Табыс пен шығыстың есебі мен ішкі аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе. 3

1. Табыс пен шығыстың есебі мен ішкі аудиті . . . 4

1. 1. Табыс есебі мен ішкі аудиті . . . 4

1. 2. Шығыстыр есебі мен ішкі аудиті . . . 6

КІРІСПЕ

Ішкі ішкі аудиттің қазіргі таңда қажеттілігі бұрынғыдан да артып отыр, себебі Қазақстандағы кәспорындардың экономикалық жағдайының дамуы, олардың өзара бәсекелестігінің артуы, мемлекетіміздің халықаралық есеп және ішкі аудит стандарттарына өтуімен тікелей байланысты. Бұрын ішкі аудиторлық қызметке ретроспективті сипат тән болса, яғни ол жүзеге асырылған қаржылық және шарушылық операциялардың нормативтік актілерге сәйкестігін және шынайылығын тексеруге бағытталса, қазіргі уақытта ол жеткіліксіз болып есептеледі. Меншік иелері мен ақпаратты пайдаланушылар ішкі аудиторлардан экономикалық шешімдер қабылдау үшін негізг болатын, түрлі сұрақтар бойынша қажетті ақпарат, кеңес алуға үміттенеді. Сондықтан ішкі ішкі аудит концепциясын бизнеспен байланыстыру керек. Ішкі аудит кәсіпкерлік тәуекел мен кәсіпорынның даму жолдарын ашуға бағытталған болжамдық сипатта болуы керек, себебі олар кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері жөніндегі ақпаратқа ие.

Қазақстанда ішкі ішкі аудиторларды дайарлау үшін қабылдау комиссиясының құрамына: экономикалық бөлім, қаржылық басқарма, салық комитеті, ауыл шарушылық басқармасының өкілдері, жергілікті университеттің есеп және ішкі аудит бойынша беделді ғалымдары және сертификаты бар екі ішкі аудитор кіреді.

ТАБЫС ПЕН ШЫҒЫСТЫҢ ЕСЕБІ МЕН ІШКІ АУДИТІ.

1. 1. Табыс есебі мен ішкі аудиті.

Қолданыстағы салық жүйесі қазіргі замандық бухгалтерлердің салықтық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға баса назар аударуын керек етеді. Себебі оның негізінде табыс пен шығыс жатыр.

Табыс есебі. Бүгінгі таңда ҚР-ның заңды тұлғаларының табыстарының құрылымын қарай отырып, Салық кодексіне сәйкес оның толық сипаттамсы көруге болады, яғни табыстар белгілі бір тұлғаның, сонымен қатар мемлекет немесе субъекттердің өз қызметтерін атқаруға арналған қолындағы ақша қаражаттар жиыны.

Жалпы табыстар:

  • Заңды тұлғалар табысы (резиденттер және резидент еместер) ;
  • Жеке тұлғалар табысы.

Субъект қызметінің нәтижесінде алынған табыстар бухгалтерлік есебінің тәртібі БЕС 5 «Табыс» анықталған. Бұл стандартқа сәйкес табыс - бұл есепті кезеңде активтердің өсуі немесе міндеттемелердің төмендеуі. Табыстар негізгі қызметтен, сонымен қатар негізгі емес қызметтен де алынуы мүмкін. Ол оның жылдық жиынтық табысын (ЖЖТ) құрайды. Мысалы, ТМҚ - ны сату, негізгі қызмет көрсетуден субъекттің өз меншігіндегі және пайыз әкелетін активтерін беру, роялти және артықшылықтар. ЖЖТ табыстылық жүйесінде маңызды көрсеттіш болып табылады, ол субъекттермен ҚР және оның сыртынан, резидент еместерге қазақстандық көздерден алған барлық табыстардан құралады. ЖЖТ алу және оның барлық элементтері бойынша ақпарт копоративтік табыс салығын есептеу декларациясында (100. 00 формасы) көрініс табады.

Табыс белгілі бір кезеңдегі ұйыммен сатылған немесе беріген қызмет, жұмыс, тауар жиынтығының ақшалай көрінісі болып табылатындықтан, бұл оның танылуындағы басты шарт болып табылады. Тану - кәсіпорынның қаржылық есептілігінің бабына қосылу үрдісі. Тану - қолданыстағы соманың қорытынды есептің көрсеткіштерінде көрсетілуі жатады.

БЕС 5 сәйкес негізгі критерийлердің бірі - субъект қызметінде бір шартармен пайда болған табыстар мен шығыстар бір уақытта танылады. Тауарды сатуда алынған табыстардың басты шарты болып сатушының сатып алушыға сатылған тауарға меншік құқығына тәуекелділіктермен сыйақыларды бергендігі табылады. Егер сатушы меншік құқығын сақтаса, бұл шартты сату деп тануға болмайды.

Табыстың меншік құқығына байланысты сатып алушыға тәуекелдерді аударуда келесі мәселелерді қарау керек.

1- операция аяқталған ба;

2- сатушы тауарды бергеннен кейін меншік құқығына сай кез-келген бақылау құқығын сақтай ма.

БЕС 5 сәйкес табысты тану келесі шарттарды қарастырады:

  1. Табыс сомасы үлкен дәрежеде сенімділікпен бағаланады - бұл шарттасып отырған екі жақты, яғни қандай соманы сатушы сұрап отырғандығын және қандай соманы сатып алушы төлеу керектігін білдіреді. Мысалы, сағаттық төлемменен төленетін қызмет;
  2. Шартпен байланысты экономикалық табыстардың субъект алатындығының ықтималдылығы бар - бұл қызмет көрсетуші жақ өз клиентінің сатылған тауар, көрсетілген қызмет, жасалынған жұмыстың шарттарында көрсетілген соманы төлей алатындығына сенімді.

Жоғарыда аталған шарттардан басқа табысты танудың кепіл шарттары анықталуда, олар табыс алумен байланысты үрдіс, сала және оны есептеу әдістерінің ерекшелігімен анықталады.

Жалпы бухгалтерлік есептілік егер тәжірибеде тауарды сатудан алынған табыстарды тану кезеңдерін сақтағанда жақсара түседі:

  1. сату кезіндегі танылған табыс;
  2. сатудан кейін танылған табыс;
  3. сатуға дейін танылған табыс.

1. 2. Шығыстыр есебі мен ішкі аудиті.

ЖШС тауар өндіруші бола тұрып, қызмет көрсетеді, өнім сатады және өндіреді. Олар өз қызметін тәуелсіз жоспарлап материалды - техникалық қамтамасыз етілуін, капиталды құрылыс және оның перспективтік дамуын анықтайды. Сол себепті ҚР территориясындағы барлық субъекттер (заңды тұлғалар, резидент еместердің өкілдіктері, ҚР территориясында тіркелген кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар), бухгалтерлік есеп жүргізіп жне қаржылық есептілікті құрулары тиіс.

Кәсіпорын алдына қойған мақсаттарға жету үшін бірінші кезекте барлық алғашқы байқауларын, құндық өлшеуіштерін, ағымдағы топтармен бухгалтерлік есептің қорытынды мәліметтерін есеп саясатында белгілеуі тиіс.

Есеп саясатының негізгі бағыты мен міндеті - бұл қызмет қызығушылығына байланысты оны тиімді реттеу үшін кәсіпорын туралы сенімді ақпарат пен толық сипаттама беру. БЕС 30 «Есеп саясаты мен оны ашу» есеп саясатының құрылу қағидалары мен негізгі міндеттері қарастырылған. Субъект бухгалтерлік есепті жүргізуде келесілер қамтамасыз етілуі керек.

  1. Қабылданған есеп саясатының шарушылық операцияларды жүргізгендегі өзгеріссіздігі, қабылданған БЕС 30 сәйкес есептілік кезеңінде міндеттемелер мен активтерді бағалау;
  2. Барлық шаруашылық операциялардың және мүлікті түгендеу мен қаржылық міндеттемелер қорытындысын есепте толық көрсету;
  3. Табыс пен шығысты есептілік кезеңі бойынша бөлудің дұрыстығы;
  4. Әр есептілік кезең басына синтетикалық шоттардың қалдығы және аналитикалық шоттардың айналымы дұрыс анықталуы тиіс.

Бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі жазудың негізі болып шаруашылық операцияларының жүгігілуін нақты дәлелдейтін алғашқы құжаттар табылады.

Шаруашылық операциялар - бухгалтерлік есеп пәні. Бұрынырақ олар ұйым мен кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуші шаруашылық өмірдің факты ретінде анықталатын. Тәжірибелік жұмыста бухгалтер негізгі үш сұрақты шешуі тиіс:

  1. шаруашылық операция қашан болды;
  2. шаруашылық операцияның құндық мөлшері қандай;
  3. шаруашылық операциялар қалай сыныпталуы тиіс.

Бұл үш мәселе қазіргі бухгалтерлік есептің сұрақтарының негізі деп атауға болады. Алайда біз сізбен бұл мәселелерді шешуде әртүрлі көзқарастардың пайда болатындығын білеміз. Айталық шаруашылық операция қандай жағдайларда тірелуі тиіс?

Мысалы, фирма компьютерге тапсырыс береді, құнын төлейді және алады. Осы сәтте сұралатыны төменде аталғанның қайсысы сауда операциясы ретінде тіркеледі (беріген жауап кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне әсер ететіндігін ескертеміз) :

  1. фирма қызметкері жабдықтау бөліміне компьютер сатып алуға тапсырыс береді;
  2. жабдықтау бөлімі тапсырысты жабдықтаушыларға жөнелтеді;
  3. жабдықтаушы компьютерді алып келеді;
  4. фирма компьютерді қабылдап алады;
  5. фирма жабдықтаушыдан шот алады;
  6. фирма шотты төлейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РПК Бектау ЖШС
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Инвестициялар есебі туралы
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ
Табыстардың есебі және аудиті
Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру
Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Дебиторлық борыштардың есебі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz