Социология ғылым саласында


Жоспар
1. Социологияның ғылым ретіндегі пәні, құрылымы және қызметі
2. Ғылымның ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕГІ ПӘНІ,
ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТІ
Бүгінгі таңда «социология», «социологиялық зерттеулер» ұғымдары күнделікті өмірге еніп, бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен қолданыла бастады. Біз қоғамға қатысты көптеген мәселелер бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелерін үлкен қызығушылықпен қабылдаймыз.
Бұл зерттеулер ағымдағы саясат, экономика, мәдениет, рухани өмір, білім беру, тәрбие, т. б. салалардағы көкейкесті, елді алаңдатып жүрген мәселелер туралы адамдардың пікірін, көзқарастары мен ұсыныстарын анықтауға бағытталған. Социологиялық зерттеулер әсіресе Президент, Парламент сайлауында дайындық тұсында, әлеуметтік - экономикалық және басқа да реформаларды жүргізу кезнңінде, маңызды заң актілерін қабылдауда, т. б. ерекше жағдайларды қарқын ала түседі. Билік органдары, әкімшілік және басқа да ұйымдар үшін социологиялық зерттеулер халықтың хал - ахуалын, көңіл - күйін біліп отыруға және өткізіліп жатқан немесе дайындық үстіндегі шараларға қатысты халықтың көзқарасын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, мұның бәрі қабылданатын шешемдерге түзетулер енгізіліп отыру қажет. Себебі, халық бұл шешімдерге наразы болып, қарсы шығатын болса, онда олардың тиімдігілі күрт төмендеп, тіпті нөлге дейін құлдырап кетуі мүмкін.
Социологиялық зерттеулердің кең таралуы, анкеталық сұраулар жүргізіп, олардың нәтижелерін баспасөз құралдарына жариялап отыратын көптеген ұйымдардың пайда болуы - «социология деген осы екен» деген ұғымды қалыптастыруы мүмкін. Әрине, бұл қате пікір. Аталған зерттеулер шын мәнінде нәтижелі болуы үшін олар ғылыми негізге сүйенуге тиіс, мұнсыз олар дәйектілікке де, практикалық қолданысқа да, ие бола алмайды. Сонымен қатар, ғылыми негізге сүйенбеген зерттеулер заңсыз қате шешімдердің қабылдануына алғышарт қалыптастырып, қоғамға зиянын тигізуі мүмкін. Социологияны ғылым ретінде тану маңыздылығы - осыдан барып туындайды.
Алдымен «социология» деген терминнің екі тілдегі қос сөзден құралған: societas - қоғам (латын), logos - ұғым, сөз, оқу ( грек) . Сөзбе - сөз аударғанда - қоғаи туралы ұғым. Алайда бұл анықтама тым жалпылама, себебі, қоғамды көптеген ғылымдар зерттейді (экономика, тарих, саясаттану, мәдениеттану, т. б. ) . Бұлар әлеуметтік - саяси және гуманитарлық білімнің ондаған кіші салаларынқамтитын ғылыми кешен болып табылады. (мәселен, тарих ғылымында: тарихнама, деректану, археология, антропология, этнография, т. б. ) . Социология ғылым ретінде нақты немен айналысатынын анықтау үшін философия курсында оқылған кейбір нәрселерді еске түсіру керек. Атап айтқанда, ғылымның пәні және обьектісі.
Кез - келген материялық ( обьективтік) және рухани (субьективті) әлемнің бір саласын тануға арналған. Философияны осы екі «әлемнің» қатынасын қызықтыратыны белгілі. Болмыстың қандай саласын зерттейтіндігіне байланысты барлық ғылымдар жаратылыстану, техникалық, гуманитарлы, саяси - әлеуметтік болып бөлінеді. Ал, соңғы екеуі - көбіне қоғамдық ғылымдар деп те аталады.
