Олигополия


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: ОЛИГОПОЛИЯ

ОРЫНДАҒАН: ТЕКЕСБАЕВ ҒАНИ

ТЕКСЕРГЕН: РАХМЕТЖАНОВА Р.

АЛМАТЫ

ЖОСПАР:

  1. ОЛИГОПОЛИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
  2. КУРНО ДУОПОЛИЯСЫНЫҢ МОДЕЛІ
  3. ОЛИГОПОЛИЯ КЕЗІНДЕГІ ФИРМАЛАРДЫҢ

СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОЙЫН ТЕОРИЯСЫ

  1. КАРТЕЛЬДІҢ ҚҰРЫЛУЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ОЛИГОПОЛИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Олигополия нарығы мынандай ерекшеліктерімен сипатталады:

а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;

ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;

б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауарлардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

Олиполияның бірнеше моделі болады. Фирманың әртүрлі нақты жағдайдағы іс әрекетін көрсететін бірнее моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс әрекетімен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі бір болжамына негізделген.

Біз төмендегідей модельдерді қарастырамыз: Курно дуополиясы, қарама қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық модельдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір бірімен қатаң қақтығысөа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарлатып пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келгенде, бірде бір модель олигополиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір модельді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет.

КУРНО ДУОПОЛИЯСЫНЫҢ МОДЕЛІ

Олигополия нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығаратын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.

Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесуілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан, Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Бұл фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған ұқсас болады) .

А фирмасы белгілі бір сұраныс функциясы Р =Р (Q +Q ) және В фирмасының өнім шығаруы (Q ) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (П ) барынша көбейтетін һндіріс көлемін (Q ) таңдауы керек:

П (Q, Q ) тах;

П =Р (Q + Q ) Q -с (Q )

Мұнда, с(Q ) - А фирмасының шығындар функциясы.

Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:

Р' Q +Р -с1(Q ) = 0

Бұл теңдеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасының өнім шығару кһлемі өзгереді деп болжаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де теңдеу алуға болады:

Р' Q + Р - с1(Q ) = 0

Курно тепе-теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғары деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін Q*, Q* таңдайды және бұл кезде жоғарыдағы (2), (3) теңдеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-теңдігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.

Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын және т. б. ескеріп отырады.

Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе-теңдігі өалай анықталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (1-сурет) .

Төмендегідей сұраныс және шығын функциялары берілсін делік:

Р(Q) = К- Q - Q ;

Мұнда, Q =Q +Q ; К=сопst;

С(Q) = С Q;

Мұнда, С=сопst;

Онда ұтымдылықтың шартынан мынаны аламыз:

А фирмасы үшін: К - Q -2 Q = С;

В фирмасы үшін К - Q -2 Q = С;

(4) теңдеуден А фирмасының реакция қисығы табылады: Q = ½ (К-С -Q ) . В фирмасының реакция қисығы: Q = ½ (К-С -Q ) . Курно тепе теңдігі: Q*=Q*=

Бұл айтылғандар график түрінде тқмендегідей болады:

1-сурет

Е нүктесі Курно тепе теңдігі (реакция қисықтарының қиысуы) . Ек нүктесі бәсекелес тепе теңдігі.

Фирмалар келісімге келгенде АВ сызығы немесе контракт қисығы осы фирмалардың өнім шығаруының қиындық көлемін көрсетеді және бұған жоғары деңгейдегі пайда сәйкес келуі керек. Егер фирмалар пайданы тең бөліп алатын болса, онда олар монополисттер сияқты іс әрекет жасайды, тепе теңдік Ем АВ сызығын тең екіге бөледі. Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды жасауға болады:

  • Олигополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады;
  • Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады;
  • Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық пайда алып отырады.

ОЛИГОПОЛИЯ КЕЗІНДЕГІ ФИРМАЛАРДЫҢ

СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОЙЫН ТЕОРИЯСЫ

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да, соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.

Ойын теориясы баға белгілеуи кезінде төмендегідей қолданылады: Нарықта екі бәсекелес фирма (екі «ойыншы») іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пеайдасын жоғарғы деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: бірінісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі - бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жететін стратегияны таңдаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестерінің баға таңдауларына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы: бақталас бағаны төмендетпегендегі және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы пайдаларын есептейді.

Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі «ағаш бұтақтары» түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші болып стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп ұйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны таңдап алғандағы таатын пайдасы. А фирмасының пайдасын -Па деп, ал В фирмасының пайдасын Пв деп белгілейміз. Сонымен ойын төмендегідей «ағаш бұтақтары» түрңнде болады:

Бұнда фирмалардың стратагиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген. Егер екі фирмада 1-стратегияны таңдап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (Х; Ү) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегияны таңдаған кезде ойын нәтижесі (Z, W) болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олигополияның үлгілері
Олигополияның мәні
Олигаполия кезіндегі фирмалардың стратегиясы
Бәсеке және монополия. Бесеке формы
Мінез бәсекесінің ерекшелігі
Олигополия жағдайындағы бағаның құрылуы
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Бәсеке – рынокты экономиканың негізі
Бәсеке - нарықтың негізгі элементі
Олигополия нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz