасатының дәрежесі, тілге деген ықылас-құрметін
танытады.
“Тіл мәдениеті” дегенбі ғылым тармағы ретінде сөз еткенде, әңгіме тіл
мәдениеті проблемаларын теорялық негізге сүйеніп зерттеу болып табылады.
Демек, тіл мәдениеті-ғылыми және практикалық іс-әрекетті қажет ететін сала,
ғылымның тәжірибемен тығыз ұштасып жатқан тармағы. Тілдің қолданылу
барысындағы көріністер мен құбылыстар оларды ғылыми тұрғыдан талдап-тануды
талап етсе, ғылыми түйіндер мен тұжырымдар қолданыс заңдылықтарын
дәлелдеуге, дұрыс-бұлыстығын негіздеуге мүмкіндік береді. Тегі, тіл
мәдениеті саласындағы практикалық іс-әрекеттер ғылыми негіздемелерден біраз
бұрын жүріп жатады да, жеке бір құбылыс ретінде әлеумет назарына ілінуі оны
ғылыми негізде зерттей бастаған кезбен тұстас келеді.
Тіл мәдениетінің ішіне ұлттық әдеби тілге көркем әдебиет тіліне
қатысты ізденістер мен тұжырымдар да кіреді. Тіл мәдениетінің үлкен мәнге
ие болып, қоғамның мәдени өмірінен орын алуы тіл дамуының барлық кезеңінде
бірдей, біркелкі болмайды. Зерттеушілер дұрыс танығандай, тіл мәдениеті
ұлттық жазба тілдің едеуір қалыптаса бастаған кезінде күн тәртібіне
қойылады. Ұлттық тіл біршама дамыған кезеңдерінде де тіл мәдениеті
проблемалары көтнріліп, көпшілік назарын аударатын тұстары да болады, ол-
қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени тіршілігінде ірі өзгереістер, толқулар
пайда болған тұсқа тура келеді.
90-жылдардан бастап тіл мәдениеті проблемасына жұртшылық назары жаңа
қарқынмен аударылғанын айта аламыз. Мұның объективті себебі-қазақ тілінің
мемлекеттік статусын алып, әлдеуметтік қызмет өрісін кеңейту үшін күрестің
басталғаны болды. Соңғы жарты ғасыр ішінде қазақ тілінің сөздік қазынасында
орыс тілінің өз сөздері мен орыс тілі арқылы еніп жатқан өзге тілдік
сөздердің, оның ішінде интернацианалдық терминдердің шамадан тыс көп орын
алып кеткені де жұртшылықты қатты алаңдатта бастады. Бұл ретте шеттілдік
сөздердің өздері ғана емес, қазақ лексикасының толығу көздері бағытының
ұлттық тіліміздің даму тенденциясынакері әсер ете бастағаны жұртшылық
назарын аударды. Осы факторлар “тіл мәдениеті” проблемасының күрт
көтерілуіне әкеп соқты.
Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетінің басты практикалық та, ғылыми
да обектісі норма мәселесі болғандықтан, сол нормалардың мейлінше
тұрақтылығын-консерватизмді жақтаушылар мен оған қарсылар болатыны белгілі.
Осы орайда пуризм құбылысының бар-жоқтығы көзге түседі. Пуризм дегеніміз
әдеби тілді, әсіресе оның сөздік қазынасын шет тілдік кірме сөздерден,
тіпті жаңа жасанды тұлғалардан, ауызекі сөйлеу элементі болып саналатын
жергілікті сөз-диалектілерден, қарапайым сөздерден тазартудегенді қостайтын
ағым, күрес түрі. Қазақ әдеби тілінің алдыңғы кезеңдерінде, тіпті ХХ
ғасырдың 20-30-жылдарының өзінде пуризм ағымы болған жоқ дегенді айтады
зерттеушілер.Шынында да, тіпті ертеден қазақ тілінде әр алуан
каналдармен:дін оқу, мұсылман дінін ұстану, ортаазиялық түркі әдеби тілінің
үлгісімен енген араб-парсы сөздері кейбір морфологиялық тұлғаларын (мысалы:-
хор, -саз,-гер,-и қосымшаларын) қолданыстан аластату әрекеттері болған жоқ,
кекрісінше, арабизм, парсизмдерді жазба әдеби тілде, сондай-ақ ауызекі
сөйлеу тілінде де кеңінен қолдану, тіпті жазба үлгілерде төл тұлғасын
сақтап жазу тәжірибесі ХХ ғасырдың орта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz