Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы



1) Кіріспе бөлім.
а) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.

2) Негізгі бөлім
б) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қүнтізбесі.
в) Қазақстан.Қытай: ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағы.
г) Шанхай ұйымының аясында.

3) Қорытынды бөлім.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы «Шанхай бестігінен» (Қазақстан, Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара аумағында әскери саласында сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі (1996 жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады.
Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол «Шанхай бестігі» деген атауға негіз болды. Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады.
Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.
Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы мемлекеттерді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрамында бірігуге итермелейді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы.
«Шанхай үдерісінің» ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100 шақырымдық қауіпсіздік аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының органдары:
Мемлекет Басшыларының Кеңесі
Үкімет Басшыларының Кеңесі
Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының Кеңесі
Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі
Хатшылық
Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ)
ӨТҚҚ Кеңесі
1) Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, “Егемен Қазақстан”.2008 жыл 18 маусым.
2) Әлида ӘШІМБАЕВА,“Әлемдік рынок”.
3) Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ, ”Егемен Қазақстан”.2008 жыл 25 маусым.
4) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауы.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

1) Кіріспе бөлім.
а) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.

2) Негізгі бөлім
б) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қүнтізбесі.
в) Қазақстан-Қытай: ынтымақтастықтың бүгіні мен
болашағы.
г) Шанхай ұйымының аясында.

3) Қорытынды бөлім.
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті

Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.

Орындаған: Сисембаева Г.Б.

Эк07К1
Тексерген: Тұраров Д.Р.

Алматы 2009
ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы Шанхай бестігінен (Қазақстан,
Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара
аумағында әскери саласында сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі (1996
жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы
Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады.
Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай
қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол Шанхай бестігі деген атауға
негіз болды. Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен
саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған
құрылымның негізін қалады. 
Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы
саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға
ерекше мән береді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік
және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының
нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және
мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.
Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы
мемлекеттерді  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрамында бірігуге
итермелейді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын
әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа
ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері –
аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе,
сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы.
Шанхай үдерісінің ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы
шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын
Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100  шақырымдық қауіпсіздік
аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының органдары:
Мемлекет Басшыларының Кеңесі
Үкімет Басшыларының Кеңесі
Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
Министрліктер жәненемесе ведомстволар басшыларының Кеңесі
Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі
Хатшылық
Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ)
ӨТҚҚ Кеңесі

2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге
қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым
құрылды. Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылымның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан
бері Ташкентте жұмыс істейді.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына
мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды:
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Хартиясы, Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым
туралы келісім және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері
басшыларының мәлімдемесі.
2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына
мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру
және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде
сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан
әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық
ынтымақтастықтың Бағдарламасы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2004 жылғы
бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды.
2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының
Хатшылығы жұмыс істейді.
2004 жылы 17 маусымда Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына  мүше
мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін  жасады және
көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым шеңберінде құпия ақпаратты қорғау,
есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады.
2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары  Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымының көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы
Бағдарламасын жүзеге асыратын шаралардың жоспарын қабылдады.
2005 жылы 5 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше
мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды.
Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар – (терроризм, сепаратизм және
экстремизмге қарсы күресуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше
мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым жанындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына
мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымына Өңірлік
Терроризмге Қарсы Құрылым Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен
қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.
2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше
мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу
және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер
қабылданды.
2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы
бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше
мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-
әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу
саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және
экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет
жүйелі түрде кездеседі. Үстіміздегі жылдың 30 мамырда Мәскеу қаласында
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының
кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі үстіміздегі жылдың
қыркүйек айына жоспарланған.
2006 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында жаңа іскерлік құрылымдар –
Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан
ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады.
Соңғы кездерде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық қатынастары
едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың
мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен
ұйымдар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 
2004 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы
ұйымы мәртебесін алды, Ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД
хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни
білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
2007 жылдың қаңтарынан бастап, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас
хатшысы Қазақстанның өкілі, ал ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры Қырғыз
Республикасының  өкілі болады.
Бүкіл дүние жүзінде беделді бұл ұйымның қалыптасу тарихы мен
ынтымақтастықты орнықтыру үдерісі жайында көпшілік жақсы біледі деп
ойлаймыз. Сондықтан да ол жағын таратып айтпай-ақ қоялық. Қазақстан ШЫҰ-
ның бастамашысы және белсенді мүшесі ретінде оның жұмысына үлкен мән
береді. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және
инвестициялық ынтымақтастық – жаһандану заманының өскелең талабы болса,
олар Шанхай ынтымақтастық ұйымының стратегиялық бағыты.
Елбасы Н.Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху
Цзиньтаомен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың келешегі
жайында әңгімелесті. Сондай-ақ бұл күні ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің
басшыларыың аталмыш Ұйым іскерлер кеңесі өкілдерімен кездесуі өтті. Қытай
жағының ШЫҰ-ның кезекті саммитін барынша нәтижелі де тартымды өткізуге
тыңғылықты әзірлік жасағаны анық байқалады.
Ал ШЫҰ-ның қызмет аясы өзара байланыстардың ойдағыдай қайтарымынан да,
халықаралық қатынастардағы соңғы оқиғаларға байланысты да кеңейіп әрі
мазмұны артып келе жатқаны анық. Саяси сараптаушылардың пікірінше, “Шанхай
рухы” өзінің ынтымақтастық мүмкіндігін жақсы жағынан көрсете білуде.15
маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында
сөз сөйлейді. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес мүше мемлекеттердің
басшылары Ұйым қызметіне қатысты пікір алысады.[1.]

Қазақстанмен ынтымақтастық

Ғалымдардың пікірі бойынша экономиканы жаңарту үдерісінде Қытай
үкіметі стратегияны талдап жасап, тактиканы нақтылау арқылы, орын алған
қателіктерді дер кезінде түзете отырып, ішкі ресурстарға және халықаралық
еңбек бөлінісіне белсене қатысуға арқа сүйейтін елдің барынша дербестігін
қамтамасыз етті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
баяндамасында жігерлі шаруашылық реформаларының арқасында 2010 жылға қарай
Қытай аса ірі әлемдік экспортшыға айналатыны атап көрсетілген.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық
Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао арасында қалыптасқан терең түсіністік
пен сыйластық жағдай­дың арқасында жоғары деңгейдегі кездесулер жүйелі
өтіп, соның негізінде екі елдің қарым-қатынасында жоғары нәтижелі жаңа
кезең басталды. Көршілес мемлекеттердің өзара ықпалдастығының
перспективаларын 2006 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Қытай арасында сауда
қызметін дамыту туралы келісімге, 2006 жылғы наурызда Стратегиялық
әріптестікті орнату және дамыту туралы декларацияға қол қойылуы айқын
көрсетсе керек. Мұны Қытай жағының ғалымдары мен сарапшылары да ашық айтып
отыр. Қытайдың осы заманғы халықаралық қатынастар академиясының директоры
Цзи Чжиенің пікірі бойынша екіжақты ынтымақтастық жөніндегі жобалар
“перспективалы және барынша айқын нәтижелері болады” ҚХР-дың халықаралық
саудасымен айналысатын қытай мамандары екі елдің экономикалары бір-бірін
өзара толықтырады, сондықтан сауда-экономикалық байланыстардың тиімділігіне
екі тарап та мүдделі деп санайды.
Екі ел арасында шекаралық байланыстар, соның ішінде шекаралық сауда-
саттық жандана түсуде. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысымен шекарада
“Майқапшағай-Зимунай” шекаралық сауда орталығы құрылды. Сауда қызметі
туралы келісімге сәйкес шекаралық аудан тұрғындарының Қытай аумағынан тауар
сатып алу үшін бір күнге визасыз өтуіне жол ашылды, кәсіпкерлерге онда
отандық өнімдерді сатуға рұқсат етілген.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықта Қорғас кедені және Достық стансасы
маңыз­ды қызмет атқарып отыр, алғашқысында Шекаралық ынтымақтастықтың
халықаралық орталығы құрылуда, екіншісі Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік
шекарасында басты транзиттік қақпа болып саналады. Достық – Қазақстанның
көліктік әлеуетінде айрықша маңызды экономикалық нысан және Еуропа мен
Азияның арасындағы трансконтиненталдық жүк ағынының маңызды буыны.
Екі ел арасында темір жол көлігімен жүк тасымалдау үнемі өсіп келеді.
2006 жылы ол 13-14 млн. тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Қазіргі кезде
трансқазақстандық темір жол магистралінің құрылыс жобасына үлкен маңыз
беріліп отыр. 320 шақырымдық алғашқы кезең Достық стансасын Ақтоғаймен
жалғастырады. 2011 жылға қарай тасымалдау және өткізу қабілеті 25 млн.
тоннаға дейін жетуі керек.
Тасымалдаудың жүкті түсіріп-тиеусіз технологиясы жолдың бүкіл бойында
бір тұр­патты темір жол табанын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұған
қоса Қазақстан аумағы арқылы транзиттің табыстылығы өсіп, Қытай порттары
арқылы әлемдік рынокқа шығу мүмкіндігі кеңейеді.
Көлік ағынының арта түскені байқалады. 2004 жылғы сәуірден бастап
Алматы-Ляньюньган-Алматы, Алматы-Тяньцзинь бағыттары бойынша контейнерлік
пойыздар жүріп, жүктің Жапония мен Оңтүстік Кореяға жеткізілуін қамтамасыз
ете бастады. 2005 жылдан бастап қазақстандық жүктердің Циндао портын
пайдалана отырып, транзитпен тасымалдануы іске асырылды, болашақта Шанхай
порты арқылы жүк жөнелтілмек.
Тешань портында (Гуанси-Чжуан автономиялы районы) Қазақстан мен
Қытайдың корпорациялары мұнай құю айлағын бірлесе салуды бастады. Мұнда
жүк сыйым­дылығы 50 мың тонна мұнай танкерлері қабылданып, 126 тонна
сұйытылған табиғи газды сақтайтын ыдыс орнатылды, 5 млн. тонна мұнай мен
мұнай өнімдері үшін қойма салынып, асфальт зауыты іске қосылды.
Қытайға жолданатын жүктердің 60 пайызға жуығы металдардың, кен және
шикі мұнайдың үлесіне келеді. 2005 жылы Қытайға 9,07 млн. тонна жүк
жеткізілсе, кері бағытта жеткізілгені 2 млн. тонна болды. 2020 жылға қарай
болжам бойынша Қытаймен тауар айналымы үш есе өспек.
Қазақстан мұнайын ҚХР-ға тасымалдау жөніндегі жобалар жан-жақты
қарастыры­луда. Бұрын ол көп шығын жұмсай отырып, темір жол көлігімен
тасымалданатын. Қытай мен Қазақстан басшыларының стратегиялық әріптестік
туралы уағдаластықтарына сәйкес 2004 жылғы қыркүйекте 962,2 шақырымдық
Атасу-Алашаңқай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары
Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
Пәндер