Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың түсінігі, мәні және ақпараттық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі түрлері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ. «САУЛЕТ» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ...13

2.1 «Саулет» ЖШС жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.2 «Саулет» ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Өндірістік тәжірбиені өту мерзімі 13 апта (18.01.2010-10.04.2010). Өтетін жері «Жобалық орталық «Саулет» ЖШС. Оның ішінде бухгалтерия бөлімі. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «қәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» болғандықтан осы кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттедім.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Менің практиканы өту кезіндегі міндеттерім келесілер:
• теориялық білімді практикада қолдану;
• техника қауіпсіздігін және еңбек қорғау ережелерін қатаң орындау;
• мекемені басқару стилін, іскерлік кеңес, кездесу, келіссөздерді өткізу тәжірибесін, келісіммен келісім-шарттар құруды оқып білу.
• ұйымның орналасыуын, мақсаты мен міндеттерін, сонымен бірге оның мәртебесін анықтайтын құжаттармен (ережесі, жарғысы және т.с.с.) танысу;
• нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорында экономикалық жұмыстың мазмұнын жете зерттеу;
• кәсіпорын (ұйым) қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау;
Талдау объектісі ретінде «Жобалық орталық «Саулет» ЖШС алынды.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері табылады.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «Жобалық орталық «Саулет» ЖШС қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және «Жобалық орталық «Саулет»қаржылық есебі пайдаланылды.
1. Шеремет А.Д., Негашев Е.В. Методика финансового анализа: Учебное пособие: М.: Филинъ, 2003. – 208 с.
2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. - М.: Финансы и статистика, 2005 – 156 с.
3. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
4. Маутканов Р.А. Особенности учета и анализа финансового состояния предприятия // Вестник КазНУ. – 2008. - №3(67) – С.57.
5. Калибаев М.К. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау// ҚазҰУ хабаршысы. – 2009 - №6(76). – 57б.
6. Кубышкин И. Использование финансового анализа для управления компанией // Финансовый директор. - 2006. - №4. – С.13.
7. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж. – 330 б.
8. Маутканов Р.А. Отчетность предприятия как основа финансового анализа и аудита в современных условиях // Вестник КазНУ. – 2008. - №4(68). – С.41
9. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. – М.: Проспект, 2004. - 320с
10. Сайлаубеков Н.Т. Формирование информационной базы для проведения финансового анализа // Альпари. – 2009. - №1. – С.36
11. ҚР-ның Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы №234-ІІІ, 28.02.2007 ж., 4-5 б.
12. Финансовый учет на предпрятии. Учебник. Кеулимжаев К.К., Ажибаева З.Н., Айтхожина Л.Ж., Кинзухова К.К., Сальменова А.Т. – Алматы: Экономика, 2005. – С.282
13. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент: Учебник для вузов. М.: Перспектива 2005. – С.425
14. Жумалина С.К. Особенности внутреннего и внешнего анализа // Альпари. – 2009. - №4. – С.109
15. Тургулова А.К. Методика оценки эффективности управления финансовой структурой капитала // Альпари. – 2009. - №3. – С.70
16. Зайцев М. Г. Об оценке эффективности использования оборотных средств предприятия.//Дайджест финансы. – 2007. - №8. – С.40
17. Савицкая Г.В. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учеб. пособие. – М.: ИНФРА-М, 2007. – 281 с.
18. Ефимова О. В. Анализ показателей ликвидности.// Бухгалтерский учет. – 2008. - №6. – С.89-90
19. Купчина Л. А. Анализ финансовой деятельности с помощью коэффи-циентов. //Бухгалтерский учет. – 2008. - №2. – С. 23

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...4

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың түсінігі, мәні және
ақпараттық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі түрлері мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ. САУЛЕТ ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ...13

2.1 Саулет ЖШС жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3

2.2 Саулет ЖШС қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...24

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 5

КІРІСПЕ

Өндірістік тәжірбиені өту мерзімі 13 апта (18.01.2010-10.04.2010).
Өтетін жері Жобалық орталық Саулет ЖШС. Оның ішінде бухгалтерия бөлімі.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы қәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
болғандықтан осы кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттедім.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау
негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін
арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты
ұсыныстар беруге болады.

Менің практиканы өту кезіндегі міндеттерім келесілер:
• теориялық білімді практикада қолдану;
• техника қауіпсіздігін және еңбек қорғау ережелерін қатаң орындау;
• мекемені басқару стилін, іскерлік кеңес, кездесу, келіссөздерді
өткізу тәжірибесін, келісіммен келісім-шарттар құруды оқып білу.
• ұйымның орналасыуын, мақсаты мен міндеттерін, сонымен бірге оның
мәртебесін анықтайтын құжаттармен (ережесі, жарғысы және т.с.с.)
танысу;
• нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорында экономикалық жұмыстың
мазмұнын жете зерттеу;
• кәсіпорын (ұйым) қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау;
Талдау объектісі ретінде Жобалық орталық Саулет ЖШС алынды.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың,
Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның
еңбектері табылады.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі Жобалық орталық Саулет ЖШС қаржылық
жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен
қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға
негізделген.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және Жобалық орталық
Саулетқаржылық есебі пайдаланылды.

кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеудің теориялық және методикалық
негіздері

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың түсінігі, мәні және
ақпараттық негізі

Фирманың шаруашылық қызметін талдаудың ішінде қаржылық талдау маңызды
орынға ие. Қаржылық талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржы
ресурстарын пайдалануын зерттеуге бағытталған. Алдымен кәсіпорынның
қаржылық жағдайы ұғымы және оған тән белгілерді анықтап алайық.
Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі
түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен
(меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп
жазған [1,16б.].

Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. [2, 101б.]
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының калыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.

М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы". [3, 5б.]

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы,
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.

Менің көзқарасым бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін
және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз: Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық қызметінің басты
сипаттамасы болып төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық табылады. Егер
кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлемқабілетті болса, онда ол инвестиция тарту,
несие алу, жабдықтаушыларды таңдаумен кәсіби білікті мамандарды іріктеуде
сол саладағы басқа кәсіпорындар арасында артықшылыққа ие болады. Және ең
соңында, ол бюджетке салық, әлеуметтік қорларға салымдар, жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы, акционерлерге дивиденттерді уақтылы төлеп және
банкерге несиені қайтару мен ол бойынша пайыз төлеуге кепіл болатындықтан
мемлекет және қоғаммен конфликтке түспейді. [4, 57б.]
Қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік шаруашылық қызмет үрдісінде
қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының маңызды құраушысы болып
табылады. Оның мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, үлестіру және
қолданумен анықталады.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып төлемқабілеттілік
табылады.
Төлем қабілеттілік – бұл сауда, несиелік және төлем сипатындағы басқа
да операциялардан келіп шығатын өзінің қаржылық міндеттерін уақтылы, толық
орындау қабілеті. [5, 57б.]
Төлем қабілеттілік бағасы нақты датаға беріледі. Алайда, ол түрлі
дәлдікпен орындалуы мүмкін болғандықтан, оның субъективті сипатын ескерген
жөн.
Төлем қабілеттілік келесі мәліметтермен расталады:
• есеп айырысу шотында, валюта шотында ақша қаражаттарының болуы,
• қысқа мерзімді ақшалай салымдар (бұл активтердің оңтайлы шамасы болу
керек);
• мерзімі өткізілген қарыз бен кешіктірілген төлемдердің болмауы;
• уақытында жабылмаған несиелер мен үздіксіз, ұзақ қолданылған
несиелердің болмауы.
Төмен төлем қабілеттілік кездейсоқ, уақытша, сонымен қатар ұзақ,
созылмалы болуы мүмкін. Кәсіпорының төлем қабілеттілігінің төмендеуіне әсер
ететін негізгі факторлар көрсетілген (Сурет1).

Ескерту – Автормен құрастырылған.

Сурет1 – Кәсіпорынның нашар төлем қабілеттілігінің пайда болу себептері

Кәсіпорынның даму қабілеті, оның тұрақтылығының жоғарғы сатысы болып
табылады. Бұл үшін кәсіпорын қаржы ресуртарының икемді құрылымымен және
қажет болған жағдайда қарыз қаражаттарын тарту мүмкіндігіне ие, яғни несие
қабілетті болу керек.
Несиені алуға алғышарттары мен алған қарызды меншік ресурстары арқылы
тиесілі пайыздармен уақтылы қайтара алу мүмкіндігі болғанда кәсіпорын несие
қабілетті деп есептеледі. [6, 32б.]
Табыстар арқылы кәсіпорын тек бюджет, банк, сақтандыру компаниялары
мен басқа кәсіпорындар алдындағы міндеттерін өтеп қоймай, сонымен қатар
қаражатты капиталдық шығынға инвестициялайды. Қаржылық тұрақтылықты ұстап
тұру үшін таза табыс шамасының абсолютті өсуімен бірге, оның деңгейіне
қатысты салынған капитал немесе кәсіпорын шығындары, яғни табыстылықтың
маңызы зор. Алайда, жоғары табыстылық жоғары тәуекелділікпен байланысты
екенін ұмытпаған жөн. Демек, бұл кәсіпорын табыс орнына, айтарлықтай
шығынға ұшырау мен тіпті, төлемқабілетсіз болуы мүмкін екенін білдіреді.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы – бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде төлемқабілеттілікті
және несие қабілеттілікті сақтай отырып, табыс және капиталдың өсуінің
негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстарының
жағдайы, олардың үлестірілуі және қолданылуы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына келесідей көптеген әртүрлі
факторлар әсер етеді:
- тауар нарығындағы кәсіпорынның жағдайы;
- сұранысқа ие арзан тауарлардың өндірілуі мен шығарылуы;
- оның іскерлік ынтымақтастықтағы әлеуеті;
- сыртқы кредиторлар мен инвесторларға тәуелділік деңгейі;
- төлем қабілетсіз дебиторлардың болуы;
- шаруашылық және қаржылық операциялардың тиімділігі және т.б. [7,
113б.]
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және кризисті болуы мүмкін.
Қаржылық жағдайдың мазмұны оның қызметінен шығады. Осындай
қызметтердің бірі – кәсіпорынның нақты жағдайында экономикалық заңдардың
әрекет ету сипатын зерттеу, экономикалық құбылыстар мен үрдістердің
заңдылықтары мен тенденцияларын орнату болып табылады. Талдаудың келесі
қызметі – ресурстарды ұқыпты пайдалануда жоспар мен басқарушылық
шешімдердің орындалуын бақылау. Талдаудың негізгі қызметі – ғылым мен
практиканың жетістіктері мен озық тәжірбиені зерттеу негізінде өндірістің
тиімділігін арттыру қорын іздестіру. Сонымен бірге талдаудың басқа қызметі
– жоспарды орындау, экономиканы дамытудағы қол жеткізген деңгей, қолда бар
мүмкіндіктерді пайдалану бойынша кәсіпорын қызметінің нәтежиелерін бағалау.
Және соңында – шаруашылық қызмет үрдісінде анықталған резервтерді қолдану
бойынша іс-шаралар әзірлеу.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты – қаржылық қызметтің
кемшіліктерін уақтылы анықтап және жоюмен, кәсіпорынының қаржылық жағдайы
мен оның төлеу қабілеттілігін жақсартудың резервтерін табу [8,41б.].
Сонымен бірге, Любушина Н.П., Лещева В.Б., Дъякова В.Г. көзқарасы
бойынша келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын уақтылы және объективті тексеру,
оның ауру нүктесін анықтау және олардың пайда болу себептерін зерттеу.
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлеу қабілеттілігі мен
қаржылық тұрақтылығын жақсартудың резервтерін анықтау.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайту мен қаржы ресурстарын
тиімдірек пайдалануға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу.
4. Мүмкін қаржылық нәтежиелерді бағалау және ресурстарды санқилы
қолдану нұсқаларында қаржылық жағдайдың моделін әзірлеу [9, 135б.].
Қаржылық жағдайды талдаудың нәтежиелігі көбіне, оны дұрыс ұйымдастыру,
оны өткізудің жоспарлылығы мен талдауды ақпараттық және методикалық
қамтамасыз етуге байланысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
мәліметтерінің барлық көзі үш топқа бөлінеді [10, 36б.]:
1. Нормативті-жоспарлы көздері – кәсіпорында әзіреленетін жоспарлардың
барлық түрлері, нормативтік материалдар, сметалар,баға көрсеткіші,
калькуляциялар, жобалық тапсырмалар және т.б.
2. Есептілік сипаттағы ақпараттық көздері – бухгалтерлік,
статистикалық және оперативті есеп құжаттары, сонымен бірге есептіліктің
барлық түрлері мен бастапқы есеп құжаттамасынан тұратын барлық мәліметтер.
3. Есептіліктен тыс көздері – шаруашылық жағдайды реттейтін құжаттар,
сонымен қатар кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы ортасындағы өзгерістерді
сипаттайтын деректер: ресми құжаттар (заңдар, құжаттар және т.б.),
шаруашылық-құқықтық (келісім-шарттар, сот шешімдері және т.б.), техникалық
және технологиялық құжаттама, кәсіпорынның негізгі контраагенттері туралы
ақпарат, нарық жағдайы туралы деректер және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп
беру болып табылады.

ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №234 "Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік туралы" заңына сәйкес, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық
есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба.
Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша
талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына
сәйкес белгiленедi [11, 3б.].
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден,
баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен
таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық
құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада
үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.
Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз
орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару
бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.
Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы
қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс
процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда,
сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын,
әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз
жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын
анықтайды [12, 220б.].

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі түрлері мен
әдістері

Алдынғы бөлімде айтылып өткендей, қаржылық талдау өзара байланысты
бөлімдерден тұрады және шаруашылық қызметті жалпы, толық талдаудың бөлігі
болып табылады (Сурет 2) [13, 202б.].

Сурет 2 – Шаруашылық қызметті талдаудың түрлері

Талдауды қаржылық және басқарушылық деп бөлу практикада қалыптасқан
кәсіпорын деңгейінде бухгалтерлік есеп жүйесін қаржылық есеп және
басқарушылық есепке бөлу себепші болған. Ал бұл талдауды сыртқы және ішкі
деп бөлуді тудырады. Бұлай бөлу кәсіпорынның өзі үшін біршама шартты болып
саналады, себебі ішкі шаруашылық талдау сыртқы талдаудың жалғасы немесе
керісінше, оларды өткізу үрдісінде ақпаратпен алмасу өтеді.
Ал енді кесте түрінде ішкі және сыртқы талдаудың негізгі
ерекшеліктерін көрсетейік (Кесте 1) [14, 109б.].

Кесте 1 – Ішкі және сыртқы талдаудың негізгі ерекшеліктері


Классификациялық Талдау түрі
белгісі

ішкі сыртқы
Қаржылық және мүлік Табыс пен қызмет
Міндеті жағдайын жалпы бағалау тиімділігін арттыру
резервтерін іздеу
Бағалы қағаздар нарығыныңКәсіпорынның басқару
Орындаушылар мен меншік иелері, персоналы (басшылар мен
қолданушылар қатысушылары, салық мамандар)
қызметі, инвесторлар және
т.б.
Регламенттелген және
Негізгі ақпараттық Бухгалтерлік есеп регламенттелмеген ақпарат
қамтамасыз ету көздері
Қол жетімді аналитикалық Құпия сипаттағы
Берілетін ақпарат нақтыланған аналитикалық
ақпараттың сипаты ақпарат
Талдау әдіснамасын Процедура мен Тұлғалық әзірлеулер
үйлестіру деңгейі алгоритмдердің барынша
жоғары деңгейі
Талдаудың үстем Ретроспективті және Оперативті
уақытша аспекті перспективті

Қаржылық жағдайды талдау әдістерінің әртүрлі классификациясы бар.
Қаржылық талдау практикасы қаржылық есеп беруді оқудың негізгі әдістерін
анықтап шығарды (Сурет 3).

Сурет 3 – қаржылық жағдайды талдау әдістері
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.

Тікелей (кұрылымдық) талдау – әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-
рылымын анықтау.

Трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен
салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен
кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды
көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын
маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке бапта-
рының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның
қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-
лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыс-
тарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық
қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирма-
лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есе-
бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген
фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол кері
(синтез) болуы мүмкін. [15, 70б.]
В.А. Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға
байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады:
экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты
- бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын
бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай
қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының
динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі. [16,40б.]

Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің
нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы
толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі
аудитордың өзінің ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы
жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі
бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне
байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-
жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға
береді, қаржылы-тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі
жөнінде ұсыныстар дайындайды. [17, 82б.]

ІІ. САУЛЕТ ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Саулет ЖШС жалпы сипаттамасы

Саулет Жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі, ҚР Азаматтық кодексі
және Шектеулі және қосымша жауапкершіліктегі серіктестіктер туралы ҚР
Заңына сәйкес құрылған.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға болып табылады,
мүлікке жеке меншік құқығын иеленеді, дербес балансы, республика мен
шетелдік банкілерде есеп шоттары, өз аты жазылған мөрі және басқа
реквизиттері бар.
Серіктестік өз атынан республика аймағында және шетелдерде келісім
шарттар жасайды, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді
иеленеді, сотта талап арыз беруші және жауапкер бола алады, сауда мен
аукциондарға қатысады, еншілес кәсіпорындары мен филиалдарын, өкілдіктерін
құра алады.
Серіктестіктің заңды мекен-жайы: 050008, Казақстан, Алматы қ., Манас
көшесі, 32 А, 3 этаж.
Серіктестікте Жарғылық капитал 120000 (жүз жиырма мың) теңге көлемінде
құрылған, Жарғылық капитал тіркеу сәтте 100% пайыз болып жинақталған.
Серіктестктің Жарғылық капиталы шаруашылық қызметтен түскен кірістер
есебінен, ал қажет жағдайда қосымша салымдар есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Серіктестікке қатысушылардың құқықтары:
• заңмен және осы Жарғымен белгіленген тәртіпте Серіктестіктің
істерін басқаруға қатысу;
• заңға, Серіктестіктің құрылтай құжаттарына және Жалпы жиналыстың
шешімдеріне сәйкес Серіктестіктің қызметінен табыс алу;
• Серіктестіктің қызметі туралы мәліметтер алу, оның бухгалтерлік,
қаржылық және өзге де құжаттарымен танысу;
• Серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан
кейін қалатын мүліктің құнын бір бөлігін немесе Серіктестіктің
барлық қатысушыларының келісімімен сол мүлік бөлігін заттай алу
және т.б.
Саулет ЖШС негізгі қызметтері: тұрмыстық- әкімшілік мақсаттағы
объектілерд жобалау, дизайнерлік қызмет, консалтингтік қызмет, жобаларды
экспертизалау, сонымен қатар жобалар құрылысын авторлық қадағалауды іске
асыру.
Саулет ЖШС әріптестері: КазГАСА, Бейбарыс Продактс ЖШС, Базар
АҚ, Галамат-АртЖШС, Тастай Девелопмент ЖШС, Guclu Astana,
АвантМонолитСервисЖШС, BN COMMERCE ЖШС ,ПКФ "Таза Су"ЖШС, "Steel
Construction Kazakhstan" ЖШС, BEHR GRUNDMANN & ASSOCIATES Architecture &
Engineering ЖШС ,Казахмыс , ЖШС "Табыс-2005"
Саулет ЖШС ұйымдық құрылымы (Сурет 4).

Сурет 4 – Саулет ЖШС басқару құрылымы

2.2 Саулет жобалау орталығының қаржылық жағдайын талдау

2.2.1 Мүліктік жағдай мен капитал құрылымын талдау

Кесте 2– Саулет ЖШС баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

Активтер Сомасы, мың тг. Құрылымы, % Өзгеріс (+ ; -)

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы 12996 мын теңгеге немесе 61,56%-ға кемігенін көруге
болады. Бұл кәсіпорын дамуының теріс нәтижесін сипаттайды. Қаражаттарды
ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың
пайдасына шешілді. Ұзақ мерзімді активтер 116 мың теңгеге, ал қысқа
мерзімді активтер 12880 мың теңгеге кеміді. Алайда активтердің көбі
айналымда жүргендіктен бұл кәсіпорынға жақсы табыс әкелуі мүмкін. Ұзақ
мерзімді активтердің басым бөлігін негізгі құралдар құрайды: жыл басында
87,35%, ал жыл соңында 82,89%. Қысқа мерзімді активтердің көбін тауарлы
материалдық қорлар құрайды: жыл басында 93,28%, ал жыл соңында 70,55%
(Кесте 2).

Кесте 3 – Саулет ЖШС меншік және қарыз капиталының құрамы, құрылымы және
динамикасы

Көрсеткіш Баланс бойынша қалдық, мың Меншік және қарыз
тг. капиталының құрылымы,
%
Жыл Жыл Өзгеріс Жыл Жыл Өзгер
басында соңында (+,-) басындасоңында іс
(+,-)
А 1 2 3 4 5 6
1. Меншікті капитал, -722,30 -8439,18-7716,88 -3,42 -103,99 -100,
барлығы 57
1.1Жарғылық капитал 120,00 120,00 - -16,61 -1,42 15,19
1.2Қосымша капитал - - - - - -
1.3Резервтік капитал - - - - - -
1.4Бөлінбеген табыс -842,30 -8559,18-7716,88 116,61 101,42 -15,1
(жабылмаған зиян) 9
2. Міндеттемелер, 21833,68 16554,29-5279,39 103,42 203,99 100,5
барлығы 7
2.1Ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Қаржылық талдаудың негіздері
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, талдау теориясы…
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері
Кәсіпорындардың әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынасы
Қаржылық жағдайды басқару
Пәндер