Ғылымның белгілі бір саласы зерттейтін шынайы болмыс аумағы - ғылымның обьектісі болып табылады. Алайда бір обьектіні түрлі ғылымдар зерттеуі мүмкін екендігін тәжірибе көрсетуде. Мұның қарапайым мысалы - адам ол, жаратылыстану және әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар толықтай кешенінің обьектісі болып табылады. Немесе отбасы секілді көп қырлы әлеуметтік бірлестікті алайық. Ол экономикалық ғылымдарды - белгілі бір тұрмыстық - шаруашылық ұя ретінде қарастырса, социологияны - әлеуметтік ұйым ретінде; психологияны - эмоноцияналдық түйісулер ретінде; этиканы - ар - ұждан тәрбиесі түріндегі қатынастар алаңы ретінде; демографияны - ұрпақ әкелу, буын аламастыру тұрғысынан; философияны - рухани құндылықтармен дәстүрлердің таралуын қамтамасыз ететін әлеуметтік бірлік ретінде; заң ғылымдарын - мүшелерінің қатынастары нормалармен шектелген бірлестік ретінде қызықтырады .
Зерттеу обьектісі ортақ бола отырып, барлық зерттеу пәні бойынша, яғни обьектінің олардың зерттейтін жақтары бойынша, бір - бірінен ерекшелінеді. Отбасын зерттейтін ғылымдардың атауынан - ақ, олардың бұл бірлестіктің қандай жақтарын зерттейтіндігі көрініп тұр. Еңбек, білім, тұрмыс сияқты әлеуметтік феномендер, зерттеудің күрделі кешенді нысандары болып табылады. Олардан да әр ғылым зерттеу пәнін құрайтын өзіне тән мәселелерді, заңды байланыстарды бөліп қарастырады. Сонымен ғылым пәні дегеніміз - ғылым обьектісінен бөлініп алынып зерттелетін бөлік.
«Социологияның пәні қайсы?» - деген сұраққа, соңғы кезде жарық көрген басылымдар мен оқулықтардың барлығы дерлік, былай жауап береді. Социология дегеніміз - қоғамның ұйымдасуының, қызмет етуі мен дамуының жалпы және ереше әлеуметтік заңдылықтарын, олардың адам әрекеттері, қарым - қатынастары, адамдардың бірлестігі мен жалпы қоғам шарттарында іске асыру жолдарын, формаларын және әдістерін зерттейтін ғылым. Әрине, социологиязерттейтін күрделіәлеуметтік байланыстар мен қатынастар алуан түрлі болғандықтан пәнді анықтау біржақты болған жоқ. Ол социологияның өз алдына ғылым саласы ретінде бөлініп шыққан ХІХ ғасырдың 30- шы жылдарынан белгілі ғалымдарының бұл саладағы дамытқан әртүрлі тұжырымдарын қамтыды. Социологияның негізін қалаушы француз ғалымы - Огюст Конт социологияны қоғам туралы позитивті ғылым деп атады. Тағы бір француз зерттеушісі Э. Дюркгейм, социологияның пәні - әлеуметтік фактілер деп есептеді. Неміс социологы М. Вебер бұл адамдардың әлеуметтік әрекетін зерттейтінғылым деген ойды алға артты. Марксизмде социология ұғымы іс жүзінде қоғам дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде анықталған тарихи материализммен сәйкес келеді. . Қоғам әртүрлі әлеуметтік бірлестіктер, сондай - ақ жеке тұлға, мемлекет, т. б. тұратын әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады.
Ғылымның ерекшелігі
Ғылымның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - өзі қарастыратын құбылыстар шеңберіне өтіп жататын қайсібір процестердің мәнін ашуға арналған белгілі бір ұғымдарды пайдалынады.
«Қоғам» ұғымы 3 түрлі мағыныда қолданылуы мүмкін. Біріншіден, өмірлік қызметінің материялдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, тарихи дамып отыратын адамдардың жиынтығын білдіреді. Бұл қызмет жалпыға бірдей мңндеттеуші сипатқа ие нормалар, заңдар, дәстүрлер, құндылықтар жүйесімен реттеледі. Екіншіден, тар, мағыныда бұл ұғым адамзат тарихының белгілі бір даму тарихын көрсету үшін қолданылады. Үшіншіден, өте тар аядағы мағынада, . Белгілі бір территорияда тұрып жатқан адамдар жиынтығын білдіру үшін қолданылады. Жалпы социологиялық тұрғыда қоғамды біз оның бірінші мағынасында қолданамыз. Қоғам - бұл табиғат дамуының белгілі бір сатысында пайда болған және оның үстіне салынған «қондырғы» іспеттес шынайы өмірдің ерекше бір көрінісі., алайда адам қоғамнан тыс, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Қоғам күшімен «екінші табиғат» деп аталатын жасанды құбылыстар әлемі қалыптасады. Оның ішіне адам өміріне қолы және санасы әкелген сансыз заттар, құралдар, құбылыстар мен процестер кіреді. Алайда осы мағынаға кіре отырып, «қоғам» категориясы қоғамдық өмірдің социологиялық түсіндірмесінің сәнін, өзіне тән ерекшіліктерін, қажетті дәрежеде көрсете алмайды. Бұл категорияның ауқымдылығы соншалық, социология зерттецтін құбылыстардың ерекшіліктерін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, мұндай ғаламдық түсініте алынған қоғам - социология былай тұрсын, қоғамтанудың, ондаған, тіпті жүздеген салалрының нысаны болып табылады.
Осы мәселелер «әлеуметтік» категориясына да қатысты болып табылады. Бұл ұғым көбінесе 2 мағынада қолданылады. :1. кең мағынада: табиғат құбылысын қоғамда болып жатқан процестермен салыстырғанда, - бұл жағдайда «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» деген ұғыммен бірдей.
2. тар мағынада:қоғамдық қатынастардың ерекше түрі немесе барлық басқа қатынастардың бір жағы ретінде қабылданады.
Социология категорияларының басым көпшілігі қоғамдық және басқа ғылым ұғымдарын «әлеуметтік» түсінігімен «біріктіру» арқылы жасалады. Мәселен, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік институт, әлеуметтік факт, әлеуметтік рөл, әлеуметтік интеграция, әлеуметтік жүйе т. б. Осыған қарап -ақ, бұл кең екендігін түсінуге болады.
Енді олардың кейбіреулерінен қарастыра кетейік. Әлуметтік бірлестік дегеніміз - өздеріне тән ортақ белгілері мұқтаждық бойынша біріккен және бір - бірімен бірлесе әрекет, ететін адамдар жиынтығы. Олардың бірлескен өзара үйлескен әрекеттері арқылы әлеуметтік қатынастар туындацды.
Әлеуметтік қатынастар - жүйелік, тұрақтылық, сондай - ақ қоғамдық даму процесіндегі ішкі өзгергіштік сипатқа ие қоғам өмірінің әр жақты бүкіл күрделі жиынтығын синтетикалық түрде көрсететін байланыстардың бір түрі. Жоғарыда аталған әлеуметтік бірлестіктердің түрлеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар да былай бөлінеді. : 1. Этникалық 2. әлеуметтік - таптық 3. әлеуметтік территориялық т. б.
Әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қатынастар достық қарым - қатынастар, бейтарап өмір сүру немесе антогонистік түрде болуы мүмкін. Мұның барлығы бұл бірлестіктерді құрайтын индивидтердің, жеке тұлғалардың мүдделеріне сай, келуіне немесе алшақтық дәрежесіне тәуелді. Әртүрлі «конфигурациядағы» әлеуметтік байланыстар тек қана әлеуметтік бірлестіктер, қатынастар негізіне жатпай сонымен қатар, әлеуметтік институттарға, ұйымдарға, құндылықтарға және нормаларға, т. б. жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz