Сәкен Сейфуллин жайлы



СЫМБАТ СЫРЛАРЫ
РЕВОЛЮЦИОНЕР ҚАЙРАТКЕР
ӨНЕРДІҢ АСҚАРАЛЫ АСУЛАРЫ
АЛДЫМЕН — ӘЛЕУМЕТ ІСІ
РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ КӨРКЕМ ШЕЖІРЕСІ
ҚҰРМЕТ
Сәкен Сейфуллин жайында ғылыми зерттеулер мен жазылған шығармалар, арнау өлеңдер мен ән-жырлар аз емес.
Сәбит Мұқанов 1957 жылы ноябрь айында Қазақстан Жазушылар одағының залында ірі еске түсіру кешінде сөйлеген екі сағат-естелігінде «Еркек кіндіктіде Сәкендей сұлу адамды кездестірген емен» деген болатын.Сонда Сәкеңді көзімен көріп, қасында жүрген ақын-жазушылар бастарын шұлғып, «рас, рас» деген еді. Сәкен аты аталған шақта толып жатқан қасиеттеріне ажар-көрік берген әсем келбеті көзге елестейтін сияқты.
Бұл ойды орыстың тамаша жазушысы Галина Иосифовна Серебрякова былай жалғастырады:
«Сәкен Сейфуллиннің өр тұлғалы сұлу келбетіне мен қайран қалдым. Ұзын бойлы, Ақкұба жүзі құбыла құлпырады. Ұшқын атқан ақылды қара көздері әлі есімде. Ол жанарын тура қадап, адалдықпен тік қарады, сол сәтте ежелгі парсы жұртының хас батырларына ұқсап кетті.
Оның табиғи сымбаты қандай болса, жан-дүниесі онан да сұлу еді» Сәкен ақын болсам деп армандады ма, жоқ па, әйтеуір ауылдағы ойын-сауықта өзіне біткен қоңыр дауыспен сызылта ән салғаны анық. «Әнші бала» атануына әсем даусының күші жетпеді емес, жетті, бірақ Арқаның шертіп тартатын ойлы күйлері Сәкенге еріксіз домбыра да ұстатқан еді. Әншілік пен күйшілік екеуі Сәкен өмірінің әрбір кезіне өздерінің қолқабысын тигізген-ді.
Қазақ мәдениетіне, әсіресе оның музыкалық өнеріне өлшеусіз жанашырлық жасап, мұхиттай мол ән-күйлерінен «Қазак халқықың 1000 әнін» 1925 жылы жарыққа шығарған Александр Викторович Затаевичтің қасиетті есімін құрметпен атағанымыз абзал. Қазақтың «әу»деп аузын ашқандарын емес, шын мәніндегі өнерпаздарының көбімен кездесіп, ән жазып алғаны кітабында сайрап тұр. Қазакстан Халық Комиссарлары Советінің председателі қызметін атқарып, қызу еңбекпен жүрген Сәкен Сейфуллинді Александр Викторовичтің қалай «қолға түсіріп алғанына» қайран қалмасқа болмайды. Фольклор тілімен айтқанда, Сәкеннің ықтиятты, ынталы информатор (білгенін айтып, тартып беруші) болғанына қуанамыз. «Қолым тимейді» деп сызданып, төрешілдік көрсетсе, біз бұл дүниелерден ада қаларымыз анық қой.
А.Затаевич Сәкеннен 7 ән мен күй жазып алған. Әрбір информатор мен ән-күйге анықтама беретін әдеті бойынша А. В. Затаевич Сәкенді «әнші және күйші. Ақмола өңірінің әндерін жақсы біледі» деп санайды. Егер А. Затаевичтен мұндай баға алатын болса, қарапайым қазақ ортасында Сәкеннін, өнердің өр биігіне қол созар мүмкіндігі бары айқын ғой. Сәкен айтқан әндер мен тартқан күйлердің сыр-сипаты да, оңай-ауырлығы да, мазмұны да ойланып-тануға тұрарлық. Соңғы он бес-жиырмадан бері көбірек ойнала бастаған шертпе күйлердің ішінен Сәкен ең бір өзектісін А. Затаевичке тартып берген. Ол — «Тоқа» мен «Терісқақпай». Бұларды тарту үшін нағыз өнерпаздық керек. Ой түбінде жатқан әр алуан сезімді шертіп оятатын сазды да пәлсафалы күйлердің тартылу машығы да бөлек. Осыған қарағанда Сәкен күйшіліктің біраз биігін алған өнерпазға ұқсайды. Ал «Күн мен ай», «Шаш сипар» (халық арасында кейде «Келіншек», «Таңбай» не «Бір қылшық» деп те аталады) мен «Толғануды» айтқаннан кейін А. Затаевичтін, көңілін ,көтеру үшін емес, Арқа әндерінің әр қилысы кездесетініне дәлел болсын деп «Сауытбектің зарын» айтып берген. Оған Александр Викторович айрықша көңіл бөліп, үлкен түсіндірме жасаған. «Мен осы әннің қалай туғаны жайындағы әңгімені әдейі келтіріп отырмын. Бұл тәсіл — қазақ ән творчествосы үшін машықты тәсіл болып табылады. Әнді жазып алып жүргенімде ол әннің кімге арналғаны, кай жерде, қай жылы, қандай ортада орындалғаны жайындағы әрі тартымды, әрі сезімге әсер етер сырлы әңгімелерді көп естідім.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СЫМБАТ СЫРЛАРЫ

Сәкен Сейфуллин жайында ғылыми зерттеулер мен жазылған шығармалар,
арнау өлеңдер мен ән-жырлар аз емес.
Сәбит Мұқанов 1957 жылы ноябрь айында Қазақстан Жазушылар одағының
залында ірі еске түсіру кешінде сөйлеген екі сағат-естелігінде Еркек
кіндіктіде Сәкендей сұлу адамды кездестірген емен деген болатын.Сонда
Сәкеңді көзімен көріп, қасында жүрген ақын-жазушылар бастарын шұлғып,
рас, рас деген еді. Сәкен аты аталған шақта толып жатқан қасиеттеріне
ажар-көрік берген әсем келбеті көзге елестейтін сияқты.
Бұл ойды орыстың тамаша жазушысы Галина Иосифовна Серебрякова былай
жалғастырады:
Сәкен Сейфуллиннің өр тұлғалы сұлу келбетіне мен қайран қалдым. Ұзын
бойлы, Ақкұба жүзі құбыла құлпырады. Ұшқын атқан ақылды қара көздері әлі
есімде. Ол жанарын тура қадап, адалдықпен тік қарады, сол сәтте ежелгі
парсы жұртының хас батырларына ұқсап кетті.
Оның табиғи сымбаты қандай болса, жан-дүниесі онан да сұлу еді Сәкен
ақын болсам деп армандады ма, жоқ па, әйтеуір ауылдағы ойын-сауықта өзіне
біткен қоңыр дауыспен сызылта ән салғаны анық. Әнші бала атануына әсем
даусының күші жетпеді емес, жетті, бірақ Арқаның шертіп тартатын ойлы
күйлері Сәкенге еріксіз домбыра да ұстатқан еді. Әншілік пен күйшілік
екеуі Сәкен өмірінің әрбір кезіне өздерінің қолқабысын тигізген-ді.
Қазақ мәдениетіне, әсіресе оның музыкалық өнеріне өлшеусіз жанашырлық
жасап, мұхиттай мол ән-күйлерінен Қазак халқықың 1000 әнін 1925 жылы
жарыққа шығарған Александр Викторович Затаевичтің қасиетті есімін
құрметпен атағанымыз абзал. Қазақтың әудеп аузын ашқандарын емес, шын
мәніндегі өнерпаздарының көбімен кездесіп, ән жазып алғаны кітабында
сайрап тұр. Қазакстан Халық Комиссарлары Советінің председателі қызметін
атқарып, қызу еңбекпен жүрген Сәкен Сейфуллинді Александр Викторовичтің
қалай қолға түсіріп алғанына қайран қалмасқа болмайды. Фольклор тілімен
айтқанда, Сәкеннің ықтиятты, ынталы информатор (білгенін айтып, тартып
беруші) болғанына қуанамыз. Қолым тимейді деп сызданып, төрешілдік
көрсетсе, біз бұл дүниелерден ада қаларымыз анық қой.
А.Затаевич Сәкеннен 7 ән мен күй жазып алған. Әрбір информатор мен ән-
күйге анықтама беретін әдеті бойынша А. В. Затаевич Сәкенді әнші және
күйші. Ақмола өңірінің әндерін жақсы біледі деп санайды. Егер А.
Затаевичтен мұндай баға алатын болса, қарапайым қазақ ортасында Сәкеннін,
өнердің өр биігіне қол созар мүмкіндігі бары айқын ғой. Сәкен айтқан әндер
мен тартқан күйлердің сыр-сипаты да, оңай-ауырлығы да, мазмұны да ойланып-
тануға тұрарлық. Соңғы он бес-жиырмадан бері көбірек ойнала бастаған шертпе
күйлердің ішінен Сәкен ең бір өзектісін А. Затаевичке тартып берген. Ол —
Тоқа мен Терісқақпай. Бұларды тарту үшін нағыз өнерпаздық керек. Ой
түбінде жатқан әр алуан сезімді шертіп оятатын сазды да пәлсафалы күйлердің
тартылу машығы да бөлек. Осыған қарағанда Сәкен күйшіліктің біраз биігін
алған өнерпазға ұқсайды. Ал Күн мен ай, Шаш сипар (халық арасында
кейде Келіншек, Таңбай не Бір қылшық деп те аталады) мен Толғануды
айтқаннан кейін А. Затаевичтін, көңілін ,көтеру үшін емес, Арқа әндерінің
әр қилысы кездесетініне дәлел болсын деп Сауытбектің зарын айтып берген.
Оған Александр Викторович айрықша көңіл бөліп, үлкен түсіндірме жасаған.
Мен осы әннің қалай туғаны жайындағы әңгімені әдейі келтіріп отырмын. Бұл
тәсіл — қазақ ән творчествосы үшін машықты тәсіл болып табылады. Әнді жазып
алып жүргенімде ол әннің кімге арналғаны, кай жерде, қай жылы, қандай
ортада орындалғаны жайындағы әрі тартымды, әрі сезімге әсер етер сырлы
әңгімелерді көп естідім. Әнді шығарған авторлардың көбі өз атымен
аталмағанына (сорлы шал, соқыр қыз т. б.) қарамастан, олардың қай-қайсысы
болмасын ән шығаруға қабілетті екені анық байқалады, ал оны тыңдаушылар бір
естігеннен-ақ жаттауға, қағып алуға, басқаларға жеткізуге әбден
машықтанғанын көреміз,—деп қазақтын, ән құмарлығының ішкі сырына үніледі.
Осындай ыждаһатпен халықтың музыка байлығын жинап жүрген А. В. Затаевичке
өзі ғана жәрдемдесіп қоймай, басқалардың да уақыт тауып, білгенін түгел
жеткізуі, қолынан келген көмегін аямауы керектігін Сәкен ескертіп отырған
да сияқты.
Сәкен халық ән-күйлерін айтып бергенде, өзі шығарғандарын жасырып
қалған, өзін дәріптеуді әбес санаған. Шындығына келгенде, Сәкеннің А.
Затаевичке кездескен кезінде онын көпшілік әндері — Жас қазақ
марсельезасы (1918),Біздің жакта, Сарыарка, Тау ішінде (1919),
Жолдастар (1920) әндері ел аузында айтылып жүрген болатын. А. Затаевич
Сәкеннің ол өнерінен хабардар болмауы мкін емес, тегінде Сәкен ол жағына
аяқ бастырмаған болуы керек. Өйткені инабаттылық — Сәкен бойындағы
асыл қасиеттердің бірі.
Сәкен бойында саятшылық өнер болғандығын оның жан досы Хаскей Өтекин
растайтынын Жұлдыз журналында жарияланған Сәкеннің серігінен көреміз.
Табиғаттың кұшағында аң қуып, бүркіт салған, көңілі тасығанда ән
шырқап, күй тартқан-өзі сері, өзі сал, өнерпаз Сәкеннің тағы бір қырын —
әсемдік пен сұлулыққа кұмарлығын айта кетсек, оның өзіндік портреті
айқындала түсері сөзсіз.

РЕВОЛЮЦИОНЕР ҚАЙРАТКЕР

"Сәкеннің аңызға айналған аты тек әдебиет пен мәдениеттегі ерен еңбегіне
ғана емес, оның қоғам алдындағы борышын адал да аумақты атқарған
қайраткерлігіне де байланысты болғанын еш уақытта естен шығара алмаймыз
ине, біздің көп азаматтарымыз өздерінің игі істерінің елге тигізген
пайдасымен дараланып жатса, Сәкен Сейфуллиннің азаматтық келбетінде өзі
кұралып тас ақын-жазушылар мен қайраткерлерде кездеспеген, маңдайына
жазылмаған, бастарынан өткермеген екі касиет бар. Бірі – В. И. Ленин
гвардиясынын, қатарында шыңдалғандар ішінде өмір мен өлім көрігінен өткен
революционерлігі, екіншісі — акыл- парасаты мол мемлекет кайраткері
болғандығы.
Сәкен қазақ халқынан шыкқан алғашкы коммунистердің бірі. Ол 1918
жылдың басында, Октябрь революциясының ұлы идеясы жер жүзіне жарығын
түсірер тан шапапағында бар иман-тлегімен еңбекші таптың жақтаушысы,
қорғаны болуға бекінеді. Жалпы дүрмекке ергенрдің бірі емес пе екен деп
кұдіретті уақыт енді сынға салып көрді. Бірақ ұлы жүректі азамат ат
сүрініп, әр қажыр, ар-абырой саудаға түсер шақта да сыр бермеді. Өзіне
революция жолынан баска ешбір сүрлеу жок екенін ел-жұртқа танытты.
1918 жылдың 4 июнінде актар Ақмола совдепін құлатып, оның басшыларын
түгелдей тұтқындады. Уақытша үстемдік еткен колчакшылар совдепшілерді ұрды
соқты, азаптап қинады. Жеті ай бойы қандалалы қпырықа ұтап, Сәкендерді
коғамдық және мемлекеттік кұрылысқа аса кауіпті деп тауып, Петропавлдың
әскери тексеру комиссиясына жіберу жөнінде шешім шығарғанша Сарыарканың
сакылдаған сары аязы жетіп үлгерді. 1919 жылдың 5 январында Акмола
қаласынан 500 шакырымдағы Қызылжарға жаяу айдалып, 18 күн боран азабын қоса
тартып, бейбастақ айдаушылардың азап-қорлығында келген Сәкендер мал
камайтын қорадан нашар жұқа тактайдан қаластырып шегелей салған лыпасы
жоқ аңғал-саңғал түрмеге қамалды. 24 январь күні жүк тиейтін екі кызыл
вагонға Ақмоланың 60 совдепшісін бөліп отырғызып, ала жөнеледі. Са-
ңылауларынан уілдеп жел үрген вагонда 15 күн тұрғаннан кейін Омбы —
Новосибирск — Барнаул арқылы Сібірдің боранына ұрынып, аязына қарылып келе
жатқанда Сәкендердің алты жолдасы қаза табады.
1919 жылдың апрелінде Сәкен лагерьден қашып шығып,
азаттықтың ауасын есі кете жұтқанын Түрмеден қашып шыққанда
атты тамаша өлеңінде жырға қосты. Тылсым шаттықка кезікті, бірак
одан өмір бірден жеңілделген жоқ.Колчактын қанды тырнағына қайтадан
түсіп қалмау үшін өңі түгіл, түсінде көрмеген өңірге, Татарка аркылы қазақ
даласына жақын Славгород қаласына тартып отырды. Көктемнің
кұбылмалы күндерінің бірінде Павлодарға жаяу аттанып, онан әрі
қалашыларға еріп, Баянауыл төңірегіне жетеді. Қар еріп, жер-дүние
лайсаңға айналған осы бір шақта жаны қиналып, азап үстіне бейнет
қосарланған тұста Сәкен өзінің жан сырын былай шертті:

Күлдіреп табандары, баяулаған;
Камығып ер көңілі каяулаған.
Ұрпағың жүйрік мінген, бабаларым,
Жок шығар мендей балаң жаяулаған.

Сәкен аткарған игілікті істер өте көп. Жаңа заман орнап, онын негізі
каланып жатқан ондай алымды да алғыр, үлкен жүректі азаматтың жас үімет
басында болуының өзі қаншалықты игілікті болғанын бірнеше мысалдармен
дәлелдеуге болады.
Мәдениет революциясының алғашкы кезінде: Енді бір жиырма
жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек. Қазаққа
оқу бұрын бір мәрте керек болса, енді мың мәрте керек. Оқусыз казақтың
болашақтағы күні қараңғы,— деген берік түсінігі бар Сәкен: Елдің атқа
мінген бастықтары оқу ісіне қарамай кетсе, ел балалары оқусыз жүрсе,
қазақтың келешек жас буынының мың лағынеті айтылады,—деді.
Сәкеннің публицистикалық шығармаларының дені халық ағарту мәселесіне
арналған.1921 —1925 жылдарда жазған мақалаларының жалпы рухы, әсіресе
аттарынын өзі-ақ көп жайды аңғартады. Әр қазақтың жадында оқу болсын,
Зор міндет, Барлық күш оқуға Оқушы жастарға үлгі, Екі мың,
Орынборда, Қазақ арасында сауатсыздықты жою, Жас азамат, әскери
мектепке даярлан! деп аталған мақалалардың айтпағы анық.

ӨНЕРДІҢ АСҚАРАЛЫ АСУЛАРЫ

Сәкен Сейфуллиннің творчествосы жайында әңгіме болғанда, ең алдымен
оны қазак совет поэзиясының негізін калаған ақын деген пікір баса айтылады
да, әдебиеттің әр саласындағы, әсіресе проза мен драматургия, публицистика,
сын мен ғылым саласындағы еңбектеріне онша жеткілікті назар аударылмайды.
Сондықтан революционер жазушы-ның өлмес мұрасын тұтас қамтып, әр саладағы
табысы мен жетістігін, жаңашылдығы мен іздемпаздығын, көркемдік шеберлік
биігіне көтерілген бұралаң сокпақтары мен сүрлеулерін, өсу, өркендеу
жолдарын шолып өту қажет.
Өнер жолы — өшпес жол. Асыл өнердің ғұмыры адамның жеке басының
өмірімен өлшенбейді. Шын дарын өз заманынын. шындығын шығарма арқауына
айналдырып, халық көңіліне ұялатса, ол мәнгі өмір сүреді.Халық сеніміне ие
болу, оның қас-кабағын бағып, көңілін табу, қалағанын жыр қылып шерте білу,
келешектің жарқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Сәкеннің сыршыл әлемі
Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы. Тарих және тұлға
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ
Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
Пәндер